Жылқыларға арналған қоражайлардың зоогигиеналық негізделуі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Жылқыларға арналған қоражайлардың зоогигиеналық негізделуі»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.


Мазмұны

1. Кіріспе бөлім . . . 3

1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5

2. Негізгі бөлім

2. 1. Жылқының экстерьері мен конституциясы . . . 14

2. 2. Жылқыларды күту гигиенасының ерекшеліктері . . . 19

2. 3. Жылқыларға арналған қоражайларды зоогигиеналық негіздеу және қоралардың микроклиматын бақылау әдістері . . . 22

2. 4. Жылқыларды азықтандыру гигиенасы . . . 25

3. Қорытынды бөлім . . . 29

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30


1. Кіріспе бөлім

Жануарларды жаңа климат жағдайларына ауыстырған кезде оларға жерсіну үшін белгілі бір уақыт аралығы қажет. Жануар организмінің жаңа климат жағдайларына толығымен бейімделуі- жерсіндірілу деп аталады. Осы кезде жануарларға ерекше күтім қажет, оларға толыққанды азықтандыру, жақсы бағып-күту жасалынуы шарт.

Адамның ауылшаруашылық малдарына жабық ғимараттарда жасайтын ауа ортасы жағдайын микроклимат деп атайды, яғни бұл шектелген кеңістік климаты.

Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатылған.

Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптасқан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін қорадағы еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз ету.

Экологиялық шаралар арқасында мал фермалары қалдықтардан тазартылады, топырақты ластайтын көздері анықталады, көң сақталатын орындар жабдықталып, тағы басқа жағдайлар жасалады.

Көңді шаруашылықта жердің құнарлығын арттыру үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Ат қорадан шыққан қөңдерге кейбір шаруашылықтартан сұраныстар болады және оны кезекке тұрып алып кетеді.

Топырақты органикалық қалдықтармен ластанудан және топырақ инфекциясы қоздырғыштарынан қорғау үшін мал өнімдері, шикізаттары (жүн, сүйек, мүйіз, тері) сақталатын қоймаларды, сондай-ақ тері зауытты, жүн жуғыштарды, май зауыты, мал сою алаңдарын және тағы басқа салу, орналастыру және пайдалану кезінде экологиялық ережелерді сақтау қажет.

Малды дезинфекциялау арқылы біз мал үстіндегі әртүрлі бүрге, бит және сондай-ақ адам денсаулығына қатер тигізетін шыбын-шіркейден құтылу үшін сақтандырады. Мал күтудің бастамасы ол қораларды дезинфекциялау.

Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі - қораны тазалау, екіншісі - дезинфекциялық ерітінді шашу. Объектілерді тазалауға әртүрлі механикалық әдістерді (күрек, тырма, сыпырғыш) және кешенді гидротазалағыш технология қолданады. Механикалық тазалау ауру қоздырғыш микробтың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды.

Дезинфекция жүргізуге жататын нысандар: мал қорасы, құралдар, жабдықтар және малды күтуге арналған заттар, қора ауасы, ферма территориясы (серуең алаңы), малды көлікке тиеу және түсіру алаңы, ветеринарлық-санитарлық нысандар, көлік, малды сауу қондырғысы, сүт ыдыстары, арнайы киімдер, қи, садыра және лас су.

Тазалау кезінде әсіресе ақырға, науаларға, қабырғаның төменгі жағына, қабырға ортасындағы қалқандарға, еденнің ашық саңылауына және қи тазалайтын каналға аса көңіл бөлінуі тиіс. Әсіресе, олардың бетінің ерекшеліктерін ескерген жөн. Себебі оларда кездесетін кішкентай саңылаулар, темір-бетон конструкциялары, шыны т. б. беті жылтыр материалдар дезинфекциялық ерітінділерді ұзақ ұстап тұра алмайды.

Егер объект нашар тазаланса, онда химиялық дезинфекциялық ерітінділер, нысан бетіндегі жабысып қалған органикалық заттармен адсорбцияға түседі, соның салдарынан ауру қоздырғаш микробтарға өз әсерін толық тигізе алмайды немесе бактерицидтік қасиеті едәуір төмендейді.

Ат қорада әр жылқы басына тәулігіне 70 л су кетеді, оның ішінде 45 л су жылқыны суаруға, ал қалған 25л су ат қорадағы тазалыққа жұмсалады. Құлындарға тәулігіне 45 л су керек, 35 л суды ішуге, 10 л су тазалық орнатуға керекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: жылқыларға арналған қоражайларға қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптармен танысу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, әдебиетке шолудан, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1. 1. Әдебиетке шолу

А. Ф. Кузнецов /2006/ деректерінде айтуынша жылқының басқа малдан басты айырмашылығы бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорытыу және зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды- углеводты әрбір 3 сағат сайын жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды. Жылқылардың қарны бір камералы, күйңс қайыратын малдардан салыстырғанда ірі азықтарды онша қорытып сіңірмейді. Жылқы асқазанға қажетті қоректік заттардың пайдалы жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. Қоректік заттардың қалған бөлігі (30 %- жуығы) басқа қажеттілікпен меншікті қозғалысының қажетіне шығындалады. Жылқының тілі жақсы дамыған. Сондықтан қатты заттарды бөлшектеп уатады. Мүйізді ірі қара қарнына қарағанда жылқының қарны 7- 8 есе кіші, ішектері қысқа жемді, концентратты жақсы қорытады. Жылқы азықты баппен өте ұқыпты, мұқият шайнайды. Бір жұтқанда 15- 20 грамм сабан, топан, сұлы, арпа, кебек және т. б. жұта алады. [1]

А. П. Онегов 1984/ айтуы бойынша қора жай қабырғалары қабырғалардың жылу және дымқыл өткізбеуін қамтамасыз ету үшін олардың қалыңдығы ескеріледі, немесе аз күш жұмсай отырып жылу жібермейтін материалдар пайдаланылады. Гигиеналық жағынан келгенде қабырғалар жылу жібермейтін материалдардан соғылған жөн. Сондықтан қабырғалардың жылу қорғайтын қасиеті жеткілікті әрі жылуды аз өткізетін термикалық қарсылық коэффициенті жоғары болуға тиіс. Жылуға берік және ауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн. Төбе жапқыштар. Континенталдық климат жағдайында олар қора - жайды сыртқы әуе кеңістігінің құбылыстарынан сақтайды, қыста да, жазда да, жылу сақтауды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Төбе жапқыштар берік, барынша жеңіл, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп - тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуға тиіс. Еденнің конструкциясы мен материалдары оның ішіндегі микроклиматқа, санитариялық - гигиеналық жағдайларға, жануарлардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасына және өнімділік көрсеткіштеріне айтарлықтай деңгейде әсерін тигізеді. Құс фабрикаларының едендері мынадай талаптарға сай келуі керек: жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, жанбайтын, тегіс, тұтас, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянсыз, тазартып - жинауға қолайлы, құстың әр түрлі әрекеттеріне төзімді берік болуы тиіс. [2]

А. Н. Жұмақаева /2006/ кітаптарында таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай - ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман - тоғай маңына салынғаны немесе айналаға ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмау тиіс. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны қора - жайдың орналасуына жағдай жасайды. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, өсімдіктерді отырғызуға жарамды болса тіптен жақсы. Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар жер санитариялық - гигиеналық талаптарға сай кемінде 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 12 метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз суы жеткілікті болуы керек. [3]

А. Н. Ахметов /2010/ зерттеулерінде жануарлардың жұмыс өнімділігі оның тарту күшімен, қуаттылығы және төзімділігімен, атқарылған жұмыс көлемімен оны атқарудағы қозғалыс жылдамдығымен және атқару жағдаймен сипатталады. Тарту күшін серіппелі таразы тәріздес тартылатын жүкке ілінген күш өлшеуіш динамометр немесе динамограммамен өлшейді. Динамограмма серіппесін 1 мм-ге қысу не созу үшін белгілі күш көлемі қажет. Сол жұмсалған күштің әсерінен серіппенің созылып қысылғанын оған жалғанған тілі арқылы мм қағазға динамограмма ретінде автоматты түрде түсіріледі [4]

Р. К. Туякова /2007/ айтуы бойынша мал шаруашылығы қора - жайларын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аудару керек. Жер көлемін айқындау құс фабрикаларының кеңейтілуін және оны азықпен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Жер көлемі 300 мыңнан астам құсы бар шаруашылықтарда - 0, 4 - 0, 5 м2 болуға тиісті. Құсты бағып - күтетін қора - жайлар тұрғын үйлерден төменгі жақта және олардың ық жағында орналасады [5]

В. И. Гершун, Б. М. Муслимов /1994/ деректерінде қандайда бір шаруашылықтың обьектілері елді мекен жерлерден белгілі бір қашықтықта орналасуы қажет. Бұл арақашықтық санитарлық - қорғау аймағы деп аталады. Санитарлық - қорғау аймағы (СҚА) мал қораларының қабырғасымен немесе олардың ауласымен елді мекеннің арасындағы территориялары қамтиды. Бұл аймақтың негізгі міндеті - ферманы елді мекенде болатын жұқпалы аурулардан сақтау әрі құс фабрикасындағы кейбір зиянды факторлардан (жағымсыз иістер, шаң - тозаң, микроорганизмдер және т. б. ) елді мекенді сақтау болып табылады. Мал шаруашылығының қора - жайлары негізінде елді мекендерден кемінде 3 км, қалалардан - 5 км, өзендер мен су қоймаларынан кемінде 2 км қашықтықта болу керек. Таңдалған жер сонымен бірге, басқа фабрикалар мен кешендерден бөлек белгілі бір зооветеринариялық ара қашықтықта болуы керек. Зооветеринариялық ара қашықтық - ол әр түрлі мал шаруашылығы қора - жайларының өзара ең аз ара қашықтығы. Оның ең негізгі мкқсаты - әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір - біріне таратпау (шаң - тозаңды, микробтарды, газдарды және т. б. ) Жеке жәнебіріктірілген шаруашылықтарында бір жерге 10 мың құсты ұстауға болады [6]

Ж. Б. Мырзахметов, Б. А. Асылбеков /1992/ зерттеулерінде Қораны үнемі желдетіп, мал ауруында жүргенде ішін кептіріп отыру. Оның ішкі ауасының таза болуына жағдай жасайды. Бірақ қорада ызғырың болмауы тиіс. Сондай-ақ қораның терезелерін қоршауға және көлеңкелеуге болмайды. Қораның ішіне күн сәулесі өтуі үшін керегі әйнектерін үнемі сүртіп тұрған жөн. Төсеніш қорадағы малдың санитарлық - гигиеналық талаптарын жақсартуға, олардың жақсы жайғасуына, ауыз тиюден әртүрлі тері ауруларынан, жарақаттанудан қорғауға арналған. Төсеніш жақсы ылғал тартып көмір қышқылын, аммиакты, күкіртті су тегін және басқа да зиянды газдарды сіңіретін малдың терісі мен түгін ластамайтын, жұмсақ әрі серпімді, улы және тікенекті шөптерден таза болуы тиіс. [7]

Волков Г. К., Репин В. И. /1986/ деректері бойынша малшаруашылық ғимараттарының жылу режиміне климаттық жағдайлар, құрылыс материалының сипаттамасы, жануарлардың түрі, жасы, салмағы, физиологиялық жағдайы мен өнімділігі, орналасу тығыздығы, ауа алмасуы деңгейі тәрізді көптеген факторлар әсерін тигізеді. Жылытылмайтын малшаруашылық ғиамарттарында температура жануарлар бөлетін жылу арқылы ғана ұсталынады, ал жылытылатын ғимараттарда жылыту қондырғылары мен күн сәулесіне байланысты болады. Жылу шығыны мыналардан құралады: қоршаған құрылымдар арқылы жылу шығыны; ауаны жылытуға шығындалатын жылу; ылғал булауға кететін шығындар (еденнен, төсеніштер, жемсауыттардан) . Тәжірибе көрсетуінше, жануарлар бөлетін жылу сыртқы ауа температурасы - 20°С төмен кезде ересек жануарлар үшін - 10°С төмен емес болғанда ғимарат іші қалыпты температурасын ұстау үшін жеткілікті. [8]

Мырзабеков Ж. Б., Сағындықов К. А. /2006/ зерттеулерінде С витаминінің мөлшеріне табиғи жағдайлар (жайылым, жарық, ауа т. б. ) әсер етеді екен. Сүттен қымыз ашытқанда А витаминінің мөлшері өзгермейді, ал С витамині біршама азая түседі, мұның өзі қымызды піскен кезде аудағы оттегінің әсерінен болуы мүмкін. Көптеген зерттеушілер қымыздың дәрілік қасиетін, онда С витаминінің көп болуымен байланыстырады. [9]

Храбустовский И. Ф., Демчук М. В. /1984/ деректерінде көпшілік жағдайда малдың ауруға шалдығуы мен өлім-жетімге ұшырауы, оны дұрыс азықтандырып, күтіп бақпаудың салдарынан болады. Малға құнарлы азық беріп, қора-жайын зоогигиеналық талапқа сай таза ұстау, әрі күнделікті жұмыс тәртібін бұлжытпай орындап отыру оның ауруға шамдықтауының және өнімін мол беруінің негізгі кепілі [10]

Ж. Б. Мырзахметов, К. А. Сағандықов /1994/ айтуы бойынша жануарлардың қандай да бір тұқымын жетілдіру барысында бір жетістікке жетумен қатар жаңа қиындықтар пайда болуын, сонымен қатар іріктеу мен жұптаудың әдістерін жетілдіру және тереңдету қажеттілігін селекцияның алдында тұрған үлкен сұраныс нұсқайды [11]

З. И. Ануш /1979/ деректерінде жануарларға өсіруде вет - санитарлық нысандарға қойылатын өлексені өтелдейтін орын және т. б. олардың санитарлық беріктігін сақтайтын шараларды белгілеу. Мысалы мал өлгенннен кейін оларды жинап алып өртеп жіберуі керек. Олардан аққан слекей т. б. ларлың болмауын қадағалау, орнын дизенфекциялау. Егер орнын дұрыс залалсыздандырмаса түрлі шыбын - шіркей арқылы жұқпалы аурулар тарауы мүмкін. Тасыған машина, орнын бәрін залалсыздандыру. Әр алуан мал шаруашылығының нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық санитарлық-гигиеналық жұмыстарын уақыты жүргізіп тұруымыз керек. Профилактикалық дезинфекцияны қораға басқа жақтан таралған індетті ауру қоздырғыштарды, сонымен қоса шартты ауру қоздырғыш микробтарды да жою мақсатымен жүргізіледі. Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс. Сонымен қатар құлын өсіретін қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2, 6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер кораның ортасында орналасады (әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмау керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады [12]

Г. К. Волков айтуы бойынша /1980/ қорада бордақыланатын малға белгілі микроклимат жағдайын жасайды. Ол мал шаруашылығын, соның ішінде ірі қара шаруашылығын шоғырландыру, байланысты қорадағы қолайлы микро климаттың маңызын арттырады. Ал еденге қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптардың мәнісі мынада: олар аздаған жылу өткізгіш, жылу сыйымды құрғақ, түзу, су сормайтын, тазалауға пайдалануға сенімді, желі жөндеуге қажет етпейтіндей болуы керек. [13]

Г. К. Волков, В. Н. Гущин /1980/ деректерінде мал кешендері мен фермалары ауылдық жерлердегі ауаның, топырақтың, су қоймаларының ластануына себеп болатын аса ірі қайнар көзі болып есептеледі. Ал оның қуаты мен ауқымы жағынан оларды ірі өндіріс орындары - зауыт, комбинаттармен салыстыруға болады. Санитариялық - гигиеналық жағдайларды жақсартып, мал кешендері мен құс фабрикаларын оқшаулап және қорғау үшін оларды салу кезінде елді мекендердің, ветеринариялық объектілер мен жолдардың ара қашықтықтарын ескерген жөн. Мал шаруашылығы объектілерінің ауаға тарататын зиянды қалдықтары, өсімдіктер дүниесінің шартты түрде немесе тым асқынған зиянды әсерлерін ауа арқылы жайып жіберуі, жұқпалы ауруларды бір нысандардан екіншісіне тарату қаупін туғызуы мүмкін және жағымысз әр түрлі иістің таралуына жол бермеу де маңызды роль атқарады [14]

Антонов П. П. /19750 мағлұматы бойынша мал қора-жайларында, сол сияқты фермалар мен кешендер аймағында да ауаның тазалығын қорғау шараларын тұрақты жүргізу аса қажет. Бұл тұрғыда, әсіресе, мал шаруашылығын жүргізу мәдениетін сақтау және ветеринариялық-санитариялық және жануарларды ұстау мен азықтандыру жөніндегі гигиеналық ережелерді сақтау өте маңызды. Әрбір мал қораларында микроклиматты сақтау үшін тыңғылықты да ұдайы жұмыс жасап отыру, мал қиларын уақтылы шығарып тұру, қора ішін тазалап және сақтық шараларын жасап отыру керек. [15]

Баланин В. И. /1988/ деректерінде мал шаруашылығының қайта өркендеуіне, сондай-ақ жекеменшік көшірілуіне байланысты малмен айналысатын, жеке қожалықтардың территорияларында және жайылымдарында жұқпалы індеттердің әсіресе сарып ауруының қадағалайтын мал дәрігерлік ережелерді қатаң сақтап, фермаларда зоогигиеналық-санитарлық жұмыстарды әрдайым уақтылы жоғарғы санада жүргізіп отыру қажет. [16]

Голосницкий А. К. /1979/ айтуы бойынша фермалар аумағындағы ауаның шаңданып, ластануынан және микробтардан, жағымсыз иістерден сақтау мақсатында мал қоралары аралығына, аймақтар арасында ағаштар өсіріледі. Олар елді тұрғын мекендерден оқшауланып тұруға тиіс. Ауаны механикалық әдіспен тазартып тұру микроклиматтың параметріне айтарлықтай әсер етеді. Бұл жағдайда қора-жайлар шаң мен микроорганизмнен тазартылып, ауа оттегімен байытыла түседі. Ауаны шаң мен тозаңнан тазарту үшін сүзбелер мен сүзбелі қондырғылар жасалған. Канализация - жануарлар тұрған орындардан сұйық нәжіс, зәрлерді шығаруға арналған зәр ағуы үшін едендер 1м тұрақ ұзындығына 2-3см еңкіш болуы керек, сондықтан тұрақ бойымен сұйық нәжіс, зәрлер ағуы, жиналуы үшін қи жинағыш өзектері жабдықталады, олар да еңкіш орналасады. Сұйық фракция тұрбалар арқылы жинақталу орындарына түседі, олар ғимараттан тыс жерде болады. Сұйық нәжіс, зәр жинағыштарында гидравликалық жабындылар болуы керек, олар қора-жай ауасына улы газдар түсуін болдырмайды. Қи науаларынан қиды транспортерлер көмегімен шығарады. Торлы едендер пайдаланған кезде, астынан қи каналдары жабдықталады. Зәр мен нәжіс еден саңылаулары арқылы каналға түсіп, жинақталады да бірер уақыттан соң шығарылады. Малдарды терең, ауыстырылмайтын төсеніште ұстағанда (яғни, ескісін жинамай, үстіне жаңасын салып отырғанда) канализация жасалмайды. Қи сақтау үшін ферма маңы және далалық қи сақтағыштары пайдаланылады. Ферма маңы қи сақтағыштары тереңдетілген және жерүсті түрінде болуы мүмкін. Тереңдетілген қи сақтағыштары - тереңдігі сұйық қи үшін 5м дейін, ені 12-20м кем емес, көлбеу түсімі мен түбі қатты беткейлі. Қиды арнайы қойғыштарға қалар алдында, қи сақтағыш түбіне сабан, шымтезек немесе инфицирленбеген жартылай сабан аралас қи қабатын 20 см етіп төсейді. Қиды баспай, биіктігін 2м, енін 2, 5 метрге дейін қалайды, ұзындығы қалауынша, бүйірлерінің көлбеулігі 70°С. Төсенішсіз нәжістен тұратын қиды қалау барысында сабан, шымтезек, ағаш үгінділерімен 4:1 қатынасы есебінде араластырылады. Құрғақ қиды сұйық қимен немесе сумен 50 метрі 4м3 есебінде сулайды. Қаланған қиды 1 ай ұстайды. Залалсызданған қиды өзге қаланымдарды үю, бастыру үшін және тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады [17]

Данилова А. К., Найденский М. С. /1987/ деректерінде жылқы астық тұқымдастары басым шалғын және дала пішені мен бұршақ тұқымдастардың аралас пішенін сүйсініп жегенмен беде пішенін онша жаратпайды. Жылқының сүйікті азығы - сұлы дәні. Оны жылқыға шектемей жегенінше беруге болады. Басқа дәндерден жүгері мен арпаны жақсы жейді. Оларды бұршақ тұқымдастар пішенімен араластырып берген дұрыс. Ал ауыз қуысында нашар шайналып, қарында бөртіп, ұлғайып, ішті кептіру қаупін тудыратын қара бидай дәнін тек ұнтақтап, туралған сабанмен араластырып жегізуге болады. Жылқының ас қорытуына бидай кебегі көмектеседі. 4-5 л жылы суға ерітілген 1, 5 кг азықтық сірне ерітіндісімен туралған пішен мен сабан кесіндісін бүркіп, жылқының ас қорытуының бұзылуынан туындайтын «өлі тиюін» (колики лошадей) тоқтату үшін жегізеді. Жылқының басқа малдан айырмашылығы бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорыту мен зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды углеводты әрбір 3сағат жұмыстан кейін шығарып отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды. Жылқының әскер мен спортқа пайдаланылуы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын (сыворотка) жасауға кеңінен пайдаланьшады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап-тілек артып отыр. [18]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жылқы тұқымдарын классификациялау жолдары
Құлындарға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жылқы малдарын ұстау жүйелері
Жылқы малдарының гигиенасы
Биелерге арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Павлодар аймағындағы жылқы малына арналған мал қорасының жобасы
Жұмыс жылқыларын ұстау жүйесі мен әдістері
Жылқы шаруашылығының зоогигиеналық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz