Қаракөл қозыларын бонитировкалау
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті
пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қаракөл қозыларын бонитировкалау
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе
Әдебиетке шолу
І. Оңтүстік қазақстандағы қаракөл шаруашылығының маңызы
1.1. Қаракөл қой шаруашылығы
1.2. Қаракөл қой тұқымдары
1.3. Қаракөл қой тұқымдарын асылдандыру
ІІ. Қаракөл қой тұқымдарын бонитировкалау әдістері
2.1. Қаракөл қой тұқымдары
2.2. Қаракөл қой тұқымдары бонитировкалау және жүндерді кластарға бөлу
тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әдебиетке шолу
1. П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929),
М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ү.
Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) еңбектерінде құйрықты қой
тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы
ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген.
2. М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректетерінде, СССР Ғылым
академиясы, Орта Азия университеті мен Москва зоотехникалық институты
(1927— 1930 жылдары) экспедициясының материалдарында Қазақстанда
құйрықты қойлардың географиялық 22 варианты бар екендігі көрсетілген.
3. П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929),

Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) еңбектерінен қойдан
алынатын ет өнімі, оның сапасы, қойдың бордақылау немесе жайылымда
семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы мағлұматтар
келтірілген.
4. К.Б. Свечик (1953) өзінің тәжірибесінде қозының эмбрионда өсіп-жетілу
қарқыны, денесінің, салмағының есуі торайдың өсіп-жетілуімен
салыстырғанда 4 есе жылдам екендігін көрсеткен.
5. Д. X. Эммонд (1937) бірнеше қой тұқымы төлдерінің өсу жылдамдығын
зерттегенде, еркек қозылардың ұрғашы қозыларға қарағанда салмақты
болып туатындығын және жылдам өсетіндігін байқаған. Ол сондай-ақ еркек
қозының туғандағы тірілей салмағы ұрғашы қозының тірі салмағымең
салыстырғанда орта есеппен 103—116% артатындығын дәлелдеген.
6. А. В. Голоднов, А. Ахатов (1971) сияқты ғалымдар 7—8 жылдық қойдың
тірілей салмағы оның жүнінің түсіне байланысты-байланыссыз жағына
ерекше зер салғанымызда, қойдың тірілей салмағы жүнінің түсіне
байланысты емес екені дәлелденді.
Кіріспе
Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн
бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы
жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой
шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны
1,2 млрд басқа жетіп отыр.
Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның
шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе
компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай
шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті
жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км2-ден
асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін
жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе
жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы
өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын
ескерткіш орнатылған.[1]
Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына
жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа
біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.
Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген.
Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда
таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің
маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан
күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет,
май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.
Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік
малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны
көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған.
Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау,
көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ
халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы.
Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді.
Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне
белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық
сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының
елтірісі өте сапалы болады. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті
аймақта өсіруге бейімделген. Қатаң ауа райына шыдамды, тұлғасы берік,
терісі жұқа, бірақ тығыз. 1990 жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6
млн болса, 2000 жылғы саны 2 миллион шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс
Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында
өсіріледі.

Қаракөл қойы — қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы.
Қылшық жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең көп тарағаны. Біздің жыл
санауымыздан бұрын Орта Азия халқының жылдар бойы сұрыптауының және
өсіруінің нәтижесінде шығарылған. Денесі мығым, шағын, жүрдек, құйып,
бұйралары жазылып кетеді. Қаракөл елтірісі қара, көк, сұр, қоңыр, ақ,
қызғылт түсті болып келеді. Жүні тұлымды, жылына екі рет (көктем, күз)
қырқылады. Қошқарларынан 3,0 — 3,5кг, саулықтарынан 2,0 — 2,5кг жүн
алынады. Одан қалың жүн маталар, кілем тоқылады. Сүттілігі 50 — 60 кг-ға
жетеді. Сүтінің майлылығы 7 — 8%. Қаракөл қойынның еті және майы өте
сіңімді әрі дәмді. Қаракөл қойының негізінен Оңттүстік және Батыс
Қазақстанда (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау,
Батыс Қазақстан облыстары) өсіріледі. Қаркөл қойының сұрыптау жұмысымен
Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу иниституты шұғылданады. Қаракөл
шаруашылығы — қой шаруашылығының қаракөл қойын өсіретін саласы. Қаракөл
шарушылығы 1928 жылы Оңтүстік Қазақстан өңірінде Шымқорған кеңшарын
құрудан басталды. Оған Өз-бекстанның Бұхар және Са-марқан облыстарынан таза
тұқымды 5 мың қаракөл қойы әкелінді. Сонымен қатар әр түрлі жергілікті
қойлар қаракөл қошқарларымен шағылыстырылды. Одан алынған будандар сіңіріле
шағылысты-рылды. 1941 жылға дейін қаракөл қойын өсіретін 13 кеңшар құрылды.
1941 — 45 ж. 7 кеңшар, 1946 — 52 ж. 3 кеңшар ұйымдастырылды. 1951 — 60 ж.
25 кеңшар құрылып, 1959 ж. Қазақстан бойынша 1 млн. дана қаракөл елтірісі
дайындалды. 1960 — 80 ж. Қазақстанның Оңтүстік және Батыс өңірінің көптеген
ұжымшарлары қаракөл қойын өсіруге бағытталып, Гурьев (қазіргі Атырау),
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан
облыстарында жаңадан 84 арнайы кеңшарлар құрылды. 1990 ж. қаракөл қойын
өсіруге арналған шаруашылықтар саны 150-ден асып, жылына 2 млн. дана
қаракөл елтірісі дайындалып, қаракөл қойының басы 6 млн. 200 мыңға жетті.
Қазақстанның Қаракөл шарушылығының өркендеуін 5 кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең 1920 — 30 ж. Қазақстанда алғашқы мамандандырылған арнайы
Қаракөл шаруашылығын құрумен бірге қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және
Қызылорда облыстарында жергілікті құйрықты қойларды қаракөл қошқарлармен
сіңіре шағылыстыруды жүргізу. Екінші кезең 1930 — 40 ж. Қазақстанның шөл
және шөлейт жайылымдарын тиімді пайдалану мақсатында арнайы қаракөл
шарушылықтары ұйымдастырылды. 1939 ж. Шымкентте сыртқы сауда Халық
комиссариа-тының қүрамына кіретін Қазсовхозқаракөл тресі ұйымдастырылды.
1941 жылға дейін Қазақстан бойынша 12 арнайы Қаракөл шаруашылығы болған.
Әсіресе, Батыс Қазақстанда Қаракөл шаруашылығының дамуы кең етек алды. 1949
ж. Гурьевқаракөл тресі ашылды. Үшінші кезең 1960 — 90 ж. – Қаракөл
шарушылығының өркендеу кезеңі. Қаракөл қойын өсіретін арнайы
шаруашылықтардың саны 150-ге жетті (1980), жылдан-жылға мемлекетке
өткізетін мал өнімінің көлемі ұлғая түсіп, 1984 ж. 2621 мың дана елтірі тап-
сырылды. Қаракөл қойының саны 6,4 млн. болды (1989). 1962 ж. Қазақ қаракөл
ғылылыми-ветеринарлық иниститутының зоо-техникалық факултетітінде жоғары
білімді мамандар дайындайтын бөлім ұйымдастырылды және Қазақ қаракөл
шауашылық ғылыми-зерттеу институ-тында тұрақты жұмыс істейтін, мамандығын
жетілдіретін курстар ашылды. Ғыл. жетістіктерді өңдіріске ендіру, мал
тұқымын асылдандыру жұмыстарын салалы жүйеге түсіру, малды азықтандыру
мәселелерін жетілдіру нәтижесінде дербес асыл тұқымды мал қоры жинақталып
мемлекеттік асыл тұқымды шаруа-шылықтар құрылды. Сонымен қатар, шөл және
шөлейт аймақтардың жайылымын зерттеу институты құрылды. Оның бөлімшелері
Қызылорда, Жамбыл, Гурьев (Атырау) облыстарынан ашылды. Гурьевтегі
бөлімшесі Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының Қаракөл шаруашылық-
тарына басшылық жүргізді. Қаракөл шаруашылығының бас басқармасы құрылып, 6
облыстың ауыл шаруашылық басқармаларында Қ. ш. бөлімдері ашылды. Қазақ
қаракөл шаруашылығы ғылми-зерттеу иниституты мен Қазақ ауыл шауашылық
механикаландыру және электрлендіру ғылми-зерттеу институтының ғылми
қызметкерлері қаракөл елтірісін өндіру процестерін жан-жақты зерттеп, соның
нәтижесінде қаракөлше қозының терісін сыпыру конвеерлік жүйеге қойылды.
Орта буынды мамандарды дайындау тек қана Қапланбек және Жамбыл ауыл
шарушылық техникумдарында жүргізіліп келсе, 1969 ж. Алматы зоо- жақсарту
жұмысы да кеңінен қолға алынып, жайылымға жабайы өсетін шөптің ұрығын
сеуіп, оның өнімділігін бірнеше есе көбейтуге қол жеткізілді. Өсірілетін
жеріне бейімделген, жоғары сапалы өнім беруге бағытталған 14 жаңа зауыттық
типті мал түрі бекітіліп, дүние жүзінде теңдесі жоқ атыраулық құйрықты
елтірі — ет, май өнімдерін өндіретін қой тұқымы шығарылды (1974 — 98).
Төртінші кезең. 1990 — 98 ж. Қаракөл шаруашылығында ондаған жылдар бойы
жүргізілген сұрыптау, асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде пайда болған
асыл тұқымды мал басы күрт төмендеді. Қаракөл қойының 1582,0 мың басына
дейін азайып, ал елтірі өндіру 17 есе кеміп — 101,3 мың болды. Асыл тұқымды
мал басының үлесі 50%-дан 8,5%-ға дейін төмендеп, 108,4 мың басты құрады.
Бесінші кезең 1999 жылдан басталады. Кейінгі жылдары қаракөл қойының саны
жылдан жылға көбеюде. Мысалы, республика бойынша 2001 ж. 1281,1 мың, 2002
ж. 1881,1 мың, ал 2003 ж. — 2011,5 мың бас болды. Түрлі меншіктегі асыл
тұқымды қаракөл қой шаруашылығының саны 27-ге жетіп, онда өсірілетін асыл
тұқымды қой 136,7 мың басты құрайды. Қазақстан ғалымдары мен мамандарының
көп жылдар бойы, арнайы бағытта жүргізген мал тұқымын асылдандыру
жұмыстарының нәтижесінде: Жамбыл облысында қара түсті қаракөл қойының
төгіскендік , көк түсті қаракөл қойының таластық типтері мемл. сынақтан
өтті. Бұхарлық сұр түсті қаракөл қой тобы Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сүткент асыл тұқымды зыуыттында, Шардара асыл тұқымды шаруащылығында
және Батыс Қазақстан облысы Тайпақ асыл тұқымды шарушылығында шығарылды.
Қызғылт түсті қаракөл қой тобын шығару әдістемесі Созақаудандық, Жарты-
Төбе шарушылығында жүргізілді. Атыраулық қой тұқымы өте жоғары бағалы
елтірі береді, құйрығының пі-шіні құйрықгы қойға тән әрі тез жетілгіш. 1995
— 2000 ж. қаракөл қойының карақалпақ сұры шамшырақ реңді әлімтаулық заттық
типі, Байырқұм асыл тұқымды зауыттында — бұхарлық сүр зауыттық типі,
Темір асыл тұқымды з-тында көк қаракөл қойының көгілдір реңдісі, көгілдір
реңді көк каракөлдің сырдариялық зауыттық типі, қола ренді сұрхандария
сұрының тартоғайлық зауыттық типі, қара түсті қаракөл қойының өсімтал
қожатоғайлық типі, созақтық жакеттік типі бекітілді.[14]
1.2. Қаракөл қой тұқымдары
Қаракөл шаруашылығы — еліміздің шөл және шөлейтті аймақтарының
экономикасында ерекше орын алатын Қазақстан Республикасының қой
шаруашылығындағы келешегі мол саланың бірі. Оның басты өнімі эстетикалық
жағынан құнды болып есептелетін қаракөл елтірісі, сондай-ақ, қой еті, ірі
талшықты жүн өндіру болып табылады.
1990 жылы біздің республикамызда қаракөл қойының саны 6,2 миллионға
жетті. Отардағы аналықтардың үлес салмағы 70 пайыз шамасында болып, жыл
сайын 2,5 млн. қаракөл елтірісі өндірілді.
2010 жылдың 1 қаңтарына қаракөл қойының саны төмендеп, 1,1 миллион
ғана болып отыр.
Қызылорда облысы республиканың қой шаруашылығы саласында тек қана
қаракөл қойларын өсірумен айналысатын негізгі аймақтарының бірі болып
табылады. 1990 жылдардың басында қаракөл қойын өсірумен айналысатын 30
кеңшарда 1,2-2,3 млн. қаракөл қойы болды. Бұл — республика бойынша оның
22,3 пайызы. Қазіргі кезде қаракөл қойларының саны 70 пайызға дейін кеміп
кетті. Негізінен облыстың жайылымдық жағдайы қаракөл шаруашылығын тиімді
дамытуға ыңғайлы.
Қаракөл — ертеден келе жатқан мал тұқымдарының бірі. Қойдың бұл
тұқымын сақтау және санын көбейту шөл, шөлейтті аймақтар үшін өте қажет.
Осыған байланысты қойдың осы тұқымын асылдандыру және оны көбейту
мәселелеріне ерекше көңіл бөлу маңызды.
Бүгін мал шаруашылығын дамытуға бетбұрыс жасалуда, дегенмен өзіміздің
барымызды ескеріп, дамытудың орнына сырттан сатып алып келуге мүдделілік
көрсетіп отырғанымыз белгілі. Мал шаруашылығын дамытуды ойласақ, өз
мүмкіндіктеріміз бен тәжірибемізді саралап қарауымыз өте қажет. Оның бірі
қаракөл қой шаруашылығын дамыту қолға алынатын болса, мұртымызды балта
шаппайды.
Дүние жүзінде барлығы 600 тұқым өсірілетін болса, бүгінгі күні
елімізде барлық табиғи-климаттық аймақтарда 16 қой тұқымы өсіріледі, яғни
жерсінген қой тұқымдары жеткілікті. Сонымен қатар олардың көпшілігі Орта
Азия кеңістігіне бейімделген тұқымдар болып табылады. Оның ішінде еділбай,
қазақтың құйрықты қылшық жүнді, қазақ мериносы, қаракөл тұқымдары бар.
Қазақстан ғалымдары етті бағыттағы қолайлы типтер де шығаруда. Үстіміздегі
жылы әлемдік сұранысты ескере отырып, бір топ ғалымдар мен Алматы облысының
өндіріс мамандары етті меринос тұқымын шығарып, авторлық патент алды.
Жалпы, етті бағытта Қазақстанда қазіргі өсіріліп жатқан қой малының 80
пайызы қылшық жүнді қойлар. Қылшық жүнді құйрықты қойдың өнімділігі
жоғарысы - еділбай тұқымы. Олардың саулықтарының салмағы 70 кг, қошқарлары
- 140 кг, ал төрт-бес айлық қозылары 40-45 кг тартады. Басқа тұқымдардың
көрсеткіштері де төмен емес.
Қазақстан 2009-ға дейін 10 жыл бойы қой еті экспортқа шығарылмаған. Ал
2009 жылы аз мөлшерде (16 тонна), 2010 жылы 324 тонна экспортталып,
үстіміздегі жылдың 8 айында 314 тонна ет Иран мен Иракқа жіберіліп отыр.
Ондай ет, әрине, біркелкі сапасымен сипатталып, қойылған талаптарға сәйкес
болуы қажет. Мәселен, 2010 жылы өндірілген 143 мың тонна қой етінің 133 мың
тоннасы өз тұтынуымызға жаратылып отыр. Алдағы уақытта тиісті бағдарлама
қабылданып жүзеге асырылған жағдайда экспорт көлемі біраз көбейе түседі.
Бүгінгі күні шағын көлемде болса да, Қазақстаннан қой етін алуға Таяу
Шығыстағы Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері және Катар
мемлекеттері де ынталы.
2010 жылы 6 мың тоннаға дерлік өңделмеген қой жүні және 1700 мың дана
қой терісі экспортқа шығарылса, 2011 жылдың 8 айында барлығы 1950 мың дана
тері және жүннің 7300 тоннасы негізінен Қытай Халық Республикасына сатылып
отыр. Жалпы, орта есеппен алғанда соңғы жылдары республикада өндірілген
жүннің 13 көлемі экспортқа шығарылуда. Өкінішке орай, бұл өнімдер
өңделместен сатылып жатыр. Еңдігі кезекте - қаракөл қозылардан алынатын
елтіріге де көңіл бөліп, оны өткізу жолдарын қарастыру қажет. Осы себептен
де бағдарламада қозы мен қойдан алынатын барлық өнімдерді мұқият санап,
саланың тиімділігін арттыру жолдары қаралып, есеп-қисаптар жасалынады.
Әрине, алғашқы және терең өңдеуден өткізілген қой өнімдері қосымша бағаны
құрастырып, өнімнің өткізу бағасын жоғарылатады. Алайда, бүгінгі күні бұл
мәселелердің барлығы республикамызда жеңіл өнеркәсіпті, оның ішіңде тоқыма,
тері өңдеу өнеркәсібін әрі қарай дамытуға әсер етіп өз жолдарын табуы тиіс.
2000 жылы 72 асыл тұқымды қой шаруашылығы болған. Есесіне үстіміздегі
жылы асыл тұқымды қой шаруашылығының саны республикада 297-ге жеткен.
Республикамызда мал өсірумен 720 асыл тұқымды шаруашылық айналысса, оның
41%-ы қой шаруашылығының үлесінде. Дегенмен асыл тұқымды қой еліміздегі
жалпы қойдың 10 пайызын ғана құрайды. Сондықтан қойдың таңдаулы тұқымдары
шоғырланған асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтар сапаға басымдық беруі
керек.
1.3. Қаракөл қой тұқымдарын асылдандыру
Қазақстанда 17 қой тұқымы өсіріледі. Олар: биязы жүнді (оңтүстік қазақ
мериносы, солтүстік қазақ мериносы, 2011 жылы шығарылған етті меринос,
қазақ арқармериносы, қазақ биязы жүнді) қой тұқымдары; жартылай биязы жүнді
(қазақ жартылай биязы кроссбред жүнді, қазақ етті-жүнді, ақ жайық етті-
жүнді, дегерес етті жүнді) қой тұқымдары; жартылай қылшық жүнді (қазақ
жартылай қылшық жүнді, дегерес жартылай қылшық кілемдік жүнді етті-жүнді)
қой тұқымдары; қылшық жүнді (қаракөл, әрі елтірілі, әрі етті, әрі майлы
атырау, еділбай, қазақ қылшық жүнді құйрықты, сарыарқа) қой тұқымдары.
Қаракөл шаруашылығы - еліміздің шөл және шөлейітті аймақтарының
экономикасында ерекше орын алатын Қазақстанның қой шаруашылығындағы
келешегі мол саланың бірі. Оның басты өнімі эстетикалық жағынан құнды болып
есептелетін қаракөл елтірісі, сондай-ақ қой еті, ірі талшықты жүн өндіру
болып табылады.
Оның айтуынша, 1990 жылы елімізде қаракөл қойының саны 6,2 млн-ға
жеткен. Отар құрылымындағы аналықтардың үлес салмағы 70 пайыз шамасын
құрап, жыл сайын 2,5 млн дана қаракөл елтірісі өндіріліпті. Ал 2010 жылдың
1 қаңтарына қаракөл қойының саны төмендеп, 1,1 млн-ға түсіп кеткен.
Біріккен Араб Әмірліктері сияқты ірі мемлекеттер тарапынан екендігі
белгілі. Ал, Иран, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерінде
негізінен майлы құйрықты қой етіне сұраныс жоқ екендігін ескергеніміз
абзал. Аталған елдер болашақта Қазақстанға қаракөл қой етіне тапсырыс беруі
мүмкін. Өйткені, оларда өсірілетін авасси қой тұқымымен қаракөл қой
тұқымының түр-тұлғасы, құйрық майлылығы жалпы ет өнімі бойынша айырмашылық
жоқтың қасы. Қазақстаннан қой сатып алушы аталған ел мамандары да қаракөл
қой тұқымына қызығушылық білдіруде. Ал, Ресей мен Қытай мемлекеттерінде
қазақтың жергілікті қылшық жүнді кетпен құйрықты, еділбай, сарыарқа қой
тұқымдарының ет өніміне сұраныс басым. Сондықтан, етті қой тұқымын өсіріп,
одан ет өндіруде өркениетті елдердің сұранысына мән берген дұрыс болар.
Осы жылдың 4-5 қазан күндері Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында
ИКАРДА халықаралық ғылыми орталығының ИФАД қоры қолдауымен Жүн өнімдерін
өңдеп, одан дайын бұйым өндіре отырып, майда фермерлермен ауыл әйелдерінің
өмір деңгейін көтеру тақырыбы бойынша өткізілген кеңес-семинарда
аргентиналық ғалым Яоягуин Мюллер Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Ираннан,
Сирия мен Америкадан, Италиядан келген ғалымдарға дүние жүзінде қазақтар
ет жеуден екінші орында екен – деп маған қарады, ал Иран ғалымы болса
“бірінші орында кім?” – деп қалды. Оған ол іркілместен қасқыр – десе
болар ма. Әрине, бұл сөзде де үлкен мағына жатыр. Бұның өзі қазақтардың
етті көп қорек ететінін дүниежүзі халықтары мойындағанын көрсетеді. Ата-
бабамыздан келе жатқан дәстүр бойынша қазақ етсіз, оның ішінде қой етінсіз
дастарқаны көп жайылмаған ел.
Қызылорда облысы қой шаруашылығы саласында тек қана қаракөл қойларын
өсірумен айналысатын республиканың негізгі аймақтарының бірі болып

кеңшарда 1,2-2,3 млн. бас қаракөл қойы болды. Бұл республика бойынша 22,3
пайызды құрайтын.
Қазіргі кезде қаракөл қойларының саны 70 пайызға дейін кеміп кеткен
Қазіргі кезде қаракөл қойларының саны 70 пайызға дейін кеміп кеткен.
Ал облыс көлеміндегі шөл және шөлейтті жайылымдар қаракөл шаруашылығын
тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Қаракөл қойы тұқымынан басқа
ауылшаруашылығы малдарының бірде-бір түрі Қазақстанның, сондай-ақ Қызылорда
облысының шөл және шөлейтті аймағының қатаң жағдайларына жақсы
бейімделмеген.
Ал бұл қой тұқымы ұзақ қашықтықта жайыла алады (тәулігіне 10-15
шақырымға), ішілген судың жоғары минералдануын және ауа температурасының
күрт ауытқуын жақсы көтереді.
Оның үстіне қаракөл қойы тұқымы әлемдегі ертеден келе жатқан мал
тұқымдарының бірі болып табылады.
Сондықтан, бұл қой тұқымын сақтау және оның басын көбейту шөлді-
шөлейтті аймақтар үшін өте қажет.
Осыған орай, осы қой тұқымын асылдандыру жұмыстарына және оны
көбейтудің мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет.
Оңтүстік-Батыс аймақ республикада қой етін өндіретін үлкен өңір болып
табылады. Осыған орай бұл аймақ үлкен майлы (еділбай және гиссар
тұқымдары) және шағын майлы өнімді (қаракөл тұқымды) қой етін өндіре алады,
яғни тұрғындар мен тұтынушылардың сұранысына толық жауап беретін аймақ.
Аймақта қылшық жүнді етті-майлы қойлардың 71%-ы өсіріледі және қой
шаруашылығының осы бағыттағы тұқымдары Қазақстанда шығарылған барлық қой
тұқымдарының негізі болып саналады.
Республиканың шөлді-шөлейтті аймағындағы өсімдіктерді жоғары да
аталған қой тұқымдарынан басқа ешқандай қой тұқымдары тиімді пайдалана
алмайтынын айта кеткен жөн.
Шөлді-шөлейтті Оңтүстік-Батыс аймақта қой шаруашылығы саласының
дамуында жергілікті қылшық жүнді қазақы, қаракөл, елтірілі-етті-майлы
атырау, еділбай қой тұқымдары үлкен рөл атқарады.
Бұл қой тұқымдарының тарихи маңыздылығына қарамастан, қазіргі уақытта
олардың арасында нарықтық басымдық үшін ғана емес, сонымен қатар өмір сүру
үшін бәсекелестік те өсіп барады. Бұл құбылыстың себебі негізінен
тұтынушылардың мал шикізаты түрлеріне сұранысына байланысты. Қазақстандағы
қаракөл шаруашылығының қалыптасуы қарсаңында сыртқы және ішкі нарықта үлкен
сұранысқа ие болған, елтірі алу мақсатында құйрықты етті-майлы қойларды
қара түсті қаракөл қошқарларымен шағылыстырудың нәтижесінде етті-майлы
бағыттағы құйрықты қойлардың басы барынша қысқарып кеткен болатын. Ал қазір
керісінше, етке деген сұраныс етті бағыттағы қой тұқымын көбейтуге әкелуде.
Қаракөл шаруашылығы қой шаруашылығының ерекше саласын құрайды, ал
қаракөл қойларының өте жоғары бейімделгіштік қабілеті, олардың таралуына
және республиканың шөл және шөлейтті аймақтарында орналасқан
шаруашылықтарда ет, сүт, жүн және жоғары сапалы қаракөл өндіру үшін
қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, республикамыздың шөлді-шөлейтті
аймағын тиімді пайдалана отырып, қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігін
жақсарту үшін қаракөл өнімдерін өндірушілермен Ішкі істер, Қорғаныс, т.б.
министрліктер келісім-шартпен екі жақты бірлескен мекеме аша отырып, әскери
және ішкі істер қызметкерлеріне көк қаракөл елтірісінен, ал теңіз флотын
қара қаракөл елтірісінен қажетті әскери киімдер шығару жағын ойластыру ең
алдымен кең-байтақ еліміздің шөлді-шөлейтті аймағының негізін құрайтын
қандастарымызды жұмыспен қамтамасыз етуге үлкен мүмкіншілік жасаған болар
еді.
Мал шаруашылығы өнімдерінің заманауи өндірісі негізінен қой
шаруашылығында басым ет алуға бағытталған. Соңғы уақытта мұндай бір жақты
қарым-қатынас құйрықты етті-майлы қойларды өсіру ареалының жаппай
кеңейюіне әкеп соқтырды. Осылайша шөлдің қолайсыз жағдайларына өте жақсы
бейімделген және керемет түсті және реңді қаракөл өндіруге мамандандырылған
әлем нарқында үлкен сұранысқа ие, қаракөл қойлары қатал экономикалық
қысымға ұшырады және нарықтық баға жоғары болса да, ішкі нарықта
бәсекелестіктен жасанды түрде шеттеп қалды.

Қаракөл дүниежүзілік нарықта жоғары бағаланатын және үлкен сұранысқа
ие болып жүрген терілердің қатарына жатады. Қаракөл елтірісімен
салыстырғанда Қаракөл елтірісінің жүні тықыр әрі жылтыр, бүйрасы да әдемі,
жібектей құлпырып тұрады, терісі жұқа, жұмсақ, жеңіл келеді. Оның орташа
ауд. 900 — 1508 см2, салм. 250 г, қалынд. 0,97 мм, жүнінің ұз. 4,19 мм.
Қаракөл әсіресе, түрлі-түсті елтірісі бағалы келеді. Қаракөл өнеркәсіптік
өндіру технологиясымен Қазақ қаракөл шаруашылық ғылми-зерттау ин-ты
ғалымдары айналысады. Бұл технология республикада ет және елтірі өнімдерін
өндіруді ұлғайту резервтерінің бірі болып табылады. Қазақстанда түрлі-түсті
Қаракөл өндіру жолдары жақсы зерттелген. Қаракөл ақ, қоңыр, сұр, көк, қара,
т.б. түстілерін өндіру технологиясы жасалынып, өндіріске енгізілген. Қ.
елтірісінен бас киім, жаға, әйелдің сырт киімі, жакет, т.б. тігіледі.
Құйрықты қой тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына
пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген.
Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қойдың бордақылау
немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы П. Н.
Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929), М. Ф.
Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ү. Медеубеков, А.
Г. Племянников, т. б. (1977) еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға
болады.
Осы тұрғыдан келгенде мал шаруашылығьшьщ негізгі саласының бірі етті-
майлы бағыттағы құйрықты қой тұқымдарын жақсарту бағытында жүргізілетін
селекциялық жұмыстарды жан-жақты талдап, осы тұқымнан түсетін өнімдердің
әрқайсысына жеке-жеке селекциялық варианттар қолдана отырып, олардың санын
көбейтуге, алынатын өнімдердің сапасын көтеруге болады.
Мал шаруашылығы мамандарының, селекционерлердің, ғалымдардың алдына
қойылып отырған күрделі мәселелердің бірі — қой шаруашылығынан түсетін
өнімдердің сапасын арттыра отырып, өнімнің өзіндік құнын төмендету. Бұл бір
ғана азық қорын молайта отырып қойдан түсетін өнім мөлшерін көбейтумен ғана
шешілмейді, сондай-ақ генетиканың негізіне сай алға қойған мақсатқа орай
селекция жұмыстарын жүргізу арқылы шешіледі. Дәлірек айтқанда, етті-майлы
бағыттағы құйрықты қой тұқымдарын белгілі бір бағытқа, халық сұранысына
орай өнім алынатын мақсатқа лайықты тұқым асылдандыру жұмыстарын жүргізе
отырып, жеке популяция алу. Бұл үшін селекцияның негізгі зерттелген
тәсілдерінің бірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz