Инвестициялар мәні, маңызы және түрлері



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖОСПАРЛАУ
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-3
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
1.1. Инвестициялар мәні, маңызы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5
1.2. Қаржы
инвестициялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 5-6
1.3. Инвестициялық қызмет және инвестиция тиімділігін
бағалау ... ... ... ... ..6-7

ІІ БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖОСПАРЛАУ
2.1. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ...8-9
2.2. Инвестициялық жобаларды бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-11
2.3. Ақтөбе облысындағы инвестициялық саясаты мен қызметін талдау...11-13

ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІНЕ БАҒА БЕРУ, ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасының кәсіпорындардың инвестициялық қызметіне
баға
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-17
3.2. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... .17-18
3.3. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі жолдары,
тиімділігі ... ... ... .18-24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы – Кәсіпорынның инвестициялық саясатын
жоспарлау. Негізінен курстық жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдерде
кәсіпорындағы инвестициялық іс-әрекет және инвестициялық жобалар мен
кәсіпорынның инвестициялық портфелі, оның инвестициялық саясатын жоспарлау
мәселелері талқыланған. Курстық жұмыс мақсаты – кәсіпорындар үшін
инвестиция мәні мен маңызын , экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында
жекеге қабілетті, жоғары технологиялы және өндірістің дамуына бағытталатын
инвестициялар мәнін ашып көрсету.Кәсіпорындар экономика дамуының
сатыларының бірі болғандықтан, бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы
пайда табу және оны нарыққа шығару үшін инвесторлардың рөлі өте жоғары.
Инвестиция қайнар көзіне кәсіпорындардың көптеген пайдасы, банктердің
еркін ақша қоры кіреді.
Кәсіпорындағы инвестициялық әрекеттің субъектілері инвесторлар,
тапсырыс берушілер, инвестициялық объектілерді пайдаланушылар,
жабдықтаушылар, кәсіпкерлікпен айналысушы банктер, сақтандыру және де
басқа да ұйымдар есептелінеді. Сондай-ақ мемлекет және инвестициялық
әрекеттері Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі мен Қазақстан
Республикасының инвестициялық әрекеттері туралы заңдарымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет меншік түріне қарамай
инвестицияны қорғауға кепілдік береді.
Инвестицияны жоспарлауға қатысатындар:
- инвестициялық әрекетті мемлекет деңгейінде жоспарлау, сол арқылы
инвестициялық әрекетті реттеу, ынталандыру;
- жекелеген инвестициялық жобаларды жоспарлау. Ол жоспарлауды,
ұйымдастыруды, бақылауды қоса алып, инвестициялық жобаның қазіргі
жүйе әдістерін , техникаларды жоспарлауды қарайды;
- жекелеген шаруашылық етуші субъект – кәсіпкерлік етуші фирманың
инвестициялық әрекетін жоспарлау.
Фирмалар бойынша инвестициялық әрекетті жоспарлау ең тиімді капитал
салымын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты
инвестиция бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші, кәсіпорындағы инвестицияны
жоспарлау, елдегі , мемлекеттегі инвестициялық климатқа талдау жасау болып
саналады. Келесі кезең фирмалардың экономикалық-қаржылық дамуының
стратегиясына байланысты.
Курстық жұмыстың маңызы – Ақтөбе облысының экономикасының тұрақты
дамуына және кәсіпорындар мен инвестициялық саладағы көрсеткіштердің өсуі
үшін жасалынатын және жасалған шараларды ашып көрсету.

І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

1.1. Инвестиция мәні, маңызы және түрлері

Күрделі қаржы (инвестиция) – жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап
тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй ,
мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.
Инвестиция немістің invesition деген сөзі және бұл кәсіпорынға
(фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін
көрсетеді. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген
пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары,
мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден
салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Олар
инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына , денсаулық
сақтау, оқу ағарту, мәдени объектілеріне жұмсалады.
Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза
табысының жинақтаған бөлігі саналады.
Инвестиция маңызы – экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының
қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде,
инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды
қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған
инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған
инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының
заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға
бағытталған.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып
бөлінеді. ( бірінші қосымшаны қараңыз)
Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына,
құрылысқа және т.б. жұмсалымы.
Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан,
инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар акцияларды сатып алуға
бағытталған.
Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -
өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда
инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын
ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты
және арнайы техникалық көмек грантқа арналған инвестициялардан басқа
барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда
құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
- табиғи активтерге инвестициялар;
- ақша активтеріне инвестициялар;
- материалдық емес активтерге инвестициялар.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
- Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі
мақсаты жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттар
өндірісін тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы
фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
- Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсат -
өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

1.2. Қаржы инвестициялары
Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға
кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға
вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттер нарық
экономикасының есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Капиталды берудің формасы мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы
қағаздар борыштық және борыштық емес болып бөлінеді.
Әдетте инвесторлар компанияның капиталына қатысу үшін бағалы
қағаздарды – акцияларды сатып алады. Акция шығару арқылы акционерлік
қоғамдар ірі инвестициялық жобаларды атқарады.
Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-
қатынасты анықтайды. Қарыздық міндеттемелерге – облигациялар, мемлекеттік
заемдар, вексельдер жатады.
Туынды бағалы қағаздар иелерінің акцияларды және қарыздық
міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді. Олар: опциондар,
фьючерстік келісімдер. Опцион – еңбек ұжымының мүшелеріне тегіне берілген
бағалы қағаздар.
Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға
айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ
мерзімді (1 жылдан көп), қысқа мерзімді (1 жылдан аз) қаржылық
инвестициялар болады. Көрсетілген активтерге қаражат қоюшылар –
инвесторлар.
Инвестициялық жобаларды орындап, есептеп, олардың тиімділігін жобаға
кеткен шығындар мен жобаның іске асу нәтижелерін салыстыра отырып, талдау
нәтижесінде анықтау қажет.
Анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы методикалық
нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Осы методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың
экономикалық тиімділігін бағалауда:
- коммерциялық тиімділік – қатысушылар үшін жобаны іске асырудың
қаржылық нәтижелерін;
- бюджеттік тиімділік – жобаны іске асырудан түскен қаржылық
түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін;
- экономикалық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты болған
шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен
анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
- таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ);
- табыстық ішкі нормасы (ТІН) қажеттерін қанағаттандыру үшін
жеткіліксіз.
Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған инвестициялық саясат бірқатар
жағымдылықтармен сипатталады, солардың арасынан шетелдік инвестицияны
тарту үшін тұтас алғанда қолайлы инвестициялық ауалдың сақталғанын, бағалы
қағаздар нарығының құрылғаны мен дамығанын, жаңа институтционалдық
инвесторлар қалыптасқанын, экономиканы кредиттеуде банктердің рөлі
күшейгенін атап өткен жөн.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды ,
материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді.
Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың
методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, ресейде
жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың
тиімділігін қандай да болмасын инвестициялық жобаны іске асыруда, соңғы
нәтижелерге жетуде белгісіздік және тәуекелшілдік кездеседі.
Инвестициялық жобаларды іске асыру да болатын белгісіздік жағдайлары
мен тәуекелшілдік аяқ астынан болатын құбылыстар.

1.3. Инвестициялық қызмет және инвестициялардың тиімділігін бағалау
Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге
экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және
қоржындық инвестицияларды тарту болып келеді.
Мемлекеттік және жеке инвестициялардың экономикаға тартылған ағымдағы
көлемі осы заманғы экономиканың жылдам өсіп отырған:
- қайтарым уақыты ( Т қай )
- инвестициялардың рентабельдігі ( ИР ), табыс индексі ( ТИ )
Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін,
қарызды толық өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі
инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.
Қарызды толық өтеу уақыты , инвестициялық жобаны іске асыруда несие
және қарызға алған қаражаттар болған жағдайда ғана анықталады.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен
нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін
қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз. Инвестиция тиімділігін
арттыруға былай қол жеткіземіз.
- инвестицияның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар
оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- Жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен
реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының
жеке үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту;
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогресс
болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау
қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен
салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты
мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өңдеу және т.б. Сондай-ақ пайдалы
тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың
ыңғайлылығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.
Кәсіпорын мен фирма тәжірибесінде жаңа техниканы таңдау мүмкіндігі
жоғарыда көрсетілген көрсеткіштермен ғана шектелмейді, онда өндірілген
өнімнің бағасы , өзіндік құны бойынша да жағдайлар ескеріледі.Осындай
кезде экономикалық тиімділікті есептеу үшін мынадай көрсеткішті қолданады:
- жаңа техника үшін күрделі қаржыны (инвестиция) қайтарым мерзімі . Егер
қайтарым мерзімі біркелкі болса, онда бұл кездесалыстырмалы вариант тәсілі
көрсетілген шығындар бойынша қолданады. Сондай-ақ күрделі қаржы
тиімділігіне білімді, ғылыми зерттеуді, оқуды инвестициялау арқылы қол
жеткізеді.
Бүгінгі инвестиция ең жаңа өндіріс құрал-жабдығының , ең жаңа ғылым
мен техниканың негізінде еңбек өнімділігінің артуына негіз болады.
Сондықтан да бүгін өндірілген нәрсенің көп бөлігін сақтап ,
инвестицияласақ , онда біздердің ертең тұтынатын мүмкіндіктеріміз мол
болмақ.

ІІ БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖОСПАРЛАУ

2.1. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін жоспарлау

Қазақстан Республикасының нарыққа ену процесі кәсіпорындардың
атқарылымының өзгеруімен жарияланды. Олардың көпшілігі негізінен
жекешелендірудің арасында жаңа статусқа , яғни жеке меншіктің жаңа
түрлеріне ие болды, олар: акционерлік кооперативтік, аралас және тағы
басқа кәсіпорындар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экономикасында көптеген
мемлекеттік кәсіпорындарда өз жұмыстарын атқаруда. Жоғарыда аталған
кәсіпорындардың барлық түрлері жаңа экономикалық жағдайда толық
дербестікте жұмыс істеуде. Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың әрекеттері
толық өзгеріп, олардың қарым-қатынасы нарықтық экономикаға
бейімделген.Қазіргі кезде кооперативтік , акционерлік және аралас
кәсіпорындардың , мемлекеттік кәсіпорындардың бас ақша қаражаттарын
нарықта бағаламасы бар әртүрлі бағалы қағаздар түріне жұмсауға
мүмкіншіліктері бар.
Сондықтан, кәсіпорын жоспарлаушысы , әсіресе менеджерлерінің мақсаты,
құнды қағаздарға қаржы жұмсауды ұтымды жоспарлауда немесе кәсіпорындардың
инвестициялық портфелін дұрыс жоспарлауда.
Сонымен бірге, ол нарыққа қатысушылар туралы ақпаратты болуы тиіс,
мемлекеттің реттеу жүйесін, заңдарды, қор биржалары, брокерлік фирмалардың
жұмыс істеу механизмін жақсы білуі тиіс. Одан басқа қаржы менеджері құнды
қағаз шығарушы кәсіпорын эмитент туралы толық ақпаратты білуі керек.
Сонымен қатар , қаржы менеджері республикадағы құнды қағаздар нарығының
даму ағымын байқап тұрғаны жөн.
Кәсіпорынның инвестициялық портфелін бағалау.
Инвестицияның портфельді тиімді пайдалану үшін кәсіпорынның қаржы
менеджері келесі принциптерді пайдалана отырып , инвестициялық портфельді
қалыптастыруы керек:
1. Құнды қағаздарға салымның табысы қаражатты активтер типтеріне дұрыс
бөлуге , яғни 94% (ірі компаниялардың акциясы, мемлекеттің қысқа
мерзімді қағаздарын ) таңдауға байланысты.
2. Белгілі құнды қағаздарға салым тәуекелдігі – пайданы күткен мағынадан
мүмкіндігі ауытқуына байланысты.
3. Жалпы табыс және портфель тәуекелдігі оның құрылымының өзгеру
нәтижесіне байланысты өзгеруі мүмкін.
4. Инвестициялық портфельді қалыптастыруда қолданылатын барлық бағалау ,
мүмкінді сипатта болады. Портфельдің өзін қалыптастыруы келесі
факторлар болған жағдайда ғана мүмкін: дамыған құнды қағаздар
нарығының белгілі кезеңдегіжұмысы, ал нарық туралы статистикалық
мәлімет.
Кәсіпорынның инвестициялық портфелін қалыптастыру келесі үш кезеңге
бөлінеді:
- оны қалыптастыру мақсатын анықтау;
- компанияларды, кәсіпорынды банкті , үкіметті кімнің құнды қағаздарын
алу керектігін таңдау;
- инвестициялық портфельдің есебін жүргізуші коммерциялық банкті
таңдау.
Кәсіпорындардың қаржы менеджерлері инвестициялық портфельді
басқарғанда портфель теориясын қолданады. Бұл теория төрт элементтен
тұрады: активтерді қабылдау, инвестициялық шешім қабылдау, портфельді
оптималдау , нәтижелерді бағалау.
Кәсіпорынның портфельдік стратегиясы .
Кәсіпорынның портфельдік стратегиясы портфельге барынша құнды
қағаздардың түрлерін қосып көбейтуге негізделеді.
Портфельдік стратегия – құнды қағаздар нарығының жалпы даму бағытымен
тығыз байланысты. Мемлекеттегі екінші нарықтағы қор операцияларының
активтендірілуі жағдайында құнды қағаздар портфелін қалыптастыру сұрағы
ерекше актуалды. Өйткені инвесторлардың әртүлі нақтылы ықыластығын
қанағаттандырылады.
Сонымен , инвестициялық портфель кәсіпорынның иелігіндегі , әртүрлі
мерзімде іске қосылатын және әртүрлі өнімділіктегі құнды қағаздардың
жиынтығы.
Кез келген инвестициялық портфель белгілі акциялар, облигациялар
жиынтығы және тәуекелдігі кепілденген, тіркелген табысты қағаздар.
Инвестициялық портфель салымды әртараптандыру негізінде іске асырады және
неғұрлым портфельге құнды қағаздар түрлерінің саны көп жинақталса,
соғұрлым оның бағасы аз өзгереді.
Айта кететін жай, өз практикасында үш портфельді қолданады, өйткені
олардың жалпы инвестициялық стратегиядағы тәуекелдігі шамалы.

2.2. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері

Инвестициялық жобаларды бағалаудың қарапайым әдісі өтімділік кезеңін
тексеру. Өтімділік кезеңі салынған капитал сомасын жылдық үнемділікпен
салыстыру арқылы анықталады. Қаржы менеджменті барлық салынған соманы
жылдық үнемделген сомаға бөледі, сол арқылы өтімділік кезеңін табады
немесе салынған қаражатты қалпына келтіреді.
Бірақта өтімділік кезеңін тексеру салым сапасын нақты толық көрсеткіші
бола алмайды, егерде кәсіпорын салынған капиталды негізгі құралдарға салып
қоймай, сонымен қатар басқа бағытқа инвестициялайтын болса.
Инвестицияның тиімділігін анықтаудың ең қолайлы әдісі жүйелік ағымдағы
шығынды дисконттау. Болашақ табыс мөлшерін инвестиция көлемімен салыстыру
арқылы анықтау ең бір қолайлы әдіс ретінде қолданылады.
Бұл әдісті қолдану үшін қаржы менеджері төмендегі мәліметтері болуы
тиіс:
- жалпы инвестиция сомасы және олардың таратылуы;
- жылдық шығындағы үнемділік;
- жабдықтарды іске жарату мерзімі;
- мүмкінді аммортизациялық төлем;
- пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.
Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражат ағымын ағымдағы кезге тарату
үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады.
Дисконттау коэффициентін таңдау, бағалау әдетте таңдау сияқты маңызды.
Дисконттау коэффициенті бұл таңдалынған дисконт мөлшерлемесінің деңгейі ,
ол инвестордың тілегіне қарай өзгерісте болуы керек. Дисконттау
коэффициенті әлбетте, тәуекел шығынын жабуды қамтамасыз ету үшін өзгерісте
болады. Жоғарғы дисконттау коэффициенті аз дисконттау коэффициентімен
салыстырғанда болжамды ақша қаражаты ағымын тез азайтады. Осыған
байланысты инвесторлар инвестициялық жобаның тәуекелдігін , өте жоғарғы
дисконттау коэффициентін қолдана отырып өтейді. Мұндай әдіс тәуекелді
жобаларға капитал салымына жоғарғы табысты қамтамасыз етеді.
Тәуекелдік деңгейін бағалау және онымен кездесудегі сақтық-қаржы
менеджерінің алдында тұрған ең бір күрделі проблема және тосқауыл
коэффициентін таңдау - әдістердің тек біреуі ғана , соның көмегімен
менеджерлер тәуекелдікпен күреседі.
Қаржы менеджерлерінің алдында тұрған маңызды тапсырмаларының бірі –
жобаны орындауға қажетті болашақ ақша ағымдарын есептеу. Кәсіпорындар ақша
қаражаттарын инвестициялағанда , болашақта одан да көп пайда алу үшін
әрекет етеді. Өйткені сол арқылы қайта инвестицияланады немесе
акционерлерге дивиденд түрінде төленеді.
Әрбір жекелеген инвестициялық ұсыныстарға қаржы менеджері салық төлемі
және инфляцияны есепке ала отырып күткен ақша қаражаттары ағымы туралы
ақпаратпен жабдықталуы керек . Дұрыс шешім қабылдаудың кілті – жаңа
инвестициялық жобаларды есепке ала отырып , талдау жасауда. Капитал
салымының тиімділігін талдаудың ең көп тараған әдістерінің бірі:
1. Инвестицияның орташа пайда мөлшері. Бұл әдіс орташа жылдық пайданың
жобадағы инвестицияның орташа көлемінің қатынасына негізделеді. Бұл
әдістің негізгі ерекшелігі оның қарапайымдылығында, ақпаратты еркін
алуға қолайлы.
2. Өтемділік әдісі. Бұл әдіс жоғарыда қаралған . Бұл жерде біз оның
кейбір кемшіліктерін атап өтеміз және оның өрісте қолданылу
мүмкіншілігін қараймыз. Сонымен инвестициялық жобаның өтемділік
кезеңі бастапқы инвестициялық шығындарды қайтаруға қажетті жылдардың
саны.
3. Ішкі пайда мөлшерін анықтау әдісі. Ішкі пайда мөлшері - дисконттау
коэффициенті , ол инвестициялық жобаны іске асырудан жиналған
ағымдағы ақша қаражаттары ағымының құнын ағымдағы салым құнымен
салыстырады. Бұл әдіс белгілі уақытта ақша қаражаты құнының өзгерісін
есепке алғандықтан , ал инвестициялаудан алынған жалпы табысты нақты
анықтайтын әдіс болып есептеледі және инвестициялық жобаға ең бір
объективті дұрыс баға береді.Бұл әдіс өз уақытында күткен ақша
ағымының көлемін және әрбір кезеңде оны таратуды есепке алады.

2.3. Ақтөбедегі өнеркәсіптік-технологиялық саясат

Экономиканың өнеркәсіп секторында 2006 жылға берілген негізгі
міндеттер орындалды. Ол – біріншіден, облыстың жұмыс істеп отырған
кәсіпорындарындағы өндірістік қуаттарды барынша жұмыспен қамту және сол
арқылы өнеркәсіп өнімін шығару көмегін күрт арттыру, екіншіден, облысты
индустриялық – инновациялық дамыту бағдарламасында белгіленген шараларды
жүзеге асыру аясында экономиканы диверсификациялауға және жоғары қосымша
құн мен өнім шығаруға бағытталған өңдеуші салада жаңа жоғары технологиялық
өндірісті енгізу .
Соның нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 2006 жылғымен
салыстырғанда 163,9млрд. теңгеге артып , 476,4млрд. теңгеге жетті.
Өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жұмылдырылған күш осы секторда өнім
өндіру көлемін 2006 жылғы деңгейден 23,3% арттыруға мүмкіндік береді. Бұл
өсім машина жасауға 4,3 есе , тамақ өнімдерін өндіруде – 21,1% , резина
және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 31,9 % , ағаш өңдеу және
ағаштан бұйым жасауда – 74,8 % болды.
Бұл – өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияның озық қарқынмен өсуінің
нәтижесі. Егер 2006 жылы өнеркәсіпте тұтастай алғанда
инвестицияның көлемі 1,4 есеге өскен болса, ол өңдеуші салада 5,6 есе
болды. 2006 жылдың ішінде облыс экономикасына неғұрлым маңызды өндірістік
және инфроқұрылымдық нысандар іске қосылды. Өнімнің жаңа түрлерін шығаруға
бағдарланған озат технология трансфертімен инновациялық сипаттағы 30жоба
жүзеге асырылды. Оның ішінде республикада қайталанбайтындары да бар.Жоғары
технологиялық өндірісті дамытуға және бір тізбекте қосымша құнның жаңа
шегін енгізуге бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жоболарды іске асыру
жөніндегі жұмыс жалғасын тапты.
Ақтөбе мыс компаниясы АҚ Октябрьдің 50 жылдығы атындағы кен
орнынан мыс кенін өндіру және байыту жөніндегі кен байыту комбинатының
құрылысын жүргізуде .
Жыл бойы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік
даму институттарымен бірлесе жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Олар бәсекеге
қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістерді енгізуді қамтамасыз
етеді.
Облыстың жалпы құны 839,5 млн. АҚШ доллары болатын 30 перспективалық
жобадан тұратын тізімі бекітіледі.Оларды жүзеге асыру 2007 жыл және одан
кейінгі жылдарға жоспарланған.
Сонымен қатар облыстың экономикасы тұрақты дамуына және өнеркәсіп пен
инвестициялық салада көрсеткіштердің өсуі оңды қарқын алуда .
Алда Қазақстанның бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруге дайындығы аясында
отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыруға маңыз бере отырып ,
облыста кәсіпорындарды сапа мен қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық ГЕСО
сериялы 9000 және 14000 стандартына жеделдетіп көшіру жөніндегі белсенді
жұмыстар жүргізілді. Жыл қорытындылары бойынша ГЕСО халықаралық
стандартына сәйкестікке Ақтөбе облысының 29 кәсіпорны сертификатталды, 7
кәсіпорын соны енгізуге жақын .
Ақтөбе облысы кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметі айтарлықтай
жандана түсті. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының аумағында Ресей
Федерациясындағы әріптестердің қатысуымен 104 біріккен кәсіпорын жұмыс
жасайды.

Ақтөбе облысының инвестициялық қызметі

2006 жылы облыстың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 199,5
млрд теңгені құрады, немесе 2005 жылғы деңгейге 104,3% (қолданыстағы
бағалар) . тартылған инвестиция көлемі бойынша Ақтөбе облысы бесінші
орында, жалпы республикалық көлемдегі өңірдің үлесі 7,1% құрайды.
Негізгі капиталға қаражаттарды салатын негізгі көздері - шаруашылық
субъектілердің жеке қаражаттары 163,1 млрд теңге және шетел
инвестициялары 20,7 млрд теңге . Бюджеттік қаражаттар барлығы 15,7 млрд
теңгені құрады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе қаласындағы халықаралық
әуежайы аэровокзалын қайта жаңғыртудың 1 кезеңі жүргізілді.
6 млрд теңге көлемінде бюджеттік қаражаттар есебінен 75 жергілікті
басымды инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілді, бұл 2005 жылғы
сәйкес көрсеткіштен 43,5% көп. Оның ішінде 19 жергілікті жобаны іске асыру
үшін республикалық бюджеттен 3,4 млрд теңге трансферттер бөлінді және 56
жобаны іске асыруға жергілікті бюджет қаражатының 2,4 млрд теңге игерілді.
Қаржы қорлары 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда , сәйкесінше 77% және 13%
ұлғайды. (3-ші қосымшаны қараңыз)
Білім беру саласында құрылыстың және қайта жаңғыртудың 14 жобасы іске
асырылды.832 млн теңге игерілді.
Денсаулық сақтау жүйесінде 13 инвестициялық жобаны іске асыру
жүргізілді.
Сумен жабдықтаудың 3 объектісі іске қосылды, 3 жобасын іске асыру
жалғастыруда.
Кезеңмен газдандыру үшін Ақтөбе облысының елді мекендерін
газдандырудың 2006-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы әзірленді
және облыстық маслихаттың шешімімен бекітілді.
Байғанин ауданының Миялы және Дияр ауылдарының электр жабдығын қалпына
келтіру жүргізілуде.
Ақтөбе қаласының маңындағы Бұтақ өзені арқылы өтетін көпір
құрылысыаяқталды және Ойыл ауданындағы Дайра өзені арқылы өтетін көпірді
пайдалануға берді.
Ақтөбе қаласындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму үшін полигон
құрылысы жүргізілді. Жалғыз терезе қағидаты бойынша халыққа қызмет
көрсететін ғимаратты қайта жаңғырту аяқталды.

ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІНЕ БАҒА БЕРУ, ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ

3.1. Қазақстан Республикасының кәсіпорындардың инвестициялық қызметіне
баға беру.

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
мәселелерін сөз ету барысында мынадай факторды естен шығармаған жөн. Ел
экономикасы өтпелі кезең жағдайында ұзаққа созылған ауыр дағдарысты басынан
кешіріп отыр. Бұл, әрине, экономикадағы қалыптасқан терең өндірістік
байланыстардың үзілуіне, кәсіпорындардың қалыпты жұмыс ырғағынан жаңылып,
құлдырауына тікелей қатысты. Елімізде тиісті салықтардың мардымсыз жиналуы,
еңбекақы, зейнетақылардың кешіктіріліп беруілуі, төлем борыштарының күрт
өсіп кетуі секілді кері құбылыстардың да, сөз жоқ, экономикалық жүйе тепе-
теңдігінің бұзылуы салдарынан етек алып отырғандығы түсінікті жәйт.
Сайып келгенде, бүгінгі таңдағы экономикалық ахуалды экономиканың
нақты секторларының жұмыс істеуіне қажетті инвестициялық қаражаттың
жетімсіздігінен туындап отырған тоқырау (стаганция) ретінде сипаттауға
болады. Ел экономикасының көптеген саласын, әсіресе, өндірісті мол шарпығын
инвестициялық дағдарыс нарықтық қатынастардың орнығып, ырғақты жұмыс
жүргізуіне өте үлкен кедергі келтіріп отыр. Және де бұл бір жыл, екі жыл
емес, ұзаққа созылып, экономиканың нақты секторларына салынатын күрделі
қаржының ұдайы қысқаруына әкеліп соғуда.
Біздің ойымызша қалыптасқан мұндай жағдайдан шығу үшін, ең алдымен
жан-жақты жете ойластырылған, нақты мемелекеттік инвестициялық саясатты
айқындап алу керек. Бұл саясаи инвестициялық салада мемлекеттік реттеу
тетіктерін күшейтіп, сыртқы және ішкі инвестиция көздерін кешенді түрде
пайдалануға бағытталғаны жөн.
Осы мәселелерді зерттеу барысында экономист-мамандардың басым бөлігі
мынадай бір ортақ пікірге келіп отыр. Өтпелі кезеңде мемлекеттің
экономикаға араласуын (реттеуін) тежеудің орнына, оны бұрынғыдан да гөрі
күшейте түсу тиімді болмақ. Тек мемлекет қана өзінің реттеуші тетіктері
арқылы сыртқы және ішкі күрделі қаржыны негізгі өндірісті көтеруге
жұмылдыра алады.
Рас, бұл орайда үкіметіміз қол қусырып қарап отырған жоқ. Осы кезге
дейін ірілі-ұсақты біршама істерді атқарды. Шетел инвестициясының әртүрлі
саласына көптеп келуін ынталандыру мақсатында, оларға көптеген жеңілдіктер
жасалады, заңды база қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінеді. Ішкі инвестиция
көздерінің шектелуі болып, бюджет тапшылығы өршіп тұрған сол бір кезеңде
күрделі қаржының қуатты көзі – шетел инвестициясына иек артпау мүмкін де
емес еді.
Тұжыра айтсақ, шетел инвестициясын тартып, оны ел экономикасының
нақты секторларын көтеруге пайдаланамыз деген басты мақсат. Бұдан шетел
капиталын пайдаланудың мемлекеттік реттеу тетіктері жете ойластырылып
жасалмағандығы белгілі болды. Бұл бағытта, біз жоғарыда атап
көрсеткеніміздей, шетел инвестициясын көп тартуға емес, оны тиімді
пайдалануға баса назар аудару қажет еді.
Ендігі мақсат Қазақстанның қазіргі жағдайында өз ішкі
мүмкіндіктерімзіді сарқа пайдалану, яғни отандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Инвестицияның қатысу сипаты бойынша инвестицияның түрлері
Инвестициялар экономикалық дамудың ресурстары ретінде
Инвестициялар - экономикалық дамудың ресурстары
Инвестиция теориясы
Инвестициялық есебі
Инвестициялар, олардың түрлері, қызметі және жүйесі
Жергілікті инвестиция есебі
Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны
Инвестиция туралы түсінік
Пәндер