Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы


Батыс Қазақстан аграрлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Жоспар
- Кіріспе . . . 3
- Шаруашылыққа жалпы сипаттама . . . 5
- Шаруашылыққа экономикадағы мал шаруашылығының маңызы . . . 9
- Ірі қара, қой, шошқа шаруашылық шараларына, сапаларына сипаттама беру . . . 17
- Ауыл шаруашылық малдараның ауруына мал басының өлім жітіміне талдау жасау . . . 21
- Шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама беру . . . 22
- Кең таралған ауруға сипаттама беру . . . 26
- Аталаып отырған ауруды жоюжәне алдын алу шаралары және оның шаруашылықтары мен елді мекендерге таратпау . . . 28
- Мал дәрігерлік шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау . . . 32
- Қорытынды бағалау . . . 34
- Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 35
1. КІРІСІПЕ
Мал шаруашылығы - еліміздің ауыл шаруашылығының ең маңызды саланың бірі болып есептеледі: сүт, ет өнімдерін өндіреді және шикізат жеңіл тамақ өнеркәсібі. Сүт өнімдерінде адам ағзасына қажетті дәрумендер көп, атап айтсақ: белок, кант, ферменттер т. б. Сүтті өндіріп май, ірімшік, қаймақ өнімдерін алады. Адам ағзасында ірі қара малдың еті өзіндік орын алады. Мал шаруашылығынан қымбат әрі бағалы заттар алынады, мысалы, тері, былғары, шикізат.
Ірі қара мал басының сапалы ұрықтандырылуы қатаң қадағалауда. Аудан бойынша қолдан ұрықтандыратын 10 пункт жұмыс жасайды. Соңғы жылдары қашарларды қолдан ұрықтандыру жұмыстары 19 % жетіп отыр. Бұл жұмыстарды 25-26 % жеткізуді жоспарлап отырмыз.
2010 жылы мал шаруашылығын дамыту үшін 29, 4 млн. теңге субсидия асыл тұқымды мал алуға, аналық мал басын сақтандыру және ірі қара мал етін өндіру жұмыстарына бөлініп отыр.
Мал шаруашылығы өнімінің 2009 жылғы ауыл шаруашылығы өндірісіндегі үлесі 71, 7% болды.
2009 жылы облыстың барлық санаттарындағы шаруашылықтарда 696, 8 мың тонна сүт, 196, 6 мың тонна тірі салмақта ет, 4, 1 мың тонна жүн, 305, 6 жұмыртқа өндірілді. Сүт және жұмыртқа өндіруден біздің облыс республикада екінші, ет өндіруден үшінші орын алады.
Облыс экономикасының басым бөлігін негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып табылатын агроөнеркәсіп кешені құрайды. Оның үлесіне облыс бойынша өндірілетін ішкі жалпы өнімнің 12 % жатады.
Мамандандырылу бағыты және өндірілетін өнім көлемінің құны жағынан алып қарағанда облыстың ауыл шаруашылығы мал шаруашылығы бағытында дамып отыр, сонымен қатар жақсы дамыған өсімдік шаруашылығы да орын алған. Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнімінің 53, 3 % мал шаруашылығы өнімдері құрайды.
Мал шаруашылығының негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның көп салалығы. Облыстың табиғи-климат жағдайлары мен шаруашылықтың даму жағдайларына байланысты онда сүтті және етті ірі қара мал өсіру, биязы және қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа, жылқы құс, бұғы, мүйізді бұғы, ара, түйе және балық өсіру шаруашылықтары жақсы дамуда. Бұғы, мүйізді бұғы өсіруден және бұғы мүйізі өнімдерін өндіруден облыс Республика бойынша монополист болып есептеледі.
Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - оның аграрлық өндірісті индустрияландыру мен негізгі өнім түрлері бойынша АӨК өнімдерінің тиімділігін арттыруға негізделген тұрақты дамыту болып табылады.
Агроөнеркәсіп кешенінің неғұрлым бәсекеге қабілетті салаларында кластерлік бастаманы қалыптастыру және оны жүзеге асыру - агротехнологияның деңгейін көтеруге және өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға, қосымша құн мен агроөнеркәсіп кешенінің табыстылығын көбейтуге себепкер болатын тұрақты дамытудың негізін қалайды.
2. Ірі қара шаруашылығы
Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі - ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі. [1]
Сиыр - сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары өсіріледі. Сиырдың еті, сүті және терісі басқа да өнімдері күнделікті тұрмысымызда қажетімізді өтеп келеді. «Сиыр - бір үйдің асыраушысы» деген сөз бекер айтылмаса керек.
Сиырдың пірі - Зеңгі баба. Мүшелдік жыл санауда сиыр - екінші жыл. Ірі қарадан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, сиырдың қолтұқымдары негізінен 2 бағытта өсіріледі.
Етті бағыттағы қолтұқымдар - бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады . Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1, 5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 килоға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиыры мен шеттен әкелінген шароле, абердин-ангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Қолтұқымның өнімділігі қазақтың ақбас сиырынан 15-20 пайыз көп.
Сүтті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта өсірілетін ірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.
Қырдың қызыл сиыры. Қолтұқым XVIII ғасырдың соңында Украинаның далалы аймағында (Запорожье өңірінде) шығарылған. Сиырлардан жылына орта есеппен 3 800-4 500 л сүт сауылады. Сүтінің майлылығы 3, 6-3, 8 пайыз. Жаздың құрғақ ауа райына бейімделген. Қырдың қызыл сиыры Қазақстаннан басқа Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде таралған.
Алатау сиыры сүтті, етті бағытта өсірілетін қолтұқымға жатады. Ол ХХ ғасырдың 30-50-жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Сиырларының басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу, кеудесі ауқымды, жалпақ, арқасы біртегіс. Денесінің артқы жағы сәл көтеріңкілеу келеді. Бұл - таулы аймақ малдарына тән қасиет. Желіні тегеш пішінді. Түсі қоңырқай. Етінің сапалық қасиеті жоғары. Тез жетіледі, тайыншаларының салмағы 500-550 кг. Алатау сиыры Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында өсіріледі.
Қазіргі кезде ірі қара қолтұқымдарын асылдандыру шараларын ерекше көңіл бөлінуде. Сұрыптау жұмыстарында басты орын асыл тұқымды бұқаларды таңдап алуға тікелей байланысты. Сондықтан шет елдерде асыл қолтұқымды бұқалар өте қымбат бағаланады.
Сиырлардан төлді көп алу үшін ұрықты (ұрықтанған жұмыртқажасушаны) екінші сиырға салу әдісі қолданылады. Ұрығы алынған сиырда қайтадан жұмыртқажасуша жетілт, оны қолдан ұрықтандыра береді. Осындай әдіспен бір сиырдай жылына 20-ға жуық ұрықтанған жұмыртқажасуша алуға болады. Ірі қараны сұрыптау әдіс арқылы шығарылған қолтұқымдарының сыртқы пішіні біркелкі емес. Мексика селекционерлері биіктігі 80 см, салмағы 120-150 кг тартатын өте кішкене денелі қолтұқым шығарған. Мұндай сиырлар жеке фермерлер үшін тиімді деп есептеледі.
Қазір Қазақстанда сиырдың қолтұқымдарын асылдандыру мақсатында игі шаралар қолға алынды. Кубадан әкелінген зебу бұқаларын әулиеата сиырларымен жұптастыру арқылы сүтті бағыттағы қолтұқым шығару көзделуде. Зебу бұқаларын қазақтың ақбас сиырларымен ұрықтандыру арқылы етті бағыттағы қолтұқым алу жұмыстары жүргізілуде.
Ірі қара малдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сиыр орташа 15-20 жыл жасайды, оның буаздық мерзімі - 285 күн. Қазақ жерінде сиыр - басқа түліктерден кейін қолға үйретілген мал. Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген. Ғалымдардың пікірі бойынша, ерте кезде Қазақстанның көптеген аймақтарында жергілікті қазақ сиырларының қолтұқымы өсірілген. Сиырдың етін, сүтін пайдаланған. Қазіргі кезде ірі қара шаруашылығы - еліміздегі мал шаруашылығының ең дамыған саласы.
Ірі қараның етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі. Мұндай қолтұқымдарға - абердин-ангусс, герефорд, шортгорн, галловей, шароле, лимузин, сапта-гертруда, т. б. жатады.
Шет елдер де сүтті бағытта көп өсірілетін қолтұқымдарға - холмогор, ярославлъ, қарала сиыр, англер, айриіирлер жатады. Кейбір сүтті қолтұқымды сиырлардай жылына орта есеппен 16-20 мың литр сүт сауылады.
Швиц, симменталь, т. б. сиыр қолтұқымдары әрі сүтті, әрі етті бағытта сұрыпталған қолтұқымдар. Көптеген елдерде сиыр сүтін ерте заманнан пайдаланып келеді. Атақты орыс галымы Иван Петрович Павлов (1849-1936) «сүт - табиғатты!* өзі дайындал берген өте құнды тағамы» - деп жоғары бағалаған. Сиырдың сүтті көп беруі олардың күтіміне, азықтық қорегіне тікелей байланысты. «Сиырдың сүті - тілінде» деген даналық сөз - соның айғағы. [2]
2. Ірі қара шаруашылыққа экономикадағы мал
шаруашылығының маңызы
Ipi қарамалдың биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа, экономикаға пайдалы белгілері. Сүтті, етті және қос бағыттағы ipi қарамалдар экстерьерінің, интерьерінің және конституциясының ерекшеліктері. Жекелеген дене мүшелерінің дамуы мен интерьерлік ерекшеліктердің ішкі органдар қызметімен және өнімділігімен байланысы. Дене құрылысының типі мен конституциясын бағалауды оқып үйрену әдістері. Сүтті және eтті бағыттағы ipi қарамалдардың экстерьері мен конституцияларына қойылатын қазіргі талаптар. Малдарға ен салу. Ipi қарамалдың жоғары нерв жүйсі және оның эталогиядағы маңызы. Ipi қарамалдың мінез-құлық әрекеттері.
Жылқының экстерьері мен конституциясы туралы ілім. Форма мен функцияның өзара байланысы. Жылқыларды экстерьері бойынша бағалау тәсілдері және маңызы. Жылқы тұқымдары мен типтерінің интерьері. Әp түрлі конституциялық типтегі жылқылардың мінезі, темпераменті мен жоғары нерв жүйесінің ерекшеліктері.
Сүттің түзілуі мен бөлінуінің теориялық негіздері. Сүт өнімділігінің физиологиялық негіздері. Сүттілік пен сүт құрамына әсер ететін факторлар: тұқымы, жасы, сауын маусымының кезеңі, азықтандыруы мен күтіп-бағуы, тірілей салмағы, алғашкы бузаулаудағы жасы мен тірілей салмағы, суалу және сервис кезеңдерінің ұзақтығы, сүтейтуі, реті мен сауу техникасы және т. б. Жоғары өнімді сиырларды азықтандыру ерекшеліктері. Сүт өнімділігін көтеру жолдары.
Ipi және орташа фермаларда сиырлардың сүт өнімділігін жоспарлау және талдау, жеке және статистикалық eceбi. Сүтті сиырларды қысқы және жазғы кезеңдерде күтіп-бағу жүйелері мен тәсілдері. Азық қажеттілігін анықтау. Азық дайындау және тарату, табиғи және мәдени жайылымдар мен көк балаусаны пайдалану. Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Қи тазалау, сақтау және жою. Сауу техникасы мен тәсілдері. Сүтті алғашқы өңдеу және өткізу. Күн тәртібі. Санитарлық-ветеринариялық шаралар. Бос және байлауда күтіп-бағудағы мал топтарын кұру принциптері Әртүрлі маманданған шаруашылықтардағы табын құрылымы мен оны негіздеу.
Сүт өндірудің өндірістік технологиясы және оны зоотехникалық-экономикалық негіздеу. Циклограмма. Энергия өнімділігі және экологиялық негізделген технологиялар. Қуаттылығы әртүрлі сүт фермаларын салудың бас жоспарлары. Өндірістік алаң-блоктарын орналастыру жоспары. Сүт өндіру мен табынды өз төлінен көбейтудің үздіксіз-цехтық технологиялық жүйесі: сиырлардың цехтарда тұру ұзақтығын негіздеу: сиыр орындарының санын есептеу. Фермерлік және шаруа қожалықтарында сүт өндіру технологиясы.
Ipi қарамал етінің тағамдық маңызы. Малдардың тұқымдық бағытына, жынысына, жасына, қоңдылық дәрежесі мен азықтандыру деңгейіне байланысты еттің морфологиялық және химиялық құрамының өзгергіштігі. Ет өнімділігіне әсер етуші факторлар. Ет өнімділігі мен еттің сапасын малдың тipi кезінде және сойғаннан кейінгі есептеу тәсілдері. Іpі қарамалынан алынатын басқа да өнімдер.
Малдарды өcipy, өcipiп жеткізу және бордақылау жөніндегі түсініктер. Мал бордақылайтын шаруашылықтар және оларды жас малдармен толықтыру тәртібі, сұрыптау, тасымалдау, бордақыланатын мал басын әр түрлі күтіп-бағу тәсілдеріндегі технологиялық процестер, оларды экологиялық бағалау. Ipi қарамалды жом және бардамен бордақылаудың ерекшеліктері. Сақа малдарды бордақылау ерекшеліктері. Малды жайып семірту. Фермерлік (шаруа) шаруашылықтарда малдарды өcipy және бордақылау. Арнайы мамандандырылған етті ipi қарамал шаруашылық-тарындаға "сиыр-бузау" технологиясы. Бордақыланған малдарды өткізу.
Жылқы еті азық-түлік тағамы, оның химиялық құрамы, калориясы, нәрлілігі және дәмділік сапасы. Жылқы еті және қосымша шикі заттарын өңдеу. Жылқы етінің қазіргі стандарттарының талабы. Жылқы етін өндірудің резерві. Жайып ceмірту және бордақылауға байланысты жылқы етінің сойыс салмағы мен шығымдылығы. Етке өсіретін тұқымдарды таңдау. Ет өнімділігін жоғарылату үшін селекциялық-асылдандыру жұмысын жургізу. Әр түрлі аймақтарда жылқы eтін негізді өндіруді ұйымдастыру және оның өзіндік құнын төмендету жолдары. Етті жылқыларды экспортқа шығару.
Бие сүті азық-түлік тағамы, оның химиялық құрамы, нәрлілігі және қасиеті. Бие желіні құрылысы мен сүт беру ерекшеліктері. Әр түрлі тұқымдағы биелердің сүт өнімділігін бағалау және оны анықтау тәсілдері. Қымыз фермасын құру үшін биелерді іріктеу. Биелерді сүт өнімділігі бойынша селекциялау. Сауын биелер мен құлындарды күтіп-бағу және азықтандыру. Биелерді қолмен және машинамен сауудың техникасы мен оны ұйымдастыру. Сүтті жылқы шаруашылығының аймақтары. Бие сүтінен жасалатын тағамдар. Бие cүті мен қымыз стандарты. Қымыз, оның химиялық құрамы, диеталық және емдік тағам ретіндегі маңызы. Маусымдық және тұрақты фермалардағы қымыз өндіру технологиясы.
Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту - жыл сайынғы Жолдауда етті мал шаруашылығын дамыту бойынша теңдесі жоқ жобаны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық міндет алға қойылды.
Бұл жобаның міндеті ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін 2016 жылға қарай 60 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.
Жалпы халық санының артуын және көрші елдердегі етті тұтынудың тұрақты өсуін есепке ала отырып, Қазақстан мал шаруашылығындағы қолда бар мүмкіндіктің дамуын белсендіруді және сиыр етінің сыртқы нарықтарына шығуды жоспарлайды.
Әлемдік нарықта отандық мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы баға конъюнктурасы және нарықтық жағдай қалыптасқан.
Қазақстан үшін шамамен 1, 5 мл н. тонна етті, сиыр етін, 1, 0 млн. тоннаға жуық сиыр етін импорттайтын қатар орналасқан ресейдің сыйымды нарығының маңызы ерекше зор.
Сонымен бірге, Кедендік одақтың айналасында кедергілер жойылып, рұқсат беру рәсімдері жеңілдетілген, ветеринариялық нормалар бір ізге салынған.
Ұлан-байтақ жайылым жерлердің болуы сөзсіз біздің бәсекелік артықшылығымыз, ол жем-шөп шығынын едәуір азайтуға, еңбек шығындарын төмендетуге және гормондар мен өсу стимуляторларын пайдаланбай-ақ экологиялық таза етті алуға ықпал етеді.
Бұдан өзге, мал шаруашылығы Қазақстанда ежелгі дәстүрлі сала болып табылады.
Аталған проблемаларды шешу және қолдағы артықшылықты пайдалану арқылы өзара үйлестірілген қатысушы -бизнес бірліктердің кешенін құру жөніндегі мынадай іс-шаралар көзделген: бордақылау алаңдары, фермерлік шаруашылықтар, асыл тұқымды репродуктор-шаруашылықтар, мал өсіру және есепке алу орталықтары, сойыс пункттері және ет комбинаттары.
Әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, етті мал шаруашылығымен айналысатын фермерлік шаруашылықтарды дамыту мен оларға қолдау көрсету көзделген.
Сіңіре будандастыру (қайта жасаушы) әдісін пайдалану, табиғи жайылым, жоғары өнімді бұқалармен ұрықтандыру немесе қолдан ұрықтандыру жолымен мал басының генетикасын жоғарылату бойынша мақсатқа сай жұмыс жүргізу арқылы бордақылаудың қажет құрамы алынатын болады.
Тауарлы табынның өнімділік сапасын жақсарту үшін асыл тұқымды шаруашылықтардың қолдағы ішкі әлеуетін пайдалану, сондай-ақ асыл тұқымды репродуктор-шаруашылықтардың желісін құру жоспарлануда, онда әлемдегі озық селекцияның ет бағытындағы өнімділігі жоғары ІҚМ басы жеткізілетін болады.
Жобада іске қосылған мал басын төлінен өсіру процесін басқару мал шаруашылығы генетикасы саласында мамандандырылған жетекші шетелдік компанияларды (ALTA GENETICS, SEMEX (Канада), TRANSOVER (АҚШ), AGRIGEN (Австралия) ) әріптестер ретінде тарта отырып, табынды басқару және оны өсіру орталығын құру арқылы жоспарланады.
Барлық аталған шаралар құрылатын бордақылау алаңдарының желілерін қажет құраммен толықтыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Олардың міндеті тұрақты негізде қоңды еттің ірі топтамаларын қалыптастыру үшін заманауи технологияға сәйкес мал басын межелі семірту болып табылады.
Бордақылау алаңдарынан ет еттің дайын коммерциялық топтамасын қалыптастыратын ет комбинаттарына жөнелтіледі.
Осылайша жобаның шеңберінде нарық қатысушыларының өзара іс-қимылдарының және жалпыға бірдей әлемдік стандарттарға сәйкес ет өнімдерінің ірі топтамасын тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз етудің тиімді технологиялық тізбегі құрылады.
Тауарлы сияқты төлдейтін аналық мал табынын және асыл тұқымды малдың табынын бағу малды еркін жүретін алаңқайда бағуды көздейтін «салқын әдісті» пайдалану кезінде аса тиімді болады. Осындай әдіс Солтүстік Америкада қолданылады.
Бұның аса маңызды артықшылығы малды бағудың осындай әдісін қолдану жануарлардың жоғары бейімділігіне, және одан басқа өте жеңіл және арзан құрылғыларды пайдалану есебінен күрделі құрылыстарды салуға кететін қаржы салымын едәуір азайтады.
Қазақстанның өңірлік әлеуетін ескере отырып, іс жүзінде елдің барлық облысын қамтитын бордақылау алаңдарын, репродукторларды және фермерлік шаруашылықтарды аумақтық орналастырудың ұсынылған схемасы әзірленді.
Жалпы «ҚазАгро» холдингі бір жолы 150 мың басқа жуық малды күтіп-баптайтын шамамен 60 бордақылау алаңдарын, 72 мыңдай асыл тұқымды ІҚМ басын алып келу арқылы 54 асыл тұқымды репродуктор-шаруашылық құру, сондай-ақ жалпы саны 300 мың басқа дейін төлдейтін малы бар шамамен 2, 5 мың фермерлік шаруашылық құруды болжап отыр.
Мал шаруашылығын тиімді дамыту үшін малды есепке алудың және сәйкестендірудің қазіргі заманғы әдістері, селекциялық-генетикалық жұмыстың халықаралық әдістері енгізіледі.
Қазақстанда малдың сипаттамасын болжауға мүмкіндік беретін ұрпақтық көрсеткішті индекстік бағалаудың әлемдік тәжірибесі енгізілуде. Осының бәрі малды өсірудің, соның ішінде тауарлы табынды өсірудің процесін жедел мерзімде ұйымдастыруға және ұйымдастыру мен қаржылық шығынның аз жұмсалуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар әлемдік тәжірибені ескере отырып, асыл тұқымды істі қайта реттеу және тұқымдық малды көбейту және өздігінен реттелу принципінде асыл тұқымды нарықты әрі қарай дамыту бойынша Қауымдастық құру жоспарлануда.
Мал шаруашылығының табысты дамуының кепілі жем-шөп қорының жеткілікті болуы болып табылады.
Жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығының жүйесін қайта қалпына келтіру, тыңайған және қараусыз жерлерді айналымға тарту бойынша шаралар қабылдау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz