‹‹Қаракөл шаруашылығындағы өнімдерді өндіру және оның технологиясы››
Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті
‹‹Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы›› кафедрасы
Курстық жұмыс
‹‹Қаракөл шаруашылығындағы
өнімдерді өндіру және оның технологиясы››
Орындаған:ЗТ-41 тобының
студенті Қозыбаева Г.М.
Тексерген: А.Ш.Ғ.Д.,
профессор Баяхов Ә.Н.
Орал 2010
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1 1.Қаракөл
шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы ... ... ... ..2
1.1Ет өндіру
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.2Жүн өндіру

... .7
1.3Тұқымдық қаракөл қошқарларды азықтандырумен күтіп-бағу ... ... 9
1.4Қаракөл саулықтарын азықтандыру мен күтіп-
бағу ... ... ... ... ... ... ..10
1.5Жарамсыз кәрі саулықтарды қаракөлше өндіру үшін азықтандыру мен күтіп-
бағу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.6Қаракөл тоқтыларын азықтандыру мен күтіп-
бағу ... ... ... ... ... ... ...13
1.7Қаракөл қойларын жасына қарай жыл бойы күтіп- бағу технологиясының
күнтізбесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе.
Қаракөл шаруашылығы ауылшаруашылығы өндірісінің бір саласы ретінде
Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс Қазақстан аймақтарындағы көптеген
шаруашылықтар экономикасында негізгі орын алады. Қаракөл қойларынан ет,
жүн, тері, сүт және басқада маңызды өнімдер алынады. Оларды өсірудегі
негізгі мақсат, негізгі өнім, ерекше түсті және беріктілігі зор, бір-үш
күндік қозылардың елтірісін алу болып саналады. Қаракөл елтірісі маңызды
экспорттық тауар. Ішкі және халықаралық сауда — саттықта бұдан басқа
жоғарғы сұранысты басқадай ауылшаруашылық шикізаттарын табу қиын.
Қаракөл қойларының биологиялық ерекшеліктері шөлейіт аймақтардың
жүпыны жайылымын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қаракөл тұқымына
жататын қойлар елтірісінің сапасы жағынан дүниежүзілік елтірілі
тұқымдардан әлде қайда басым. Қаракөл елтірісінің сапасы көптеген
ерекшеліктер жиынтығымен анықталады, оларға жататындар: типі және бұйра
пошымы, оның ендік және ұзындық өлшемдері, түсі, түкті қабатының
жұмсақтығы және жылтырлығы, бұйраның беріктілігі және иілгіштігі,
өрнегінің әсемдігі, елтірі көлемі және тағы басқалар.
Қазіргі кезеңде қой басының азаюына байланысты, қаракөлге негізінен
өлі туылған және өлген қозылар сойылып, ал өміршеңдері өсіруге
қалдырылады.
Қаракөл қой шаруашылығы ежелден нарықтық қатынасқа бейімделген
шаруашылықтың бірі болып есептеледі.
Қаракөл шаруашылығы бойынша ғылым мен тұқымдық асылдандыру
жұмыстарының негізгі жағдайы генетикамен тығыз байланысты. Оған мал
өнімділігін арттырудың күрделі мәселелерін шешу жатады.
Мал өнімділігін арттыру мақсатында жетекші рөлге тұқымдық асылдандыру
жұмыстары ие. Оның негізін егжей – тегжейлі білу мамандардың өз
шаруашылықтарындағы қой малының көбеюін дұрыс жолға қоюға көмектеседі.
Ең елеулі биологиялық ерекшеліктер болып – малдың түрлі тіршілік ету,
яғни табиғи, климаттық жағдайға, қоректенуге сияқты бейімділігі, тіршілік
етудің отарлық түрі, арзан азықтарды жеуі, қозғалғыштығы және шыдамдылығы,
төлдегіштігі мен тез жетілгіштігі, жоғары жүйке жүйесі қызметінің нашар
дамуы, стресті жағдайларға сезімталдығы саналады.
Негізгі өнімі – елтірінің сипаты бойынша қаракөл тұқымы әлемде бар 580
қой тұқымының жалғыз туындысы. Қаракөл қой тұқымдарының қалыптасуы
профессор П.Н.Кулешов "оның әлемдік маңызы бар зауыттық тұқым болуы үшін
"зауыттық жұмыстың мың жылдығы" қажет" деп жазғандай, сөзсіз орасан зор
еңбекті қажет етті.
Қаракөл қойларының шығу тегі туралы ғалымдар арасында ортақ пікір
қалыптаспаған. Профессор Дюрст қаракөл қойларын б.д.д. 6250 жылдары
тіршілік еткен деген пікір айтса, профессор Юнг қаракөл қойларының пайда
болуын ауған қойларының қылшық жүнді қара түсті "данадармен" будандасуына
байланыстырады.
Қаракөл шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы (қаракөл
елтірісі, ет, жүн).
Қозыны сою. Бұл процесс қозыны тамағынан бауыздау тәсілі арқылы
өткізіледі. Тілуді ұзына бойына жүргізу тәсілімен істейді. Бұл жұмысты
союшы атқарады. Қозыны сояр алдында, союшы қозының басы мен алдыңғы екі
аяғын тізесіне қысып. Сол қолымен тұмсығынан ұстап, басын шалқайтып қояды.
Содан кейін өткір пышақпен тамақтың түбімен астыңғы иектің шетіне дейін
тілік 5-7 см тіліп, терісін екі жағына ысырып тұрып буаздап қанын
ағызады.
Қанын ағызу процесін қозыны басын төмен қаратып, 5 минуттай қаны
таусылғанға дейін, асып қою арқылы жүргізеді.
Елтіріні іреу немесе ажырату (алу), Стандарт бойынша қаракөл
қозыларының елтірісін ажырату арқасына жатқызып қойып жүргізіледі, осыған
орай сыпырылып алынған елтірі дұрыс пошымда болу үшін, айнымай тілінуі
қажет.
Дұрыс тілінбеу елтірінің терілік бетінде ет және шеміршек
кесінділерінің қалып кетуіне әкеледі. Бұл жағдай тұздықтауға кері әсерін
беріп, елтірінің тұздалмаған жерлерінің шіруіне бастама береді.
Елтіріні ажырату өз кезегімен орындалатын бірнеше техноәрекеттердің
арқасында іске асады: ауа жіберу, елтіріні орта сызық бойымен тілу, алдыңғы
аяқтарының бойымен тілу, бет терісін тілу, артқы аяқтар бойымен тілу,
қүйрық терісін үшына дейін тілу.
Тілуді құрсақ бойымен тіке дұрыс жүргізу негізгі процестерге жатады.
Егерде бұл әрекет дұрыс жүргізілмесе, қарыны жарылып, ішіндегі жынының
теріні ластауына әкелуі мүмкін, сол үшін тілуді сызық бойынан ауытқызбау
керек.
Алдыңғы аяқтардың терісінін тілінуі. Бұл әрекетті ажырату столында
іреуші жүргізеді. Бұл жерде, алдыңғы аяқтарының терісін түяқ көбесінің сырт
жағынан бастап тақымына дейін, содан төске дейін тұра тіледі.
Елтірінің бойының тілінуі. Бұл процесте тілуді алғашында тамақтан
бастап сол көзге қарай жүргізіп, көзге 2-2,5 см-дей жеткізбей, бет бойымен
езудің жиегіне дейін жеткізеді де, одан әрі сол қолымен тілінген терінің
шетімен іліп ұстап тұрып дәнекер ткандерден ажыратып болғаннан кейін, сол
жақ бет терісін, астаңғы жақ және оң жақ бет терілерін сырады.
Артқы аяқ терісін тілу. Бұл жағдайда тілуді аяқтың ішкі бетінде
бүйраланған және бүйра емес жүн талшықтарының аралық жігімен өткізеді.
Тілуді тұяқ көбесінен бастап ұшасына дейін апарады. Бұл процесстің атқарылу
реті алдыңғы аяқтардағыға ұқсас.
Құйрық терісін тілу. Қаракөл қозыларында құйрығының тек үстінгі жағы
ғана түкті болып келеді. Құйрық терісін ұшына дейін пышақпен тіліп шығады.
Теріні сыпыру. Терісін алған кезде елтірінің барлық бөліктерін аман
сақтап, терінің кесілуіне, жол берілмеген дұрыс. Теріде ешқандай ет, сіңір,
әсіресе май қалдырмау керек.
Елтіріні алу өз кезегімен орындалатын жекелеген бірнеше операциялардан
тұрады: артқы аяқ терісін ажырату, қозыны ілмекке ілу, құрсақ бетінің
терісін ажырату, құйрықтың терісін іреу, бүйір бетінің, арқасының, алдыңғы
аяғының, мойын және бас жағының терісін ажырату.
Елтіртіні ажыратуда істелетін операциялар ретінің желісі
Елтіріні қозыдан сыпырып алғанға дейінгі жүргізілетін тіліктер
1. Тамақ бойымен тілу (5-7 см)
2. Негізгі қан тамырларын қию.
3. Қанын ағызу.
4. Тілуді тамақтан бастап астыңғы еріннің үшына дейін жеткізу.
5. Тілікті артқы нәжіс шығатын тесігінен бастап қарынның
орта тұсымен тамақтағы тілікке жеткізу, бұл жағдайда қынап қап
терінің бір жағында қалады.
6. Артқы нәжіс шығатын тесік айналасы және
құйрық омыртқаларының бойымен тілу.
7. Артқы аяқты ішкі жағынан тұяқ көбесінен бастап қарынның орта тұсымен
жүргізілген тілікке дейін тілу.
8. Алдыңғы аяқты көбесінен бастап көкірек бойымен тілінген орта
кескінге дейін тілу.
Елтіріні қозыдан сыпырып алғаннан кейін жүргізілетін тіліктер
1. Қынап қабын кесіп алу.
2. Құлақты түбінен тіліп шеміршегінен ажырату.
3. Бас бөлігінің жиырылуын жазу үшін көздердің аралығынан тұмсығына қарай
тілу.
Қаракөл елтірілерін консервілеу. Қаракөл елтірілерін алғашқы өңдеу
малды союдан, терісін сыпырудан және оны консервілеуден тұрады.
Бұл операцияның мақсаты елтіріде шіріткіш бактерияларға қолайсыз орта
туғызу, сонымен қатар оның табиғи сапасын сақтау. Егер елтіріні уақтысында,
дүрыс консервілемесе онда шіріткіш бактериялар оның ұлпасының құрамын
ыдыратады. Консервілеу тәсілі алуан түрлі болуы мүмкін: құрғақтай түздау,
ылғалдай тұздау, қышқылтұзды тұздықтап және құрғақтай керіп кептіру.
Құрғақтай керу. Бұл әдістің ерекшелігі, қаракөл елтірісін ұшасынан
сыпырып алғаннан кейін ағын суда 2-3 минуттай жуады немесе жуған кезде
жуатын ұнтақтарды және антисептиктерді қолданады. Содан кейін елтіріні
сығып суын шығарады да, рамаларға керіп жаяды, осында 5-24 сағаттай
кептіріледі. Кептірілген елтіріде 10-15%-тей ылғал болады, мұның өзі
шіріткіш микрофлоралардың дамуына жол бермейді. Бұндай әдіспен
консервілегенде терінің көлемі сақталады.
Кептіру талаптары сақталмаған жағдайда елтірі бүлініп, келесі өңдеуде
жөнге келмеуі мүмкін. Құрғақтай керіліп консервіленген және дүрыс
кептірілген елтірілердің жақсы тауарлық түрі болады, оңай сортталады.
Алайда қаракөлді осы қалпында күйеден, тері жейтін қоңыздан, кеміргіштерден
қорғау қиын.
Ылғалдай тұздап консервілеу - ылғалдай тұздап консервіленген кезде
жаңадан сыпырып алынған теріні салқындағаннан кейін сөрелерде жүнін ішіне
қаратып іледі, қыртыс - қатпарларын мұқият жазады, осыдан кейін тері
салмағының 25-30% мөлшерінде түйіршікті ас тұзын себеді; тұзды бетіне
біркелкі жағады да, тері ұлпасына, әсіресе қалың жеріне, жиектері мен
сирақтарына тұзды жайлап үйкелейді.
Бұл процесс ылғалдай тұздап консервілеудің елтіріні жайып істеу
тәсіліне жатады.
Тұздықтап консервілеудің ерекшелігі, бүл кезде елтірі тұздықта біраз
уақыт ұсталып, содан кейін жайып кептіріледі. Бүл жағдайда тұз елтіріге бір
қалыпты сіңеді және де консервілеу процессін 6-8 сағатқа дейін қысқартады.
Құрғақтай тұздап консервілеу. Бұл әдісте ылғалдай тұздап консерві-
ленген теріні сөреде ұстағаннан кейін 8-12% ылғалдылыққа дейін кептіреді.
Қаракөл шикізатын көбінесе осылай консервілейді. Ылғалдай консервілеуден
мұның артықшылығы кез келген уақытта жөнелтуге болады.
Құрғақтай тұздалған тері жеңіл болады; қалыпты жағдайда ол жақсы
сақталады. Бұл әдіс жеке адамдарға тері консервілеуге ыңғайлы. Ол климаты
ыстық аудандар үшін де қолайлы, ал мұнда ылғалдай тұздалған теріні сақтау
қауіпті.
Құрғақтай тұздау әдісінің негізгі кемшіліктері мынадай: тұздалған
теріні кептіру үшін қосымша еңбек, уақыт, қаржы шығыны кетеді, ашық
баспана, лапас немесе кептіру қондырғылары қажет; теріні күрғақ ауада, тек
жазда, көктемнің аяғында, ерте күзде күн жылыда кептіруге болады, құрғақтай
тұздалған теріні өндіріске жіберуге әзірлеген кезде жібітуге уақыт кетеді;
құрғақтай тұздалған шикізатта кейбір ақауларды табу мүмкін емес немесе
табылуы өте қиын (мәселен, жүннің түсуі, кесілу, сызаттану, күл ауруының
дағы т.б.); қаттағанда және бүктегенде кептірілген тері сынуы мүмкін.
Қышқыл – тұз әдісімен консервілеу – тері белогының қышқылдарға бейтарап
және қышқыл орталарға әсер етуіне негізделген. Мұндай әдістің ең дүрыс
варианты - - теріні құрамында 85-90% ас тұзы, 5-8% алюминий тұздары және 5-
8% хлорлы аммоний бар қүрама қоспамен консервілеу. Қоспаның әрбір қүрамының
елтірінің тері ұлпасына өз әсері бар: алюминии ашутасы - илік қасиеті, ас
тұзы — майдан ажырату, хлорлы аммоний тері намының арқасында тұзқышқылын
түзіп, осының әсерінен елтірінің тері қабатының талшықты құрылымын
жұмсартады және тері тканінің суын сорып алады.
Өлі туылған және өлген қозылардың елтірісін өңдеу. Мал төлдеу кезіндегі
атқарылатын қауырт шаруалардың арқасында өлі туылған немесе өліп қалған
қозылардың елтірісін сыпыруды және тұздауды өз уақытысына, дөрежелі түрде
атқару қиынға соғады. Сонымен қатар соңғы кезеңдерде қаракөл елтірісін
алуға өлі туылған және өлген қозылар сойылып жатыр.
Осыған байланысты, Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты МВА-мен бірлесе отырып өлі туылған және өлген қозылар елтірісін
өңдеудің жаңа әдісін жасады.
Бұл әдістің негізгі ерекшелігі екі сатыдан тұратын консервілеуде
алғашында өлі туылған немесе өлген қозылардың елтірісін сыпырмай тез әсер
ететін формалин, хлорлы цинк пен хлорлы натриден дайындалған қоспамен
консервілеп, содан кейін, елтірісін сыпырып құрғақтай тұздау тәсілімен
консервіленеді. Консервант құрамы мынандай: формалин 4-5 гл; хлорлы цинк 1
гл; хлорлы натрий 60-70 гл; өңдеуді сұйықтықтың 5:1 қатынасында жүргізеді
— осыған орай, егер елтірінің салмағын орташа есеппен 300 гр деп есептесек,
онда оған керегі 1,5 л консервілеуші қоспа. Қоспаның пайдаланылуы 5-6 күн
аралығында 4-5 рет.
1. Ет өндіру технологиясы.
Қаракөл шаруашылықтарының негізгі міндеттерінің біріне жататыны етті
өндіру ауқымын кеңейту және оның сапасын арттыру. Қаракөл қойларының ет
өнімділігі біразында олардың күйіне байланысты. Малдың күйі, қоңы бұлшық
еттерінің даму дәрежесі мен тері асты майының қаншалықты көп жиналғандығына
байланысты. Мал неғұрлым қондырақ, семізірек болса сол ғүрлым дене бітімі
дөңгеленіп, бұлшық тығыздалып бірнеше категорияға бөлінеді: жоғарғы, орта,
ортадан төмендеу және арық. Малдың қондылығының етінің рентабельділігіне
тікелей әсері болады. Егер жоғарғы қоңдылы қойларды етке өткізгенде әр
центнерінен түскен пайданы 100% деп алсақ, ал бұл көрсеткіш, осындай
көлемдегі ет мөлшері бойынша, орташа және ортадан төмендеу қойларды етке
өткізгенде 29 - дан 43,9%-ға төмен болады. Жас малдар саулықтарға және кәрі
малдарға қарағанда майды аз жинайды. Бірақ та олардың еті дәмділігімен
ерекшеленеді.
Қаракөл қойларын күзгі жайып семірту. Негізгі ет контингенттеріне
кіретіндер: жасына байланысты өсіруге жарамсыз аналықтармен
қошқарлар, ет өндіруге қалдырылған еркек қозылар.
Жыл басындағы санына қарағанда, жасына қарап және басқадай
себептермен, аналықтардың 14-16%, ал қошқарлардың 18-20%-ын өсіруге
жарамсыз болады. Жайып семіртуді дұрыс ұйымдастырып жүргізгенде қаракөл
қойлары екі-үш айдың ішінде 20-25%-тей қосымша салмақ қосады. Әрбір қойдың
бұл мезгіл ішінде қосатын салмағы орташа есеппен 10-12 кг-ды құрайды.
Аналықтарды қозысын сойғаннан кейінгі көктемгі жайып семірту. Бұндай
жайып семіртуге дайындықты алдыңғы жылдың күзінен бастайды, ол үшін
отарларды құрып жатқан кезде қыстап шығуға төзетін және тағы бір төл бере
алатын кәрі аналықтарды жеке бөледі.
Оларды қалыптасқан мезгілден 7-10 күндей ертерек ұрықтандырып, қыстауды
сапалы өткізу үшін жем-шөппен қамтамас етудің және бағудың жағдайлары
жасалады. Төлдеу кезінде алынған қозылар қаракөлге сойылып, төлінен
айрылған аналықтар жайып семіртіледі. Көктемгі жайылымнан малдар қысқа
мерзім аралығында 10-15 кг-дай қосымша қоң қосады. Осындай жайып семірту
тәсілемін былтырғы жылғы туылған жас малдардыда 1,5 жасында етке өткізуге
болады.
Жайғанда семіргенін бақылап отыру үшін бақыланушы топтар белгіленіп,
оларды осы кезеңдерде салмағын өлшеп отырады. Көзделген қоңдылыққа жеткен
кезде оларды жайып семіртуді тоқтатады.
Жайылымның өнімділігі төмен болған жағдайда қойларды қосымша жемдеп
отыру керек. Жайып семірту, отарда арық қойлар болмай, ал қоңы ортадан
төмендеулерінің ара салмағы 5-6%-дан аспайтын болса, ойдағыдай өтіп жатыр
деп есептеледі.
Қаракөл шаруашылығында қойларды жайылымды пайдаланбай семірту сирек
қолданылады, олай болу себебі, еліміздің шөл және шөлейіт аймақтарының
жайылымы малды азықтандырудың ең арзан және тиімді көзі болып табылады.
Жемдеп семірту. Бұл жағдайда жыныс ерекшеліктері және қоңы бірдей 100-
200 бас мал күтіп бағуға алынады. Күніне екі рет барлық топтағы малды бір
мезгілде әр басына есептегенде 10 г түз қосылған жем-шөппен азықтандырады.
Бордақылау кезіндегі ірі саулықтарды азықтандыру мөлшері
Тірілей Тәулік бойындағы 1 басқа қажеттісі
салмағы,
кг
азықтық өлшем қорытылатын кальций, гфосфор, г каротин
бірліктер протеин, г
35 1, 09-1,25 80-90 3,0-3,7 1,9-2,3 6-10
40 1,24-1,50 90-100 3,7-4,5 2,2-2,7 6-10
50 1,35-1,75 105-130 4,5-5,3 2,5-3,0 6-10
60 1,55-2,05 110-140 5,3-6,0 2,8-3,3 6-10
Қой етін өндіруді ұлғайтудың және оған кететін шығынды азайтудың
қосымша жолдарына, қозыны енесінен ажыратып алғаннан кейін және бір жасында
етке өткізу жатады.
Соңғы кезеңдері елімізде, қаракөл қойының саны күрт төмендеп кетуіне
байланысты еркек тоқтыларды етке өткізуге тыйым салынып, одан әрі өсіруге
қалдырылып жатыр. Олар бір жарым жасына дейін бағылады. Еркек тоқтыларды 6-
8 айлығында етке өткізу тиімсіз деп есептелуде. Алайда бірқатар
шаруашылықтардың тәжірибелерінің барысында оларды 6-8 айлығында тірілей
салмағын 32 ден 40 кг -ға дейін жеткізіп етке өткізу мүмкіндігі
көрсетілуде.
Қой етінің өнімділігін арттырудың қосымша көзі гормоналды және тканді
препараттарды қолдану арқылы іске асырылуы мүмкін. Гормоналды препарттар
жас төлдің қосымша салмағын 19-20%-ға арттыра алады. Тканді препараттар,
бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша ет өнімділігін 10-12%-ға
көтеріп сонымен қатар еттің қуаттылығын арттырады.
4 Жүн өндіру технологиясы.
Қаракөл қойларын бір жылда екі рет: көктемде және күзде қырқады.
Көктемгі қырқылған жүнге жүн өңдейтін кәсіпорындардың сұранысы өте көп
болады, өйткені оның құрамында керекті барлық элементтер кездеседі де
шайырлығының көлемі де жеткілікті болады.
Қаракөл қойларының жүні басқада жүн түрлерінің өндірісінің арасында
алатын орны ерекше, 10%-ден аса, ірі шұға шығаратын кәсіпорындарға, ең
негізгі шикізат көзін құрап, барлық өңделіп жатқан жүннің 30%-ын алады.
Көктемде қырқылған қаракөл жүнінен ірі талшықты маталар тоқылады. Бұл
маталар ерлер, әйелдер, балалардың палтосына және ерлердің костюміне
арналған. Ең жоғарғы сұранымға "бобрик" деп аталатын мата түрі ие болып
отыр. Қаракөл қойларының жүні әскери киімдердің матасын тоқуға қолданылады.
Қаракөл жүндерінен қымбат бағалы бухарлық Кизилаяқ кілемдері және дүние
жүзінің сұранымына ие болып отырған түрікмен кілемдері тоқылады. Қаракөл
қойының күздік жүні жүннен түрлі бұйым басып шығаратын өнеркәсіптердің
сұранымына ие болып отыр.
Жүннің көлеміне азықтандыру ықпалының елеулі әсерлері болады. Егер
азыққа пайдаланылатын дәнді дақылдардың өнімі жоғары болған жылдағы
қырқылған жүнді 100% деп алсақ, онда қолайсыз жылдары бұл көрсеткіш 80,9%
болып, ал өте нашар жылдары 72,0%-ды құрайды. Қаракөл қойларының жүн
өнімділігінің көлемі азықтандыру және бағудан бөлек көпшілігінде
конституциональды типтері мен қондылығына да байланысты болады.
Қаракөл қойларын жайылымда қосымша азықпен қамтамас етілу деңгейі және
қондылығының қырқылатын жүнінің көлеміне тікелей әсері болады, жүнінің
салмағы 1,8-ден 3,8 килограммға дейін болады.
Қаракөл қойларының жүні қырқым маусымына және қойлардың жасына
байланысты көктемгі, күзгі және қозы жүн болып бөлінеді. Таза жүн алу үшін
жылына екі рет тоғыту ұсынылады, біріншісін 5-10 күн алдында ол екіншісін
қырқымнан бір күн бүрын. Қырқым алдында 10-12 сағат бойына жем-шөп және су
бермей ұстайды. Қошқарлардың ас қорыту жүйесінің сыйымдылығы көп болуына
байланысты оларды аш ұстау уақытын ұзарту керек. Асыл тұқымды қошқаларды
қырқудан бұрын 36-48 сағат бойына аш ұстау керек. Өткен жылы туылған жас
төлдерді науқанның алдында немесе қырқылып жатқан саулықтардың арасында
қырқылуы керек. Ісектерді ең соңында қырықса да еш зияны жоқ.
Көктемгі (жабағы) жүн. Қаракөл қойларының көктемгі ірі бірқалыпты
жүндері жабағысының сүйірлігімен, жүн талшықтарының қалыңдығы мен
ұзындығының әркелкілігімен сипатталады, сонымен қатар түбітті, өтпелі және
қылшық жүн талшықтарынан түрады әр жағдайда құрғақ және өлі жүн талшықтары
кездеседі.
Қаракөл қойларының жүні I және II класқа бөлінеді.
I класс — жүмсақ жүн, негізінде түбіттен өтпелі және аз мөлшерде
қылшық талшықтардан түрады. Бұрымшасының көлемі онша емес,
ирелендеген. Өлі жүн талшықтары бірен-саран кездесуі мүмкін.
II класс - жүні I класқа қарағанда қатқыл және ірі бұрымшалардан
түрады. Ерекше көзге шалынатын қатқыл бұрымшалары болады.
Бүрымшаларында түбіттің көлемі аздау, ал қылшық I класқа қарағанда біршама
көп. Өлі талшықтар кездеседі.
Қаракөл қойларының жүні жабағылы, кескінді және еш класқа жатпайтын
болып бөлінеді. Өз кезегінде класқа жатпайтындар тұлымға және үзімге
бөлінеді. Қырқым кезінде класқа жатқызылмағандарды атауларға,класқа,
жағдайына байланысты бөлмейді.
Шамасына қарай жабағы жүнді қалыпты, ошаған-арамшөпті деп бөледі.
Ошаған — арамшөптісі І-ІІ топқа және ақаулы болып бөлінеді.
Жабағылы және кескінді жүндер түсіне қарай, ашық көбею және түрлі
түстіге ажыратылады.
Күзгі жүн мен қозы жүні. Қаракөлдің біркелкі емес күздік жүнінің әрбір
бумаларының бір-бірімен байланысы жоқтығынан, жабағысы бостау болады, жүн
талшықтарының қысқалығымен және шайырының аздығымен ерекшеленеді.
Қозы жүні иілгіштігімен жөне бұрымшаларының ерекше иректілігімен
сипатталады.
Күздік және қозы жүндерінің түсі әр келкі.
Күздік және қозы жүндер шамасына қарай қалыпты және ошаған-арамшөпті
болып, ал түсіне қарай ақ және ашық көк, түрлі-түстіге бөлініп, класқа
ажыратылмайды.
Қаттау, маркировкалау, тасымалдау және сақтау. Қаттау, маркировкалау,
тасымалдау және сақтау ГОСТ 6070-78 бойынша келесі қосымшалармен
жүргізіледі.
Қаракөлдің ірі бірқалыпты емес жүндерін қырқым уақтысында бөлек
қаттайды.
Көктемгі жабағы жүндерді атауларына байланысты, түсіне қарай,
кластарына, қалпына қарай бөліп қаттайды.
Сапасы төмен және кесекті жүндерді бөлек атауларына қарай және түсі
бойынша (ақ және ашық көк бірге және бөлек, түрлі-түсті) бөліп бөлек қаттап
- класына және қалыпты жағдайына ажыратпайды.
Күздік және қозы жүндерді атауларына қарай, қалыпты жағдайына және
түсіне байланысты жеке қаттап, ал класқа жатқызылмағандарын бөлек қаттайды.
2. Тұқымдық қаракөл қошқарларды азықтандыру мен күтіп – бағу.
Қаракөл шаруашылығында тұқымдық қошқарлардың алатын орны ерекше. Олар
мал тұқымын асылдандыру мен олардың өнімділігін арттыру барысында өте зор
да маңызды роль атқарады.
Жинақталған озат тәжірибе көрсеткеніндей, тұқымдық қошқарларды жыл бойы
күтіп-бағу барысында жайылым, жартылай жайылымда күтіп бағу және жайылым -
қолда ұстап күту сияқты үш кезеңге бөлуге болады.
Қаракөл қошқарларының көктемгі-жазғы мезгілдердегі жайылымда болу
мерзімінің жалпы ұзақтылығы 120-130 күн шамасында.
Одан кейін қошқарларды күйек алуға дайындау және қолдан ұрықтандыру
пункттерінде пайдалану мерзімдерінде олар жайылым-қолда күту жағдайында
болады. Бұл кездерде жалпы жайылым мен серуенге шығару мерзімі 3,5-5,5
сағат болып, жайылымнан алатын азық мөлшері 0,5-1,0 кг аспайды.
Қошқарларды күйекке дайындау мезгілдерінде оларға қосымша құнарлы шөппен
қоса қоректілігі 1,0-1,5 кг азық бірлігі мен 140-150г қорытылатын протеин
мөлшерінде болатын құрама жеммен қамтамасыз етілуге тиісті. Қазақстанның
оңтүстік өлкелерінде қошқарларға берілетін құрама жем құрамында 78% дәнді
азық, 8% - малазықтық гидролиздік ашытқы, 4% - мақта күнжарасы және 1%
мөлшерінде фторсызданған қаратау фосфаты мен ас тұзы болуы керек.
Көрсетілген қоспа жем кестеде көрсетілген мөлшерде минералды және
витаминді қосындылармен байытылғаны жөн.
Күйек алу кезеңдерінде қошқарлардың тірідей салмағы мен оларды
пайдалану дәрежесіне қарай тәулігіне 2,2-3,0 кг түйіршіктелген толық
рационды азық қоспасын пайдаланған тиімді екенін көрсетті. Қоспаның жалпы
қоректілігі 0,8 кг азық бірлігі мен 115 г қорытылатын протеиннен кем
болмауға тиісті.
Қаракөл түқым қошқарларын күйек кезінде азықтанадыру нормалары
Тәуліктік малазық рационында Қошқарлардың тірідей салмағы, кг
65 75 85
Малазық бірлігі, кг 1,7-1,9 1,8-2,0 1,9-2,1
Энергетикалық малазық бірлігі, МДж 1,9-2,0 2,0-2,2 2,1-2,3
Құрғақ заттар мөлшері, кг 2,1 2,2 2,3
Шикі протеин, г 285-345 300-350 310-360
Қорытылатын протеин, г 190-220 200-230 210-240
Кальций, г 9,8-10,6 10,6-11,8 10,8-12,4
Фосфор, г 7,0-8,5 7,8-9,0 8,0-9,6
Күкірт, г 5,5-6,6 6,0-7,6 6,3-7,5
Ас тұзы, г 12-15 14-16 16-18
Иод, мг 0,6 0,7 0,7
Кобальт, мг 1,4 1,5 1,6
Мыс, мг 21 22 23
Мырыш, мг 13 13 14
Каротин, мг 20-25 25-30 30-35
3. Қаракөл саулықтарды азықтандыру мен күтіп – бағу.
Қаракөл саулықтарының өнімділігі оларды түрлі физиоллогиялық
жағдайларда азықтандыру мен күтіп-бағуға тікелей байланысты.
Саулықтарды күйекке дайындау мерзімі олардан қозыларын ажыратудан күйек
алуға дейін созылады.
Саулықтарды күйекке сапалы дайындаудың басты көрсеткіші олардың қоңын
көтеріп, күйлілігін зауыттық кондицияға жеткізу болып табылады.
Қозылары елтіріге сойылған саулықтардың күйекке дайындалу мерзімі 6
айға дейін жетеді. Қалыптасқан технология бойынша (қозысын 4 айлық мерзімде
ажырату) саулықтардың күйекке дайындалу мерзімі небәрі 2 айға ғана
созылады. Сондықтан қозысынан ажыратылған саулықтарға күйін тез көтеру үшін
жақсы жайыльм, суы жеткілікті құдықпен қатар түнде, салқын кезде жаю жақсы
нәтиже беретінін ескеру керек. Күйек алу кезеңінен кейін де жайылым отын
мүмкіндігінше мол алуға бағытталған жұмыстар жүргізілуге тиісті.
Саулықтар үшін буаздықтың екінші кезеңі барынша қиын болып есептеледі. Бұл
кезде қысқы жайылымнан олар керекті қоректік заттардың жартысын ғана ала
алады. Сырт қарағанда малдардың қоңы төмендеп, жағдайлары нашарлағанын
байқауға болады. Осындай кезден бастап саулықтарға қоректілігі 0,82-1,0 кг
малазық бірлігі мен 94-103 г қорытылатын протеин мөлшерінде құрама жеммен
қосымша азықтандыру ұсынылады.
Республикамыздың оңтүстігі үшін құрама жем құрамында 47,5% арпа, 50% дейін
собықты жүгері, 0,4% карбамид, 1,9% — фторсызданған қаратау фосфаты мен
1,2% - ас тұзы болғаны дұрыс деп есептеледі.
Келтірілген қоспа жемшөп төменде көрсетілген мөлшерде минералды және
витаминды қосындылармен толықтырылса, жақсы нәтиже күтуге болады.
Буаз қаракөл саулықтарын азықтандыру нормалары
Тәуліктік малазық рационының Саулықтардың тірідей салмағы, кг
құрамында
40 50
Малазық бірлігі, кг 1,1-1,3 1,2-1,5
Энергетикалық малазық бірлігі, МДж 1,3-1,5 1,4-1,7
Құрғақ заттар, кг 1,7 1,9
Шикі протеин, г 165-195 180-220
Қорытылатын протеин, г 110-130 120-150
Кальций, г 7,6-8,2 8,8-9,6
Фосфор, г 4,4-5,6 5,2-5,8
Күкірт, г 4,0-4,5 4,5-5,0
Ас түзы, г 11-13 12-15
Иод, мг 0,5 0,6
Кобальт, мг 1,2 1,3
Мыс, мг 17 19
Мырыш, мг 10 11
Каротин, мг 12-15 15-20
4. Жарамсыз кәрі саулықтарды қаракөлше өндіру үшін азықтандыру мен
күтіп – бағу.
Қой шаруашылығын дамытуды жеделдету, өндірістік саулық қойларды
интенсивті пайдаланумен қатар, қартайған қаракөл саулықтарын да тиімді
пайдалануға көп байланысты. Кейде ондай саулықтар әрі қарай өсіруге,
жарамсыз деп табылғаннан кейін бірден ет комбинатына өткізіледі, көп
жағдайда алдын ала ұрықтандырылып семіртілмейді. Осының салдарынан ет
ресурсы азаяды, ал шаруашылық едәуір мөлшерде кірістен айрылады.
Қартайып бракқа шығарылған қаракөл саулықтарын етке тапсыру алдында
оларды соңғы рет қашырып, семірту сөйтіп өнеркәсіптік қаракөлше өндіру
қосымша елтірі алуға мүмкіндік береді. Ол сонымен қатар шаруашылық, аудан,
облыс, жалпы республика бойынша әр 100 саулықтан алынатын қозы санын
көбейтіп, ет қорын арттырады. Сол сияқты өндірілген қаракөлшені елтірі
дайындау жоспары есебінен өткізу, едәуір мөлшерде қозы қалдырып, оларды
өсіруге мүмкіндік береді. Мұндай қозыларды енесінен бөлгеннен кейін тірі
салмағын 35 килограммға жеткізіп етке өткізуге, әр қозыдан қосымша табыс
алуға болады.
Саулықтарды ұрықтандыруға дайындау жұмысы оларды бордақылау немесе
семірту алаңына әкелгеннен кейін басталады. Мұндай қойлар үшін ең жақсы
жайылымдық бөлінеді және олар құнарлы концентратты азықтармен қосымша
жемделеді. Мүндай қойлар күзгі жайылымды тиімді пайдаланып, жақсы қондануы
үшін жақсы күтім қажет және оларды жайылымда ұзағырақ бағудың маңызы зор.
Жайып семірту кезінде қойды үзбей сумен қамтамасыз ету қажет.
Ұрықтандыру мезгіліне екі ай уақыт қалған кезде қой отарын белгілі бір
ұрықтандыру пунктіне бекітіу жоспары жасалады. Жоспарда отар, ондағы
саулық, қажетті қошқар саны, байқаушы және қосымша резервте болатын
қошқарлар саны көрсетіледі. Ұрықтандыру басталудан 15 күн бұрын қой
тоғытылады.
Ұрықтандырылғаннан кейін саулықтар 70 күн шамасындай жайылымдықта
бағылады. Қойды жайып семірту етке дайындаудың ең арзан әдісі екені
белгілі. Жайылымдықтың шөбі сіңімді қоректік заттарға бай қойдың ең
құнарлы азығы. Сондықтан жасы ұлғайып қартайған саулықтарға ең жақсы
жайылымдық жерлерді бөлу дұрыс.
Жайып семіртудің табысты болуы, көбінесе оны дүрыс ұйымдастыруға
байланысты. Осыған орай жайып семірту алдында оның жоспарын жасайды. Ондай
жоспарда жайып семірту уақыты, әр тәулікте қосылатын салмақ мөлшері
(жоспарлы тапсырма), қажетті жайылымдық мөлшері және оны пайдалану тәртібі
ескеріледі.
Жайып семірту тәртібін жайылымдыққа және оныңөнімділігіне,
жайылымдықтағы шөптер құрамының қоректілік құндылығына байланысты
анықтайды. Бракқа шығарылған саулықтарды жайып семірту кезіндегі тәуліктік
күту тәртібі төменде берілген.
Бракқа шығарылған саулықтарды күтудің күн тәртібі
Көрсеткіштері Уақыты Барлығы Тәулік-т
минут ің %
есебіменбөлігі
Жайып бағу және қотанға немесе6-10 сағат 240 16,7
ықтырма көлеңкеге айдап окелу аралығы
Суғару және күндізгі тынықтыру 10-15 сағат 300 20,8
аралығы
Суғару және мал басын түгендеп15-16 сағат 60 4,2
санау аралығы
Жайып бағу 16-22 сағат 360 25,0
аралығы
Тынықтыру 22-24 сағат 120 8,3
аралығы
Жайып бағу 24-3 сағат 180 12,5
аралығы
Тынықтыру 3-6 сағат аралығы180 12,5
Ұрықтандырылған буаз саулықтар сойып етке тапсыруға екі ай қалғанда
қолда бағылады және олар интенсивті азықтандырылады. Мұндай күшті
азықтандыру кезінде малдың қоңы көтеріліп, салмағы артуға тиіс. Соятын
кезде саулықтардың 80-90% мөлшерінің семіздігі ең жоғары болуы және әр
бастың салмағы кемінде 8 килограмға артуы тиіс.
Қолда бағып семіртудің табысты болуы - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz