Мектепке дейінгі балалрдың іс-әрекет түрлері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Мектепке дейінгі балалрдың іс-әрекет түрлері

Орындаған
Жетекші:

Орал-2015

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-бөлім. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың іс - әрекеттерін
ұйымдастырдың теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі
түрлері ... ... ... ... ... 6
1.2 Музыкалық іс – әрекеттерді қызметті ұйымдастырудың
жолдары ... ... ... ..8
ІІ-бөлім. Мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің түрлері
2.1. Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың
еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға
әсері ... ... ...10
2.2 Мектеп жасын дейінгі балларды әр түрлі бейнелеу әрекеті
кезінде түсті
айыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .17
2.3 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта
жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы,
қазіргі баланың езінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек
әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың
психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу
әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен
еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын
үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып,
еңбектік өмірді рана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да
нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үл-ендер
өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын ойыының пайда болуының
негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті
қарым-қа-тынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан
белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бір-сыпыра праволар
беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып
алуға ниеттенген затын мұқият тексері қарауға, қызмет көрсетуге байланысты
ескертпе жасауға авосы бар екенші бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты
ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің
езі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына
байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жуйелі
орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іо әрекет
үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа
мүшелерімен жасалынатын мүндай шынайы әзара карым-қатынастар коллективтік
сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонмен бірге баланың өзіндік санасын
да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив пікіріне қарап
бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т.
б. қабілеттерін қалыптастырады.
Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және
өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-
қатынас оны балалар ойындарында. байқалатын түрлі жағдайларда өзін үстай
білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы
жағдайына,балалардың осы тобыныц талаптарына және өзінің жеке-дара
қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы
құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына бай-ланысты. Бұйырып билеп-
төстеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да
болады. Баланың ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін
анықтамайды.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеттері
туралы мағлұмат беру, түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Мектепке дейінгі іс-әрекеттер туралы түсінік беру;
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
3. Балаларды іс-әрекеттердің түрлерімен таныстыру әдістерін көрсету;
Зерттеу мәселесі. Бүгінгі таң ХХІ ғасырдың көш басы, бүкіл
дүниежүзілік прогрестің дамыған шағы. Осы кезеңде де бала тәрбиесі бір
сәтте назарда тыс қалмауы тиіс. Біз қаншама дамып, басқа өмір саласындағы
жетістіктерге жетсек те, Бала – Ұрпақ - Өркен деген ұғым өз деңгейінде
болуы тиіс. Бүгінгі күннің алға қояр мақсаты – жан – жақты бала тәрбиесі.
Ал, бала тәрбиесіне қазір үкімет тарапынан тиісті қамқорлық қайта қарала
бастады. Мектепке дейінгі мекемелердің біразы қайта ашылып және оған деген
сұраныстар көбеюде. Бұл қоғамымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі
нарық кезеңінің қиындығынан өтіп, өз - өзіне келіп, адамдардың әлеуметтік
жағдайы жақсара бастағынының белгісі. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде
уақыт талабына сай жұмыс атқаруға, ұлттық негізде тәрбиелеу мәселесі қолға
алынуға талпыныс сезіледі. Алыс аудандар мен ауылдарға жетпей жататын
әдістемелік оқу – құралдары мен бағдарламалары көбірек шығарылып, барлық
мектепке дейінгі мекемелерге жетсе екен. Халқымыздың болашақ ұрпағы өз
заманына сай тәлімді тәрбие алуы үшін, осы мәселелерге баса назар
аударылғанын қалаймыз. Сондықтан болашақ ұрпақ, соның ішінде қазақ
баласының болашағы бізді көп толғаныдары. Себебі, егемен еліміздің
болашағы, ертеңі – ол бүгінгі өсіп келе жатқан бала екені бәрімізге
белгілі. Осы балалардың дұрыс тәрбие алуы білікті мамандарға, тәрбиешілерге
тікелей байланысты. Тәрбиеші деген үлкен ұғым, сол ұғым өз деңгейінде
болып, ғасырмен қатар қадам басқаны дұрыс.
Зерттеу болжамы. Мектепке дейінгі мекемелерде әр түрлі іс-әрекеттерді
ұйымдастыра отырып балалардың бойында адамгершілік бейнесін қалыптастырады,
жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай балалардың әр түрлі нәрсеге
қызығушылығы қалыптасып, дамып, жетіле түседі, шығармашылық қабілетін пайда
болады. Балаларды мазмұны әртүрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз
оларды қосыла әсерленуге баулимыз.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі мекемеде балалардың іс - әрекеттерін
ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми – практикалық маңызы. Баланың дамуына педагогикалық
процестің басты роль атқаратындығы дәлелденді. Бұл жұмысты оқығандар
зерттеуден өздеріне қажетті мағлұматтар ала алады. Сондай – ақ мектепке
дейінгі мекеме тәрбиешілеріне де пайдалы болмақ.
Зерттеу құрылымы: жұмыс кіріспеден, теориялық және практикаалық
бөлімдерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-бөлім. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың іс - әрекеттерін
ұйымдастырдың теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері
Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет
процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық
балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану
әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты
болып есептеледі. Қалайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені
бала маңызды орынға талаптануын кебінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы
жағдайларда ғана жарыққа шығарады.
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға
өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы
статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу
(идентификация) күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі
ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану
қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер
бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу,
қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-
әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды.
Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік
түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-
қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар
адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді. Ойын үстінде бала шынайы затты
ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады.
Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан,
таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың
орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де
қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына
өзі қүлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі .Тепловоз ретіңде
дүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.
Сонымен, ойын бұл кезеңде өзінің мәнісі жағынан символикалық болады.
Символикалық ойын, баланың символдарды қолдануы — оның психикасының
дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші
объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік
таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық
функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-
ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді.
Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану балалар
ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бермейді.
Бала орынбасар-заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен, дүкен
ойнына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш, шүжық
орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл дөңгелектер
қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған жағдайда
адамға, жәшік — үйге айнала салады. Барлық, осы жәве осыған ұқсас ауысулар
формасы, түсі немесе функциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып шығады.
Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат койған соң енді
онымен бастапқы касиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай
әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айқалса, ол одан атады, атқа
айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі
тиіс. Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі.
Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан
зейінін жақсы жинақтайды. және көбірек есте сақтайды.Ойынның шарттарының
өзі қатысушылардан ойын ситуациясына ететін заттарға ойналатын іс-әрекеттер
мен сюжет мазмүныма зейін жииақтауды талап етеді.
1.2 Музыкалық іс – әрекеттерді қызметті ұйымдастырудың жолдары
Мектеп жасына дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық
қызметті ұйымдастырудың мынадай формаларын айқындап береді: сабақ, музыканы
мерекелер мен ойын – сауықта, дербес және басқа қызметтерде пайдалану.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті. Музыка ұйымдастырылған оқу іс -
әрекеті – белгілі бір жастағы балалардың бәрі бір мезгілде қатысатын оқу
процесінің формасы. Олар ұжым болып ән айтады, ойнайды, билейді. Бәрі
бірдей тебіреніс – толғанысқа бөленіп, ортақ іс атқаруға талаптанған
балалар әрқайсысының ісінің сәттілігі мен сәтсіздігін – бүкіл ұжым ісінің
сәттілігі мен сәтсіздігі деп біледі. Бұл, сөз жоқ, балалардың музыкалық
қызметін ұйымдастырудың тиімдірек формасы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттері ересектермен және
өзге балалармен бірлесе қызмет істеуінен көрінеді. Педагог әр баланың жеке
басының жетілуіне дәйекті әдістемелік тәсілдерді қолдану, бүкіл ұжымға
ортақтандыру арқылы ықпал жасайды. Бұл ретте артта қалушының қиыншылықтарды
жеңіп, тез ілгерілеуіне көмектесетін құрбы – құрдастарының үлгілі істері
пайдаланылады.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттер музыкалық қызметтің барлық түрі
бойынша жасалған бағдарламаға сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды
бірнеше сабаққа бөле отырып, олардың әрқайсысын әрі дербес педагогикалық,
әрі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігін қамтитындай етіп
ұйымдастырады. Балаларды сонымен қатар келесі оқу іс - әрекеттерде не
жайлы айтылатынына, онда қандай әнді үйренетіндігіне, мерекеге қалай
әзірлену керектігіне т.б. оқу іс - әрекетінің қай – қайсысы болса да өткен
және алда жүргізілетін оқу іс - әрекетімен байланысты болуы тиіс. Оқу
процесін ұйымдастырудың мынадай кестесін белгілей кетуге болады: жаңа
материалмен таныстыру, ішінара меңгерілген шығарманы түгел үйрену, алған
білімдерді тиянақтау.
Іс - әрекет алмасып отырады: балалар ән айтады, билейді, ойнайды,
музыка тыңдайды. Бұл педагогқа белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол
балалардың назарын музыка аспаптары әуендерінің ауысуына байланысты
бағыттап отырады. Әр түрлі эмоциялық және қимыл арқылы орындалатын
тапсырмаларды ұштастыра білу жетекшінің оқытуды білікті әрі алуан түрлі
етіп жүргізуіне жәрдемдеседі.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерді ұйымдастыру балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай белгіленеді және ересек адам мен бала арасындағы
қарым – қатынастың өзгере бастауымен айқындалады. Педагог тапсырмаларды
бірте – бірте күрделендіріп, әдістемелік әдістерді түрлендіре отырып, оқу
іс - әрекеттерді жоғары топтағы балалардың анағұрлым және өздігінен қызмет
істей алатындай дәрежеде болуын ұйымдастырады.
Жұмыс барысында туатын талаптарды ескере отырып, педагог дербес оқу іс
- әрекет формасын қолдана алады. Кейде бала оқу іс - әрекетке ұзақ уақыт
қатыспағандықтан өзін қалай ұстауын ұмытып, қысылады, ұжымдық қимыл –
ырғақтан шет қалып қояды. Мұндайда жалпы оқу іс - әрекеттен кейін қысқа
уақыттық жеке оқу іс - әрекеттер (2 – 3 минуттық) өткізген жөн. Педагог
баланың артта қалу себептерін анықтайды, ән айтудың, қимыл жасаудың кейбір
тәсілдерін түсіндіреді және көрсетеді, оған белгілі бір тапсырманы орындау
арқылы жаттықтырады. Артта қалған баламен 3 – 4 рет сабақ өткізгеннен кейін
ол ұжымда белсенді бола бастайды. Бірақ солай бола тұрса да педагог оған
назар аудара жүріп қажет болған жағдайда жеке сабақтарға тартады.
Балалардың музыкалық аспаптарда ойнаудың қайсыбір тәсілін меңгеруіне,
кейіннен мерекеде орындау үшін қайсыбір шығарманы басқалардан жасырын
үйретуіне т.б. сондайларға көмектесу қажет болған жағдайда шағын топпен
сабақтар өткізілуі мүмкін.
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу іс - әрекеті жұмысының нәтижесі мен
сапасын көтеру мәселесі – бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған маңызды
істердің бірі.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның
ішінде білім беру саласында да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар
енгізіліп, оқыту мүмкіндіктері туды. Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңы – осының айғағы.
Мектепке дейінгі мекемеде оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың түбегейлі
мақсат – міндеттерін жүзеге асыруда музыка пәнінің де алатын орны ерекше.
Балалардың эстетикалық талғамын, рухани байлығын, әсемдігін, терең сезімін,
музыкалық сауатын қалыптастыруды шығармаларды тыңдау, музыканы айту, тыңдау
арқылы жүзеге асыру үшін музыка жетекшісі мен тәрбиешінің алдына көптеген
міндеттер жүктейді.
Өзін қоршаған өмір мен мектепке дейінгі мекемедегі музыка сабағын
тығыз байланыстыра ұстау, оқу – тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі
міндет болуы керек. Өйткені, өзімізді қоршаған табиғат, күнделікті еңбек,
халықтың материалдық – рухани мәдениеті (халықтың қолданбалы өнері,
зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз әдебиеті, ойын сауық, салт –
дәстүр, т.б. музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып
табылады.
Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиенің негізгі міндеті – баланы жан –
жақты әрі үйлесімді дамыту.
ІІ-бөлім. Мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің түрлері
2.1. Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-
әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері
Қазіргі қоғамда өзекті мәселелерінің бірі –әлеуметтік, экономикалық
өзгермелі жағдайда өмір сүруге дайын болып қоймай, сонымен қатар оны
жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі күні
мектепке дейінгі ұйымдардағы оқыту-тәрбие үрдісінің мазмұны тұлғаның жеке
өмірінің, өзіндік білім мен тәрбиесінің субъектісі ретінде қалыптастыруға
бағытталып, дамытушылық, тұлғаға бағдарлы тұрғыдан қарастырылуы өзекті
мәселе болып танылады. Мектеп дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісте
көптеген тұғырлар қолданылып, тек білім білік дағдыны меңгеру, балалармен
әдістемелік жұмыста репродуктивті ақпараттар берумен шектеліп келді.
Сондықтан әлеуметтік-педагогикалық, пәндік -дидактикалық және психологиялық
дамыту үлгілеріне негізделген білім берудің дәстүрлі философиясын өзгерту
қажеттігі туады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында білім берудің мақсат, міндеттері мен мазмұны ізгілік пен
демократиялық идеяларға негізделген мемлекетіміздің білім берудегі
стратегиялық бағытын айқындайды [1, 3 б.]. Аталған идеяларды жүзеге асыру
білім берудің жаңа технологияларын, білім берудің жаңа үлгісін оқыту
үрдісіне енгізу арқылы мүмкін болатыны белгілі. Осындай жаңа білім беру
үлгілерінің бірі – тұлғаға бағдарлы педагогикасы. Бұл педагогиканың
басымдылығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын өзін-өзі анықтау
және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында тәжірибеге бағыттау және оны есепке
алуды қажет етеді. Осыған орай біздің зерттеуіміздің үшінші әдіснамалық
бағыты – тұлғаға бағдарлану тұғыры. Білім беруге осы тұрғыдан қарайтын
болсақ, мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірибесін жеке
тұлғадан оқшау емес, жеке тұлғаға тікелей қатысты қалыптастыру қажеттігін
мойындауымыз керек, сонда еңбек іс-әрекеті барысында ...бала сыртқы
педагогикалық әсерлерді жай ғана ішкі санасымен қабылдап қоймайды, берілген
білім субъектісінің жеке тәжірибесімен кездесіп, соңғысы мәдениеттенеді,
баийды, өседі, өзгереді, мұның өзі тұлғаның жеке даму векторын құрайды.
Мұндайда дербестікке, өзіндік ізденіске, өзін өзектендіру талпынысына және
басқа да жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының ішкі тетіктеріне ерекше мән
берген жөн.
Педагогикалық сөздіктерде: Тұлғаға бағдарлану тұғыры–қазіргі
педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, баланың жеке, шығармашылық
ерекшеліктерін ашу және есепке алу. Жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық,
заттық-дидактикалық және психологиялық моделі деп анықтама беріліп, рухани
және интеллектуалды сапаларының қалыптасуына бағытталады [3]. Жеке тұлғаға
бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданыста болып, бірнеше
жолдары белгілі болған.
Тұлға - адамгершілік ұстанымдары өзі үшін және қоршаған орта үшін
маңызды болып саналатын, өзін байланыстар мен қарым-қатынаста көрсете
алатын, әлеуметтік тұрғыда негізделген, оның психологиялық сипаттамаларының
жүйесінде қарастырылатын жеке адам болып табылады. Ғалымдардың пікіріне
сүйенсек, жеке адамның негізгі қызметі қоғамда қалыптасқан адамның
тәжірибесін жасампаздықпен қабылдау болып табылады.
Ә.Мұханбетжанованың зерттеуінде тұлғаға бағдарлы білім берудің
негізгі ерекшелігі педагогикалық технологияға қатысты қарастырылады. Оның
негізі түсіндіруден-түсінуге, монологтан-диологқа, әлеуметтік бақылаудан-
дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу, ал педагогтың негізгі міндеті
қарым-қатынас болып табылады [2, 35 б.]. Тұлғаға бағдарлы білім берудің
басты идеясы оқыту үрдісіндегі субьектілік қатынастарда қалыптастыру болып
табылады. Ғалымдардың пікірінше, тұлғаны құндылық ретінде қабылдау,
субъектілік тәжірибесінің ерекшелігін, даралығын, тұлғаның әлеуеті мен
мәндік күшін ашуға бағыттап, оның қатынастар жүйесі мен бағдарларының өзара
әрекеттесуіне ықпал етеді. Біздің зерттеуімізде тұлғаға бағдарлы тұрғыдағы
көзқарастар талдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі
әрекетінің бірі еңбек екендігі айқындалды. Ғалымдардың көзқарасынан білім
берудің тұлғаға бағдарлануы деп баланы еңбек іс-әрекетінің субьектісі
ретінде өзін өздігінен жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерінің дамуы,
өздігімен еңбектенуі, өзін-өзі танытуға, өзіндік тәжірибесінің негізінде
жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыттау деп түйіндейміз.
Тұлғаға бағдарлану тұғырын әдіснамалық негіздеген И.С.Якиманский
бағдарлы оқытуда баланың субьектілі тәжірибесіне сүйену керек деп
есептейді. Субьектілі тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс-әрекеттің
негізі болып табылады. Сондықтан білім беру үрдісінде баланың субъектілі
тәжірибесі тәрбиешінің беретін тәжірибесі арқылы мәдени сипатқа ие болып
өзгереді, дамытады, жетілдіреді. Біздің зерттеуіміз үшін әсіресе ғылымның
жеке тұлғаға бағдарланған оқыту үлгісінің негізгі қағидалары төмендегідей:
- мектепке дейінгі ұйымда арнайы ұйымдастырылған оқуға дейін
қалыптасқан субъектілік тәжірибесі бар баланың жекелігіне, өзіндік
құндылығына, өзіндік ерекшелігіне басым көңіл бөлу қажет (бала басынан
таным субъектісі болып табылады);
- оқу үрдісін жобалауда әлеуметтік маңызды нормативтерге сай өзгерту
енгізгенде жеке іс-әрекет ретінде қайда жаңғырту мүмкіндігін қарастыруы
тиіс;
- білім беру үрдісін жобалап, жүзеге асырған кезде әрбір баланың
тәжірибесін анықтау бойынша ерекше жұмыс жүргізіп, оны әлеуметтендіру
(мәденеттендіру) қажет; оқу жұмысының қалыптасып жатқан тәсілдерін бақылап
отыру керек;
- түрлі мазмұндағы тәжірибені алмасуға бағытталған бала мен
тәрбиешінің ынтымақтастығын іске асырған жөн; білім беру үрдісінде
қатысушылардың арасында ұжымдық бөлінген жұмысты арнайы ұйымдастыру қажет;
- білім беру үрдісіде оқытумен берілетін қоғамдық тарихи тәжірибе мен
оқуда жүзеге асырылатын баланың субъектілік тәжірибесі кездеседі;
- екі түрлі тәжірибенің (қоғамдық-тарихи және жеке) өзара
әрекеттестігі жеке тәжірибені ығыстырып, оның орнына қоғамдық тәжірибені
толтыру бағытында емес, олардың үйлесімдігі негізінде, балалардың таным
субъектісі ретінде жеке өмірінен жинағандарын пайдалану бағытында жүзеге
асырылуы тиіс; оқу, сондықтан, оқытудың тікелей кескіні бола алмайды;
- балалардың жеке тұлға ретінде дамуы (оның әлеуметтенуі) оның
нормативтік әрекеттерді меңгеруі арқылы ғана емес, сондай-ақ өзіндік
дамудың маңызды негізі ретіндегі субъектілік тәжірибенің үнемі байып,
өзгеріп отыруы арқылы да жүзеге асырылады;
- баланың негізгі нәтижесі тиісті білімдерді меңгеру не
гізінде танымдық қабілеттерді қалыптастыру болуы тиіс [3, 65 б.]. Ғалымның
белгілеуінше, тұлғаға бағдарлы оқытуда балалардың субъектісі тәжірибесіне
сүйену керек. Ғалымның ой пікірінің біздің зерттеу жұмысымыздың мектеп
жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін
қалыптастыруда арқау болатын тұстары мол. Мектеп жасына дейінгі баланың
білім, біліктерінің қалыптасуын, оларды оқыту үрдісінде берілмеген
жағдайларда қолдануын қамтамасыз ететін оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруі
арқылы таным үрдісінде өзін-өзі жүзеге асыру құқығы жүзеге асырылатынын
айтып өтеді. Оқу әрекетінде басшылыққа алатын қағидаларды ұсынып ,оның
ішінде біздің зерттеу объектімізге сәйкес келетін тұстарын іріктеп алдық.
Жаңа деңгейде дамыту үшін баланың субъектілі тәжірибесі мен танымның ішкі
құрылымына, қабілеттер мен таным стратегияларын есепке алуға көңіл бөлуді
қажет етеді.
Ересек адамдар баланың еңбек іс-әрекетінде әрбір баланың даралығы
мойындалатындай және құрметке ие болатындай жағдайында ұйымдастыруы қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігінде іс-әрекеттің белгілі бір
түрлеріне немесе мазмұнына деген қызығушылықтары, қабілеттерінде
айырмашылықтар байқалады, мысалы, іс-әрекеттің көркемдік және ойлау типіне
қарай пайда болады. Көркемдік типтегі балалар илеумен, сурет салумен,
жапсырумен, музыкамен, би билеумен айналысады. Олардың көп жағдайда
математикаға деген қабілеттері байқалады, олар өз кезегінде олардың қиялын
дамытады, эксперимент жасауға қызығады, олардың эмоционалдығы,
импульсивтігі анық байқалады. Ойлау типі анықталған балаларда тілдік
қабілеттер байқалады, олар ережелер жаттаудан өз қажеттіліктерін
қанағаттандырады. Бұл жастағы балаларға өзіндік реттеудің жоғары деңгейі
тән, олар іс-әрекеттің реттелген түрлеріне мән береді. Көркемдік және ойлау
типіндегі балаларда әлемді танудың және өзіндік реттеудің құралдары мен
тәсілдеріндегі айырмашылықтар ажыратады. Көркемдік типіндегі балалар
қолданатын белгілер жүйесінің негізінде бейнелер болады. Ойлау типіндегі
балалар сүйенетін жүйелер жүйесінің денелік сипаты болады. Бұл аталған
ерекшеліктерді біз мектеп жасына дейінгі балалар еңбек іс-әрекетінің
субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруда ескереміз.
Қазіргі заманда қоғамдық өмірде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоғамдық тәрбиелеу
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын дидактикалық ойындардың түрлерін саралау
Мектеп алды даярлық топ балаларының ойын арқылы тілін дамыту
Баланың күйзеліс жағдайының топтағы алатын орнына әсері
Оқытудың әдістері мен тәсілдері
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдістерге теориялық шолу жасау және өзіндік ерекшеліктері
Пәндер