Ұйымның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау . . . 5

1. 1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты . . . 5

1. 2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі . . . 5

2. Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері мен экспресс талдау . . . 8

2. 1 Қаржылық жағдайды талдау әдістері . . . 21

2. 2. Қаржылық жағдайды экспресс - талдау . . . 25

Қорытынды . . . 33
Қолданылған әдебиеттер . . . 35

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Ұйымның жағдайын әр түрлі әдістерін қарастырып, оның тиімді шарттарын қарастыру

Курстық жұмыстың мақсаты - ұйымның қаржылық жағдайын талдап, қорытынды жасау

Осы курстық жұмыста негізгі үш бөлімді қарастырдым. Бірінші бөлім ұйым қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты, ақпараттық негізі туралы. Екінші бөлімінде қаржылық жағдайды талдау әдістері, соның ішінде экспресс талдау әдісі қарастырылған.

Ұйымның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер етеді. Ұйымның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

- Пайда болу орнына дайланысты - ішкі және сыртқы;

- Нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;

- Құбылыс бойынша - қарапайым және күрделі;

- әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Қаржылық жағдайды талдай ұйымның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қорды құрайды. Ұйымның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.

Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

Ал екінші бөлім қаржылық талдаудың алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

- көлденең талдау;

- тікелей талдау;

- трендтік талдау;

- салыстырмалы талдау;

- факторлық талдау;

- қаржылық коэффициенттер әдісі.

Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:

- қаржылық есепті экспресс-талдау;

- қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.

Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.

Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:

- дайындық;

- қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;

- экономикалық оқу және есеп беруді талдау;


1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау

1. 1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл ұйымдардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

Ұйымның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

  • Пайд болу орнына дайланысты - ішкі және сыртқы;
  • Нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
  • Құбылыс бойынша - қарапайым және күрделі;
  • әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар ұйымның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар ұйымның еркне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Ұйымның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Ұйымның өндірілетін өнім және өндіріс техналогиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ ұйымның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - ұйым шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгңі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұқрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы және құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Ұйымның өз қаржы ресурстары, соның ішінде таза табыс қаншалықты көп болса, соншалықты өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге таза табстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе оны өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Ұйым ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділікте өседі - яғыни ұйым өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.

Және де бұл жерде ұйымның төлеу қабілеттілігін қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резерфтерге үлке рөл берілелі.

Жоғарыда айтылғандарды қорта келе, ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай факторларды атап өтуге болады:

  • Ұйымның салалық топқа жатуы;
  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындардың көлемі және олардың ақшалай табыспен салыстырғанлдағы динамикасы;
  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
  • Ұйымдарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен техналогия, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие саясаты, ұйым қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Ұйымның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өзжинақ қорын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты ұйымдарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күн ғана емес, болашақтада ұйымның қажылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келеді, ал зйм мерзімі біткен кезде - облигация құнын толвқ өтеуді талап ететін облигация иелерінеде қатысты. Кез еклген коммерциялық ұйым сияқты банктерде өз несиелері мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, ұйымның қаржылық жағдайы банктер осы ұйымға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қандай мөлшерде деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғаты ұйыммен келісімшартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдағы, салық инспекциясы ұйымның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, тек осындай ұйым ғана салықтар мен басқада міндеттерді уақытылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай ұйымның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастардағы потенциялын анықтайды, ұйымның және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіорынның қаржылық жағдайының абьективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдауға, ол ұйымның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді өңдеумен ұйымның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін ақтарады.

Ұйым осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұараққа жауап береді: ұйым осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұлыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де ұйымның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықлың жетіспеушілігі ұйымның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы - дамуына кедергі жасап, басы артық қорлармен және резерфтермен ұйым шығындарын көбейтуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндетті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті реттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қкржы-есептік және несие ережесін сақтау;
  • Ұйым активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің ай
  • налымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігі, Ұйымның сұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • Ұйымның табыстылығын бағалау;
  • Ұйым табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың денгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеп шығару;
  • Ұйымның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • Ұйымның қаржылық жағдайының тұрақлылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғыни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдай ұйымның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қорды құрайды. Ұйымның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсу мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және несие қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ Ұйымның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ұйым қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерйиялық жақтары арасында тығыз байланысы пен өзара тәуелділік бар. Оыслайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштері мен анықталады. Ұйымның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын оның өнімді сатуына, алын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажеткі денгейге сәйкестігіне және оның бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғарғы сапалы өнімді үздіксіз өндірі және өткізі ұйымның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. өндіріс процессінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қыйындықтары ұйым шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде ұйымның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, ұйым өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмасайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болды. Еңбек және материалдық ресурстары шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

1. 2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толықтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егерде төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 1 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2) қаржылық жыл бойы қызметкелерді орташа саны 50-ден аспайды;

3) активтердің жалпы құны 6 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

Қазіргі кезде бізде қолданып жүрген отандық қаржылық есеп негізгі шамалары бойынша халықаралық есеп стандарттарының талаптарына сай келеді, себебі, ҚР - тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процессі белсенді жүргізіледі, ол біріншіден, негізін қараушы нарықытық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарында жаңа көзқарастар пайда болады және оның бағыты өзгереді.

«Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, - бұл қолданушының заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайда болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады (12) .

Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де ұйым үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субеъктінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырған ресурстармен басқарушы орандардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпарттарды қамтиды. Қаржы есебі пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеуге, пайызды төлеуге, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егерде қолданушылар тек қана субъектіні қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ комерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржыылқ ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпарттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басы көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

Ұйымның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, ұйым жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар ұйымның басқа ұқсас ұйымдар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және ұйымды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылары да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, адиторлар жұмыс процесінде дұрыс ешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудын бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген ұйыммен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген ұйымның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайда талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі ұйымның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Баланс көрсеткіштері ұйымың капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және ұйымның қаржылық жағдайын бағалау ақпаратының ең қажетті түрі болып табылады.

1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс Ұйымының есептік кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер ұйымның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соғады. Мүліктің түрлері және оның қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бабтары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қортынды бабтары ең өтімді айналым қаражаты (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырсу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа ақша қаражаттары.

Баланс посивтің бөлімдері мен бабтары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принциптерге сай құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі кө бағыттарға дейін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық көрсеткіштер
Қаржылық жағдайды басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау
Ұзақ мерзімді міндеттемелер ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: мәселелері және қамтамасыз ету жолдары»
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Нарық жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық негіздері
«Қаржылық жағдайы» категориясын талдау объектісі ретінде теориялық зерттеу; қаржылық жағдайын талдау көрсеткіштерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар. «Kazakhstan Trading Company» ЖШС мысалында
Ұйым қаржысының қызметтері
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz