Кезең шығындарының есебі Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік шығындар теориясы


Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Кезең шығындарының есебі»
Орындаған: ТТТ-41 топ
студенті
Тексерген: оқытушы
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік шығындар теориясы
1. Мемлекеттік қаржының мазмұны мен қызметтері . . . 5
1. 2 Мемлекеттік шығындар туралы түсінік . . . 7
2. Кезең шығындарының есебі
2. 1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі . . . 16
2. 2 Негізгі өндіріс шығындарының есебі . . . 26
2. 3 Көмекші өндірістің шығындарының есебі . . . 34
Қорытынды . . . 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 41
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Отандық ғылымда өндіріс тиімділігін көтеруге ынталандыру мәселесіне қызығушылық соңғы жылдары айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті ынталандыру мен ұйымдастырудың «гуманистік» тәсілдері жұмысшылардың дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне әкелді, екіншіден, экономистер дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас тұрғысынан зерттеді.
Кеңестік экономикалық ғылым ұзақ уақыт бойы «жұмысшылардың өндіріс құралдарымен тікелей бірігуі» туралы тұжырымдамасын дамытып келді, өндіріс тиімділігін арттыруға ынталандыру мен уәждеме мәселесі жоққа шығарылды, өйткені жұмысшы мен кәсіпорын мүдделерінің сәйкес келуі автоматты түрде іске асты, бұл қоғамдық меншікке негізделіп орныққан экономикалық қатынастарға байланысты болды.
Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және бейматериалдық ынталан¬дыру жүйесіне көшуді қолдайды. Демек, жалдамалы еңбек уәждемесін және «классикалық» жалдамалы жұмысшыға тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек нәтижелерін, шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік қызметтерді күшейтуде, т. б. жағдайларда жүзеге аспақ.
Отандық экономикалық әдебиетте экономикалық мүдделер, еңбекке ынталандыру, еңбек күшінің ұдайы өндірісі, жалдамалы еңбек және капиталдың арақатынасы ғылыми мәселелерін зерттеу біршама қорланып қалған. Зерттеу тақырыбына сәйкес экономикалық теория және экономика ғылымы әдістемесінің жалпы мәселелері бойынша, мысалы Абалкин Л. И., Гойло В. С., Горланов Г. В., Дзарасов С. С., Колесов Н. Д., Куликов В. В., Ракитский Б. В., Рязанов Т. В., Столяров И. И., Черкасов В. Н. және т. б. еңбектері өте маңызды, әрі олар жиі пайдаланылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Шығындардың нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығыны, яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі туралы түсіндіру.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі мәселелерді шешу көзделді:
- Тауар өндірісінде өндіріс факторларын сатып алуға шығатын шығындарды талдау;
- Өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісін сипаттау;
- кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы : курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік шығын теориясы
1. 1 Мемлекеттік қаржының мазмұны мен қызметтері
Мемлекеттік қаржы - қаржы жүйесінің бір бөлігі болғандықтан, олар мемлекеттік сектордағы экономика мен социумның өзара байланыстарын қамтитын өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы қызметімен байланыста болады.
Мемлекеттік қаржының экономикалық мазмұны мемлекеттің және оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын құру үшін ұлттық байлық пен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастар болып саналады. Бұл саланың ақша қатынастарының субьектілері бір жағынан мемлекет, яғни жергілікті билік және басқару органдары, екінші жағынан кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет, азаматтар болып табылады.
Мемлекеттік қаржының функциясы қаржының экономикалық категория ретіндегі атқаратын функцияларымен бірдей болады: бұл бөлу және бақылау қызметі.
Мемлекеттік қаржыда ерекше мақсаты бар маңызды звенолар жіктеледі.
Мемлекеттік қаржының құрамына: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары кіреді. Мемлекеттік қаржы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саланы басқару деңгейіне байланысты жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
Осындай қаржылық байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық және салалық тұрғылардағы көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге әсер ете алады.
Мемлекеттік қаржының құрамында бюджеттік қатынастар үлкен орын алады. Бюджеттік қатынастардың көмегімен қаражаттардың үлкен көлемі қайта бөлінеді: шаруашылық органдардан мемлекетке және керісінше, мемлекеттен кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа. Орталық (республикалық) бюджеттің ресурстары жалпы мемлекеттік шараларды қаржыландыруға арналады. Олар мемлекеттің мақсатты кешенді бағдарламалары, қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, шекараны қорғау, мемлекеттік басқару, әлеуметтік саланың дамуы, халықаралық міндеттерді орындау, т. б. Республикалық бюджет арқылы экономикалық құрылым мәселелері, оның тұрақтылығы, халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін сақтау мәселелері шешіледі.
Жергілікті бюджеттер экономикалық үдерістерді реттеу, өндірістік күштерді орналастыру, аумақтық инфрақұрылымдарды дамыту, еңбек ресурстарын ұдайы өндіру үшін қолданылады. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылымды қаржыландыру ролін атқарады.
Бюджеттен тыс қорлар арнайы салықтық немесе мақсатты аударымдар және т. б. көздер есебінен басқа мақсатты шараларды қаржыландыру қызметін атқарады. Қорлардың автономдылығы оларға лауазымды және атқарушы органдардың қатысуынсыз бюджеттен тыс қаражаттардың жедел түрде қолданылу мүмкіндігін береді.
Мемлекеттік несиеде қатынастар кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырумен немесе мемлекеттік органдарға берумен байланысты. Халықаралықнесие қатынастарына шетелдік мемлекеттер, олардың компаниялары, фирмалары, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық қаржы мекемелерінің қатынастары кіреді.
Жекеменшіктің әртүрлілігі мемлекетке атаулы экономикалық, қаржылық саясат жүргізуіне және экономикалық әлеуметтік үдерістерге қаржылық механизм арқылы әсер етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты «мемлекеттік қаржы» категориясы пайда болды және ол үкіметтің экономикалық қызметтерін атқаруға, қоғамның әрбір даму кезеңіндегі міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Мемлекеттік табыстар - мемлекеттің меншігіне түсіп, оның материалдық базасын құру мен қалыптастыруға байланысты ұйымдастырылатын экономикалық қатынастардың жүйесі.
Табыстар - қаржымен тығыз қарым-қатынаста болатын күрделі экономикалық категория.
Табыс дегеніміз белгілі бір қызметтің шығындарымен байланысты нәтижесі (олардың құру мерзіміне тәуелсіз) . Табыстар өндірістік, коммерциялық, делдалдық, басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады және қайта құрылған өнім мен қызметті бөлу сатысында пайда болады.
Табыстарда аралық сипат болуы мүмкін, яғни құрылған соң бөлудің жаңа кезеңіне кіреді немесе соңғы табыс ретінде ұдайы өндірістің жаңа сатысына - айырбасқа өтіп, қызмет етеді (соңғы табыс деген - тұтыну мен жинақтауға тікелей қолданылатын табыстар) . Табыстардың аралық сипаты шаруашылық субъектісінің табыстары, екінші субъектінің шығындалуы арқылы табылуында айқын көрінеді, мысалы: кәсіпкерлік сектордың табыс салығын төлеген әлеуметтік мақсаттарындағы шығындары - халықтың бөлек топтарының табыстары болып табылады.
Жалпы қоғамдық өнімді бөлу нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары құрылады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің негізгі ролін қаржылар атқаратын күрделі үдерістерге ұшырайды. Бұл үдерістердің нәтижесінде ақшалай қорлар және ең алдымен мемлекеттік бюджет құрылады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін халықтан қаржы түрінде кірістердің бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың жалпы табысы (пайдасы) бөлінеді - бір бөлігі бюджетке түседі, екінші бір бөлігі өздерінде қалып, ішкі шаруашылық қажеттіктеріне қолданылады.
Сонымен бірге өндірістік емес саланың мекемелері көрсеткен қызметтері үшін төлемдер арқылы бастапқы табыстары қайта бөлінеді. Бұл табыстар өндірістік саланың табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнім құнын бөлу туралы адамдардың қатынастарын білдіретін өзіндік экономикалық категория ретінде анықталады. Кірістердің материалды - заттай жағының ұғымы мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және халықтың қарамағындағы ақшалай құралдарын білдіреді.
Мемлекеттік кірістердің экономикалық табиғаты мен ұйымдастырылуы мемлекеттің саяси және экономикалық ролімен байланысты болып келеді.
Мемлекеттің табыстары мемлекеттің белсенді қатысуымен байланыстырылады; ол бюджетте орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерінде қалдыратын таза табыстың үлесін, сонымен бірге халықтың жеке табысының бір бөлігін бекітеді.
Мемлекет қосымша өнімнің және өндірістің қаражаттарының бір бөлігін иеленеді. Бұл жағдайда мемлекеттік табыстардың басты көзі - мемлекеттік меншіктен түсетін табыс болып табылады.
Мемлекеттік меншіктен түсетін табыстарға мыналар жатады:
- мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табысы (жалпы табыс, қосылған құн салығы, акциз, кедендік баждар)
- мемлекеттік мүліктен түскен табыстар (мемлекеттік үй қорын сатудан түскен табыстар, жер сатудан, орман, су және т. б. табиғи ресурстарды өткізуден, мемлекет иелігінен алудан түскен табыстар) .
- мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың төлемі арқылы қызметінен түскен түсімдер (тіркеу алымдары, тексеру алымдары, сараптау, талдау жасаудан түскен түсімдер) .
- бюджеттік мекемелердің арнайы шоттарындағы жинақталған арнайы ресурстар (жалдау ақысы және т. б. ) .
Мемлекеттік қарыздардан түскен түсімдер (қарыздарды өтеуге дейін) мемлекеттің қаржы ресурстары болып табылады, бірақ олар қарыз құралдары болғандықтан, мемлекеттің табыстары ретінде қарастырылмайды. Қаржылық ресурстардың құрамына, сонымен қатар, мемлекеттік сақтандыру ұйымдары иелік ететін барлық қорлардың сомасы кіреді (мемлекеттің кірістеріне жалпы табыс пен кездейсоқ және басқа да апаттармен күресу жөніндегі алдын ала есептеу шараларын өткізу үшін бөлінген сомалар кіреді) . Мемлекеттік табысқа ішкі шаруашылық ресурстар, тұрақты пассивтердің өсу сомасы кірмейді (мемлекеттік кәсіпорындар) . Сөйтіп, мемлекеттің қаржылық ресурстары негізінен, мемлекеттік табыстар және басқа да көздер есебінен құралады.
Мемлекеттік табыстардың қайнар көзі - ұлттық табыс, ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемлекеттік шығындар мемлекеттің барлық қаржылық ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік табыстарды жіктеу олардың экономикалық табиғатын, құрылу қағидаларын, яғни мемлекеттік табыстардың барлық жүйесін түсінуге мүмкіндік береді.
1. 2 Мемлекеттік шығындар туралы түсінік
Мемлекеттік шығындар мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындарын көрсетеді. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар қоғамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру, қоғамдық өндірісті толық жетілдіру және дамыту мақсатында жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлу, қайта бөлу және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
«Шығындардың» екі мағыналы түсінігі бар:
- Ақша қаражаттарын мақсатты бағытта қолдану, яғни оларды айырбастау үрдісінде жұмсау. Бұл жағдайда шығындар құрамына: түпкі табыс есебінен жүргізілетін өндірістік және өндірістік емес саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың шығындары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім қорға бөлінеді: өтеу қоры, жинақтау қоры, тұтыну қоры.
- Айырбастау үрдісінде қаражаттардың нақты шығындауына қаржылар негізінде құраладын бөлу сипатындағы шығындарды ажырата білу керек: мақсатты бағытта жалпы мемлекеттік қорларды пайдалану және кәсіпорын қорларын бөлу; ақша шығындары барлық шаруашылық субъектілерінің түпкі табыстарын құру негізі болып табылады.
Мемлекеттік шығындардың құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес салардағы мекемелердің шығындар кіреді.
Мемлекеттік сектор кәсіпорындардың шығындарының құрамына мыналар кіреді:
- өндірістік, шаруашылық эксплуатациялық қызметпен байланысты шығындар;
- ұдайы өндіріске (негізгі және айналым қорлары) ;
- бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдер;
- ынталандыру және қолдау (мадақтау) қоры.
Мемлекеттік шығындардың ролі оның басым бөлігі елдің тұрғындарын қоғамдық өніммен, игілікпен және қызметпен қамтамасыз етуге немесе өндіруге бағытталғандығымен анықталады. Әлеуметтік - мәдени мақсаттарға, қорғаныс, құқықтық тәптіпті сақтау, бақылау, мемлекеттік инфрақұрылымдық кәсіпорындар мен ұйымдардың өніміне және қызметіне шығындар халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мен қатар, экономиканың мемлекеттік және нарықтық секторлары жағынан тауарлармен және қызметтермен қаматамсыз етеді.
Мемлекеттік шығындардың жеке түрлері экономикалық мазмұны мен мәні жағынан біркелкі емес. Мұнымен шығындардың қайнар көздеріндегі нысандары және қаржыландыру әдістеріндегі айырмашылықтары көрсетіледі.
Мемлекеттік шығындарды айыруда басты белгі олардың материалдық өндіріс үдерісіне қатынасы және ұлттық кірістің құрылуы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттік шығындар экономикалық мәні бойынша негізгі 3 топқа бөлінеді:
- материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік салаға қатысты шығындар;
- іс - әрекеттің өндірістік емес саласындағы шығындар;
- мемлекеттік қорлар құруға жұмсалатын шығындар.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) қаржылар кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қаржысының басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық қаржы - салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті қаржы - облыстық қаржы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi қаржылар бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады: республикалық қаржы; облыстық қаржы, республикалық маңызы бар қала, астана қаржысы; аудан (облыстық маңызы бар қала) қаржысы. Қазақстан Республикасында Қаржы кодексінде белгiленген жағдайларда төтенше мемлекеттiк қаржы әзiрленуi, бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.
Қаржы кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысшты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс қаржысы, республикалық маңызы бар қала, астана қаржысы болып табылады.
Қаржы кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысшты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) қаржысы болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттiк қаржы республикалық және жергiлiктi қаржылардың негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi.
Төтенше мемлекеттiк қаржыны бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiледi.
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу және оның күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы төтенше мемлекеттiк қаржыны енгiзуге және оның қолданылуын тоқтатуға негiз болып табылады.
Төтенше мемлекеттiк қаржының қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi.
Төтенше мемлекеттiк қаржының қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңның және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi қаржылар туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттiк қаржы төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттiк қаржының қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi қаржылардың атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi қаржылар туралы мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген ретте төтенше мемлекеттiк қаржы енгiзiлмейдi.
Қазақстан Республикасының бiрнеше аумақтарында бiр мезгiлде төтенше жағдай енгiзу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiруi мүмкiн болатын ретте ғана төтенше мемлекеттiк қаржы енгiзуге негiз бола алады.
Бiрыңғай қаржылық сыныптама қаржы түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай қаржылық сыныптама қаржы жүйесiнiң барлық деңгейдегi қаржылар көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi. Бюджет процесi бiрыңғай қаржылық сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады.
Бiрыңғай қаржылық сыныптама қаржылардың барлық деңгейлерi үшiн бiрыңғай және мiндеттi болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының негiзiнде әзiрленедi. Бiрыңғай қаржылық сыныптаманы қаржылық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Бiрыңғай қаржылық сыныптаманың құрамы:
1) қаржы түсiмдерiнiң сыныптамасын;
2) қаржы шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
3) қаржы шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
Қаржы тусімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық деңгейлер қаржыларының түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Қаржы түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады. Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырады. Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.
Қаржы шығыстарының функциялық сыныптамасы мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттiк саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша қаржылық қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi қаржылар шығыстарының топтамасы болып табылады.
Қаржы шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:
функционалдық топтардан;
функционалдық iшкі топтардан;
қаржылық бағдарламалардың әкiмшiлерiнен;
қаржылық бағдарламалардан және iшкi бағдарламалардан тұрады.
Функционалдық топ - қаржы шығыстарын салалық белгiлер мен функционалдық бағыт бойынша бiрiктiру. Функционалдық iшкi топ қаржы қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын нақтылайды.
Қаржы шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiн, функционалдық топтармен бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын қаржы шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz