Ілініс ақауы



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Ілініс ақауы

Орындаған:
Тексерген:

Орал 2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 тарау. Автомобиль трансмиссиясы және сенімділік теориясы
1.1. Трансмиссияның қызметі, автомобильдің сенімділік
теориясы ... ... ... ... ..5
1.2. Автотрактордың трансмиссия агрегаттары және ілініс күшінің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2 тарау. Ілініс ақауы және ілініске техникалық қызмет көрсету
2.1. Ілініс қызметі және іліністі
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Ілініс ақауы, даму қарқыны және ілініске қойылатын
талаптар ... ... ... ..20
2.3. Ілініске техникалық қызметі көрсету және жөндеу барысында қолданылатын
құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Автомобиль көлігінің республика үшін ерекше
маңыздылығын Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының
сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл кез-келеген өңірлер үшін жүктерді және
жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Қазақстанда тасымалдауды жүзеге асыруда автомобиль жолдары маңызды
роль атқарады. Қатты жамылғысы бар автомобиль жолдары құрамындағы
республикалық мәні бар жолдардың ұзындығы - 22,8 мың км, жергілікті мәні
бар жолдардың ұзындығы - 60,2 мың км. Республикалық мәні бар жолдар ішінде
- III санаттағы жолдар (73,0%), жергілікті мәні бар жолдар ішінде -
қозғалыс қарқындылығы жоғары және жүргінші жолы тар III және IV санаттағы
жолдар басым (тиісінше 26,4% және 66,3%).
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады.
Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен
тасылады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын
автомобильдер шығарумен айналысады. Олар талантты адамдардың бірнеше
ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Автомобильдің дүниеге келуіне басты себепші болған 1824 жылы француз
инженері С. Карноның От қызуының қозғаушы күші атты еңбегі. Бірақ бу
машинасының салмағы мен көлемі шамадан үлкен болғандықтан темір жолда және
зауыттарда ғана пайдаланылды.
Ілініс мотордан трансмиссияны аз уақытта ажыратып және оларды өзара
бірқалыпты қосу қызметін атқарады. Фрикцирнды ілініс – ол үйкелңс күшін
пайдалануға арналған. Үйкелуші күштер – дискілер. Берілетін бұраушы
моментінің шамасына және дискінің диаметріне байланысты үйкелісетін
элементтердің саны әр түрлі болады.
Автомокөлікті пайдаланғанда ілініс толық қосылмауы не ажыратылмауы
мүмкін. Оның толық қосылмауы немесе автокөліктің орнынан қозғалмауы
сығымдауыш подшипнигі мен сығу рычагының арасында саңылаудың болмауынан,
дискінің майлауынан, басқыш серіппелердің босап кетуінен болады.
Іліністер механикалық және гидравликалық болып бөлінеді. Электрлі
іліністер сирек кездеседі. Механикалық ілініс бір және бірнеше дискілі
болады. Беріліс қораптары сатылы, сатысыз, гидравликалық және автоматты
болып бөлінеді. Буданды күш қондырғылары бар автомобильдерде көбінде
электрлі трансмиссия пайдаланылады.
Курыстық жұмыстың мақсаты: Автомобильдің сенімділік және ілініс
теориясы және ілініс ақауларымен танысу.
Курыстық жұмыстың міндеттері: Ілініс ақауы және ілініске техникалық
қызмет көрсету тәсілдеріне түсінік бер. Ілініс ақауы, даму қарқыны және
ілініске қойылатын талаптары туралы мағлұмат беру. Ілініске техникалық
қызметі көрсету және жөндеу барысында қолданылатын құралдармен таныстуры.

1 тарау. Автомобиль трансмиссиясы және сенімділік теориясы
1.1. Трансмиссияның қызметі, автомобильдің
сенімділік теориясы
Автомобильдің жетекші доңғалақтарына мотордың айналу моментін
трансмиссия жеткізеді. Ол айналу моменті мен айналыс жылдамдығын өзгертіп,
жетекші доңғалақтарға таратады. Трансмиссия беріліс санын өзгертеді. Ол
мотордың иінді білігі айналу жиілігінің жетекші доңғалақтар айналу
жиілігіне қатынасына тең.
Доңғалақтарға жеткізілген айналу моментін доңғалақтық радиусына бөлсек
тарту күшін аламыз, яғни доңғалақтардың жолмен үйкеліс қатынастары
қорытындысымен автомобильдің қозғалысын қамтамасыз ететін күш. Тарту күші
қозғалысқа кедергі күштерді - жол бетінің кедергі күшін, ауаның кедергісі,
биікке көтерілу кедергісі және екпін алу күшін өзгертіп отырады. Соған
сәйкес жетекші доңғалақтарды тарту күш те өзгеріп отыруы тиіс. Тарту күші
жетекші доңғалаңтардың жолмен үйкелісімен шектеледі. Ең жоғарғы тарту күші
автомобильдің барлық доңғалағына жетек барғанда жүзеге асуы мүмкін. Қатты
төсеніш жолда жүру үшін автомобильге екі жетекші доңғалақ жеткілікті.
Трансмиссия түрлері:
1. Механикалық;
2. Гидравликалық;
3. Электрлі;
4. Құрамалы.
Автомобиль трансмиссиясына ілініс, беріліс қорабы, үлестіргіш қорап,
карданды беріліс, басты беріліс, жетекші белдіктер кіреді.
Трансмиссия майының негізгі мақсаты мынадай: тісті іліністердің
(бөлшектердің) тозуын кеміту, үйкеліс күштерін жеңуге жұмсалатын энергия
шығынын азайту, үйкелетін бөлшектердің жылуын жою және оларды мүжілуден
сақтау.
Трансмиссия автомобильдің жетекші доңғалақтарына мотордан айналу
моментін жеткізу қызметін атқарады. Айналу моментін жеткізу барысында оның
өзгеруі мен жетекші доңғалақтарға таралуы болады.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден – бір маңызды мәселе,
автомоильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені
шешу бір жағынан, автомобиль өндірушілердің анағұрлым сенімді автомобиль
шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильді техникалық
пайдалану әдістерін жетілдіру болады. Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда
ұстап тұру үшін қажетті өндірістік база құуды, ТҚ пен жөндеудің алдыңғы
қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді механикаландыру
жабдықтарын, өндіріс үдерістерін(процестерін), жүргізушінің мамандығын
жоғарылатуды, құрылысты дамытуды және жол сапасын жақсартуды талап етеді.
Тасымал құралының сенімділігіне қойылатын талаптар жылдамдығы және
автомобильдің сыйымдылығы артқанда, сонымен бірге автомобиль тасымалының
қызмет көрсету мекемесі және тасымалдың басқа түрлерімен технологиялық және
ұйымдастырушылық байланыстары күшейгенде арта түседі.
Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын
дайындайды. Карбюраторлы автокөлік моторы негізінен бензинмен немесе газбен
жұмыс істейді. Мотордың, сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету үшін
бензиннің жақсы буланғыштық және жеткілікті детонациялық беріктілік
қасиеттері болуы керек.
Бензинді мотордың иінді білігінің айналу жиілігі минутына 60 – 80
айнмин болғанда сенімді түрде іске қосуға болады. Айналудың мұндай
жиілігін қолмен айналдыру жүргізушіге едәуір күш түсіреді. ЛОны жеңілдету
үшін электр стартерін қолданады.

1.2. Автотрактордың трансмиссия агрегаттары
және ілініс күшінің пайда болуы
Трансмиссияда айналу моментінің өзгеруін ондағы беріліс санымен
бағалауға болады, ал мотордың иінді білігі айналу жиілігінің жетекші
доңғалақтар айналу жиілігіне қатынасына тең. Доңғалақтарға жеткізілген
айналу моментін, доңғалақтың радиусына бөлсек, тарту күшін Рт аламыз, яғни
доңғалақтардың жолмен үйкеліс қатынастары қорытындысымен автомобильдің
қозғалысын қамтамасыз ететін күш. Тарту күші қозғалысқа кедергі күштерді
жеңуге жұмсалады: доңғалақ айналуына кедергі күш, ауа кедергі күші, биікке
көтерілу кедергі күші және екпін алу кедергі күші. Қозғалыс жағдайына
байланысты қозғалысқа кедергі күш қосындылары үлкен шамада өзгеріп отыруы
мүмкін. Соған сәйкес трансмиссиядағы айналу моментінің өзгеруіне байланысты
жетекші доңғалақтарда тарту күші де өзгеріп отыруы тиіс. Тарту күш жетекші
доңгалақтардың жолмен үйкелісімен шектеледі. Максималды тарту күш
доңғалақтың жолмен үйкеліс коэффициенті мен үйкеліс салмағының
көбейтіндісіне тең, ярни үйкеліс салмағы автомобильдің жетекші
доңғалақтарға түсетін салмақ бөлігі. Ең жоғарғы тарту күші автомобильдің
барлық доңғалағына жетек барғанда жүзеге асуы мүмкін. Қатты төсеніш жолда
жүру үшін автомобильге екі жетекші доңғалақ жеткілікті.
Автомобиль шассиіне трансмиссия, жүріс бөлігі және басқару механизмі
жатады.

1-сурет. Ілініс механизмі
Трансмиссия, бұраушы моментті мотордан жетекші доңғалаққа беретін және
осы моментті, доңғалақтың айналыс жиілігін, шамасы мен бағытына қарай
өзгертетін агрегаттан тұрады.
Темір кендері мен концентраттары түйіршіктегіште берік шекемтастарды
түзетін қабілеті бар әртүрлі кесектелуге бейім болады. Кесектердің пайда
болуы ылғалданған бөліктердің ілінісу беріктігімен анықталатындықтан
кесектелгіштік ылғалды материалдардың бөліктерінің ілінісу беріктігі арқылы
бағалануы мүмкін.
Осыған байланысты теміркенді материалдардың кесектелу үрдісін
қарастыру кезінде шекемтастардың жалпы механикалық қасиеттерінен құралатын
ылғалды материалдың жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланыс заңдылығын
үйренуге назар аудару керек.
Ылғалды себілгіш материалдардың көлемінде
а) коллоидты ілініс күші;
б) механикалық ілініс күші;
в) молекулярлық байланыс күші;
г) капилярлы ілініс күші
Кәдімгі темір кендері мен концентраттарда коллоидтық бөлшектер аз
мөлшерде темір кені өздігімен дисперсияланатын бөлшектер материалдың сумен
әрекеттесу кейін нашар дамыған болғандықтан, коллоидтық ілініс шекемтастың
құрылуының негізгі факторы бола алмайды.
Темір кенді материалдардың ілініс беріктігіне едәуір дәрежеде
байланысты маңызды фактор болып олардың гранулометриялық табылады. Ылғалды
шекемтастардың беріктігіне гранулометриялық құрамның әсері бөлшектер
арасындағы орта арақашықтың өзгеруімен көрінеді: олардың беттері бір-біріне
жақын орналасқан сайын ілініс күштерінен жоғары адсорбцияланған
қабыршақтардың су молекулалары тәртіппен бағытталады. Осылайша, шекемдеу
материалдарындағы жұқа фракциялардың құрамы көп болған сайын, шикі
шекемтастар беріктірек болып түзіледі.
Ілініс күшінің пайда болуы. Дөңгелек қозғалтқышы жер бетімен ілініс
күшінің пайда болуын және автомобильді басқару мүмкіндігімен қамтамасыз
етеді. Дөңгелек шинасы бірқалыпсыз жолдардағы және кедергілерді жою
кезіндегі динамикалық жүктемені азайтады. Дөңгелек қозғалтқышы жетекші және
жетектегі дөңгелек болып екіге бөлінеді. Жетекші дөңгелек қозғалтқыштан
трансмиссия арқылы тарту күшіне өтетін автомобиль қозғалысын қамтамасыз ете
отырып жарқабақтау моментін өзгетеді. Жетектегі дөңгелек автомобиль
қозғалған кезде автомобиль рамасынан итергіш күш әсерінен айналады. Жетекші
және жетектегі басқарушы дөңгелек автомобиль қозғалысын басқаруды
рульдікбасқару көмегімен қамтамасыз етеді.
Бак аспасының бекіткішінің орнына лонжерон күшейткіштері орнатылған.
Іліністі-тартқыш құрылғы арнайы көлденең затқа бекітіледі. Алдыңғы буферде
буксерлі ілмектер болтпен бекітілген.
Ілініс мотор мен трансмиссияны уақытша ажыратуға және берілісті
қайтадан қосқанда автомобиль орнынан қозғалғанда оларды жайлап қосуға
мүмкіндік береді.
Қазіргі автомобильдерде механикалық трансмиссия көптараған, ол
автомобильдің қызметіне, ондағы мотордың және жетекші доңғалақтардың
орналасуына байланысты әр түрлі сызбада орындалуы мүмкін. Трансмиссияны
бағалау және автомобильдің сипаттамасы үшін доңғалақ формуласы қолданылады.
Механикалық трансмиссия. Доңғалаң формуласы 4x2 автомобильдер үшін жиі
қолданылатыны - моторы алдында орналасқан, артқы доңғалақтары жетекші және
орталық бойлық оське қатысты негізгі трансмиссия бөлшектерін орналастыру
сызбасы.
Доңғалақ формуласы 4x2 болатын жеңіл автомобильдердің механикалық
трансмиссиясы көбіне басқа схемада орындалады: мотор, ілінісу және беріліс
қорабының тікелей жетекші белдікте орналасуы: артқы доңғалағы жетекші және
мотор артында, ЗАЗ-968 М "Запорожец" автомобилі тәрізді немесе алдыңғы
жетекші доңғалақ және мотор алдында, автомобиль ВАЗ-2108 "Спутник" секілді.
Мұндай трансмиссия карданды беріліс қорабы мен жетекші белдік арасында
болмайды. Ал жетекші доңғалақтарға жартылай осьтер арқылы емес, карданды
беріліс арқылы жүргізіледі. Жетекші басқа рушы доңғалақтарға жетек тең
бұрыштың жылдамдықты карданды беріліс арқылы жеткізіледі.
Қазіргі тракторлар мен автомобильдерде фукциялы ілініс пайдаланылады.
Мұндай іліністің жұмысы үйкеліс күшін пайдалануға негізделген. Үйкелуші
беттер негізінде дискілер пайдаланылады. Берілетін бұраушы моментінің
шамасына байланысты үйкелісетін элементтерінің саны әр түрлі болуы қажет,
сондықтан ілініс бір дискілі және екі дискілі болуы мүмкін.
Автомобиль тұрған не қозгалган кезде ілініс серіппе әсерімен қосулы
тұрады. Айналыс жетектегі дискіге маховик пен басқыш дискінің үйкеліс күші
әсерінен беріледі. Ал, басқышты басқанда ілініс ажыратылады.
Трактор мен автомобильдің ілініс өлшемі жетектегі дискінің сыртқы
диаметріне байланысты. Оны конструкторлар мотордың жұмысы кезіндегі
неғұрлым қатты айналу сәтіндегі қажеттілікті негізге ала отырып таңдайды.
Ілініс мотордан трансмиссияны бір сәтке ажыратып және оларды өзара жай
ырғақсыз қосу қызметін атқарады. Сонымен қоса ол трансмиссияда пайда
болатын динамикалық күшті шектейді. Іліністің бұл түрінің ерекшелігі
қысымдау серіппесінің диафрагма түрінде қосу рычагімен бірге
жасалғандығында. Қосу рычагы болат жұқа қабырғалы, қима конусты, айнала
орналасңан тармақты серіппелі болып келеді.
Маховикке болттармен ілініс қорабы бекітіледі, оған сатылы тойтармамен
(заклепками) қысқыш тежеуіш тірек - флянец бекітіледі. Олардың арасында
орналасқан диафрагмалы серіппе сыртқы қырымен қысқыш тегершікке бекітілген,
бекіткішпен байланысқан. Тармақты серіппе мен подшипник арасында тірек
флянеці қойылады, флянец осінде қозғалу үшін ол қорапшамен үш серпімді
пластинамен бекітіледі. Флянецке үйкеліс сақинасы бекітіледі, бұл олардың
арасы мен ажырату муфтасы подшипнигі арасындағы үйкелісті күшейту үшін
жасалады.
Кескінделген жетекші серпімді дискі жан-жағына тараған он екі жұп
бөліктерден құралған, оларға үйкеліс бастырма бекітіледі. Жетектелуші
тегершіктін, мұндай құрастырмасы іліністің жайлы қосылуын жақсартады және
қызған кезінде қақырауға аз ұшырайды.
Серіппелі - үйкелісті бұраушы тербелісті сөндіргіш күшпен флянец
тесігіне орналасқан алты серіппеден және жетектелуші тегершікке бекітілген
екі өшіргіш тегершіктен тұрады. Күшпек флянеці мен тегершік арасына екі
үйкеліс сақинасы және өшіргіштің тұрақты үйкелісін қамтамасыз ететін
табақша серіппе қондырылған. Бұрау моменті қысқыш тегершікке және артқы
үйкелістік бастырмаға үш серпімді пластиналармен беріледі. Бұл пластиналар
қорапшамен қысқыш тегершікті жалғап және тегершікке оның ось бойымен шамалы
күштің әсерінен қозғалуға мүмкіндік береді, сөйтіп іліністі басқаруға
едәуір жеңілдік жасайды.
Диафрагмалық серіппелі іліністің артықшылығына, оның қарапайым
құрылымын, шағын өлшемдігін, салмағын және жеңіл басқарылатындығын
жатқызуға болады. Өйткені - күшті диафрагмалық серіппе іліністі азайтады.
Сонымен бірге диафрагмалық серіппе жоғарылаған бұрыштық жылдамдықты аз
сезінеді (әлсіз қабылдайды), бұл жағдайда қысымдық күш шамалы өзгереді.
Дегенмен, іліністің бұл түрі үлкен осьтік күшке есептелген диафрагмалық
серіппені жасаудың қиындығы себебінен көбіне жеңіл автомобильдер мен жеңіл
жүк автокөліктерде қолданып келеді.
Негізгі бөлшектерінің материалы. Іліністің жетектелуші тегершігі 85
немесе 50 болаттан, оның күшпегі -35 немесе 40х болаттан, ал қысқыш
тегершік С418-36 немесе басқа арнайы шойыннан жасалады. Іліністің серіппесі
60Г, 85 немесе 50хФА болаттан жасалған сымнан оралынады. Автомобильдік
ілініс үшін құрамында асбест толтырғышы негізіндегі асбесті-үйкелісті
бастырма қолданылады.
Сондай-ақ, мыс, жез, қалайы, алюминий, смола, синтетикалық каучук және
үйкелістік желініс төзімділігін, жылу төзімін жақсарту үшін олардың
қоспаларын қолданады.
Қысқы жағдайда жұмыс істеу алдында іліністі, бұрылыс және тежеу
механизмін, жүріс бөлігі подшипниктерін, доңғалақтың ішіндегі ауа қысымын
тексеру қажет болса реттейді.
Сыртқы бұраңдалы қосылыстардың тартылуын тексеріп, кардан біліктері
мен доңғалақтарды бекіту бұрандалықтардың тартылуына назар аударады.
Пневматикалық жүйенін, сақтандырғыш клапанының жұмысын тексереді.
Пневматикалық доңғалақты автотракторлар тайғанамауы үшін олардың
шиналарындағы ішкі қысымды бірдей етіп сақтайды. Сонымен қатар, олардың
көлденең орнықтылығын жақсарту үшін автотрактордың із аралығын арттырды.
Покрышкалар жарылыл, протектор жұлынбауы үшін төмен температура жағдайында
доңғалақты орнынан баяу қозғалтады.
Автотрактордың өткізгіштігін арттыру құралдарын пайдалану.
Қалыңдығы 20 см-ден асатын қарлы жерде жұмыс істегенде кеңітілген
шынжыр табанды немесе арнайы кеңіткіштерді қолданады. Доңғалақты
автотракторларды жартылай шынжыр табанмен немесе тайғанамайтын шынжырмен
жабдыңтайды. Жартылай шынжыр табан кергіш пневматикалық доңғалақтары бар
резеңке-металл шынжыр табан түрінде жасалған. Ал шынжыр табанның өзі
резеңкеден тоқылған лента, оған топыраққа тірелетін болат бұдыр (ілінгі)
бекітіледі. Шынжыр табанның ені - 460 мм. Жартылай шынжыр табанды пайдалану
процесінде резеңке белдіктер созылады. Олардың созылу шегі - кергіш
доңғалақтың жетекші доңгалақтан 200-250 мм қашықтауы. Шынжыр табанды
құрастыруда кергіш доңгалақты ол жетекші доңғалаққа жанасқанша көтеру
қажет. Егер шынжыр табанның соңғы буындарын жалғастыру үшін бұл жеткіліксіз
болса, кергіш доңғалақтың ауасын шығарып, шынжыр табанның ұштарын жалғап,
доңғалаққа ауа үрлеп, шынжыр табанды керу керек. Жетекші доңғалақтар
ретінде арқа тәрізді шиналарды пайдалануға болады. Арқа тәрізді шиналармен
және жартылай шынжыр табанмен жабдықталған автотрактордың әдеттегі шиналары
бар автотракторға қарағанда тарту-ілінісу қасиеттері едәуір жоғары болады.
Жартылай шынжыр табанмен жұмыс істеуде техникалық қызмет көрсетудің негізгі
ережелерін қатаң сақтау қажет: бекіту орындарын күнделікті тексеру,
шиналардағы ішкі ауа қысымын оқтын-оқтын тексеру, кергіш доңғалақтарын,
подшипниктерін күн аралатып майлау. Жетекші доңғалақтардың камераларына
хлорлы кальцийдің судағы ерітіндісін (кальцийдің 25 және 75 бөлігі)
толтырудан автотракторлардың өткізгіштігі мен тарту қасиеттері едәуір
артады.
Протектордың "қыстық" бедері бар және сырғанамайтын доңғалақтарды
қолдану жақсы нәтиже береді.
Кейбір жағдайда доңғалақты трактордың тарту қасиеттерін арттыру үшін
осьтерге қосымша доңғалақтар орнатады. Қосарланған доңғалақтар орнату
шиналардың жол бетімен жанасу ауданын ұлғайтады, сондай-ақ автотрактордың
көлденең орнықтылығын арттырады, мұның қыс мезгілінде өте зор маңызы бар.
Шиналардық ішіндегі ауа қысымын кеміту есебінен де доңғалақты
трактордың ілінісуі қасиеттерін арттыруға болады. Мәселен, "Кировец"
тракторы доңғалағындағы ішкі ауа қысымын ең аз мөлшерге дейін (0,11 МПа)
кеміткенде, ең жоғарғы тарту күшінің шамасы 20-30% -ға артады. Алайда,
доңғалақты трактордың ілініс қасиеттерін бұлайша арттыру әдісін сирек
жағдайлар да ғана пайдалану керек, өйткені бұл жағдайда доңғалақтардың
майысуы күрт артып, қоршаған ортаның төмен температурасы жағдайында олардың
тез тозуына себепші болады.
2 тарау. Ілініс ақауы және ілініске техникалық қызмет көрсету
2.1. Ілініс қызметі және іліністі реттеу
Ілініс (сцепление) мотордан трансмиссияны аз уақытта ажыратып және
оларды өзара бірқалыпты қосу қызметін атқарады.
Автомобильдердің көбінде фрикционды ілініс пайдаланылады. Мұндай
іліністің жұмысы үйкеліс күшін пайдалануға негізделген. Үйкелуші беттер,
негізінде, дискілер. Берілетін бұраушы моментінің шамасына және дискінің
диаметріне байланысты үйкелісетін элементтердің саны әр түрлі болады.
Сондықтан ілініс бір дискілі және екі дискілі болуы мүмкін.

3-сурет. ГАЗ автомобильінің ілінісі

1 – картар
2 – бас цилиндр
3 – итергіш
4 – педаль
5 – жетекші диск
6 – шайба
7 – қорап
8,9 – серіппелер
10 – сығымдағыш подшепник
12 – параллон сақина

3-суретте бір дискілі ГАЗ автомобилі ілінісінің құрылысы көрсетілген.
Жетекші (басқыш) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автотрактордың трансмиссия агрегаттарын пайдалану және ағымды жөндеу
«Автомобильдердің рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер»
Механикалық беріліс қораптары
АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Беріліс қорабының қызметі
Карданды берілістердің қызметі
Карданды берілістердің түрлері
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Май сыдырғыш сақина
БИДАЙДЫ ӨСІРУ ЖӘНЕ ЖИНАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Пәндер