Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік жұмыс технологиясы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
АТ и СО

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік жұмыс технологиясы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І - ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік жұмыс технологиясының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ..5
1.2 Әлеуметтік жұмыс объектісі , субъектісі және қағидалары ... ... ... ... ..8
ІІ-ТАРАУ. Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көрсетілетін әлеуметтік көмек
технологиясы
2.1 Зорлық-зомбылық көрген әйелдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысының
барсы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Өркениетті әлемдегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтар ... ... ... .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Әйелдерге және қыздарға қатысты зорлық-зомбылық
көптеген түрге енді және бүкіл дүние жүзіне кең тарады. Ол зорлау,
тұрмыстық зорлық-зомбылық, жұмыстағы дәмешілдік, мектепте қаталдықпен
қарау, әйелдердің дене мүшелерін зағыптандыру және қақтығыстар кезіндегі
сексуалдық зорлық-зомбылықтар. Мұндай зорлық-зомбылықтарды басты түрде
еркектер жасайды. Осы құбылыстың мейлі ол дамып келе жатқан немесе дамыған
ел болсын жер-жерде таралуы біздің бәрімізді ашындырмай қоймайды. Зорлық-
зомбылық, ал көптеген жағдайда тек зорлық-зомбылық қаупі әйелдердің толық
тең құқыққа қол жеткізуіне ең бір маңызды кедергі болып табылады.
Әйелдер мен қыздар зорлық-зомбылықтан еркін жағдайда өмір сүруге
ажырағысыз және негіз қалаушы құқыққа ие. Бұл құқық адам құқығы және
гуманитарлық құқық саласындағы халықаралық стандарттарда жарияланған. Атап
айтқанда осы Бірлесе отырып әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жояйық
деген мен жария еткен науқанның негізіне салынды. Оны 2008 жылы жария еткен
сәттен бастап бұл науқан бүкіл дүниежүзіндегі үкіметтерді, азаматтық
секторды, корпоративтік секторды, спортшыларды, шығармашылық
қызметкерлерін, әйелдерді, еркектерді және жастарды оятты. Жоқ деп
айтамыз - Бірлесе отырып әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоямыз деген
қоғамды жұмылдыру платформасы шеңберінде бүкіл дүниежүзі бойынша: қарсылық
көрсету марштарынан бастап ақпараттық-түсіндіру науқанына дейін, заңнамалық
бастамаларды қолдаудан бастап көмек көрсетуге дейін 2 миллионнан астам іс-
шаралар тіркелді.
Біздің міндетіміз даусыз шыдамсыздық танытуға шақыруымызды бүкіл дүние
жүзі естуінде жатыр. Ол үшін біз қоғамның барлық жіктеріне, әсіресе
жастарға өтініш жасаймыз. Атап айтқанда, олар осындай тәсілдердің
жақтаушылары болуына қол жеткізе отырып еркектер мен ұлдарды тарту қажет.
Біз нағыз еркектің бейнесін таза қалпында қалыптастыруға ықпал етуіміз
керек. Жас адамдардың көбі бұрынғысынша ер адамның рөлі туралы ескірген
стереотиптік көрінісінің таралу жағдайында өсіп келе жатыр. Достарымен
немесе құрбыларымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес
тақырыбында байланыста, сондай-ақ осы құбылысты жою үшін шара қабылдау
арқылы жас адамдар мұндай үрім-бұтақтан қалыптасып келе жатқан қалыптасқан
тәртіптің орныққан үлгісін жоюға ықпал ете алады. Осы халықаралық күні мен
бүкіл дүние жүзі бойынша үкімет пен серіктестерге жастардың энергиясын,
идеяларын және бастамашылығын осы зорлық-зомбылық пандемиясына нүкте қоюға
бізге көмектесу үшін пайдалануға табанды үндеумен өтініш білдіремін. Тек
осындай жолмен ғана баз халықаралық деңгейде әділдіктің, бейбітшілік пен
теңдіктің салтанат құруына қол жеткізе аламыз.
Зерттеу мақсаты: Ел өміріндегі өзекті мәселелердің бірі –зорлық-
зомбылыққа қарсы күрес және зорлық-зомбылық көрген әйелдермен жүргізілетін
әлеуметтік жұмыстарды талдау және жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
✓ Зорлық-зомбылық көрген әйелдермен жұмыс істеудің мәні мен
мазмұнын ашу;
✓ Зорлық-зомбылық көрген әйелдермен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстардың ерекшеліктері туралы;
✓ Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көрсетілетін көмектер туралы
мағлұмат беру.
✓ Зерттеу құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І - ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік жұмыс технологиясының мәні мен мазмұны
Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттары жөнінде сөз еткенде ең алдымен
өзінің түбірімен ежелгілікте қалып отырған қайырымдылық қызметін көрсету
керек. Қайырымдылықтың қызметі болған тарихи формалардың бейнесі оның адам
мәдениетінің бөлінбейтін элементі болғанын, батыс, шығыс деп бөлінбегеніне
куәландырады. Қайырымдылық мұқтаж адамдарға көмек ретінде қазіргі таңда
қоғамдық бір бөлігіне айналды және де адам келешегін онсыз елестету мүмкін
емес. Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттарын қуатын мұқтаждарға көрсетілетін
мемлекеттік көмекке келетін болсақ, ол Батыс елдерінде буржуаздық қарым-
қатынастың түбегейлі бекінуіне әкелген өндірістік төңкеріс әсерінен белгілі
бір деңгейде ынталанған болатын.
Сондықтан да айтылған тарихи шарттар негізінде туындаған әлеуметтік
жұмыс батыс мәдениетінің танымына айналды.
Құрылымдық функционализм және әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына
белгілі әсер етіп, әлеуметтік жұмыс былайша қарастырылады.
- кең әлеуметтік жүйенің бөлігі, өзінің қызметі мен рөлі;
- кейбір мекемелердің іс-әрекетінің жүйесі, әлеуметтік іс-
әрекеттердің жиынтығы, әлеуметтік институт.
- ішкі құрылымдар жүйесінің сипаттамасы.
Әлеуметтік жұмыс ойлаудың әлеуметтік стилінің болуы және осы заманғы
тұрмыс компоненттері әлеуметтік негізгі білімге негізделген.
Әлеуметтік жұмыстың социологиясы түрлі әлеуметтік топтардың және
әлеуметтік институттар ретінде әлеуметтік жұмысты қоғам жүйесінде олардың
өмірлік күштерін қолдау.
Қорғалмағандық пен осалдық әсерлесуі түрлі кезеңдерді сипаттайды.
Қорғаусыздық – тәуекелге ұшырағыштыққа тәуекел ету: әлсізді, әл-ауқат
деңгейінің төмендеу мүмкіндігі осыдан шығады.
Әлеуметтік жұмыс жағдайында жанжалдар бірнеше деңгейде
қарастырылады.
1. Жанжал берік әлеуметтік теория ретінде - әлеуметтік
қызметкерлердің методологиялық база қызметі.
2. Жанжал орта деңгейдегі теория ретінде – ол әлеуметтік қызметкерге
жанжал теориясын өз әрекетінде қолданудың негізгі тәсілдерін әлеуметтік
қайшылықтарды шешуге қолданады.
3. Жанжал технологиясының санының алдын алу, болжау, шешу, басқару.
Әлеуметтік жұмысты қоғам өмірінің барлық саласындағы адамдардың
субъективті рөлінің жүзеге асуын тиімдету, өмір сүруді қамсыздандыру
үрдісін және тұлғаның, отбасының, әлеуметтік және басқада топтардың,
қоғам мүшелерінің іскерлік қабілеттерін дамыту мақсатындағы, адам
қызметінің өзге түрі ретінде қарастыруға болады.
Ең бастысы әлеуметтік жұмыс түрлі қызметтердің бірі ретінде
барлық адамдарды, әсіресе әлсіз топтарды қолдауға, қорғауға
бағытталған. Мұндай қызмет түрінің адамның пайда болуынан оның даму
кезеңдерінде өз орны болғаны анық.
Әлеуметтік жұмыс тек қана әлеуметтік әлсіз топтарға
әлеуметтік қолдау шараларын жүргізу ғана емес, сонымен қатар,
барлық халықпен әлеуметтік қорғау шараларын жүргізуге бағытталған.
Бұл кең мағынада әлеуметтік жұмыс бүкіл халықтың әрбір азаматына
тиісті.
Әлеуметтік жұмыс спектрі және халыққа әлеуметтік көмек көрсету,
өте алуан түрлі. Мысалы, қарт адамдарға және мүгедектерге азық-
түлік тағамдарын үйлеріне жеткізу, іс- шаралар ұйымдастыру, әр түрлі
бағыттағы күндізгі орталықтар ашу (сауықтыру, спорттық, ойын
түріндегі, ақыл-есі кем адамдарға, маскүнемдерге, нашақорларға
арналған және т.б.).
Халықты әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қорғау, жалпы әлеуметтік
жұмыс, қоғамның әлеуметтік дамуын, әлеуметтік және басқада топтар
қарым-қатынасын және де олардың тұрмыс жағдайын жөндеу мен
қажеттіліктерін қанағаттандыру сонымен қатар белсенді ету белгілі
бір бағыттағы мемлекеттің әлеуметтік саясатымен анықталады.
Әлеуметтік басқару қоғамдағы басқару түрлерінің бірі және оның
қызметі – қоғамдық өмірге қатынасушылардың әлеуметтік жағдайын реттеу,
қоғамдық қарым-қатынастардың субъекттілері ретінде дамуын
қамсыздандыру болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың девианттық мінез-
құлықтағы адамдарға, балаларға және қарттарға, әлсіз қорғалған
тұрғындарға қолданылатын спецификаны есепке ала отырып оны
ұйымдастыру үшін міндетті түрде әлеуметтік басқарудың мәнін,
механизмін және негізгі компоненттерін анықтап алу қажет.
Сонымен қоса ең маңызды түсініктер мен категориялар:
Әлеуметтік жұмыс- мәдени, әлеуметтік және материалдық жағынан
өмір деңгейін жақсарту, адамға, отбасына немесе топ мүшесіне
индивидуалды көмек көрсету, мақсатында азаматтарға мемлекеттік және
мемлекеттік емес жәрдемдесетін кәсіби қызметтің арнайы түрі.
Әлеуметтік қызмет - әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік, муниципалдық, жеке меншік және басқада органдардың,
мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдар жүйесі.
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік қызметкерлер және жеке
мамандардың әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік тұрмыстық,
әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық
қызмет, қиын өмір жағдайдағы азаматтардың әлеуметтік бейімделуімен
оңалтуларын жүзеге асыру қызметі.
Қиын өмір жағдайы – субъективті түрде Адам үшін қиын
қабылданатын және оның қалыпты өмір тіршілігін объективті түрде
бұзатын жағдай (мүгедектік, жасы келуіне, ауруына, жетімділігіне
байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмау, бақылаусыздық, аз
қамсыздану, жұмыссыздық, отбасындағы қатаң қатынастар және
келіспеушіліктер, жалғыздық және т.б.).
1.2 Әлеуметтік жұмыс объектісі , субъектісі және қағидалары
Ең біріншіден бұл компоненттердің логикалық қаралуын мынадай
дәйектермен белгілейміз: субъекттер өздерінің маңыздылығына қарамай, олар
белгілі бір шамада объекттерден туындайды. Шынымен де, әлеуметтік жұмыс
объектілері белгілі бір қоғамда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен
объективті түрде туныдайды және қалыптасады: субъектілер объективті
жағдайлар әсерінен туындағанымен де, олар саяси және басқа да әлеуметтік
институттармен қалыптасады, яғни қондырма болып табылады.
Әлеуметтік жұмыста объект пен субъектті түсіну үшін маңызды үш кезеңді
белгілейміз: олардың айырмашылығы; органикалық өзара әрекеті, байланысы;
олардың орын ауыстыруына мүмкінділігі.
Объектіні субъектіге, оның тәжірибелік және танымдылық қызметіне қарсы
тұрады деп түсіндіруге болады. Ол жай ғана объективті шындықтарға ұқсас
болып қана қоймайды – сонымен қатар субъектпен өзара әрекет ететін бөлігі
болып табылады.
Кең мағынада әлеуметтік жұмыс объектісі болып барлық адамдар табылады.
Бұл барлық халық топтары мен қабаттарының өміртіршілігінің белгілі бір
шамада қоғам дамуының деңгейінің әлеуметтік сала жағдайының, әлеуметтік
саясат мазмұны және оның жүзеге асу мүмкіндігінің алдын ала анықталу
бағыныштылығымен түсіндіріледі.
Әлеуметтік жұмыс туралы айтқанда, тағы бір жағдайды ескере кеткен жөн.
Жоғарыда айтылған қызметкерлер арасында негізінен әлеуметтік жұмысты
ұйымдастырумен айналысатындар бар (оларды ұйымдастырушылар немесе
басқарушылар деп атауға болады) және де кейбіреулері тек қана міндетті
түрде әлеуметтік көмек көрсетумен айналысады. Ал оларды дағдыланушы
әлеуметтік қызметкерлер деп атауға болады.
ІІ-ТАРАУ. ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРГЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Зорлық-зомбылық көрген әйелдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысының
барсы
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы өз жұмысын ұйымдастыруда
қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелермен өзара
үйлесімді жұмыс жасайды. Сондай-ақ, әйелдер ісі және отбасы – демографиялық
саясаты жөніндегі комиссиямен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Заң төңірегінде айтар болсақ Қазақстан Республикасы конституциясының
14 бабында заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтындығы айқын
көрсетілген.
Жасыратыны жоқ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нәзік жандарымыз көбірек
ұшырайды. Әйелдерге қатысты кемсітуді жою мақсатында 2009 жылы 4
желтоқсанда "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заң мемлекеттік органдарын,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан
Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
жөніндегі қызметінің құқық-тық, экономикалық, әлеуметтік және
ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасы 1998 жылы 29 маусымда әйелдерге байланысты
кемсітудің барлық түрін жою жөнінде БҰҰ конвенциясына қосылып, "Әйелдердің
саяси құқықтары туралы", "Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы"
конвенцияларды бекітті. ҚР Президенті әкімшілігі жанынан "Әйелдер және
отбасы істері" жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, мемлекет басшысының
тікелей нұсқауымен 1999 жылы 19 ақпанда ҚР ішкі істер Министрлігінде
әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше жасақталды. Оның
негізгі мақсаты – әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын,
заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау, әйелдерге қатысты
зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолдарын кесу болып табылады.
ҚР Президентінің жарлығымен бекітіл-ген 2006-2016 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасындағы "Гендерлік тең-дік стратегиясы" қолданыста. Бұл
құжатта отбасылы әйелдердің мәртебесін көтеруге байланысты көптеген
мәселелер қарас-тырылған, оның жеке тарауы қоғамдық зорлық-зомбылықты
болдырмауға арналған.
ҚР Статистика агенттігінің "Қазақстан әйелдері мен ерлері" атты
статистикалық жинағында берілген деректер бойынша елімізге әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде кризистік 20 орталық жұмыс
істейді. Алынған деректер зорлық-зомбылыққа қарсы 40 жасқа дейінгі әйелдер
ұшырайтынын көрсетіп отыр. Алайда, түпкі мақсат отбасын араздастыру,
жанжалдастыру емес, керісінше отбасы шеңберіндегі орын алған құқық
бұзушылықтың қайталануына жол бермеу. Осындай оңтайлы жұмыстардың нәтиже-
сінде, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғалардың көрсеткіш деңгейі
өткен жылдармен салыстырғанда көбейгендігін статистика көрсетіп отыр. Бұған
себеп "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" қабылданған заңның
күшіне еніп, әйелдердің өздерінің ар-намыстарын қорғау үшін тікелей құқық
қорғау органдарына арыздану арқылы жүзеге асырылуы негіз.
Қазіргідей дамыған заманда тіршілік тірегі – әйел теңдігін,
табиғатынан қамқорлықты қажет ететін нәзік жандардың құқығын қорғау қай
қоғамда болсын басты мәселе саналады. Соған қарамастан әйелдер қауымының 40-
60 пайызы отбасында, сонымен қатар кездойсоқ жағдайдағы озбырлыққа
ұшырайды. Мысалы, 2013 жылдың 3 ай ішінде ғана әйелдерге қатысты әр түрлі
101 қылмыс жасалып, оның 18-не қылмыстық іс қозғалған болса, 76 рет
әйелдердің әкімшілік құқығы бұзылған. Сондай-ақ, әйелдерді зорлық-
зомбылықтан қорғау тобына көмек сұрап келгендердің саны – 18, оның ішінде
заңды некедегі немесе азаматтық некедегі күйеуінен зардап шеккендер – 10,
бұрын-ғы күйеуінен немесе өзінің жақын адамдарынан зардап шеккендер – 2,
алаяқтықтан – 1, пәтер мәселесі, тұрмыс қиыншылығы бойынша – 1, алимент
өндіріп алу мәселесі бойынша – 3, жұмыс орнында басшылық тарапынан зәбір
көргендер – 1. Көмек сұрап келгендердің барлығымен дерлік алдын алу сақтық
шаралары бойынша әңгімелер жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.
Түрлі қылмыстардың алдын алу және жолын кесу үшін ең алдымен оның
шығуының себептерін анықтау қажет. Осы тұрғыда ғалымдар тарапынан
зерттеліп, зерделенген ақпаратқа сүйенсек, басты себеп болатын күрделі
жәйттер азаматтардың жұмыссыздығының салдарынан туындаған отбасының тұрмыс
жағдайының ауырлығы, маскүнемдік және нашақорлық жағдайлар. Сараптама
қорытындысына қарағанда әйелдерге қарсы жасалған қылмыстардың болуына
басты себеп отбасындағы жанжал, тұрмыс келеңсіздігі, ер азаматтардың
ішімдікке әуестігі, бір-бірін жек көрушілік, зәбір көрушіні адамсынбау —
кемсіту, күш және қоқан-лоқы көрсету, әйел азаматшалардың ер адам алдында
дәрменсіздігі, күн көріс қиындығы, т.б. Осылармен қоса тағы бір негізгі
себеп зардап шегуші әйелдің сезіктімен бірге спирттік ішімдік ішуі, өзін
кез-келген ортада еркін және ашық ұстауы себеп болады.
Әйелдерге қарсы жасалатын қылмыстардың басты себептері: сезіктімен
зәбір көрушінің бірігіп спиртті ішімдікті асыра ішуі, маскүнемдік әсерінен
өзара ұрыс-керіс, жанжалдың шығуы, тұрмыс қиыншылықтарын дұрыс түсініп
бірігіп шешім табу жолын білмеу, ер мен әйел адамдар арасындағы бірін-бірі
жек көрушілік сезімінің басым болуы, сезіктінің әйел затына айуандық
көзқарасы, моральдық және өзімшілдік сезімінің жоғары болуы, зәбір
көрушінің сезіктіге заттай тәуелді болуы, әйелдердің өз құқығын дұрыс
білмеуі, сақтық шараларына мән бермеулері, зәбір көруші әйел адамдардың
тұрмыс тіршілігінің төмен болуы, жоғары және орта оқу орындарында,
мектептерде мұғалімдер тарапынан, отбасында ата-аналар тарапынан сақтық
шараларына дұрыс көңіл бөлмеуі, балаларға тәрбие беруде салғырттықтары да
басты себеп болып саналады.
Барлық жасалған қылмыстарға талдау жасалғанда тағы бір анықталғаны
алаяқтардың алдауына орта жастағы әйелдер, ал бұзақылық пен зорлыққа, әр
түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып зәбір көрушілікке жас қыздар мен
келіншектер ұшырайды. Күн сайын дерлік әр түрлі дәрежедегі денсаулыққа зиян
келтіру оқиғалары болып тұрады. Бұл қылмыстың түрі негізінен тұрмысы
нашар, заңсыз бірге тұратын ер мен әйел адамдар арасында, спиртті ішімдікті
асыра ішетін отбасы орталарында болады. Тура осы жағдайлар жанұя
мүшелерінің айрылысуына, оларды ата-ана құқығынан айыруға, сәтсіз жан-
ұялардың көбеюіне, балалар мен жасөспірімдер қылмыстарының өрбуіне әкеп
соғады.
Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлмей, баланың бос
уа-қытын қайда және кіммен өткізетінін, өзін бөтен адамдармен, таныс емес
ортада қалай ұстау керектігі жөнінде алдын-алу, сақтық шаралары туралы
әңгіме өткізбейді. Міне, ата-ананың осындай салғырттығы әр түрлі дәрежедегі
қылмыстың жасалуына әкеп соғады.
Осы бағытта: "Зорлық-зомбылықсыз отбасы", "Сіз қорғалуға құқылысыз",
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы" жедел алдын алу шаралары өтті. Аталған
іс-шаралар барысында тұрғын үйлерді аралап, халықпен кездескенде ІІБ
қызметкерлері ата-аналармен өз балаларын тәрбиелеудегі өздеріне жүктелген
жауапкершілікпен міндеттері туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың балаларға
кері әсерін тигізетін-дігі, ауыр дене жарақатын келтірген үшін тартылатын
жауапкершілік және басқа да қылмыс түрлерінің жауапкершілігі туралы
әңгімелер жүргізілді. ӘЗЗҚ тобының қызметкерлері әйелдерге қатысты зорлық-
зомбылықтарды ескерту, жолын кесу мақсатында тұрғындармен соның ішінде жас-
өспірімдермен бір жыныстың басқа жынысқа әлімжеттік көрсетпеуі үшін
олардың санасындағы кереғар пікірлерді қалыптастырмау мақсатында ақпаратты
тәрбиелік білім беру жұмыстарын жүргізді.
Барлық мекемелердің еңбек ұжымдарымен, оқу орындарының студенттерімен,
сонымен қатар мектеп оқушыларымен және интернатта тәрбиеленуші балалармен
кездесулер өткізіліп, барлық жерде әр түрлі тақырыптарда лекциялар оқылып,
кейбір еңбек ұжымдарымен дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Әйелдерге қатысты жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды
болдырмай, ескерту, алдын алу мақсатында, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық
жасауға бейімді адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға
бағытталған жүйені қалыптастыру және әйелдердің өздерінің құқықтық білімін
арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты сауаттандыру үшін,
сонымен қатар жедел ахуалды жақсарту мақсатында, ІІО қызметтерінің, білім
және денсаулық сақтау өкілдерінің, әйелдер ісі және отбасы демографиялық
саясаты жөніндегі комиссияның, ҮЕҰ-дың сондай-ақ басқа да әйелдердің
құқығын қорғауға мүдделі органдардың қатысуымен қала аумағында "Әйел –
отбасының тірегі және мемлекеттің тірегі" атты республикалық ақпараттық-
насихаттау акциясы өткізілді. Аталған іс-шара барысында да тұрғын үйлерді
аралап, халықпен кездесіп жоғарыда айтып өткеніміздей түсіндіру шаралары
жүргізілді.
2.2 Өркениетті әлемдегі әйелдерге қатысты
зорлық-зомбылықтар
Бүгін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күресетін халықаралық
күн. 1960-шы жылдың 25-ші қарашасында Доминикан республикасының апалы-
сіңлілі Мирабал Патрисия, Минерва және Мария Тереза диктатуралық үкімет
күштерінің зорлық-зомбылығынан дене түршіктірерлік жағдайда қаза болды. Бұл
үш апалы-сіңіліліге Доминиканның билік басындағы режиміне қарсы саяси
жұмыстарға қатысты деген айып тағылды. 1999-шы жылы адам мен әйелдер
құқығын қорғайтын ұйымдар мен белсенділердің талабымен БҰҰ 25-ші қарашаны
әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күресетін халықаралық күн деп
жариялады. Сол жылдан бастап осы күн жыл сайын аталып өтіп, дүниежүзінің
кейбір ұйымдары мен елдері әртүрлі шаралар қолданып, әлем бойынша әйелдерге
қарсы зорлық-зомбылық пен жәбірлеуді тоқтатуға талпыныстар жасауда.
Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық деген түсінік әйелдерге қарсы барлық
зорлық-зомбылықтарды сипаттау үшін қолданылады. БҰҰ Бас ассамблеясы
әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық деп әйелдерге физикалық, жыныстық немесе
психикалық зардап келтіретін барлық зорлық-зомбылықты атайды. Әйелдерге
қарсы зорлық-зомбылықпен күресу туралы уәждерге қарамастан, осы күні әлем
бойында оларға қарсы нәтижесіз шаралар жалғасуда. БҰҰ басшылары, атап
айтқанда Бас хатшысы Пан Ги Мун әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-
зомбылықты жоюға байланысты сөз бен амал арасындағы қашықтықты сынады. Осы
кезде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық дүниежүзінің барлық жерінде
таралған, барлық қоғамда кездесетін жағдай. Әлемнің әртүрлі елдерінде
әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың неше түрі, атап айтқанда тұрмыстық
зорлық-зомбылық, жыныстық құлдық, балағаттау, соғыс пен жүйелі түрде орын
алып отырған шабуылдардан туындаған зорлық, саяси және басқа да зорлық-
зомбылықтар орын алуда. Бүгін Батыс елдері, әсіресе Америкада әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылықтың түр-түрі байқалады. Америка үкіметі әрқашан
өзіне қарсы үкіметтерді әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты таратумен
айыптайды. Алайда америкалық ұйымдардың мәлімдемелері әйелге қарсы зорлық-
зомбылықтың өзінің түрлі штаттарында көп кездесетінін көрсетеді. Әйелдерге
қарсы зорлық-зомбылықтың ең жаман түрі, атап айтқанда жыныстық шабуыл мен
ахлақтық бұзақылық АҚШ-та жиі кездеседі. Американың Санта-Барбарасындағы
зорлық-зомбылық дағдарысымен күресу орталығы өз мәлімдемесінде: Әр минут
сайын 1, 3 америкалық әйел зорлық-зомбылыққа душар болады. Олардың барлығы
дөрекілік, - деп жазды. Америкалық Жәбірлеу, қорлау және заңсыз
байланыстарды зерттейтін ұлттық арна ұйымы да жыныстық зорлықшылардың
тіпті бір күнге де абақтыға түспейтіндері туралы айтты. Шын мәнінде Америка
үкіметі жәбірлеушілерге қауіпсіз жағдай тудырып, мұндай қылмыскерлерді
қудалану мен жазаланудан босатты. Еуроодақ барлық материалдық дамуларына
қарамастан әйелдерді қоғамдық зардаптардан қорғай алмайды. Еуропалық
жанұяларда жыныстық және психологиялық зардап шегетін әйелдер саны
алаңдатарлықтай мөлшерге жетті. Еуроодақтың мәліметінше, жанұяға байланысты
заңдардың күшеюіне қарамастан аталмыш одақ деңгейінде әйелдерге қатысты
зорлық-зомбылық өрістеуде. Ұлыбританияда шамамен әр минут сайын әйел
полициямен хабарласып, жанұя ортасындағы зорлық-зомбылыққа кезігіп, қатерге
тірелгенін хабарлайды. Басқа еуропалық елдердің әйелдері де отбасындағы
зорлық-зомбылыққа шырмалған. Кейбір еуропалық елдерде, атап айтқанда
Швеция, Германия, Франция, Испания, Бельгия, Португалия, Голландия, Грекия
және Сербияда әйелдерге қатысты күш-көрсету және дөрекілік көбейді.
Мәселен, Италияда әр үш күнде бір әйел өлтірледі, Сербияда орын алып
отырған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың 82 пайызы үйде, басқа
мекендерде қару немесе пышақ пайдалану арқылы жасалады. Кейбір мәліметтер
бойынша, Үндістанның тұрмыс құрған әйелдерінің жартысынан көбі ұрып-соғу
сынды зорлық-зомбылықты басынан өткізген. Басқа зерттеулер осы әйелдердің
30 пайызының жыныстық зорлық-зомбылыққа түсетінін көрсетеді. Жанұядағы
зорлық-зомбылықтармен күресін күшейткен Әлемдік Денсаулық ұйымының
мәлімдемесі бойынша, ерлердің әйелдеріне көрсететін зорлық-зомбылығы мен
сексуалдық зорлық-зомбылық әйелдерге қарсы кең таралған зорлық-
зомбылықтардың қатарына жатады. Мәселен, Әлемдік Денсаулық ұйымының соңғы
мәліметінше, Эфиопияда жанұядағы зорлық-зомбылық 71 пайыздан артады. Уақыт
өте зорлық-зомбылықты басынан өткерген әйелдер абыржу, тәбеттің бұзылуы,
күйзеліс және басқа да қиындықтарға тіреледі. Қытайда жанұялық зорлық-
зомбылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы әйелдердің көрген зомбылықтарының психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесінің әлеуметтік аспектілері (салыстырмалы талдау)
Қазақстандағы зорлық зомбылық
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық
Баспанада болу ережелері
Мәселенің актуальдігіне қарамастан, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Біз тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы не білеміз?
Тұрмыстық зорлық – зомбылықты құқықтық қорғау мәселері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ЗОРЛЫҚЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ
Пәндер