Жылқы етін өндіру, жылқының ет өнімділігі, еттің биологиялық құндылығы


Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы техникалық университеті

«Биотехнология, мал және балық

шаруашылығы» кафедрасы

«Жылқы шаруашылығы, жылқы сүтін және етін өндіру технологиясы» пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Жылқы етін өндіру, жылқының ет өнімділігі, еттің

биологиялық құндылығы»

Орындаған : ТТПЖ-41 топ студенті

Хасанов Ж. Т.

Тексерген : а. о. Кожахметова А. Н.

Орал, 2017ж.

Мазмұны

І Кіріспе бөлім . . . 3

1. 1 Әдебиетке шолу . . . 5

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары . . . 11

2. 2 Жылқы еті ұшасын бөлшектеу технологиясы . . . 14

2. 3 Еттің морфологиялық және химиялық құрамы . . . 21

2. 4 Ет және ет өнімдерінің сапасын сараптау . . . 24

2. 5 Жылқы етінің құрамы, биологиялық құндылығы . . . 26

ІІІ Қорытынды бөлім . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34


І Кіріспе бөлім

Зерттеу өзектілігі . Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б. ) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25-30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды.

Жылқы жарықтықтың атам қазақтың тыныс-тіршілігімен біте қайнасып кеткені соншалық, күні кешеге дейін оны адамнан ажырату қиын еді. Тіпті қазақтың өзі де бұрын «жылқы мінезді» болса керек. Рас, қазір жылқы мінбек түгілі, одан алыстан қашатын қазақтың баласын көргенде, бұрынғының бәрі көзге ертегідей елестейді.

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетілдіе түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр.

Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.

Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.

Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.

Жылқы етінің химиялық құрамы оның түріне, тұқымына, жынысына, жасына, қоңдылығына байланысты.

Жылқы еті - аса бағалы тағамдық шикізат, жылқы өнімі. Жылқы еті бірінші, екінші санаттағы және құлын еті деп үшке бөлінеді. 1 санаттағы жылқы етінің құрамында 69, 6 % су, 19, 5% белок, 9, 9% май, 1, 0% күл болса, екінші санаттағы жылқы етінде 73, 9 % су, 20, 9% белок, 4, 1% май, 1, 1% күл бар. Жылқы етінен көптеген ұлттық тағамдар жасалады. Малды сойғаннан кейін етте болатын автолитикалық процесстер еттің сапасына және оның жарамдылығына үлкен әсер етеді. Ет пен субөнімдерді төмен температурада суықпен қамтамассыз ету, бұзылудың алдын алу үшін өте қолайлы әдіс болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты : жылқы етінің өнімділігі туралы білімді тереңдету, еттің биологиялық құндылығы туралы түсінік мағлұмат алу.

Курстық жұмыстың міндеттер : жылқы етін өндіру ерекшеліктері туралы, жылқы етінің өөнімділігі, биологиялық құндылығы туралы жазу.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінінен тұрады.

1. 1 Әдебиетке шолу

Нестеров С. П. \1990\ жылқы етін көп өндірудің мол резервтерінің бірі - үйірлі жылқы шаруашылығының алатын орны ерекше. Мұндағы негізіг мақсат республикамыздың пайдаланылмай жатқан жайылымдарын толық игеру. Үйірлі жылқы шаруашылығы маңайында жылқы қысы - жазы жайылымда жылқыны бағады және өте арзан жылқы етін өндіруге мүмкіндік туады. Үйірдегі әр жылқының тірілей салмағы 2, 5 - 3 жасында 350 - 370 кг жетеді. Сойылғанда әр қайсысын орта есеппен 180 - 200 кг сапалы ет түседі. Мұндай жылқылар өсіруге республикамыздың Оңтүстік облысы мен Жезқазған, Семей, Қостанай, Цениноград, Павлодар облыстарының оңтүстік аудандары қолайлы болғандықтан көбіне осы аймақта өсіріледі.

Овчинников К. А. \1930\ атап өткендей, жылқы шаруашылығынан өркендету жөнінде келгенде бұл салада атқарылар істің көп екенін және бұл салада тиімді жүргізуіне республикамызда толық мүмкіндік бар.

П. А. Федотов. \ 1989\ жылқы тұқымдарын шығаруға әлеуметтік-экономикалық факторлардан басқа, табиғи-географиялық жағдайлар да зор ықпалын тигізеді. Топырақтың, жер бедерінің және климаттың ерекшеліктері мал тұқымының белгілері мен қасиеттерін қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Швейцарияның таулы климаты мен жер бедері кеудесі кең, сүйектері мықты симменталь сиырын шығаруға себепші болды. Оның артқы аяқтары пілдің аяғы секілді тік орналасқан. Голланд тұқымы жазық жер жағдайында пайда болған. Бұл малдың сүйектері жіңішке, терісі жұқа, бұлшық еттері жақсы жетілген. Пироплазмоздан азап шегетін ыстық климатты аудандарда зебу тәрізді мал өсіру қолайлы.

Полферов Я. Я. \1898\ айтуынша шағылыстыру пункті үнемі мал дәрігерлік қызметкерлердің бақылауында болуы шарт. Ауру белгісі бар биелер мен айғырлар шағылыстыруға және күйіттеуге жібермейді. Егер шағылыстыру пункіне таяу жерде, жылқының арасында індет байқалса, бұл пунктінің жұмысы дереу тоқтатылады, бұдан былай тек мал рұқсаты бойынша ғана жұмысын қайтадан бастайды.

Свечин К. Б. \ 1984\ бойынша жылқы әрі азықтардан шалғын - шөбі және көп жылдық екпе шөптерден - атқонау, еркекшөп және жоңышқа өте жұғымды. Жылқы бастапқы, таулы жердің шөбін, сондай-ақ қоға, қырықбуын сияқты шөптерді онша сүйсініп жемейді. Ал суы сабанын жылқыға бергенде алдын - ала булап, құнарлы азықтарға араластырып, берген жөн, сонда оның құнарлығы арта түседі. Жазда жылқының негізгі азығы - жайылым, бұл ең арзанға түсетін азық. Жақсы жайылымда бағылып жүрген жылқы жем жемейді және қандай жұмысты болмасын атқара алады. Азықты беруге әзірлеу. Қандай азықты болмасын атқарар алдында баптаған дұрыс. Сапалы дайындалған пішенді азықтарға араластырып береді. Дәнді азықтарды жармалап, ал кебекті құарлы азыққа немесе сулап береді.

Толеубаев А. Т. \ 1991 \ жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт, бурят, қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах, қырғыз, локай, мегрел, тува, тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха-якут жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс, міністі-жегісті, желісті, ауыр жүк тартатын, жегіс тұқымдарына бөледі.

Шилер Р., Вахаля, Винш Я. \1969\ айтуынша жылқының қасиеттерін Әлібаев Е., Ермұхан Б. /1970/ Ақтобе облысында жүргізген тәжірибелері нәтижесінде, жылдың барлық маусымы бойына жайылым шөбінің 51, 7%-ы ғана пайдаланылатыны белгілі болған. Осының негізінде бір биеге қанша өріс көлемі қажет екені анықталған. Үйірдегі жылқылардың жайылымдық алқаптарды жыл маусымдары бойынша қанша қажет ететіндігі жөнінде зоотехникалық әдебиеттерде аздап болса да мәлімет беретін небары бірнеше ғана жұмыс бар. Жезқазған (1975) облыстарында жүргізген арнайы тәжірибелері нәтижесінде, үйірдегі жылқылардың жайылым шөбін жылдың қай маусымында қандай мөлшерде пайдаланатыны белгілі болды. [1]

Калашникова А. П. /1985/ зерттеулері бойынша, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағы жағдайындағы күзгі жайылымдарда бір жылқы, 1 кг тірілей салмағына есептегенде, орта есеппен құрғақ заттың 30, 1 грамына дейін жеген. [2]

Бозымов Қ. Қ. /1993/ деректерінде дұрыс азықтандырылуын қалыпты өсіп-жетілуіне, яғни белгілі мерзімде қажетті салмақ қосымын бақылап біледі. Тұқымы ұсақ құлындар тәулігіне 0, 7-0, 8 кг, ал тұқымы ірілері -1, 4-1, 6 кг салмақ қосып отырады. Алтыайда құлын сақа жылқы салмағының -жартысына, ал бір жаста 3/1 жетіп, күнделікті -0, 4-0, 5 кг салмақ қосуы керек. Құлынды жақсы дамып, тәбеті ашылуы үшін үнемі далада таза ауада күн сәулесі астынада серуендетіп тұрады. Көктемде не жаз басында туған құлындар жайылым отына тойынған енелерінің мол сүтіне қанығып, оттыққа бейімделіп, тез өсіп-жетіледі. Көктемде не жаз басында туған құлындар жайылым отына тойынған енелерінің мол сүтіне қанығып, оттыққа бейімделіп, тез өсіп-жетіледі. Ене сүтін құлын кемінде 5-6 ай емуі керек, өйткені енесінен тым ерте айыру күшті стресс беріп, басқа жемшөпке жақсы үйренбесе қатты жүдеп, өсуі тежеледі. Сондықтан құлынды әбден оттығып әлдегенше 7-8 айлығына шейін енесінен ажыратпаған жөн. Тоғыз айлық тұқымдық құлындарға енесінен айырғандағы алғашқы күндері тәулігіне 2-3 кг кебек пен жармаланған сұлының тең қоспасын араластырып беріп, 4-5 кг жақсы пішен, 3-5 кг сәбіз не қызылшаны үш бөліп жегізеді - алдымен суарып, пішен береді де, одан кейін шырынды азық жегізіп, ең соңынан жем салады. Жазда отты жайылымға жайып, қажетті жағдайда қосымша жемдейді. Жыл бойы сауылатын арнаулы фермаларда биенің сүттілігі 1000-1700 кг болды. Мұның өзі маусымды қымыз фермасындағы сүт өнімінен екі есе артық екенін байқаймыз. Жылжымалы сауу әдісін маусымды қымыз фермаларында қолданып қана қоймай, сонымен бірге осы арнаулы фермалардың жайылымында бағылатын биелерді сауу үшін де пайдалануға болады, бұл қондырғыны тасымалдау да онша қиынға түспейді. [5]

Омарқожаев Н., Әкімбеков Б. Махмұтов С. /1976/ деректерінде Экстерьер мен өнімділіктің арасындағы байланысты дұрыс түсіну жолындағы ізденістер орыс зоотехния мектебіне де тән болды. Қазақтың жылқысын жақсарту үшін орыс ауыр жүк тартатын жылқы тұқымымен қан араластыру арқылы қазақ жылқысының сапасын жақсартуға болатындығын осылардың деректерінен көруге болады. Осы әдіспен алынған будандардың тірідей салмағы артып және жергілікті қазақ жылқысының тұқымына тән ерекшеліктері (ауа райына төзімді келу, шыдамдылық, жұмысқа қабілеттілік) сақталынады. [7]

Байжұманов Ә. /1987/ зерттеулерінде жылқылардың сүйек-бұлшық ет мүшелерінің пайда болуы үшін, жеткілікті мөлшерде минералды заттар, ең алдымен, кальций мен фосфор қажет. Сондай-ақ олардың мерзімдік азық үлестеріндегі арақатынасы 1:1 немесе 1:0, 75 болу керек. Жылқылардың А (ретинол), Д(кальциферол), Е(токоферол), В1(тиамин), В2(рибофлавин), В3(пантотен қышқылы), В4(холин), В5 (никотин қышқылы), В6 (пиридоксин), В12 (цианокобаламин), Вс(фолий қышқылы) витаминдерін қаншалықты қажет ететінін ескерген де өте маңызды болып табылады. Әсіресе, бұл сүтенуші және буаздығының соңғы 90 күніндегі биелерге, жедел өсіп келе жатқан төлдерге, жаттықтырылып жатқан жас жылқылар мен спорттық жылқыларға қатысты болып отыр. [9]

Жолшыбек Т. /2009/ мағлұматы бойынша жануардың сыртқы пішіні дегеніміз - малдың түр-тұлғасы, яғни дене бітімінің сыртқы көрінісі, экстерьері. «Экстерьер» атауын тұңғыш рет зоотехнияға 1768 жылы француз ғалымы К. Буржель енгізген. Оның пікірі бойынша, бастың көлемі мен пішіні арқылы жануардың дене бітімінің пропорционалдығы туралы қорытынды жасауға болады. Жылқының мықтылығы мен шаруашылыққа жарамдылығын бағалауда дене бітімінің сыртқы көрінісін пайдалану К. Буржельге дейін де көптеген халықтарда кездескен. Ертедегі Римде Варрон (біздің заманымызға дейінгі І ғасыр) «Шаруа ісі туралы» деген кітабында жануарларды экстерьері бойынша бағалау жөніндегі ұсыныстар жасаған. Жануарлардың түсіне де айрықша көңіл бөлген. Арабтың мал дәрігері Абу-Бекра (ХІҮ ғасыр) жылқының экстерьері жөнінде кітап жазған. 1717 жылы Ресейде шыққан «Конска» деген кітапта Ю. М. Долгоруков экстерьерді бағалау әдістерін сипаттаған. [10]

Шекенов Е., Қазықанов Р., Беққожин А, т. б. /2007/ зерттеушілердің айтуы бойынша еңбегінде Қазақстанда өсірілетін жылқы тұқымдарына, олардың негізгі ерекшеліктеріне, тұқымдық қасиеттеріне сипаттама беріп, жылқының халық шаруашылығындағы маңызын, тұқым асылдандыру, малды азықтандыру, сауу, семірту, таңбалау, басқа да жұмыстар жөнінде толық ақыл-кеңес береді. Жануарлардың дене бітімі яғни конституциясы деп нені түсіну керек? Ғалымдар бұл терминге әр түрлі түсінік береді. Мәселен, Е. А. Богданов жануарлардың дене бітімін ұлпалар мен мүшелердің дамуына тән арақатынас деп анықтайды. Е. Ф. Лискун жануарлардың дене бітімі деп оларды біртұтас организм ретінде сипаттайтын биологиялық және шаруашылық қасиеттер мен белгілердің жиынтығы ретінде түсінді. Н. А. Кравченко жануарлардың дене бітімі деп олардың жеке ерекшеліктерін, тіршілік жағдайларына бейімделгіштігін және шаруашылыққа пайдалы өнімділігін анықтайтын, тұқым қуалайтын қасиеттерінің жиынтығынан келіп туындайтын, сол организмнің ұлпалары мен ағзаларының, мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметіндегі өзара біртұтас байланысты түсінеді. [11]

Бегімбеков Қ. Н., Төреханов А. Ә., Байжұманов Ә. /2006/ мағлұматы бойынша жануарлардың дене бітімінің әр түрлі типтерінде қан құрамын зерттеудің зор маңызы бар. У. Дюрст жануарлардың дене бітімінің типтерін жіктеуді тотығу процестерінің дәрежесіндегі айырмашылықтарға негіздеп алған. Тыныс алу типінде тотығу процестері едәуір қарқынды өтеді, ас қорыту типімен салыстырғанда газ алмасу күшті өтеді. Х. Ф. Кушнер, И. С. Токарь және Е. Я. Борисенко жалпақ денелі жануарлардың қанында эритроциттердің, гемоглобиннің, лейкоциттердің, құрғақ заттардың денесі жіңішке жануарлардың қанындағыға қарағанда көп болатынын анықтады. Тыныс алу типіне жататын жылқылардың қанында құрғақ заттар мол болады, гемоглобин, темір де көп кездеседі. [12]

Дүйсембаев К. Ы., Бегімбетова Г. С., Жүнісов А. М. /1995/ еңбектерінде қазақ жылқысының тұрпаты (ғылыми тілде экстерьері), шыдамдылығы, бағылуы туралы тамаша пікірлер айтылады. Осы зерттеулерден «орыс армиясының қажеттілігін кез келген уақытта қанағаттандыратын таусылмас көз - дала жылқы шаруашылығына» мемлекет тарапынан назар аударыла бастады. Оның үстіне Россияның оңтүстігіндегі атап айтқанда, Дон аймағындағы жылқы шаруашылығы егіншіліктің дамуына байланысты дамымай қалды. Армияны атпен жабдықтау жолы біреу-ақ болады, ол - Орта Азия мен қазақ даласындағы жылқыны меңгеру. 1884 жылы мемлекеттік жылқы зауыттары басқармасының бастығы граф Воронцев-Дашковтың бұйрығымен Торғай, Орал облыстарына, Ішкі Бөкей ордасына мамандар жіберіле бастайды. Кейіннен мамандар Қазақстанның басқа жерлеріне де жіберіледі. [13]

Левин А. Б. /1985/ зерттеулерінде С витаминінің мөлшеріне табиғи жағдайлар (жайылым, жарық, ауа т. б. ) әсер етеді екен. Сүттен қымыз ашытқанда А витаминінің мөлшері өзгермейді, ал С витамині біршама азая түседі, мұның өзі қымызды піскен кезде аудағы оттегінің әсерінен болуы мүмкін екендігін көрсеткен. [14]

Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б. Р. /2007/ деректері бойынша, құлынның бірінші жылғы өсімі өтке мамандандырылған ірі қара малдың бұзауларына ұқсас өте жоғары деңгейде өрбиді екен. Қазақ және якут жылқыларының құлындары туғаннан кейінгі 1-ші айында өзінің алғашқы салмағынан 1, 7-2 есе өссе, 3 айда 3, 2 есе, 6 айда 4, 2, 12 айда 5, 2-6, 2 есе өседі екен. Сондықтан сондай уақытта ауыр жүқ тартатын жылқы құлындары бұдан да тез өсіп, үлкен жылқының 70 пайыздық салмағына жетеді. Сонда туғандағы салмағы 42-45 кг болса, олар 6 айда 200-217 кг, 12 айда 250-257 кг жетеді. Ал ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы тиісінше 57-70 кг; 280-370; 375-500 кг болады. [15]

Омарқожаұлы Н., Шуркин Р. /2007/ зерттеулерінде мал шаруашылығында экстерьерді бағалаудың бірнеше тәсілдері бар. Бұлардың ішінде ең негізгісі - көзбен көріп шамалау, мұнда жылқының экстерьеріне қарай үйлесімсіздігі және тұқым типінің айқындылығы бағаланады. Мысалы, етке бейімделген болса, дене бітімі шомбал, кеудесі кең және көлемді, сирақтары қысқа, жұмыр, мойыны қысқа болуға тиісті, егер шабысты немесе желісті жылқы болса, оның денесі керісінше болады. Белдің және арқаның қайқандығы, көкіректің тар және аяқтарының нашарлығы экстерьер кемістіктерінің ең негізгілері болып саналады. Бұл сияқты кемшіліктер көбінесе малдарды дұрыс бағып-күтпегендіктен, жеткілікті азықтандырмағандықтан және дұрыс пайдаланбағандықтан болатын кемшіліктер. Төлді жақсы өсіргенде және оларды дұрыс пайдаланғанда экстерьерді жақсартуға болады. [16]

Красников С. С. /1977/ мағлұматы бойынша жылқы экстерьерін бағалауда оның барлық дене мүшелерін негізгі үш топқа бөледі:

1 - басы, мойыны, денесі (шоқтығы, жауырынды, жотаны, белді, сауырды, кеудесін сипаттауды да осыған қосады) ;

2 - аяқтары (орналасуы, білезік және бақай буындарының, алақан сүйектерінің, бақайшақтың, тірсек буынының құрылысы) ;

3 - жалпы бітімі, бұлшық еттері, сіңірлері, жылқының темпераменті. [17]

Свечин К. Б. /1984/ деректерінде жылқының типін және шаруашылыққа қажеттігін анықтау үшін оның денесі өлшенеді. Өлшеудің мәліметтері жылқының қай тұқымға жататындығы жайындағы документке, паспортқа жазылады. Жылқының денесін өлшеу үшін оны тегіс жерге төрт аяғын тең бастырып тұрғызады. Әсіресе төрт түрлі өлшеудің маңызы өте зор. Олар: шоқтығынан өлшегенде биіктігі, кеудесінің кеңдігі, көкірек және жіліншек орамы. [18]

Красников А. С. /1996/ кітабында жылқы денесінің құрғақ заты протеин, май мен күл түрінде анықталатын минералдық заттардан тұрады. Жас құлын денесінде протеин көп түзіліп, май аз болады да, өсе дене құрамындағы май үлесі артады. Содан барып жас ет қара, яғни таза бұлшық етті, протеинді болса, сақа, әсіресме, бордақыланған мал етінде май үлесі молаяды. Мал денесінің (бұлшық еттің) протеині (белогі) желінген азық протеинінің аминқышқылдарынан түзіліп, дене құрылысын қамтамасыз етсе, дене (ет) майы организм қажеттілігінен артылған энергияның қоры ретінде байланады. [19]

Хотов В. Х. /1995/ зерттеулерінің нәтижесінде жылқының сүйсініп жейтін ең жұғымды жемі сұлы. Сұлыны жылқыға шектеусіз жегізуге болады. Оны жеңіл қорытып, ешбір зиян шекпейді, тек тісі мүжілген кәрі аттарға сұлы дәнін алдын-ала мыжып (плющение) беруге болады. Ас қорытуға оң ықпал ететін диеталық азық ретінде бидай кебегін жегізеді. Жүгері дәнін жармалап, басқа азықтармен қосып берген жөн. Протеинді азықтардан жылқыға күнбағыс пен зығыр күнжарысын, шротын енгізуге болады. Жазда жылқыны жайылым отына жаяды. Отты жайылымда бағылған жылқыны қосымша жемдемей-ақ жұмыс атқаруға болады. Жайылым ең арзан жемшөп көзі болғандықтан жылқы ұстау шығынын арзандату үшін маусымдық жайылымдарды жыл он екі ай пайдалануға тырысу қажет. Ол үшін әсіресе қазақы жылқының тебіндеуге бейімділігін жете қолдану қажет. Жайылым оты жетіспеген жағдайда ғана жылқының тұқымына, жасына, жынысына, өнімділігіне, физиологиялық ахуалы мен атқаратын жұмысына байланысты өзгеретін қоректік заттарға мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын, қосымша азықтармен толықтырады. [20]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы ұшасын бөлшектеу
Дәстүрлі еттен ұлттық тағамдарға шолу
Диеталық тұрғыдан алғанда жылқы етінің майы аса бағалы
Азықты беруге әзірлеу
Ем – дәмдік тамақтану туралы
Жылқы өнімдері
Жылқы етін консервілеу технологиясын жетілдіру және рецептурасын құрастыру
Етті және ет өнімдерін концервлеуді мал дәрігерлік санитарлық және өндірістік практика
Фермент активтілігіне температура әсері
Жылқы жайылым малы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz