Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
1 Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... 5-12
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі ... 13-19
ІІ бөлім. Қаржы саласындағы мемлекеттік реттеу
2.1. Қаржы аясындағы реттеу органдарының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..20-22
2.2. Қаржылық бақылау комитетінің
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23-24
ІІІ бөлім. Кәсіпорын қаржысын мемлекеттік реттеу
3.1. Кәсіпорындардың қаржы ағымдарын реттеу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . 25-26
3.2. Кәсіпорын қаржыларын мемлекеттік
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .30-31
Пайдаланылған дебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 32
Кіріспе
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте
маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың
жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар
жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру,
пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің
кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды
орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық
қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік
инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының
денсаулығы, білімі мен әл — ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен
байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен
орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді.
Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару;
қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-
қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден
басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты
қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін
қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды
әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға
жұмсалады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
1. Кәсіпорынның қаржы жүйесімен танысу.
2. Кәсіпорын қаржысын мемлекеттік ренттеудің ерекшеліктеріне
сипаттама беру;
3. Кәсіпорын қаржысы басқаратын органдар туралы түсінік беру.
1 Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорындардың дербестігі
мен олардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда.
Шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының маңызы тез жоғарылауда.
Мұның бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының
басқарылуы, бөлінуін және қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады.
Мұндай талдаудың нәтижесі біріншіден меншік иесіне, сонымен қатар
кредиторларға, инвесторларға, жабдықтаушыларға, менеджерлар мен салық
қызметтеріне қажет. Осы жұмыста кәсіпорынның қаржылық талдауы меншік
иесінің көзқарасы жағынан жүргізілген, яғни ішкі қолдану мен қаржыны
оперативті басқару үшін қажет.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың єрқайсысы өндірістің материалдық заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен
өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін
µлшеудің қажырлы еңбектің және ж±мсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың
өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық
өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті
тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша,
баѓа, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің
абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып
кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері
табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру үшін, өндірісті кеңейту үшін,
әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық
қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Пайданың есебінен
бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұыймдар алдындағы
міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері
кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең
негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық
жағдайының деңгейін сипаттайды.
Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (жұмыс,
қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған нәтижелер сомасы
ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен
шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер
және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын
қаржылық жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай-күй дегеніміз не, сонц
анықтап алған жөн. Сонғы жылы шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым
әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шереметов Кәсіпорын қаржысы
(актитер) жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер яғыни пассивтер)
сипатталады деп жазған.
Жоғары берілген анықтамалар қарастырылып отырылған ұлым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұғым тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен
есептелетін бірінғай көрсеткіштерге қарғанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор
қайтарылымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай
түрлі көрсеткіштерді ескеру нәтижесінде және оларды жалпы бағалауға
тигізетін әсенрін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе,
кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға
аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімдіболуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәләндіруі тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл – бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын денгейде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны таратупайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
В. А. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамассыз ететін және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процессінің үздіксіз болуына
жағдай жасайды. Сондықтанда қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық
қызметі роцессінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады (9). Ал кәсіпорынның жалпы қржылық
тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстыңшығыннан артуын қамтамассыз
ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайнда ол ең бірінші
өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді
және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен,
жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айрысу үшін жеткілікті дәрежеде
болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның әріқарай дамуы үшін барлық
есепайрысулар мен барлық міндеттерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында
өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңарту жәнеде
әлеументтік клматты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей
дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді:
• Пайда болу орнына дайланысты – ішкі және сыртқы;
• Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
• Құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;
• әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы
шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс техналогиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгңі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұқрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы және құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурстары, соның
ішінде таза табыс қаншалықты көп болса, соншалықты өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге таза табстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату
құрылымы, әсіресе оны өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша
қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де
соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділікте
өседі – яғыни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ
па? – деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін қаржылық кепілінің
бір түрі ретінде резерфтерге үлке рөл берілелі.
Жоғарыда айтылғандарды қорта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
әсер ететін мынадай факторларды атап өтуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• шығындардың көлемі және олардың ақшалай табыспен салыстырғанлдағы
динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен техналогия, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие
саясаты, кәсіпорын қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз
контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу –
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өзжинақ қорын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты
төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы
болуы үшін, тек бүгінгі күн ғана емес, болашақтада кәсіпорынның қажылық
жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келеді, ал зйм мерзімі біткен кезде – облигация құнын толвқ өтеуді
талап ететін облигация иелерінеде қатысты. Кез еклген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктерде өз несиелері мен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қандай
мөлшерде деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғаты
кәсіпорынмен келісімшартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдағы,
салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, тек
осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқада міндеттерді уақытылы және толық
төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым-қатынастардағы потенциялын анықтайды, кәсіпорынның және
оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін
бағалайды. Кәсіорынның қаржылық жағдайының абьективті дұрыс бағасын алудың
ең жақсы тәсілі, бұл – талдауғ, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға,
оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді
өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында
байланыстырушы қызметін ақтарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұараққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұлыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықлың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы –
дамуына кедергі жасап, басы артық қорлармен және резерфтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндетті) келесілер болып табылады:
• қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
• активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті реттеу;
• айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
• қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
• ағымдағы активтердің ай
• налымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
• баланстың өтімділігі, кәсіпорынның сұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
денгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақлылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғыни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдай кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қорды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет
нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс
әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсу
мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және
несие қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ
кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол
жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және
коммерйиялық жақтары арасында тығыз байланысы пен өзара тәуелділік бар.
Оыслайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату
көрсеткіштері мен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша
қаражаттарын оның өнімді сатуына, алын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап
тұруына, өнім сапасының қажеткі денгейге сәйкестігіне және оның бір қалыпты
өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғалы сапалы өнімді үздіксіз өндірі және өткізі кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. өндіріс процессінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қыйындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 Бухгалтерлік есеп
туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме
хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып
отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы
түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы
мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде
қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-
құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына
және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің
ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс
меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық
және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз
міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар
кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі
сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың
мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылары да пайдалануға
мүмкіндік береді. Мысалы, адиторлар жұмыс процесінде дұрыс ешім қабылдау
үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп
берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі
жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады,
ал талдаушылар қаржылық талдаудын бағытын анықтайды.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің ақпараттық
көздері бар.
Әлемде тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық
қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы
кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың
мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратн өнімдердіңжеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс
шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң
құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп
берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды
есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу
деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс
істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір
сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа
өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жақдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басалымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық
көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның
жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын,
тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланылып келген қаржылық жағдайы талдаудың қалыптасқан әдісінің
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивті), айналым
қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық
шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық
қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік
көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу
шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі –
онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан бекіткен орталықтандырылған әкімшілік
сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп
отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға
ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен
тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінді, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар,
коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау,
кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтық қылмыстар
Қазақстандағы салықтық бақылау
Салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Мемлекеттiң салықтық қызметі
Банк менеджменті
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Инвестицияларды қаржыландыру көздері экономикалық мәні мен мазмұны
Салықтық құқықтық нормалар
Пәндер