ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР ДӘСТҮРІ


КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Хат - көне заманнан бері адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі болған. Ел билеушілері арасында жазылған хаттардан, тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та түсінікті. Хаттарды жекелеген адамдар да жиі жазатыны белгілі. Әйгілі адамдардың жазған хаттары, олардың өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын нақты құжат болмақ. Ағайын-туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар, олардың ұрпақтары үшін асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз ұшыраспайды. Мұндай хаттарда, жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін көңіл-сырларын білдіретіні, сол кездегі өмір мен өмір-тірліктерін сипаттайтынын ұғыну қиын емес. Осы тұрғыдан қарастырғанда хаттар дегеніміз, зерттеуге лайық өз алдына бір жанр (эпистолярлық) деп тұжырымдауға да болады. Бұлай дейтініміз жазысқан хаттары арқылы әйгілі адамдардың ішкі жан-дүниесін, болмыс-бітімін, оның нақты тұлғасын тереңірек білуге хаттардың көмегі зор болмақ. Өйткені, олардың айтылмаған сырлары, ашылмаған құпиясы хат жолдарында өрнектеліп, олардың адам ретінде қандай болғанын, шынайы мақсаты мен мүддесі, ойы мен арманы, күйініші мен сүйініші, өкініші, өмірге, саясатқа деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла айтылады. Мұны ешқандай естеліктерде, әдеби шығармаларда, не болмаса мақалаларда қамтылмайтын, шынайы ақиқатты көрсететін нақты құжат деп тануға болады. Демек, хат дегеніміз нақты шындықты бұлтартпай көрсететін құжат. Осы тұрғыдан қарастырсақ, хатты өз алдына жеке жанр (эпистолярлы) деп зерделегеніміз жөн болар. Көптеген ғалымдар хатты «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр. «Эпистолярия» сөзі гректің «эріstole», яғни «хат» деген мағынадан шыққан ұғымды білдіреді. «Эпистолярлық» - «хатқа тән»; «хат түрінде жазылған»; «хаттан тұратын» деген ұғымдарды береді. Эпистолярлық жанрды кең мағынасында алғанда ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың хат арқылы жауаптасуын айтамыз. Әдеби шығармаларда өлеңмен хат жазысып хабарласу да дәстүрге айналған. Бұл дәстүр әдебиетте берік қалыптасып, хат өлеңдер деп аталған. Әдеби шығармаларда өлеңмен хат жазысып хабарласу дәстүрге айналғандығын сонау X-XIV ғасырлардан басталғандығын көре аламыз. Сонда, Алтын орда дәуірінде біздің зерттеу объектіміздің дәуірі X-XIV ғасырларға сыйяды. Осы ғасырда да эпистолярлық жанрдың дамып, өркендегенін көзімізді жеткіземіз. Сонымен қатар, осы хаттар арқылы сол дәуірдің тұрмыс- тіршілігімен, мәдениетімен, тілімен таныса аламыз. Яғни, X-XIV ғасыр әдебиетіне саяхатқа сапар шеге аламыз, бұл саяхат эпистолярлық жанрдың арқасында болмақ. Зерттеудің нысанына айналып отырған эпистолярлық жанры, соның ішінде X-XIV ғасыр әдебиетіндегі жәдігерлерді оқып зерттеу - ерекше маңызы бар өзекті мәселе.
Диплом жұмысының нысаны. X-XIV ғасырдағы әдебиетіндегі эпистолярлық жанрдың негізгі көрінісін - Алтын Орда дәуір хандарының жазған хаттарымен, Алтын Орда дәуірінде жазылған көне дәуiрдегi жазба ескерткiштердiң iшiндегi ең iрi әрi мәндi, қызғылықты дастан - «Мұхаббат-наме» дастаны негізгі нысаны болып табылады. Сонымен қатар, қазақ әдебиетіндегі классик жазушыларымен ұлт зиялыларының жазған хаттарына шолу жасап, әлемге танымал тұлғалардың жазған хаттарының тәрбиелік мәнін ашу.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - Алтын Орда дәуірінде жазылған хандардың хаттарын саралай отырып, сол дәуірдегі жазылған, эпистолярлық жанрдың тамаша көрінісі - Хорезмидің «Мұхаббат-наме» дастанын талдау. Алға қойған мақсатымызға байланысты мынадай міндеттер туындады:
- Эпистолярлық жанр туралы зерттеушілердің пікірлерін саралау;
- Алтын Орда хандарының хаттарының ерекшеліктеріне назар аудару;
- «Мұхаббат-нама» дастанның тарихына үңілу;
- «Мұхаббат-нама» дастанын эпистолярлық жанрдың белгілерімен салыстыру, ұқсастықтары мен ерекшеліктер, көркемдік жағынан талдау;
- Әлемге танымал тұлғалардың жазған хаттарынан тәрбиелік мәніне назар аудару;
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. X-XIV ғасырда жазылған хаттарды, сонымен қатар өлең түріндегі хаттар жан - жақты сипатталды. Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты талданған нақтылы мысалдар реттелініп, белгілі әдістер бойынша жеке сұрыпталды. Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Жұмыста көркемдік ерекшелікті талдау әдісі, сауалнама нәтижесінде пайыздық көрсеткіш қолданылып, сонымен бірге түрлі мәселелерді анықтау үшін тарихи зерттеуге қосымша ретінде салыстырмалы тарихи әдіс пен сипаттамалы әдіс те пайдаланылған.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні: Тарихымызды зерттеу үшін белгілі бір фактіге жүгінеміз, сол фактіден тұратын тарихтың беттерін - хаттардан көре аламыз. Сондықтан да, тарихи оқиғаларды нақты зерттеу үшін эпистолярлық жанрға сүйенеміз, өйткені адресант пен адресаттың алысқан хаттарынан, жазысқан мәселелерінен, жазған хаттың мерзімінен тарихқа бір табан жақын боламыз. Қазіргі таңда, ұялы телефон мен ғаламтор келгелі хат жазуды да ұмытып қалдық. Соның салдарынан бүгінгінің адамдары ойларын сауатты жеткізуден қалып барады. Ал негізінде хат жазудың өзі өнер. Сондықтан, оқушылардың жазу сауатын, ойын жеткізу дәрежесін көтеру үшін хатты мектептен бастап дұрыс жазып үйрету керек. Эпистолярлық жанрды әдебиет пәніне бір тарау ретінде оқу бағдарламасына енгізіп, қазақ классиктерінің және ұлт зиялыларының хаттарын оқытып, тәрбиелеуге болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспе мен қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады
I ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР ДӘСТҮРІ
1. 1. Қазақ әдебиетінде эпистолярлық жанр дәстүрінің пайда болуы, қалыптасуы және даму үдерісі
Хат - адамдар арасын жалғастыратын байланыс құралы. Оның ғылым тілімен айтқанда паблик рилейшиздің (қоғаммен байланыс) бір тармағының рөлін атқаратындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Хаттың жанрлық сипатына келер болсақ, оның эпистолярлық жанрдың бастау көзі екендігі дәлелденген. Ал хаттың тек қана қара сөзбен емес, өлең түрінде де, аралас жазылатындығын ескерсек, оның өзіне ғана тән ерекшелігі болатындылығы да - заңдылық. Хаттың қара сөзбен жазылатын түрінен бөлек өлең түріндегі нұсқалары да ежелден (алғашқы грек оқымыстылары, шығыс шайырларының хаттары, т. б. мен халықтық көне жазбалар (Орхон-Енисей, Тоныкөк, Күлтегін, т. б. ) ) қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді шешуде зор рөл атқаратындығы белгілі. Ел билеушілері арасында жазылған хаттардан, тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та түсінікті. Хаттарды жекелеген адамдар да жиі жазады. Әйгілі aдамдардың жазған хаттары, олардың өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын нақты құжат болмақ. Ағайын-туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар, олардың ұрпақтары үшін асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз ұшыраспайды. Мұндай хаттарда, жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін көңіл-сырларын білдіретіні, сол кездегі өмір мен өмір-тірліктерін сипаттайтынын ұғыну қиын емес. Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданнан ата-анасына, туыстарына жауынгерлер жиі хат жолдайтын еді. Мұндай хаттардың кейінгі кезде құнды дүниеге айналғаны да мәлім. 1980-90 жылдары «Мaйданнан жазылған хаттар» деген жауынгерлердің жазған хаттары кітап болып шыққаны осының айқын дәлелі болса керек. Сондай-ақ, қыз-жігіттер арасында жазылған ғашықтық сезімдерін білдіретін хаттардан, олардың таным-түсінігін, ой-өрісін, тіл байлығын білеміз. Тіпті, ақындардың кейбір өлең-жырлары хат ретінде жазылған. Ал, әйгілі адамдардың бір-біріне жолдаған хаттарында ауызша айтыла бермейтін көңіл сырларын ашып айтатын көрінеді. Осындай хаттарды оқып отырғанда әдеби шығармаларда, естеліктерде, баспасөзде жарияланған мақалаларда айтуға болмайтындай құпиялы жәйттердің өзін, хат арқылы білдіретінін аңғару қиын емес. Осы тұрғыдан қарастырғанда хаттар дегеніміз, зерттеуге лайық өз алдына бір жанр (эпистолярлық) деп тұжырауға да болады. Бұлай дейтініміз жазысқан хаттары арқылы әйгілі адамдардың ішкі жан-дүниесін, болмыс-бітімін, оның нақты тұлғасын тереңірек білуге хаттардың көмегі зор болмақ. Өйткені, олардың айтылмаған сырлары, ашылмаған құпиясы хат жолдарында өрнектеліп, олардың адам ретінде қандай болғанын, шынайы мақсаты мен мүддесі, ойы мен арманы, күйініші мен сүйініші, өкініші, өмірге, саясатқа деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла айтылады. Мұны ешқандай естеліктерде, әдеби шығармаларда, не болмаса мақалаларда қамтылмайтын, шынайы ақиқатты көрсететін нақты құжат деп тануға болады. Демек, хат дегеніміз, нақты шындықты бұлтартпай көрсететін құжат . Осы тұрғыдан қарастырсақ, хатты өз алдына жеке жанр (эпистолярлы) деп зерделегеніміз жөн болар. Сөздіктер мен энциклопедияларға көз жүгіртетін болсақ, «эпистолярлық» деген сөздің мағынасын «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде»: «эпистолярлық» сын. әдеб. хат түрінде жазылған шығармаларға, сондай-ақ әдеби мұраға айналған хаттарға қатысты деген мағына береді[1, 794] . Ал, «әдебиеттану терминдер сөздігінде»: «Эпистолярлық әдебиет»: хат түрінде жазылған көркем шығармалар. Хат өлеңдермен қатар, көлемді прозалық шығармалар да (поветь, роман) негізінен хат түрінде жазылатын болады. Кейде көркем шығармада кейіпкерлердің өзара жазысқан хаттарына үлкен орын беріледі. Бұл үлгіні қолдану шығармада адамның көңіл-күйін, ішкі сезім толғанысын тереңірек ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Эпистолярлық әдебиетке кең мағынасында алғанда жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың хаттарын да жатқызамыз. Жазушылардың сақталып бүгінге жеткен хаттарын зерттеудің әдебиет тарихын тануға септігі зор[2, 375-377] . Ал Қазақ Совет энциклопедиясында «эпистоляр» сөзіне мынандай анықтама беріледі. «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография (грекше жолдау, үндеу) - сан алуан хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады» деген түсінік беріледі [3, 453] . Орыс тіл білімінде «Функционалдық және құрылымдық белгілері бар кез-келген мәтінді эпистолярлық» деп тұжырымдаған ғалымдардың пікірлерін кездестіреміз[4, 16] . Мәселен, Н. М. Кожина эпистолярлық стильге мынадай сипаттама берген: «Эпистолярный стиль - это исторически сложившаяся разновидность письменной речи, в которой используется несколько моделей структурной организации корреспонденции между учасниками общения, в том числе - письма и послания. Каждый стиль - это модель коммуникации, блогадаря которой информация не просто передается как высказывание сообщение источника речи, направленное к ее получателю; этот процесс является гораздо большей сложностью. Так, информирование в том или ином стиле характеризуется тем что осуществляется наилучшим для данной ситуации общения образом: выразительно, экспрессивно, в соответствии с целями и задачами общения, т. е. при помощи релевантных языковых средств»[5, 56] . Эпистолярлық деп хат белгілеріне тән және оның бейнелеуі үшін шынайы эпистолярлық коммуникация қызметіне және құрылымдарына ие әртүрлі мәтіндерді айтамыз. Эпистолярлық қызмет жеке коммуникативті актіге (хатқа), сол сияқты тұтас интеракция (әртүрлі хаттар жиынтығы) үшін спецификалық композициялық - тілдік форма құрастыратын тілдік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Бұл мәтіннің макроқұрылымы деңгейін құрайтын немесе мәтіннің микроқұрылымы деңгейін құрамайтын форма түрінде қолданылады. Эпистолярлық коммуникативтік жағдай - бұл уақытша-кеңістікте ажыратылған нақты қатысушылар арасындағы тілдесудің, сөйлесудің жазба түрі арқылы жеке тұлғалардың көп аспектілі әрекеттестіктігін жүзеге асыратын және адресат пен адресант арасындағы тұрақты емес ассимметриялық қызметпен сипатталатын тілдік коммуникация түрі болып табылады. Эпистолярлық коммуникация жалпы түрге тән коммуникацияға қосу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, почта қызметі типін алатын болсақ, почта қарым-қатынас құралы түрінде емес, жеткізу объектісі ретінде болады. Осы мақсатта хаттың ерекше сыртқы «кеңістік» аясы - конверт болып табылады. Ол хатты қорғаушы қызметін атқарады: эпистолярлық коммуникацияға қатысы жоқ адамдардан бөледі немесе олардың қол жеткізуінен қорғайды. Осылайша конверт, тыңдаушының екі тобына арналып бағытталған жанама тілдік акт ретінде қызмет атқарады. Эпистолярлық коммуникацияның нақты мазмұны оған қатысушылардың мәдени-әлеуметтік деңгейі мен қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Осы негізде тұрақты тілдік құрылымдардың типтері, тілдік, сөйлеу жанрлары қалыптасады. Эпистолярлық коммуникация нысанының спецификасы хат мәтінінің түрлілігі мен өрнектілігінен, сол сияқты объект тілінің оның субъектісіне жақындығынан байқалады. Эпистолярлық интеракция үшін коммуникативтік қызметінің жиілік, сирек белгілері тән. Эпистолярлық коммуникативтік жағдайдан туындайтын эпистолярлық жанрлардан тек әдеби коммуникация саласында қызмет ететін жанрларды айыруға (эпистолярлық сатиралық журнал, эпистолярлық саяхат, эпистолярлық повесть, жолдау және т. б. ) болады. Эпистолография (грек - жолдау) - «хат» немесе «жолдау» түрлері қолданылатын шығармалардың тектері мен түрлері болып табылады. Олар тұрмыстық хат алмасулар негізінде дамыды, хаттар айналымын әңгіме түрінде баяндалатын нысанға айналдырып, «хатты» шығармашылық шарттылықтардың негізгі заңдарына бағындырды. Сондай-ақ, эпистолярлық әдебиетке тарихи-мәдени маңызы бар көрнекті қайраткерлердің хаттары енеді. Эпистолярлық стиль жөнінде, Аристотельдің айтуынша, авторға «өз қалпында қалуына» мүмкіндік береді. Олар - қоғамда таралған сыр білдіру хаттары, жолдау хаттары. «Хаттар» құжаттық әдебиетке жатады, сонымен қатар «деректілік» әсерін пайдаланатын тікелей куәліктер, хабарлаулар болып табылады және осыған байланысты аса бір сендірушілік қасиетке ие болады. Ғалым Ю. С. Степановтың пікірі бойынша эпистолярлық жанр мен стиль шегінде түрлі жанрлар мен стильдер көрініс табады. Жанр деген түсінікке тоқталсақ, «жанр - өте айқын композициялық құрылым», «жанр- композициялық бірлік», «жанр - мәтіннің біртұтас жүйелі құрылымдық ұйымдасуы» [6, 247] . Бұл анықтамаларға сүйенсек, түрлі хат топтарын олардың композициялық құрылымы ортақ принципке біріктіреді, жанр ретінде қарауға мүмкіндік береді. Эпистолярлық жанрды кең мағынасында алғанда ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың хат арқылы жауаптасуын айтамыз. Әдеби шығармаларда өлеңмен хат жазысып хабарласу да дәстүрге айналған. Бұл дәстүр әдебиетте берік қалыптасып, хат өлеңдер деп аталған. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Сыр бойында өмір сүрген ақындар да хат арқылы поэзияда өз өлең кестесін жасаған. Олар бір-бірімен хат арқылы хабарласқан және қыз бен жігіт арасындағы әзіл-қалжыңға құрылған хаттар мен жазба айтысында хат өлеңдерді дәстүрге айналдырған. Деректі-зерттемелік жанрлар тобына жататын хат түрлері туралы ғылыми тұжырымдар да жасалған. Мәселен, академик М. Қаратаев:«Жанр проблемаларына байланысты мәселелерді ғылыми жолмен шешудің басты бір шарты әрбір жанрдың тарихы мен табиғатын жан-жақты зерттеп, әрқайсысының нақты шығармаға байланысты эстетикалық мүмкіндігін анықтау керек екендігін айтқан. Жанр - тарихи категория. Сондықтан ол барлық заманда бірдей бола бермейді. Заман талабына сай өзгеріп, жаңарып отыратын құбылыс. Шығарманы белгілі бір жанрға жатқызудың бірінші сипаты - оның қай текке қатысты екендігі болса, екінші сипаты - қандай сарынмен жазылғандығы, ал үшінші сипаты - қандай көлемде, қалай құрылғандығы деуге болады», - деп жазған еді[7, 272] . Көркем әдебиеттің жанрына байланысты айтылған бұл байламның тұжырымы: әр жанрдың тарихы бар, ол уақыт пен кеңістік, қоғамдық ортамен, көркемдік талғаммен астарласып жатады. Оған қоса, кез келген шығарманың белгілі бір жанрда жазылатындығын ескерсек, хат өлеңдер де әдеби жанрдың бір түріне лайықталған. Эпистолярлық хат өлеңдер тарихы өте ертеден бастау алған. Алғашқы қоғамның өзінде адамдар бір-бірін түсінісіп, хабар алмасу үшін, мәселен, аң аулауға бара жатса тасқа садақтың суретін салған яғни түрлі суреттер арқылы байланыс жасаған. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштеріндегі жазбаларда да хат үлгілері байқалады. Зерттеуші ғалым Б. Жақыптың айтуы бойынша:«Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп тараған ертедегі көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы - ресми сипаттағы қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне, дәл осындай жолдардан кейін публицстикалық эпистолографияның алғашқы көріністері туды», - деп жазады[8, 486] . Ғалымдардың эпистолярлық жанр мәселесі жайында айтылған пікірлері және оның маңыздылығы турасында әлі де айтылар, қаузар тақырыптар баршылық. Бұл, әрине алдағы күннің еншісіндегі жұмыс.
Хат жанрына бүгінгі күннің көзқарасымен қарастыру осы тарауда белен алмақшы. Сондықтан да, бірінші кезекте хат жазу үрдісі осы уақытқа дейін сақталып келгендіктен, қазіргі қоғам X-XIV ғасыр тіптен XVIII-XX ғасырдан да бөлек екендігін мойындай отырып, бүгінгі күннің XXI ғасырдағы қоғаммен санасамыз. XXI ғасырдың қоғамы хат туралы не айта алады екен? Кішігірім сауалнама арқылы осы сұраққа жауап іздеп көрсек : (1 сурет)
Халыққа төмендегідей 5 сұрақ қойылды, сауалнамаға 10 адам қатысты: Бірінші сұрақ : Хат жазу керек пе? Екінші сұрақ:Хатты жиі жазасыз ба? Үшінші сұрақ:Хатты қандай түрде жазған қолайлы? жазбаша әлде электонды; Төртінші сұрақ: Электронды хат жазысу сіздің сөйлеу және жазба мәдениетіңізге әсер ете ме? Бесінші сұрақ:Келешекете хат жазу бола ма?
Сауалнама нәтижелері:
1. Хат жазу керек пе?
2. Хатты жиі жазасыз ба?
3. Сізге хатты қандай түрде жазған қолайлы ?
а) жазбаша түрде ә) электронды түрде
4. Электронды хат жазу сізді сөйлеу және жазбаша мәдениетімізге әсер ете ме?
5. Келекшекте хат жазу бола ма?
Сонымен, хат жазу көрсеткішіне назар салатын болсақ, 1916 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі хат жазу көрсеткіші мынандай сай келеді:
Хаттың жазылу үлгісін кешегісі мен бүгінгісінің айырмашылығын салыстырып қарасақ (1 кесте)
-Аса құрметті Апаллон Николаевич! (А. Н. Майкова Ш. Уәлиханов)
-Сүйікті досым Федор Михайлович!
(Ф. М. Достаевскийге Ш. Уәлихановтан)
- Сәлем )
- Қалайсың? =) ) )
-Сен мені әлдеқашан өліп қалды деп ойлап жүрген шығарсың, сөйтсе де мен әлі тірімін, оған менің осы хатым айғақ болып табылады. Мен саған осы уақытқа шейін әртүрлі елеулі себептермен хат жаза алмай келдім . . .
(Ф. М. Достаевскийге Ш. Уәлихановтан)
- Менде бәрі ОК*)
1. 2 Эпистолярлық жанрдың өзінік ерекшелігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz