Ізгілік ұғымы – өзін-өзі тану тұғыры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ізгілік ұғымы – өзін-өзі тану тұғыры
Орындаған: Әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану мамандығының
3 курс студенті Амангелдиева З.А.
Тексерген: Ергалиева Г.А.
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Адам бойында ізгілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру негіздері
1.1 Өзін –өзі тану пәні арқылы балалардың бойында ізгілік қасиеттерді
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .5
1.2 Студент жастарға ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың маңызы ... ... ...11
2. Ізгілік ұғымы – өзін-өзі тану тұғыры
2.1 Ізгілік ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Ізгіліктің негізі – имандылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде
және кеңінен ашуға бағытталған рухани-ізгілік білім беру ұлттық білім беру
жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық,
рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол
жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-ізгілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-
өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы
және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи
қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім
беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік
құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып,
олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы
бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
1) адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-
құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-
әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2) оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын айқындайтын ізгілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы
бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
Өзін-өзі тану рухани-ізгілік білім берудің жалпы мақсаттары:
1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2) түрлі мәселелерді ізгілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас
жасау;
4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді,
қамқор болу;
5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде
шынайы болу;
6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
7) өз ойын, сөзі мен ісін ізгілік тұрғысынан таңдауға дайын болу
және оған жауапты болу;
8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Адамзаттың рухани тәжірибесі тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық
мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға
құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды
қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен
танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен
танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке,
ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз
қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер
еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір
нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері
қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық
бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте
қалыптастырады.
1. Адам бойында ізгілік, ізгілік қасиеттерін
қалыптастыру негіздері

қалыптастыру
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамершілік-
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта Ағаш түзу өсу үшін
оған кезінен көмектесуе болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың
деп бекерге айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік,
мейірімділік, қайырымдылық, яғни ізгілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-
өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Рухани-ізгілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-
аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан –
тәрбиеленушіленрдің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен
қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра,
ізгілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген
жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушілерінің жетістіктерін зер салып талдау
керек. Ізгіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.
Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық
өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам
игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән ізгіліктің
өзге де формалары, бұл – сананың,сезімдердің, мінез -құлық пен өзара қарым-
қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-
экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу,білім беру жұмысының мазмұны мен формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.
Адамершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан
келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде
іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен
мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс- әрекетінде, қоғамдық өмірдің
құбылыстары мен танысу кезінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған
педагогтық жұмыс еңбексүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм
бастамасына тәрбиелеуге,көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған
дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға
тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге
тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны
жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де
баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді
ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. Әр баланың жеке басы-оның моральдық
дамуы үшін қамқорлық жасау-бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы,
оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-ізгілік дамуы балабақша мен
отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге
асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік
ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-
қатынастар, ізгілік сезімдер қалыптасады, еңбекте- еңбек сүйгіштік,үлкендер
еңбегін құрметтеу, сондай –ақ ұйымшылдық, жауапкершілік қасиеттер,
патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтары қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста
балаларды ізгілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен
түйінделеді:ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы
саналы қарым-қатынас-тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік,
қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б.
Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын
қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт
өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі
қаланады, немқұрайлылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі
үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Атақты педагог Сухомлинский былай деген екен: Бала кезде үш жастан он
екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің
бәрін ертегіден алады.Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана
сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы
мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат
беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті
нәрсенің мол қоры бар рухани азық. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық
көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят,
өзін өзі бағалау және ізгілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке,
ізгілікке шақырады.
Рухани –ізгілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін –өзі ұстау
дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын
қалыптастырады. Жеке адамның ізгілік санасының дәрежесі мен оның мінез-
құлқы мен іс- әрекетін анықтайды. Баланы жақсы ізгілік қасиеттерге,
мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін
халқымыз ежелден бағалай білген.
Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң
–қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға -деген мақалдардан
көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ ,айтыс, өлеңдер ізгілік тәрбиенің
арқауы. Үлкенді сыйлау ізгіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала
бойына іс-әрекет барысында, әртүрлі ойындар ертегілер қойылымдар арқылы
беріледі. Ізгілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмейді. Жас ұрпақтың
бйына ізгілік қасиеттерді сіңіру – ата ана мен ұстаздардың басты міндеті.
Демек, шәкіртке жан –жақты терең білім беріп, оның жүрегіне ізгілік асыл
қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік
көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дегендей, ата-ананың күн сайын
атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жақсы ізгілік қасиеттердің түп
негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Ізгілік қасиеттер ізгілікпен
ұштасады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде
өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып
табылады.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің
ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі-келешек тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерінің жан-
жақты жетілген, парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-
біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, ізгілік қасиеттерді үлкендерден,
тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында
ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың
қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін- өзі тануына, өзіндік
бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы ізгіліктің қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да
тілі мен мәдениетіне, салт- дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті
азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау
ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда
үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап
етіледі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол ізгілікті
,қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Баланы үлкенді сыйлауға,
кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, ізгілікке баулу ізгілік тәрбиесінің
жемісі. Ал, ізгілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу,
сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек,
ізгілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Ізгілік –адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің
жақсы ізгілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбилеуде қойылған мақсаттардың
бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіе қамқор бола білетін,
жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда
Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызының Өзін-өзі тану рухани-ізгілік
білім жобасы біздің балабақшада эксперименттік пән ретінде жүргізілді.
Өзін-өзі тану пәнінің басты мақсаты-адамдарға және қоршаған әлемге
ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру,
туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-ізгілік тәрбие беру.
Өзін-өзі тану пәні –баланы жастайынан Отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа,
тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға,
ұйымшылдыққа үйретеді. Халық педаогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен
оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар,
қиял-ғажайып ертегілері,ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері ізгілік
ниеттерге баулиды. Олай болса, ізгілік тәрбие беру кілті- халық
педагогикасында деуге болады.
Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде
Өзін-өзі тану курсының орны ерекше. Балабақша тәрбиешісіне арналған
әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың
дәптерінен тұратын бұл оқу-әдістемелік кешен Өзін-өзі тану курсының
негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтың негізгі мазмұны
Сергіту сәті, Тыныштық сәті, Ойын, Дәйексөз, Шығармашылық
жұмыс,дәптермен жұмыс, жүректен жүрекке шеңберінен тұрады. Сабақтың
негізгі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен
қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі
ойындар мен жаттығулар қолданылады. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны
бағалауын ,жалпы ізгілік қасиеттерге дамытудан тұрады. Жұмыс дәптерінде
берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы
өзіндік бір тығыз қарым –қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры
болып табылады. Мысалы: Отбасы тақырыбында ата-аналармен бірлесіп
ұйымдастырылған Менің отбасым газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек
жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған.
Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық
нығая түседі, балаға деген жауапкершілігі артады, ата-аналар бала
тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда,
отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады,
толықтырады.
Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық сана
қалыптасқан, халқының әдет –ғұрпын, салт –дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені
сау, шыныққан шымыр да сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы
мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. Рухани-ізгілік тәрбиесінде алдымен
баланы тек жақсылыққа қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны
мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Мен үш қасиетімді мақтан тұтам, депті Ақан сері. Олар: жалған
айтпадым,жақсылықты сатпадым, ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет
әркімнің өз құдайы. Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең
деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда,
олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға,
жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-ізгілік
тәрбиенің басты мақсаты.
Қорыта келенде, жас ұрпақтың тағдырын рухани-ізгілікпен
сабақтастырған, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін,руханияттық жаңа,
ізгі ілімді үйретуге қадам жасаған Өзін-өзі тану рухани ізгілік білім-
рухани өркендеудің түп тамыры, бастауы екені даусыз.
1.2 Студент жастарға ізгілік қасиеттерді
қалыптастырудың маңызы
Тәрбие - сан алуан, көпқырлы жұмыс. Оған тапжылмай атқарылатын
ыждағатты көп еңбек керек. Бұл мақалада күрделі де, ауқымды оқу-тәрбие
жұмысы барысында қалыптасатын дене және ізгілік қасиеттердің өзара
сабақтастығы тұрғысында тұжырым, ұсыныс, пікір айтуға талпынамыз.
Сөз болғалы отырған бұл екі қасиеттер жастардың (студенттердің)
бойында жоғарғы интеллектуалды деңгейде мінездің, дене тұлғасын, рухани,
мәдени деңгейін, ізгілік ар-ожданын, тіпті саяси көзқарастарын
қалыптастырады, шешуші рөл атқарады. Рас, мұнда дене, ізгілік қасиеттерін
үйретіп, оқытудың әдістемесі, жүйесі жеке дара қаралып сөз болмайды, ол
арнайы оқулықтарда (күш, шыдамдылық, шапшаңдық, ептілік, икемділік)
тұжырымдалып ұсынылады. Мұнда екі қаиеттің өзара сабақтастық тұстарына
тоқталамыз. Өйткені, оқу-тәрбие немесе педагогикалық қызметтегі жетекші,
басшыны, оқытушыны, ұстаз-тәрбиешіні, қазіргі студент - болашақ
мұғалімдердің бой болмысында аталған қасиеттердің өз дәрежесінде қалыптасуы
ешкімді бейтарап қалдырмауға тиіс.
Өмірде өз мамандығын жақсы меңгерген, білімді де білгір (мысалы,
физик, химик, тарихшы, әдебиетші, инженер, т.б.) мамандар бар. Өмір әркімге
өз қуанышы мен ренішін қабат әкеледі, - деген қағиданы ескерсек, сол білгір
мамандардың кейбірінің өзі денесінің шыныққан-шымыр, шапшаң да, жүйрік,
күшті де епті болып өскендігіне кінәлі емес шығар. Оны оларға неғұрлым жас
кездерінен бастап оқу-тәрбие саласында қызмет жасайтын ұстаздар,
тәрбиешілер, дене тәрбиесінің мұғалімдері, спорт жаттықтырушылары жүзеге
асырулары керек. Бұл оқытушы-мұғалім, тәрбиешілер үлесіне жатады. Бұл
жұмыстардың о баста жүйесіз, тиянақсыз, бақылаусыз, дәрменсіз, нәтижесіз
жүргізілуі болашақ әлжуаз, еңбек, іскерлік қабілеті төмен, өмір тауқыметіне
мойығыш, үнемі өзін меңзеген ауруды жеңу үшін бүкіл уақытын сарып етуге
жұмсайтын мамандардың қатарының көбейуіне әсер етер еді. Керісінше дене
қасиеттерін бойына қалыптастырған әрбір жас маман өмірде кездесетін сансыз
тауқыметті оңай нәтижелі шешуге, жұмысын жүйелі, саналы, тиянақты дер
кезінде атқаруға бейім тұрады. Оларда ой серіктігі мен күш-қуат сергектігі
басым болады. Өмір сүруге құштарлығы артып, қыруар жұмысты атқарып тастауға
дайын тұрады.
Әрине, адам бойындағы күш-қайратты, шыдамдылықты, ептілікті,
икемділікті тек спорт түрлері дене жаттығулары, жаппай студенттерді қимыл-
қозғалыс ойындарына қатыстыру арқылы қалыптастыру керек десек әбестік болар
еді. Бұл тапсырмалар студенттерге шартты түрде (белгілі бір уақытта,
мерзімде, көлемде, деңгейде) берілетін жүктемелер. Олардың бірқатары
шұғылданушылардың жеке мүмкіндігіне (жас, жыныс) қарай жіктелетінін
ескерсек, көп жағдайда жастар бойына дене қасиеттерін қалыптастыруда мұның
өзі жеткіліксіз.
Кез келген жаттығу, ойын, еңбек қимылдан туады. Атақты шығыс философы,
дәрігер, ғұлама ғалым Ибн Сина Ешқандай дәрі-қимылды алмастыра алмайды, ал
көп қимылдау - денсаулық кепілі деген еді. Өкінішке орай, күнделікті
тұрмысымыздағы сан алуан қимылдарға оның денсаулыққа, дене қасиеттерін
қалыптастыруға нақты ықпал ететініне мән бере бермейміз.
Бес жасар сәбиді автокөлік ішінде өздігінше тұруға бейімдеу
Иін ағашпен су тасу
Шалғы орақпен шөп шабу
Жер аударып,егін егу
Ағаш жарып, отын бұтау т.б. сияқты жаттығуларының атаулары жоқ.
Бірақ осы еңбектерде қаншама дене шынықтыру сабақтарында, спорт
жаттығуларында кездесе бермейтін буын, бұлшық ет, жүйке қимыл әрекеттері
жатыр. Мұның дене қасиеттерін қабілеттерін қалыптастыруда сабақ, жаттығу
құрылымында қарала бермейтін кейбір элементтері (кей тұста бұлшық еттердің,
буындардың барынша созылып, жиырылуы, орындалу қарқыны, ұзақтығы, жұмыс
деңгейінің жоғарылығы т.б.) жиі кездеседі.
Тұрмысымыздағы кез келген қимыл әрекеттерінен бойымызды аулақ ұстауға
тырысушылық бар. Әйтпесе, 5-6 жасар өзін-өзі ұстап тұруға мүмкіндігі бар
бүлдіршінді автокөлік ішінде жапа тармағай қарияларша орнынан тұрып, орын
берудің қандай реті бар? Керісінше, ол сәбиді өзін қолайсыз қалыпта -
қимыл дағдысына әрекетіне баулу, машықтану мүмкіндігінен айырып отырмыз.
Жаяу жүрем дегенше- ұзақ өмір сүрем де, Таза ауаны жұтқаның- көп
нәрсені ұтқаның деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Ал қазіргі
адамдар арасында көп тараған Остреохандроз, Гиподинамия, Гипертония
аурулары осы аз қимылдың нәтижесі десек әбестік болмас.
Дені сау адам - еңбек етуге қабілетті іскер болып келеді. Ондай адамда
қиыншылықты жеңе алмаймын - деген үрей болмайды. Өмір сүруге құштарлығы
артып, үнемі шат көңілде жүреді. Ерік-жігері мойымайды. Бос сөзділік пен
қуыс кеуделіктен алшақ жүріп, өзіне-өзінің сенімі мол болады. Иә, бұл
қайталап айтсаң, тек дені сау, көңілі ояу, санасы сергек адамдарға тән
қасиет.
Спорт өнерінде (ойын, жаттығу, жарыс құралдарында) жоғарыда аталған
қасиеттерді қалыптастырудың таптырмайтын тұстары көп. Міне, спорт өнерінің
құдіреті осында. Спортшы үлкен нәтижеге жету үшін мыңдаған шақырым
қашықтықты жүгіріп өтеді, мыңдаған батпан зіл темірді көтереді, шектен тыс
күш-қуатын сарқып жұмсайды. Ал, әрбір жауапты жарысқа дейінгі, жарыстан
кейінгі эмоционалдық толқулар, психикалық тепе-теңсіздік, әбігер-
әбіржушілік спортшы мінез-құлқына, оның спортшы болып қана емес, абзал
азамат болып қалыптасуына да әсер етіп жатады. Мұны меңгеру күшімен
көтеріп, ой-санамен ойлап, жүйкемен сезінген адамға (спортшыға) ғана тән
құбылыс. Ең бастысы бұл қимылдар ықтиярмен табиғи жағдайда орындалады
(команда арқылы емес).
Демек, дене қасиеттерінің өзі спорт өнері арқылы спортшының жан-жақты
күрделі еңбегінің нәтижесінде қалыптасатыны ешкімге құпия емес. Ал оны
студент жастарға еге білу білікті де білгір ұстаздар міндеті. Бұл күн
тәртібінен ешуақытта алшақ тұратын мәселе емес. Қайта күнделікті
жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Өйткені тұрмыстық мамандық өмір
мұқтаждығы.
Басқа факультет студенттерін былай қойғанда Дене мәдениеті факультеті
студенттері жүйелі спортпен 4 жыл мерзімінде тұрақты шұғылданғанның өзінде
институтты бітірген 4 жыл мерзімнен кейін маман-мұғалімдердің жылдамдық
және жылдамдық-күш қасиеті, 6-10 жас аралығында күш қабілеті, дайындығы,
одан әрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz