Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылық құрамы мен бөлім директорлары


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

ЖҰМАҒҰЛОВ БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНҰЛЫ

1953 жылы 18 тамызда туылған, қазақ.

Білімі жоғары. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі (2001-2005 жж. ) қызметтерін атқарған.

2. Жауапты хатшы

ӘБДІРӘСІЛОВ БОЛАТБЕК СЕРІКБАЙҰЛЫ

1958 жылы 15 шілдеде дүниеге келген, қазақ.

Білімі жоғары. Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын және Мәскеу экономика және статистика университетінің Қашықтықтан білім беру институтын (МЭСИ) үздік бітірген. Тірі жүйелердегі ақпараттар беру процесінің молекулярлық механизмдерін зерттеу саласындағы белгілі ғалым, әр түрлі клеткалардың биологиялық мембраналарының жұмыс істеу механизмдерін зерттеудегі молекулярлық аспаптар ретінде антибиотиктерді қолданудың негізін салушылардың бірі. Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика оқытушысы, экономист.

3. Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі

4. Орынханов Мұрат Қадесұлы Новосибирск мемлекеттік университетінің математика факультетін, кейін КСРО есептеу орталығының аспирантурасын тамамдаған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қолданбалы математика кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, математикалық модельдеу кафедрасының меңгерушісі, механика-математика факультетінің деканы, оқу жұмысы жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған.

2011 жылдың 7 ақпанынан бастап ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып істейді.

5. Ырсалиев Серік Әзтайұлы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетiнің төрағасы

1959 жылдың 23 сәуірінде Алматы облысы Жаркент қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1976 жылы Талдықорған қаласындағы № 1 мектепті аяқтағаннан кейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ) орман шаруашылығы факультетіне оқуға түсті. 1981 жылы оқуды «Орман шаруашылығының инженері» мамандығы бойынша үздік аяқтады. «Орманжоба» Бүкілкеңестік бірлестігі Қазақ аэрофотоорманқұрылыс кәсіпорынының орман таксациясында инженер болып қызмет атқарды. 1982 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің орман шаруашылығы факультетінің жанындағы аспирантураның іштей бөліміне оқуға түсті. 1986 жылы «Жоңғар Алатауының қылқан жапырақты ормандарындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарының орман шаруашылық негіздері» тақырыбында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертация қорғады.

1999-2003 жылдары Мемлекеттік білім беру стандарттары және тестілеу ұлттық орталығының директоры (БҒМ) .

2003-2004 жылдары - ҚР БҒМ Орта білім департаменті директорының міндетін атқарушы, Бюджеттік және стартегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Білім беруді дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2004 жылғы қараша мен 2007 жылғы ақпан аралығында БҒМ Бақылау және аттестациялау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

2007 жылғы ақпан мен 2010 жылғы сәуірі аралығында БҒМ Дамыту стратегиясы департаментінің директоры.

2010 жылғы сәуір айынан - Білім және ғылым вице-министрі.

2011 жылғы қазан айынан - Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетiнің төрағасы.

6. Шер Раиса Петровна

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы

Раиса Петровна Шер 1952 жылғы 20 тамызда Алматы қаласында туылған. 1973 жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтын және 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Алматы облысының Бозжанов атындағы орта мектебінде неміс тілінің мұғалімі болып бастаған, Алматы қаласының №254 мектепке дейінгі мекемесінде тәрбиешісі болды.

1976-1986 жылдары Алматы облыстық мұғалімдерді жетілдіру институтының шет тілдері кабинетінің әдіскері, оқу әдістемелік

кеңесінің мүшесі болған. 1986 жылдан Алматы қаласы Әуезов аудандық білім беру бөлімінде мектептер инспекторы, Алматы қаласының №6 орта мектебінің директоры қызметін атқарған.

1992-1994 жылдары Алматы қаласының Әуезов аудандық халықтық депутаттар кеңесі төрағасының орынбасары.

1994-1996 жылдары Алматы қаласының қалалық маслихат депутаты, 1996-1999 жылдары ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты.

1999 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесінде жұмыс істейді. Басқарма бастығы, комитет төрағасының орынбасары.

2009 жылғы 3 қарашадан бастап Білім және ғылым министрінің №278-к бұйрығымен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

«Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы», «Рен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен, «Қазақ СРО білім озаты», «ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім озаты», «ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин атындағы», «Астана- 10 жыл», ЮНИСЕФ қорының алтын төс белгісі, Парасаттылықтың халықаралық қоғамының төс белгілерімен марапатталған.

7.

Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушы

8. Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдық-қызметтік регламенті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымы, негізгі міндеттері және алқаның қызметі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті: құрылымы, міндеттері және функциялары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджеттік бағдарламаларын іске асыруды бағалау және жетілдіру
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бюджеттік бағдарламаларын іске асыруды бағалау және жетілдіру
Қазақстандағы экологиялық білім мен тәрбие: ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамалары, жоғары оқу орындарының рөлі және қоғам мен табиғаттың өзара қатынасы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті: құрылымы, міндеттері мен қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы РМҚК кредиторлық берешектерінің есебі, талдауы және аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz