Заңды фактілер және оларды топтастыру



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

МҚТ пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Заңды фактілер және оларды топтастыру

Орындаған: топ студенті

Тексерген: оқытушы

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім. Құқықтық қатынастар және құқыққа сай және
құқыққа қарсы әрекеттер
1.1. Құқықтық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5
1.2. Қылмыстар және
терісқылықтар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 11
2-бөлім. Заңды фактілер - құқықтық қатынастардың
пайда болуы ретінде
2.1. Заңды фактілердің
топтастырылуы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7
2.2. Оқиға және
әрекет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..25
Кіріспе
Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте
және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар.
Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық
және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас
объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық
қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік
қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс
процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың
жиынтығы. Өндірістік қатынас – қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам
материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі
байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен
қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын
алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең
маңыздылары – саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар.
Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы – өзара заңды байланысқан реттелген
бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір
ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың
өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғылымның зор еңбегі.
Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы
қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір
сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір
сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Заңды факт деп құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын,
өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды
айтамыз. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың алғы шарты болып табылады.
Олардың моделі заңдық норманың гипотезасында тіркеледі. Заңды фактілерді де
әр түрлі негізде жіктеуге болады.
Туындайтын нәтижелерінің сипатына байланысты:
- құқық қалыптастырушы;
- құқық өзгертуші;
- құқықты тоқтатушы болып бөлінеді.
Құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне байланысты:
- оқиға;
- әрекет болып бөлінеді.
Оқиға құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына
әсер ететін, адамдардың еркінен тыс өтетін заңдық факт. Оған баланың
туылуы, төтенше оқиғалар т.б. жатады.
Әрекет құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің еркіне байланысты болады
да екіге бөлінеді: құқықтық және құқыққа қарсы. Құқықтық әрекеттің өзі
екіге бөлінеді: заңдық актілер және заңдық әрекет. Заңдық акт белгілі бір
заңдық нәтижелерге жетуге бағытталған әрекет. Заңдық әрекет жанның ой-
пиғылынан тыс заңдық нәтижелердің пайда болуына әкелетін әрекеттер.
Құқыққа қарсы әрекеттер қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіпшілік
болады. Кейде құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына
бір факті аздық етеді , бұндайда заңдық құрам әрекет етеді.
1-бөлім. Құқықтық қатынастар және құқыққа сай және
құқыққа қарсы әрекеттер
1.1. Құқықтық қатынастар
Құқықтық қатынас - қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды
міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес
туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.
Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін
болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын
көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген
байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен
заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.
Құқықтық қатынастардың белгілері:
- әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты
көрсететін қоғамдық қатынас;
- құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы
талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді);
- адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер
көмегімен жүзеге асырылатын байланыс;
- ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына
қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;
- қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде
жүргізіледі;
- мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін
қатынас.
Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері
қатарына мыналар жатады:
- субъект;
- объект;
- субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).
Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын
болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын
білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың
заңды байланысы жүзеге асырылады.
Субъективті құқық – субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға
мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі,
маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға
қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Субъективті құқықтың құрылымы:
- өкілді жанның белгілі бір әрекетке мүмкіндігі;
- міндетті жаннан әрекеттің белгілі бір түрін талап ету мүмкіндігі;
- құқығын қорғау үшін құзіретті мемлекеттік органға қайырылу
мүмкіндігі;
- белгілі бір әлеуметтік құндылықты пайдалану мүмкіндігі.
Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін
тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты
жүзеге асыру кепілі. Заңды міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:
- белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;
- өкілді жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;
- аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту
қажеттілігі;
- контрагентке құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.
Субъективті құқық пен заңды міндеттер арасындағы айырмашылықтар:
1) егер субъективті құқық өз мүддесін қанағаттандыруға бағытталса,
заңды міндет өзгенің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған;
2) субъективті құқық мүмкін болатын әрекет мөлшері болса, заңды
міндет тиісті әрекет мөлшерін көрсетеді.

Құқықтық қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге
ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері
өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі. Құқық
субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға
түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен
заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа
жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:
- азаматтар;
- екі азаматтылығы бар адамдар;
- азаматтығы жоқ адамдар;
- шет ел азаматтары.
Ұжымдық субъектілерге мыналар жатады:
- мемлекет;
-мемлекеттік ұйымдар;
- мемлекеттік емес ұйымдар.
Жеке құқықтық қатынастар аймағындағы ұжымдық субъектілер заңды тұлға
белгісіне ие. Заңды ұйым - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым.[3]
Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік
және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет. Құқық қабілеттілік –
азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік
адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. Кейбір жағдайда анасының
құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі
танылады. Мысалы, мұрагерлік құқықта.
Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие
болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға
қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық
қасиеттеріне байланысты. Қазақстан Республикасында толық әрекет
қабілеттілік 18 жастан бастап танылады. Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі
кездеседі:
-толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);
-жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);
-шектелген әрекет қабілеттілік (ішімдікке немесе нашақорлыққа
салынуына байланысты өзін немесе отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін
болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен 18 асқан
азамат сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектеледі);
-әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты
кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса,
сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.
Қазіргі кезде азаматтық құқықта 16 толған жасөспірімдер еңбек шарты
бойынша еңбек ететін болса немесе ата-анасының немесе қамқоршыларының
келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті
деп сот арқылы тануға рұқсат етіледі. [3]
Құқық субъектілік – мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас
субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің
бірлігі). Ұжымдық субъектілер құқықсубъектілікке ие болады.
Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші
субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз
қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін
қанағаттандыруын айтамыз.
Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды,
сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін
айтамыз.
Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:
- құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;
- құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.
Олардың қатарына:
1) материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар);
2) материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы,
ар-ұяты);
3) рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым,
т.б.);
4) құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі;
5) бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.
Құқықтық қатынастар әр түрлі негіздер бойынша топтастырылады. Құқықтық
реттеу пәніне байланысты құқықтық қатынастар конституциялық құқықтық
қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қылмыстық құқықтық қатынастар,
экологиялық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, еңбектік
құқықтық қатынастар және т.б. болып бөлінеді. [5]
Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.
Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт
негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды
жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді.
Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді
және бәсең болып жіктеледі.
Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және
күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің
арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу - сату шарты. Ал күрделі құқықтық
қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық
жазаны өтеу.
Құқықтық қатынастар әрекет ету мерзіміне байланысты қысқа мерзімді
(айырбас) және ұзақ мерзімді (азаматтық) болып бөлінеді.
Жақтардың анықталу дәрежесіне байланысты салыстырмалы, абсолютті және
жалпы құқықтық қатынастар болып айырылады.

Салыстырмалы құқықтық қатынас деп екі тарап та дербес және нақты
анықталған және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі болып
табылатын құқықтық қатынастың бір түрін айтамыз. Абсолютті құқықтық
қатынас деп субъективті құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге
субъектілердің барлығына оның субъективті құқығын бұзбау міндеті жүктелген
құқықтық қатынастың түрін айтамыз. [2]
Жалпы құқықтық қатынастар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы құқықтық
қатынасты туындататын заңдардан бастау алатын қатынастың бір түрі. Нақты
құқықтық қатынастар нақты заңдық фактінің негізіндн пайда болатын жеке
тұлғалардың өзара немесе белгілі бір ұйыммен, мекемемен қарым қатынасын
реттейтін құқықтық қатынастың бір түрі.
1.2. Қылмыстар және терісқылықтар
Адам әрекеті заң тұрғысынан үш түрлі болуы мүмкін: құқықтық, құқыққа
қарсы, заңды бей-жай құқықтық салдары болмайды, құқық тұрғысынан
бағаланбайды. Құқықтық мінез-құлық - құқық нормасында көрсетілген,
мемлекетпен кепілдендірілетін және қорғалатын, қоғам мүддесі тұрғысынан
қажетті және мүмкін болатын құқық субъектілерінің әрекеті.
Белгілері:
1. Әлеуметтік маңыздылығының болуы, қоғамдық мақсат, мүдделерге сай
келеді мазмұндық жағы.
2. Жеке тұлғаның санасы мен еркіне бағынышты субъектілік жақ.
3. Заңмен белгіленген көлемде болады формалды жағы.
4. Мемлекетпен қорғалады.
5. заңдық салдар туындатады.
Құқыққа сай әрекеттердің түрлері:
1) Әлеуметтік белсенді, пайдалы әрекет құқықтық сана мен мәдениеттің,
жауапкершіліктің және еріктіліктің ең жоғарғы дәрежеде болуы
2) Конформистік әрекет тұлғаның сыртқы жағдайлар мен өзгелерге
бейімделуінің нәтижесі; терең және жан-жақты сезінусіз орындау.
3) Маргиналды әрекет қорқынышқа немесе жеке есепке негізделген
әрекет.
Құқық бұзушылық - заңды жауапкершілік тудыратын деликт қабілетті
адамдардың кінәлі, құқыққа қарсы әрекеті. Белгілері:
1) Іс-қимыл әрекет немесе әрекетсіздік;
2) Кінә;
3) Құқыққа қарсылық;
4) Қоғамға зияндылық, зиянды нәтиже;
5) Іс-қимыл мен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;
6) заңды жауапкершілік.
Құқыққа қарсылық пен қоғамға зияндылық - негізгі объективті белгі
болып табылады. Құқық пен құқыққа қарсылық ажыратады. Қоғамға зияндылық -
адамзат қоғамының құндылықтарына қол сұғады, жеке және қоғамдық мүддеге
зиян келтіреді. Ол типтілігі, кең таралғандығымен де қоғамға зиянды. [6]
Қоғамдық қарсылық 2 жақты:
1 қоғамға зиянды қауіпті әрекет заңмен ресми түрде құқыққа қарсы
деп танылуы керек. Құқыққа қарсылық қоғамға зиянды әрекеттің объективті
формасы сыртқы жағы;
2 құқыққа қарсылық құқық бұзушылықтың объективті жағы. Объективті
болу себебі: құқық бұзушылық құқықтағы мәндікке зиян келтіреді, яғни
қоғамдық құрылым негіздеріне, адам және азамат құқықтарына қол сұғады.
Заңдық форма мен әлеуметтік мазмұн арақатынасы мынадан көрініс табады:
1 заңдық форма құқық бұзушылық ретінде қоғамға аса қауіпті және
зиянды әрекетті бекітеді. Бұнда қоғамға қауіптілікпен зияндылықпен қатар
тікелей топтық - саяси мүдде де үлкен роль атқарады. Сондықтан әлеуметтік
мазмұнға сәйкес;
2 заңдық форма қылмысты анықтау барысында салыстырмалы дербестік
көрсетеді;
3 экономикалық саладағы әлеуметке қарсы көріністерді бекітуде заңдық
форма үлесі аз. Бірақ ол оның әлеуметтік мәніне сай келеді;
4 Мемлекеттік-саяси, әкімшілік қатынастар аймағында заңдық бекітілуге
тиісті билікті қолдау міндеті жатады.
Құқық бұзушылық 4 құрамдас бөліктен тұрады: субъект, объект,
субъективті жақ, объективті жақ.
Құқық бұзушылықтың объектісі – құқыққа қарсы және қоғамға зиянды
әрекет бағытталған қоршаған ортаның құбылыстары. Объект үшке бөлінеді:
текті объект, онда қоғамдық қатынастардың барынша үлкен тобы қарастырылады;
түрлі объект адам өмірі, денсаулығы, мүлкі, намысы т.б. және тікелей
объект болады ол қылмыс нақты бағытталған құбылыс.

Құқық бұзушылықтың объективті жағы құқыққа қарсы және қоғамға зиянды
әрекеттің анықталған актісі ретінде сипаттайтын элементтерінен құралады.
Оған үш түрлі элемент кіреді:
- әрекет немесе әрекетсіздік;
- зиянды нәтиже;
- әрекет немесе әрекетсіздіктің зиянды нәтижемен себеп салдарлы
байланысы.
Құқықбұзушылықтың субъективті жағын оны жасаудың әлеуметтік-
психологиялық механизмін сипаттайтын, жеке тұлға санасының элементтері
құрайды. Субъективті жақ кінә ұғымымен анықталады. Ол қасақана және
абайсыздық болып бөлінеді. Қасақана тікелей кінә - тұлға өз әрекетінің
қоғамға қауіптілігін біледі, зиянды нәтиже туындау мүмкіндігін немесе
тиістілігін көре біледі, соны қажет етеді.
Жанама қасақана кінә - субъект өз әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын
алдын ала біледі, зиянды нәтиже болу мүмкіндігін көре біледі, тілемейді,
бірақ заңда көрсетілген зиянды нәтиже туындауын саналы түрде мүмкін етеді
немесе оған бейжай қарайды.
Абайсыздық өз алдына екіге бөлінеді: қылмыстық өз-өзіне сенушілік
немесе менмендік және қылмыстық немқұрайдылық немесе салғырттық. Қылмыстық
өз-өзіне сенушілік тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін алдын ала
біледі, бірақ негізсіз өзін-өзіне сену арқылы оның алдын аламын деп
ойлайды.
Қылмыстық салғырттық тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін көре
білмейді, бірақ тиісті және көре білуі мүмкін болады.
Құқық бұзушылықтың субъектісі деликт қабілетті жеке тұлғалар мен
әлеуметтік ұйымдар.
Құқық бұзушылық әлеуметтік қауіптілігі зияндылығына байланысты екі
топқа бөлінеді:
-қылмыс
-теріс қылық.
Қылмыс қылмыстық заңда көрсетілген және қылмыстық жазалау шараларын
қолдануды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен маңызы
Дәлелдемелердің қайнар көздерінің ұғымы
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар. Жоспар
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу ұғымы және оның мәні
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар
Қылмыстық процестегі дәлелдемелер
Пәндер