Қой шаруашылығы. Қойдың биологиялық ерекшеліктері



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
Әдебиетке шолу
І. Қой шаруашылығы
1.1. Қойдың биологиялық ерекшеліктері
1.2. Қой шаруашылығының болашағы
ІІ. Қазақстандағы тұқым түрлері
2.1. Қой тұқымдары
2.2. Кавказ қой тұқымы
2.3. Тұқымдар туралы түсінік
2.4. Биязы жүнді қой тұқымдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде
ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен
тіршілік еткендіктен, бүл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген
өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке,
қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге,
елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-
салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға
төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте
де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды
оңтүстікте де өсіріле береді. Оған қойдың биологиялық ерекшеліктері
арасындағы ең бір негізгісі - түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана
алатындығы мүмкіндік туғызады.
Осындай адам тіршілігіне қажетті жан-жақты қасиеттері үшін қойды түрлі
шаруашылықтарда көптеп өсіреді. Қой жүнінен жіп иіріліп, түрлі жүн өнімдері
тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет сияқты ұлттық өнер бұйымдары
дайындалады. Өңделген елтірісінен ішік, тон, шалбар, етік тігіледі. Сүтінен
бір жағынан ұлттық, екінші жағынан емдік, диеталық қасиеттері жоғары құрт,
ірімшік, айран, қаймақ тағамдары дайындалады.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния
ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп
қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Әдебиетке шолу

1. Сларкевич В.В. мен Айва В.П., кейін К.Д.Филянский 1923-1936 ж.ж.
ставрополь өлкесінде шығарылған Кавказ қой тұқымын толық зерттеген, сол
үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.
2. П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский
(1929), М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ұ.
Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) құйрықты қой тұқымдарынан
түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені
барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет
өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі
биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға
болады.
3. М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректетерінде табиғи
сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі —
қазақтың құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен
Москва зоотехникалық институты (1927— 1930 жылдары) экспедициясының
материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 варианты бар
екендігі көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының
шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге
өте шыдамды.
4. Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) жүргізген
зерттеулерде әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты
будандастырғанда болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау болған
жағдайларда қандай қозы туатындығын байқай отырып, селекциялық шешімге
келді.
5. В.А. Бальмонт, М.А. Ермеков, А. Елеманов, Бутарин, Т. Бөкенбаевтар
Қазақстанда 1930 жылдан бастап ғалымдар мал селекциясын жүйелі түрде қолға
алып, ғылыми негізде жұмыс жүргізе бастады.
6. В.А. Бальмонт, Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный 1931 жылы жаңа тұқымды
зерттеп анықтады. Авторлары Одақтың мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары
атанды.
7. М. Ф. Иванов қойдың арғы тегі - муфлонды биязы жүнді қойдың
саулықтарымен шағылыстырып, қойдың жаңа тұқымын шығарды. Ол жұмыстар
Украинада Аскания-Нова қорығында тегіс жерде жүргізілген.
8. Н. С. Бутарин өз жүмысында таулы жерде өсірілетін тұқым шығару үшін
муфлонның орнына арқарды пайдаланды, өйткені арқар биік 3000-4000 метрден
астам тауда өсетін қой тектес жануарларды зерттеген.
9. П.Н. Кулешов (1926) ауыл шаруашылық мал тұқымдарының дамуына
байланысты тарихи шолу жасады.
10. Д.А. Кисловский дүиие жүзі мал шаруашылығының теориясы мен
тәжірибесі жоніндегі кең көлемді деректерді жинақтап, қорытып және П.Н.
Кулешовтың пікірлерін құптай отырып, үй малы адам еңбегінің жемісі болып
табылады деген ғылыми тұжырымды жақтады. Ол тұқымдардың пайда болуына
сыртқы ортаның әсер ететінін мойындаса да шешуші шарт адамның еңбегі мен
техникасы деп санады.
11. В. А. Бальмонттың басқаруымен Е. В. Баканова, А. И. Пшеничный
(1931) Қазақстанда өзінің жергілікті жағдайына лайықты биязы жүнді қойдың
жаңа тұқымын шығару мәселесімен айналысқан. Бұл жұмысты академик жұмыс
істеді. Негізгі селекциялық жұмыстар К. Мыңбаев атындағы тәжірибе
шаруашылығында жүргізілді. Жаңа тұқым шығару үшін қазақы қойларының
тәуірлері іріктеліп алынды, олар таза тұқымды прекос қошқарымен
шағылыстырылды.
12. В.А. Бальмонт, Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный Одақтың мемлекеттік
сыйлықтың лауреаттары 1931 жылы басталған жұмыс 1946 жылы жаңа тұқымды
мәскеудің бекітуімен өте нәтижелі аяқталды.

І. Қой шаруашылығы
1.1. Қойдың биологиялық ерекшеліктері

Адам көп ғасырлар бойы малды өз қолында өсіруге үйретуі мен бірге
олардың қасиеттерінің өзгергіштігін байқап, оны зерттеп, сол өзгерген
пайдалы қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыратынын байқаған. Соның
арқасында малды өз қажетіне қарай өзгертумен нақты шұғылдана бастаған.
Осындай ізденістер нәтижелері бірте-бірте жасалып, жинақталып генетика,
биология ғылымдарының негізін сала бастаған.
1859 жылы Ч. Дарвин өзінің белгілі Түрлердің шығуы атты еңбегінде
бірінші рет органикалық әлемінің эволюциялық өзгергіштігі туралы теориялық
тұжырым жариялады. Ол дүниедегі тірі жануарлардың барлығы да табиғи
іріктелу арқылы жаңа, өзгерген ортада тіршілік етуге бейімделеді, өзгереді,
соның нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады деді. Ч. Дарвин түр денесінің
өзгергіштігі мен оның тұқым қуалаушылық қасиеттері - эволюциялық құбылыстың
негізі, түрдің табиғатта сақталып қалуының кепілі екендігін дәлелдеді.
1866 жылы Г. Мендель бұршақтың бірнеше түрін будандастырудың
нәтижелерін ғылыми еңбек ретінде жарияланған болатын. Бірақ сол кезде аса
бағалы осы ғылым жаңалығын ешкім түсіне алған жоқ. Тек 30 жыл өткен соң
ғана оның жазып кеткен еңбектерін голландық ғалым Де Фриз, алмандық ғалым
Корренс, австралиялық ғалым Чермак әрқайсысы дербес оқып, түсініп қолданып,
нәтижесін жариялап дүние жүзі еддеріне қайта ашып, табыстады.
Г. Мендель тұқым қуалаушылықтың заңдылығын ашқан, генетиканың негізін
салған ғалымдардың алғашқылары ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Ол тұқым
қуалаушылықты қамтамасыз ететін заттар өзара араласпайды, дискретті түрде
дербес сақталып таза күйінде келесі ұрпаққа беріледі деп көрсеткен. Г.
Мендельдің ашқан тұқым қуалаушылық жөнінде үш заңы да генетика ғылымынан өз
орнын алды және осы күнге дейін сақталып келеді.
Оның бірінші заңы - таза тұқымды ата-аналардан алынған будандардың
генотиптері бірдей болатындығы. Екіншісі - ұрпақ гендерінің бөлініп
гетерозиготаға айналуы. Үшіншісі - ұрпақ қасиеттері мен көрсеткіштері
ерікті түрде-қалыптасады. Гамета пайда болар кезде оның әрқайсысына аллель
жұптары өзінше ерікті құралады. 1909 жылы Дания ғалымы Иогансен тұқым
қуалаушы заттарды ген деп атауды ұсынды. Солай болып ғылымда қалыптасты.
1912 жылы Америка ғалымы Морган тұқым қуалаушылықтың материалдық негізін -
хромосоманы (ядродағы боялатын денелер) ашып, хромосомдық теорияның негізін
салды. Ол гендер ядродағы хромосомдарда қаз қатар орналасады және әр геннің
өзінің орны болады деген. Сондай-ақ гендері бір хромосомадағы көрсеткіштер
ата-анасының хромосомасындағы тіркелген күйі, сол құрамда жыныс клеткалары
арқылы ұрпағына берілетінін және жаңа гендер құрылымдары хромосома
бөлшектерінің орын ауысуы (кроссинговер) нәтижесінде болады деп көрсеткен.
1953 жылы Уатсон және Крик гендік материалдық дезокси-рибонуклейн
қышқылынан (ДНҚ-дан) тұратынын және ұрпақтан ұрпаққа берілетін қасиеттер
ДНҚ молекуласының құрылымындағы негіздердің түзілуіне байланысты екенін
дәлелдеген. Сонымен бұл ғалымдар молекулярлық генетиканың негізін салған.
1939 жыл Л. Лаш Мал өсіру деген ғылыми еңбек жариялады. Бұл еңбек қазіргі
мал шаруашылығының селекциясының алғашқы жарияланған теориялық негіздері
болды. Ресейде, кейін Кеңес Одағында зоотехния ғылымының негізін салған
П.Н. Кулешов, Е.А. Богданов, М.Ф. Иванов сияқты ғалым-селекционерлер болды.
Қазақстанда 1930 жылдан бастап ғалымдар мал селекциясын жүйелі түрде қолға
алып, ғылыми негізде жүмыс жүргізе бастады. Солардың ішінде басты
жетекшілері В.А. Бальмонт, М.А. Ермеков, А. Елеманов, Бутарин, Т.
Бөкенбаевтар болды. Мал шаруашылығында молекулярлық генетиканың негізін
салып үлкен мектеп құрған Ф.М. Мұхамедғалиев, үлкен селекциялық
жетістіктерге жеткен Қ.У. Медеубеков, К. Елемесов, X. Укбаев, М.М.
Тойшыбековтарды, Е. Есентаевті атау қажет.
1.3. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

Қой шаруашылығының бүкіл дүние жүзінде, соның ішінде Қазақстанда да
замана талабына сай дамиды. Мал шаруашылығының бір саласы ретінде, өзінің
қажеттілігін тек қой ғана өнді-ретін өнімдерге (жүн, қой еті, елтірі,
тондық терілер т.б.) сұраныстарды қанағаттандыру үшін өсіріле береді. Өзара
бәсекелестік-те ең қүнды, ең арзан, ең пайдалы сала болу үшін оның өсімтал-
дығын, өміршеңдігін жақсарта беру, сол арқылы қой шаруашы-лығы өнімдерін
көбейте беру мәселері күн тәртібінен әр уақытта да түспейді.
Сондықтан да дүние жүзінде қойдың төлшілдігін арттыру қазір басты
назарда. Селекциялық жолмен қойдың төлшілдігін 200-250 пайызға жеткізу іске
асырылуда. Бүл жөнінде дүниеде бар төлшіл қой түқымдарын (романов, фин
ландрасы, бурула т.б.) кеңінен пайдаланып жаңа, жоғары өнімді қой түқымдары
шығарылуда. Сөз жоқ бүл бағыттағы жүмыстар өз нәтижесін береді.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния
ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп
қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Әр саулықтан өсіретін қозы санын, олардың өсіп салмақ қо-суын, жем-
шөпті тиімді пайдалануын, алынған қозыны аман өсірудің өндірісте
дәлелденген жүйелері мен әдіс-тәсілдері жеткілікті.
Егер де қой фермаларында алдыңғы қатардағы шаруашылық-тарда қолданылып
жүрген қойды бағып-қағу, өсіріп тәрбиелеу технологияларын бүлжытпай
қолданып отырса, республикамыз-да қой басы да, оның ет өнімділігі де үлкен
жылдамдықпен өсер еді. Ол үшін қой отарларында зоотехниялық-малдәрігерлік
ша-ралар өз уақытында, жоспарлы түрде жүзеге асырылып отыруы тиіс. Қазірше
біздің республикада көптеген қой фермаларында зоотехниялық-малдәрігерлік
шаралар төмен дәрежеде жүргізі-леді. Кейбір фермаларда, көптеген жеке
шаруашылықтарда ешқандай зоотехниялық-малдәрігерлік ғылымға сәйкес жүмыстар
жүргізілмейді. Сонымен қатар жем-шөп базасына көңіл аударылмайды. Әрине,
осындай салғырттықтан мал шаруашылығына зиян көп болады.
Мүндай өнімдердің шарықтап қымбаттауы, азот, фосфор ты-ңайтқыштарының
тапшылығы жайылым жерлердің қүнарлылы-ғын арттыру ісіне өзінің кері әсерін
тигізуде. Осындай жағдайда жайылым жерлерді дүрыс, жүйелі пайдаланудың
маңызы зор. Қазақстан ғалымдары бүл жөнінде де жақсы үсыныстар жасап отыр.
Қазақтың қой шаруашылығы, қаракөл шаруашылығы және мал азығы мен жайылым
институттары көптеген, әр аймаққа ар-налған үсыныстар береді. Міне, сол
үсыныстарды басшылыққа алып пайдалансақ қойдан өте арзан, аса сапалы өнім
өндіруге жол ашылады.
Қой малы шошқа, қүс, сүтті ірі қара малмен салыстырғанда қүнарлы
азықты, әсіресе дәнді жемді аса жоғары пайдалана ал-майды. Оның есесіне
Қазақстанда қойға арналған жайылымдар (шөл мен шөлейт, құмды және таулы
жерлерде) жеткілікті. Ол жерлерде өсетін шөптің өзі де қой малына жағымды.
Сондықтан біздің республикамызда қой малын көптеп өсіріп, арзан ет, жүн,
елтірі, тондық терілер өндіруге болады. Осы түрғыдан алғанда, қой
шаруашылығын экстенсивті және интенсивті технологияларды өзара дұрыс
ұштастырып қолдануға әбден болады. Мәселен, алыстағы жайылымдарда көптеп
саулық қой үстап, оның етке деген қозыларын жеделдетіп кешендерде (қалаға
жақын жерде) өсіріп, бордақылап етке сатып түрса өте пайдалы болады.
Мұндай технологиялардың да үсыныстары баршылық. Қой шаруашылығының
өнімділігін арттыруда түқымаралық будандас-тырудың үлкен пайдасы бар.
Сондықтан бүл жөнінде үмытпау керек. Қазақстанның әр өңірінде жасалған
тәжірибе де жеткілікті.
ІІ. Қазақстандағы тұқым түрлері
2.1. Қой тұқымдары

Дүние жүзінде кең тарағандықтан, қой тұқымдары да көптеп саналады.
Олар түрлі табиғи жағдайларға бейімділік, өнімділік қасиеттерімен
ерекшеленеді. Негізгі өнімдік бағытына қарай Қазақстанда аудандастырылатын
15-ке тарта қой тұқымы мен тұқымдың топтары биязы жүнді, биязылау жүнді,
қылшық жүнді және ұяң жүнді болып төртке бөлінеді. Солардың ішінде
республикамызда жергілікті табиғи-шаруашылық жағдайларына бейімделген
еділбай қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос, солтүстік қазақ
мериносы, оңтүстік қазақ мериносы, дегерес, қаракөл қойы өсіріледі. Ақтөбе
облысының кейбір аудандарында сараджа, совет мериносы, Алматы облысында —
австралия мериносы, қазақтың биязылау жүнді қойы, Жамбыл, Орталық Қазақстан
облыстарында - қазақтың құйрықты қойы, қазақтың ақ қылшы жүнді сарыарқа
қойы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында — солтүстік қазақ
мериносы, алтап қойы, Солтүстік Қазақстан облысында - кроссберд типті цой
тұқымдары, Батыс Қазақстан облысында - ақжайық қойы кездеседі. Олардың
басым көпшілігі биязы жүнді тұқымдарға жатады. Тек дегерес, қазақтың
биязылау жүнді қойы, цигай және кроссберд типті қой тұқымдары ғана биязылау
жүнді, ал еділбай, қазақтың құйрықты қойы, қаракөл, сарыарқа, сараджа
қойлары қылшық жүнді қой тұқымдарына жатады.
Алтайқойы - жүндес, етті, өсімтал, далалың жағдайға бейім қой тұқымы.
Қошқарлары - 100-125кг, саулықтары - 55-65 кг салмақ тартады. Қошқарларынан
-12-14 кг, саулықтарынан - 6-6,5кг қырқылады. Жүнінің ұзындығы - 7,5-9 см,
негізінен 64 сапалы. Төлшілдігі - 120-150%. Оңтүстік және солтүстік қазақ
мериностарын, қазақтың биязы жүнді қойын шығару үшін пайдаланылған тұқым.
Совет мериносы — көп елде және көп жерде тараған биязы жүнді тұқым.
Қошқарлары - 100-110 кг, саулықтары - 55-60 кг салмақ тартады.
Саулықтарынан ұзындығы - 8-8,5 см, таза шығымы - 38-40% 6,5-7 кг жүн
қырқылады. Төлшілдігі - 120-130% .
Қазақтың биязы жүнді қойы - елімізде бірінші шығарылған етті-
жүндібағыттағы қой тұқымы. 1931-1946 жылдары жергілікті құйрықты
саулықтарды прекос қошқарларымен ұрықтандыру жолымен шығарылған. Олардан
алынған төл жақсы еттілік қасиеттерін сапалы жүн өнімімен үйлестіре отырып,
өсімталдығымен қатар жергілікті қой тұқымдарының табиғи жағдайларға
бейімділігін де сақтаған. Алынған ұрпағынан осы белгі-қасиеттері бойынша
қатаң сұрыптау арқылы сүйегі ірі, денсаулығы мықты, жыл бойы табиғи
жайылымды жақсы пайдаланатын, ет пен жүн өнімі қоса жетілген жаңа тұқым
шығарылған.
Қазақтың биязы жүнді қойының қозылары өте тез жетіліп, 4-4,5
айлықтарында - 30-32 кг салмақ тартса, сақа саулықтары - 60-65 кг,
қошқарлары - 110-140 кг тартады. Олардың саулықтарынан таза талшықтар
шығымы - 48-52% болатын 4,5-5 кг, ал қошқарларынан -10-12 кг, ұзындығы -
7,9 см, биязылығы - 64-60 сападағы жүн қырқылады. Әр 100 саулықтан - 125-
140 қозы алынады. Қозыларын бордақылағанда тәулігіне 200-300 г қосымша
салмақ қосып, 4-4,5 айлықтарында-13-15 кг, 7-9 айлықтарында- 19-20 кг
тартады. Сойыс шығымы -49-50%. Кезінде бұл қой тұқымының республикадағы
жалпы саны 3,5 миллион басқа жеткен.
Арқар-меринос қойы - тұраралық будандастыру жолымен дүние жүзінде
шығарылған бірінші тұқым. 1934-1950 жылдары Тянь-Шань таулы аудандарында
арқардың ұрығы мен биязы жүнді қой саулықтарын ұрықтандыру арқылы
шығарылған етті-жүнді бағыттағы қой тұқымы. Қанының 12,5-25% атасының
қанына жататын I және II ұрпақ будандарын көздеген дене бітімі, сирақтары
мен тұяқтары, жүнділігі мен жүн сапасы бойынша қатаң сұрыптаудан
өткізілген.
Сұрыптауды ірі сүйекті, дене бітімі тығыз, сирақтары ұзын, тұяқтары
мықты, таулы жерде еркін жүріп-тұратын, қияға жақсы жайылатын жүні биязы
будандарды тұқымға алып қалып, ұрпағына қасиеттерін тұрақты беру белгілері
арқылы жүргізілген. Осының нәтижесінде биязы жүнді, таулы аймақтың
табиғатына өте бейім, биік бетте жақсы жайылатын тұқым шығарылған. Ол басқа
қой көтеріле алмайтын, теңіз деңгейінен 2,5-3 мың метр биіктіктегі альпілік
және субальпілік жайлауларда жақсы өседі. Сақа қошқарларының тірідей
салмағы - 90-130 кг, саулықтарынікі - 55-63 кг, тоқтыларынікі - 40-45 кг
тартады. Олардан, тиісінше, ұзындығы - 8-9 см, биязылығы - 64-60 сападағы 7-
7,5 кг; 3,3-4 кг және 2,5-3,5 кг жүн қырқылып, әр 100 саулықтан -130-145
қозы алынады. Шығыс Қазақстан таулы аудандарында да өсіріліп, саны 600 мың
бастай болған.
Оңтүстік қазақ мериносы - 1932-1966 жылдары республиканың оңтүстік
облыстарында жергілікті құйрықты саулықтарды биязы жүнді ставрополь, кавказ
және грозный қой тұқымдарының қошқарларымен шағылыстыру жолымен шығарылған.
Сұрыптау осы тұқымға тән пайдалы қасиеттерін көрсеткен қойды өзара
будандастыру жолымен жүргізіліп, бойына көптеген құнды қасиеттерді
жинақтаған жаңа тұқым шығарған.
Оңтүстік қазақ мериносы Оңтүстік Қазақстанның аумалы-төкпелі ауа
райына, құмды және шөлейт жайылымдарына жақсы бейімделген. Жүнді-етті
бағыттағы бұл тұқым жақсы азықтандырса қоңын жақсы көтереді. Осы бағыттағы
басқа тұқымдармен салыстырғанда ет және таза жүн шығымы жоғары. Жүнінің
таза шығымы -50-55%. Оның үстіне жүні тығыз өсіп, жақсы шайырланады да,
соған орай аз ластанады. Мериностық жүн талабына сәйкес келеді. Сақа
қошқарларының тірідей салмағы - 90-130 кг, саулықтарынікі - 50-60 кг
тартады. Олардан ұзындығы - 7-9 см, биязылығы - 64 сападағы, тиісінше, 9,5-
15 кг және 4,0-5,5 кг жүн қырқылады. Әр 100 саулықтан - 120-130 қозы
алынады. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 2,6 миллион бас
оңтүстік қазақ мериносы өсірілген.
Солтүстік қазақ мериносы - 1976 жылы шығарылған жүнді-етті бағыттағы
тұқым. Көптеген тұқымдар қатысқан күрделі шағылыстыру арқылы шығарылған.
Солтүстік және солтүстік-шығыс облыстардың қыр жайылымдарына бейімделген.
Аса сапалы ақ түсті, меринос типті жүн қырқылады. Тірілей салмағы - 100-140
кг тартатын сақа қошқарларынан -11-16 кг, 55-65 кг тартатын саулықтарынан
ұзындығы - 7,5-9 см, биязылығы - 64 сападағы 5-6 кг жүн қырқылады. Ұзындығы
6-10 см түбіті жалпы жүн көлемінің 68-80% құрайды. Жүнділігімен қатар ет
өнімділігі де жоғары. Қозылары тез жетіліп, 4-айлығында - 34-36 кг тартады.
7-8 айлық тоқтыларынан бордақылаудан кейін - 22-23 кг ет, 1,5-3 кг құйрың
май алуғаболады. Сойыс шығымы - 52-58%. Осы типтес қойлар Ақтөбе облысында
да шығарылуда.
Еділбай тұқымы - малсақ халық селекциясының тамаша жемісі. Ол ұзақ
жылдар бойы табиғи жағдайда сұрыптау арқылы қалыптасқан тұқым. Отаны -
Қазақстанның батысы, негізінен Жайық өңірі. Шөл және шөлейт даланың қатал
табиғатына жақсы бейімделген, қыстың қақаған аязы мен шілденің аптап
ыстығына өте төзімді. Мықты да ірі денелі, ұзын сирақты.
Жақсы жайылымда қоңын тез көтеріп, құйрығына қор ретінде 20-30
килограмға дейін май жинайды.
Қылшық жүнді қой тұқымы ішінде ең бағалы жүн осы қойдан қырқылады.
Жүні өрімделіп келген. Өрімінің құрамында майда да нәзік түбіт көп. Тез
жетіледі, ет-май өнімі де жоғары. Сақа саулықтары - 65-70 кг, қошқарлары
-100-150 кг салмақ тартады. Олардан, тиісінше, 3-4 және 2-2,5 кг жүн
қырқылады. Жекелеген қошқарлары -150-160 килограмға дейін салмақ тартады.
Қозылары 4-айлығында - 3 5-40 кг, ал олардың құйрықтары -3-4 кг тартып,
сойғанда -17-18 кг ет түседі. Жүні жетіліп туылғандықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы
Төлдерді өсіру әдістері
Буаз саулық азықтандыру
Төлдерді өсіру әдістері жайлы
Буаз саулықты азықтандыру ерекшеліктері
Етті-майлы құйрықты қойлар
Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері
Қой шаруашылығы және ордабасы қой тұқымына сипаттама
Буаз саулық қойларды азықтандыру
Қойларды азықтандырудағы протеин мөлшері
Пәндер