Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
1. Кіріспе бөлім . . . 3
1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5
2. Негізгі бөлім
2. 1. Жылқылар гигиенасы және азықтандыруда қойылатын зоогигиеналық талаптар . . . 14
2. 2. Жылқыларды күту гигиенасы . . . 18
2. 3. Атқораларға қойылатын зоогигиеналық талаптар . . . 22
2. 5. Атқоралар жобасының зоогигиеналық негізделуі . . . 26
3. Қорытынды бөлім . . . 28
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
1. Кіріспе бөлім
Жылқы - тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б. ) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25-30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді (5 - 6 ретке дейін) . Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады. Бие қымызының хим. құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол малдың физиол. күшіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай өзгеріп отырады. Қымызда 1, 8-2, 2%-тей белок болады, сондай-ақ адам денсаулығына қажетті витаминдердің барлығы кездеседі. Әсіресе қымыз А және С витаминдеріне бай (қ. Қымыз) . Жылқы етінің сапасы өте жоғары, сіңімді. Сондай-ақ, жылқыдан көптеген мал ауруларын емдеу үшін қолданылатын қан сарысуы алынады. Қазір Қазақстанда 1 млн-нан астам жылқы өсіріледі (2002) . Жылына олардан 40 мың т-дан астам ет, 35 мың т-ға жуық қымыз өндіріледі. Ж. ө-дің жалпы мамандандырылу бағыты республикамыздың табиғи-шаруашылық аймақтарына байланысты айқындалған. Жылқының асыл тұқымдарын көбейту мақсатында Қазақстанда 13 асыл тұқымды жылқы заттары (Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, т. б. облыстарда), жылқы тұқымын асылдандыратын 39 мемл. шаруашылықтар (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, т. б. ) ат жарыстыратын алаңдар және асыл тұқымды жылқы фермалары ұйымдастырылған. Қазақстанда асыл тұқымды жылқы саны 9 мыңнан асты (2000) . Республикада жылқының міністік, сыдыра желісті тұқымдары және қазақ жылқысы өсіріледі. Дала және құрғақ дала аймақтарында жылқы негізінен жұмыс көлігі ретінде пайдаланылады. Қуаң, қуаңшылық және тау бөктеріндегі аймақтарда ауа райы жылы, жылқыны жыл бойы жайылымда бағудың мүмкіншілігі бар. Бұл жерлерде жылқы ш. ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстанның кең байтақ жайылымы бар орт., оңт., шығыс және батыс аймақтарының көптеген аудандарында жылқы үйірлеп бағылады. Жылқыны үйірлеп бағудың бірнеше әдісі бар. Бос бағуда жылқы жыл бойы жайылымда болады, қатты боран не көк тайғақ болғанда ғана пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына және жасына қарай табынға бөлінеді. Шаруашылықтағы жылқының санына байланысты табында 150 - 180 бие, 180 - 200 бойдақ жылқы, ал жазық далада 350 жылқыға дейін болады. Боран және аяздан қорғау үшін жайылымда жеңіл-желпі жылқы қора, қалқа, ықтасын лапас салынады, құдық қазылады, суаттар жасалады. Жайылым орталығына әр жылқыға 3 - 5 ц пішен, 0, 5 - 1 ц жем қорын дайындайды. Құлынды 10 - 12 айлығында енесінен айырады. Қорада не қоршалған шарбақта 1 айғырға 20 - 25 биеден үйірлеп шағылыстырады. Қолда ұстап баққан жылқыны қыста ашық, жылы күндері жайылымға шығарады, қатты боран, аязды күндері қорада ұстап пішен және жем береді.
Ат қораларда тайлар мен құнандарды жаттықтыратын және айғырларды серуендететін тапталған жол жасайды. Асыл тұқымды жылқы фермасы жанынан мал емханасы салынады. Асыл тұқымды фермада жайылым - ат қора (көбінесе жайылымда бағылады) әдісін қолданғанда бие, айғыр және жас жылқылар тұратын жылқы қораларын салады, бас үйрететін және жаттықтыратын алаң жасайды. Жаттықтыруға және сатуға бөлінген жылқыны жеке қорада ұстайды. Ат қора жанына мал емханасын салады.
Курстық жұмыстың мақсаты - зоогигиена пәнінен алған білімді тереңдету, жылқылардың қора-жай жобасының зоогигиеналық негізлуін зерттеу. Ауыл шаруашылық малдарының ішіндегі жылқылардың ерекшеліктері туралы білімді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеті - жылқыларға арналған қора жайдың зоогигиенасын зерттеу және құлындардың гигиенасы мен азықтандыру ерекшеліктері және олардың мерзімді жетілуіне ене сүтімен қоса қосымша азықтармен азықтандыру туралы түсінік беру. Жылқыны азықтандырудың рациондарымен танысу. Жылқыларға қойылатын зоогигиеналық талаптармен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, әдебиетке шолу және негізгі бөлім мен қорытынды бөлімдерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1. Әдебиетке шолу
Бегенова А. Б., Жумакаева А. Н., Ахметов А. Н., Тлеуметов Ж. М. /2006/ деректерінде мал қораларының микроклиматы деп жануарларға арналған белгілі бір жеке орынның климатын айтады. Микроклиматтың аса маңызды көрсеткіштері - температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, атмосфералық қысым, жарық, шу, көмірқышқыл газының, аммиак пен күкіртсутегінің концентрациясы, ауадағы шаң мен микроағзалар мөлшері болып табылады. Микроклимат жағдайын көзбен және құралдар арқылы жүргізу қажет. [1]
Қайтымбай Б. Б. /2006/ мал қораларын салғанда оның қандай материалдан жасалуы өте маңызды. Тіректі элементтердің орналасу ерекшеліктеріне қарап, ғимараттың мынадай түрлерін анықтауға болады. Каркассыз түрі (тіректі қабырғалары бар) . Ол - өзара байланысқан қабырғалар мен жабындылардан тұратын қатты да берік қорап. Ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғалары төбе жабындыларының салмағын көтеріп тұрады. Ғимараттың мұндай түрлері құс шаруашылығы обьектілері мен басқа да құрылыстарын салуда кеңінен қолданылады. Ал каркасты түрі - тіректерден, кеспелтектерден, негізгі және қосымша құрылыс фермаларынан немесе тіреулерден, ригельдер мен плиталардан құралған ауқымды жүйе. Каркас - ғимараттың негізгі тірегі, ол ендік және бойлық элементтерден тұрады. Каркас типті қора - жайға тән сипат олардың жұмыс ерекшеліктеріне қарай нақты бөлінуінде (тіректі және қорғаушы) . Қорғаушы элементтер (ішкі - сыртқы қабырғалар, едендер, қоршаулар, еден - терезе ойықтары) қора - жайдың ішін ауаның зиянды әсерлерінен сақтайды. Осылардың көмегімен қора - жайлардың ішінде қалыпты температура мен ылғалдылық, акустикалық жағдай сақталып тұрады. Сонымен қатар осы екі элементтер бірігіп, ортақ қызмет атқаратын жағдайлар да болады. Оған қабырғалар, каркассыз қора - жайлардағы жабыныш материалдары жатады. Қора - жайдың негізгі конструкциялық элементтеріне табан, ірге тас, қабырғалар, еден, төбе, шатыр және т. б. жатады. [2]
Мырзабеков Ж. /2005/ деректерінде Қазақстанға тән климаттық және табиғи-экономикалық жағдайлар қазақ малшы-қауымын, жайылымдарды мерзімге қарай пайдалануға мәжбүрленген: қыстау, жазғытұрымғы жайылым, жайлау, күзек. Қатаң тәртіптегі, малдар, көшіп-қонуы едәуір індеттанымдық маңызға ие болғандығын атап өту орынды. Індет орын ала қалған жағдайларда, ауруға шалдыққан малдарды сол орында сойып, сауларын өзге қолайлы жерлерге айдап отырған, ал ауруға күдікті дегендері 3-5 шақырым қалдырылып отырған. Егер ауру малдар тым көп болса, оларды сол орында қалдырып (жарты бөлігі сауығады деген үмітпен), бұл жайлы көшіп-қонып жүрген ауылдарға хабар таратқан. Мал тұрақтары мен жайылымдарын жиі ауыстыру ауру жұққан табында ірі қара мал обасы ауруы таралуын 30-35%-ға төмендеткен. Қазақ малшы-қауымы сібір жарасы болып өткен, яғни осы кесел бойынша қолайсыз аумақтарды ескеріп, тек боранды мезгілде ғана малдарын айдап апарып отырған. Осы тәжірибені олар әсіресе тері аурулары болған уақыттары кезінде қолданған, мал өліктерін өрттеген немесе терең етіп көмген. [3]
Меркурьева Е. К. /1970/ еңбегінде жылқы шаруашылығының көзі - ет пен сүт өндіру деп көрсеткен. Олай болса мал шаруашылығының басқа салаларымен бірге жылқы шаруашылығын өркендетуге де баса назар аудару керек. Жылқы шаруашылығының бүкіл резервтерін толық пайдаланып, оның барлық тұқымының сапасын барынша жақсарту қажет. Күтіп - бағу, азықтандыру мәселелерін жақсартып, тұкым асылдандыру жұмыстарын жетілдіре түскен жөн Мал өнімдерін өндіру және оның сапасын көтеру үшін осы салада істейтін қызметкерлер әрбір малдың өзіне тән құрлысы ерекшелігін, жасын, қоршаған ортамен байланысты тіршілік ету қабілетін білуі жөн. Өнім сапасы малдың арғы тегіне де байланысты болады. [4]
Мұқанов А. /2003/ зоогигиена адам гигиенасымен тығыз байланысып жатыр, өйткені оның мәселелеріне қора-жайларда, малшаруашылығы нысандарында қызмет ететін адамдардың денсаулығын сақтау және тағам өнімдерінің жоғары сапада болуы үшін күресі енеді. Зоогигиеналық шаралар мен нормативтер құрастырылуы физиология мен микробиология сынды ғылымдардың жетістіктері мен әдістеріне сүйенеді. Ол сонымен қатар эпидемиология, паразитология, токсикология, зоология, топырақтану, ботаника, метеорология, химиямен тығыз байланысады. [5]
Мұқанов С. /2001/ деректерінде жарық коэффициенті, яғни, терезелер мен еден көлемдерінің қатынасы -құс қорасында 1:10, қой мен ешкі қораларында 1:20, ірі қара мал қораларында 1:16 болуға тиіс. Малды аурудан сақтау үшін қораны таза ұстап, микроклиматты сақтау қажет. Қой мен ешкі қораларының сәкісі саз-балшықтан, ал ара қара малдікі - тақтайдан жасайды. Тәулігіне ірі қара мал 20 л, ал бұзауы - 2 л зәр шығарады, сондықтан сәкінің зәр ағып шыға алатындай ойыс арығы болуы керек. Қора ішінде зәр мен нәжістен улы булары көтеріледі, тығыз концентрациялы ауыр булар таза ауаның алмасуына бөгет жасайды. Сондықтан улы зәр булары жиналатын жерде қораның төбесіне биіктігі 1 м тақтайдан құбыр орнатады. Қораның ішіндегі микроклиматтың тазалық дәрежесінен мал мен құстың өнім беру қасиеттері 20%-тен 40%-ке дейін кемітеді. Мысалы, қыс кезінде ірі қараның қорасындағы ауа температурасы 8-12о С, құстың қорасында - 13-17о С болу керек; ылғалдылығы 60-70%-ке тең; ауа ағынының қозғалыс жылдамдығы қыста 0, 1-0, 2 м/с, жазда 0, 3-0, 5 м/с тең; көмірқышқыл газының ауадағы мөлшері ірі қара мал үшін 0, 25%, төл үшін 0, 2%, құс үшін 0, 15-0, 18%-тен аспағаны жақсы, аммиактың сақа мал үшін 20 мг/м3, ал төл үшін 10 мг/м3 аспау керек. [6]
Никоро З. С., Стакан Г. А., Харитонова З. Н. /1968/ зерттеулерін бойынша атқора - жылқы ұсталып, күтілетін орын. Қазақстанның әр түрлі аймақтарына бейімделген атқораларының үлгілері бар. Қай үлгімен салынған сиыр қора болсын оларға ортақ талап ретіңде садыра қоймадан жоғары, су баспайтын дөңестеу, желден ық жерге салынып, ішіндегі жарық, жылулық, ауа кендігі мен тазалығы секілді микроклимат көрсеткіштері зоогигиеналық талаптарды қамтамасыз етулері керек. Атқорада малды ыңғайына қарай бос және байлап ұстайды. Осыған орай атқора ішін бөлу, отгық пен суаттың түрі, азықтаңдыру мен суару, еденнің құрылысы жоспарланады. Қораның көлемі онда ұсталатын малдың саны мен жасына, жыныстық тобына байланысты. Қора еденінен сақа мал басына - 6-7, жас мал басына - 4-5 текше м келетіндей есеппен салады. Сиыр байланатын орынның ұзындығы - 2 м, ені - 1, 5 м, едені артына карай еністеу болады. Атқора қолда бар, арзан құрылыс материалдарынан салады [7]
П. А. Федотов /1989/ деректерінде малды дезинфекциялау арқылы біз мал үстіндегі әртүрлі бүрге, бит және сондай-ақ адам денсаулығына қатер тигізетін шыбын-шіркейден құтылу үшін сақтандырады. Мал күтудің бастамасы ол қораларды дезинфекциялау. Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі - қораны тазалау, екіншісі - дезинфекциялық ерітінді шашу. Объектілерді тазалауға әртүрлі механикалық әдістерді (күрек, тырма, сыпырғыш) және кешенді гидротазалағыш технология қолданады. Механикалық тазалау ауру қоздырғыш микробтың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды [8]
Петухов В. А. /1989/ айтуы бойынша экологиялық шаралар арқасында мал фермалары қалдықтардан тазартылады, топырақты ластайтын көздері анықталады, көң сақталатын орындар жабдықталып, тағы басқа жағдайлар жасалады. Көңді шаруашылықта жердің құнарлығын арттыру үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Ат қорадан шыққан қөңдерге кейбір шаруашылықтартан сұраныстар болады және оны кезекке тұрып алып кетеді. Топырақты органикалық қалдықтармен ластанудан және топырақ инфекциясы қоздырғыштарынан қорғау үшін мал өнімдері, шикізаттары (жүн, сүйек, мүйіз, тері) сақталатын қоймаларды, сондай-ақ тері зауытты, жүн жуғыштарды, май зауыты, мал сою алаңдарын және тағы басқа салу, орналастыру және пайдалану кезінде экологиялық ережелерді сақтау қажет[9]
Шилер Р., Вахаля, Винш Я. /1969/ жүргізген зерттеулерінде дезинфекция жүргізер алдында міндетті түрде дезинфекцияға жататын заттардың бетін жақсылап тазалайды, қорадағы барлық жабдықтарды сыртқа шығарады немесе олар полиэтилен қапшығымен жабылуы тиіс, су жиналатын еден астындағы шұңқырдың қақпағын ашып қойған жөн. Осы істерді атқарып болған соң, тырма арқылы немесе судың қысымы арқылы дезинфекциялайтын беттерді қидан, жем-шөптің қалдығынан және басқа да заттардан тазалайды. Ал енді өте қатты ластанған жерді ыстық 2 пайызды натрий гидроокись ерітіндісімен (700С) немесе 3-5 пайызды ыстық сода ерітіндісімен жібітеді. Дезинфекциялық жұмысты жүргізу ретіне қарай, олар профилактикалық (сақтық) және лажсыз (ағымды және қорытынды) дезинфекция деп екіге бөлінеді. Профилактикалық дезинфекцияны қораға басқа жақтан таралған індетті ауру қоздырғыштарды, сонымен қоса шартты ауру қоздырғыш микробтарды да жою мақсатымен жүргізіледі. Мұндай дезинфекция малды қораға түскен зардапты микробтан, сондай-ақ көлік, малшылардың сыртқы және аяқ киімі, құрал-жабдықтар және басқа да жолдармен түсетін қауіпті микробтардан сақтандыруға арналған. Сонымен қатар мұндай дезинфекцияны ферманы, кешенді немесе кейбір ғимаратты іске қосып малды кіргізу алдында жүргізеді. Профилактикалық дезинфекцияны - мал қораға жылына 2 рет жүргізеді: көктемде - жайылуға шығарғанда және күзде - малды қораға кіргізер алдында. Малды бордақылайтын қорада және құс қорада дезинфекция жұмысын оларды ет комбинатына өткізгеннен соң немесе семірту малын жаңадан топтау алдында жүргізеді. Барлық қосалқы, мысалы, мал туатын бөлімше, профилактория және бұзаухананы әрбір тобынан босаған кезде немесе жаңа топпен толтырар алдында міндетті түрде дезинфекция жұмысын іске асырады. Тура осындай жұмыс шошқа шаруашылығында да жүргізіледі. Мысалы, шошқаны жазғы лагерьде баққан кезде оларды қысқы қораға ауыстыру алдында қораға сақтық дезинфекция жұмысын жүргізеді, ал одан әрі қарай мұндай жұмысты жаңа топ малды жайғастыру алдында жүргізіп отырады. [10]
Нәсіпбаев, Т. /1995/ мағлұматы бойынша қандайда бір шаруашылықтың обьектілері елді мекен жерлерден белгілі бір қашықтықта орналасуы қажет. Бұл арақашықтық санитарлық - қорғау аймағы деп аталады. Санитарлық - қорғау аймағы (СҚА) мал қораларының қабырғасымен немесе олардың ауласымен елді мекеннің арасындағы территориялары қамтиды. Бұл аймақтың негізгі міндеті - ферманы елді мекенде болатын жұқпалы аурулардан сақтау әрі құс фабрикасындағы кейбір зиянды факторлардан (жағымсыз иістер, шаң - тозаң, микроорганизмдер және т. б. ) елді мекенді сақтау болып табылады. Мал шаруашылығының қора - жайлары негізінде елді мекендерден кемінде 3 км, қалалардан - 5 км, өзендер мен су қоймаларынан кемінде 2 км қашықтықта болу керек. Таңдалған жер сонымен бірге, басқа фабрикалар мен кешендерден бөлек белгілі бір зооветеринариялық ара қашықтықта болуы керек. Зооветеринариялық ара қашықтық - ол әр түрлі мал шаруашылығы қора - жайларының өзара ең аз ара қашықтығы. Оның ең негізгі мкқсаты - әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір - біріне таратпау (шаң - тозаңды, микробтарды, газдарды және т. б. ) Жеке жәнебіріктірілген шаруашылықтарында бір жерге 10 мың құсты ұстауға болады [11]
Бұлашев, А. Б. /2009/ пікірінше, жануарлардың жұмыс өнімділігі оның тарту күшімен, қуаттылығы және төзімділігімен, атқарылған жұмыс көлемімен оны атқарудағы қозғалыс жылдамдығымен және атқару жағдаймен сипатталады. Тарту күшін серіппелі таразы тәріздес тартылатын жүкке ілінген күш өлшеуіш динамометр немесе динамограммамен өлшейді. Динамограмма серіппесін 1 мм-ге қысу не созу үшін белгілі күш көлемі қажет. Сол жұмсалған күштің әсерінен серіппенің созылып қысылғанын оған жалғанған тілі арқылы мм қағазға динамограмма ретінде автоматты түрде түсіріледі [12]
Кузнецов, А. Ф. /2003/ деректерінде Қораны үнемі желдетіп, мал ауруында жүргенде ішін кептіріп отыру. Оның ішкі ауасының таза болуына жағдай жасайды. Бірақ қорада ызғырың болмауы тиіс. Сондай-ақ қораның терезелерін қоршауға және көлеңкелеуге болмайды. Қораның ішіне күн сәулесі өтуі үшін керегі әйнектерін үнемі сүртіп тұрған жөн. Төсеніш қорадағы малдың санитарлық - гигиеналық талаптарын жақсартуға, олардың жақсы жайғасуына, ауыз тиюден әртүрлі тері ауруларынан, жарақаттанудан қорғауға арналған. Төсеніш жақсы ылғал тартып көмір қышқылын, аммиакты, күкіртті су тегін және басқа да зиянды газдарды сіңіретін малдың терісі мен түгін ластамайтын, жұмсақ әрі серпімді, улы және тікенекті шөптерден таза болуы тиіс. [13]
Кәдіров, Н. Т. /1973/ айтуынша жылқының басқа малдан басты айырмашылығы бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорытыу және зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды- углеводты әрбір 3 сағат сайын жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды. Жылқылардың қарны бір камералы, күйңс қайыратын малдардан салыстырғанда ірі азықтарды онша қорытып сіңірмейді. Жылқы асқазанға қажетті қоректік заттардың пайдалы жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. [14]
БәшіроваЖ. М /1994/ айтуы бойынша Қатаң азықтарды саңырауқұлақтармен зақымдалудан сақтандыру. Қатаң азықтарды дұрыс жинау, даярлау және сақтау- олардың жоғары санитарлық сапасының кепілі. Қатаң азықтар құрғақ ауа райында және мүмкін болатын қысқа мерзімде шабу және азықтандыру арасына (2-3 күн) уақыт салып, жиналады. Жаңбырлы ауа райында жиналып, кептірілмеген шөп жылдам қызып, бұзылады. Сондықтан, кептіруге жағдай болмаса, жасыл массаны сүрлемдейді немесе пішендейді. Шөп пен сабанды сүйретіп жинауға болмайды, себебі шаңмен қоса, оларға улы саңырауқұлақтардың споралары түседі. [15]
Әлібаев, Б. А. /2010/ зерттеулерінде азықтық құралдардың зерттелген саңырауқұлақтармен зақымдалуы байқалса, олардың зақымдалу және улылық дәрежесін анықтайды. Егер азықтар 10 % артық зең саңырауқұлақтарымен зақымдалса (шірік иісті қарайған, зең басқан алаңдар), олар сулауға және булауға жатпайды, себебі мұнда улы саңырауқұлақтар одан сайын қауырт дамып, улы заттар жиналады. Улы фузариялармен, аспергиллдермен және басқа саңырауқұлақтармен зақымдалған және биосынама бойынша (қоян терісіндегі қабыну реакциясының III және IV дәрежесі) улылығы күшті қатаң азықтар фураждық мақсатқа жарамайды. Саңырауқұлақтармен зақымданған бірінші және екінші дәрежелі улылықты қатаң азықтарды (фузариумнан басқа) сөндірілмеген әкпен, ал Fusarium туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықты- кальцийленген содамен өңдеуге болады. Улы емес немесе биосынама бойынша әлсіз улы азықтарды мұқият сұрыптайды. Саңырауқұлақтарымен зақымдалған алаңдарды жойғаннан кейін азықты ірі қара малдың бордақыдағы тобына сапалы азыққа қатаң азықтардың нормасынан 25 % аспайтын мөлшерде қышқыл азықтар немесе олардың сілтіленуі (қышқылы кету) болмаса қосып береді. Мұндай азықтарды сақтауға тыйым салынады. [16]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz