Инвазиялық аурулар
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Жұқпалы аурулар және морфология
кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Инвазиялық аурулар
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Малдың инвазиялық аурулары
2. ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЛТІРЕТІН ЗАЛАЛЫ
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы
емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп
анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел
жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы
өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша
өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру
бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының
жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру
малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс
жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан
сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу
ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық
ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және
ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды
айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және
малды бағып-күтуге, әсіресе қыста қорада тұратын мезгілде гигиеналық
ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдардың саны көбейеді. Сондықтан
агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең
түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес, сапалы және дұрыс
азықтандыруын қадағалаудың маңызы зор.
Бұл жалпы биологиялық аурутану зооинженериялық, агрономиялық және
қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей
мамандықты қалыптастыратын пән.
Малдардан алынатын өнімдерінің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім
беретін малдардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан да еліміздің
мал дәрігерлерінің қызметінің алдында шаруашылықтардағы жұмысты жүйелі
түрде ұйымдастыру, мал шығынын азайту міндеттері тұр.
Қазіргі таңда техниканың, кәсіптіліктің дамуына байланысты мал
шаруашылығында кездесетін әр түрлі инвазиядық аурулардың алатын орны
ерекше.
Олардың қоздырушылары ұсақ тірі организмдерге жатады да, бір малдан
несеппен жұмыртқасы шөпке түседі де, екінші алға тез беріледі, сондықтан да
аз уақыт ішінде көптеген малдың ауруына әкеліп соғады, шаруашлықыьарға
айтарлықтай экономикалық шығын келтіреді.
Солардың ішінде малдан адамға берілетін өте қауіпті ауруларда аз
емес.Малдәрігерлері мамандары инвазиялық ауруларды дер кезінде анықтап,
оларды емдеу және қорғану тиіс.
Бүгінгі таңда инвазиялық аурулардың аты бірыңғайланып, олардың
қоздырғыштарының зоологиялық туыс атауынан шыққаны белгілі. Ең алғашқыда
(1928) К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц гельминтоздарға ғылыми атау енгізіп, олар
қоздырғыштардың туыс атауына “оз” немесе “ез” деген қосымша қосуды ұсынды.
Әр зоологиялық түрдің латынша қос аты бар: туыстық және түрлік. Мысалы:
Dіcrocoelіum Lanceatum, Monіezіa expansa; ал бұлар қоздыратын ауруларды
дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды.
Негізгі бөлім
1. Малдың инвазиялық аурулары
Малдың инвазиялық аурулары — эволюциялық даму барысында жануар
денесінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген бір клеткалы организмдер
мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы —
гельминтоздар. Оларды трематода (сорғыш құрт), цестода (таспа құрт),
нематода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасында
фасциолез, дикроцелиоз, ішек цестоздары, таспа құрт дернәсілдері тудыратын
аурулар жиі кездеседі. Сиырдың, қой-ешкінің, түйенің жіті және созылмалы
ауруы — фасциолез республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу
үшін ит пен малды алдын ала құрттан арылтады (дегельминтизация),
батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың маңын тазартады.
Дикроцелиоз— малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын созылмалы ауру.
Республиканың барлық өңірінде, әсіресе оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жиі
кездеседі. Оны тудыратын дикроцелия құрты. Малға гексихол, гексохлор-
параксилол, гетолин беріп (дегельминтизация жасап), құрттан арылтуға
болады. Таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар — эхинококкоз, ценуроз,
цистицеркоз кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі қабықтары зақымданады.
Бұл аурулардан арылу жұмысы арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.
Ішек цестодоздарын (мониезиоз, тизаниезиоз, т.б.) тудыратын құрттар да
аралық (кейбір кенелер) және тұрақты иелердің қой, сиыр) арқылы өсіп,
дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап, ішін өткізеді, ауру асқынса
мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтану үшін малға тотияйын мен ас тұзының
қоспасы, фенасал, т.б. дәрілер ішкізіледі. Малдың инвазиялық ауруларының
екінші тобы — тейлерия, пироплазма, қан паразиттері (бабезия), кокцидия
(ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы жануарлар), саркоциста
(бұлшық етте болатын паразиттер), безноития (теріні зақымдайтын паразиттер)
сияқты бір клеткалы паразиттер тудыратын протозойлық аурулар. Бұлардың
көпшілігі ауру малдан сау малға кене, түрлі жәндіктер арқылы жұғады. Ауру
жедел түрде өтеді, негізгі белгілері — малдың дене қызуы қатты көтеріліп,
лимфа бездері үлкейеді, терінің сарғаюы, жүрек пен қан тамыры, ішек-қарын
қызметінің нашарлауы байқалады. Протозойлық ауруларды емдеу үшін азидин,
беренил, диамидин, т.б. препараттарын егеді. Мал токсоплазмозынан,
саркоспоридиоз, безноитиоз, қотыр ауруларының эпизоотологиясы мен
патогенезін зерттеп, анықтау әдістерін табу ісі республикада жүйелі жолға
қойылған.

Кей кезде гельминтоздардың топтама атауларын қолдануға болады. Ол
ішқұрттардың тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп
те аталады. Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін. Мысалы:
Strongylata тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын ішқұрт
ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың балапан
қуықшалары қоздыратын ауруларды сол қуықша сатысының атымен атайды. Мысалы:
ценуроз (қазақша айналма), оның қоздырғышы Coenurus cerebralіs.
К.И.Скрябиннің ұсынысы бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға
да енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының атына байланысты:
псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т.б. бірнеше аттары бар. Ал бөгелек
құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары,
Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus деген бөгелектердің туыс аттарынан
шығады.
Атау берудегі осы бастама протозоологияға да енгізілген. Мысалы:
Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар - эймериоз ауруын, ал Pіroplasma
туысына жататындары пироплазмоз ауруын қоздырады. Ғылыми атаулармен қатар
кейбір басты-басты аурулардың жергілікті қазақша аттары да бар. Мысалы: су-
ауру-трипанозамоз, айналма, тентек-ценуроз, жылауық - цистицеркоз
(тенуикольный), бөген-оксиуроз, бауыр-құрт ауруы-фасциолез, өкпе құрт ауруы-
диктиокаулез, оқыра-гиподерматоз, құмыр-цефалопиноз, киеңкі, қарақаптал-
трипаносомоз және т.б. Бұл ауру атаулары жергілікті халық арасында кеңінен
қолданылады.
Инвазиялық аурулардың ішінде жануарларға тікелей жанасқанда
жұғатындары аса көп емес. Бұған шағылысқанда жұғатын киеңкі ауруы, соз
ауруы, саркоптоидоз немесе қотыр аурулары, биттеу және т.б. жатады.
Көптеген эктопаразиттер өсіп-өнуінің бір бөлігін қоршаған ортада немесе
аралық иесінде, немесе тасымалдаушыларда өткізеді.
Инвазия қоздырғышы сыртқа әр түрлі жолдармен шығады: қимен,несеппен,
танаудан аққан жалқаяқпен, сілекеймен, сүтпен, көзден аққан жаспен, қанмен
және т.б.
Қоршаған ортада инвазиялық сатыға дейін дамитын қоздырғыштар, яғни
топырақта, шөпте, суда дамитын геогельминттер мен кокцидиялардың инвазиялық
сатыға дейін даму және сыртта тіршілік ету мерзімі табиғи жағдайларға:
ыстық-суыққа, жауын-шашын мөлшеріне, топырақ құрамына және оның құрылысына
байланысты. Бұл жағдайда инвазия көзі-ауру мал мен паразит тасығыштар, ал
індет топырақ пен су арқылы жануарларға жұғады. Инвазияның таралуына
буынаяқтылар, кеміргіштер, құстар, адамдар және т.б. механикалық
тасымалдаушылар да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, кейбір ішқұрттарда
қоржинағыш иелер болады, олардың денесінде балаң құрттар жиналып, көпке
дейін сақталады. Мысалы, құстардың гетеракис, шошқаның аскарида балаң
құрттары шемен немесе жауын құрттарының денесінде қорланып жинала береді.
Инвазиялық ауруға бейімді жануарларға оның қоздырғыштары ауыз арқылы,
тері арқылы, тасымалдаушылар және тікелей жанасу арқылы да, сондай-ақ
аралас жолмен де жұғады (ауыз және тері арқылы).
Паразиттерге қарсы шараларды жүргізгенде, олардың табиғатта өсіп-
өнуіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ тасымалдаушылары мен аралық иелерін,
яғни аймақтық, эпизоотологиясын ескеру шарт.
Инвазиялық аурулар үй хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде
кездесетіндіктен, олар халық шаруашылығына қыруар зиян келтіреді. Көптеген
инвазиялық аурулар, әсіресе протозойдтық және ішқұрт аурулары жануарларды
жаппай өлім-жітіміге ұшыратады. Ірі қара малдың тейлериоз бен
бабезидоздардан әжептеуір шығынға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz