Жүк тасымалындағы контейнерлер мен табандықтар


Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Жүк тасымалындағы контейнерлер мен табандықтар»
Орындаған: Абужалитов А. М.
Тексерген: Рахматуллина Г. Т.
Орал 2012
- Жүк тасымалындағы контейнерлер
Көлік қызметімен қолданатын өндірістік мекемелердің жүкті тасымалдау шығыны тарифтер түрінде көрсетіледі. Сондықтан жүк иелерінің шаруашылық есебі тек көліктік тариф негізінде анықталады.
Тарифтер контейнер тасымалының ерекшелігін көрсетуді көліктің шаруашылық есептік мүддесін ескереді, жүк иелерінің контейнерлі тасымалды қолдануға деген материалды қызуғышылығын қамтамасыз етеді.
Барлық көлік түрлерінде контейнерлік тариф 01. 01. 1990 жылы енгізіледі. Ең бірінші рет барлық көлік түрлерінде тарифтің екі ставкалы түрі енгізіледі. Есептеуіш ретінде сәйкес брутто салмақты бір контейнер алынады. Тарифті кесте контейнерлі көліктің әр түрінде тасымалдау негізіндегі эксплуатациялық шығынына негізделіп жасалған.
Қазіргі кездегі темір жолмен тасымалдау ақысы және оларды төлеу көлемі тарифті басқарма №10-01 де жазылып шыққан.
Тасымал ақысын төлеу үшін ең минималды тарифті қашықтығы - 50 км. деп бекітілген. Одан үлкен ара қашықтыққа орташа поясты аралықпен анықтайды. Мысалы, 71-80 км поясқа ақылы 75 км деп алады.
Тасымалдау ақысын жөнелту пунктінде ең қысқа бағыт бойынша анықталады. екі ставкалы тарифті кестеде бастапқы - аяққы және жолдағы операциялардың ставкалары кіреді. Жүктерді контейнерлерде тасымалдауға екі тарифті кесте жасалған.
Жүктерді әмбебап контейнерлермен тасымалдаған кезде ақылы тасымалдау қашықтығы үшін алынады. Қолданыстағы тариф жүк иесінің контейнерлерді салу, ЖҚМ-ң әмбебап контейнерлерімен бірдей болуына экономикалық итермелейді. Контейнерлердің жетіспеуі жағдайыда көрсетілген жеңілдік контейнер тасымалының жедел дамуына көмектеседі.
Тасымалдау жоспары темір жолмен жүк жіберушінің шартқа отыру арқылы жүзеге асады. Уақытша жарлықтың 37 бабына сәйкес жол оған сеніп тапсырылған жүкті жету пунктіне жеткізілуіне және оны алушыға тапсыруды, ал жіберуші тасымалдағаны үшін бекітілген төлемді төлеуді міндетіне алады. Тасымалдау шартының мазмұны үстеме құжатта (накладная) көрсетіледі. Үстеме құжат толтырылғанан кейін жол мен жүк жіберушінің арасындағы шарт күшіне енеді. Жіберу стансасында шартты толтыру кезінде жүк жіберуші қатыспағаны мен ол кейбір талаптарды орындауға: жүкті қабылдауға, шығаруға, жылжымалы құрамды тазалауға, қосымша төлем ақы төлеуге, егер тасымалдау процесінде шыққан шығын болса соның орнын толтыруға міндетті. Шарт бойынша жүкті алушы жүкті уақытында және түгелдей жеткізілуін талап ете алады. Тасымалдау шарты жүк үстеме құжатымен бірге жіберу стансасы қабылданған кезде күшіне енеді. Жүкті қабылдау мерзімі стансаның үстеме құжатына күнтізбелік мөрі қойылуымен куәландырады.
Контейнерлі тасымалдаудың үстеме құжатын толтыру. Жүк жіберуші әрбір жүк тиелген контейнерге бөлек ГУ-27в үлгідегі үстеме құжатын толтыруға міндетті. Жүк жіберуші үстеме құжатында:
- «жіберушімен анықталған жүктің салмағы кг» графасына - әр заттың ыдысымен бірге алғандағы салмағы;
- «барлығы» графасына барлық жүктің ыдысымен алғандағы салмағы;
- «барлық салмақ (жазбаша) » графасында барлық жүктің ыдысымен алғандағы салмағын жазбаша көрсету;
- «контейнер ыдысы» графасында бос контейнердің тарифқа сәйкес салмағы;
- «брутто салмағы» графасына жүктің ыдсымен бірге контейнер ыдысының салмағын қоқандағы жалпы салмағы;
- «көрсетілген салмақтың туралығын куәлаймын» графасына жіберушінің өкілі салмақтың тура анықталғандығы жөнінде жауапты тұлға қол қояды; «Жіберуші пломбасы» графасында контейнерді пломбалаған ізі;
- «жіберушінің ерекшк өтініштерімен белгілері» графасында контейнерге салынған фактураның нөмірі, ал үй мүліктерін тасымалдағанда олардың тізімі көрсетіледі;
Тез жанатын жүктерді және тез жанатын материалдан жасалған жүктерді тасымалдағанда жүк жіберуші сиямен немесе мөрмен «тез жанатын» ал тез бұзылатын жүкті тасымалдағанда «тез бұзылатын» деп көрсету керек. үй жануарлармен аңдардың иленбеген терілерін тасымалдағанда ветеринарлы куәлік үстеме құжатпен бірге ветеринарлық куәлік беріледі.
Контейнерлі алаңға қажетті контейнер санын жабық вагондарға жүк тиеуге айырбастауға бергенде жүк тиеушіге бір ГУ-27 үлгідегі үстеме құжатты толтыруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда құжаттың жоғарғы бұрышына «вагондық жөнелтім бойынша» деген мөрі басылады. Үй мүліктерін контейнерлермен тасымалдағанда үстеме құжатына қосымша ГУ-112 үлгідегі үй мүліктерінің тізімі қосымша беріледі.
Контейнелер жиынтығымен тасымалдауды есептегенде тауар кассирі үстеме құжаттың 2-ші пунктінде «төлемдерді есептеу» графасында бір кон-тейнерді тасымалдағандағы төлем ақысымен контейнерлер санын көрсетеді. Қосымша жинаулар, төлемдер жинтықтағы контейнерлер санына көбейтіледі. Контейнелер жиынтығы тасымалданатын вагон туралы мәліметті жүк жіберуші «контейнер нөмірі» және «жүк көтерімділігі» графасында көрсетіледі.
Контейнермен тасымалдаудың жоспарын дамыту проблемасы және контейнер паркінің жұмысын реттеу өте тиімді, ал бір жағынан республика темір жолында олардың өркендетілуі жетіспейді. Ең бір шешілмеген проблема болып контейнер тасымалдауға қатысатын барлық көліктерге арналған басқару жүйесінің нақтығы. Бұл жүйенің негізін контейнер тасымалдаудың перспективалы, ағымды және жедел жоспарларын құрумен контейнерлі парктің жұмысын ағымды және жедел реттеу керек.
Қазіргі кезде контейнерлі тасымалдарды жоспарлауды және контейнерлі парктің жұмысын өз бетінше реттеуді жүзеге асырады, айлық, жедел жоспарлар ғана әзірленеді, ал жылдық жоспарлар әзірленбейді. Теоретикалық өңдеу деңгейінде унифицрлік жүйе көрсеткіштерін құру қолданылады, ал тәжрибе жүзінде олар қолданылмайды. Осы уақытқа дейін жалпы көлікке арналған жоспарлау және есепке алу көрсеткіштерінің көлемін және контейнерлі тасымалдаудың сапасын анықтау әдісі жоқ.
Жүкті контейнермен тасымалдаудың көлемі тұрғындардың, кәсіпорындардың осы қызметке мұқтаждығының негізінде жүргізіледі. Мұқтаждық қызметтің санымен кіріс көлеміне нормативті есеп бойынша, көлік қызметіне сұранушылықты зерттеу қортындысы бойынша есептеледі.
Ал контейнерлерді контейнер пунктінде өңдейді (тиеу, түсіру, сұрыптау, сақтау, кіргізу, шығару, топтастыру, техникалық тексеру, ағынды жөндеу, құжаттарын толтыру т. б. ) . жұмыс түріне қарай контейнер пунктері 3 түрге бөлінеді: жүктік, сұрыптау, аралас. Жүк пунктері тек қана жергілікті контейнерді өңдейді; сұрыптау - тек транзитті контейнерлерді өңдейді; аралас - жергілікті және транцитті контейнерлерді өңдейді.
Контейнерлі сұрыптау пунктіне берілетін вагондар саны транзитті контейнерлерді қайта өңдеуге ықпал етеді. Бұл санды көбейту вагондардың жүк тиеу операцияларының алдында тұрып қалуын азайтады. Вагондарды әкелу-әкету саны контейнерлердің тиеу-түсіру санына әсер етеді, бұл әр берілген кездей сұрыптау ұзақтығын анықтайды.
Контейнерлі пунктер мына контейнерлерді қайта өңдеуден өткізеді, егер:
- темір жолмен келіп, автокөлікпен әкетілсе;
- автокөлікпен кіргізіліп, темір жолмен жіберілсе, бұған транзитті контейнерлерде жатады;
2. Жүк тиелетін контейнер және табандықтар
Жүк тиелетін контейнерлі пунктерінде контейнерлерді құру жоспарын бекіту бойынша жылжымалы секцияларды қолданған тиімді. Вагондардан түсірілген контейнерлерді контейнер-орындарындарындағы түсіріліп жатқан вагондарға жақын орнату керек. Шығарылатын және жіберілетін контейнерлерді алаңға неше түрлі тәсілмен орналастыруға болады, қай жерде орналасқанына қарамастан бүкіл алаң арқылы жүріп отырады. Мысалы, келген контейнер вагоннан автокөлікке дейін, жіберілетін контейнер автокөліктен вагонға дейінгі жолды жүріп өтеді. Бос контейнер-орындар алаңда тұрған контейнерлердің 20% құруы тиіс.
Контейнерлі сұрыптау пунктерінде алаңға түсірілген контейнерлерді бос контейнер-орындарына жақын тиелетін вагондарды қасына орналастыру керек. Вагондардың баратын стансаларын жедел түрде, контейнерлердің орналасқан жеріне байланысты шешіледі. Контейнер-орынды құру жоспары бойынша секцияларға арнайы бөлу қажет емес. Егер сұрыптау пунктінде бір-неше кран жұмыс істесе, олардың жұмыс аудандарына контейнерлерге арналған секциялар болуы керек.
Контейнер ағымының дұрыс уақытылы жұмыс жасауы оның тиеліп-түсірілуіне де тура байланысты. Контейнерлерді тиеп-түсіру үшін негізінен көпірлік және тағандық крандар қолданылады. Оның ішінде контейнерлерді тиеп-түсіру үшін көбінесе тағандық кран қолданылады. Құрлысының принцпіне және жұмысының мінездемесі бщйынша көпірлік кранға өте ұқсас. Тағандық крандардың көпірі ерекше белдеме тіреуде орналасқан және ашық қойманың алаңын, темір жолдары және авто көлік жолдарын жауып тұрады, ал жұмыс технологиясы көпірлік кранмен бірдей.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz