Каспий теңізінің пайда болуы. Каспий теңізінің ихтиофаунасы



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Каспий теңізінің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...3

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.Каспий теңізінің
ихтиофаунасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 6
2. Қортпа балығының биологиялық және морфологиялық

ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3. Каспий теңізіндегі бекіре тәрізділер отрядына
жататын ірі
балық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..19
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 24

Кіріспе
1. Каспий теңізінің пайда болуы

Каспий теңізі — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста,
оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны,
үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында
1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км,
оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым
бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан,
Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м
төменде жатыр. Ентерең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі
шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қара-бұғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар
(ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон,
Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында
теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары
көп.
Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт
ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін
қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын)
теңіздің Понто-каспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен
теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) кұрамында
қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сарматт бірнеше
бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий
теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші
болған. Орта плиоценнің кейбір кезендерінде теңіздің аумағы одан да кіші
болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген.
Каспийдің шарасы терендігі жөне түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке
бөлінеді. Құрлықтық қайранда орналасқан солт. бөлігі тайыз (10 — 20 м).
Орта тұсындағы ойпанда тереңд. 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м).
Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24 -26°С, оңт-нде 27 - 28°С-
қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде
судың температурасы 10°С-қа жуық болады. Каспий теңізіне 130-дай өзен
құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайык өзендері берсе,
Терек, Сулак, Самур өзендері 5%-тен астам, Кура өз. 6%-тін береді. Иран
жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%-ке жуығын береді. Жалпы
жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп жөне ең аз жылдық айырмасы жүз
жыл ішінде 260 км3-ді құрады. Теңіз суы бетіне шақканда өзен ағынының
мұндай өзгеруі К. т. деңгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда Каспий
теңізінің деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты
метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым
аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінде Қарабұғазкөл
шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен тұздылығын
сақтауға ыкдал етеді. Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13 — 15 млн.
әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы
рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына
жайдын маңында 0,1 — 0,3%, оңтүстік-шығыста 13%о-ге дейін көтеріледі.
Теңізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық
айналма ағыс пайда болады.
Каспий теңізінің деңгейі маусымдық, бір жылдан екінші жылға және
ғасырлық мерзімде ауытқып тұрады. Геоморфологиялық зерттеулер бойынша
Каспий теңізінің деңгейінің ауытқуы уақыт өткен сайын кеми берген:
плейстоценде (соңғы 700 -500 мың жыл ішінде) теңіз деңгейінің ауытқуы 100
м, голоценде (соңғы 10 мың жылда) 15 м-ге (-20 м-ден - 35 м-ге дейін),
соңғы 2 мың жыл ішінде 12 м-ге, ал инструментальді бақылаудан бастап (1830
жылдан қазіргі уақытқа дейін) 4 м-ге ауытқып отырған. Теңіз деңгейінің
көтеріліп, немесе төмен түсіп отыруының себептері туралы көптеген болжамдар
бар. Олардың негізгілері: ғаламдық геологиялық құбылыстар және теңіздің
аймақтық ерек-шеліктері. Каспий теңізіне ерте неогенде тектоникалық
қозғалыстар мен тау пайда болу процесі өсер етсе, жоғ. плиоценде
тектоникалық жөне климаттық факторлар әсер еткен.
Ал қазіргі кезеңде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық
және антропогевдік факторлар әсер етеді. Соңғы кездегі ең жоғарғы деңгей
(+22,5 м) 19 ғ-дын басында, ең төмен деңгейі (-29,0 м) 1977 ж. байқалған,
1978 жылдан (20 ғ-дың соңына кдрай) теңіз деңгейі 2-2,7 м-ге көтерілді.
Теңіэ айдыны кей жерлерде 100 км-ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндірісі
нысандарын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды су басты.

Негізгі бөлім
1. Каспий ихтиофаунасы

Каспий, Ақжайық десек, ең алдымен көз алдымызға қызыл балық, қара
уылдырық елестері сөзсіз. Қызыл балық тұқымдарына жататын бекіре (осетр),
шоқыр (севрюга), қорытпа (белуга) балықтарының 90 пайызы Каспий мен Азов
теңіздерінде шоғырланған. Оның табиғи түрлері тек осы екі теңізде, олардың
айналасындағы өзен су қоймаларында ғана мекен етеді.Тарих парақтарынан сыр
тартсақ, жергілікті халық XІІІ ғасырдан бастап бекіре балықтарын тағам
ретінде пайдалана бастағанын білеміз. Ата-бабаларымыз ерекше құнарлы
тағамды түрліше дайындап, сақтау әдістерін тез меңгеріп алған. Ал, Кеңес
Одағы тұсында кәсіби балық аулау шаруашылықтары құрылды. Тауарлы балық
өнімдерін дайындайтын ірі кәсіпорындар да осы кезеңде өз жұмыстарын
бастаған.
Балық аулау – Атырау облысы үшін дәстүрлі сала және өңір
экономикасының негізін құрайды деуге болады. Жергілікті жерде балық
ресурстарының жағдайына үлкен маңыз беріліп отыр. Себебі, еліміздегі
балықтың 60% осы жерде ауланып, өңделеді. Осы саланың кәсіпорындары 70
мыңнан астам халқы бар жағалаудағы ауылдар үшін негізгі жұмыс беруші болып
табылады. Алайда, бүгінгі таңда балық шаруашылығына қатысты көптеген
мәселелер өзінің шешімін күтіп тұр. Әсіресе, бұл бекіре тұқымдас балықтар
қорын сақтауға және оны көбейтуге қатысты өрбиді. Ащы шындық мынадай: дәмді
жеңсік ас, теңдессіз тағам болып табылатын бекіре тұқымдас балықтар қоры
соңғы 20 жылда күрт азайды, қазір құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Кезінде
облыс халқын асыраған, елімізді әлемге әйгілі еткен балық шаруашылығының
қазіргі күйі құлдырау деңгейіне жетті.
Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре
тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп
ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында
дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға
қойылған. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі бар: оның ішінде
омыртқасыздар – 1069, омыртқалылар – 415, паразит жануарлар – 325 түрі
тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар:
шаянтәрізділердің 60%-і, молюскілердің – 80%-ы, балықтардың 50%-н құрайды.
Каспий теңізінің балық қоры 2,9 миллион тонна болса, оның 40%-ы Солтүстік
Каспий теңізінің үлесіне тиеді. Каспий теңізі – ежелден балық ауланатын
маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүниежүзілік өнімнің 90%-і осында
ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі
келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радиациялық және химиялық
жолмен ластануы және қаскөйліктің етек алуы бекіренің қорын азайтуда.
Сондай-ақ, мұндағы қортпа, пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр.
Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім -
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазіргі заманның балық
шаруашылығы – балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін, мысалы,
бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай балықтарын табиғи және жасанды жолмен
көбейту жұмысына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты Каспий теңізіне 75
миллион балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық
зауыты жылына 6 миллион бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар
уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мсылаы,
шорта, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына дейін өрістесе,
қаракөз, табан, көксерке тұзды суда, ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды
жерінде тіршілік етуге бейімделген.
Каспий албырты — албырттар тұқымдасының бір тұр тармағы. Негізінен
Каспий теңізінің оңтүстік-батыс аймағын мекендейді. Солтүстік Каспийде
сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын езендерге өрлейді. 20 ғ-дың
басында аз да болса Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері
бұл өзендерде ауланғаны туралы дерек жоқ. Каспий албырты — албырттардың
ішіндегі ең ірісі; ұзындығы 100 см жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы
2-7 кг. Қара теңіз албыртына ұқсас, айырмашылығы — құйрық сабағы жіңішке
келеді. Каспий албыртының Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде
мекендейтіндерінің тіршілігі зерттелме-ген. Әдетте, бұл өткінші (өрістегіш)
балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3-5 жасында
жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) езеннің түбіндегі
малтатасты жерлерге. қазан — қаңтар айларында (судың темп-расы 3-13°С-ка
жеткенде) шашады, ұрығы 26-90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шыкпай,
тек өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. Каспий албырты 10 жылдай
тіршілік етеді. Басқа албырттар сияқты Каспий албыртының көлемінің өсуі,
салмағының артуы теңіздегі тіршілік жағдайына байланысты. Шабақтары
жөндіктердің дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен қоректенсе, ересектері
— балықтармен (килька, атерина, майшабақ), мизидалармен, креветкалармен қо-
ректенеді. Каспий албыртының саны қай кезде де көп болған емес. Каспийдің
оңтүстік-батыс бөлігінен басқа жерде сирек кездеседі. Оның жылдан жылға
азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазакстанның "Қызыл кітабына"
енгізілген.

Каспий албырты

Каспий итбалығы — ескекаяктылар отряды, итбалық тұқымдасына жататын
аң. Оны қазақ тілінде түлен деп те атайды. Дене тұрқы 125-160 см, салм. 65-
80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға
бейімделуі басым. Мойны денесімен түтасып біткен, соңдықтан басы айқын
бөлектеніп көрінбейді; құлақ қалқаны болмайды, аяқтары ескек төрізді,
башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында
теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады. Каспий итбалығы тек
Каспий теңізінде ғана таралған. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі
ағыстарында сирек те болса, кездесіп калады. Әсіресе, Каспий теңізінің
солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады.
Тіршілігінің көбі суда өтеді. Тек түлейтін, шағылысатын және балалайтын
кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады. Шағылысуы ақпанның
ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін 1 кейде 2 күшік
(ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3-4 төуліктей
қоректендіреді. 2 - 3 айда өбден семірген ақүрпегін "май итбалық" деп, ал
бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет өзгергендіктен, оларды "қара
итбалық" деп атайды. Негізінен, балықтар, шаянтәрізділер және
моллюскілермен қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы
болғандықтан көсіптік маңызы бар аң. Ересек түлен күзге қарай бойына 40-70
кг-дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады.
Каспий теңізінде шамамен 400-450 мындай Каспий итбалығы мекендейді.

Каспий итбалығы
Каспий қаязы — Арал қаязыныңтүр тармағы, өткінші балық. Негізінен,
Каспийдің оңтүстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге оңтүстігінен жөне
батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі.
Дене түрқы 56-76 см (103 см-ге де-йін), салмағы 3-6 кг-дай (14,5 кг-ға
дейін) болады. Пішіні, жалпы морфол. белгілері Арал каязына үқсас (негізгі
айырмашылығы — тіршілік ететін жерінде). Жыныстық жетілуі 5 жастан
басталады. Уылдырық шашу үшін сөуірдің аяғынан тамызға дейін Жайыққа
өрлейді. Көктемде өрлегендері судың температурасы 20 —23°С-қа жеткенде
уылдырығын (115-1259 мың) ағысқа шашады. Каспий қаязы өзен шаяндарымен, су
жәндіктерімен, дернөсілдерімен қоректенеді. Қорегінде өсімдік дөні мен
детрит те кездеседі. Каспий қаязының еті өте дөмді, оның Қазақстан
суларында ешуақытта саны көп болған емес, сондықтан көсіптік маңызы шамалы.

Каспий қаязы

Каспий миногасы – миногатәрізділер отярыдының миногалар тұқымдасының
жалғыз түрі. Каспий миногасының ұзындығы – 20-55 см, салмағы 30-35 г-дай
болады. Денесі жалаңаш, пішіні жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйек
болмайды, хордасы өмір бойы сақталады. 2 арқа (кейде 1) және құйрық қанат
болады. Қапшық тәрізді желбезектері басының екі бүйірінен тесіктерімен
ашылады. Танау тесігі біреу, ол басының үстінде орналасқан, танау тесігінің
артында төбекөзі бар. Ауызы соруға бейімделген, түтік тәрізді, оның жиегі
тері шашақтармен көмкерілген және көптеген тіс деп аталатын мүйізді
өскіндері болады. Жақтары болмайды. Көбеюі мен дернәсілдік уақыты өзенде
өтеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл құртқа ұқсас. Түрдің түрлену мерзімі,
қолдан өсіру тәжірибесі бойынша, жылдан кем емес. Түрлендіру аяқталғаннан
кейін Каспий миногасы теңізге қайтады, теңізде жылдай болып, уылдырық шашу
үшін өзендерге өрлейді. Уылдырығын (38 мыңға дейін) мамыр-маусым айларында
өзен суының түбіндегі ұяларына шашады.
Каспий миногасының өте дәмді және майлы болғандықтан көп ауланған.
Жылда жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстаның Қызыл
кітабына енгізілген (1996).

Каспий миногасы
2. Қортпа балығының биологиялық және
морфологиялық ерекшеліктері

Қортпа (Huso huso) – бекіре тәрізділер отрядына жататын ең ірі
өрістегіш балық. Қазақстанда Каспий теңізі мен Жайық өзенінде кездеседі.
Қортпаның тұмсығы қысқа әрі үшкір, астыңғы ерні ортасынан бөлінген;
ұзындығы 380 см, салмағы 350 кг-дай. 198 жылы сәуірде Жайық өзенінен ірі
қортпа ұсталған, оның салмағы 867 кг, уылдырығы 156 кг, 5,69 миллион
уылдырық болған. Жекелеге аталықтары 9-11 (негізінен 12-15), аналықтары 12-
14 (негізінен 15-20) жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын шашу
үшін Жайыққа шілде-қазан және наурыздың соңы, сәуірдің басында өрістейді.
Жазда өрістейтіндері қыста терең шұңқырларда қыстайды да, уылдырығын көктем
шыға 6-12 м тереңдікте су темератураы 7-11 градусқа жеткенде, ал көктемде
өрістейтіндері уылдырығын (2-3 миллиондай) 3-8 м тереңдікте су
температурасы 10-15 градус болғанда тастақты жерлерге (араға бірнеше жыл
салып) шашады. Қортпаның бір жастағы шабақтары теңіздегі майда балықтармен
(бұзаубас-балықтар, т.б.) қоректенсе, екі жастан соң толық жыртқыштыққа
көшеді.
Қортпа кәсіптік маңызы бар балық болып саналады. Қортпаны сүйрік
балықпен будандастырудан бестеп балығы алынған.

Қортпа балығы
Балық етінің пайдасы. Көбіміз сирек жейтін балық етінің дәмділігі мен
жұғымдылығы етпен пара-пар, сіңімділігі одан асып түседі. Ет тағамдарына
қарағанда балық тағамдарын, әсіресе сорпасын ішіп, жегенде асқазан шырыны
көп бөлініп, тамақ жақсы қорытылады. Мамандардың айтуынша, балық етінің
құрамындағы белоктың көлемі 15-26 пайыз аралығында болғанда, бағалы болып
есептеледі. Балықтың белогінде 20 түрлі амин қышқылы бар, оның сегізі адам
ағзасы үшін өте қажетті. Олар: лизин, метионин, триптофан, валин, лейцин,
изолейцин, треонин, фенилаланин. Бұл амин қышқылының біреуі адам ағзасында
жетіспейтін болса, денсаулығы бұзылады. Балықта 0,1-30 пайыз май, 0,9-2
пайыз дәрумендер мен минералдық заттар да бар. Балықтың майы сүтқоректі
жануарлардың майынан сұйық. Оның құрамында зат алмасуында маңызды роль
атқаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалқар көлі – тарих пен табиғат ескерткіші, туризм, демалыс және емдеу нысаны
Мөңкенің биологиялық сипаттамасы
Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай – газ проблемалары
Қапшағай су қоймасында мекендейтін тыран балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы
Қазақстанның табиғаты
Орман шаруашылығы аумағын өртке қарсы орналастыру жобасы
Тұқымдық балықтарды дайындау
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Ақтау портының маңыздылығы
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Пәндер