Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы
қолдау
Орындаған:
Тексерген:
Орал - 2013
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 тарау. Мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық-медициналық қолдау
1.1 Әлеуметтік педагог қызметкерінің мүмкіншілігі шектеулі балаларды
тәрбиелеуде алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..4
1.2 Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ұйымдарнда мемлекеттік жалпы
міндетті жүзеге асыру
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..8
2 тарау. ҚР-да кемтар балалардың жағдайы және кемтар балалрға
қолдау көрсету жолдары
2.1. Мүгедек балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балалардың
жағдайы ... ... ..14
2.2. Әлеуметтік, бейімдеу, психологиялық және құқықтық
көмек көрсету
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .17
2.3. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде үкіметтік емес
ұйымдармен
байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .26
Кіріспе
Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан қазіргі таңда туа
біткен, жүре пайда болған аурулар салдарынан қаршадай бастарынан қасірет
дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан –жылға артуда.
Ауру сәби дүниеге келгеннен бастап отбасы оның тауқыметін тартуға мәжбүр
болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына
көмек көрсету үшін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру,
мәдениет, ақпараторындарының ынтымақтастығы, күш-жігерін біріктіруі қажет.
Осындай мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекетіміз қазіргі таңда айрықша
назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр.
Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа Жолдауында, Қазақстан
Республикасының 2002 жылдың 11шілдесінде шыққан Кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы № 343
Заңдарында айтылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудің тиімді
жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу, бала мүгедектігінің алдын
алуға бағытталған көптеген мәселелер жан-жақты қарастырылған. Осы
мәселелерді жүзеге асыру мақсатында, Қаратал аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2007 жылдың қаңтар айынан бастап
мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі
жұмыс істеуде. Бөлімшеде үйден әлеуметтік көмекті қажет ететін 80
мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Штаттық
кесте бойынша 1меңгеруші,1 кеңесші,1психолог және 20 әлеуметтік қызметкер
бар, әр бір әлеуметтік қызметкерге мүгедек балалардың жүріп – тұру
қабілетіне, денсаулығына байланысты күтім жұмыстары жүктелінген.
Стандартқа сәйкес 8 арнайы әлеуметтік қызмет түрі жетілдірілген.
Бөлімшенің негізгі міндеті - күнделікті әлеуметтік ортада имандылық-
психологиялық қолайлықты тудыруға жәрдемдесу, мүгедек балаларға және
олардың ата-анасына әлеуметтік қызмет түрлері бойынша көмек көрсету.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 2012жылы Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 2 бала мүгедектік қол арба,
13 бала міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 5 балаға
протездік-ортопедиялық орталығына жолдама алды. Бөлімшеде әлеуметтік көмек
көрсетілетін 7 балаға бөлім тарапынан 5 толық жабдықталған компьютер
берілді. Бөлімшеде балаларға барлық жағдайлар ойластырылған: мысалы, бұнда
компьютерлер, құрастыру жиынтықтары, бояғыш кітаптар, тренажер және
т.б.жабдықтар бар. Әлеуметтік қызметкерлер балалармен бірігіп Өнерлі қол
атты үйірмесін құрды.
Осындай мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекетіміз қазіргі таңда
айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Әрбір баланың бойында
мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады, тек оны ашып, қолдау көрсетіп, дамыту
қажет. Әр бала өзінше жеке тұлға болып табылады. Даму мүмкіншілігі шектеулі
балалар жақсы әрі жан-жақты өмір сүруге құқылы. Сондықтан оларға бұл
мүмкіндікті қолдануға қол ұшын беру міндет болып табылады.

тәрбиелеуде алатын орны
Адамның ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары
болып табылады. бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны
іске асыру механизмдері конституциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы
туралы халықаралық құжаттарда белгіленген.
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы Заңның 4 Тарауында кемтар балалардың құқықтары
бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары
мен міндеттері көрсетілген. 15 бап кемтар балалардың әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға
құқығын бекітті.
Балалрдың құқықтары туралы Конвенцияда мүмкіндігі шектеулі
балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада,
қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23 бапта
белгіленген.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыз
ету туралы стандартты ережелер (БҰҰ), мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың
қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық,
экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екені айтылған. Бұл құқықтық
құжатта мүмкіндіктерінің түріне қарай мемлекетімізде арнайы стратегиялар,
ақпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі жайлы
бекітілген.
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының
көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы
мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі
балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі
ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі балаларға
арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше
орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес,
олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын,
үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен
жасөспірімдерге көрсетіледі. Осы орайда әлеуметтік қызметкердің міндеті
кеміс балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы
ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым
- қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасын
психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың отбасында
алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады.
Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек
туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқы,
тәртібіндегі өзгерістер ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-
анаға қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Сол себепті отбасындағы өзара
қарым-қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей жағдайда
отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін) әкеледі. Сондықтан мұндай балаларды
тәрбиелеуде ата-аналарға тек педагогтардың ғана емес, арнайы мамандардың да
көмегі қажет.
Тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім
қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне,
ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың
тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді
көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор. Мүгедек балалардың жанұяда
тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір
түрі шектетілгендер, яғни ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық
жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани
қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды.
Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының
сүйіспеншілігіне, махаббатына ылайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл -
күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл
дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі
кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі.
Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қам-қорлыққа алу, мұндай ата-
аналар бала алдындағы кінәсін сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез-
келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді.
Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму
жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде дамуында ауытқуы бар
балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл
мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог
– арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық
институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік
қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-
аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-
қатынаста болады. Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-
әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:
- бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының
дамуы) үшін жағымды жағдай жасау;
- баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету;
- өмірлік кеңістікте баланы қорғау;
- бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен интернаттан кейінгі
өмірінің бейімделуіне көмек көрсету.
Дамуында ауытқушылығы бар немесе мүмкіндігі шектеулі баланы
тәрбиелеуші ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында
үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың
ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер аудандық еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі
шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру
жолында әлеуметтік қызметкердің алатын орны ерекше.
Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына
оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар
береды:
1.Баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдаңыз.
2.Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспнешілік танытыңыз.
3.Әрқашан өз-өзіңізге сенімді болып, балаңызға ішкі жағымсыз
қобалжуларыңызды көрсете бермеңіз.
4.Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға
тырысыңыз.
5.Баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасаңыз.
Қорщаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
6.Егер балаңыздан ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса ренжіп,өкінбеңіз.
Нәтиже міндетті түрде болады.
7. Балаңызға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста
болыңыз.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне,
медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар, дәрігерлер,
әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқар-
ғанда ғана, олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол
ашылады.
Өзінің кәсіби мақсаттарына қол жеткізу үшін әлеуметтік педагог
басқарудың мемлекеттік органдарының өкілдерімен, қоғамдық ұйымдар, білім
беру мекемелері, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары,
басқа муниципальды ұйымдардың өкілдерімен қатынас құруы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі
міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық
әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосу
болып табылады.
Маллер А.Р Дефектология журналында былай деп атап көрсеткен: Арнайы
түзету мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті келесі бағыттарды
қамтуы керек: диагностикалық болжау; түзете білім беру мен әлеуметтік-
мәдени; функционалды-ұйымдастырушылық; құқықтық бағыттар.
Диагностикалық болжау жұмысының барысында әлеуметтік педагог
тәжірибелік психологпен бірлесе отырып, балалардың тұлғалық және
жасерекшеліктерін зерттеп, баланың жеке және әлеуметтік дамуына кедергі
келтіретін факторларды анықтайды, олардың жеке ерекшеліктерін ескере
отырып, тұлға дамуының түзету кешенді жоспарын өңдейді.
Түзете білім беру мен әлеуметтік-мәдени бағыттың мәні ол әлеуметтік,
ұлттық, мәдени және басқа да кедергілер оқыту процесін қиындатқан жағдайда
көмек көрсету ретінде көрініс табады. Сонымен қатар мұнда педагогикалық
ұжыммен, әсіресе, жас мамандармен кеңес беру жұмысы жүзеге асырылады.
Функционалды-ұйымдастырушылық бағытты іске асыру процесінде әлеуметтік
педагог бір жағынан, оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасында, екінші
жағынан, сабақтан тыс жағдайда әлеуметтік қызметтердің арасында
байланыстырушы қызметін атқарады. Сонымен бірге ол мектеп әкімшілігі мен
отбасыларға бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы бойынша көмек
көрсетеді. Еңбекке оқыту профилі туралы шешім қабылдамас бұрын мектеп терең
әлеуметтік талдау жасап, жұмыс орындарының болуын зерттеуі қажет. Мұндай
әлеуметтік талдау әлеуметтік педагог басшылығымен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік педагог қызметінде профилактикалық бағытты ерекше атап
өткен жөн. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары және оқушылар мен мектепке
әсер ететін көптеген әлеуметтік факторларды үйлестіре отырып, әлеуметтік
педагог ұжымда туындайтын кикілжіңдерді реттеп, оқушылардың әртүрлі
жасерекшелік топтарымен болатын жағымсыз жағдайлардың алдын алу шараларын
ұйымдастырады. Әлеуметтік педагог іс-әрекетіндегі құқықтық бөлім ең маңызды
болып табылады, өйткені мұнда интернат педагогтары мен оқушыларының
құқықтық ағартушылық міндеттері, сонымен бірге полиция мен сот
органдарындағы тәрбиеленушiлердiң мүдделерiнiң өкiлдiктерi міндеттері
біріктіріледі. Мұнда әлеуметтік педагог міндетіне баланың заңды беделінің
ақпараттары мен құжаттарын жинау бойынша жұмыс жатады, яғни, ата-аналарын,
туыстарын іздестіру, қамқор болушы адамның құжаттарын дайындау, бітіруші
түлектердің тұрғын үй алуы үшін құжаттарын дайындау және т.б жатады.
Түзету мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық көмек қызметі
төмендегідей принциптердің негізінде құрылады: жұмыстағы объективтілік,
шешім қабылдаудағы тәуелсіздік, жеке ықпал ету, гуманизм, адам тұлғасының
құндылықтарындағы принциптер т.б.
Әлеуметтік педагог арнайы (түзету) мектебінде жұмыс жүргізу арқылы
балалардың әлеуметтік-эмоционалдық, дене жағдайы, ақыл-ой дамуымен
байланысты күрделі мәселелерді шешуге және балалардың сәтті түрде
әлеуметтенуіне мүмкіндік бере отырып, оларға жан-жақты қолдау көрсетеді.
Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында
шешімін таппаған мәселер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін
тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек.
Егер әлеуметтік педагогикалық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаға
алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған
ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік
ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру
мүмкіндігі туады.

міндетті жүзеге асыру шарттары
Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі
ретінде — қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму
мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы
білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық,
экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-
физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп,
соқтырып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша мүмкіндіктері шектеулі
балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген. Үйде білім
алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле
отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету
жинақтарымен қамтамасыз етіліп, қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру жолға
қойылатындығы атап көрсетілген.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар
көмегімен ұйымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып (әртүрлі
бағдарламалар көмегімен) оқушының назарын бір бағытқа шоғырландыруға,
сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген белсенділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ішінде, әсіресе
тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатын балалар үшін жаңа
технологиялар көмегімен білім беру арқылы, білім беру ұйымындағы
жүргізілетін білім беру жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге болады.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы –
еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы
білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып
табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының
жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап
жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына
түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы
адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының (2012.09.01. берілген
өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы Білім беру саласындағы мемлекеттік
кепілдіктер бөлімінде: Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан
Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын
толық немесе ішінара өтейді делінген. Ал, әлеуметтік көмек көрсетілетін
Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында — даму мүмкіндіктері
шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар
да бар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Кемтар балаларды әлеуметтiк
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы 2002 жылғы 11
шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк,
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн
айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi
жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау
iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға
бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.
Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі
шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту
үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын,
арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай
тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын
арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар
көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл
мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім беру
қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану
қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық
технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар
бойынша құрылуы қажет:
білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына
қолжетімділігі;
оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы
арттыру;
оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді
ұйымдастыру;
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені
сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын
бақылау;
мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар
қалыптастыру;
білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі
ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың
негізгі принциптері:
Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын
кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың
конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және
оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде
қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы
жағдайлар жасау;
Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері
мен деңгейлеріне бейімділігі;
Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз
ететін қолайлы жағдай жасау.

адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы
тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да
білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен.
Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-
ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген
қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен
жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі.
Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік
даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.
Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп
жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе
медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты
ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала
тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық,
психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған
қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-
психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Шындығында да, ауру
баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-
ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл
жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусына кері әсерін тигізбей
қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың
бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер
етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.
Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан
үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының ірге тасы болатынын және
кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз.
Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан
тыс) психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған
байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана
бауырларының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек
баланы өмірлік қажеттіліктермен қаитамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі
сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ
ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік
белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек.
Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы дмау
деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара
іс-әрекет арқылы қалыптасады.
Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың
өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына
себеп болады. Төгіп-шашады, бүлдіреді деген сылтаулармен көп жағдайда ата-
аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай себептермен
балада өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы қиындайды. Түзету,
әлеуметтік бейімдеу орталықтарына осындай бағытта жүргізілетін нәтижелі
жұмыстар ата-ана тарапынан қолдауды бекітілуді қажет етеді.
Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық проблемалар
кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға мойын
бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-амыту үрдісінен тыс қалмай
белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес алып
отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде
ықпал етер еді.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап қалалық Т. Г. Шевченко атындағы №13
орта мектебінде психолог болып жұмыс жасап жүрмін. Өткен жылы мектеп
партасында отырған 6 оқушылардан басқа, үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі 3
оқушымен жұмыс жүргіздім. Олар жас деңгейіне қарамастан мектепалды даярлы
және 1-11 сынып аралығында оқитын болды. Ол оқушылармен алдымен
диагностикалық зерттеу жұмыстарынан бастап, түрлі түзету жұмыстары
денсаулық жағдайына байланысты жүргізілді.
Сонымен 2012-2013 оқу жылына мектепте барлығы 1 оқушы үйден оқиды.
Мүмкіндігі шектеулі бааларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы
сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай
шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-
дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді,
нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады (кумир), немен айалысқанды ұнатады.
(хобби). т.б. сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы
бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді,
яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып
оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді.
Мүмкіншілігі шектеулі болған себепті баланың және қамқор ата-ананың
көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн. Олар
педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен қарайды.
Содықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті қауіпті
болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан бос болмағандықтан тек
жүрек арқылы жол табуға болады.
Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу бойынша депривация түрлері айқындалған.
Соың ішінде үйден оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі кездеседі.
Әлеуметтік депривация- баланың басқа адамдармен қарым қатынастың
азаюы.
Эмоциялық депривация- қоршаған ортаме қарым-қатынаста эмоцияның әлсіз
көрінуі, айналаны енжар сезінуі.
Сенсорлық депривация- балада әсерлердің әр түрлілігі және қабылдау
айқындығының төмендеуі.
Олардың ішінде интеллект дамуында физиологиялық қалыс болмаса да өз
құрдастарынан 2-4 жылға артта қалған балалар болады.
Қазақ педагогикалық энсеклопедия сөздігінде ойлауға мынадай анықтама
береді. Ойлау – сырттан әсер ететін заттар мен құбылыстардың мида жалпы жәе
жанама түрде ұғым арқылы бейнелену. Ал П. Г. Гальперин: Ойлау -сезім,
қабылдау елестің таным істерін жалғастырушы дамытушы ретінде қарастырады.
Басқа психикалық функцияларға қарағанда адамның ойы ерекше, белсенді
процесс. Ой адамың айналысындағы дүниемен айналыспайынша өздігінен пайда
болмайды, ойдағы негізгі мақсат — сұраққа жауап беру, мәселені шешу.
Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретіде
жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан, оқушылардың
тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін
үйретіу қажет.
Баланың жеке дара қасиеттерін ,ескере білу.
Іс-әрекетке қызықтыра білу:
Сабақтан тыс жұмыс түрлдерін жоспарлау және оның ж.үзеге асуына
бақылау жасау.
Тәсілдер:
Көрнекі- әрекеттік ойлау- заттық құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс
әрекетінен көрініс табады (түрлі конструкторлар қолдану).
- Көрнекі бейнелік ойлауға жоғарыда айтылған конструкторлармен жұмиыс
бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. (Әр түрлі сюжеттік-ролдік
және режиссерлық ойындар)
- Сөздік логикалық ойлауды алдымен Р. С. Немовтың әдістемесі бойынша
анықтап алып, оны ары қарай дамытуға Төртінші артық, Әңгіменің
жетіспейтін бөлігі, Керісінше айту, Жақсы мен жаман, т.б. көптеге
жаттығуларды қолдануға болады.
Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әр түрлі
болады. Олар: басынан өткен аурулар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, нашар
көруі, құлақ ауруы, т.б. себептер болады. Психикалық дамуының негізгі
бүзылыстары-интеллект деңгейі, көбіне таным процестері: зейіні, логикалық
есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы, қоршаған ортаны тануы нашар
болып келеді.
Осындай тұлғалардың психологиялық, сөйлеу тілі және қимыл-қозғалыс
дамуларының қарқынының баяулығы байқалады. Олар өзіне өзі қызмет көрсету
дағдыларын кеш қабылдайды, қарапайым мектептік білімді де нашар меңгереді.
Ақыл-ойыв орташа деңгейде бұзылған балаларда қоршаған орта туралы түсінік
өте кедей, сондықтан Айналамен таныстыру өте маңызды. Ондағы басты мідет
балалардың табиғат туралы қароапайым түсінікті меңгеруі, олардың
жақынқоршаған ортаны заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін молайту және
жүйелеу, сонымен бірге тәртіптің дұрыс нормаларын қалыптастыру жатады.
Дүниетанымын кеңейтудің мақсаты ақыл-ойы орташа даиыған оқушылардың
оқудың бастапқы сатысында алған қоршаған әлем туралы түсінігін кеңейту және
бекіту қоршаған әлемде бағдарлаудың практикалық тәсілдерін, өмірлік қажетті
икемділіктер мен дағдыларды дамытуды жалғастыру.
Табиғат құбылыстары, жыл мезгілінің ауысуы және табиғат пен қоғамдағы
адам өмірінің өзі де кезеңдік түрде болады. Оқушылар бұл қайталанатын,
сонымен қатар өмір кезеңдерінің уақыттың ағымдығын мен қайталанбастығын
сезінуге және түсінуге тиісті. Бұл үшін балаларды оларды қоршаған табиғат
пен қоғаммен өзара қарым-қатынасқа қатыстыру керек.
Сондықтан оқушыларға қоршаған орта және әлеуметтік ортада бағдарлау
үшін қажетті қызмет, икемділік тәсілдері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz