Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан

аграрлық техникалық университеті

Мемлекеттік реттеу кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: “Инфляцияның пайда болу себептері және даму
факторлары.Инфляцияға қарсы саясат”

Орындаған: БЭК-21 топ студенті

Баймағанбетова Ж..Б
Тексерген:аға
оқытушы

Әжмұрат Н.Т

Орал-2008

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І Бөлім
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері.
1.1Инфляция және оның пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..5-8
1.2Инфляция типтері және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-1 4
ІІ Бөлім
Қазақстан Республикасындағы инфляция саясатының маңыздылығы
2.1Қазақстан Республикасындағы инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі
инфляцияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .15-20
2.2Инфляция формалары және
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...21-23
2.3Инфляцияға қарсы операция және экономикалық шектеу ... ... ... ...24-25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..27

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Инфляцияның пайда болу
себептері және даму факторлары. Инфляцияға қарсы саясат.
Инфляция - ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның
жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс.
Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол
көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің
басты экономикалық проблемаларына айналып отыр.
Бұл курстық жұмыс негізінен екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімнің тақырыбы: Инфляция мәні және пайда болу
себептері деп аталады. Бұл бөлімде инфляцияның мәні мен мағынасының
теориялық мәселелері, инфляциялық құбылысқа тән қалыптасқан көзқарастар
және олардың типтері, түрлері мен айқындалу белгілері бойынша жіктелімдер
қамтылған.Инфляцияның шығу тегі адамзат қоғамының дамуына байланысты үнемі
өзгеріп отыратыны, ол ХХ ғасыр басынан бастап ол мемлекеттің, орталық
банкінің, жалпы әр елдің экономикасының даму сатысын көрсететін процеске
айналғаны көрсетіледі.
Екінші бөлімде Қазақстандағы инфляция процестерге талдау жасалады.
Инфляцияның монетарлық және монетарлық емес факторлары талданып, ақша-несие
саясатының атқарған рөлі, мемлекеттің инфлцияға қарсы жүргізілген саясатты
көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
инфляцияны және жалпы экономиканы тұрақтандыру жолындағы рөлі және оның
атқарған қызметтері сипатталады.
Инфляция бүгінде әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының күрделі
мәселерінің бірі.
Осы курстық жұмыстың мақсаты- мемлекеттегі инфляция деңгейі
төмендету, экономиканы тұрақтандыру. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы
инфляцияны төмендету, тұрақтандыру мақсатында іс-шаралар қолдануда.
Инфляцияны ауыздықтау мәселесіне байланысты Ұлттық банк өз тарапынан

3
ақша- несие саясатының операцияларын қолдану арқылы экономикадағы
айналымдағы ақша сұранысы мен ұсынысын реттеп, оның жалпы көлемін керекті
мөлшерде өзгертіп отыру арқылы инфляцияның белгіленген шектен шықпауын
қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүргізіп отырған ақша-несие
саясаты мәселелеріне арналған жаңа тоқсан сайынғы аналитикалық Инфляцияға
шолу деген басылым шығарыла бастады. Бұл басылымда ақша-несие саясаты
жүргізілген жағдайлардағы макроэкономикалық ахуал, баға динамикасы, Ұлттық
банктің операцияларын, сондай-ақ алдағы тоқсанға инфляцияны болжамы туралы
ақпарат қамтылады. Ол барлық жұртшылықтың қалың тобының назарын аударады
деп есептеймін.

4
І Бөлім . Инфляция мәні және пайда болу себептері.

1.1 Инфляция және оның пайда болуы.

Инфляция-ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның
жалпы деңейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс.Ақшаның құнсыздануы, оның
сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі.Оның пайда болуын
монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады. Inflatio
(инфляция)-ежелгі медицина саласындағы ұғым.Оның мағынасы ла-тынша
inflation –іштің қампиюы,ісініп өсуі деген түсінік береді. Дүние-жүзілік
экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған-аме-рикан
экономисі А.Делмар.Ол 1864 ж.Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың Феде-ралдық
үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865ж.ж.) айналымға ал-тынға
айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар (гринбаксы -green
backs: зеленые спинки ) шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен
тыс көбеюін А.Делмар inflatiо(вздутие бу-мажного пузыря) деп атады.
Кейін-нен бұл ұғым ақша массасының тым өсуі мағынасында Еуропа елдерінің
(Франция,Ұлыбритания,Германия ) қаржыгерлері мен банкирлері-нің арасында
қолданылып, ХХ ғасырдың басынан бастап экономикалық әде-биеттерде орын ала
бастады.
Медальдің екі жағы сияқты, ақша мен инфляция өзара тығыз байланыс-

қан ұғымдар.Инфляцияны кредиттік ақшаның сырқаты деп айтуға болады. Ерте
заманда (алтын монетамен сауда-саттық кезінде) инфляция өте сирек
кездесетін құбылыс болған (тосын жағдайларда, мысалға ,соғыс кезінде не-
месе жоғорыда айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағ-дайда),
яғни бағалар ұзақ уа-қыт тұрақтылығын сақтаған.
И.Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның феноменінбірін-
ші рет түсіндіре бастады.Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы са-
тылған тауар көлеміне тең болуы тиіс.Алтын монеталық ақша айналымы ке-зінде
бұл шарт автоматты түрде орындалды.Өйткені ол кезде айналымда
5
тек қана сауда-саттық жүргізуге қажетті алтын ақша (монета) мөлшері бол-
ды.Тауар азайған уақытта артық ақша (алтын монеталар) қазына (байлық)
ретінде жинақталып, алтын сандықтарда сақталды.Қажетті тауар көбейіп,
ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп,
тауар бағасының тұрақтылығын ұстады.Алтынға толық айырбасталатын қа-ғаз
ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып отырды.
Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында мүл-
дем басқа жағдайлар орын алды. Айналымға алтынға айырбасталмайтын қа-ғаз
ақшалар шығарылды.Бұл алтын монета айналымы кезіндегі И.Фишердің теңдеуі
бойынша инфляцияға қарсы автоматты механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға
әкелді.Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жер-де сақтаудың
ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақша-лар айналымда
сақталып қала берді, ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік
бұзылды.Осының бәрі өз кезегінде экономикада инфляцияның орын алуына
әкеліп соқты.
К.Маркстың классикалық анықтамасы бойынша: ...ақша-тауардың
айырбастық құны, ол тауардың өзіндік құнынан бөлінген, бірақ ол өз бетінше
жеке тауар деп айтқаны инфляцияның шығу тегін түсінуге шамалы болса да
жарық түсіреді.Егер осы анықтаманы негізге алатын болсақ, онда ақша (қағаз
ақша) тауардың құнынан бөлініп шығуымен бірге, өзінің өзіндік құнынан
айырылған тауар. Сондықтан бүгінгі таңдағы ақша алтын монеталық дәуірде-гі
ақша айналымы сияқты жинақталу немесе қайтадан айналымға түсіп, ке-ңею
қасиеттерінен автоматты түрде айырылған. Сұраныстан жоғары мөл-шердегі
қағаз ақша тауар айналымын толтырып, өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің
бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның өсуі инфляцияның алғашқы айқын
көрінісі болып табылады. Қазіргі таңдағы инфляция феноме-нінің мән-
мағынасын осылай түсіндіруге болады.
Пайда болу себептері. Инфляция күрделі әлеуметтік-экономикалық фе-
номен, оның пайда болу себептері көбінесе бір жақты айтылмайды. Бірақ
инфляцияның негізгі пайда болу себептерін экономикадағы барлық нарық-
6
тарда (тауар, ақша, тұтынушылық қызметтер, т.б. нарықтарда) бір уақытта
сұраныстар мен ұсыныстарының арасындағы баланстың бұзылуынан (сұра-ныстың
артуынан ) деп есептейді. Басқа сөзбен айтқанда, инфляция- эко-номикадағы
баланстың (тепе-теңдіктің) жоқтығының нәтижесі, ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімнің)
құндық өлшемінің (ақшалай эквиваленті) және оның табиғи-заттық құрамының
(шикізат, материалдар, отын, қуат көзі, негізгі капитал) арасындағы
сәйкессіздіктің белгісі.
Қоғамдық өнімнің құндық және табиғи-заттай құрылымы арасындағы
сәйкессіздік себептері туралы аз еңбек жазылған жоқ. Экономистердің пікір-
лері бойынша Ресей экономикасының макроэкономикалық құрылымы (сол сияқты
Қазақстанның экономикасы да) ашық түрде инфляцияға бейімделген болатын.
Бұған сол кездегі ауыр өнеркәсіптің жеңіл өнеркәсіпке қарағанда аса зор
дамуы, өндіруші өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда үлес
салмағының көп артықшылығы, тауар өндірісінің тауар айналымынан, оны
халыққа жеткізуден үнемі алда болуы, жалпы инфрақұрылымдардың барлық
түрлерінің даму деңгейінің аса төмен болуы дәлел болады.
Үйлесімсіздіктер материалдық өндіріс саласындағы және ұлттық табыс-
ты бөлудегі сәйкессіздіктің нәтижесі болатын. Халықтың табысы өсіп, оларды
материалдық жағынан қамтамасыз ету мүмкіндіктері артта қалып қойды. Бұл
тауарлар мен тұтыну қызметтері бағасының өсуіне және ақшаның сатып алу
қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқты.
Алайда бағаның өсуі айналымдағы тек қана ақшаның шектен тыс көп
болуынан болған жоқ. Бағаның үнемі өсу процесі ХХ ғасырдың басынан бай-
қалады (ХІХ ғасырда тауарлар бағасының өсуі мен төмендеуі үнемі алмасып
отыратын). Барлық дамыған капиталистік елдерде тауарлар мен қызметтер
бағасының деңгейі ХХ ғасырда елеулі түрде өсті (мысалға АҚШ-та бөлек сауда
бағасы 17 есе өсті). Ғалым-экономистер бұл құбылысты олигополистік бағаның
қалыптасуынан деп есептейді.
Бағалардың тұрақты түрде өсуіне: экономистердің айтуынша өндірістің
және сұраныстың үнемі өзгеріп, өсіп отыруы, болашақ инфляцияны күту
7
салдарынан тауарлық келісімшарттардың қымбаттауы, әлемдегі экономика-лық
саяси ахуалдардың тұрақсыздығы себеп болды.Сонымен багалардың өсуі бір
жағынан сол тауарларға деген ұсыныстан туды.
Инфляция тек қағаз ақшаға ғана тән және ол экономиканың кез-келген
үлгісінде де орын алады. Көбінесе, инфляция айналымдағы ақшаның көбеюімен
бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны бір
қалыпта қалған күнде де туады. Мысалы, егер елде тауар өнімінің көлемі
азайып кетсе, онымен тікелей байланысты тауар айналымы-ның да көлемі
азаяды. Сөйтіп, дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі артық
болып шығуы мүмкін. Тап осындай жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де туады.
Ақша айналымын жеделдету, басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға
қосымша ақша шығарғанмен бірдей.
Инфляциялық ахуал көптеген себептердің әсерінен тууы мүмкін.Осы
себептерді екі топқа бөлуге болады:
1) Ақша айналымымен тікелей байланысты себептер:
- айналымға, бюджеттің тапшылығын жабу үшін, тауарлық ресурстармен қам-
тамасыз етілмеген тым көп қолма-қол ақша шығару;
- айналымға қолма-қол емес ақша шығарумен байланысты, шаруашылық-қа
шамадан тыс көп несие беру;
- ұлттық валютаның бағамын бір деңгейде ұстау үшін Ұлттық банктің, басқа
елдердің, еркін айырбасталымды валюталарын сатып алу, немесе сату.
2)Ақша айналымы мен жанама байланысты себептер:

- шаруашылықтың үйесімді өркендеуінің бұзылуы;
- шаруашылықтың шығынды тетігі;
- салық саясаты;
- баға саясаты;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі;

8
1.2 Инфляция типтері және түрлері.

Инфляция типтері. Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу
себептерін және оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторлар талдай
отырып, инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке
бөледі.
Сұраныс инфляциясы-өңдірістің макроэкономикалық құрлымы-ның
жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау
салдарынан пайда болатын (нарық өндірісі, тұтыну өндірісі, ақшамен қам-
тамасыздандыру және т.б.) үрдіс.
Шығын инфляциясы ХХ ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән,
бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтар-дың
әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.
Кейде макроэкономикалық деңгейде инфляцияның үш типі қарастырылады:
класикалық, нарықтық және тепе-теңсіздік (дисбалансовый)
Класикалық инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарылуына бай-
ланысты айналым саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады.
Нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты
болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады.
Диспаланстық инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдық сипа-
тынан шығатын макро және микро деңгейде қалыптасқан үйлесімсіздіктерден
туатын баға деңгейінің өсуін жатқызыды.
Инфляцияның типтерін бұлай үшке бөлінуі негізіне сұраныс және шығын
инфляцияларының факторлары алынған.
Сұраныс инфляциясы. Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен
тауарлар мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп
атайды. Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс инфля-
циясының себептерін былай деп тұжырымдайды.
1.Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен тапшылығы және оны өтеуге үкімет-
9
тің қосымша ақша эмиссиясын жүргізуі.Бюджет тапшылығының негізгі себеп-
тері: мемлекеттік шығындардың тиімсіздігі, қоғамдық өндіріс салаларының
арасындағы құрылымдық және сандық үйлесімсіздік, нарық шаруашылығын-дағы
басқару жүйесінің жетілмеуі болып табылады. Бюджет тапшылығын жабу
мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шектен тыс ақша эмиссиясы
және халықтың ақшалай табыстарын индекстеу тұтынушылар сұранысының төлем
қабілетінің ұлғаюына, соған орай нақты өнім көлемі мен қызметтердің
бағасының өсуіне алып келеді.
2.Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артуына байланысты емес,
кері-сінше қоғамдық ұйымдардың бірлестіктер мен кәсіподақтардың үкіметке өз-
дерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде болуы. Бір жағынан алып
қарағанда жалпы адам мүддесіне бағытталған өте қажетті әділ шаралардың өзі,
мысалы, трансферттік төлемдердің мөлшерін арттыру (зейнетақылар,
жәрдемақылар, дотациялар және т.б.) сияқты шаралар сұраныс инфляциясы-ның
өсуіне әкеліп соғады.
3.Мемлекеттік шығыстардың (әскери,әлеуметтік, т.б.) өсуі.
Кейбір өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасы көбінесе әскери-өнеркәсіп
кешенін қаржыландыруға бағытталған. Бұл экономика секторының өнімдері
дәстүрлі өндіріс деп танытушылар сұраныстарының нысандарына жатпайды. Бірақ
әскери тапсырмаларды орындауға (еңбекақы түрінде ) кететін ақшалар
тұтынушылар нарығында тауармен қамтамасыз етілмеген сұраныстарды
арттырады.Одан басқа әскери шығыстардың өсуі қоғамдық өндірістің құрамын
өзгертеді және инфляцияға басқа бағыттар бойынша әсер етеді. Ол мемлекеттік
борыш пен мемлекеттік бюджеттің тапшылығын арттыруғы әкеледі.Мысалға,
мұндай жағдайда әскери және басқа мақсаттарға бөлінген ұлттық табыстың бір
бөлігі орынсыз жұмсалады. Әлеуметтік тапсырыстарды орындауға байланысты
мемлекеттік шығыстар: дотациялаудың, жеңілдіктер- дің алуан түрлері,
әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің артуы нәтижесінде тұтынушылық сұраныстар
өседі.
Сұраныс инфляциясының басқа да себептері болуы мүмкін. Ол әр елдің
10
экономикасының дамуына байланысты.Қазақстанда қазіргі кезде сұраныс
инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп
келуі (мұнай, газ, минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үл-кен
өндірістік бірлестіктердің сыртқы қағаздарды көп алуы, екінші деңгей-
дегі банкілердің шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі
(бұл айналымға қо-сымша ақша шығарумен бірдей) сияқты себептер. Бұл
экономиканың біржақ-ты, шикізат өңдірумен дамып келе жатқандығының белгісі.
Экономиканы әртараптандырып қана келтірілген сұраныс инфляциясының
себептерін жою-ға болады.
Шығын инфляциясы. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін өнім өлшемі-нің
( единца продукции) қымбаттауына байланысты тауарлар мен қызметтер-дің
бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді.Шығын инфляциясы да әр ел-дің
экономикасына байланысты, өз ерекшеліктермен сипатталады. Қазақстан-да
болып өткен дағдарыс жылдары инфляцияның бұл түрінің негізгі себепте-рін
былай деп тұжырымдауға болады:
1. Кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктердің талаптарын еске-
ріп,еңбекақы мен табыстарды үнемі индікстеу. Еңбекақыны ұлғайту өз ке-
зегінде кәсіпкерлердің шығындарын жоғарлатады, өнімін қымбаттатады. Ал
өнімнің қымбаттылығы өндірісті әрі қарай дамытып, оны ұлғайтуға мүмкіндік
бермейді. Нәтижесінде жалпы ұсыныс ( тауарға, қызметтерге) қысқара бастай-
ды, ал сұраныс сол қалпында қалады немесе өседі. Сондықтан өндірістен түс-
кен таза пайданы төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің бағасын
өсіреді. Айтылған процестер ақыр аяғында инфляциялық спиральдің пайда
болуына әкеледі. : бағаның өсуі еңбекақыны ұлғайтуды талап етеді, ал
еңбекақының өсуі өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне
алып келеді.
2. Шығын инфляциясының өсуіне тағы да мына себептер негіз болады:
а)бюджет, салық салу, ақша-кредит саясатындағы заңдар базысының кемші-
літері, олардың жетілдірілмеуі; б) экономинаны реттеуге әкімшіліктің ара-
ласуы; в) құқықтық нормалардың жиі өзгеруі, заңдар түсініктемесінің көп
11
жақтылығы, кәсіпкерлікке шектеулер қою, олардың заңдық күштері мерзім-
дерінің үнемі өзгеріп отыруы сияқты экономикадағы теріс факторлар. Айтыл-
ған себептер бағаны тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың күшеюі-не
әкеліп соғады.
3. Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының көзі болып отырғандар: энер-
гия ресурстарының бағасының әлемдік баға нарығында өсуі, кейбір тауар на-
рығында монополист компаниялардың және делдал фирмалардың болуы, тұ-
тынушылық тауарлардың ішінде импорттық тауарлардың үлесінің басымды-ғы.
Инфляция толық ауқымды қарқынмен дамып отырған жағдайда, әдетте
жоғарыда көрсетілген инфляцияның екі типі де өзара шиеленісіп, бірін-бірі
күшейтіп, байланысып кездесіп отырады. Осылайша ақша массасының шек-тен тыс
көбеюі экономикада жоғары сұраныстар тудырады, ал осыған жауап ретінде
тауарлар мен қызметтер нарығында баға өседі. Сұраныс инфляциясы-нан болған
өндіріс шығынының өсуі экономиканың теңгерілмеген дамуын күшейтеді, ақша
массасына қосымша сұраныс туғызып, нәтижесінде инфля-цияның одан әрі
тереңдетуіне алып келеді.
Инфляцияның түрлері. Сұраныс және шығын инфляциясы экономиканың
дамуына, әсіресе оның макро- және инфляцияқұрылымдарына, оларға ықпал
ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына ( саяси, әлеуметтік
және т.б.) байланысты түрлері жылдамдықпен дамиды.Бұл өз кезегінде
инфляцияны келесі үш түрге жіктеуге құқық береді: баяу, қарқынды және ұшқыр
( гиперинфляция).
Баяу инфляция. Оған тұтыну бағасының орташа жылдық өнімі 8-10%-ға
дейінгі инфляция жатады.Мұндай инфляция нарық эконимикасы дамыған ел-дердің
көбіне тән. Баяу инфляция ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе жатқан
экономиканың дамуына игі әсерін тигізеді деп есептеледі. Экономикадағы ар-
тық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырылады, қосымша жұмыс
орындарын ашуға жағдай туғызады және банкілердің кредиттік пайыз-дық
ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар. Бірақ инфляция төмен-
12
гі деңгейге жеткенде ( 1-%-дан төмен ) экономикада ақша тапшылығы туады,
шаруашылықтың даму қарқыны бәсеңдейді және ондағы тиісті құрылымдық
өзгерістер тоқтайды. Сондықтан көптеген дамыған елдерде (Англия, Канада,
Швеция, ЕВС, Жаңа Зеландия) баяу инфляцияның деңгейін 1-2,5%-дан төмен
түсірмейді.
Қарқынды инфляция. Бұл жағдайда бағаның орташа жылдық өсу қарқы-ны
10-нан 100%-ға дейін шектеледі. Инфляцияның бұл түрін бағаның қарқын-дап,
бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде
ұстап, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда-саттық келісімшарттары ба-
ғамы сенімді шетел валюталарымен жүргізіледі немесе тауардың бағасында
болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі.
Ұшқыр инфляция (гиперинфляция). Әр елде ұшқыр инфляцияның крите-
рийі әр түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде гиперинфляция деп баға-ның
жылына 1000%-дан аса жоғарлауын айтады.Ал экономикасы тұрақсыз, даму
үстіндегі немесе өтпелі кезеңдегі елдер үшін гиперинфляцияның басталу
деңгейі бұдан да жоғары. Мысалы Ресейде 1992 жылы инфляция қарқыны бір
жылда 1353%-ға жетті, бірақ ресми түрде гиперинфляцияға жақын деп қана
танылды. Дегенмен көптеген экономистер гиперинфляцияға жылына бағаның 1000%
өскенін қабылдайды. ХВҚ (МВФ) айына бағанның өсу қарқыны 50%-дан асса,
гиперинфляция деп есептейді.Бұл инфляция қарқынын жылға есеп-тегенде 13000%-
ды құрайды. Егер гиперинфляция қарқыны есепке алып отыр-ған айдан бастап
алдағы 12 айда 50%-дан аспаса, онда бұл инфляцияның ұш-қырлығы жойылады,
қарқыны инфляцияның төменгі сатыларына түсті деп есептеледі.
Гиперинфляция- экономикада терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның құн-
сыздануы сонша тез болатындағынан, бағалар күн сайын ғана емес, кейде тіп-
ті күніне бірнеше рет қайта есептелуі мүмкін. Гиперинфляция өндірісті баяу-
латады, банк жүйесін, нарық механизмдерін бұзады. Экономикада үрей туды-
ратын ахуал қалыптасады, ал сауда-саттықта бірінші орынға бартер айыр-
басы, есеп айырысу жұмыстарында бағамы тұрақты шетел валютасы негізгі
13
ақшаға айналады (доллар немесе басқа сенімді валюта)
Қазақстанда бағаның ең көп шарықтауы -1992 ж. -3060%, 1993 жылдың
қарашасында бір айдың инфляция деңгейі- 56%болды. Халақаралық валюта
қорының бағалауы байынша 1992-1993 жж. Экономикадағы жағдай гиперинф-
ляцияға жақын. Ал батыс экономистерінің сипаттауы бойынша Қазақстанда 1992-
1994 жж. Гиперинфляция болды. Халықаралық қаржы есептемесінің стандарттары
(МСФО) бойынша үш жылдағы инфляция жиынтығы 100%, яғ-ни жылына орта есеппен
33,3% болса, онда ол гиперинфляция болып есепте-леді. Бұл тұрғыдан алғанда
Қазақстанда 1992-1995 жж. Гиперинфляция бол-ған. Бір айта кететін жәйт,
инфляцияны жылдамдығы бойынша үш түрге бөлу-ді абсолюттік құбылысқа
жатқызуға болмайды. Олардың деңгейі мен басқа айырмашылықтары уақыт
талаптарына сай өзгеріп отырады. Мысалы, баяу, қарқынды инфляцияның
деңгейлері әр түрлі тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция мәні
Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Инфляциялық процес
Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Инфляцияның көрініс табу формалары және мәні
Инфляцияның экономикалық әлеуметтік салдары
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Пәндер