Ірі қараны асылдандыру технологиясы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

"Биотехнология, мал және балық

шаруашылығы" кафедрасы

«Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы»пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ірі қараны асылдандыру технологиясы

Орындаған:

Тексерген: а. ш. ғ. кандидаты,

Орал - 2013


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Әдебиетке шолу . . . 5

1. Ірі қараны асылдандыру және сұрыптау жұмысы . . . 9

1. 1. Ірі қара мал шаруашылығы . . . 9

1. 2. Ірі қараны ғылыми - өндірістік асылдандыру ұжымы . . . 12

1. 3. Ірі қараның шығу тегін анықтау және сұрыптау . . . 14

2. Қазақстанда шығарылған ірі қара тұқымдарын асылдандыру жұмыстары. 20

2. 1. Асыл тұқымды малды өсіру . . . 20

2. 2. Қазақстанда шығарылған мүйізді ірі қара тұқымдары . . . 24

2. 3. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары . . . 26

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 31


Кіріспе

Біздің тәуелсіздік мемлекеттер достастығының (ТМД) ірі қара тұқымын асылдандыруда, ірі қара тұқымын шығаруда, ірі қара тұқымының табындарын құруда көптеген жұмыстар атқарды. Мал шаруашылығын асылдандыру мәселелері жылдан жылға жақсара бастады. Асыл тұқымды мамандардың сандары көбеюмен қатар сапалары да жақсаруда. Көптеген зерттеулерге және ғылыми деректерге қарасақ біраз шаруашылықтарда ірі қара сиырларының сүттілігі және тұқымдық сапалығы анықталған. Оның өзі ірі қара тұқымын асылдандыру жұмыстарының да сапасын жақсартуға әсерін тигізді. Жергілікті ірі қара малын асылдандыру үшін 1928-1932 жылдары шет мемлекетерден біздің елімізге аса сүтті таза тұқымды ірі қара мал тұқымдары әкеліне бастады.

Қазақстан - жерге бай мемлекет. Ертеден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Кеңестер заманының өзінде ірі қара мен жылқының санын көбейту туралы міндет қойған аграрлық ел. Бүгін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды игеріп, мал өсіріп, арзан да сапалы, экологиялық жағынан таза мал өнімдерін өндіруі, оның ішінде ет өндіріп, сыртқа шығаруы қажет. Мысалы, 1 тонна ет ет өндіріп, шетелге сату 5 тонна бидай сатқанмен парапар екен.

Агроөнеркәсіп саласын әр өңірдің ерекшеліктеріне орай дамыту қажет. Бұрындары кейбір таңдаулы кеңшарларда малдың бір түрін асылдандыру ісі жолға қойылған болатын. Мәселен, табиғатқа бейімділігіне байланысты сиырдың бірнеше түрлі тұқымы өсірілді. Бір кеңшарда сүтті сиырлар болса, екіншісінде етті ірі қара бордақыланды. Асыл тұқымды аталық малдар да жеке бапталды. Нарық экономикасы басталған тұтса малдың біразы арзанға сатылып кетті. Кеңшарлар таратылды. Алдағы уақытта соның барлығын жаңа заман талаптарына сәйкестендіре отырып, ғылыми негіздерге сүйеніп, жандандыру керек деп ойлаймын. Ғылымды дамытсақ, осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар әлі де өнімділігі жоғары малдың жаңа тұқымдарын ойлап шығарар еді. Немесе баптап-күтудің жаңа тәсілдерін ұсынатыны анық. Әсіресе асыл тұқымды мал совхоздары мен асыл тұқымды колхоздың фермаларын, мемлекеттік асыл тұқымды мал станцияларын ашудың да ірі қара тұқымын асылдандыруда маңызы өте зор болды, сонымен қатар малда асылдандыру ғылыми ұйымдары мен жоғарғы ауыл шаруашылық оқу орындарының да шаруашылықтарынның, әр түрлі көрмелер ұйымдастыруның да маңызы өте зор болды. Осындай игілікті жұмыстар Ұлы Отан соғысына дейін: және одан кейін де қызу өтті.

Біздің мемлекеттерімізде қара ала, костром, лебедин, алатау, сычев, курган, қазақтың ақбасы, әулиеата, кавказдың қоңыр, әулиекөл т. б. ірі қара асыл тұқымдары шығарылды. Оған көп әсер ірі қара сиырларын өте жоғары сапалы асыл тұқымды бұқаларының ұрықтарымен қолдан қашыру болды.

Ірі қараны асылдандыру жұмысы жалпы мемлекеттік жоспарлау жұмыстарымен ұштасып жатты.

Ірі қара мал шаруашылығын асылдандыру жұмысын бұрынғы КСРО ауылшаруашылық және азық - түлік министрлігі өзінің республикалық, өлкелік және облыстық ауыл шаруашылық басқармалары арқылы атқарады. Одағымызда Одақтық ғылыми-методикалық жұмысты және малды аслдандыру жұмысы орталық генетико-селекциялық ұйымға жүктелген, бұл ұйым бұқалардың ұрығының қорын жинайды, әрі есептеу технологиясының (ЭВМ) жұмысын басақарады. Бұрынғы одағымыз бойынша барлық ғылыми - зерттеу ауылшаруашылық институттарына және жоғары оқу орнының ғылымдарына селекциялық жоспар, аса сүтті сиыр табындарын, жаңа тұқым шығару міндеттелінген.

Мемлекеттік асыл тұқымды мал өзінің сиыр табынын асылдандыру жұмысын одақ бойынша бір жоспар арқылы, төл өсіру, өз табынын өзінің төлімен толықтыру, әрі асыл тұқымды төлдері мен асыл тұқымды шаруашылықтарды қамтамассыз етумен айналысады. Бұл шаруашылықта ірі қара малын таза өсіру тәсілі қолданылуда.

Асыл тұқымды мал шаруашылығының негізгі жұмысы асыл тұқымды төл өсіру және оны басқа шаруашылықтарға сату. Бұл шаруашылықта малды таза өсіру және өндіре шағылыстыру тәсілі қолданылады. Ал, өз табының мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының малдарымен толықтырады, әрі осы мал зауытымен бірігіп өз табынан асылдандырады.

Асыл тұқымды мал фермасы әрбір шаруашылықта болады, оның негізгі міндетті жұмысы асыл тұқымды төл өсіру, өз табынан асыл тұқымды малмен толықтыру, ал асыл тұқымды артық төлін басқа шаруашылықтарға сату.

Әдебиетке шолу

А. Ә. Төреханов, Д. Қ. Найманов., Н. Ә. Жазылбеков (2006) зерттеулерінде Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т. б. ; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т. б. түрлерінің өсірілетіндігі анықталды.

А. Б. Байжұмановтың (1987) деректерінде ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, олрға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның бастысы - малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану. Малдың организімі мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас организім де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс болады, әсіресе жас малдың өсіп-дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді. Мал дұрыс азықтандырылмаса немесе мал азығы жетіспесе, оның тұқым қуалаушылық қасиеті жузеге аспай қалуы сөзсіз. Азықтандырудың бірінші тәсілін қолданып, оның өнімдік қасиетін де өзгертуге болды. Сондықтан төл өсіру ірі қара табынынан өнімді көп алудың негізгі бір жолы

Алимжанов Б. О. (1961) мағлұматтары бойынша мал азығы, жемшөп - мал азығына, яғни жемшөп қорына, мал жайылуына пайдаланылатын табиғи және екпе жайылымдар мен мал азықтандыруға жұмсалатын, яғни жемшөп қорын толықтыратын, табиғи және екпе шөп шабыстар, сонымен қоса мал азығын дайындауға пайдаланылатын азықтық дақылдар мен олардан дайыңдалатын азықтар мен түрлі азықтық қалдықтар мен қосыңдылар жатады. Жайылым оты (шөбі) оларға малды жайғаңда немесе орып, алдарына салынып көк азық түріңде пайдаланылса, шөпшабыс көгі шабылып, пішенге кептіріліп, жиналып, сақталып, қысқы ірі, яғни қатайып іріленген азық ретінде пайдаланылады.

Арғынбаев X. (1969) деректері бойынша ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.

Арзуманян Е. А., Бегучев А. П., Соловьев А. А., Фандеев Б. В. (1984) зерттеулерінде сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі - ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі. Ірі қара тұқымдары негізгі өнім түрлеріне байланысты ірі қара тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағытқа бөледі.

Ә. Байжұманұлы, К. Бекболатұлы (2011) деректерінде қолдағы сиырдың сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына байланысты. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтеді екен. Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары арқылы 5-6 мың литрден астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет.

Б. П. Завертяев (1986) деректері бойынша сауын сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни олардың жылдық қоры сиыр басына - қызылшаныкі 10-15 ц, ал картоптікі 5-10 ц. Тек қант қызылшасын қолданғанда ескеретін жайт - оның тәуліктік мөлшерін сиырдың сүттілігіне орай бірнеше рет бөліп беру керек. Өйткені сиыр организмінде лактаза ферменті азығынан қанттың көптеген мөлшері ыдырап үлгермей, ашьш, көптеген іш газы пайда болады. Қызылшаны арнаулы қорада (температурасы - 1-2°С) немесе әдөйі қазылған орда сақтайды. Тамыр-түйнек жемістілер құрамында су көп болғандықтан (70-90%) олар жоғары температурада нашар сақталып, ал -2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе ұрылып-соғылған, қабығы түскен тамыр-түйнек жемістілер тез бұзыла бастайды. Сондықтан сақтауға тек дұрыс қазылып алынған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-түйнектілерді құмнан, батпақтан тазартып, сыртын кептіріп барып салады. Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға бөрттіріп береді. Көк азықтардың қоректік қасиеттерін қыста сақтап қалудың тиімді жолы - сүрлем салу.

Байжұманов А. Б. (1990) айтуы бойынша іpi қарамалдың биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа, экономикаға пайдалы белгілері. Сүтті, етті және қос бағыттағы ipi қарамалдар экстерьерінің, интерьерінің және конституциясының ерекшеліктері. Жекелеген дене мүшелерінің дамуы мен интерьерлік ерекшеліктердің ішкі органдар қызметімен және өнімділігімен байланысы. Дене құрылысының типі мен конституциясын бағалауды оқып үйрену әдістері. Сүтті және eтті бағыттағы ipi қарамалдардың экстерьері мен конституцияларына қойылатын қазіргі талаптар. Малдарға ен салу. Ipi қарамалдың жоғары нерв жүйсі және оның эталогиядағы маңызы. Ipi қарамалдың мінез-құлық әрекеттері.

Бегімбеков Қ. Н., Төреханов А. А., Байжұманов А. Б. (2006) тәжірибелік жұмыстарында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытындағы мемлекет саясатының түрлі тиімді несиелер мен субсидиялау көрінісіндегі қолдауы мал шаруашылығын дамыту мен асылдандыруға тың серпін беріп, шаруашылық құрылымдарының ілгерілеуіне септігін тигізіп отырғандығын анықтады.

Борисенко Е. В. (1984) ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасының мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері жөнінде айтты. Тауарлық табынды тұқымдық түрлендіру, еліміз бойынша шетелдік асыл тұқымды ірі қара өсірумен шұғылданып жатырған шаруашылықтардың озық тәжірбиесі, жетілдіру жолдары сөз етілді. Мал шаруашылығындағы тарқалмаған түйіндердің бірі бруцеллез ауруымен күрес жолдары көрсетілді. Асыл тұқымды табынды ұдайы өсіру, олардан төл алу, шаруа қожалықтарының қаржылық моделі, асыл тұқымды ірі қара өсірудегі біздің табиғат өзгешеліктерімізге бейімдеу мәселелерін зерттеді.

Востриков Н. И., Бельков Г. И., Туников Г. М. (1988) деректерінде Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары - үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді.

Искакбаев Б. Б. (1996) ірі қараға жүргізген тәжірибесінде енесі неғұрлым үлкен, эмбриондық уақыты ұзақ болған малдан ірі бұзау туады деген тұжырымға келеді.

К. Ж. Каримов., А. Ә Төреханов., Ш. Д. Дәленов., Н. Ә. Жазылбеков. (2005) зерттеулерінде асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, мал тұқымын асылдандыру станциялары мал тұқымын асылдандыру базалары болып саналады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының басты міндеттеріне малдың өнімділік және тұқымдық қасиетін жақсарту, өздерін және басқа өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету үшін сапалы тұқымды мал өсіру жатады.

Каримов Ж. К., Даленов Ш. Д. (2006) зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда аудандастыру жоспарын жасағанда үш қағида басшылыққа алынады: 1) халық шаруашылығына қажеттілігі; 2) мал тұқымының биологиялық және өнімділік ерекшеліктері; 3) аймақтың табиғи-климаттық және экономикалық жағдайы. Өзге тұқымдарға араластырмай, таза күйінде өсірілген малдың бағалы қасиеттері сақталады.

Лобанов ВТ. (1988) мәліметтерінде Алатау сиыры ХХ ғасырдың 30-50-жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Сиырларының басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу, кеудесі ауқымды, жалпақ, арқасы біртегіс келетіндігі анықталды.

Садықұлов Т. С., Ким Г. Л., Жазылбекова Р. А. (1997) зерттеу жұмыстарында асылдандыру технологиясы сиырлардың аналық жасушаларын ұрықтандырумен қатар, оны шексіз уақытқа сақтайды. Мал шаруашылығы мен ветеринария ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры Айбын Төрехановтың сөзіне сенсек, қазірдің өзінде асыл тұқымды деген түліктің 6 миллион доза ұрығы сақтаулы тұр. Қажет болған жағдайда ұрықтандырылған жасушаларды - эмбриондарды кез келген қашарға салуға болады.

Сәтімбеков Р., Байжанов А., (2003) мәліметтерінде мал басын асылдандыру үшін сырттан сиыр малын сатып алу қажет болмай қалатын түрі бар. Өйткені ондай асыл тұқымды малды өз елімізде өсіре бастаймыз. Отандық мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу орталығының мамандары ірі қараны асылдандыруды эмбрион трансплантациялау технологиясы арқылы жүргізуді қолданысқа енгізді. Аталмыш технология дамыған елдерде көптен бері бар.

Төреханов А. Г., Каримов Ж. К., Даленов Ш. Д. (2005) зерттеулерінде мал тұқымын асылдандыру барысында аса бағалы асыл тұқымды мал алынып, белгілі бір тұқымдық топқа жатқызылады. Тұқымдық мал зауыттарында, станцияларында жаңа желілер, аналық ұялар, жаңа тұқымдар шығарылады. мал тұқымын асылдандыру жұмысында, мұнымен қатар, шағылыстыру гибридтеу әдістері кеңінен пайдаланылады.

Ф. Р. Кивкуцан (1963) деректерінде асылдандыру - малдың тұқымдық сапасын жақсартуға, өнімділігін арттыруға бағытталған шаралардың біртұтас жүйесі. Ол малды зоотехникалық тұрғыдан бағалау, тиімді белгілеріне қарай таңдау, сұрыптау, жұптау, төлді дұрыс өсіру сияқты басты-басты жұмыстардан тұрады. Тұқым жақсарту ережелері биологиялық әсіресе генетика жетістіктеріне негізделеді. Mал тұқымын асылдандыру жұмысын жетілдіруге бағытталған мемлекеттік шаралар тұқымдық мал көрмесін ұйымдастыру және мал тұқымдарын әр түрлі аймақтар мен облыстар бойынша аудандастыру болып табылады.

Я. Л. Глембоцкий Г. Я. Копиловская (1972) сияқты ғалымдардың пікірі бойынша, ерте кезде Қазақстанның көптеген аймақтарында жергілікті қазақ сиырларының қолтұқымы өсірілген. Сиырдың етін, сүтін пайдаланған. Қазіргі кезде ірі қара шаруашылығы - еліміздегі мал шаруашылығының ең дамыған саласы болып табылады.


1. Ірі қараны асылдандыру және сұрыптау жұмысы

1. 1. Ірі қара мал шаруашылығы

Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.

Қазір Қазақстанда сиырдың қолтұқымдарын асылдандыру мақсатында игі шаралар қолға алынды. Кубадан әкелінген зебу бұқаларын әулиеата сиырларымен жұптастыру арқылы сүтті бағыттағы қолтұқым шығару көзделуде. Зебу бұқаларын қазақтың ақбас сиырларымен ұрықтандыру арқылы етті бағыттағы қолтұқым алу жұмыстары жүргізілуде.

Ірі қара малдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сиыр орташа 15-20 жыл жасайды, оның буаздық мерзімі - 285 күн. Қазақ жерінде сиыр - басқа түліктерден кейін қолға үйретілген мал. Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген.

Республикадағы асыл тұқымды мал шаруашылықтары арасында қазақтың ақ бас сиыры және ірі қараның герофорд тұқымы, етті-майлы еділбай тұқымы, ақжайықтық етті-жүнді қой тұқымы, өнімділік бағыттағы көшім жылқысы, қазақтың айыр түйе тұқымы өсірілетін біздің облысымыз алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі болып саналады.

Сүтті мал шаруашылығы бойынша облыста ірі қарадан қара шұбар, гольштиндік қызыл шұбар, қызыл далалық және симменталды тұқымының үлесі басымырақ. Асыл тұқымды сүтті малдар облыс орталығына жақын орналасқан елді мекендердегі ЖШС мен шаруа қожалықтарында өсіріледі.

Етті мал шаруашылығында негізінен қазақтың ақбас және герофорд тұқымдары өсіріліп жатыр. Нақтылай түссек, ірі қара малдың 70 пайызға жуығы қазақтың ақбас тұқымына жатады, ал герофордтық тұқым ет өнімділігін арттыру мақсатында малдарды будандастыру үшін қолданылады.

Жылқы үйірінің өнімділігін көшімнің асыл тұқымдары ұсынады, ал асыл тұқымды түйелерді қазақтың айыр тұқымы құрайды.

Тұқым алуды жүзеге асырудағы ғылыми жұмыстармен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің ғалымдары айналысады.

Облыстың әр түрлі табиғи-экономикалық аймақтарында биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, қылшық жүнді қойлар өсіріледі. Нарықтық жағдайда шығарылатын қой тұқымдарына қойылатын талаптар өзгерді. Сондықтан оның екі бағыты мықтап қолға алынған.

Бірінші бағыт - оңтүстік және орталық аудан аймақтары үшін, әсіресе, алыс аймақтарда орналасқан, жемшөп базасы табиғи жайылым мен шабындық негізін қолдану арқылы етті-майлы қой шаруашылығын дамыту болып табылады. Екінші бағыт - облыстың солтүстік аудандары үшін жемшөп базасы бидай, жүгері және басқа да азықтарды өндірумен байланысты биязы жүнді және жартылай биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту қарастырылған.

Республика бойынша еділбай қойы Жаңақала ауданындағы «Бірлік» ЖШС-да жинақталған. Бұл тұқымның шаруашылық белгілеріне құрғақ, шөл далалы аймақтарға деген тұрақты бейімділігі, тірілей салмағы, сойым сапасы, жас төлдердің тез өсетіндігі жатады.

Тұқым құндылығы тірілей салмағы төрт айлық жаста 40-45 келіге жететін ең арзан қозықұмай шығару. Етінің сапасы шетел мамандарының жоғары бағасына ие болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтті ірі қараны асылдандыру жұмысы
Малдың тұқымдық қасиеттерін бағалау
Мал шаруашылық шикізат өнімдерінің негізгі көздері
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру
Мал шаруашылығын өркендету
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Ірі қараны өнімділігі бойынша кластау
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz