Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Шетел тілдері кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
Орындаған: 03301 топ студенті
Тексерген: аға оқытушы Насимуллина
А.Б.
Орал - 2015 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Ағылшын тілінен жоғары сынып оқушыларының ауыз екі сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру
1.1 Ағылшын тілі пәнінен оқушыларды тіл мәдениетіне
тәрбиелеу ... ... ... ... ..6
1.2 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру жолындағы тіл дамыту
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..10
2. Жоғары сынып оқушыларын ағылшын тілінен ауызекі сөйлеуге үйретудің
жолдары
2. 1 Шетел тілінде тыңдап түсінуге
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім
беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі
уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану
тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру
саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Шетел тілі
ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана
жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым –
қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін
жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып
табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым – қатынас барысында оқушы
барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға
басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа
халықтармен қарым–қатынас жасауға мүмкіндік туады. Шетел тілінің қызметі –
оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ
көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге
көзқарасын жан – жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына
тақырыптар, қарым – қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар;
лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері,
оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады.
Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі,
тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің
бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы
сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми
тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл
білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін
швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін
зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон,
Т.Аяпова т.бЛ.Щерба: Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол
сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады, – деген.Т.Аяпова: Адам баласының
сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір
жағдаятқа байланысты, мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды,
– дейді.
Зерттеу жұмысында ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
қарастырылады. Бірінші бөлімде тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
көрсетіледі. Сонымен қатар ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын
талаптары баяндалады. Екінші бөлімде оқушыларды ауызекі сөйлесуге
үйретудегі коммуникативтік әдістер туралы сөз болады.
Орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне, яғни ауызекі сөйлеуге үйретуден
алынған нәтижелер және эксперимент сынып оқушыларын тіл мәдениетіне
үйретуден алынған нәтижелер салыстырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының
нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң,
сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын,
ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының
төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын
игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі
деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту
жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.
Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру –
бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілерімен емес,таза бала
тілін бақылау арқылы жүргізу.
б) тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздарының тілін
пайдалану.
в) тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі:
1) сөздік жұмыстар;
2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;
3) байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары.
Зерттеудің мақсаты: жоғары сыныпта ағылшын тілінен ауызша сөйлеу
дағдысын қалыптастыру;
Зерттеудің міндеттері:
– әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуін қалыптастыруға
байланысты талдаулар жүргізу;
–оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесін жасау;
- оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент
нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен
және қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Ағылшын тілі пәнінен оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын,
әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өткен жылы ЕҚЫБ Саммитіне
төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Шет елдермен қарым-
қатынас күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын,
білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру – әрбір шетел тілі
мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт
талабы. Шетел тілі қазіргі кезде көптеген мектептерде 1 кластан бастап
жүргізілуде.
Тілді үйретудегі негізгі мақсаты - ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін
ескере отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету;
оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту;
оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Шәкірттердің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру,
ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын
көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын
сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.
Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра
алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын
арттыру үшін ойын технолдогиясын қолдану керек.Ойын ойнау арқылы оқушылар
өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген
ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге
жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін
аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы
нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл
сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген
әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім. Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды
жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.
Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалмайды.
Дегенмен, қиындықтар азаяды. Себебі,ойын - оқушылардың негізгі әрекеті.
Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Кроссвордтар, ребус, жұмбақтар,
жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады,
логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін
ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде happy song , Bingo
т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп
,қызығушылықтары оянады. Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан,
ағылшынша әндер жаттайды.
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы
құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда
меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық
сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі
басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер
жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған.
Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны
ақиқат.
Ауызша және жазбаша қарым-қатынас сөйлеу ерекшелігінің төрт түрінің-
сөйлеу, есту, оқу және жазу- әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, бір-
бірімен тығыз байланыста оқытуды қажет етеді. Бұл олардың әрқайсысының
қызметінің негізі бірдей психикалық процестер мен психолингвистикальқ
заңдылықтарға құрылуына ғана байланысты емес. Қарым-қатынас барысында
адамдар оқиды, оқығандарын талқылайды, оны есінде жақсы сақтау үшін қажетті
жазулар жазады, сөйтіп керек болған жағдайда қажетті мәліметті қайтадан
жаңғыртады. Басқаша айтқанда, нақты сөйлеу қарым-қатынасын жүзеге асырудың
бұл әдістері бір-бірімен тығыз араласып жатады және олардың арасына, қандай
да болмасын, белгілі 6ip шекара қою қиын. Сондықтан да оқу процесінде
сөйлеуге үйрену ауызша мәтінді түсіну қабілетін қалыптастырумен тығыз
байланыста жүргізілуі қажет. Екінші жағынан, керісінше, белгілі бір мәтінді
оқығаннан не тыңдағаннан кейін, оқушылар оның мазмұны туралы (ауызша не
жазбаша) өз пікірлерін білдіре алады, сонымен 6ipгe ауызша әңгімелеу
қажетті ақпараттарды жазбаша түрде белгілеумен ұштасып жатуы мүмкін.
Сөйлеуге, оқуға, естуге және жазуға үйрету мәселелеріне саналы түрде қарау
олардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, материалды өнімді түрде
меңгеру, сөйлеу әрекетінің оңтайлы және өнімді түрлерінің ерекшеліктерін
ескеретін тең мағыналы жаттығуларды пайдалану, қарым-қатынастың ауызша және
жазбаша турлерін сараптау кезінде еске алынуы кажет.
Қазіргі кезде қарым-қатынас дегенді адамдардың бір-біріне белгілердің
(соның ішнде, тілдік белгілердің) көмегімен белсенді түрде өзара әсер етуі,
олардың бірлескен ic-әрекетін ұйымдастыруы деп түсіндіріледі. Осыған
байланысты қарым-қатынастың негізгі сипаттамаларын білу қажет.
1. Кез келген қарым-қатынас (тікелей немесе жанама) оның уәжі мен
мақсатынан басталады, яғни не үшін айтылды, тыңдалды, оқылды, жазылады және
нені көздейді.
Mіне, сондықтан да оқу процесінде оқушылардың әpбіp сөйлеу ic-
әрекетіне түрткі болатын жағдаяттар жасау қажет. Оқушы өзінің сөйлеу
әрекетінің мақсатын, оның акырғы нәтижесін (егер ол осы сөзді айтса, пікіp
білдірсе, мәтінді тыңдаса не оқыса, қандай нәтижеге жететінін) анық болжауы
қажет.
2. Қарым-қатынас –белгілі біp нәтижеге жетуге бағытталған жай
ақпарат алмасу ғана емес, олардың мақсаты көбінесе "тілдік байланыссыз"
сипаттағы процеске қатысушылардың бір-біріне өзара белсенді әрекеті. Бұл
жағдайда тіл осы өзара әсер етуші әрекеттердің құралыесебінде қызмет
атқарады.
Сондықтан да сабақта қарым-қатынас орнату барысында шетел тілін үйрену
үрдістерін тек коммуникативті әрекеттерге ғана қосып қоймай, сонымен бipгe
оқушылардын жеке басы үшін аса маңызды заттық-коммуникативтік (И. А.
Зимняя) әрекеттің құрамына да енгізген жөн.
3. Адамдардың өзара белсенді әрекеттерінің белгісі -олардың өзара
әcepi мен өзара түсінушілігі. Бipaқ сөйлесу барысында олар толық қарым-
қатынас орнатып, бірден бip-бірімен толық түсіністік таба алмайды. Бұған
нeгiзгi кедергі болатын жағдайлар - қарым-қатынас жасаушы адамдардың
санасын-дағы әлеуметтік және психологиялық алшақтықтар, ал мәдениетаралық
қарым-қатынастарда —мәдени кедергілер ("мәдени естен тану").
Оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуды мақсат етіп
койған оқу процесінде оқушыларды шетел тілінде сөйлеушілермен қарым-қатынас
жасау барысында өздерінің сөздерін дұрыс құрауға ғана үйретіп қоймай,
сонымен бipгe олармен басқа мәдениет өкілдері ретінде өзара түсіністікке
жетуді де үйрету қажет.

қалыптастыру жолындағы тіл дамыту жұмыстары
Қазіргі кезеңде орта мектепте ағылшын тілін оқыту 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – оқытудың бірінші жылы, екінші кезең – барлық 10
сыныпқа дейінгі сыныптар, үшінші кезең – 10-11 сыныптар. Оқытудың бірінші
кезеңінде ауызша сөйлеудің және оқытудың негізі қаланады, өз атынан қысқаша
сөйлемдер айту, берілген материалды қабылдау және дауыстап оқуға үйретіле
бастайды. Бағдарлама бойынша бекітілген уақытқа дейін созылатын ауызша
кіріспе бөлімнен басталатын бірінші кезеңнің негізі – аузыша сөйлеу болып
табылады.
Екінші кезең қабылдау механизімі қалыптасады және өз атынан сөйлем
айтуға дағдыланады, күнделікті қарым-қатынас тіліне үйренеді, тыңдап
түсіну, дауыстап оқу, оқығаның аудармасыз түсіну іс-әрекеттері дамиды. Бұл
кезеңде де ауызша сөйлеу негізгі іс-әрекет болып есептелінгенмен де, оқуға
да үлкен ден қойылады.
Үшінші кезеңде ауызша сөйлеу күнделікті қарым-қатынас тілінен
бағдарламада көрсетілген қоғамдық саяси тақырыптар бойынша сөйлеу деңгейіне
дейін, сонымен қатар көркем әдебиет, ғылыми-ағарту тақырыптары да
қамтылады. Бұл үшінші соңғы кезеңде ауызша сөйлеу мен оқу бірдей деңгейде
алынады.
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын
орнықты жеткізуге сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі- тіл дамыту
жұмыстары.
Тіл дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне,
сондай-ақ жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының
білімі ғана жетіліп қоймай қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі
болады. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа басты мәселелердің бірі
оқуылардың сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі
жүйелі қажет етеді.
Ағылшын тілі сабақтарындғы тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты-
дұрыс, сауатты оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын дұрыс
құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін
дұрыс грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға
үйретіп, сөйлемді дұрыс құрып байланыстыруға дағдыландыру керек.
Тіл дамыту жұмыстары ауызша-жазбаша жаттығулар, мәтінмен жұмыс,
мазмұндама, жоба, шығарма, мінездеме беру, суретпен жұмыс, сұраққа жауап
жаздыру, жоспар жазу, оқу сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асырылады.
Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі- шығармашылық тапсырмалар.
Шығармашылық тапсырмалар әр алуан болғанымен, мәні біреу-ол жаңа мазмұн
жасау. Әрбір бала өзінше талантты, әрбір бала шығармашыл бола алады.
Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қаутын,бейімділігінсезіне алады.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл дамыту жұмыстарын
назарға ала отырып жүргізудің тиімділігі зор.
Оқушыларды тіл дамыту жұмыстарын шығармашылық жұмыстарға жетелеуде
төмендегідей талаптаррды басшылыққа алуға болады:
✓ Шығармашылық жұмыстар жеке тұлғаның қабілетін дамытуға
бағытталады;
✓ Білімді өз беттерімен алу іс-әрекеттеріне көзделеді;
✓ Шығармашылық ізденістеріне жол ашылады;
✓ Оқушылардың қызығушылығына түрткі жасалды;
✓ Модель, жоба құруларына, ой еркіндіктеріне тағы баскасына жол
ашылады;
✓ Іздендіру, зерттеу жұмыстарына жұмылдырылады.
Көрсетілген талаптарды орындай отырып оқушы сапалы да, тиянақты білім
алып, оны жақсы игереді.
Тіл дамыту- тіл үйрету қарым-қатынас құралын іске асыру. Оқушының
тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгерту, оларды
сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы
тілдік әркетке жетелеу болып табылады. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем-
байланыстыра сөйлеудің бастапқы алғы шарттары. Сөйлеу үшін оқушының
жеткілікті сөздік қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау
заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде
меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін
жеткілікті сөздік қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші
адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын
байытуға үлкен мән беру керек. Сондықтан да сабақ барысында оқушылардың
міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс.
Сөздік дегеніміз- тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйретпес бұрын,
алдымен оның сөздік қорын меңгерту керек. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды,
оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерткен жөн. Сондықтан ағылшын тілін
үйрету барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің
тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін
мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің
мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде
пайдалана білу.
Оқушылардың меңгерген сөздік қорларын бекітіп, білімдерін молайтып,
сауатты да мәдени-эстетикалық деңгейде сөйлесе алуға үйретуге болады.
Сөздік қордың бір жүйемен жүргізілуі, оның тоқсан сайын, жыл сайын артып
отырылуына көздеу қажет. Оқушы әр сабақ сайын жаңа сөз үйреніп, оны сабақ
барысында бірнеше рет қайталап, жазбаша және ауызша жұмыс түрлерімен
байланыстырып, санасына берік сақтаса ғана ол сөздік қорына енеді.
Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін
дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында
ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап,
көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы
ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме,
мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр
сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас
ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде
сабақ барысында өте жиі қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-
тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы керек.
Мәтінмен жұмыс дегеніміз- сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың
жиынтығынан құралады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі
кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің
мағынасына оқушылардың түсініп айтылуы меңгерілуі тиіс. Мәтінмен жұмыс
істеудің мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді екіге
бөліп екі қатарға тапсырма беру, оқушыларды өздеріне тиісті мәтінді оқып,
бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін бір-біріне сұрақ қойып
оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып
айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады.
Осындай жүйелі жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере
алады.
Ағылшын тілінде оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
үшін А.С. Границкаяның Оқытудың жүйелі қалыптасқан технологиясы атты
еңбегінде қолдану өте тиімді. Олар: естіп-тыңдап түсіну, қатысымдылық
сөйлеу, оқу, жазу. Материалды меңгеруді ауызша айтып сөйлеуге үйрету
ыңғайлы сөйлеу жағдайында ққолдану, оқушы оны тез қабылдайды. Одан кейін
оқу мен жазу әрекеті іске асады. Ауызекі сөйлеуде естіп тыңдауға үйрету
күйтабақтарды, үнтаспаларды, дискілерді жиі қолдану өте нәтижелі болады.
Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар- балалардың
ағылшынша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен
сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге
дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең,
жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды
меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған
лайықтап беріледі.
Міне, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып мәтіндермен жұмыс жүргізу
кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік
туады. Есте болатын бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа
сөздерді жаттау, есте сақтау, тіл дамыту жұмыстарын үнемі түрлендіріп отыру
міндет.Өтілген сөз,сөз тіркестерін, сөйлемдерді үнемі қайталап отырмаса,
тез ұмытылады. Сондықтан жаңа сөздерді үй тапсырмасын тексергенде, суретпен
жұмыс жүргізгенде, мәтін оқығанда, сұраққа жауап бергенде, яғни сабақтың
барлық кезеңінде үнемі қайталап, еске түсіріп отырған жөн. Сабақты тиімді
де құнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де жоспарлы жүргізу сабақ
элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік береді.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тіл мен сөйлеу
процесін жіктей оқытып , оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу қажет. Әр
мұғалім ағылшын тілі сабақтарында дамыту жұмыстарын шығармашылықпен
жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі
құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздеріне
қолдана білуіне жағдай жасайды. Оқушының тілін дамыту жұмыс, ол баланың
жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің
істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп , ойын қалыптастырып
отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен
байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігіне
ұйымдастырылады.
Қорытындалай келгенде, тіл дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын ауызекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін
дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына жол ашады. Ең
бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне,
сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.

2. 1 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің
рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI – ғасыр адамын қалыптастыру
міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа
маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел
тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел
тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап
түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана
қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас
мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін
жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып
табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің
мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар
ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну – сөйлеудің
серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға
жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық
әрекет. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz