Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Биотехнология, мал және балық

шаруашылығы» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту»

Орындаған: Тастанова Г. С.

Тексерген: Касимова Г. В.

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Әдебиетке шолу . . . 5

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Ірі қара мал төлінің өсуі мен дамуының биологиялық ерекшеліктері . . . 10

2. 2 Малдарды жайып семіртуді ұйымдастыру . . . 14

2. 3 Малдарды бордақылауды ұйымдастыру . . . 22

2. 4 Малдарды сығындымен бордақылау . . . 27

2. 5 Малдарды төппен (бардамен) бордақылау . . . 29

ІІІ Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 33

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында фермерлік шаруашылықтарда малдарды бордақылау алдымызға қойылған міндетті өзара толықтырады. Бұл курстық жұмыста ірі қара малды жаю және семірту технологиялары берілген. Табиғатқа зиян келтірмей, жайылымдық шалғын жерлерді барынша тиімді пайдалана отырып, малды қалай дұрыс жаю және семіртуді ұйымдастыру керек деген сұраққа жауап берілген.

Бордақылау - малды сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту. Бордақылау мерзімінің ұзақтығы түліктің түріне, малдың жасына, бастапқы салмағы мен қоңдылығына байланысты. Ересек ірі қараны, негізінен жасы жетіп жарамсыз деп табылған сиырды бордақылау бастапқы күйіне қарай 2 - 3 айға созылады. Бордақылау кезеңінде сиыр тәулігіне 800 - 1000 г үстеме салмақ қосып тірілей салмағы 18 - 20%, сойыс салмағы 40%-ке артады, етінің сапасы да жақсарады. 12 -14 айлық тайыншаларды бордақылау 3 - 4 айға созылады. Бордақылау маусымында жас малдың салмағы 1, 5 есе, еті мен майы 2 есе, етінің калориясы 3 есе артады. Етке өткізетін еркек бұзауларды өсіру мен Бордақылау процестерін толассыз өзара ұштастыру арқылы бордақылау соңында тайыншаның салмағын 12 - 13 айлығында 380 - 400 кг-ға, 16 - 18 айлығында 450 - 500 кг-ға жеткізуге болады. Бордақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, ірі қара тәулігіне кемінде 1 кг салмақ қосады. Мал бордақылаудың тиімділігін арттыру үшін түліктің барлық түрлеріне ортақ өсіп-даму заңдылықтары басшылыққа алыну керек. Дені сау мал ғана тез қоң алып семіреді. Сондықтан бордақылауға қойылған мал бақылауда болуы қажет. Бордақылайтын табын құрамындағы малдың тұқымы, жасы, жынысы, салмағы, қоңы бірдей болғаны дұрыс.

Көп салалы экономикаға көшу, кәсіпкерліктің жеке және бірігу қағидаларындағы шаруашылықтың түрлі нысандарының заңды түрде жұмыс істеуі шаруашылық жүргізудің нысандары мен шарттарын еркін таңдап алуға мүмкіндік береді. Қоғамды қайта құрудың жалпы тізімінде фермерлік (шаруа қожалықтары) шаруашылықтар мен олардың түрлі біріккен нысандары маңызды орын алады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы төменгі еңбекақы, ауыл шаруашылығы өнімдері мен өндіріс құралдарының бағаларының ара -қатынасы ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарындағы өндіріс көлемін кеңейтуге мәжбүрлеуде, бұл фермерлік шаруашылықтар құрудың бастапқы кезеңі болды деп айтуға болады. Отандық және әлемдік тәжірибе, фермерлік шаруашылықтар мен басқа да ауыл шаруашылығы ұжымдарының қалыптасуына мемлекет жүйелі түрде қарап, қолдау көрсету қажеттігін көрсетеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай көмек ғылыми негізделген болу керек, атап айтқанда, фермерлік шаруашылықтар құру барысында топырақ пен өсірілетін өсімдіктер экологиялық қауіпсіз болуы тиіс.

90-шы жылдардың басында Қазақстанның барлық өңірлерінде фермерлік шаруашылықтар құру үрдісі орын алды. Фермерлік шаруашылықтар жергілікті атқару органдары, агроөнеркәсіп ұйымдары қолдау көрсеткен аудандарда белсенді құрыла бастады. Аталған шаруашылықтар түрлі жолдармен құрылды: жеке қосалқы шаруашылықтарды кеңейту және күшейту, жалға беруші шаруашылықтар, шаруалардың ауыл шаруашылығы ұйымдарынан шығуы және тағы басқа.

Сиыр етін өндіретін арнайы ет шаруашылығының маңызы шүбә келтірмейді, осы орайда көптеген елдерде ірі қара малдың жалпы санынан етті малдың үлестік салмағын арттыру үрдісі байқалады.

Мал шаруашылығының өзгеше бір саласы болып табылатын етті мал шаруашылығының бірқатар ерекшеліктері болады. Ет бағытында өсірілетін ірі қара мал тұқымдары жартылай шөлейт және далалы, таулы және тау етегіндегі жерлердің, өзен мен көл алқаптарының табиғи жайылымдарын тиімді пайдалана отырып, сапалы, экологиялық таза, арзан ет береді.

Етті ірі қара мал шаруашылығы дамыған елдердің тәжірибесі ірі пішімді, салмағы ауыр, бойы биік малды қалыптастыру - етті малды іріктеудің перспективалы бағыт екенін көрсетіп отыр.

Мұнан басқа, етті ірі қара мал мықты және өсірілетін өңірдің табиғи-климаттық және шаруашылық жағдайларына жасқсы бейімделген болуы тиіс.

Бұл сала малды жазғы уақытта да бір жерде қарқынды баға отырып, өнімді мал өсірудің әлеуетін барынша пайдаланылатын егіншілікпен айналысатын өңірлерде жоғары сапалы сиыр етін өндіруге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: ірі қара малдарды бордақылау ерекшеліктері және жайып семірту әдістерімен танысу.

Курстық жұмыстың міндеттер і: ірі қара малды бордақылау тәсілдеріне сипаттама беру, жайып семірту ерекшеліктеріне және бордақылау кезіндегі азық рационын құрастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы : кіріспе, әдебиетке шолу және негізгі бөлім мен қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Әдебиетке шолу

А. Ә. Төреханов, Д. Қ. Найманов., Н. Ә. Жазылбеков., (2006) деректерінде мүйізді ірі қара малдарды арнайы ашық алаңда бордақылап семіртуге болады. Мал бордақылауға қойған кезде 1кг өсу салмағына шығындалатын еңбек шығыны, жабық алаңдағымен салыстырғанда 2, 5-4 есе азайып, өнімнің өзіндік құны 60-65%-ке төмендейді. Бордақылауға 1-1, 5 жастар бұқаларды кәрі бұқаларды өнім бермейтін кәрі сиырларды, малдың тобын толтыруға жарамайтын, бұзаулауға жарамайтын төлдерді бордақылауға қояды [1] .

Арзуманян Е. А., Бегучев А. П., Соловьев А. А., Фандеев Б. В., (1984) зерттеулерінде бордақылау малдардың - тұқымына, жынысына жасына, қоңдылығына қарай бірнеше топқа бөледі. Арық өгіздерді семіртудің алдында жоғары сіңірімді белоктық азықтармен қамтамасыздандырады. Бордақылаудың алдында малдардың салмағын өлшейді, әрі қарай малдың салмағын ай сайын өлшейді. Жоспарлы үстеме салмақ қоспайтын (привес) малдары жеке азықтандырылады. [2]

Б. П. Завертяев. (1986) деректерінде бордақылау дегеніміз - ет малын аз уақыт ішінде мейлінше азықтандыра отырып, салмағын көтеру және етінің сапасын жақсарту. Жайылымдылық жері мол аймақтарда мал семірткен тиімді. Бұл кезде мал тәулік бойы жайылымда болады. Жайып, семіртілген мал 4-5 айда 100-150кг-ға ауырлайды, ол жас малдың бұған дейінгі салмағының 60-70 пайызы, ал сақайған мал 30-50 пайызға ауырлайды. Мал дұрыс жайылып - семіртілсе күніне 1000г-дай қосымша салмақ қосады. Жайылымда семірмеген малды қосымша 1-2 ай бордақылау керек. [3]

Байжұманов А. Б (1987) мәліметтеріне қарағанда мал бордақылауға пайдаланылатын негізгі азықтар: сыра, шарап өндірісінің қалдықтары малға жақсы тамақ болады, бидайдың сабында болатын дән сабан, жүгерінің, арпаның, бидай кебегінің жармалары, пішеннің түрлері, шалғын шөп, қызылша қалдығы - сығынды, ащы сығынды, жаздық бидайдың сабаны, крахмал-сірме өнімдеріндегі, дәнді - астық тұқымдастарынан дайындалған пішен, арпаның кебегі, жүгерінің сүрлемі, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілер, дәннен дайындалған жем, аралас құрама азықтар, күнжара майынан алған дән қалдығы. Сығындыны малға беру үшін 5-12 күннің аралығында малды үйретеді. Егер бордақылаудағы мал сығындыны, оңды немесе, дәмдеп дәмін келтіріп беру қажет. Қосымша қоспа азықтар, жем, тұз қосылады. Сақа сиырларды бордақылауға қою 60-90 күнге, ал төлдерді бордақылап семірту 120-150 күнге созылады. [4]

Байжұманов А. Б. Отарбаев А. (1990) деректерінде мүйізді ірі-қара мал бордақылауды - семіртуді жеткілікті түрде, пішінделмеген, сүрлемеген, жеммен де т. б. азықтармен ұйымдастыруға болады. Малды берілген азық мөлшеріне қарай әр жерде сүрлеммен, жеміс түбірлерімен, картоппен, көк қалдықтарымен бордақылайды. Кейде жайып та семіртеді. Бордақылау мерзімі малдың жасына, берілетін азығына байланысты. Жас мал 100-120 күнде, сақа мал 80-90 күннің ішінде семіреді. Бордақылаудағы мал үшін рационда қыс кезінде: 40-50%-жемдік азық, 25-30% - ірі азық, 20-40% - шырынды азық. Ал жаз кезінде, 35-40% - жем, 15-20% - ірі азық, 35-40% - көк шөп және т. б. [5]

Бегімбеков Қ. Н., Төреханов А. А., Байжұманов А. Б. (2006) зерттеулері бойынша азықтандыру түрі рацион құрылысына байланысты: пішендік, сүрлемдік, жемдік, сүрлем-пішендік, сүрлем-тамыр жемістілер, сүрлем-сығынды, сүрлем-пішемдеме, жемдік, шөптік - шөптік сүрлем, шөптік жемдік т. б. Малдың тірілей салмағын, қоңдылығын еркін жемдеу арқылы тез арада жоғарлату. Бордақылау ұзақтығы малдың жасына, қоңдылығына байланысты. [6]

Борисенко Е. В. (1984) деректерінде бордақыланған мал денесінде бұлшық ет және май көбейіп, сойыс шығымы жоғарлап, еттің дәмділігі жақсарады. Әдетте ұрғашы бұзауларды тұқымға қалдырып, еркек бұзауларды бордақылайды. Егерде бордақылау 6-12 айлық аралығында өте жақсы азықтандырылған ірі қара еті өте дәмді және жеңіл қорытылатын болып келеді. [7]

Востриков Н. И., Бельков Г. И., Туников Г. М. (1988) зерттеулерінде бордақылау кезеңде азықтандыру деңгейі төмен болса мал денесінде сүйек шығымы ұлғайып, еті сіңірленіп кетеді. Ірі қараны бұндай жағдайға әкелмес үшін, жазғытұрым қоректік заттарды көбінесе арзан жайылым отымен-ақ қамтамасыз ету керек. Жасыл жайылымда ертелікешкі салқынды пайдаланып жайса, бордақылаудағы ірі қара тәулігіне 30-35кг көк балауса жеп, оған қосымша күнделікті 1, 0-1, 5кг жем берілсе, жақсы тойынып, салмағы артады. Жақсы жайылым отына малды дұрыс жол білсе жас мал 130-150 тәулікте салмағын 50-60%, ал сақа мал 100-120 тәулікте 30-40% ұлғайтады. Табиғи жайылым оты тек ең арзан азық қана емес, сонымен қатар мал организміне өте бай, биологиялық құндылығы жоғары азық болып та табылады. [8]

Всяких А. С. (1984) мәліметтеріна қарағанда жайылым отына семіртілген мал етінің өте дәмді келетіні сондықтан. Жайылым өнімділігіне байланысты әрбір бақа 2-5гектар жер бөлінеді. Қажетті мөлшерде ас тұзы жеткілікті беріледі. 6 айдан асқан бұқашықтар піштіріледі. Қажетті жағдайда түнгі салқынмен жайған дұрыс. Жайылымда жеткілікті салмақ қоспаған малға қосымша жем беріп бордақылайды. Әсіресе 18 айға толмаған ірі қараның тек жайылым отына семіре қоймайтынын ескеру керек. Оларға қосымша құнарлы азық ретінде арпа, сұлы, жүгері жармаларын, құрама жем беріледі. [9]

Д. А. Кисловский (1959) зерттеулерінде Ұзақ мерзімде (7-8 ай) бордақылауға қойылған ірі қараны етке 2, 0-2, 5 жасында салмағы 450-500кг жеткенде өткізіледі немесе сояды. Олардың еті майлы, жоғары калориялы болып келеді. ұЕтке арналған ірі қараны Қазақстан жағдайында келесі рацион құрамымен азықтандыруға болады: 6-9 айлықтарында бір басқа тәулігіне 9-10кг жүгері сүрлемі, 2, 5кг пішен, 1, 3-1, 5кг дән қалдықтары, 30г ас тұзы, 60г үшкальцийфосфат; 9-12 айлықтарында - 14-15кг жүгері сүрлемі, 2кг пішен, 1кг сабан, 1кг дән қалдықтары,, 40г ас тұзы, 80г үшкальцийфосфат; 15-18 айлықтарында - 25-26кг жүгері сүрлемі, 1кг пішен, 4кг сабан, 1, 2кг дән қалдықтары, 45г ас тұзы, 100г үшкальцийфосфат. [10]

Д. Г. Прохоренко (1969) деректерінде азықтандыруды дұрыс жүргізбеуден ас қорыту жүйесінің анатомиялық құрылысы мен жекелеген мүшелерінің қызметіне зақым келтіруі мүмкін. Олар түрлі механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық себептерден туады. Айталық, азықпен бірге енген бөгде заттармен (сым, шеге, әйнек, шыны, құм, тас, т. б. ) ас қорыту жолы зақымдануы мүмкін. Бұл бөгде заттар кейде ұзақ уақыт ас қорыту жолында жатып қалып, кейде бірден тақия қарынды, жалбыршақты, диафрагманы немесе басқа бөлімін зақымдауы мүмкін. [11]

Дүйсембаев К. И., Бегімбетова Г. С., Жүнісов A. M. (1995) деректерінде ірі қара ауыз қуысын ірі азықтық сабағы, астық тұқымдастардың қылтанағы зақымдайды. Олар біраз тереңдеп кіріп, іріңді жара пайда болуы мүмкін. Одан азық желінуі кеміп, мал өнімділігі төмендейді. Асқынған жағдайда актиномикоз ауруына соқтырады. Оның емдеуі күрделі. Сондықтан қатты сабақты немесе қылтанақты азықты алдын-ала өңдеуден кейін малға жегізу керек. Мысалы, топан аралас сабанды кальцийлендіріп немесе көк азықпен бірге сүрлемге салып (30% дейін) жұмсартады. Оларды комбайыннан өткізіп, буландыруға да болады. Қылтанақты дақылдардан пішендеме дайындап немесе оларды түйіршектеуге болады. [12]

Изилов Ю. С. (1988) зерттеулерінде малды азықтандырудағы жарақаттардан сақтандыру үшін оларға берілетін жемшөпті алдын-ала тазартып, жұмсартады. Топырақ шаң-тозаңнан оларды желдетіп, тазартса, металл қосындыларынан магниттік қондырғыдан өткізу арқылы тазартады. Өңешке, қарынға енген металл қалдықтарында магниттік зонд арқылы алуға болады. Онымен алынбаса руменотомия жүргізеді. Ең негізгісі - Мао азығын таза дайындап сақтауда. Азық сақталатын және мал жайылатын жерлерді қоқыстандырмау қажет. Жемшөпті бууға, қаптауға қолданылған заттарды мұқият жинап алады. [13]

А. А. Загришев (1972) мәліметтеріне қарағанда бБордақылаудағы малды байлап, тәулігіне 3-4 рет азықтандырады. Күніне тәбетін көтеру үшін серуендетіп тұрады. Бордақылау орны құрғақ болуы керек. Асты сызданса бордақылаудағы малдың салмақ қосуы 25-30% төмендейді. Сондықтан оларға берілетін азық мөлшері қажетсіз көбейеді. Малды бордақылауда олардың өсуінің биологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. 1, 5 жасқа дейінгі жас малдың бұлшық еттерін ұлғайту энергиясы өте жоғары келеді. Осы кезеңді пайдаланып, ұшаның бағалы жерлерінің - арқа, бел, жамбас, сан бұлшық еттерін өсіруге тырысу керек. Кейіннен олардың өсу энергиясы бәсеңдеп, денеде байланған май мөлшері ұлғая түседі. Май негізінен тері астында емес, бұлшық ет аралығына байланса ет дәмді «мраморлы» яғни, бір ет, бір май болып келеді. [14]

Искакбаев Б. Б. (1996) деректерінде ірі қара малының әрбір килограмм салмағына 10-12 азық өлшемін жұмсайды. Оның үстіне салмақ қосу деңгейінде жоғары калориялы май байлану дәрежесі басым екенін ескерсек, оларды өте тез - 80-90 тәулікте бордақылау қажеттігін байқаймыз. Ірі қара мал етінің калориялығы жоғары болғанмен, жас малдың етімен салыстырғанда белогы аз болады. Етін жұмсартып дәмділігін арттыру үшін бордақылау үстінде берілетін негізгі азық көлемін соңғы кезеңде 20% азайтып, орнына түрлі құнарлы азықтар (жақсы пішін, дәмді азық) қосады. [15]

К. Ж. Каримов., А. Ә Төреханов., Ш. Д. Дәленов., Н. Ә. Жазылбеков. (2005) зерттеулерінде жазғы уақытта ірі қара бордақылау керек болса, көк азықтар - жас жүгері паясы, беде, жоңышқа, бұршақ, сұлы, күздік, беде, жоңышқа, бұршақ, сұлы, күздік қара бидай және т. б. пайдаланылады. Ірі қара малын өсіп-жетіліп, одан мол өнім алынуы үшін оның дұрыс азықтандырылуы басты шарт. ол үшін сиыр организміне қандай қоректік заттар қаншалықты мөлшерде қажет екендігін білу керек. Себебі, бұл қажетті қоректік заттар малдың жасына, өнімділік бағытына, тұқымына байланысты. Сиырға берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлығына және басқа қасиеттеріне қарай ірі, шырынды және жем азықтар деп бірнеше топқа бөледі. [16]

Л. К. Эрнст., Н. А. Кравченко и др. (1987 ) деректерінде ірі азықтарға организмге сіңуі біршама қиын, құрамында клечаткасы көп пішен, топан сияқты азықтар жатады. Шырынды құрамында көк шөп, сүрленген шөп, тамыржемістілер мен тамыртүйнектілер және т. с. с. жатады. Жемазықтар қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара бидай, арпа, тары, жүгері, т. б. дәндері жатады. Өндіріс қалдықтарынан: кебек, күнжара, кептірген жом, т. б. жатады. Соңғы кездері құрама жем өте маңызды орын алып келеді. Бұл бірнеше азықтардан, әсіресе, әр түрлі жемдерден аралстырылып, дайындалады. Ірі қара малына жем-шөп бергенде тұз, бор, сүйек ұны және сол сияқты минерал азықтарды да қосып береді. Азықтың қоректік бағы оның құрамындағы кездесетін заттардың мөлшеріне байланысты болады. мал азығының құрамына: қоректік заттардан белок, май, минералдық заттар, углеводтар, витаминдер кіреді. [17]

Л. К. Эрнст (1992) мәліметі бойынша малды азықтандырудағы жарақаттардан сақтандыру үшін оларға берілетін жемшөпті алдын-ала тазартып, жұмсартады. Топырақ шаң-тозаңнан оларды желдетіп, тазартса, металл қосындыларынан магниттік қондырғыдан өткізу арқылы тазартады. Өңешке, қарынға енген металл қалдықтарында магниттік зонд арқылы алуға болады. Онымен алынбаса руменотомия жүргізеді. Ең негізгісі - Мао азығын таза дайындап сақтауда. Азық сақталатын және мал жайылатын жерлерді қоқыстандырмау қажет. Жемшөпті бууға, қаптауға қолданылған заттарды мұқият жинап алады. [27]

Н. И. Нусов., Г. Г. Игнатенко (1974) деректерінде бордақылау малдардың - тұқымына, жынысына жасына, қоңдылығына қарай бірнеше топқа бөледі. Арық өгіздерді семіртудің алдында жоғары сіңірімді белоктық азықтармен қамтамасыздандырады. Бордақылаудың алдында малдардың салмағын өлшейді, әрі қарай малдың салмағын ай сайын өлшейді. Жоспарлы үстеме салмақ қоспайтын (привес) малдары жеке азықтандырылады. [28]

Н. И. Востриков (1988) мәліметіне қарағанда бордақылаудың басқа уақытындағы алғашқы кезеңде малды бордақылау рациондарына үйретіп, бордақылау жүргізілетін негізгі азықты көптеп жеуге бейімдейді. [29]

А. ПСолдатов., Л. П. Табакова. (1995) мағлаұматтары бойынша Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара шаруашылығын өркендетуге уақытша кедергі болып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі - жоғары сапалы мал азықтарының, әсіресе, ең алдымен олардағы алмасатын қуат пен азықтық белоктың жеткіліксіздігі. Ет бағытындағы ірі қараларды азықтандыру негізінен табиғи жайылымдар кеңінен пайдалануға негізделгендіктен, еліміздің әртүрлі аймақтарындағы мерзімдік азық үлестерінде қуаттың және белоктың жетіспеушілігі сезіледі. Мерзімдік азық үлестерінде әбден піскен астықтұқымдастар пішенінің, жүгері және күнбағыс сүрлемдерінің молдығына қарамастан, алмасатын қуат пен протеиннің жетімсіздігінен, малдар өздерін үнемі аш сезінеді. Мал бордақылауға пайдаланылатын негізгі азықтар: сыра, шарап өндірісінің қалдықтары малға жақсы тамақ болады, бидайдың сабында болатын дән сабан, жүгерінің, арпаның, бидай кебегінің жармалары, пішеннің түрлері, шалғын шөп, қызылша қалдығы - сығынды, ащы сығынды, жаздық бидайдың сабаны, крахмал-сірме өнімдеріндегі, дәнді - астық тұқымдастарынан дайындалған пішен, арпаның кебегі, жүгерінің сүрлемі, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілер, дәннен дайындалған жем, аралас құрама азықтар, күнжара майынан алған дән қалдығы. Сығындыны малға беру үшін 5-12 күннің аралығында малды үйретеді. Егер бордақылаудағы мал сығындыны, оңды немесе, дәмдеп дәмін келтіріп беру қажет. Қосымша қоспа азықтар, жем, тұз қосылады. Сақа сиырларды бордақылауға қою 60-90 күнге, ал төлдерді бордақылап семірту 120-150 күнге созылады. [30]

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Ірі қара мал төлінің өсуі мен дамуының

биологиялық ерекшеліктері

Туғаннан кейін бірінші кезеңде, малдардың ағзаның құрлымындағы өзгерістермен қатар, дене салмағы қарқынды өсе бастайды. Осымен қатар, ағза да дамып, жетіле бастайды: ұлпалар өзгеріп, ішкі мүшелері қалыптасып, ағзаның қызметтері жетіле бастайды. Басқаша айтқанда, ағзаның өсуі сандық көрсеткішермен сипатталса, ал ағзаның дамуы - сапалық өзгерістермен сипатталады, яғни жас төлдің ағзасында тұқымдық және сыртқы ортаның әсерімен орын алатын өзгерістер (1, 2-сурет) .

1 - сурет Сиыр, жаңа туған бұзауымен

Ірі қара малдың төлін етке өткізу мақсатында өсіргенде және бордақылау кзінде олардың қарқынды өсуіне көп көңіл қояды, атап айтқанда малдың тірідей салмағы, орташа тәуліктік салмақ қосуы және семіздігі сияқты сандық көрсеткіштеріне аса назар аударылады. Бұл жерде әрине бірінше кезекте, мал өсіру мен бордақылаудың экономикалық тиімділігіне де назар аударылады.

Малдың әр түрлі жастарында салмақ қосуы бір деңгейде болмайтыны белгілі. Өмірінің бірінші айларында төлдердің өсу жылдамдығын сипаттайтын орташа тәуліктік салмақ қосу көрсеткіштері баяу төмен болады, кейін үдейді, сосын тағы төмендейді. Ал төлдің өсуінің үдемелігін сипаттайтын салыстырмалы өсім өмірлерінің бірінші айларда қарқынды болса, кейін жасына орай төмендей бастайды. [1]

2 -сурет Бұзаулы сиырлар жайылымда

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың төлдерін етке өсіру және етке союға дайындаудың тиімді, заманауи технологияларын орынды пайдалану
Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары
Ірі қаралар мен қойларды бордақылау
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Қойлардың азықты қорту жүйесі бойынша биологиялық ерекшеліктерімен толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру және азық қажеттілігін есептеу
Қой қоңдылығын анықтау
Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы
Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы
Құйрықты және майлы құйрықты қой тұқымдары
Өнеркәсіп негізінде жүн мен қой етін өндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz