Іс-әрекет психологиясы Іс-әрекет дағды туралы жалпы түсінік



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Орал гуманитарлық техникалық колледжі

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Іс-әрекет психологиясы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016
Жоспар

Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Іс-әрекет дағды туралы жалпы түсінік.
2. Адам іс-әрекетінің түрі мен дамуы.
3. Баланың іс - әрекетінің психикалық дамуының биологиялық және
әлеуметтік факторлары
4. Психиканы дамытудың биологиялық шарттары.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-
әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда
болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық
сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-
әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды
қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм
философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-
1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды
кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет
ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген
әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы
бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, түсіндіру принципі
ретінде танылды.  Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу
бірліктерінің бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші
психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан,
бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз
деп қабылдауға болмайды.
Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және
түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н.
Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап
беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын
іске асыратын белсенді процестер.
 А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған
жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық
байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді  ғана іс-әрекет деді.
Іс-әрекет және тұлға өмірінде мақсаттың мотивке жылжуы атты кері
феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін
кішірейтіп, мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса,
оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның
мінез-құлқы алмасады.
Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда
мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың
пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы,
құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-
әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние
аясының кеңеюі.
Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол –
міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы
бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат
еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не
субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан
сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты
амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін.
Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға
үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен
мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны  көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық
талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды.
Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен машина арасында
қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер деңгейін сеніп
тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы адамның
орындағанынан сенімді болады.
Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе
екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда
болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив
бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады.
Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді,
дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына
тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде
қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды.

 

ІІ Негізгі бөлім

1. Іс-әрекет дағды туралы жалпы түсінік.

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш
түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде
көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-
әрекетті  құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада,
алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы,
тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті
психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып,
келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.
Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде,
мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл дұрыс орындау мақсатына
бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер
қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған
әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы малтау әрекетінде іске асырылатын
амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға
қатысты емес, жақсы малтауға қажетті дағдылар мен саналы мақсат
қалыптасады.
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен
күш жұмсалады. Дағды – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-
жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы
бір  дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады,
негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай
қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.
Іскерлік -  тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар
мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік
жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге,
дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді.
Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады.
Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне,
қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі.
Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында
дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.
Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана
психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль
жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің
жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина
жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс
көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді
қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға
болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы,
беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде
белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе
көрініс береді.
Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы.
Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің
қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі,
психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені
ойланбастан, әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті
жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді.
Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс
өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі.
Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті
қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ,
әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында
қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық
регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып
кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей
емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.
Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен біріккен,
жүйеленген әдет - іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар тұлғаның
барлық психологиялық тәжірибесінің маңызды бөлігі болады.
Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті
зерттеу сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет -,
жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие.
 Шексіз де көптүрлі адам іс-әрекеттерін әр-түрлі және бір-біріне
ұқсамас көрсеткіштер негізінде жіктеуге болады: пәні, мотиві, іске асырылу
тәсілі, физиологиялық механизмі, эмоциональды толықтығы т.б. Адам іс-
әрекеттерінің жалпымен қабылданған және өзгелерін жоққа шығаратын жіктелуі
жоқ. Сондықтан, кеңінен тараған кейбір градацияларға ғана тоқталамыз.
Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі:
еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың әрқайсына көптеген психологиялық
зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының болмасын көптеген
түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге
жету.  Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал
нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық
аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде
психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы қарастырады. Адамның
еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының
көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы,
педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары).
Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті
арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы
қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған
оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету
атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес,
қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.  
Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-
қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл
әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа
қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер
арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу). Аталған қарым-
қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше
болады, бұл олардың әр-түрлілігін  түсіндіреді.  
Аталған іс-әрекет түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде қайшыласып,
әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс беретіні белгілі. Мысалы,
белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын әрекеттерінің
болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері әрбір әрекет түрінде
бар. К.Д. Ушинскийдің өзі (1824-1870) оқу дегеніміз толық белсенділік пен
ойлаудан тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірлік
маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын емес еңбек. Дәл осыны,
шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен білімді біріктірген,
актерлік ойынға қатысты да айтуға болады. Кез-келген адами іс-әрекет
кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады.
Тағы да бір, кеңінен тараған, классикалық жіктеуде іс-әрекетті үш
жетекші әрекеттерге ажыратады. 
Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде
сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады.
Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен іске
асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні.
Дәл осы алғашқы көріністі, объективтіні - іс-әрекет немесе мінез-құлық деп
атап, көптеген ғылыми салалар, соның ішінде психология зерттейді.
Іс-әрекеттің дамуы мен қайта құрылуына байланысты сыртқы
компонент, ішкі компонентке жүйесі ауысып отырады. Іс-әрекетте қиындық
туып, оны қайта қалпына келтіру қажет болғанда кері ауысу жүреді- оны-
экстериоризация деп атайды.
Экстериоризация ішкі қайтадан сыртқыға айналады, саналы
бақыланады, қысқа автоматтанған іс-әрекет компонентінің қайта жасалуын
айтамыз.
Іс-әрекет бұл таным мен шығармашылыққа бағытталған адамның өзінің өмір
сүру кәсіби салалары бойынша айтылуы үшін адамның белсенділігін түрін
айтуға болады. Адам іс-әрекет арқасында материалдық және рухани
құбылыстарда жасалынады қабілеттілігі арқасында табиғатты қоршайды оны
жетілдіреді. Адам өзіне генотивтік мүмкіндігіне негізделіп және одан
шеңберінен адам өз іс-әрекетімен шығармашылық сипатқа жасайды. Еңбек
құралдарының арқасында жаңа қоғамды техникалық материалдық мәдени рухани
даму жасауының арқасында адам өзін-өзі қайта құрып отырды. Тарихи даму
прогресіне көз жіберер болсақ, адам іс-әрекет арқасында жетіліп отырды.
Адам іс-әрекет тұтынушылық сипаты үшін ғана емес, жемісін беретін
шығармашылықта көрініп, жалғасады.
Адам іс-әрекеті өзге тіршілік иелерімен ерекшеленеді.Жануар
белсенділігі жаратылыстық қажеттілікке байланысты болса, адам іс-әрекеті
адамзаттың бұрын-соңғы жасалған мәдени- тарихи жетістіктеріне сүйеніп оны
қажеттіліктерінде сүйене жалғастырады.
Адам іс-әрекеті күрделі қимыл қозғалыстық біліктілік пен дағдыға
байланысты.
Адам іс-әрекетінің басқа тіршілік иелері мен айырмашылығын
белгілеп көрейік.
1. Адам іс-әрекеті жемісті шығармашылықты, жасампаздыққа ие.
2. Ал жануарлар белсенділігі тұтынукшылық негізде болады.
3. Адам іс-әрекеті заттық материалдық, рухани мәдениетпен
Бұларды өз дамуы үшін пайдаланады. Ал жануарлар өз биалогиялық
қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайды.
Адам іс-әрекеті адамның өзін өмір жағдайын қажеттілігі мен
қабілеттілігін де қайта қайта құрайды немесе көркейте түседі.
Адам іс-әрекеті түрлі форма мен оның әр түрлі құралдар арқылы жүзеге
асыруы тарихтық жемісі. Ал жануарлар белсенділігі биалогиялық эвалютциялық
нәтижесі ретінде болады.
2. Адам іс-әрекетінің түрі мен дамуы.
Адам іс-әрекет үш түрлі параметрлерде: Қажеттілік күші, саны мен
сапасымен белгіленеді.
Іс-әрекет бұл қажеттілікке байланысты болады. Ал оның қажеттілік күші –
оның көкей кестілігі туындау жиілігі, тудыру потенциялы мен көрсетіледі.
Саны – туындап отырған әр түрлі қажеттіліктердің уақыт өткен сайын оның
актуалды болуынан көрінеді. Оған уақыт жетімсіздігі – түрлі іс-әрекетті
атқару жатады.
Іс-әрекет түрлеріне: қатынас, ойын, оқу, еңбек, жатады.
Қатынас – адам дамуы, оның жеке дамуы процесінде туындайтын іс-
әрекеттің алғашқы түрі.
Қатынас іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады, ол адамдардың өзара
мәлімет алмасуына бағытталады.
Онда ұстанатын мақсат: Өзара түсінісу іскерлік ,жеке қатынасты достықты
құру, өзара көмек беру және бір – біріне ықпал етуді көздейді.
Адам бір-бірі мен тілдік және тілдік емесмәліметтер мен алмасады.
Адамдар арасында жанама қатынастар тікелей қатынас болмайды. Мәлімет алмасу
өзге адамдар, техникалық құралодар, арқылы жүре береді.
Адамның іс-әрекетінің даму жүйесін сөз еткенде, біз оның мына
төмендегідей іс - әрекеттерінің прогрешіл қайта жасалу оспектілерінің
түрлерін айтамыз.
1. Адам іс-әрекетінің филогенетикалық даму жүйесі .
2. Адам түрлі іс -әрекеттер процестер араласа отырып өзінің онтогенезде
болатын жеке дамуы.
3. Іс-әрекет түрлерінің өзгеруі және ішінара өз ішінде алмасу .
4. Іс-әрекет диференциялциясы. Бір іс-әрекеттің әлсіреуінен өзге
жекелеген дербес іс-әрекетке айналуы.
Психиканың негігі үш қызметі: Айналадағы қоршаған әлемнің
бейнелеуімен әсер етуі, мінез құлықпен іс-әрекетті ретелінуі, айналадағы
қоршаған өмірден адамның өз орнын таба білуі.
Психологияның жаратылыстану пәндерімен байланысты: Биалогиялық
ғылымдар- физалогия, адам анатомиясы, ЖЖӘ (Жоғарғы жүйке әрекеті)
физалогиясы, еңбек физиалогиясы, механикалық ғылымдар- психатрия,
психоформатология, невралогия, психоэндокриналогия сияқты ғылымдар туралы
түсінік беру. Олардың әр-қайсысы туралы қысқаша анықтамалық беру. Байланысу
себебін көрсету.
Психология ғылымында жаратылыстану негізінің ролі: мыналарды
қамтамассыз етеді.Жаратылыстану пәндері туралы білімінің болуы мен оның
психологиямен өзара байланыстылығын білу, адамның жүйке жүйесі қызыметінің
құрылуымен оған тән өзгешеліктер туралы түсінігінің болуы, жүйке жүйесімен
адам психикасының өзара байланысы туралы түсінік, адамның жоғары жүйке
әрекетінің заңдылықтары туралы білімінің болуы мен оны ескерте отыруы бас
ми рефлекстері туралы дұрыс пайымдау.
Психологияның ерекшелігі – адамзатқа белгілі ең күрделі
құбылыстарды қарастырады, таным субъбекті мен объекті бір арнада болады,
тәжірбиелікті қажет етеді.

3. Баланың іс - әрекетінің психикалық дамуының биологиялық және
әлеуметтік факторлары
Баланың психикалық дамуы жас ішінде бала қимылқозғалыстарының дамуы
және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен
жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік
тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу
қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады,
оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді
үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ
біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай
нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы
болады. Солардыд арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді.
Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бул қасиеттердің
көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала
бастапқыда қолын заттардың касиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап,
сыртқы бағдарлау кимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары
интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің калыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату,
лақтыру т. б. тәрізді қарапайым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Жеке тұлға психологиясы
ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Адамның іс-әрекеті
Жеке тұлғалардың арасындағы қарым – қатынас психологиясы
ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Психология тарихы туралы
Психология – ғылым ретінде. Дәрістер
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа жолдары
Пәндер