Бастауыш сынып оқушыларының көрі арқылы қабылдаудың ерекшеліктері
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының көрі арқылы қабылдаудың ерекшеліктері
Орындаған: Қосбанова Г.И.
Тексерген: Ботагөл Төлегенқызы
Орал, 2012ж.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қабылдау түсінігі және оның ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-10
2.2.Бастауыш сынып оқушыларынының танымдық процесінің даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-13
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері ... ... ... ... .14-
19
2.4.Қабылдау қасиеттері және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20-2 1
2.5.Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау процесін жақсарту мақсатында
өткізілетін
сабақатар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22-25
2.6. Бастауыш сынып оқушыларына логикалық тапсырмалар беру арқылы ойлау
және қабылдау қабілеттерін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26-28
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

... ...29-30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие
нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың
тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері
зерттелуде.
Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және
еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны
К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі
технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған.
Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел
дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға
үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау
қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.
Осы проблемалардың бірі – оқушылардың қабылдауын жақсарту.
Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім
мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың
кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі.
Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы
қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ
жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін
анализденген затты синтездеу керек.
Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа
затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады.
Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың
кейбіреулері жанданып отырады.
Қабылдағанда оқушы миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық
негіз деп атайды.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері:
✓ Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы жалпы сипаттама
беру;
✓ Оқушылардың қабылдау процесін заттардың тұтастай бейнеленуі
ретінде және күрделі перцептивті процесс ретінде қарау;
✓ Қабылдаудың негізігі қасиеттері мен түрлерімен танысу;
✓ Қабылдаудың негізгі қасиеттері заттылық, тұтастық,
құрылымдық, мағыналық, апперцепция, белсенділік т.б.
қасиеттеріне түсінік беру.
✓ Оқушылардың қабылдау процесін дамытуға арналған әдістемелермен
танысу.

Қабылдаудың ерекшеліктері.
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден,
бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге
байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау
кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері,
формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар
немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге
байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның
объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны
деп аталады
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің
нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз.
Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның
дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне
байланысты.
Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және
психикалық қалпына тәуелді болады.
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны
психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек,
жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін
қате қабылдау.
Кеңістікті және уақытты қабылдау. Біз дүниедегі заттар мен
құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен
кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі
заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-
жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау
адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты.
Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп
атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны
көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты
бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.
Уақытша қабылдау. Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір
қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның
рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды.
Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты
түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.
Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады.
Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы
қандай екендігін айтуға болады.
Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін
көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді.
Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып, сонымен
бірге өз дамуында осы қызметтің жағдайлары мен сипатына тәуелді. Ж. Пиаже
айтқандай генезисті, перцептивті процестердің құрылымы мен функцияларын
зерттеуде проблеманы “праксеологиялық” тәсілдемемен қараудың мәні маңызды.
Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы психологияда ұзақ уақыт
еленбеді және де немесе қабылдау практикалық қызметтің сыртында
(субъективті менталистік психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді,
немесе қызмет қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер) қарастырылды.
Тек соңғы он жылдықта олардың арасындағы генетикалық және
функционалдық байланыстар психологиялық зерттеу пәні бола бастады.
Диалектикалық материализмнің қоршаған шындықты танудағы практиканың роліне
қатысты белгілі философиялық ережелерге сүйене отырып отызыншы жылдардың
басында кеңестік психологтар (Б.Г. Ананьев, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев,
А.Р. Лурия, Б.М. Теплов және т.б.) қабылдаудың субъекті қызметінің сипатына
байланыстылығын зерттеуге кірісті. Біздің қызметкерлермен бірге психология
Институты мен ПҒА мектепке дейінгі тәрбие Институтында жүргізген қабылдауды
онтогенетикалық зерттеулеріміз осы бағытта жүрді.
Балалардың практикалық қызметінің ерекшеліктері және оның жастық
өзгерістері адам қабылдауы онтогенезіне айтарлықтай әсер ететін сияқты.
Бүтіндей қызмет сияқты, сондай-ақ оның құрамына кіретін перцептивті
процесстердің дамуы спонтанды емес жүреді. Ол өмір мен үйрету жағдайларымен
анықталады, оның барысында Л.С. Выготский атап өткендей, бала бұдан.
Бұрынғы буындармен жиналған қоғамдық тәжірибені игереді. Жекелеген жағдайда
өзіндік ерекше адамдық сенсорлық оқыту перцептивті процесстерді тіршілік
етудің жеке бастық жағдайларына бейімдеуді ғана емес, сондай-ақ қоғам
жасаған сенсорлық эталондар жүйесін (олардың қатарына мысалы, жалпылай
қабылданған музыкалық дыбыстар шкаласы, әр түрлі тілдердің фонемалар
решеткасы, геометриялық формалар жүйесі, т.т. жатады) игеруді ойлайды.
Жекелеген индивидтер игерілген этолондарды қабылданатын объекті зерттеу
және оның қасиеттерін бағалау үшін пайдаланады. Мұндай эталондар
қабылдаудың жедел бірліктері болады, оның практикалық қызметі құралмен
жанама түрленсе, ал ойлау қызметі – сөзбен түрленген сияқты баланың
персептивті іс әрекетін жанама түрлендіреді.
Біздің топшылауымызға сәйкес, перцептивті іс әрекеттер нақты жағдайды
ғана бейнелеп қоймай, белгілі бір шамада практикалық іс әрекеттер
нәтижесінде мүмкін болатын оның түрленулерін алдын ала біледі. Осында
сенсорлық алдын ала білулерге (интеллектуальды алдын ала білуден
айтарлықтай өзгешеленетін) бола перцептивті әрекеттер тәртіптің жақын
болашағын анықтау және субъект алдында тұрған мәселелер мен жағдайларға
сәйкес оны реттей алады.
Негізінен біз баланың көру және сезіну процесін зерттесекте, дегенмен
анықталған заңдылықтар, біздің қызметкерлердің зерттеулері көрсеткендей,
басқа да сенсорлық модальдықтарда (есту, кинестетикалық қабылдау және т.б.
салаларда) жалпы мәнге ие болады және өзіндік көрініс береді.
Біз қабылдаудың қызмет сипатына тәуелділігін зерттедік:
a) Баланың онтогенетикалық дамуы тұрғысында
b) Функционалдық (қандай да бір перцептивті іс әрекеттердің сенсорлық
оқыту әсерімен қалыптасу процессінде) даму барысында.
Біз жүргізген және басқа авторлар жүргізген қабылдау онтогенезін
зерттеу жұмыстары, қабылдау мен әрекет арасында баланың даму барысындағы
күрделі және өзгеретін қарым қатынастар болатындығын көрсетті.
Л.А. Венгердің, Р. Фантцтың және басқалардың зерттеулері көрсеткендей,
осындай реакциялардың көмегімен, өмірдің алғашқы айларының өзінде ескі және
жаңа объектілерді (бір бірінен өлшемімен, түсімен, формасымен және т.б.
өзгешеленетін) айтарлықтай жұқа “бағыттық” айыру мүмкіндігіне қол
жеткізіледі, бірақ әрекеттің күрделі өзгергіш формаларын басқару үшін
қажетті константты, пәндік перцептивті образдардың қалыптасуы әлі жүрмейді.
Конструктивті қызмет ролін (А.Р. Лурия, Н.Н. Поддьяков, В.П. Сохина
және басқалар), сондай-ақ сурет салу (З.М. Богуславская, Н.П. Сакулина және
басқалар) көріп қабылдауды дамыту бойынша зерттеулері бұл қызметтердің
әсерінен балаларда көріп талдау мен синтездеудің күрделі түрлері, көріп
тұрған затын бөліктерге бөлу және содан кейін оларды бүтін ғып біріктіру
қабілетінің осыған ұқсас амалдар практикада орындалудан бұрын
қалыптасатындығын көрсетті. Сәйкесінше формалардың перцептивті образдары
жаңа мазмұнға ие болады. Заттың контурын одан әрі нақтылаудан басқа, оның
құрылымы, кеңістіктік ерекшеліктері мен оны құрайтын бөліктерінің қатынасы
бөлініп көріне бастайды, бала бұрын оларға зейін аудармайтын.
Қабылдау онтогенезінің әр түрлі жастағы балалардың практикалық
қызметінің сипатына байланыстылығын куәлендіретін кейбір эксперименталдық
деректер осындай.
З.М. Богусловскаяның, А.Г. Рузскаяның және басқалардың зерттеулері,
мысалы берілген кезеңде балалар заттардың кеңістіктік қасиеттерімен кеңінен
ашылған бағдарлаушы-зертеулік қимылдар (қол және көз) көмегімен танысады.
Ұқсас құбылыстар акустикалық перцептивті әрекеттерді (Т.В. Ендовицкая, Л.Е.
Журова, Т.К. Михина, Т.А. Репина) қалыптастырғанда, сондай-ақ балаларда
өздерінің позалары мен қимылдарын (Я.З. Неверович) кинетикалық қабылдауы
қалыптасқанда байқалады.
Қарау, қолмен ұстап көру және т.б. сыртқы қимылдар көмегімен жағдайды
зерттеу практикалық әрекеттерден бұрын келіп, олардың бағыты мен сипатын
анықтайды. Осылайша белгілі лабиринтті өту тәжірибесі бар бала (О.В.
Овчинникованың, А.Г. Полякованың тәжірибелері), көзбен немесе қолмен сипап
керек жолды, тұйықтарға бармай және лабиринтте бар кедергілерді қимай алдын
ала біліп отырады. Осыған ұқсас Л.А. Венгердің тәжірибелерінде әртүрлі
заттарды формалары мен өлшемдері әр түрлі саңылаулардан алып өтуді үйренген
балалар оларды көз қиығын заттан саңылауға аударып салыстыра бастайды және
орнынан осындай алдын ала бағдарлау жүргізгеннен кейін практикалық мәселені
қатесіз шешеді.
Осылайша, берілген кезеңде сыртқы бағдарлаушы-зерттеу әрекеттері
практикалық әрекеттердің жолдары мен нәтижелерінің алдында келіп, соңғылары
бағынатын ережелер мен шектеулерді қабылдайды.
Үшінші кезеңде перцептивтік әсерлер жинақыланады, олардың жүру уақыты
қысқарады, олардың эффекторлы қатарлары тежеуден босатылады да қабылдау
пассивті, әрекетсіз процес екен деген ой келтіре бастайды.
Біздің көру, сезу және есту перцептивті әсерлерінің қалыптасуына
жүргізген зерттеулеріміз, сенсорлық оқытудың кеш сатыларында балалар қандай
да бір сыртқы бағдарлаушы-зерттеу қозғалысынсыз ақ объектінің белгілі бір
қасиеттерін танып, оларды бір-бірінен ажырату, олардың арасындағы
байланыстар мен қатынастарды байқау қабілетіне ие болады.
Қолда бар экспериментальдық деректер осы кезеңде сыртқы бағдарлаушы-
зерттеу әрекет идеалды әрекетке, зейіннің қабылдау өрісі бойынша
қозғалысына айналады деп топшылау жасауға мүмкіндік береді. “Идеалды”
перцептивті әрекеттердің ерекшеліктерін орныққан (стабилизированное)
бейнені қабылдауды зерттеу (осы симпозиудағы В.П. Зинченконың және Н.Ю.
Вергилестің баяндамаларын қара) жұмыстары көрсетті.
2.2.Бастауыш сынып оқушыларынының танымдық процесінің даму ерекшеліктері
Танымдық іс-әрекеттердің дамуыының тағы бір шарты – балалардың ақыл-ой
әрекеттерінің қалыптасуы болып табылады. Балар ойлана отырып іс-әрекетке
көшеді. Сондықтан да баланың ойлауын, оның дамуын, көптеген ғалымдар,
психологтар зерттеген. Атап айтатын болсақ Л.С.Выготский, А.А.Люблинская,
Г.И.Минская, Х.А.Ганькова. Н.Г.Салмина т.б.
Сонымен қатар баланың қабылдауын дамыту қажет. Себебі бала берген
білімді қабылдамаса, оны ұйымдастырылған ұжымдық танымдық іс-әрекет жүзеге
аспайды. Баланың қабылдауын дамыту ол ең алдымен байқағыштықты дамытудың
негізгі шарттарымен байланысты болады. Баланы байқағыштыққа үйрету оның
жеке басының бақылағыштық, терең қабылдай білушілік, белгілерді көре және
айыра білу, танымдық әрекеттерді терең меңгеруге, табиғат объектісі
өміріндегі, адамдар іс-әрекеттердегі қасиеттерін көріп-білуге, тануға
үйретеді.
Байқағыштық көптеген мамандықтар саласында жемісті қызмет ету үшін,
танымдық іс-әрекетті дамытудағы аса қажетті бағалы қасиет.
Бастауыш сыныпта ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді - ойын әрекеті
барысында да дамытуға болады.
Бастауыш сынып оқушысының негізгі іс-әрекеті оқу болғанымен, ойын бала
өмірінде үлкен рольге ие. Ойынның бала өміріндегі орнын анықтаумен
Н.К.Крупская, А.С.Макоренко сияқты көптеген көрнекті педагогтар шұғылданды.
Айталық Н.К.Крупская: “Баланың әлемді танып-білуіне үлкен әсер ететін
ойын”,- десе, А.М.Горький: “Балының ойыны ересек адамдардың еңбегіне
еліктеуден өрістеп шын мәніндегі еңбекке айналады” – деген. (Сабақ беру
тиімділігін арттыру жолдары. Б.Смаилов А.1989 13-21 б).
Сабақтан тыс уақытта балаларды сюжеттік-рольдік ойындарда ойнату
арқылы баланың ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытуға болады. Балара өздері
сюжеттік-рольдік ойындарда ойнай отырып ең алдымен ұжымдасады, ортақ шешім
алады, өздерінің қабілеттерін, шығармашылықтарын, танымдарын, оқып-
білгендерін көрсете отырып, өздеріне жаңа бір мәлімет алады, білімдерін
толықтырып, біліктіліктері мен іскерліктерін арттырады.
Балар ұжымын дамытуда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген
қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше
маңызды. Балаларды қоғамдық маңызыды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра
отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-
қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл
жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының
психологиялық маңызы зор.Балар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі
мынады: үлкендер ұйымдастырған балар бірлестіктері қоғамның осы типке тән
қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмікндік береді. ә!рине, сондықтан да
коллектив ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын
қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Атап айтқанда, ұжым-мектеп оқушысының
жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсендің, мақсатты
түрде қалыптастырудың шарты.
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа
адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының
сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ процесс. 1-2 сыныптардағы мектеп
оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-
әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. 3-
4 сыпынтарда оқушылардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға
қажеттілік өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде оқушылардың ұжымының
құрылуы басталады.
Сонымен дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы,
дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп тамыры одан да гөрі
ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады. Оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі
оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен
анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі
– танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру.
Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен:
1) Оқушылар әрекетінің мазмұнымен;
2) Бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекеттің субъективті ісі ретінде
болатындығымен;
3) Танымдық іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-
қатынастардың жүйесімен айқындалады.
Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын
қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.
Оқушылар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. әрбір
оқушы – осы ұжымның мүшесі, сондықтан да бастауыш сынып оқушысына ұжымдық
іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып,
көпшілікітің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Социалистік қоғам адамның
жеке басының интегралдық сапасы – ерекше актуалды педагогикалық міндетті
құратын ұжымды қалыптастыру.
Қазіргі педагогикалық психологиялық зерттеулерде балалардың бастауыш
сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л.Божовичтің, Р.Буренің,
Л.Венгердің, Я.Коломинскийдің, Е.Панько және т.б. ғалымдар еңбектерінің
маңызы зор. Ұжымдық танымдық әрекеттің үрдісінде мынадай мақсаттар жүзеге
асырылады:
1) Символикалық бейнелерге психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте
сақтау) саналы қатынасты қалыптастыру;
2) Қисынды ойлауды және көрнекі-бейнелі операцияларды меңгеру;
3) Қиялды, әр түрлі қабылдауды жетілдіру.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері
Бірақ түйсіну жекелеген сезім мүшелерінің қызметі арқылы іске асатын
болғандықтан, әсер еткен тітіркендіргіштің мазмұны жөнінде бала ештеңе
білмейді. Сол себепті сабақта берілетін мағлұматтар тек қабылдауға жеткенде
ғана, әсер еткен тітіркендіргіштің қасиеті санада тұтастай, толық
бейнеленеді. Сондықтан оқушы-лардың берілген материалдарды дұрыс қабылдауы
үшін баланың сезім мүшелерінің бәрін (иіс, дәм, есту, көру, сипап сезу)
әрекетке түсіру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісінің дамуы оны қоршаған заттар мен
құбылыстарды қабылдауынан басталады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский:
...Түйсік пен қабылдау неғұрлым нәзік болған сайын адамның рухани
мәдениетін сипаттайтын эмоциялық диапазоны кеңейте түспек, - дейді.
Жеке тұлғаның түйсігіне жетіп, қабылданған нәрселер кейде естерінде өз-
өзінен қалады, кейбірі қайта жаңғырығады, қажетсіздері ұмытылып қалады.
Есте сақтау тәжірибе жинақтап, оны байытуға ғана емес, адамның ақыл-ой
қызметін жақсартып, рухани дамуы үшін аса қажет. Себебі есте сақтау
қызметінсіз адам ойлай, талдай және жинақтап қорыта алмайды. Сол сияқты
есте сақтаусыз елестете алу да мүмкін емес, қиялдай білу мен шығармашылық
та дамымайды. Белгілі психолог А.А. Любинская Бастауыш мектеп оқушысының
психологиясы жөнінде деген еңбегінде есте сақтаудың мынадай түрлерін
көрсетеді: 1) моторлы немесе қозғалмалы түрде есте сақтау, 2) бейнелі түрде
есте сақтау, 3) эмоциялық түрде есте сақтау, 4) сөзді мағынасын ұғынып есте
сақтау.
Арнайы қайта жаңғырту, әдейілеп еске түсіру, бұл – ойлаумен тығыз
байланысты, өте белсенді үрдіс.
Л.Ф. Фридманның тұжырымы бойынша, ойлау – адам танымының жоғарғы
формасы болып табылады. Ол дүниені әр қырынан тануға, мәселені терең
түсінуге мүмкіндік береді. Бастауыш сынып жасындағы баланың ойлауы көрнекі,
нақты-образдық, сондай-ақ абстракты-логикалық түрде болатыны психологтардың
зерттеулерінен белгілі. Ойлау процесі жұмбақ нәрсеге кездескенде басталады.
Ендеше, өзін-өзі тану жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда
қойылатын сұрақ оқушыны жұмбақ міндеттерді шешуге, проблемалық
ситуациялардан жол табуға ықпал ететіндей, оқушыны ойлауға мәжбүр-лейтіндей
болады. Егер, жаңа, ерекше құбылыс адамды селт еткізбесе, толқытпаса,
бейжай қалдырса, ойлау тумайды. Яғни, сұрақ қойылған сәтте оқушыда жұмбаққа
жауап табуға, түсінуге қажеттілік туатындай жағдай жасалуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау
мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі
болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің ал-ғашқы белгісі. Оқушының
шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және
сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мынадай
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсрымаларды шешу
ана-грамма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б.
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс кері есеп
қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б.
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың
жұмыс түрлері.
1.Әр түрлі кездесулер өткізу.
2.Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері
бойынша шығарма жазу.
3.Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі
пайдалану.
4.Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат
жинау, реферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға,
шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз
бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының
шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді
байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік
жұмысы оқушыны бір жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін
арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Теориялық мәселелерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш
факторға сай жүзеге асады. Біріншісі- биологиялық фактор, екіншісі-
әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Ғалымдардың
пікірінше, осы фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу-тәрбие үрдісінің ролі
зор. Көптеген ғалым-педагогтардың,практик мұғалімдердің тәжірибесіне
сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді, ең
алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады. Себебі, сабақ
қаншалықты сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі
мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса
жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы
жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел-оқушыны дамытуға
бағыттала ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz