Заң алдындағы жауаптылықтан босату негіздері
Евразия академиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Заң алдындағы жауаптылықтан босату негіздері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БӨЛІМ. ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЗАУАПТЫЛЫҚ
1.1 Заң алдындағы жауаптылық түсінігі және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..6
1.2 Заңды жауапкершілік
қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9
2 ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚБАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату
... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Әкімшілік жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың
жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және
материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты,
субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі
бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы
белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы
қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға
зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі
еткен құқық бұзушылыққа ұласады .
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең
негізгілеріне мыналар жатады:
1. Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі
бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде
көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында
қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой
образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе
әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
2. Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық
әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық
бұйрығына іске асады. Құқыққа қарсы мінез-құлық азаматтық-құқықтық,
тәртіптік қылықтарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды
жасауда көрінеді. Басқа жағынан, заңды жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу
шарасының түрі, сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде
субъектінің құқықтық жағдайына тиістілі бар.
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
1. Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген
реакция, өткен тәртіпке (не кейбір оқыйғада – созылмалы). Субъект алда
болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
2. Заңды жауапкершіліктің негізіндегі тәртіп, міндетті түрде ерекше
болуы қажет, яғни бойында құқық бұзудың белгісін ұстауы керек. Кінәлі
тәртіп болуы керек. Кінәсіз заңды жауапкершілік болуы мүмкін емес.
3. Заңды жаупкершілік құқықбұзушының тәртіпін әр уақытта мемлекеттік
және қоғамдық талқылауымен (негативті бағалау) байланысты.
4. Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның
жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады
(құқықбұзғанға дейін болмаған). Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше –
қорғаушылық құқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен
мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.
5. Заңды жаупкершілік көнтерлілік сипатта болады. Қандай да болмасын
міндеттілік-аутпалық, бірақ құқықбұзу нәтижесінде ерекше міндеттер пайда
болады - өзіне тиісті және басқа бағдарламаларынан айырғанға көтерімділік
көрсету (көну).
6. Заңды жауапкершілікті жүктеу тәртібі заңмен белгіленеді, яғни заң
бұл процесстің белгілі процедуралық нысандарын белгілейді.
Егер айтылған белгілерді есепке алсақ, онда заңды жауапкершілікті
құқықтық қатнаспен саластыруға (қорғаушылық) және ерекше заңды
міндеттілікпен. Егер құқықбұзушылық мемлекетпен сезілмесе не болмаса
белгіленбеген болса (не тауып алынбаған) құқықбұзушы ештеңеге жаупты емес)
керісінше, ол жасалған құқықбұзушылықтың игілігімен пайдалануына болады).
Сондықтан, оның айтсақ, заңды жауапкершілік - өзі міндеттілік емес,
қорғаушы құқықтық қатнастағы оны іс жүзіне асыру процессі.
Заңды жауапкершіліктің пайда болуы туралы басқа да көзқарастар бар:
а) ол қорғаушы құқықтық қатнаспен құқықбұзғаннан кейін тоқтамай бірге
пайда болады;
б) негізгі құқықты қолдану актысын шығарғаннан кейін пайда болады
(үкім, шешім), онда барлық заңды жаупкершілікке қажетті кездер тіркеледі.
Заңды жауапкершілік айыптылық (қыйнайтын) және құқықты орнына келтіру
функциясын орындайды. Проф. О.Э. Лейст осы жөнінде екі функция туралы емес,
екі кейіптегі заңды жауапкершілікті айтады: айыптау, ол қылмыстық,
әкімшілік және тәртіптілік жауапкершілікті біріктіреді және құқықтық
тәрбиелеуді (азаматтық құқықтық және материальды жауапркешілік).
Традициялық түрде заңды жауапкершілікті былай бөлеміз: қылмыстық-құқықтық,
әкімшілік құқықтық, азаматтық-құқықтық, жұмысшылардың материальдық
жауапкершілігі. Мұндағы көңіл аударатынымыз:
а) құқық салаларына қарағанда жауапкершілік түрі аздау;
б)әртүрлі салалардың нормаларын бұзғандығы үшін жауапкершіліктің бір
ғана түрі пайдаланылады;
в)бір саланың өзінде бірнеше түрдегі жауапкершіліктер болады (мысалы,
тәртіптілік және еңбек құқығындағы материальдық).
Сонымен, бұл топтастыру жауапкершілігінің негізінде салалық белгі
жатыр. Өйткені, құқық жүйесінде салаға бөлу реттеуші нормаларлардың
сипатына байланысты, ал жауапкершілік тікелей қорғау нормаларымен
байланысты, себебі олардың жеке табиғаты бар және өзінің заңдылығымен
әрекет жасайды. Кейді универсальдық сипатта болады.
Жалпы заңды жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Еңбек немесе тәртіптік жауапкершілік.
2. Қылмыстық жауапкершілік.
3. Азаматтық – құқықтық жауапкершілік.
4. Әкімшілік жауапкершілік.
Осы аталған жауапкершілік түрлеріне жеке –жеке тоқталып кетейік.
Еңбек және тәртіп жауапкершілік:
Курстық жұмыстың мақсаты: құқықбұзушылық негіздері және заңды
жауаптылық ұғымы туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеттері: құқықбұзушылық ұғымына түсінік беру,
заңды жауаптылықтан босату негіздері туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлім және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БӨЛІМ. ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЗАУАПТЫЛЫҚ
1.1 Заң алдындағы жауаптылық түсінігі және маңызы
Заң нұсқамаларына ауытқудың қоғамда едәуір кең таралған сипаты бар.
Себептердің және оларға жәрдемдесетін жағдайлардың көп болуына, субъектілер
мен жасалатын және құқыққа қарсы әрекеттер сипатының алуан түрлі болуына
қарамастан, олардың көпшілігінің (объективті құқыққа қарсыларын қоспағанда)
бірқатар ортақ белгілері бар, солардың негізінде заң ғылымы оларды
әлеуметтік құбылыстың біреуіне жатқызады. Бұл құбылыс “құқық бұзушылық”
деген ұғыммен белгіленеді.
Заңның талаптарына теріс пиғыл-құқық бұзушылықтың қайнар бұлағы. Құқық
бұзушылық – құқыққа қарсы қылықтан көрініс табады.
Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті
болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық
қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің)
қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның
қоғам тарапынан бағалануы.
Заң алдындағы жауаптылық – құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны
жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.
Заң алдындағы жауаптылық белгілері:
1) құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді;
2) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді;
3) құқық бұзушылық жасалған жағдайда ғана орын алады;
4) құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде
қолданылады;
5) міндет жүктеумен байланысты болады;
6) іс жүргізу нысанында (түрінде) жүзеге асырылады;
7) мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады.
Заң алдындағы жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай
түрлерге бөлінеді:
- әкімшілік – әкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда
туындайды және шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде
болады;
- азаматтық – заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу
нәтижесінде туындайды;
- қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нәтижесінде
ғана қолданылады;
- материалдық (дүниемен байланысты) – қандай да бір мемлекеттік
кәсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген
жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды;
- тәртіптік – заң алдындағы жауаптылық әскери, еңбек, оқу орнындағы
тәртіптер бұзылыған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс
жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады.
Заң алдындағы жауаптылықты, оны анықтап жүктейтін органдарға
байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:
- сот арқылы анықталып жүктелетіндері;
- мемлекеттік басқару органдары арқылы анықталып жүктелетіндері;
- басқа құрылымдар арқылы жүктелетіндері.
Заңдық жауапкершілік жүктеудің мақсатын, қызметтері мен қағидаттарын
қарастырайық.
Заңды жауапкершіліктің мақсаты осы құқықтық амал, тәсіл арқылы қандай
да бір нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетеді және де осы
нәтижелердің қандай болатынын анықтайды. Сөйтіп, олардың мәнін терең
ұғынуға мүмкіндік береді. Заңдық жауапкершіліктің негізгі мақсаты
суъектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қоғамдық
тәртіпті сақтау әрі қорғау болып табылады. Атап айтқанда, осы заңдық
жауапкершілік құралы құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру және
әлеуметтік байланыстардың әділетті түрде реттелінуіне бола белгіленеді.
Заңдық жауаптылықтың қызметтерін оның алдына қойылған мақсаттар
анықтайды, әрі содан туындайды.
Жазалау қызметі (функциясы) – орын алып отырған құқық бұзушылыққа
мемлекеттік жаза қолдану түріндегі жауабы. Бұл “жаза түріндеге жауап”
кінәлі адамға, оның жеке басына мүліктік немесе ұйымдық тауқымет тартқызу
немесе мұқтаждыққа ұшырату, сөйтіп, қолайсыз зардаптар шектіру арқылы
жазасын беру түрінде білдіріледі[13, б.41].
Құқықты қалпына келтіру қызметі – құқыққа өкілетті субъектінің
мүддесін қамтамасыз етудің барысында кінәліден келтірілген зиянды өндіріп
алуға, шыққан шығынды, шеккен залалды өткізуге, жоғалған мүліктің орнын
толтыртқызуға мүмкіндік береді.
Тәрбиелік қызметі – заңға теріс іс-әрекеттердің, құқық бұзушылықтың
алдын алудың, ондайларды болдырмаудың қажеттілігі дәлелдердің
субъектілердің саналарында қалыптастыру, күнделікті болмыстағы
қызметтерінде әдетке айналуын қамтамасыз етуге күш салу болып табылады.
Осы қызметтер заңдық жауапкершілік белгілеген мақсаттарға жетуге
көмектеседі.
Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және
басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және
заңды жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық
тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде
заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет
тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заң
қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді
болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен
жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы
құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.
1.2 Заңды жауапкершілік қағидаттары
Заңды жауапкершілік,бір жағынан жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің
түрі,басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады-
саяси,мораль нормаларының,корпоративті нормалардың,т.с.с Басқа жағынан
заңды жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі,сонымен бірге,ол
көбірек қаттылау түрі,көбірек деңгейде субъектінің құқықтық жағдайына
тиістілігі бар
Заңдық жауапкершілік қағидаттары (принциптері) – осы институттың
іргетасын құрайтын ең басты негіздері, идеялары, тезистері болып табылады.
Заңдық жауапкершіліктің қағидаттарын төмендегідей етіп бөліп көрсетуге
болады:
1) әділеттілік – мұның өзі тағайындалатын жазаның болған құқық
бұзушылыққа мөлшері арқылы, теріс қылық үшін қылмыстық санкцияның
белгіленуін болдырмау арқылы, жауапкершілікті бекітетін немесе оны
күшейте түсетін заңның кері күшін жоққа шығару арқылы, кінәліге бір
қылмысы үшін тек бір ғана жаза түрінің қолданылуы арқылы
білдіріледі.
2) заңдылық – заңдық жауаптылық кінәлі адамға қатал түрде заң бойынша
және заңда көзделген әрекеттері немесе әрекетсіздіктері үшін
жүктеледі (қолданылады).
3) дәлелділік – істің нақты жағдайын жан-жақты әділдікпен қарап, әрі
тек жинақталған дәлелдемелер бойынша шешудің қажеттілігін, адамның
құқық бұзушылық жасаудағы айғақтарын, құқық бұзушылығының нақты
түрін, соған сәйкес келетін құқық нормасын анықтау бойынша
білдіріледі.
4) жазадан құтылмайтындық – құқық бұзушлық үшін заң алдындағы
жауаптылықтың болмай қоймайтындығы; құқық бұзушылықтың ашылуының
ұтымдылығы, сапалылығы және толықтығы, кінәлі адамдарға мемлекет
тарапынан жазалау түріндегі жауаптылықтың міндетті және ұтымды
түрде жүктелетіндігінің сөзсіз болатындығы.
5) мақсатқа лайықтылық – жазаның заңдық жауаптылық мақсаттарына
сәйкестігі, санкцияларды даярлау; жасалған әрекеттердің
(әрекетсіздіктердің) түрлі жағдайларын есепке алуда оны жұмсартатын
да, ауырлататын да жақтарын ескеру.
Заңдық жауаптылықпен қатар құқық негізімен соның шегінде жүзеге
асырылатын мемлекеттік ырықтандырудың басқа да түрлері атқарылады, оларға
қорғау шаралары, бұлтартқызбау шаралары, тәжірибелік ырықтандыру шаралары,
медициналық сипаттағы ырықтандыру шаралары жатады.
Егер заңдық жауаптылық, қосымша заңдық міндет жүктеумен байланысты
болса (мысалы: еркінен айырумен), онда қорғау шарасы “ескі” яғни, “бұрынғы”
осы субъектіге жүктелген міндетті орындаумен байланысты болады. Қорғау
шарасының мақсаты – жазалау емес, тек құқық бұзған адамды жауаптылыққа
тартпай, бұзылған құқықты қалпына келтіру болып табылады (мысалы, балаларын
бағып-қағу үшін оның әкесінен нәпақа өндіруді заң жолымен еріксіз түрде
алу).
Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша өндірістің қалыпты
жүргізілуін қаматамасыз етуге бағытталған бұлтартпау шаралары (ешқайда
кетпейтіндік қолхаты, ұстау), сондай-ақ бұлардан басқа іс жүргізу
шараларында (дербес тексеріс, куәландыру, күш қолданып тінту және т.б.)
заңдық жауапкершілік шараларына қарағандағы айырмашылығы, олар тек құқық
бұзушылықтың алдын алып болдырмау мақсатында қолданылады.
Осы айтылып (жоғарыда мысал түрде келтірілген) отырған жағдайда құқық
бұзушылықтың болмауы себебінен жазалау да орын алмайды.
Заңды жауапкершілік мемлекетпен құқық бұзушылыққа барған жеке адамның
арасында пайда болған құқықтық қатынастардың нәтижесінде құқық бұзушылық
жасаған субъект өзінің жасаған қауіпті,зиянды әрекеті үшін арнайы
қолданылған жазаға төзуін айтады.[2;181]
Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның қоғамға және мемлекетке, басқа
тұлғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір
талаптарды орындауы.
Жауапкершілік тар мағынада немесе әлеуметтік – заңдық мағынада
құқықбұзушылық жасаған тұлғаға заңда көзделген тәртіптпен мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасын қолдану.
Заңды жауапкершілікке негіз болып құқықбұзушылық танылады .
Заңды жауапкершілікті сипаттайтын негізгі белгілер:
1) ол ерекше мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратына сүйенеді, бұл құқық
нормасымен қарастырылған санкцияны жүзеге асырудың нақты нысаны;
2) қоғамға қауіпті құқық бұзушылық жасаған уақыттан бастап пайда
болады;
3) іс жүргізушілік нысанында қолданылады.[3;197]
Осы аталған белгілер заңды жаупкершіліктің міндетті белгісі болып
табылады.
Адамның іс-әрекеті әр алуан әлеуметтік қағидалармен сәйкес реттеліп
отырады. Адам өмір сүретін қоғамдық ортада оның сана- сезіміне, іс-
әрекетіне, жүріс-тұрысына әдептік қағидалар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар
өз әсерін тигізеді. Өзіне де, өзгеге де жалпыға бірдей әдеп сақтаған адамды
жұртшылық тәрбиелі адам деп санап, мәдениетті, зиялы адам ретінде
қошеметтеп, құрметтейді. Ал көпшілікке тән әдет-ғұрыптарды сақтамай, тәртіп
бұзғандарға жұртшылық күдікпен қарайды, ондайлар көпшіліктің теріс пікіріне
тап болады. Ұяты бар арлы адам басқалардың, қоғамның пікірін жоғары
бағалап, әдепсіз қылықтардан, жаманаттан өзін аулақ ұстайды.
Адамгершілік принциптер мен қағидалар, әдет-ғұрып, дәстүр, сондай-ақ
құқық ережелері т.б әлеуметтік қағидалардың негізі болып саналады. Бұған
адамның күнделікті өміріне үңіліп қарасаңыз, көзіңіз жетеді. Мысалы, кім
ұрлық жасаса, ол-ар мен ұяттан айырылған адам. Егер ата-ана баласына үнемі
қамқор көзбен қараса, өзі де жоғары мәдениетті, парасатты адам болса, оның
балалары да адамгершілігі жоғары, заң талаптарынан аулақ кетпейтін, кәдімгі
жақсы адамдар қатарында болады. Мұнда құқықтық нормалар адамгершілік, ар-
ұяттық принциптерге сүйенеді.
Егер адамдардың басым көпшілігі заң нормаларын сақтап, оның ережелерін
дұрыс орындайтын болса, онда қоғам тыныштықта өмір сүретін болады. Мұндай
қоғамда әрбір адам тыныштықта қалыпты өмір сүреді, өзінің денсаулығын,
дүние-мүлкін сақтау жөнінде көп алаңдамайды. Егер қоғамдық ортаның қалыпты
өмір сүруі төмендеп кетсе, онда ел ішінде адамгершілік қасиеттер де
төмендеп, бірден қылмыс көбейіп кетеді.
Әрине, адамдардың басым көпшілігі адамгершілік нормаларды аяққа басып,
тәртіп сақтамаса, қоғам бір қалыпты өмір сүре алмайды. Мұндай қоғамның
болашағы да жоқ. Осындай жағдайды болдырмас үшін адамгершілік тәрбиені
күшейтіп, адам санасына заң ережелерін сақтау міндетін орнықтырып, үнемі
бақылап, қамқорлық жасап отыру қажет. Ал бұл үшін заңды іс-әрекет деген не
екенін әр адамның білуі керек. Егер заң талабы іс жүзіне асырылатын болса,
адамдар мінезінің төмендегідей белгілері байқалады.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер Қысқарған жұмыс уақыты бойынша
еңбек ете алады және де еңбек ақысы қысқартылмайды. 14-тен 16 жасқа дейінгі
оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы 36 сағат болып белгіленеді.
18 жастан төменгі жұмысшыларды түнгі жұмысқа және де жұмыс уақытынан тыс
жұмысқа, зиянды және қауіпті жағдайдағы еңбекке пайдалануға болмайды.
[4;104]
Жұмыс берушінің төмендегідей құқықтары бар:
• Заңға сәйкес еңбек келісімшартын жасауға, оны өзгертуге немесе
тоқтатуға;
• Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерден осы еңбек туралы Заңда
көзделген, белгілі бір еңбек қызметімен айналысуға және (немесе) белгілі
бір қызметті атқаруға мүмкіндігін растайтын құжаттар беруді талап етуді;
• өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
• қызметкерлерді көтермелеуге, оларды еңбек туралы Заңда және өзге де
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен тәртіптік және
материалдық жауапкершілікке тартуға;
• қызметкер сынақ мерзімін белгілеуге;
• егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкерді
оқып-үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар;
• ұйымның жұмысын тоқтатуға және ереуіл ұйымдастыруға қатысқаны,
өткізгендері үшін жұмысшыларды жұмыстан шығару сот шешімімен заңсыз деп
танылады.
• Еңбек келісімшарты бойынша жұмысшыдан еңбектің орындалуына талап
етуге;
• өзіне келтірілген зиянды өндіріп беруді жұмысшыдан талап етуге;
Әрбір жұмысшының міндеті:
• өзіне еңбектегі міндетін сапалы, адал орындау;
• еңбек тәртібін сақтау;
• жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарау;
• еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарын
орындау;
• жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған, қызметтік,
коммерциялық және заңмен қорғайтын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді
жария етпеуге.
Заң жұмыс берушіге төмендегідей міндеттер жүктейді:
• жұмысшыға тиісінше қалыпты өндіріс жағдайын туғызу;
• еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін орындап отыру, өрт
қауіпсіздігін, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария ережелерін
сақтау;
• жұмысшыға қатысты ұжымдық келісімшартпен, еңбек туралы нормативтік
актімен таныстыру;
• қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға және ұжымдық шарт
жасауға;
• қызметкерлерді олардың еңбек міндеттерін орындауына қажетті
құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
• қызметкердің еңбек міндеттерін атқару кезінде оның денсаулығы мен
өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыруға;
• Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерінде көзделген
тәртіп пен жағдайларда қызметкерлерге келтірілген зиянды өтеуге;
• Егер жұмысты жалғастыру қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатер
төндірсе, оны тоқтата тұруға;
• Еңбекақыны дер кезінде төлеу;
• Еңбек туралы заңдардың, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын
сақтау.
Жұмысшы өз міндетін орындамаған жағдайда, заң оның еңбек тәртібін
қарайды. Өзінің еңбек тәртібін бұзған жұмысшы тәртіпсіздік жасаған болып
есептеледі. Тәртіп бұзушылықтың өзіндік белгілері бар:
• Жұмысшы жұмыс берушінің алдында еңбек тәртібін бұзуы;
• өзінің еңбек міндетін дәлелсіз себептермен орындамауы немесе
нормативтік актіде, өзінің еңбек келісімшартында көрсетілген міндеттердің
нашар орындалуы;
• ұйымға, жалдаушыға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруі. Мұндай
зиян негізінен материалдық жағынан болады.
Ұйымның әкімшілігі алдында, жеке адамдардың алдында да келісімшарт
бойынша жұмыс істеп жүрген адамның тәртіп жөніндегі қылығы туралы мәселе
келуі мүмкін. Мұндай мінез-қылықтарға тәртіптік шара қолданылады.
Тәртіпсіздік мінез-қылықтың әкімшілік міне-қылықтан айырмашылығы бар.
Тәртіпсіздік жасайтын азамат- тек жұмысшы (қызметші) оның үстіне ол жұмыс
орнында немесе сол жұмыспен байланысты болады. Ал әкімшілік тәртіп
бұзушылықты 16 жасқа толған және оданда ересек кез келген азамат жасауы
мүмкін. Тәртіпсіздік мінезді жұмысшы ішкі еңбек орнында, белгілі бір жұмыс
берушінің алдында көрсетеді, ал әкімшілік мінез-қылық мемлекеттік басқару
орнында жалпы тәртіпті бұзу қылығымен ерекшеленеді. Мысалы, қоғамдық
тәртіпті бұзу (ұсақ бұзақылық ), жол ережесінің тәртібін бұзу, төлқұжаттық
тәртіпті бұзу т.с.с. Тәртіп бұзушылыққа тәртіптік шара қолданылады.
Әкімшілік тәртіпсіздікке ерекше әкімшілік жаза қолданылады. Мысалы,
жүргізушілік құқығынан айыру, әкімшілік тұтқындау, ақшалай айып салу т.с.с.
Тәртіпсіздік шараны жұмыс беруші еңбекке қатысы бар өзінің жұмысшысына
қолданады. Әкімшілік жазаны арнайы орган өзіне берілген құқықпен тәртіп
бұзушыға қолданады. Мұндай органдар-атап айтқанда, мемлекеттік, санитарлық
және басқа инспекциялар, ал жұмыс беруші әкімшілік еңбек келісімшартындағы
көрсетілген шаралар бойынша қолданады.
Әкімшілік жазалау шаралары белгіленген тәртіп бойынша қолданылуы тиіс.
Мұның өзі әкімшілік шараларды әкімшілік басшысына жұмысшының өз басы
жақпағанына қарай емес, тәртіпсіздік қылығына қарай қолданады. Әкімшілік
жауапкершілікті өздеріне тәртіптік өкімет билігі берілген лауазымды
адамдар, арнайы органдар қолданады. Мысалы, мектепте мұндай билік оқу ісін
басқарушыға емес, директорға ғана берілген. Тәртіпсіздік қылық үшін тек
нормативтік құжаттарда көрсетілген шаралар ғана қолданылады. Бір тәртіп
бұзушылық іске бір шара ғана қолданылатынын ескерген жөн.
Тәртіптік жазаны (немесе шараны) қолданғанда, оның белгілі бір
мақсаттылығын, әсіресе оның әділеттілігін қатты ойластыру керек болады.
Мұның өзі әрбір тәртіп бұзушыға жеке-жеке қарауды қажет етеді. Жұмысшының
(немесе қызметшінің) жеке басы, өзінің ісіне қалай қарайтындығы, істеген
қылығының ауыр, жеңілдігі, тағы басқа жайлар салмақтай қаралып, осыларды
жан-жақты есепке алуы тиіс. Жаза қолданудан бұрын ол адамнан жазбаша не
ауызша түсінік алуы керек.
Тәртіптік жауапкершілік екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы. Арнайы
тәртіптік жауапкершілік мемлекеттік органдарда (ішкі істер туралы, ұлттық
қауіпсіздік туралы т.б), сондай-ақ жұмысшылардың кейбір түрлері үшін
жасалған жарғыларда белгіленеді.
Жалпы тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек жүйелерінің ережелерінде
белгіленеді. Заң жалпы тәртіптік шараның төмендегідей түрлерін қарастырады:
1) ескету; 2) сөгіс; 3) жеке еңбек шартын бұзу;
Тәртіптік шара тәртіпсіздік қылық фактісі анықталғаннан кейін, бір ай
өтпей тұрып қолдануы тиіс және тәртіпсіздік қылық болған күннен бастап алты
ай өткеннен кейін қолданылмайды.
Өздерінің міндеттерін бұзғаны үшін жұмысшыға да, жұмыс берушіге де
материалдық жауапкершілік жүктеледі. Жеке еңбек шартында тараптардың
материалдық жауапкершілік шарты нақты көрсетіледі. Жеке еңбек шартының бір
тарабы екінші тарапқа зиян келтірсе, оны еңбек туралы заңға сәйкес сот
шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді. Жұмысшының денсаулығына зиян
келетіндей болса, немесе еңбек қабілетіне зиян келетіндей зақымданса,
жараланса, мертіксе, жұмыс беруші ол зиянды өтеуге міндетті. Сондай-ақ
жұмыс беруші жұмысшыны заңсыз еңбек ету құқығынан айырса; заңсыз негізбен
жұмысқа қабылдамаса, заңсыз жұмыстан босатса, жұмысшыны қаралайтын
мағлұматтар таратса, онда ол материалдық жауапқа тартылады. Қазақстан
Республикасының еңбек туралы заңында мемлекеттік еңбек инспекторлары
жүзеге асыратын еңбек туралы заңның бұзылмауына бақылау енгізілген.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретіне мыналар жатады: шағымдар мен
тексерулердің ізімен қараудың еңбек қатынастарын реттейтін еңбек туралы
Заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілердің бұзылмауына бақылау;
еңбек туралы заңның бұзылуының себептерін анықтау және талдау; бақылау
нәтижелері бойынша нұсқау беру т.б. Мемлекеттік инспекторлар берген
нұсқаудың меншік түріне тәуелсіз барлық ұйымдарда орындалуы міндетті.
Қылмыстық жауапкершілік. Кез келген заң бұзушылық мінез-қылық қоршаған
ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал қылмыс дегеніміз-
қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс.Қылмыс жасау яғни кодексте көзделген
қылмыс құрамына барлық белгілері бар.Әрекет қылмыстың жауаптылығының бірден
бір негізі болып табылады.Бір қылмыс үшін қайталап қылмыстық жауаптылыққа
тартуға болмайды.[5;3] Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны
зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан:
қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар,
орыстар, тағы басқалар болуы мүмкін.
Қылмыскерлерден әсіресе жасөспірімдер зардап шегеді. Олар құрбандыққа
тікелей де, жанама түрде де тап болады. Егерде адам қылмыс істесе, оның
балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленбесе, үйде үнемі
дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді.
Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.
Сонымен, қылмыс дегеніміз не?
Қылмыс-қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі, ол заң
тыйым салған, заңмен жазаланатын, әрекетті немесе әрекетсіз өрескел
қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып кездеседі.
Қылмыстық әрекет қоғамдық қауіпсіздік жағдайына қарай онша ауыр емес
қылмыс, орташа ауыр, ауыр және ерекше ауыр қылмыс түрлері болып бөлінеді.
Онша ауыр емес қылмыс үшін 5 жылға дейін мерзімге жазаланады. Ал орташа
ауыр қылмыс үшін жаза – 5 жыл және одан да жоғары мерзім. Ауыр қылмыстың
жазасы – 12 жылға дейінгі мерзім. Ал ерекше ауыр қылмыстың жазасы – 12
жылдан артық мерзім немесе өлім жазасы. Қылмыс адамның өміріне,
денсаулығына, ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне, дүние-мүлкіне зиян келтіреді.
Қылмыс мемлекетке қарсы да жасалады. Қайғы-қасіретті жағдайлар нәтижесіне
байланысты да қылмыс жасалуы мүмкін. Кейбір адамдар жасаған қылмысын өзінің
кәсібі деп есептейді. Қалыптасқан ұры (вор в законе) деген сөз бар. Ондай
адамдарды кәсіби қылмыскер дейді. Мұндай қылмыстарды істейтін қылиыскерді
біздің заманымызда қауіпті немесе өте қауіпті рецидивист (жырынды,
баукеспе) дейді. [6;186]
Қылмыстық әрекеттердің себептері жөнінде ғалымдар, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері әр алуан пікірде. Марксистер мұндай қылмыстың
тегін қанаушы қоғамнан іздеп, оны жеке меншіктікпен байланыстырды. Олардың
пікірінше, қанаушы тапты жойғаннан кейін байлардың кедейлерді қанағаны да
жойылып, социализм орнағаннан кейін қылмыс біткеннің бәрі дерлік қоғамнан
түбірімен жойылады деп есептеді. Біздің елімізде кемелденген социалистік
қоғам құрылды, бірақ қылмыс азаймады. Керісінше, кісі өлтіру, ұрлық,
бұзақылық, тағы басқа қылмыстың алуан түрлері молайып, жеке адамның,
қоғамның, мемлекеттің мүдднсіне қол сұғатын қауіпті қылмыстар кең етек
алды. Сондықтан қылмыстың себептерін жеке меншікпен, қанаушылықпен
байланыстыру дұрыс болмайды.
Біз социализмнен, социалистік идеядан бас тарттық. Конституциямыз
демократиялық, бұрынғыдан гөрі шынайы адамгершілікті қоғам құру міндетін
алға қойып отыр.
Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті бұрынғы саяси құрылысқа қарағанда
әлдеқайда демократиялық мемлекет деп саналуының өзі негізсіз емес. Бірақ,
өкінішке орай, қылмыс азаймай отыр, тіпті көбейіп кету тенденциясы бар.
Кейбіреулер мұның себебі жазалау шараларының жұмсақтығы десе, кейбіреулер
керісінше заң тым қатал деп есептейді. Адамзат баласы басынан не кешпеді,
жеңіл жазадан да, кескілеп өлтіру де, отқа жағып жіберу де- бәрі де болды.
Бұлардың барлығы да қылмыс жасауды тоқтата алмады. Мүмкін, әлде қылмыс
дегеніміз мүлднм жойылмайтын, адамзат қоғамы өмір сүріп тұрғанда бола
беретін құбылыс па? Шынын айтқанда, мұндай ғылыми теория да жоқ емес.
Қылмыстың болашақтағы тағдыры жөнінде дәл айта қою мүмкін бола қояр ма
екен, бірақ оның жалпы алғандағы немесе кейбір жеке, нақты себептерін
анықтау мүмкін болса керек. Қазақстанда қылмыстың өсе түсуіне әсер ететін
себептер кедейшілік, жоқшылық, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендеп кетуі,
адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуі,

маскүнемдіктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz