Зат есімді оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика және психология
Кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Зат есімді оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану

Пәні: Қазақ тілі

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Бастауыш сыныпта сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
1.1.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау
технологиясының
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...13
ІІ тарау.Зат есімді оқытда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың
ерекшеліктері
2.1. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасы арқылы оқушылардың
құзіреттілігін қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан технологиясын
қолдану ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Кіріспе
“Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің
болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-
мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына
оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман тала-бына сай
үйлестіре алу міндөті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа
талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан
ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін,
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық
технологияны меңгеруі тиіс.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына
сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қаблетті 50 елдің
қатарына терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім
беру жүйесінің алдына оқу өрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс –
тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде
мұғалімнің жан – жақтылығы, білімділігі қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім
және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім
деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның
педагогі қажет деген.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп
келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту,
жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана
тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен
білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңы тегнологиясы қажет. Оқу
– тәрбие үрдісінде осындай әдісті қолдану үшін, мұғалім алдымен өзі оқып,
біліп, зерттеп, тиімділерін оқытып осының бәрін өзінің шеберлігіне сай
жеткізе білуі керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Себебі,
бір технологияның өзі қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге
асады.
Қазіргі кезде ұстаздар қауымының көпшілігінің пайдаланып жүрген
оқытудың жаңа технологияларының бірі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлау технологиясы. Аталмыш технологияның негізгі мақсаты – ашық қоғам
азаматын тәрбиелеу.
Сыни ойлау:
- Өзіндік және жеке ойлау болып табылады (тәуелсіз ойлау);
- Ақпарат – сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес бастапқы сатысы
болып табылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет етітін
мәселеден басталады.
Жобаның негізгі – оқушы. Ол басты тұлға, әрекет етуші. Мұғалім –
бағыттаушы. Бастауыш сынып оқушылар үшін маңызы:
- сұрақ қоя білуге;
- пікірлесуге;
- тең құқылы диалог жүргізуге;
- белгілі тақырып бойынша ақпарат таба білуге үйренеді.
Себебі бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір оқушы өз
топшалауын, өз пайымдауын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді,
басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді – мағналы жақтары жөнінде
өз пікірін, өз тоқтамын тұжырымдайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға
да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға,
олардың тиімділігін арттыруға көмекеседі.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін дамытуға арналған
оқытудың әдіс – тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық
ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың
ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяаттар жасайды. Мұндй әдістер,
әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын таптіштеп түсіндіруге шалағай,
талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін
жасауда жасқаншақтық ьайқататын оқушыларға пайдсы ұшан теңіз деп ойлаймын.
Сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін жетілдіруге,
дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған,
баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жаауға мүмкіндік береді,
шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық
тұжырымдамалар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытынды да өз үлесі
бар екенін сезініп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін еркін
араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін,
мән – мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын мазмұнды,
мағыналы баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығын арттрады, сөйтіп өзін
келесі мәселені талдауға дайындайды.
Тақырыптың өзектілігі: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын
мәніндегі басты жаңалық пен жақсылықтың нышаны болды. XXI ғасыр деңгейінде
білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы-Жолдаудың басты бөлімдерінің бірі
“Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман” деп Елбасымыз
айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз Елбасының
Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен
жауапкершілік жүктейді.
“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет
ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”,- деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ
беруді өнер деп бағалау тегін емес. Соның ішінде әдебиет сабағы – асыл өнер
сабағы. Асыл сөз өнерін терең ой мен эмоция, сезімге беріліп, шабыттана
қиялдау, елестету, болжау мен оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін өнер
сабағы. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнды бүгінгі күннің өзекті
проблемасының байланыстыра өту – балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныпта зат есімді оқытуда сыни тұрғысынан
ойлау технологиясын қолданудың ерекшеліктерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
- Оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану;
- Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы туралы түсінік;
- Бастауыш сыныпта зат есімді оқытуда сыни тұрғыдан ойлау
технологиясын пайдалану;
- Зат есімді оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының
ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
І тарау. Бастауыш сыныпта сыни тұрғысынан ойлау
технологиясын қолдану
1.1.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың
бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін
қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде
оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді
мұғалімдер тәжірибелерінде жиі қолданып жүр.
Сыни ойлау, бұл – американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы
идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: Маған
айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп
алам. Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту,
үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен
оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға
тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол –
белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын құбылыс. Сыни тұрғыдан
ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасымен оқытуда
оқушылардың кестелер, суреттер, оқулық дәптермен жұмыс істеу іскерліктері
де артады.
Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау,
бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалады. Сыни тұрғыдан
ойлаудың стратегиялары өте көп.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы
бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге
сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға
құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын,
үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша
қолданылады:
- Қызығушылықты ояту;
- Мағынаны тану;
- Ой – толғаныс.
Осы кезендердін ұтымды өткізілуі мынадай нэтижелерге кол жеткізеді:
- оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
- басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және
түсіністікпен қарауға үйретеді;
- өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
- керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның
дамуын қамтамасыз етеді;
- ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге
ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың
белсенділігі өте жоғары болады.
Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-
теориялық негізі
Елімізде экономиканың жетіліп өркендеуіне орай бідім беру саласында да
елеулі өзгерістер жүріп жатыр. Қазастаннның дамыған елдердің стандарттарына
деген ұмтылысы жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін туындатып отыр.
Осыған орай, қазіргі таңда жасалып жатқан реформалар өсуден тұрақты даму
кезеңіне өтуге бағытталған. Білім беру, тәрбиелеу мазмұнын қоғам дамуындағы
кезеңдерге сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың
әдіс – тәсіледері жасалу үстінде. Нәтижесінде біртұтас педагогикалық
үрдісте білім берудің оңтайлы деп деп танылған жаңа технологиялары дүниеге
келді.
Технология ұғымы латын сөздерінен – техне - өнер, шеберлік, кәсіп
және логос - ғылым дегенді білдіреді. Технология ғылыми жетістіктерді
негізудің тәсілі мен нәтижесі ретінде, ғылымда қол жеткізілген деңгейдің
жинақталған көрінісі ретінде анықталады. [2.53]
Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар
сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы, оқу-үйрену,
тәрбиелеу, оқыту, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі
технологиялар, бағдарламаластырылған және проблемді оқу технологиялары,
авторлық технология және т.б.
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту
технологиясы және тәрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мән –
мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу
және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты
орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйе ретінде танылуды. Осыдан
педагогикалық технология мәні оқу технологиясы, тәрбие технологиясы
ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл
болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірізді, бірігімді процесс. Ол өз
құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау,
қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі
проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Коменский заманына бастап оқуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге
сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейінбасылған емес. Кейін оқу
технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды.
Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер
аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла
бастады. (педагогика оқулығы)
Педагогикалық технология ұғымына берілген анықтамалардың өзі түрліше
тұжырымдалады. Г. Селевконың Современные образовательные технологии
кітабында олардың бірнешеуі келтірілген [5.25]. Мысалы, В.Беспалько
Педагогикалық технология - бұл мазмұнды, оқу үрдісін жүзеге асыру
техникасы десе, В.Монаховтың ойынша, Педагогикалық технология – бұл оқушы
мен мұғалім үшін қолайлы жағдайлар туғыза отырып оқу үрдісін жобалау,
ұйымдастыру және жүргізу бойынша бірлескен педагогикалық әрекеттің жан-
жақты ойластырылған моделі. И.Волковтың пікірінше, Педагогикалық
технология- бұл жоспарланған оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үрдісін
сипаттау болса, М.Кларин Педагогикалық технология педагогикалық
мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменттік
және әдіснамалық құралдардың жүйелі және қызмет ету тәртібін білдіреді
дейді [6.22]. А.Сластенин және т.б. пікірінше, Педагогикалық технология –
бұл педагогикалық әрекеттің жетістігіне кепілдік беретін қатаң ғылыми
жобалау және дәл елестету7
Бүгінгі заман сұранысы оқыту ісінде техниканың кең қолданылуына
байланысты жаңаша оқыту талабын туғызды.
60-жылдардан бастап білімді технологияландырудың ғылыми атауы
біртіндеп кеңейтіліп, әдістер мен құралдар жиынтығы терминіне айналды.
Ғалым зерттеушілер педагогикалық технологияны ғылым мен техниканың
жаңа жетістіктері ретінде, оқыту үрдісінде жандандыруға тырысты. 70-80-
жылдары педагогикалық технология ұғымы оқу-тәрбие үрдісін басқару және
оқыту әдістері мен құралдарын ұйымдастыру бағытында қарастырылды.
Оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру – білім беру мен тәрбиелеу
проблемаларын сапалы жаңа деңгейде шешуге ықпал асайды. Технологиялық әдіс
– тәсілдердің көмігеміне оқушылардың таным белсенділігі артып, даму үрдісі
жетіле түседі. Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сәйкес ең озық
технологияларды жүйелі түрде қолдану өркениетті елдер тәжірибесінде
біртіндеп іске асырыла бастады. Оқу үрдісін технологияландыру мәселесі
ХХ ғасырда педагогика ғылымында шетелдік. Отандық ғалымдардың еңбектерінде
әр қырынан алынып зерттелді.
Технология шеберлік туралы ғылым. Шеберлікпен нәтижеге жету, кәсіби
шеберлікті шыңдап, белгілі бір жоба моделмен оқытуға саяды. Технология –
білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың әдістері мен
құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана
отырып,оқушыларға жеткізе білудің тәсілдері туралы ғыдым.
Оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен педагогика – психологиялық
нұсқаулардың жиынтығын, айқындайтын оқу үрдісін іске асырудың мазмұндық
техникасы, - деп көрсетеді Б.Т.Лихачев, ал зерттеуші А.К. Колеченко:
Қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті және дағдыны құрастыру,
қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны,- деген пікірлер
білдіреді.
Технология ұғымы бойынша ғалымдар пікірі тоғыса келе, ортақ болған
тұжырымдар: Педагогикалық технология жинақталған интегралдық үрдіс-
білімінің барлық түрін меңгеру үшін ұйымдастыру және басқару, жоспарлау
сондай-ақ оқыту үрдісінде қалай нәтижеге жетуге болатыны туралы сұрақтарға
жауап іздейді. Бүгінгі заман талаптарына сай еліміздің жаңа білім жүйесі
ұлттық ұндылықтарға негізделіп, оқыту үрдісі нәтижеге бағдарланған білім
моделі жаңа технология бойынша жүзеге асатыны нақты айтылады. Демек,
педагогикалық технологиялардың ең маңызды белгілері:
-Педагогикалық технологиялар жоспарланған нәтижеге жетуге кепілдік
береді.
-Нақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатын, педагогикалық ойды жүзеге
асырады.
Нәтижеге бағдрланған білім моделі бойынша оқушы әдебиетті пән ретінде
ғана игеріп қоймайды, сол пәндік білімнегізінде көркем шығарманы
дүиетанымдық, әлеуметтік, тәрбиелік бірлікте қарастыра отырып, әдебиетті
ұлттық құндылық ретінде меңгеруге бағыт-бағдар алады. Нәтижеге бағытталған
білім беру мұғалім мен оқушының қарым-қатынасына тікелей байланысты. Мұның
бір жағы оқушыға көркем туындыны түсіндірудег ұтымды әдіс – тәсілдерді
шеберлікпен пайдалану болса, екінші жағы оқушының көркем туындыны өз
бетімен игере білуі, өзін-өзі ұйымдастырудағы жауапкершілік сезімінің
қалыптасуы болып табылады. Мұнда мұғалім мен оқушы еңбегінің сапалылығы –
нәтиже кепілі болмақ. Педагогикалық технологияХХ ғасырдың 60 жылдары АҚШ
пен Ұлыбритания елдерінде қалыпьасып, бүгінде әлемнің жетекші елдеріне
кеңінен таралып, білім деңгейін көтеру мақсатында қолдынылуда.
Педагогикалық технологияның дүние жүзі педагог-ғалымдары тарапынан қолдау
тауып, бірден бір дидактикалық ұралға айналуының басты себебі – оның
бағдарланған нәтижеге құрылуында.
Игерілген білім сапасы нәтижемен өлшенеді. Демек, нәтижеге құрылған
жаңа технолгоияны оқыту үрдісінде енгізу, білім, дағды, іскерлікті дамыту –
негізгі басты мақсаттардың бірінен саналады.
Бүгінде педагогика ғылымының тиімді дамуының бір жетістігі- баланың
тұлғалық дамуына бағытталған жңа оқыту технологиясының пайда болуына
оңтайлы ықпал жасайды. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасуда. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған озық оқыту
технологиялары пайда болуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің
белсенділігі, шығармашылық ізденсі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі,
шәкірттерімен қарым – қатынасы басты орын алады. Педагогикалық технолоияның
өзіндік ерекешелігі, оқу үрдіінің айқындаған мақсатына жетуге кепілдік
беретіндігінде.
1.2. Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау
технологиясының тиімділігі
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру
жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,
өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту
қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара
отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін
дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыру.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ
үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
-мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері
басқаруға;
-білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті
белсене және өз бетінше орындауға;
-жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп
тауып, белсене орындауға;
-білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып
мұғалім көмегінсіз атқаруы;
-құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып,
сұхбат жүргізуге;
-ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері
дамытып, тәрбиелеуге.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар.
Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, Т
кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық
өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т.б.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ
үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге
болады.
1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.Сенімділікке тәрбиелеу.
3.Қиялын дамыту менің ойымша деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай
жасау.
7.Жеке тұлға ретінде мен деген рөлін көтеру, өз пікірін
қалыптастыру.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғашқы бөлігі міндетті түрде
қызығушылықты оятуға арналады сұрақ қою, екінші мағынаны тану
кезеңінде жауаптар іздеу, мәселені зерттеу мәтінді жан- жақты және әр
тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.
Үшінші, білім ой толғаныс арқылы жалпылама жүйеленеді ойлау
үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау. Яғни, мұғалім оқушыларын
ойлауға тұрақты түрде үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы сабақта үнемі қолдану
барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын,ғылымның маңызын
төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін,құнды ақпараттарды енжар
қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың
сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не
жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып
келсе, енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой
бөлісуге асығатын болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне
сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген
сауалнамаларға берген өз жауаптарымда жұмысты жоспарлау, жағдайға
бейімделу, нәтижені нақты бағалау сияқты қабылеттерді, табандылық, сынға
төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.
Қазақ тілі пәнінен 4 – сыныпта Зат есім тақырыбына байланысты үй
тапсырмасын тексеру барысында тақтаға сызба ілінді.
Сызба бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салып, соңында қорытынды
жасалды. Дауыссыз, дауысты дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем,
сөйлемнен мәтін құралады. Сөздер сөз таптарына бөлінеді. Сосын сөз таптарын
атап шықты. Соның ішінде өткен сабақ сабақ зат есім тақырыбы тақтаға
ілінді. Оқушылар берілген тақырып жөнінде оқығандарын, білетіндерін, өз
ойларын ортаға салды, бір – бірлерін сынады, толықтырды, теріс айтылған
пікірлер түзетілді, шалағай жауаптар мазмұны кеңейтілді. Нәтижеде ұжымдық
тұжырым, қорытынды жасалынды
ІІ тарау.Зат есімді оқытда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың
ерекшеліктері
2.1. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасы арқылы оқушылардың
құзіреттілігін қалыптастыру жолдары
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше
дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру - деп нақты көрсетілген [1].
Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты
мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей:
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси
өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жол-дауында [2]: Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз
керек. Оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін
бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет деп көрсетілген.
Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге
дайындығы негізгі алғышарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру
сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға
мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі
білім нәтижелерімен түсіндіріледі.
Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты
және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті
мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті,
отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжы-мындағы әлеуметтік ролін сезінетін
құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Жалпы құзіреттіліктің сипаты қандай екендігіне тоқталып өтсек, кейбір
сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға,
салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде
түсіндірме берілген. Ал, орыс тілінде құзіреттіліктің аудармасы
компетентность. Компетенция ешқан-дай білімге де, біліктілікке де келіп
тірелмейді. Кең ауқымды білімге ие, бірақ, оны қажет болған кезде іске
асыра алмайтын адамдарды кездестіруге болады. Компетентті болу деген
оқымысты немесе ғалым болу деген сөз емес. Компетенция адамның білімі мен
практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады
деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде [3].
Кейбір сөздіктерде құзіреттілік құзырлылық деп те қарастырылып, оған
төмендегідей анықтама берілген. Құзырлылық – адамның стандарттан тыс
жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзырлылықтың пәндік дағдыдан
айырмашылығы, жаңа тапсырманы шешуде бұрын сабақта қалыптаспаған дағды
пайда болады.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға
міндетті стандарты жобасында Құзіреттілік – оқушылардың іс-әрекетінің
әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет
дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды
тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік
тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағат-тандыру мақсатында
табысты іс-әрекетке дайындығы деп көрсетілген. Сонымен қатар,
құзыреттілікті тәсілге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық ойлау дағдысы
Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту
Сан есімді проблемалы технологиямен оқыту әдістемесі
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Сыни ойлау технологиясымен етістікті оқыту
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Мектепте қазақ тілін бастауыш сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшелігін қарастыру
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі
Пәндер