Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   


Мазмұны

Кіріспе

Әдебиетке шолу

І. Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы

1. 1. Ірі қара мал шаруашылығы

1. 2. Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту

ІІ. Қазақстанда шығарылған ірі қара тұқымдары

2. 1. Асыл тұқымды малды өсіру

2. 2. Қазақстанда шығарылған мүйізді ірі қара тұқымдары

2. 3. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары

2. 4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі-қара мал шаруашылығы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Қазақстан - жерге бай мемлекет. Ертеден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Кеңестер заманының өзінде ірі қара мен жылқының санын көбейту туралы міндет қойған аграрлық ел. Бүгін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды игеріп, мал өсіріп, арзан да сапалы, экологиялық жағынан таза мал өнімдерін өндіруі, оның ішінде ет өндіріп, сыртқа шығаруы қажет. Мысалы, 1 тонна ет ет өндіріп, шетелге сату 5 тонна бидай сатқанмен парапар екен.

Агроөнеркәсіп саласын әр өңірдің ерекшеліктеріне орай дамыту қажет. Бұрындары кейбір таңдаулы кеңшарларда малдың бір түрін асылдандыру ісі жолға қойылған болатын. Мәселен, табиғатқа бейімділігіне байланысты сиырдың бірнеше түрлі тұқымы өсірілді. Бір кеңшарда сүтті сиырлар болса, екіншісінде етті ірі қара бордақыланды. Асыл тұқымды аталық малдар да жеке бапталды. Нарық экономикасы басталған тұтса малдың біразы арзанға сатылып кетті. Кеңшарлар таратылды. Алдағы уақытта соның барлығын жаңа заман талаптарына сәйкестендіре отырып, ғылыми негіздерге сүйеніп, жандандыру керек деп ойлаймын. Ғылымды дамытсақ, осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар әлі де өнімділігі жоғары малдың жаңа тұқымдарын ойлап шығарар еді. Немесе баптап-күтудің жаңа тәсілдерін ұсынатыны анық.

Бізде қой мен жылқыға қажетті жайылым жеткілікті. Бұрынғыдай ауылдың іргесіне дейін егін егіп жатқан кеңшарлар жоқ. Елімізде жылқы мен қой етін өндіруге субвенция берілмейді. Бұл салаға қолдау жасалып, мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, ірі шаруашылықтарда қойды 10-15 мыңнан ұстаса, еңбек өнімділігі артады және бәріне де өте тиімді болады. Сол секілді қазір әрбір үйде бес-алты бас жылқы болуы мүмкін. Оны да табынмен ұстаған жөн. Үш-төрт жылқышы бірнеше табын жылқыны баға алады. Ал қазір ауылдағы жүз шақты жылқыға 20-30 адам ие болып отыр. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласындағы ұсақ қожалықтарды ірілендіру керек.


Әдебиетке шолу

1. Ж. К. Каримов, Ш. Ж. Даленов, Д. . Е. Майманов сияқты ғалымдардың пікірі бойынша, ерте кезде Қазақстанның көптеген аймақтарында жергілікті қазақ сиырларының қолтұқымы өсірілген. Сиырдың етін, сүтін пайдаланған. Қазіргі кезде ірі қара шаруашылығы - еліміздегі мал шаруашылығының ең дамыған саласы болып табылады.

2. Б. Б. Искакбаевтың айтуына қарағанда Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т. б. ; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т. б. түрлерінің өсірілетіндігі анықталды.

3. Иван Петрович Павлов (1849-1936) - атақты орыс ғалымы «сүт - табиғаттың өзі дайындап берген өте құнды тағамы» - деп жоғары бағалаған. Сиырдың сүтті көп беруі олардың күтіміне, азықтық қорегіне тікелей байланысты. «Сиырдың сүті - тілінде» деген даналық сөз - соның айғағы.

4. К. Е. Свечинің пікірінше, Алатау сиыры ХХ ғасырдың 30-50-жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Сиырларының басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу, кеудесі ауқымды, жалпақ, арқасы біртегіс келетіндігі анықталды.

5. А. А. Кондрашева (1968) ірі қараға жүргізген тәжірибесінде енесі неғұрлым үлкен, эмбриондық уақыты ұзақ болған малдан ірі бұзау туады деген тұжырымға келеді.


І. Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы

1. 1. Ірі қара мал шаруашылығы

Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.

Қазір Қазақстанда сиырдың қолтұқымдарын асылдандыру мақсатында игі шаралар қолға алынды. Кубадан әкелінген зебу бұқаларын әулиеата сиырларымен жұптастыру арқылы сүтті бағыттағы қолтұқым шығару көзделуде. Зебу бұқаларын қазақтың ақбас сиырларымен ұрықтандыру арқылы етті бағыттағы қолтұқым алу жұмыстары жүргізілуде.

Ірі қара малдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сиыр орташа 15-20 жыл жасайды, оның буаздық мерзімі - 285 күн. Қазақ жерінде сиыр - басқа түліктерден кейін қолға үйретілген мал. Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген.

Республикадағы асыл тұқымды мал шаруашылықтары арасында қазақтың ақ бас сиыры және ірі қараның герофорд тұқымы, етті-майлы еділбай тұқымы, ақжайықтық етті-жүнді қой тұқымы, өнімділік бағыттағы көшім жылқысы, қазақтың айыр түйе тұқымы өсірілетін біздің облысымыз алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі болып саналады.

Сүтті мал шаруашылығы бойынша облыста ірі қарадан қара шұбар, гольштиндік қызыл шұбар, қызыл далалық және симменталды тұқымының үлесі басымырақ. Асыл тұқымды сүтті малдар облыс орталығына жақын орналасқан елді мекендердегі ЖШС мен шаруа қожалықтарында өсіріледі.

Етті мал шаруашылығында негізінен қазақтың ақбас және герофорд тұқымдары өсіріліп жатыр. Нақтылай түссек, ірі қара малдың 70 пайызға жуығы қазақтың ақбас тұқымына жатады, ал герофордтық тұқым ет өнімділігін арттыру мақсатында малдарды будандастыру үшін қолданылады.

Жылқы үйірінің өнімділігін көшімнің асыл тұқымдары ұсынады, ал асыл тұқымды түйелерді қазақтың айыр тұқымы құрайды.

Тұқым алуды жүзеге асырудағы ғылыми жұмыстармен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің ғалымдары айналысады.

Облыстың әр түрлі табиғи-экономикалық аймақтарында биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, қылшық жүнді қойлар өсіріледі. Нарықтық жағдайда шығарылатын қой тұқымдарына қойылатын талаптар өзгерді. Сондықтан оның екі бағыты мықтап қолға алынған.

Бірінші бағыт - оңтүстік және орталық аудан аймақтары үшін, әсіресе, алыс аймақтарда орналасқан, жемшөп базасы табиғи жайылым мен шабындық негізін қолдану арқылы етті-майлы қой шаруашылығын дамыту болып табылады. Екінші бағыт - облыстың солтүстік аудандары үшін жемшөп базасы бидай, жүгері және басқа да азықтарды өндірумен байланысты биязы жүнді және жартылай биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту қарастырылған.

Республика бойынша еділбай қойы Жаңақала ауданындағы «Бірлік» ЖШС-да жинақталған. Бұл тұқымның шаруашылық белгілеріне құрғақ, шөл далалы аймақтарға деген тұрақты бейімділігі, тірілей салмағы, сойым сапасы, жас төлдердің тез өсетіндігі жатады.

Тұқым құндылығы тірілей салмағы төрт айлық жаста 40-45 келіге жететін ең арзан қозықұмай шығару. Етінің сапасы шетел мамандарының жоғары бағасына ие болған.

Бізде биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту Волгоград облысындағы «Ромашков» асылдандыру зауытынан шығарылған волгоградтық тұқымды пайдаланудан басталады. Волгоград тұқымын дамытумен «Жаңа тұрмыс» асылдандыру шаруашылығы айналысып келеді.

Жартылай биязы жүнді бағыт бойынша ақжайықтық етті-жүнді тұқымына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тұқым (1968-1996 ж. ) Батыс Қазақстан облысының бұрынғы «40 лет Казахстана» (қазіргі «Ізденіс» ЖШС), Шежін, Крупская, Қалдығайты, «Родник новый», Амангелді, Степной, Шипов, Алғабас, т. б. шаруашылықтарында шығарылды.

2006 жылдан бастап облыстық әкімшіліктің облыстық ауылшаруашылығы басқармаларының, Батыс Қазақстан облысы аумақтық инспекциясының, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің қолдауымен жартылай биязы жүнді қой шаруашылығын сақтау мен оны дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілгенін айта кеткен жөн.

2006 жылы ақжайықтық етті-жүнді қойларды жеке секторлардан бір-бірлеп жинағанымыз әлі есімізде. Бұл тұқымды көбейту облыс бойынша Тасқала ауданындағы «Ізденіс» ЖШС асылдандыру шаруашылығында ғана мықтап қолға алынған.

Тұқымды мал басын көбейту үшін асылдандыру шаруашылықтарын да көбейту қажет. Осы тапсырманы шешу әрі мал басын көбейту мақсатында университет ақжайықтық етті-жүнді қойларды өз иелігіне алды. Бұл жұмыста облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов университетке қолдау көрсете отырып, Тасқала ауданы аймағынан ақжайықтық етті-жүнді қойларды өсіру үшін 1000 га жер бөліп берді. Бүгінде университет меншігінде 2396 қой, соның ішінде 1252 саулық бар.

2006 жылдан бастап қой басын көбейту үшін университетте нақты жұмыстар жүргізіле бастады. Ең алдымен университетте оқу-ғылыми-өндірістік кешені құрылды. Қойларды қолдан ұрықтандыру пункті қалпына келтірілді.

Шабындықта жемшөп дайындау бригадасы құрылып, 2009 жылға қажетті мөлшерде жемшөп дайындалды. Уақытында және қажетті мөлшерде дайындалған жемшөп малдың 2009-2010 жылдың боранды-аязды қысынан аман-есен шығуына мүмкіндік берді.

Университет ғалымдары Астана қаласында өткен «Қараөткел - 2008» жәрмеңкесіне асыл тұқымды ақжайықтық етті-жүнді қойларды арнайы алып барды. Университеттің оқу-ғылыми-өндірістік кешені ҚР АШМ сарапшыларының бағалауы бойынша жартылай биязы жүнді ақжайық етті-жүнді қойларды өсіру көрсеткіші жөнінен І дәрежелі Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал 2009 жылы 13 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданында «Белесте» өткен халық шаруашылығының жетістіктері көрмесіне университет ұжымы жартылай биязы жүнді ақжайықтық етті-жүнді қойларын ұсынды. Көрмеге ұсынылған малдарды ел Президенті Н. Ә. Назарбаев жоғары бағалап, бұл саланың әрі қарай дамуына сәттілік тіледі.

Облыстың жергілікті жағдайына бейімдеп шығарған ауыл шаруашылығы малдарына баса көңіл бөлу қажет. Бұған қойдың ақжайықтық етті-жүнді, жартылай биязы жүнді тұқымы жатады. Келешектегі міндет - мал басын көбейту үшін асылдандыру шаруашылықтарының қатарын да көбейте беруіміз керек.


1. 2. Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту

Жыл сайынғы Жолдауда етті мал шаруашылығын дамыту бойынша теңдесі жоқ жобаны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық міндет алға қойылды.

Бұл жобаның міндеті ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін 2016 жылға қарай 60 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.

Жалпы халық санының артуын және көрші елдердегі етті тұтынудың тұрақты өсуін есепке ала отырып, Қазақстан мал шаруашылығындағы қолда бар мүмкіндіктің дамуын белсендіруді және сиыр етінің сыртқы нарықтарына шығуды жоспарлайды.

Әлемдік нарықта отандық мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы баға конъ­юнктурасы және нарықтық жағдай қалыптасқан.

Қазақстан үшін шамамен 1, 5 мл н. тонна етті, сиыр етін, 1, 0 млн. тоннаға жуық сиыр етін импорттайтын қатар орналасқан ресейдің сыйымды нарығының маңызы ерекше зор.

Сонымен бірге, Кедендік одақтың айналасында кедергілер жойылып, рұқсат беру рәсімдері жеңілдетілген, ветеринариялық нормалар бір ізге салынған.

Ұлан-байтақ жайылым жерлердің болуы сөзсіз біздің бәсекелік артықшылығымыз, ол жем-шөп шығынын едәуір азайтуға, еңбек шығындарын төмендетуге және гормондар мен өсу стимуляторларын пайдаланбай-ақ экологиялық таза етті алуға ықпал етеді.

Бұдан өзге, мал шаруашылығы Қазақстанда ежелгі дәстүрлі сала болып табылады.

Аталған проблемаларды шешу және қолдағы артықшылықты пайдалану арқылы өзара үйлестірілген қатысушы -бизнес бірліктердің кешенін құру жөніндегі мынадай іс-шаралар көзделген: бордақылау алаңдары, фермерлік шаруашылықтар, асыл тұқымды репродуктор-шаруашылықтар, мал өсіру және есепке алу орталықтары, сойыс пункттері және ет комбинаттары.

Әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, етті мал шаруашылығымен айналысатын фермерлік шаруашылықтарды дамыту мен оларға қолдау көрсету көзделген.

Сіңіре будандастыру (қайта жасаушы) әдісін пайдалану, табиғи жайылым, жоғары өнімді бұқалармен ұрықтандыру немесе қолдан ұрықтандыру жолымен мал басының генетикасын жоғарылату бойынша мақсатқа сай жұмыс жүргізу арқылы бордақылаудың қажет құрамы алынатын болады.

Тауарлы табынның өнімділік сапасын жақсарту үшін асыл тұқымды шаруашылық­тардың қолдағы ішкі әлеуетін пайдалану, сондай-ақ асыл тұқымды репродуктор-шаруа­шылықтардың желісін құру жоспарлануда, онда әлемдегі озық селекцияның ет бағы­тындағы өнімділігі жоғары ІҚМ басы жеткізілетін болады.

Жобада іске қосылған мал басын төлінен өсіру процесін басқару мал шаруашылығы генетикасы саласында мамандандырылған жетекші шетелдік компанияларды (ALTA GENETICS, SEMEX (Канада), TRANSOVER (АҚШ), AGRIGEN (Австралия) ) әріптестер ретінде тарта отырып, табынды басқару және оны өсіру орталығын құру арқылы жос­парланады.

Барлық аталған шаралар құрылатын бордақылау алаңдарының желілерін қажет құ­раммен толықтыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Олардың міндеті тұрақты негізде қоңды еттің ірі топтамаларын қалыптастыру үшін заманауи технологияға сәйкес мал басын межелі семірту болып табылады.

Бордақылау алаңдарынан ет еттің дайын коммерциялық топтамасын қалыптастыратын ет комбинаттарына жөнелтіледі.

Осылайша жобаның шеңберінде нарық қатысушыларының өзара іс-қимылдарының және жалпыға бірдей әлемдік стандарттарға сәйкес ет өнімдерінің ірі топтамасын тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз етудің тиімді технологиялық тізбегі құрылады.

Тауарлы сияқты төлдейтін аналық мал табынын және асыл тұқымды малдың табынын бағу малды еркін жүретін алаңқайда бағуды көздейтін «салқын әдісті» пайдалану кезінде аса тиімді болады. Осындай әдіс Солтүстік Америкада қолданылады.

Бұның аса маңызды артықшылығы малды бағудың осындай әдісін қолдану жануар­лардың жоғары бейімділігіне, және одан басқа өте жеңіл және арзан құрылғыларды пай­далану есебінен күрделі құрылыстарды салуға кететін қаржы салымын едәуір азайтады.

Қазақстанның өңірлік әлеуетін ескере отырып, іс жүзінде елдің барлық облысын қамтитын бордақылау алаңдарын, репродукторларды және фермерлік шаруашылық­­­тарды аумақтық орналастырудың ұсынылған схемасы әзірленді.

Жалпы «ҚазАгро» холдингі бір жолы 150 мың басқа жуық малды күтіп-баптайтын ша­­мамен 60 бордақылау алаңдарын, 72 мыңдай асыл тұқымды ІҚМ басын алып келу арқылы 54 асыл тұқымды репродуктор-шаруашылық құру, сондай-ақ жалпы саны 300 мың басқа дейін төлдейтін малы бар шамамен 2, 5 мың фермерлік шаруашылық құруды болжап отыр.

Мал шаруашылығын тиімді дамыту үшін малды есепке алудың және сәйкестендірудің қазіргі заманғы әдістері, селекциялық-генетикалық жұмыстың халықаралық әдістері енгізіледі.

Қазақстанда малдың сипаттамасын болжауға мүмкіндік беретін ұрпақтық көрсеткішті индекстік бағалаудың әлемдік тәжірибесі енгізілуде. Осының бәрі малды өсірудің, соның ішінде тауарлы табынды өсірудің процесін жедел мерзімде ұйымдастыруға және ұй­ымдастыру мен қаржылық шығынның аз жұмсалуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әлемдік тәжірибені ескере отырып, асыл тұқымды істі қайта реттеу және тұқымдық малды көбейту және өздігінен реттелу принципінде асыл тұқымды нарықты әрі қарай дамыту бойынша Қауымдастық құру жоспарлануда.

Мал шаруашылығының табысты дамуының кепілі жем-шөп қорының жеткілікті болуы болып табылады.

Жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығының жүйесін қайта қалпына келтіру, тыңайған және қараусыз жерлерді айналымға тарту бойынша шаралар қабылдау қажет.

ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі өз кезегінде лизинг бағдарламаларын жем-шөп дайындау техникасына және ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру бойынша мамандандырылған техникаға қайта бағдарлау арқылы қайта қарастырды.

Жобаның айналасындағы іс-шаралардан басқа ветеринариялық саулықты қамтамасыз ету бойынша, малды есепке алу жүйесін енгізу бойынша жүйелі қосымша шараларды қабылдауы қажет.

Осы жобаны тиімді іске асыруға арналған мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде қолданыстағы субсидиялау бағдарламасын қайта бағдарлау және үйлестіру қажет. Және осы бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігі де біз әзірлеген жобаның міндеттерімен субсидиялау бағдарламасын үйлестіру боынша жұмыс жүргізеді.

2016 жылға қарай жобаны жүзеге асыру нәтижесінде ет өндірісінің өзіндік құнының тө­мендеуі болжанады, ол субсидияның жалпы көлемін біртіндеп төмендетуге ықпал етеді.

Жоба жергілікті атқарушы органдардың белсенді қатысуынсыз тиімділік бермейді. Қолдау фермерге ІҚМ өткізушілердің тізімін, жайылым жерлерді, жем-шөп өндіруге арналған жерді беру, малды сәйкестендіруді, ветеринариялық қызмет көрсетуді дер кезінде ұйымдастыру, малды бағу және азықтандыру бойынша кеңес беру, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, с. і. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсету сипатында болуы тиіс.

Облыс әкімдіктері жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қолдау шараларын көздейтін жобаға шағын және орташа фермерлік шаруашылықтарды тарту, АШТӨ арасында жобаның мақсаттары мен міндеттерін насихаттау, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу және ветеринариялық қолайлылықты қамтамасыз ету, жайылымды пайдалануды реттеу бойынша мал шаруашылығын дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлеулері қажет.

Сондай-ақ АШТӨ аукциондарда асыл тұқымды малды өткізетін және сатып ала алатын мал өткізу биржасын құру қажет (фермерге шаруашылық жүргізу үшін қажет арнаулы жұмыс киімдерін, ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, аспаптарды), ол асыл тұқымды мал нарығының ашық болуына, асыл тұқымды мал басын ұйымдастырылған алаң арқылы өткізуді жүйелендіруге ықпал етеді.

Өз кезегінде ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі жобаны іске асыруға қазірдің өзінде кірісіп кетті.

Өткен жылы 2 асыл тұқымды репродуктор шаруашылық құру бойынша алғашқы ұшқыр жобаны іске асыру басталды. Бұл америкалықтармен бірлескен жоба, осы жоба бойынша 1400 басқа жуық Ангус және Герефорд тұқымды өнімділігі жоғары ІҚМ алып келінді.

ҚазАгро ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының шеңберінде жобаларды іріктеу және іске асырудың желілік кестесін әзірледі.

ҚазАгро холдингі Ауыл шаруашылығы министрлігіне асыл тұқымды мал шаруашылы­ғының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстар дайындап және ұсынды.

Консультациялық қолдау шеңберінде фермерлік шаруашылықты жүргізу жөнінде әдіс­темелік басшылық, фермердің күнтізбесі әзірленді.

Жобаның қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ұсыныстар әзірленіп және енгізілді, ол РБК мақұлданды. Субсидияны пайдаланушылардың критерийлері (белгілері) қайта қаралды.

Жобаға қатысушы ауыл шаруашылығының малдарын сәйкестендіру бойынша корпо­ративтік база құрылды.

«Қазагромаркетинг» АҚ құрылымында табынды басқару және консалтинг Орталығы құрылды.

Қазіргі уақытта мал өткізу биржасын құру жөніндегі мәселе пысықталуда. Ұшқыр жоба ретінде Ақмола облысы таңдап алынды.

Қорытындысында, ұсынылған жобаны іске асыру ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі аса маңызды стратегиялық міндетті орындаудан басқа әлеуметтік-экономикалық және мультипликативтік нәтиже береді және мыналарға ықпал етеді:

- 2016 жылға қарай 60 мың тонна экспортқа бағдарланған еттің өндірісі үшін жағдай жасауға;

- елдегі эпизоотикалық жағдайды жақсартуға;

- тұрғындардың қолындағы тұқымсыз, өнімділігі төмен малдың барлық түрінің санын азайтуға;

- ауылшаруашылық малдарын есепке алу мен сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құруға;

- жабдықтау-өткізу және қайта өңдеу салаларында ауыл шаруашылығының тұтыну коопе­рациясын дамытуға;

- жалпы жем-шөп қорын дайындау, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу және т. б. сияқты аралас салалардың дамуын қамтамасыз етеді;

- ауылдағы әлеуметтік мәселелердің шешіміне оң ықпалын тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
ҚР, ТМД елдері және әлемдегі мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы
Мал шаруашылығының түрлері
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Ауыл шаруашылығының экономикадағы ролі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Жекешелендіру туралы
Мал шаруашылығы секторын дамыту
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz