Индустриалды-инновациялық қаржыландыру


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Еуразия Ұлттық университеті
Экономика факультеті «Қаржы» мамандығы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Индустриалды-инновациялық қаржыландыру
Орындаған: Касенова А. М
Қабылдаған: Дулатбекова Ж. А.
Астана 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
- Индустриалды-инновацияның теориялық негіздері . . . 5
- Шет елдердегі индустриалды-инновацияның даму
барысы . . . 10
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ
БАРЫСЫ
2. 1. Қазақстандағы индустриалды-инновацияның қазіргі жағдайы және
даму барысы . . . 15
2. 2. Индустриалды-инновация экономикалық дамудың факторы
ретінде . . . 23
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ - ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1. Индустриалды - инновацияны жетілдірудің аймақтағы негізгі
басымдылықтары . . . 32
3. 2. Индустриалды-инновацияны қолданудың экономикалық
тиімділігі . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 45
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Қазақстан -2030» стратегиясының 10 жылдығына арналған, онда Қазақстан жаңа экономикалық жағдай мен басымдылықтарды ескере отырып, индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың тиімділігіне баға беретін мерзіміне аса назар аударды [1, 2] .
Инновация деген түсініктің өзі ең алғаш ғылыми зерттеулерде ХІХ ғасырдапайда болды. Шетелдік ғалымдардың зерттеуі бойынша инновация мәселесін екі жағдайда қарастыруға болады. Біріншіден, инновация техникалықтан гөрі, экономикалық құбылыс болып табылады, себебі, инновациялық шешімнің басты мақсаты салынған ресурстардың тиімділігін арттыру болып табылады. Екіншіден, инновация кәсіпкерлікпен тығыз байланысты болып келеді.
ХХ ғасырдың басында-ақ Й. Шумпетер, оның ізінен бірқатар экономисттер өз еңбектерінде инновация аясындағы зерттеулерге теориялық негіз қалап кетті. Олардың еңбектері технологиялық эволюцияның заңдылығын ашуға және ғылым мен технологияның ұзақ мерзімді даму циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі инновацияның рөлін анықтауға, технологиялық ілгерілеу мен институционалды өзгеріс арасындағы өзара әрекет және өзара әсер ету туралы пікірді дәлелдеуге мүмкіндік берді [3] .
Технологиялық потенциалды дамыту және ел экономикасының бәсекелестік қабілетін жоғарылату Қазақстан үшін өзекті мәселе болып табылады. Ғылыми-техникалық аяның дамуы көп жағдайда ғылымды көп қажет ететін инновациялық жобаларды зерттеу және жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын қатыстыру мәселесін шешіп алуға тікелей байланысты. Жалпы Қазақстанның нақты экономикалық салаларындағы инновациялық процестердің жағдайына қанағаттануға болмайды. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты инновациялық дамудың көптеген әдістемелік мәселелері жеткіліксіз зерттелген, ал республиканың техникалық және инновациялық потенциалы толыққанды пайдаланып жатқан жоқ.
Отандық экономиканың барлық саласын қамтыған дағдарыс одан шығудың жолдарын іздестіруге, оның ішінде осындай мәселені шешу үшін халықаралық тәжірибеге сүйенуге итермелейді. Инновациялық инфрақұрылымды құрудың ең маңызды бағыты инновациялық орталықтар, ғылыми және технологиялық парктер, инкубаторлар құру болып табылады, осы арқылы өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және аймақтық саясаттардың мақсатын ортақ ететін, экономикалық өсуді ынталандыратын стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Осы орайда инновацияның бәсекелік қабілетін арттыру бойынша сараптаулар мен талдауларды, тиімді және маңызды факторларды, аталған тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен пайымдауларды ғылыми негіздеудің маңызы да жетіле түспек. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындады және оның ғылыми-тәжірибелік құндылығын арттырады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновацияның қалыптасуын жан-жақты сараптай отырып, оның негізінде ұйымдастырылған жалпы өндірістің, оның өнімдерінің бәселестік қабілетін арттыру тетіктерін негіздеу және оны қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі мәселелерді шешу көзделді:
- индустриалды-инновацияның және инновациялық үрдістердің мәнін ашу тетіктерін зерттеу;
- дамыған елдердің инновациялық істі басқару және қолдану бойынша тәжербиесін зерттеу;
- Қазақстандағы индустрия-инновацияны қолданудың негізгі принциптері мен оның даму барысын зерделеу;
- Қазақстанның индустриалды-инновацияны жетілдіру жолдарын анықтау;
Зерттеудің объектісі - инновациялық үрдістері, олардың даму тенденциялары, сондай-ақ жүзеге асу деңгейі мен дәрежесін анықтауға Қазақстанның халық шаруашылығының кәсіпорындары алынды.
1. ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
1. 1. Индустриалды-инновацияның теориялық негіздері
Отандық ғылымда жаңалық енгізу мәселесіне көптеген зерттеу жұмыстары арналған, бірақ айта кететін жай, жаңалық енгізу туралы ғылым жалпы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) концепциясы шеңберінде қалыптасқан. Шын мәнінде, техникалық-технологиялық жаңалықтар ҒТП-нің мәселелер топтамасына кіреді, кіре тұра, ол өз бетінше зерттеу объектісін құрайды. Жаңалық енгізу процестерін зерттеудің өзі-бұл ҒТП-ке ерекше көзқарас болып табылады. Алайда, айта кету керек, шет елдік және отандық зерттеушілер әртүрлі мәселелерге көп көңіл аударғанымен, ақырында инновациялық процестің бірыңғай теориясын құруға ұмтылыс жасалды.
Көптеген ресейлік, сонымен қатар, шет елдік зерттеушілер ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңінің қалыптасуы мен дамуын ең алдымен әртүрлі өндіріс салаларында және қоғамдық өмірде микроэлектрониканы қолдануға негізделген жаңа техникалар мен технологиялармен байланыстырады. Ал, 1987 жылы жарияланған бір топ кеңестік ғалымдардың ұжымдық жұмысында ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі ең алдымен сол ғылыми-техникалық шығармашылықтың өзін, материалдық өндірісті және тауар айналым және өткізу аясындағы электронды автоматтандырумен сипатталады делінген [4] .
Көптеген батыстық ғалымдар микроэлектронды технологияның таралуын үшінші өнеркәсіптік төңкерілістің басы (мұнда алғашқы өнеркәсіптік төңкеріліс ХVІІ-ХІХ ғ. ғ. және ҒТП алғашқы кезеңін ХХ ғасырдың ортасынан бастап есептеп, оны, екінші өнеркәсіптік төңкеріліс деп білген) деп есептейді.
Американдық зерттеуші Р. Айерс былай деп жазады: «Микроэлектроникадағы төңкеріліс, ЭЕМ-дегі, микропроцессордағы, интегралды сызбалардағы, математикалық қамтудағы, автоматтандырылған жобалаудағы прогресті қоса алғанда, үшінші өнеркәсіптік төңкерілістің қозғаушы күші болып табылады» [5] .
Колумбиялық университеттен Е. Гинцберг, Т. Ноэль және Т. Стенбак жаңа ғылыми-техниканың дамуын микроэлектронды технологияға негізделген жаңа компъютерлендіру дәуірі деп сипатттайды: 70-ші жылдардың ортасынан бастап ақпараттарды беру құралдарын жетілдіретін және оның барлығын көптеп сақтайтын, ЭЕМ-нің шапшаң жұмыс істеуін жоғарылатуға мүмкіндік беретін, математикалық қамтуды қолданушылар үшін қолайлылықты тудыратын компьютерлендірудің жаңа кезеңі басталды дейді. Ал Австриялық экономист А. Кингтің тұжырымдамасы бойынша ҒТП жаңа кезеңін екінші өнеркәсіптік төңкеріліс ретінде қарастыруды ұсынады, ол машиналарды және өндірістік жүйелерді ақпараттармен және компьютерлік санамен қамтудан тұрады дейді. Ағылшын экономисті Т. Блекберн ғылыми-техникалық дамуды басқаша жіктейді. Ол механикаландыру, өнімді өңдеу, оны тасымалдау мен өндіріске бақылау жүргізудің үш кезеңін атап көрсетеді [6] .
Мысалға, Й. Валлерштайн 50-60 жылдары Кондратьевтің циклдары - экономикалық және әлеуметтік дамуды ғылыми-техникалық жаңалық енгізуге интеграцияландыратын нақты бір дәлел деп пайымдады.
Й. Шумпетер Н. Кондратьевтің «ұзын толқындар» идеяларын ары қарай дамытып, оны эволюциялық бағытта қолданды.
«Ұзын толқындар» теориясы С. Борнердің «азық-түлік циклдары» концепциясымен және Й. Бергердің капиталдық қоғамның даму сатыларының теориясымен толықтырылды. Мұнда мынадай тезис қарастырылады, технологиялық жаңалықтар төрт өмір сүру сатысын бастан кешіреді: балалық кезеңі- жаңалықтардың төмен қарқынмен таралуы; есейген кезеңі- жылдам қарқынмен таралуы; пісіп жетілу кезеңі- қайтадан төмен қарқынға түсуі және қартайған кезеңі-нөлдік қарқынмен сипатталады. Пісіп жетілу кезеңінде нарық бұрынғы жаңалықтармен толтырылып, үстемдік етіп тұрған бәсеке «сапа бәсекелестігінен» «баға бәсекелестігіне» өтеді, қоғам техникалық және технологиялық жаңалықтардың жаңа толқынын қажетсінеді. Алайда, Кондратьевтің теориясы бойынша пісіп жетілу кезеңіне сәйкес келетін ұзын толқындардың құлдырау кезеңі, нарықтық конъюнктурада анықсыздық тудырады және келешекті технологияларға салған капиталдардың тәуекелдігі артады.
Жаңалықтарға деген пісіп жетілген қоғамдық қажеттілік пен нарықтағы тұрақсыздық арасындағы қарама-қайшылықты - экономист А. Клянкнехт капитализмнің ғылыми-техникалық дамуындағы негізгісі деп бөлді .
Бүгінгі күнде ҒТП-ның жаңа кезеңдерін және жаңа ұзын толқындарды талдап, дәлелдеу сол бұрынғы техникалық және технологиялық тұжырымдамаға (мұндағысы микроэлектрониканың дамуы - ол бірқатар ғалымдардың пікірінше балалық шақ кезеңін бастан кешіруде) сүйенеді.
Мамандардың жорамалы бойынша, жақын арадағы 10 жылдықта ғылыми-техникалық жаңалықтардың негізгі облыстары келесілер болады:
- ұйымдастырушылық-басқару техникасы және ақпараттық техника мен технологиялар негізіндегі байланыс техникасы, мүлдем жаңа көлік жүйелерін құру;
- көп операциялық құрылғыларды, өнім сапасына бақылау жасау боынша жаңа технологияларды, компьютерлік басқаруымен интеграцияланған өндірістік-жобалық жүйелерді қоса алғандағы компьютерлік технологияларды автоматтандыру;
- ақырғы өндірістік циклмен жүретін кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсіптеріндегі экологиялық таза, қауіпсіз жаңа технология, биотехнологияны өнеркәсіптік қолдану;
- жаңа материалдар, ең алдымен шыны-талшықтық және шыны-керамикалық негізде.
Осыған байланысты біздің ойымызша ҒТП-тің жаңа кезеңдері ретінде болсын, жаңа ұзын толқын ретінде де жаңа технологиялық мүмкіндіктердің жүзеге асуы көптеген экономикалық және әлеуметтік факторларға тәуелді болатыны анық. Жалпы ҒТП-ның дамуы, бір жағынан- қоғамның өндірістік қуаттарындағы ары қарай өсетін сапалы өзгерістермен анықталса, екінші жағынан- жаңа қоғамдық қажеттіліктерге жауап болып табылады. ҒТП-тің жаңа кезеңдеріндегі өзара қызметтестік қоғамның өндірістік қуаттарындағы сапалы өзгерістермен шектеліп қалмайды, ол экономикалық байланыстар мен қоғамдық өндіріс жиынтығында, экономиканың қызмет етуінен көрініс табады.
Қандай да бір түсініктің мәнін және маңыздылығын сипаттайтын нақты аспектілер ортасын анықтау ары қарай зерттеу жүргізу мақсаттарын, құрылымы мен көлемін құру үшін негізгі бағыт болып табылады.
Әдебиеттерде инновация терминіне байланысты нұсқалар көптеп кездеседі. Мысалға мазмұнының белгісі немесе ішкі құрылымы бойынша техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және тағы басқа (ары қарай тағы басқа) инновациялар болып бөлінеді.
Инновацияның теориялық негізін қалауға үлкен үлес қосқан алғашқы экономисттердің бірі Шумпетер болды. Ол экономиканың дамуындағы өзекті мәселелер мен механизмдерге көңіл аударуға шақырды.
Инновация түсінігін алғаш рет Й. Шумпетер өзінің «Экономикалық даму теориясы» (1912 ж) және «Капитализм, социализм және демократия» (1942ж) жұмыстарында қолданды. И. Шумпетердің пікірінше инновацияның негізгі қайнар көзі ірі корпорациялардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті болып табылады. Бұл салалар мен нарықтардың «күйзеліск» түсуіне алып келеді. Екіншіден, бұл тиімді экономикалық шешімдерге жаңа ой-пікірлер қосуға қабілетті жаңалық ашушы-кәсіпкерлердің шығармашылығы. Шумпетер инновацияны тек жаңалық енгізу үшін ғана емес, жаңа өндіріс функциясы ретінде анықтады.
Шумпетердің көзқарасы бойынша инновация кірістің басты қайнар көзін білдіреді: «кіріс, мәні жағынан жаңа үйлесімдікті орындаудың нәтижесі болып табылады». Ол инновацияға берілген түрлі анықтамаларға талдау жасау инновацияның өзіне тән мазмұнын өзгертеді дейді [3] .
Ол инновацияға берілген түрлі анықтамаларға талдау жасау инновацияның өзіне тән мазмұнын өзгертеді, ал инновациялық істің басты функциясы өзгеру функциясы болып табылады деген қорытынды шығарады.
Осы бағытта И. Шумпетер бес қарапайым өзгерістерді атап көрсетеді: 1) жаңа технологияларды, жаңа технологиялық процестерді қолдану немесе өндірісті жаңа нарықпен қамтамасыз ету (сату-сатып алу) ; 2) жаңа қасиеттері бар өнімдерді енгізу; 3) жаңа шикізаттарды қолдану; 4) өндірісті және материалдық қамтамасыз етудегі өзгерістер; 5) жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.
Бұл қағидаларды Шумпетер 1911 жылы құрған болатын. Кейінірек, 30-шы жылдары ол жаңа тұтыну тауарларын, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, нарықтарды, өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатында инновацияны өзгерістер ретінде қарастырды.
Шумпетердің көзқарасын талдау көрсетіп отырғандай, біздің пікірімізше, Шумпетердің теориясының негізгі ережелеріндегі инновациялық даму төменгі технологиялық сатыдан экономикалық өсу қарқынын күрт арттыратын сатыға өтумен байланысты экономикадағы жаңа процестерді білдіреді.
1980 жылдары ұлттық инновациялық жүйелердің Концепциясын бірқатар ғалымдар бір уақытта зерттеді. Олардың ішіндегі көшбасшылары, атап айтсақ, Лундвалл (Упсала қаласындағы университеттің профессоры, Швеция), К. Фримен (Ұлыбритания университеті жанындағы ғылыми саясатты зерттеу орталығының негізін қалаушы, профессор), Р. Нельсон (АҚШ-тағы Колумбиялық университеттің профессоры) болды. Олар И. Шумпетердің жалпы әдістемелік қағидаларына, ой-пікірлеріне сүйенді [11, 12, 13] .
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғ. басындағы ресейлік философ-идеалисттер бұл түсінікті басқаша түсінді. Олар әлемнің материалисттік көрінісін жоққа шығарып, еңбектің адамгершілік негізінің приоритетін атады [19] .
Ресейлік ғылым және мәдениет қайраткерлері еңбек қатынастарының адамгершілікке бастайтын бастамасын «еңбек - құрушы», «еңбек-ар», «еңбек-бақыт» түсініктерінен іздеді.
В. Соловьев және Л. Толстой еңбек қатынастарын діни адамгершілік негізі бар рухани құбылыс деп қарастырса, С. Франк, И. Ильин және П. Новгородцев негізгі белгілері адам бостандығы және қызметтестігі болып табылатын азаматтық қоғамдағы руханияттан іздеді [19] .
Оның құрған моделінде ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыру үшін капиталдар ағымының мүмкіндіктері қарастырылды және белгілі бір жағдайда тепе-теңдік траекториясына жуықтау шамасына қарай трансұлттық корпорацияларды құруды болжайды.
Инновациялар қандай-да бір облыстағы, қандай да бір өзгерістер формасына сүйене отыра, құн және материалдық байлықты құрады, жаңа сұраныстар құрады. Негізгі капиталдардың орнын алмастырудың жаңа әдістерін және пісіп жетілген нарықтарды қолданады.
Инновациялар ресурстардың аса жоғары өнімділік және түсімділік саласына алмасуына септігін тигізеді. «Инновация» жаңалық енгізу немесе жаңалық терминдерінің синонимі болып табылады. Ресей Федерациясының 1998-2000 жылдарға инновациялық саясатының Концепциясы бойынша инновация нарықтағы жаңа немесе жетік меңгерілген өнім, іс жүзінде қолданылатын жаңа немесе жетік технологиялық процестер түрінде жүзеге асқан инновациялық істің ақырғы нәтижесі [20] .
Инновациялар мәні жағынан ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесі бола отыра, онымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 3 шілдеде жарық көрген «Инновациялық іс туралы» Заңы бойынша инновациялық іс-нәтижелері экономикалық өсім және бәсекелестік үшін қолданылатын, түрлі өндіріс салалары мен басқару саларында жаңа ой-пікірлерді, ғылыми-білімдерді, технологияларды және өнім түрлерін енгізуге бағытталған инновациялық іс [21] .
Ал инновация - жаңа немесе жетік өнімдер(жұмыс, қызметтер), жаңа немесе жетік технологиялық процестер түрінде жүзеге асатын инновациялық іс нәтижесі, сонымен қатар, қоғамды басқару салаларына және түрлі өндіріс облыстарына прогрессивті әсер ететін әр түрлі қоғамдық қатынастар аясындағы ұйымдастырушылық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешімдер.
Отандық ғылымдағы инновация мәселелеріне көптеген жұмыстар арналды. Әрбір зерттеуші инновацияны өз аспектісінде қарастырады. Мысалға, Б. А. Кембаев және тағы басқа ғалымдар инновацияны - әртүрлі сипаттағы жаңалықтар, жаңа немесе жетік тауар (қызмет) өндірісін ұйымдастыру үшін ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық және басқа да қолданылатындар деп қарастырады. Сонымен қатар, автор инновациялық іс аясында қолданылатын бірқатар терминдерге анықтама береді. «Инновациялық іс» терминін автор жаңа өнеркәсіптік өнім түрлерін өндіруге бағытталған іс-әрекет, тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік артықшылықтарына жету және қолдау, ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық және басқа да жаңалықтарды қолдану негізінде жаңа өткізу нарықтарын кеңейту және меңгеру деп түсіндіреді.
«Инновация» түсінігі қазақстандық тағы бір танымал зерттеушілердің бірі -С. Абдыгаппарованың ғылыми жұмысында кеңінен қарастырылған. Ол «жаңалық енгізу» жағдайында ұдайы өндірісті өзгертудің басты жолы «жинақтау» түсінігін дамыту және жаңа ұғымдармен толықтыру болып табылады деп тұжырымдайды. Автордың көзқарасы боынша инновация - бұл шаруашылық етуші субъектілердің жаңа ғылыми негізделген ой-пікірлерді зерттеуін, жасап шығаруын және енгізуін қамтитын мемлекеттік және нарықтық реттеу арқылы қоғамдық өмір сапасын жоғарылатуға бағытталған мақсатқа жету процесі [23] .
Отандық әдебиеттерде «жаңалық енгізу», «инновациялық процесс», «инновациялық өндіріс» түсініктері әлі де жетік меңгерілмеген.
Инновация мәселесі аясында бірқатар Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының (ары қарай ТМД) ғалымдары да үлкен үлес қосуда.
Ресейлік ғалым П. Завлин «инновация» терминін екі негізгі әдіспен сипаттайды. Біріншіден, инновация ретінде - ғылым және техника жетістіктеріне негізделген жаңа тұтынушылық құн, яғни объект танылса, қоғамдық қажеттіліктерді пайдалылығы жоғары тиімділікпен қанғаттандыру қажеттілігіне көп көңіл бөлді. Оның пікірінше инновация түсінігін жаңа өнімге немесе қызметке, оны өндіру әдісіне, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми зерттеу және басқа да салалардағы жаңалықтарға, шығындарды үнемдеуді қамтамасыз ететін және осылай үнемдеуге жағдай жасайтын қандай-да бір жетістіктерге таратылады [24] .
Инновация - бұл өзгеріс, ал инновациялық істің басты қызметі өзгеру болып табылады деп есептейді С. Д. Ильенкова [25] .
Бұл түсінік мағынасы, мәні жағынан «жаңалық ашу» немесе өнертабыс түсініктеріне сай келмейді, бұл түсініктер өнеркәсіптегі және экономикадағы техникалық прогрестің жалғыз ғана қозғаушы күші ретінде қарастырылды. Олар ең бастысы келесі элементтерімен ерекшелінеді: 1) өнертабыс немесе жаңалық ережеге сай негізгі деңгейде (бу машинасы, электр жарығы және т. б. ), ал инновация - технологиялық деңгейде, яғни қолданбалы тәртіпте (транзисторлар, пластмассалар; 2) жаңалықты бір ғана өнертапқыш жасап шығаруы мүмкін, ал инновация кешенді өнеркәсіптік зертханаларда туындайды; 3) жаңалық мәні жағынан ниетсіз іс болса, ал инновацияның мақсаты - өндіріс немесе басқару процесінде жаңалықты енгізу нәтижесінде өнімділікті жоғарылату болып табылады; 4) жаңалық кездейсоқ пайда болады, ал инновация элементтерді кешенді қолданудың нәтижесі (жүйелік техникалық зерттеулер, ғылыми-зерттеу бағдарламалары) болып табылады. [26] .
Әрбір мемлекет барлық даму қайнар көздерін бір уақытта қолданады. Алайда, басымдылық елдің өндіріс және инвестициялар негізінде емес, халық шаруашылығындағы негізгі, ғылымды көп қажет ететін салалар облысында инновациялық істерді белсендендіру негізінде дамуына берілуі керек. Осы орайда Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясының маңызы зор екендігін айта кету керек.
1. 2. Индустриалды-инновацияның әлемдік озық тәжірибелері
Ішкі және сыртқы нарыққа үнемі сұраныстағы, бәсекелестік қабілеті жоғары тауарлар мен қызметтерді шығару - инновациялық типтес экономиканың міндеті, әртүрлі елдерде түрлі жолдармен шешіледі.
Әртүрлі шет мемлекет ғылыми-техникалық және өнекәсіптік саясатты жасау және оны жүзеге асыру тәжірибесін талдау біздің елде де ескерілуі тиіс аса маңызды сәттерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Инновацияның дамыған елдердегі даму тенденциясын қарастыратын болсақ, ХVII ғасырда әлемдік экономикалық ғылыми прогрестің нағыз ортасы Батыс және Солтүстік Еуропа, ең алдымен Англия, Нидерланды, Швейцария, Венеция, Швеция болды. Дәл осы мемлекеттерде әлемдік ғылыми-техникалық және экономикалық инновацияның маңызды бір бөлігі шоғырланған. 90-шы жылдары бесінші толқынды өнеркәсіп салаларын дамыту және инновацияның шоғырлануы нәтижесінде АҚШ Еуропаны, Жапонияны, Шығыс және Оңтүстік Азияның жаңа индустриалды жолбарыстарын артқа қалдырғандығы анықталды [30] .
Мәскеу мемлекеттік университетінің белгілі ғалымы-Семен Фокиннің пікірі бойынша, инновациялар тек қалыптасқан дәстүрді бұзып қана қоймайды, сонымен қатар, қарапайым тәуекелді іскер кәсіпорындарға қарағанда үлкен кіріс әкеледі. Әлемде 70-ші жылдары жасалған ең үздік 17 жаңа өнертабыстан түсетін кіріс мөлшері орта есеппен алғанда 56 %-і құрайды. Соңғы 30 жылда американдық бизнеске салған инвестициядан түскен орташа табыс - 16% ғана [31] .
Қалайша жаңалық енгізуге болады?, тамақтану индустриясы сияқты қарапайым салада да жаңалық енгізуге болады, бұған мысал - “Mc Donald’s”. Өнімді стандарттап, осыған байланысты өнімнің өзіндік құнын және жіберілетін бағаны төмендету, жаңа өндірістік бағыт, білікті мамандар дайындау және орташа және жанұялық сатып алушыға шағып есептелген тиімді маркетинг арқылы “Mc Donald’s” жаңа өнім-жоғары сапалы гамбургерді ойлап тауып қана қалған жоқ, сонымен қатар, ол қызметтер нарығында тіптен жаңа категорияны құрды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz