Инфляция және жұмыссыздықтың өзара байланысы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Экономика және басқару институты

Экономикалық теория және бизнес
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Инфляция және жұмыссыздықтың өзара байланысы

Орындаған: Ажмұратов Б.
Тексерген: Акмалиева А.Ж.

Орал - 2012

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Жұмыссыздық және инфляция түсінігі
1.1 Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Инфляцияның түрлерін
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.12
2 тарау. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
2.1. Инфляцияға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...16
2.2. Инфляция мен жұмыссыздық
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Қазақстандағы инфляцияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27
Кіріспе
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын зерттеу барысында төрт бірдей
негізгі өзгешелікті байқаймыз:
Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына,
тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.
Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз
етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.
Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және жұмысынан
айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жаңа даму
кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.
Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша)
жұмыссыз қалады.
Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін –
жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы
бар. Біріншісі – экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі
болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар
ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз
жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек
жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де
жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс
сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.
Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып,
басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі:
сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді.

Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп
қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына жиынтық сұранымның
жеткіліксіздігінен туындауын жатқызады, алдымен циклдық жұмыссыздықтың
екінші тобына жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық,
құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін жатқызады.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр
болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға,
ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық
саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік
береді.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын
инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер
бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта
болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес,
сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
1 тарау. Жұмыссыздық және инфляция түсінігі
1.1 Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс
кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не
тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған
сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымына кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық
өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық
санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен
қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен
қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік
секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу
қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың
өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде
де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын
азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін
(кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге
қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек
дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады
және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді.
Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге
жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту
жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік
шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді
бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды,
адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар
проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздықтың – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі
тарихындағы ең өткір мәселенің бірі. Қазіргі кезде адамдардағы нақты
біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай
тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін
жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға оқытып, даярлау бағдарламасы жасалған.
Осының бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей
қалатын адамдар болады. Ондай адамдарды қоғамдық жұмыстарға уақытша
орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға пайдалы еңбек арқылы оларға табыс көзін
тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз
кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп (шағын несие беру
жөнінде арнайы бағдарлама мен қор бар), олардың өз кәсібін ашуына көмек
жасау көзделіп жатыр.
Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен
жұмыскерлер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс
орныдарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыра
алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.
Бағдарламада халықтың еңбекке жарамайтын топтарына әлеуметтік көмек
жасау да қарастырылған. Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл бөлінеді.
Оларды сауықтыру, қоғамның ішкі өміріне араласуын күшейту, протез-ортопедия
бұймдарын жетілдірілген технологиямен жасау, балалар мен ересектерге
арналған мүгедектер арбаларын шығару, тағы басқа мәселелер бағдарламада
қаралады.
Бағдарламада жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл
бөліп, көмектесу қарастырылған. Республикада 46 балалар үйі және
180отбасына ұқсас балалар үйі бар, олардағы балалар саны 5 мыңдай. Ондағы
балалардың кәнелетке толған соң жұысқа орналасуына, баспана берілуіне көмек
көрсетіледі.
Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте қаншалықты көбейтуге
болаты, оның әр саласы бойынша анықталған. 2010-2011 жылдары жұмыс
орныдарын құрудың басым бағыттарына жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық
тыңайтқыш өндіру, машина жасау
сондай-ақ өнеркәсіптің ауылшаруашылығын дамытуымен тікелей байланысты
салалары жатады.
Алғашқы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2009 жбірінші
тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 7,5 млн.адам. Бұл алғашқы жылдың
сәйкес кезенімен салыстырғанда 200,9 мың адамға не 2,8 % kөп. Жұмыспен
қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмысшылардың үлесі 64,5 %-ды құраса,
өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 34,6 %. Жалдамалы жұмысшылардың негізгі
үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде – 81,3 % -ды құрады.

Кесте 1
Қазақстан Республикасындағы 2010-2011жж. бірінші тоқсаныңдағы еңбек
нарығындағы негізгі көрсеткіштер
Көрсеткіштер 15жастағы және одан жоғары жастағы
халық, мың.адам
I тоқсандағы Анықтама:
IVтқ. 2009ж
2009ж 2010ж 2011ж
Жұмыссыз халық, мың. адам 661,1 652,6 624,0 618,7
Жұмыссыздық деңгейі, % 8,5 8,2 7,7 7,7
15-24жас аралығындағы Жұмыссыз 204,8 207,2 152,9 146,2
ха-лық
16-24жас аралығындағы Жастардың 14,7 14,7 11,1 10,8
жұмыссыз деңгейі
Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық 4,8 4,3 3,5 3,8
деңгейі,%
Жұмыспен қамтылған халық,мың. адам7102,7 7289,0 7489,9 7414,9
Жұмыспен қамтылу деңгейі,% 62,6 63,2 64,1 64,4
Жалдамалы жұмыскерлер,мың. адам 4563,0 4719,4 4897,8 4811,6
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 2539,1 2569,6 2692,1 2603,6
мың.адам
Экономикалық белсенді халы, 7763,2 7941,6 8113,9 8033,6
мың.адам
Экономикалық белсенді халық 68,4 68,9 69,4 69,7
деңгейі, %
Экономикалық белсенді емес халық, 3587,1 3582,8 3574,8 3488,5
мың.адам
Экономикалық белсенді емес халық 31,6 31,1 30,6 30,3
деңгейі, %

1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен себептері
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халыұтың
өндірісте жұмыспен қамтымауы.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте
егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша
жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз
атанады:
Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын
бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты
жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам,.
Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс
орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
Адамды жұмыcтан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны
жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан
бейхабар қалады.
Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы
жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.
Жұмыссыздық - еңбекшілердің бір бөлігінің жұмыс таппай, артық
халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл – капитал құрылысқа тән
құбылыс. Ол К.Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының
әрекететуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты
болып табылады. Артық адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет
Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның
еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай
жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айрылмайтын тұрақты
құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың
жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы
сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі
себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және
бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі
капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр
етеді. Мыс., Қазақстанда 1993жылдан 2003 ж. дейін жұмысшылар саны 4 есе, ал
капитал құны 12 есе өсті.
Өзгермелі капиталдың бір шама тез азаюы, көбінесе өндрістегі ғылыми-
техникалық революцияға байланысты болды. Бұл еңбекке деген сұранымның
абсолют азаюын да туғызады. Оның үстіне жұмыс күні неғұрлым ұзақ және
жұмыстың қауырттылығы неғұрлым күшті болса, қолда бар өндіріс құрал-
жабдығын жұмысқа қосуға қажетті жалдама еңбек адамы соғұрлым аз керек
болады. Жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуы өндірісте қалған
жұмысшыларды капиталистер қойған қанау шарттарына амалсыздан көнуіне мәжбүр
етеді. Мұның бәрі жұмысшы табының тұрмыс дәрежесін бұрынғыдан нашартылады.
Артық еңбекші халық капитализм қоранудың жемісі, осы қорланудың құралына,
тіптен капитализмнің дамуы мен өмір сүруінің шартына айналады. Жаппай
жұмыссыздық болуы әрбір жұмыс істейтін жұмысшыға жұмыссыздардың қатарына
шығып қалу қорқынышын туғызызады. Капитализм бұл қорқынышты пайдаланады,
жұмыссыздық неғұрлым көп болса, капитал жұмысшыларға соғұрлым күшті қысым
жасайды. Капитализм қоғамда жұмыссыздықтың екі нақты мәні бар. Капиталистер
үшін ол – арзан, көбінесе құқықсыз жұмыс күшінің қоры, бүкіл жұмысшы табын
қанауды күшейтудің құралы, капитализм экономиканың дамуы мен өмір сүруінің
қажетті шарты. Еңбекшілер үшін жұмыссыздық – тек материалдық, моральдық
жағынан зардап шегу, қорлық көру, жасына жетпей қартаю. Формасы жағынан
жұмыссыздық күнделікті, жасырын, тоқыраулы жұмыссыздық болы бөлінеді.
Жұмыссыздардың дәл есебін шығару қиын. Буржуазиялық саяси экономия мен
статистикада қолданылып жүрген жұмыссыздықтың формаларын анықтау
методологиясы, сондай-ақ артық адамдарды есепке алу әдісі жұмыссыздықтың
дәл мөлшерін әдейі азайтып көрсетеді. Буржуазияшыл экономитсер
жұмысшылардың жұмыссыз жүрген мерзіміне қарай толық және ішінара
жұмыссыздық деп ажыратылады. Мыс., АҚШ-та бір апта немесе онан көп уақыт
жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде
бір сағат та жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды
Жұмыссыздық – капиталистік экономиканың ажырамас серігі. Экономика
жағынан дамыған капиталистік елдердің бәрін де артық еңбек ресурстарының
көлемі қарастырылып отырған кезеңде не бір дәрежеде сақталып, не кейбір
жылдары тіпті көбейтіп кетеді.
1.3 Инфляцияның түрлерін жіктеу
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді. Инфляцияның мыныдай
типтері болады.
Баға өсуінің қарқыны бойынша:
1.Бірқалыпты – жылына 10% - ға дейін
2.Шоқырақтау – жылына 20% - дан 200% - ға дейін.
3.Гиперифляция – жылына 1000% - ға дейін.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы
экономистер инфляцияның бірқалыпты(баяу) түрін өндірістің дамуына қосымша
оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар
мемлекеттің бірден – бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді.
Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне
сәйкес бағаларды реттен отыруға мүмкіндік береді.
Шоқырақтау (қарқынды) инфляция – экономика үшін едәуір қиын жағдай,
біраз іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп,
оған икемделе береді.
Гиперинфляция – инфляцияның ұлттық өндіріс пен жұмыс бастылық,
көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып
табылады. Гиперинфляциянда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке
артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың асу қарқыны
айналымға шығарылған ақша көлімінің өсуінен көп есе артып кетеді. Мәселе
мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын
олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады.
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі,
екіншісі – тауардың жоғарлуы.
Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын
байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми
түрде өспеген болса да, құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін.
Инфляцияның бұл түрлі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына
байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс)
құнсызданады.
Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірніше белгі қажет:
1.Бағаның өсу қарқыны (баға индексі).
2.Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.
3.Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.
Бірінші белгі тұрғысынан жоғарыда аталып кеткендей бояу, секірмелі
және гиперинфляция деп ажыратылады.
Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең
емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты –өзгермейді,
ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі
өзгеріп тұрады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты
және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент
кесімі (ставкасы) де өседі. Нарықта тепе – теңдік (тұрақтылық)
сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке товар топтарына бағы
бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу
факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі
жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі
жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін
инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның
10%- ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Тосылған инфляциясы тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған
инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен
жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен
көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта
қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін
болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың
инфляциялық, тосу психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның
кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ал нарық жағдайына
қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның
уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама
оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар
бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт табысын
қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді,
бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына
келеді.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР (КСРО)
– да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді
(бұл нарық шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады. Содан
дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады. Қажет тауарда
іздеуді сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан ақша өндірісті
айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта
болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде сәйкессіздіктен
туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай
ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы
ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Өнімнің көтерме бағасы оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен
байланысты өсіп отырады. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды
мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек
сауда бағасы тұрақты болып отырады. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына
байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек
саудада болмағанына қарамай төменгі бағалары сақталып қалады. Мұның
барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкін берері сөзсіз.
Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті
концепция ретінде сұраным инфляциясы және ұсыныс инфляциясы анықталады. Бұл
концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері қарастырылады. Сұраным
инфляциясы жалпы сұраным арасындағы тепе – теңдіктің сұраным жағынан
бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және
еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына
қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық
мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты айналымға артық ақша массасы шығын, жалпы баға деңгейі өседі.
Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайды айналымдағы артық төлем
ақша массасы шектеулі. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы, Филипс қисығы
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы. Филлипс қисығы
IS-LM моделі
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі
Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Экономикадағы инфляция
Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы
Инфляция, инфляцияның себептері
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Пәндер