Жол-құрылыс машиналарының құрылысы және жіктелуі



Жоспар
1. Кіріспе
2. Жол-құрылыс машиналарының құрылысы және жіктелуі
3. Жол-құрылыс машиналарының жұмыс істеу заңдылықтары
4. Жол-құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
5. Жол-құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде техника қауіпсіздігін және
еңбекті қорғау
6. Жол-құрылыс машиналарын пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау
7. Қорытынды
8. Пайдаланылған оқулықтар
1. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстанда автомобиль көлік құралдарымен орындалатын барлық жұмыс
түрлерінің 60% астамы жолсыздық жағдайында орындалады. Бұл құрылыс
нысандарында, жол құрылысында, тиеу-түсіру және өнеркәсіп нысандарының
ішіндегі көтеру-көліктік операциялары орындалатын жұмыстар және сонымен
қатар, ауыл шаруашылығы технологиялық үрдістері, геологиялық-іздестіру,
карьерлік жұмыстары мен төтенше жағдай мен қорғаныс өнеркәсібінде
орындалатын арнайы операциялар және т.б.
Барлық көрсетілген жұмыстарды орындауда қолданылатын көлік қозғаушысы
пневмотегершіктермен жабдықталған және жолсыз жерлермен қозғалғанда
қойылатын талаптардың ешқайсысына сәйкес келмейді, өйткені, жайлы жүріс
бұзылады, өткізушілігі төмендейді, рама дірілінен агрегат пен негізгі
түзілімнің тозуы ұлғайады және қозғалыста кедергілердің бірден көтерілуі
кездеседі.
Сондықтан, бұл зерттеу жұмысы, жол-құрылыс машиналардың жалпы жітелуі
мен жұмыс істеу заңдылықтары, жол-құрылыс машиналарын пайдалану кезінде
қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: кез келген жол жағдайында жайлы қозғалысқа қабілетті,
ішкі өнеркәсіптік және құрылыс-жол көлік машиналарының әмбебап тегершік-
қозғаушысының теориялық есебі мен конструкциясын зерттеу.
Зерттеу қағидалары:
-жол-құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарын теориялық және эксперименталды талдауын салыстыра жүргізу;
-осы талдау негізінде жол-құрылыс машиналарын пайдалу кезінде қоршаған
ортаны қорғау;
-жол-құрылыс машиналарын жөндеу, жинақтау ғимаратының орналасу сұлбасын
жасау және олардың оңтайлы параметрлерін анықтау.
Жұмыста алынған ғылыми нәтижелері:
-адымдаушы тегершік-қозғаушыны жаңашалаудың сындарлы шешімі және аса
жоғары өткізгіштік пен асфальтті жолда да, жолсыздықта да бірдей жайлы
жүріске ие адымдаушы әмбебап тегершіктің құрылымы жасалған;
-оның негізгі параметрлерін қамтамасыз ететін серпімді шабақты
адымдағыш тегершік жұмысы сараптамасының кинематикалық және динамикалық
әдістері жасалған.
Ғылыми жаңалығы.
Жұмыста алынған жаңа ғылыми жаңалықтар жиынтығы үлкен
халықшаруашылықтық мәні бар маңызды ғылыми-техникалық шешімдерді шешетін
және оның дамуына, яғни жер бетінде жүретін көлік құралдары құрылысын
жетілдіруге үлес қосуы болып табылады.
Практикалық мәні: Ұсынылып отырған тәжірибелік нәтижелері нақты және
өте қарапайым, сондықтан, жұмыстың бұл нәтижелерін кез келген машина жасау
өндіріс тәжірибесіне енгізуге мүмкін болады.
Теориялық есептеулер геометриялық нысанның математикалық модельдеу
әдістерін мүлтіксіз қолдану жолымен алынған.
Зерттеу әдістері: Механизм мен машина теориясы, қатты денелер жүйесінде
классикалық әдістері және сонымен қатар, автокөлік құралдары қозғаушысының
кинематикалық және динамикалық әдістерінің сараптамасы қолданылған.
Үлкен құрылыс нысандарында, жол құрылысы мен төтенше жағдайлар болған
жерлерде жұмыс істейтін көлік құралдарының қозғағыш тегершіктері бүгінгі
күні жолдың бұзылу кезіндегі күрделі жағдайларының отімділік талаптарына
сай келмейді. Стандартты жағдайларда жұмыс істейтін көлік құралдарының
өтімділігін жоғарылатуға талпыныстары әлі нақты нәтежелерін берген жоқ.
Жоғары дәрежелі өтімділікті тегершіктің адымды типті конструкциясын
жасауға бағытталған ғылыми – зерттеу жұмыстары, ішкіөндірістік көліктерімен
баспалдақты қозғалысқа арналған ақырын жүрісті қозғағыштардың адымды типті
тегершіктің жоғары өтімді конструкциясын жасаумен аяқталған.
Осы курстық жұмыста, жолдың бұзылу кезіндегі және асфальтталған жолдар
да жүруге арналған әмбебап жүрістік қасиеті бар және жоғары жылдамдықпен
жолдың бұзылу кезіндегі қозғалуға арналған серпімді шабақты адымды
тегершіктің екі түрінің сындарлы шешімдері әзірленген.
2. Жол – құрылыс машиналарының жалпы құрылысы және жіктелуі
Жол құрылыс машиналары – автомобиль жолдарын салуға, оны күтіп ұстауға
және жөндеуге арналған машиналар. Олар cондай-ақ техникалық жолдар,
гидротехкалық, азаматтық, өнеркәсіптік, аэродром , т.б. құрылыстарды салу
үшін де пайдаланылады. Жол салудағы даярлық жұмыстарға ағаш жыққыш, бұта
отағыш, топырақ қопсытқыш, тамыр жұлғыш, тас жинағыш, т.б. машиналар
қолданылады. Топырақты қазу, тасымалдау, үю, т.б. жер жұмыстары скрепер,
бульдозер, автогрейдер, т.б. жер қазғыш машиналар көмегімен жүргізіледі.
Грунтты, жол негізін және жол жамылғысын тығыздауға жол тығыздағыштар,
вибрациялық және пневматикалық таптағыштар, т.б. қолданылса, жол негізін
төсеу және жол жамылғысын орналастыру үшін битум тасығыш, гудронаторлар,
цемент тасығыш, топырақ араластырғыш, бетон қоспасын араластырғыш,
қиыршықтастарды үлестіріп жайғыш, асфальт төсегіш, бетон төсегіш, т.б.
машиналар пайдаланылады. Жолды жөндеу және оны пайдалану жұмыстары бетон
бұзғыш, қар тазалағыш, жол жуғыш, т.б. машиналары арқылы атқарылады.
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі
машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналары туралы жалпы немесе нақты
түсінік алу (беру) үшін оларды алдымен жіктеп, құрылымы, мүмкіншілігі,
артықшылығы немесе кемшілігі т.с.с. туралы деректерді белгілі бір ретпен
баяндаған жөн. Әдетте, құрылыс жол машиналарын атқаратын міндетіне, әсер
принципіне, қозғалтқышының түріне, қимылдағыштық дәрежесіне және
әмбебаптығына қарай жіктейді.
Атқаратын міндетіне қарай құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарды мына
кластарға бөледі: келіктік; тасымалдағыш және тиегіш-түсіргіш; жүккөтергіш;
жер жұмыстарына арналған; қадалау жұмыстарына арналған; тас материалдарын
уату, сұрыптау және жуу; бетондар мен ерітінділерді дайындау, тасымалдау
және орнықтыру, сақтау; әрлеу жұмыстарына арналған; механикаландырылған
құрал; жеңілдетілген типті жетілдірілген төсемелі жол салуға арналған; жер
қыртысын, цементбетон және асфальтбетон қоспаларын және т.б. құрылыс
материалдарын нығыздайтын; асфальтбетонды жабындарды, цементбетон
төсемелерді салатын; автомобиль жолдарын жөндеуге және күтуге арналған.
Келтірілген машиналар класы олардың орындайтын технологиялық міндетіне,
атқаратын жұмыс процесінің сипатына, жалпы құрылымына қарай және техникалық
параметрлеріне байланысты жеке топтарға, типтерге, типтік өлшемдерге
бөлінеді. Мысалы, жұмыс процесінің сипатына қарай жер жұмыстарының
машиналары жерді қазып жақын аралыққа тасысалдаушы (экскаваторлар); жылжып
жүру барысында топырақты өндіріп, белгілі бір қашықтыққа тасымалдаушы
(бульдозерлер, скреперлер, грейдер мен грейдер-элеваторлар); су әсерімен
топырақ өндіруші (топырақ сорушылар, гидромониторлар); тығыздалып және
қатып қалған жерді қопсытқыш; жер қабатын тығыздағыш, жерді бұрғылаушы; жер
беткейін құрылыс жұмыстарына дайындайтын және қосалқы жұмыстарды атқарушы
(буга, тоғай түбірлерін жұлушы, бұта қиюшы, тастар жинаушы т.б.) болып
бірнеше топқа бөлінеді.
Көптеген машина топтары типтерге, мысалы, біршөмішті экскаваторлар оны
басқару жүйесіне қарай сымарқанды, гидравликалық болып бөлінеді. Одан әрі
машиналардың көпшілігі басты (негізгі) параметрлеріне қарай типтік
өлшемдерге тарайды. Басты параметр ретінде, мысалы, экскаваторларда оның
шөмішінің сыйымдылығы, крандарда максималды жүк көтерімділігі немесе енді
бір жолы машинаның массасы, күш қондырмаларының қуаты т.б. қолданылады.
Мысалы, біршөмішті құрылыс экскаваторлары шөміштерінін сыйымдылығына қарай
q = 0,25; 0,4; 0,63; 1,0; 1,6; 2,5 м3 болып алты үштік өлшемдерге бөлінеді.
Жұмыс процесінің тәртібіне қарай циклді және үздіксіз жұмыс атқаратын
болып үлкен екі класка таратылады. Мысалы, біршөмішті циклді экскаватордын
жер қопару процесі оның барлық жұмыс циклінің 25...30 %-ын құрайды,
қалған уақыттары экскаватордың платформасын бұруға, топырақты төгуге
жұмсалады. Ал үздіксіз жұмыс аткаратын экскаватор топырақты өндіру мен оны
тасымалдауды қатар орындайды. Циклді машинаның артықшылығы - оның
әмбебаптығында және әртүрлі жұмыс жағдайына бейімділігінде. Ал үздіксіз
жұмыс атқаратын машинаның артықшылығы - арнаулы жұмыс жағдайында, оның
өнімділігі мол болады.
Құрылыс, жол машиналарының жұмыс жабдықтарын жедел ауыстырып, әртүрлі
жұмыс атқара алатын әмбебапты және біртүрлі ғана жұмыс атқара алатын
арнаулы болып та бөлінеді. Соңғылары белгілі бір жұмыс жағдайында жоғары
техника-экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ете алады.
Құрылыс, жол машиналары қуат көзі қолданатын энергия тегіне қарай
электр тоғынан және іштен жанатын қозғалтқыштардан болып бөлінеді. Бұлардың
біріншісі жұмыс атқаруға әрдайым дайын болса, екіншісінің энергия көзі
автономды.
Құрылыс, жол машиналары қозғалғыштығына қарай орнында тұрып жұмыс
атқаратын, тасымалдаушы және жылжымалы деп бөлінеді. Соңғылары тасымалдау
кезінде және жұмыс атқарғанда өздігінен жылжиды. Олардың көпшілігі
өздігінен жүретіндер, тіркемелі және жүк автомобильдері, тракторлар,
тартқыштар сияқты базалы машиналарға жартылай тіркелген немесе асылған
болады.
Әмбебап дәрежесі жөнінен әртүрлі ауыстырмалы жұмыс жабдықтарымен, тез
алынғыш жұмыс мәрімдерімен және әртүрлі технологиялық операцияларды
орындауға арналған айлабұйымдармен қамтылған (жебелі экскаваторлар,
бульдозерлер, өздігінен жүретін жебелі крандар, жүккөтергіштер т.с.с.)
көпмақсатты және арнайыландырылған деп айырады. Соңғылары тек біртүрлі
технологиялық процестерді орындауға арналған жалғыз жұмыс мәрімімен
жабдықталады.
3. Жол-құрылыс машиналарының жұмыс істеу заңдылықтары
Құрылыс, жол машиналары нақтылы өндіріс жағдайында, жүктелген міндетіне
сай және барынша жоғары өнімді, мейлінше төмен шығынмен жұмыс істейтін,
пайдалану жағдайының өзгеруіне бейім болуы керек. Машинаның массасы
минималды, құрылымы қарапайым, берік, сенімді және технологиялық ұтымды,
барынша стандартталған тетіктерді, унификацияланған құрастыру бірлігін
қолданған, жинақтап, боршалап және тасымалдауға ыңғайлы, сыртқы әсер етуші
күштерден төңкерілмейтін, тиісті дәрежеде орнықты болуы керек. Машинаның
сенімділігі, шыдам мерзімділігі жоғары, техникалық күтімі мен жөндеулері
қарапайым, пайдалануда үнемді, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,
жұмысшыға жайлы, қажытпайтын болуға тиісті. Машинаның сырт көрінісі
заманның техникалық эстетикасына сай, қоршаған ортаны ластамауы керек.
Өздігінен жүретін машиналар маневрлі және өткіштігі жоғары болуға
тиісті. Маневрлік - машинаның тар жерде жылжитын және кері бұрыла алатын
қабілеті. Өткіштік деп машинаның әртүрлі кедергілерден, судан, бос
топырақты, қарлы жерлермен өте алу қасиетін айтады. Өткіштік машинаның
тартым күшімен, жер бетіне немесе жолға түсетін меншікті салмағымен, жол
саңылауымен (жол мен машина аралығының ең төменгі нүктесі) және доңғалақты
машиналардың бойлау, қиғаш радиустарымен сипатталады.
Республикада қолданылатын әр ҚЖМ мен жабдықтары ол машиналарды
жобалаушы мекемелердің берген цифр мен әріптерден құралған көрсеткіштерімен
таңбаланған. Цифр алдындағы негізгі әріптер машинаның түрін көрсетеді, олар
КСРО-ның мемлекеттік тіліндегі сөздердің әріптерінен құралған. Мысалы,
біршөмішті экскаватордың әріп таңбалары - ЭО (экскаватор одноковшовый),
роторлы op экскаваторларынікі - ЭТР, шынжырлы - ЭТР, ор қазутасымалдау
машиналарынікі -ДЗ, дайындық жұмыстарының машиналарынікі - ДП, жер қыртысы
мен жол жабындарын тығыздау машиналарінікі - ДУ, өзі жүретін жебелі
крандардікі - КС, құрылыс мұнаралы крандары-нікі - КБ, сыналау (қадалау)
құралжабдыктарынікі - СП, бұрғылау машиналарынікі - БМ, әрлеу жұмыстарінікі
- СО, жүк-шығырлардікі - ТЛ, көпшөмішті тиегіштердікі - ТМ,
біршөміштілердікі - ТО, жүккөтергіштердікі - ТП, конвейерлер мен
қоректендіргіштердікі - ТК, қол электр машиналарынікі - ИЭ,
пневматикалықтардыкі - ЭП, дірілдеткіштердікі - ИВ т.с.с. Индекстің
(көрсеткіштің) цифрлы бөлігі машинаның техникалық сипаттамасын белгілейді.
Ол цифрлардан кейін индексте қосымша әріптер болады, олар машинаның кезекті
жаңғыртуын, жасалу ерекшеліктерін т.с.с көрсетеді.
Құрылыс, жол машиналарының өнімділігі оның сағатына, ауысымда, айына
немесе жылына белгілі бір өлшемде (т, м3, м2,,м) өндірілген өнім мөлшерімен
анықталады.
Машина өнімділігін құрылымдық, техникалық және пайдаланудағы деп үш
түрге бөледі.
Құрылымдық өнімділік Пк - ол 1 сағатта үздіксіз, есепті жұмыс
жағдайында, есепті жұмыс жылдамдығы мен жұмыс мәріміне есепті жүктеме
түскендегі машинаның құрылым қасиетін сипаттайтын максималды мүмкіндік
өнімділігі.
Оқтын-оқтын әсерлі машиналардың құрылымдық өнімділігі, тсағ:
Пк = q • п немесе Пк = q • n • p,
мұндағы q - машина бір циклде өндіретін материалдың есепті мөлшері, м3;
п - машинаның бір сағаттағы есепті цикл саны, п =3600Тц; Тц - циклдің
есепті ұзақтығы, с; р - материалдың тығыздығы, тм3.
Үздіксіз әсерлі машинаның үйілген материалды тұтас, үздіксіз ағынмен
жылжыту құрылымдық өнімділігі:

Пк =3600 S-v немесе Пк = 3600-S-v-p,
мұндағы S - материал ағымының есепті көлденең қиылымы, м2; v - материал
ағымының есепті жылжыту жылдамдығы, мс.
Дара жүктерді және материалды өлшемдеп жылжытқанда:

Пк = 3600 mvℓ немесе Пк = 3600 •qn •v • р,
мүндағы m - жүк массасы, т ; qn - бір өлшемдегі материал саны, м3; ℓ -
жүк центрлерінің орташа аралығы, м.
Құрылымдық өнімділікті есептегенде өндірістің жұмыс жағдайы, машинаның
тоқтап тұруы, өндіріс технологиясына байланысты (жұмысты ұйымдастыруға
кететін) ұйымдастырушылық жағдайлар мен кездейсоқ үзілістер есептелмейді.
Құрылымдық өнімділікті, негізінен алдын-ала, бір технологиялық процесті
орындауға арналған жобаланушы машиналардың варианттарын салыстыру үшін
қолданады.
Техникалық өнімділік дегеніміз - нақтылы өндіріс жағдайы ескерілген
құрылымдық өнімділік, тсағ:

Пт = Пк-Ку,
Мұндағы: Ку - машинаның нақтылы жұмыс жағдайын ескеруші еселік.
Әртүрлі құрылыс, жол машиналарының нақтылы жұмыс жағдайы әртүрлі.
Мысалы, біршөмішті экскаватор үшін нақтылы жұмыс жағдайына жататындар
өңделінуші жер қыртысының категориясы, ордың биіктігі (тереңдігі), пландағы
жұмыс жабдығының тиісті бұрылу бұрышы, шөмішті босату шарты (үйіндіге
немесе көлікке) сағаттық техникалық өнімділік машинаның техникалық
құжатында, техникалық пайдалану нұсқауында көрсетіледі.
Пайдаланудағы өнімділік дегеніміз - машинаны пайдаланудың нақтылы
жағдайындағы оның барлық еріксіз үзілістерін, жүргізушінің мамандық
дәрежесін ескеретін өнімділік. Ол бір сағаттық, ауысымдық, айлық және
жылдық деп есептелінеді.
Бір сағаттық пайдаланудағы өнімділік, тсағ:

Пэч = Пт •Кв • Км
мұндағы Кв - машинаның техникалық күтім мен жөндеуге, жұмыс жабдығын
ауыстыруға, жұмыс орнында жылжуға, жүргізушінің дем алуына және т.б.
үзілістеріне кеткен уақытын ескеретін, машинаны смена мерзімінде пайдалану
еселігі; Км - жүргізушінің мамандық дәрежесін ескеруші еселік (К„
=0,85...0,95). Ауысымдық пайдаланудагы өнімділік, тс мен:

Пэсм =Пэч( Тсм
мұндағы Тсм - смена үзақтығы, сағ.
Айлық және жылдық өнімділікті есептегенде сол аралықтағы машинаның
тұрған уақытын ескереді. Жылдық пайдаланудағы өнімділік, тсағ:

Пэг=ПТ( Кв( ТГ,
мұндағы Кв - жыл бойы машинаны пайдалану еселігі; Тг - машинаның жыл
бойы жұмыс істеген уақыты.
Пайдаланудағы өнімділік құрылыс жұмыстарын кешенді механикаландыруда
қолданатын негізгі жұмыс параметрі, ол бойынша кешенді машиналарды бір-
біріне сай етіп іріктейді. Кешеннің өнімділігімен, негізгі құрылым
параметрлерімен және берілген жұмыс қарқынын қамтамасыз ететін біріне
қиыстырылған негізгі (жетекші) және қосалқы машиналардан тұрады. Негізгі
машинаның пайдаланудағы өнімділігі қосалқы машиналардыкінен 10... 15 %-ға
кем болады.
Әр машина белгілі бір функция орындайтын құрастыру бірліктерінен
(элементтерден) тұрады. Олар: механикалық энергия жасайтын күш жабдығы (бір
немесе бірнеше қозғалтқыштар); өңделетін материалға тікелей ықпал жасайтын
және берілген технологиялық процесті орындайтын жұмыс атқару жабдығы;
машина жылжуға арналған және оның салмағы мен жұмыс жүктемесін тірек
беткейіне беретін (тасымалды және тұрақты машиналарда болмайды) жүру
жабдығы; жұмыс атқаратын және жүру жабдықтарын байланыстыратын беріліс
механизмлері (трансмиссия); машинаны жүргізуге, тоқтатуға және күш
жабдығының жұмыс режимін өзгертуге, тежеу механизмдері мен жұмыс мәрімін
және жылдамдықты қосып, алуға, кері қимыл жасайтын басқару жүйесі;
машинаның барлық түйіндері мен механизмдерін орналастырып, бекітетін -
қаңқа. Көптеген ҚЖМ-ның құрастыру бірліктері унификацияланған.
4. Жол-құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Технологиялық процесс деп қандай да болса жұмысты орындаудың әлдеқандай
кезектілігін айтады.
Технологиялық процесс бірқатар негізгі элементтерден тұрады, олар жалпы
процестің бір бөлігі, сонымен қатар толық аяқталған жұмыс циклі. Құрылыс
машиналарының ТК үлгі технологиялық процесінің сұлбасы мына жұмыстарды
(11.1- сурет) қамтиды: тексеріп бақылау; сыртқы тазалау, жуу немесе сыртқы
күтім жасау; бекіту жұмыстары; жағармай қүю және майлау жүмыстары; машина
элементтерін тексеру-диагностика және реттеу жұмыстары; жанармай құю.
Тексеріп бақылағанда күтім жасаушы объектінің жалпы жағдайы анықталады,
оның түгелдігі тексеріліп сырткы күтім жұмыстарының мөлшері шамаланады.
Сыртқы күтім жұмыстарына жинақтау, тазалау, машинаның кейбір элементтерін
жуу жатады. Әдетте, машина жүргізушісінің жұмыс орны жинақталады, машинаның
боялмаған бөліктері, жүру механизмдері мен жұмыс атқару жабдықтары
тазаланады. Сыртқы күтім жұмыстарының негізгісі де, ауыры да - тазалау және
жуу. Бұл жұмыстарды нәтижелі ету мақсатында суды қыздырады, жуғыш заттарды
қолданады, жуғыш сұйықтарды үлкен қысыммен береді. Сырткы күтім
жұмыстарынын негізгі мақсаты - машинаны келесі сатыда жүргізілетін
жұмыстарға дайындау.
Бекіту жұмыстары бұрандамалы қосылыстардың тартылуын қажетті қалпына
келтіруге арналған. Техникалық күтімге кететін еңбектің 20% -дан астамы -
бекіту жұмыстарының үлесінде. Бекіту жұмыстарының түрлері мен кезектілігі
машинаның түріне және оны пайдалану жағдайына байланысты өткізіледі.
Машина бөлшектеріне диагностиканы жұмыс жағдайында жасау үшін олардың
тетіктерінің үйкеліс беттерін майлау қажет. Сондықтан бекіту жұмыстарынан
кейін тексеру, диагностика мен реттеу жұмыстарының алдында майлау жұмыстары
өткізіледі. Үйкеліс беттеріне майды таза күйінде және неғұрлым аз еңбекпен
жеткізу мақсатында әртүрлі майлауға арналған қондырмалар пайдаланылады.
ТК жұмыстарының орташа алғанда 40% ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол-құрылысында пайдаланылатын жерді дайындау машиналары
Жол жөндеу жұмыстарына арналған машиналар
Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қоюдың ерекшеліктері
Дөңгелекті ІІ типті эксковаторлардың өндірістік жұмыс кезіндегі технологиясы және ұйымдастырылуы. Еңбек және қауіпсіздік шаралары
Құрылыс объектілерінің жіктелуі
Бульдозерлердің жіктелуі. Б-170М01бульдозерінің гидро жетегін талдау
Газ ұнғымаларының жабдықтары
Автокөлікті пайдалану кезінде еңбекті қорғау
Өнеркәсіптік ғимараттың темір - бетон фермаларын қайта құру технологиясы
Мұнайды тұздан және судан тазарту
Пәндер