Жоғарғы сынып оқушыларына тренингтерді қолдану арқылы қарым-қатынастарын жақсарту



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Психология және Педагогика
Кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жоғарғы сынып оқушыларына тренингтерді қолдану арқылы қарым-қатынастарын
жақсарту

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас
ерекшеліктері
1.1. Жасөспірім шақтағы қарым-қатынастың ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жоғары сынып жасындағыларға психологиялық-
педагогикалық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 9
ІІ тарау. Жоғары сыныптарға тренигтерді қолдану арқылы
қарым-қатынастарын жақсарту
2.1. Девиантты мінез-құлықты оқушылардың қарым-қатынасын дамытуға
бағытталған тренинг
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .14
2.2. Қарым–қатынасты жақсартуға арналған тренинг
жаттығулары ... ... ... ...19
2.3. Оқушылардың қарым қатынастарын жақсартуға арналған
тренингтер мен психологиялық
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31
Кіріспе

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін
туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп
адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе,
білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен,
тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі
қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті,
перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б.
деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-
бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және
біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен
байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке
қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне
білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз
ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен
көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал
секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды.
Тренингтік сабақтарды аптасына екі рет өткізу ең қолайлы вариант
болып табылады.
Біріншіден, балалардың жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген
қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға, жаңалыққа тойынып қалу
феноменімен, шаршаудан, қажудан сақтайды.
Екіншіден, балаларға біртіндеп тренигтік әсер болады да, оларды
жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, еңжарлыққа бой
ұрып қалмауға мүмкіндік береді.
Ең соңында, балалардың тренинг жүргізушіде бауыр басып қалып,
өздерінің бұрынғы тренингтен тыс болатын іс-әрекетттерінен, педагогтарынан
аулақтап кетуден сақтайды.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттер: жоғарғы сынып оқушыларына
тренингтерді қолдану арқылы қарым-қатынасты жақсарту жолдарумен танысу.
Берілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалады:
✓ Жоғары сыныптарға тренигтерді қолдану арқылы қарым-
қатынастарын жақсарту;
✓ Оқушылардың қарым қатынастарын жақсартуға арналған тренингтер
мен психологиялық ойындарды пайдалану.

1 тарау. Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас
ерекшеліктері
1.1. Жасөспірім шақтағы қарым-қатынастың ерекшеліктері

Анотомо-физиологиялық ерекшеліктер. Оқушылардың мектептік өмірінің
соңғы сатысы жоғарғы сыныптық оқушы кезеңі болып табылады. Осы кезеңде оның
физикалық сапалары біркелі, бірақ елеулі дамиды. Бойдың өсуі баялауйды, ал
дене массасы ұлғаяды. Мускулатура және бұлшық еттік күш тез өседі және
үлкен адам күйіне жетеді. Физикалық тұрғыдан жоғарғы сынып оқушылары кез-
келген физикалық және ақыл-ой жұмысына дайын.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Ерте жас өспірім шақтың негізгі
ерекшеліктерінің бірі – бұл маңызды кісілердің алмасуы және үлкендермен
өзара қатынастарды қайта құру.
Мұғалімдер және оқушылармен қатынастары неғұрлым күрделі және
дифференцияциаланған болып келеді. Жоғарғы сынып оқушысы үшін идеалды
мұғалім – бұл түсінуге, эмпатияға қабілеттілік, кәсіби біліктілік;
мұғалімнің бойынан дос-жолдасты көргісі келеді.
Дамудың әлеуметтік жағдайының ерекшелігі ата-ана және мұғалімдермен
қарым-қатынасты тепе-тең, тең құқықтық деңгейге қайта бағдарлау.
Жоғарғы сынып оқушысы үшін қатарластарымен қарым-қатынас:
1. Ақпараттың маңызды арнасы. Соның арқасында боз балалар мен
қыздар, қандай да бір себеппен оларға үлкендер айтпайтын нәрселерді
біледі.
2. Тұлға аралық қатынастардың өзгеше түрі. Әлеуметтік өзара
әрекеттесу дағдылары, өз құқықтарын сақтап қалу мүмкіндігі өндіріледі.
3. Эмоционалдық байланыстың өзгеше түрі.
Осы кезеңдегі жаңа құрылым. Психологиялық жаңа құрылым дүние
танымның қалыптасуы, өз бетінше пайымдау, адамның моралдық келбетіне жоғары
талап қою, өзін-өіз бағалаудың қалыптасқандығы, өзін-өіз тәрбиелеуге ұмтылу
болып табылады. Дүние таным – бұл дниеге деген көзқарас, болмыстың
негіздері мен жалпы қағидалары жайлы пікірлер жүйесі, адамның дүниеге
қатынасын білдіретін иланымдар жүйесі, оның құндылық бағдарлары. Ерте
жастық шақта даралық интимдік достыққа деген қажеттілік ұлғая түседі.
Жетекші іс-әрекет. Жоғарғы сыныпта жетекші іс-әрекет – оқу-кәсіби іс-
әрекет болып табылады. Жас сөпірім үшін оқу ең алдымен болашақ кәсіби іс-
әрекетіне дайындық құралы ретіндегі мәнге ие болады.
Жас өспірім шақта психикалық процестер негізінен толыққанды ырықты
ретінде қалыптасқан.
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды,
оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа
мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi;
адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру,
ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық
қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда
болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы
болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму
деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз
өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы
жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы
игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз
әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни
макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық
өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн
шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде
өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда
болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана
пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және
жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде
адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және
бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк
тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды
өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке
аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң
көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым
дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын
қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.
Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың
тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық,
тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-
қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен
әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық
ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске
деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген
тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика
арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда
табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне
байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi
қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн
пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер
ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi
қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
1.2. Жоғары сынып жасындағыларға психологиялық-
педагогикалық сипаттама

Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес
келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл
атқарады.
Бұл жаста 15-17 жаста адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі
аяқталады, оның өмірге көзқардсының негізгі сипаттары қалыптасады- үлкен
өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін
тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту
кезені тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес,
сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары
мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық
қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған
аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен –
бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей
жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда
жасөспірімдік шактың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу
схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-
14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып
анықталған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын
нормалар мен талаптарының араындағы айырмашьшықтың болуына байланысты.
Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық
жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы
қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты
өзіндік- жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелілік деңгейі.
Генетикалық немесе дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму
адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты. Мәдени шарттьшықтарға
байланысты сипаттамалар өзгермелі болып келеді, оның үстіне жас мөлшеріне
қарай ілгерілеушіліктер, шын мәнісінде, басқа сипатқа ие. Биомәдениеттік
сипаттамалар биологияльгқ та, әлеуметтік-мәдени де де шарттарға байланысты
түрленеді. Сондықтан өзіндік-жеке тұлғалық сипаттамалар ерекшелік емес,
тәртіп болып саналатын болса да, олар жастық шақ аяқгалған соң, енді
өзгерістер болмайды екен деген ұғымды білдірмейді.
10 жастағы бала салмақгы, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл
қабылдайды, сенгіш, ата-ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп
мән бере қоймайды. Ал 15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру
мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып
келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да,
мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншьшық туғызатын тәуелсіз болуға
ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыкқа
шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей
алудың бастауы. Осының барлығы жасөспірімнің жандүниесінің тез жараланып
қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп
болады. Ал 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады:
келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу
қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі,
болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан
жетіту болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз
байланысты. Физиологиялық бұл процес шартты түрде екі фазаға бөлінеді:
а) пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезені;
ә) өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің
негізгі процестері жүзеге асырылады;
б) пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық
физио-биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.
Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын
болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезен жасөспірімдік шаққа дейінгі
кезенге сәйкес келеді, ал пубертаттық -жасөспірімдік кезенге, пубертаттық
кезеңнен кейінгі кезең -жастық шаққа сәйкес келеді.
Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.
Жоғары сынып оқушылары Неге деген сұракқа үнемі және табанды түрде
жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз
күдігін білдіріп отырады. Олардын ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және
еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызғьшықтығы туралы
жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта
оқитын пәннін сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды
талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке
деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен зандылықтарды іздеуге
құштар.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс – өзіндік ақыл-ойдын
және өзіндік Меннің бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың
психологиялық құндылығына ие болу деген сөз – өзінің ішкі әлемін ашу деген
сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу -бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық
жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы
шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің
ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен
ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы мен әлі толық
анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай
әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп
басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста
болудың да тандалуы пайда болып, онаша болуды қалайды.
Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып
табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс
жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірак
әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы
айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және
өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды. 16 жастағы жігіт өзінің
мүмкіндіктері жағынан да, өз кызығушьшықтарымен де, қоғамдық жағдайымен де
36 жастағы ер адамнан қашанда, қай жерде болса да ерекшеленіп тұрады.
Қазіргі жоғары сыныптағылардың дене жетілуі мен психикалық дамуы
жағынан бұдан он жылдан бұрынғы қатар құрдастарынан айтарлықтай жоғары, бұл
жастағылар өздерін көп жағдайда ересектер санатымызда деп есептейді.
Адамның әрбір жас шамасы айнала шындықпен тікелей қатынаста болады, сондай-
ақ әрбір жас шама адамның өмірінде өз ерекшелігімен маңызды орын
алады.Сондықтан әрбір жас кезеңнің өзіндік мәнін, сипаттамаларын зерттеу,
білу болашақ ұрпақты өмірге дайындау ғана емес, баланы әр жас шамасына сай,
оның талап-тілегімен санасып, нақтылы мақсатқа бағыттауымен байланысты.
Халықтың педагогикада қазақ халқы адамның өмірін балалық шақ-қозы жасы деп
бірнеше кезеңге бөлген. Қазақтың өмірі малмен тығыз байланысты болған
мысалы; балалық кезең І жастан 10 жасқа дейін осы кезде баланың сана-сезімі
дамиды. Қозы жас 10-15 жастың арасы адамға ақыл-ой кіреді. Қой жасы 15-25-
тің арасы, мінез-құлық пайда болып қалыптасады. Жылқы жасы 25-40-тің арасы,
одан үйлі-баранды болып халықтың әдет-ғұрпына араласады. Патша жасы 40-тан
жоғары,ел болып, қоғамның салт-дәстүрін сақтап мемлекет басқаруға құқығы
бар.
Л.С.Выготский өз-зерттеуінде әр жас шаманың басталуы ерекше,тек қана
сол жас кезеңге лайықты, бала мен орта арасындағы қайталанбайтын қарым-
қатынас орнай бастайды деген пікірді білдіреді
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау – бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған
жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл бәрінен де бұрын, оқушыға
әруақытта және барлық қарым-катынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің
жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ – жеке
тұлғанын қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардын бірден көзге
түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші
педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән күштарлықтарына сәйкес оның
негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз
болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.
Бұл кезенде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын
тандауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық
көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру
болмақ.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының
негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны
айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің
айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз
белсеңділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік
келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап
ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде
пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.
ІІ тарау. Жоғары сыныптарға тренигтерді қолдану арқылы
қарым-қатынастарын жақсарту
2.1. Девиантты мінез-құлықты оқушылардың қарым-қатынасын дамытуға
бағытталған тренинг

Қазіргі кезде жастардың девианттық мінез-құлқы жайлы көптеген ғалымдар
жазып та, айтып жүр. Дегенмен, оның алдын алу мақсатындағы жайттар аздың
қасы.
Ғалымдардың еңбектеріне сүйенетін болсақ, девиантты мінез-құлық екі
категорияға бөлінеді:
1) бұл психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын
психопатологиялық болып келетін мінез-құлық;
2) қандай да бір қоғамдық және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік
нормаларға қарсы мінез-құлық [1].
Девиантты мінез-құлық әртүрлі болса да, олар өзара байланысты.
Ішімдік, есірткі қолдану, жаулап алушылық және заңсыз мінез-құлықтар бір
блокты құрайды, солай жасөспірімнің оның біреуіне тартымдылығы өсуі мүмкін.
Заңсыз қылықтар қатты болмаса да, психикалық қалыптың бұзылуына әсер етеді.
Кейде девиантты мінез-құлыққа әлеуметтік факторлар (мектептегі қиындықтар,
жарақатты өмірлік жайттар, басқа девиантты ортаның ықпалы) сәйкес келеді.
Жекедара факторларға - өзіндік бақылау мен өзін-өзі сыйлау деңгейі
маңыздылардың бірі болып табылады.
Өзін-өзі сыйлаудың төмендеуі зерттеулер бойынша жасөспірімдерде
девиантты мінез-құлықтың әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз
істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлық,
суицидті мінез-құлық және басқа психикалық күйзелістермен байланысты.
Бұл байланыс немен түсіндіріледі?
Ғылыми әдебиеттерде осы мәселеге байланысты төрт басты болжамдар бар:

1.Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлауды түсіруге септігін тигізеді.
Себебі соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның
ойларын бөледі.
2.Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне
әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың
әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін
құрдастары арасында жоғарылатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік
қабылдау әдістерін тапқысы келеді.
3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе төменгі бастамалы өзін құрметтеу
девиантты мінез-құлықтың жоғарылауына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсер
етеді.
4. Делинквенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын
өзгеретін әсері де болады.
Девиантты мінез-құлық жеткіншектік тұлғасы, әдетте төмен әлеуметтік
деңгейімен сипатталады. Оның жетіспеушіліктері тәрбиелеудің 3 негізгі
сферасында көрінеді: жанұяда мектепте және өндірісте. Екінші жағынан,
жеткіншекке ерекше сфера көп әсер етеді ол – дала, аула, кері бағыттағы
аула топтары.
Әсіресе қиын отбасынан шыққан балалар уақытын үйлердің жертөлелерінде
өткізеді. Үй асты өмірі олар үшін қалыпты жағдай. Себебі, ол жерге өздері
сияқты әр түрлі балалар жиналады. Сондықтан олардың өздерінің Үй асты
моральдық кодексі, жазылмаған заңдары мен мәдени дағдылары бар. Мұндай
жағдайда жеке ауытқу ғана емес, топтық ауытқу дамиды. Кәмелетке толмаған
құқық бұзушылырдың санының көбеюі отбасы құрылымындағы кемшіліктерге
байланысты. Қандай себептерге байланысты болмасын отбасының бұзылуы,
жасөспірімнің бойында терең із қалдырады. Олар қалыпты жағдайға қарағанда
дөрекі, тұйық бола бастайды. Кейбір жағдайларда, ажырасу, ішкілікке салыну
немесе ата-анасының біреуінің бей-моралдық мінез-құлықына байланысты болса,
бұл нашарлауға емес, керісінше балаларды тәрбиелеу жағдайының жақсаруына
ықпал етуі мүмкін.
Біз қарастырып отырған мәселеде, профессор А.Е. Личконың пікірі
анағұрлым құнды болып табылады. Отбасының сәтті ережесін талдай отырып, жиі
кездесетін жағдайларды бөліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға арналған психологиялық тренингтердің рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуындағы қарым - қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын ертегі арқылы дамытудың ерекшеліктерін зерттеу
Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту
Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері туралы
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Өзін-өзі танудың ғылыми теориялық негіздері
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері жайлы мәлімет
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету - дамыту жұмыстары жайында
Пәндер