Кәсіпорынның пайда түсінігі және оны жоспарлау


Кәсіпорынның пайда түсінігі және оны жоспарлау
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1. Пайда - кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің
маңызды көрсеткіштерінің бірі.
1. 1 Пайда түсінігі . . . 6
1. 2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері . . . 11
2. Кәспорынның пайдасын жоспарлау
2. 1 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау . . . 16
2. 2 Пайданы бөлудің қажеттілігі . . . 22
2. 3 Пайда нысандары және олардың жолдары . . . 29
3. Мұнай газ өндіру кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын талдау және кәсіпорынға түсетін пайданы анықтау
3. 1. Мұнай газ өндіру кәсіпорындарының нарық жағдайындағы
қазіргі күйі . . . 38
3. 2 Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының қаржылық жағдайды талдау әдістері . . . 42
Қорытынды . . . 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда - материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғанымыз - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
Пайда - экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. “Пайда” сөзі түсіндірме сөздіктерде “көбею” деген мағынаны білдіреді екен. Демек, бастапқы капиталға жұмсалған үстеме болғаны. Пайданы зерттеген атақты экономисттер көп, бірақ олардың арасында көзге түсетіндер Карл Маркс, П. Самуэльсон, Дж. М. Кейнс және тағы басқа бірқатар атақты да ұлы экономистер болып саналады. Экономикадағы пайданың мәні көбіне артық сөзсіз-ақ түсінікті, бірақ ол пайданы қалай табуға болатынын, қалай қолдану керектігін, қалай сақтап, пайдалануға болатындығын қазіргі өтпелі экономикалық кезеңдегі қазақстандықтардың көбі толығымен біліп қойған жоқ. Ал капиталмен айналысу үшін пайданы таба және қолдана білу - капиталистің басты мәселесі болып табылады. Осы заңдылықтарды білмеген адам капиталмен айналысатын болса, біраз уақыттан кейін банкротқа ұшырайтыны экономисттер үшін айқын.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз - тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда - бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі - қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті қанша?
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі - кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:
- өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
- негізгі қорлар, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;
- өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оның өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерін өнім бағасы алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
Зерттеу мақсаты : кәсіпорынның пайда көздерін анықтау, оны арттыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері: кәсіпорынның пайда түсінігі, және оның рентабельдігін арттыру жолдары туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Пайда - кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің
маңызды көрсеткіштерінің бірі.
1. 1 Пайда түсінігі
Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Пайда экономикалық дәреже ретінде саудалы әрекеттілігінің процесінде материалды өндірістің орталығында пайда болған таза табысты көрсетеді.
Өндірісі факторларының және шаруашлықы субъектілердің пайдалы өндірісітік әрекетілігінің байланысының нәтижесіне дайын өнім жатады, ол тұтынушыға өткізу жағдайарына байланысты тауарға айналады. өткізу сатысында алдында затталған және таза еңбек құндылығын қосатын тауардың бағасы анықталады. Таза еңбектің құндылығы жаңа шығарған бағаны көрсетеді және де ол екіге бөлінеді. Біріншісіне жұмысшылардың жалақысы (қажет еңбектің құндылығы), екіншісіне таза табыстан (қосымша еңбектің құндылығы) құралады.
Өнеркәсіп әрекеттілігінің финасты нәтижесін анықтау үшін өнімді сатудан пайда болған табысты оны өндіру мен өткізу шығындарымен сәйкестендіру қажет. Егер табыс финансты нәтижелерден жоғар болса, онда табыстың алынғаны көреміз. Егер тауарды өткізуден пайда болған табыс оны өндіру шығындарына тең болса, онда өнеркәсіп өндірістік өнімді шығару үшін шығындарды жапты деуге болады. Табыстан шығындар жоғары болатын болса, онда өнеркәсіп шығынға ұшыраған - теріс финансты нәтиже, бұл оны қиын финанстық жағдайға қояды және банкротстваға ұшырауды мүмкіндігін де қарастыруға болады.
Өнеркәсіптің пайдасына өнеркәсіптің өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына бағытталған ақшалы жинақының бір бөлігін, сонымен бірге барлық деңгейлі бюджеттерге ақшалы қаржыны жіберуді айтамыз.
Өнімді өткізуден пайда болған өнеркәсіптің пайдасының мәнін анықтайтын факторға қолданып жатқан бағалар жатады. Оларды өткізу жағдайындағы еркін бағалар берілген өнімнің басекелестік мүмкіндіктеріне байланысты және басқа өнеркәсіптер шығаратын ұқсас өнімнің сұраныс пен ұсыныстарына байланысты анықталады. Сондықтан да өнімге қойылатын еркін бағаардың деңгейі өнеркәсіптен байланысты болып келетін факторға жатады. өнеркісптке тәуелсіз болып келетін факторға өнеркәсіп-монополистермен өнімге қоятын мемлекеттік реттелетін бағалар жатады. Өнеркәсіптің шаруашылық әрекеттілігінің соңғы финанстық нәтижелеріне балансты кіріс жатады, ол келесі үш құраушыдан тұрады:
• өнімді өткізуден пайда болатын табыс (шығын) ;
• негізгі қондырғылар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс (шығын) ;
• өткізуден басқа да қаржылық нәтижелер.
Өнімді өткізуден пайда болатын табыс (шығын) дегеніміз бұл өндірістің негізгі әрекеттілігінен пайда болған финанстық нәтиже және де ол уставта берілген және заңмен рұқсат етілмеген әртүрлі түрлері бойынша орындалады. Финанстық нәтиже әрекеттілігінің әр түрі бойынша бөлек анықталады және берілген баға бойынша өнімді өткузіден пайда болған табыс пен оны өндіру мен өткізуге кеткен шығындар арасында тең болады.
Негізгі қордарды және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс (шығын) дегеніміз бұл өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігімен байланысты емес болып келетін финанстық нәтиже. Ол басқа да өткізуден пайда болған табысты (шығынды) көрсетеді.
Өнеркәсіп өз мүлігімен өзі айналысады. Олар өз мүлігін жою, сату, жалға беру немесе басқа өнеркәсіптердің шартты капиталдарына беруге мүмкіндігі бар. Финансты капитал тек мүлікті сату жағдайларында ғана пайда болады. Негізгі фондтар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс өкізілген мүліктің сатылым бағасынан және өткізуге бойынша пайда болған шығындар есептеу отырып алдық бағасының арасындағы айырмашылығымен анықталады.
Өткізуден басқа да пайда болған қаржылық нәтижелер бұл өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігіне жатпайтын және өнімді, жұмысты, қызымет, негізгі қорлар мен басқа мүлікті өткізумен байланысты болмайтын әртүрлі сипаттағы операциялар бойынша алынатын табысты (шығын) айтамыз. Қаржылық нәтиже өткізуден тыс болған табыс пен олар бойынша жасалған шығындар арасындағы айырмашылық бойынша анықталады.
Түсім - бұл өнеркәсіптің өзіндік финанстық ресурстардың қалыптасу көзі. Ол өнеркәсіптің үш негізгі бағыты бойынша қалыптасады:
• негізгі;
• инвестициялық;
• қаржылық.
Негізгі әрекеттілігінен пайда болған түсім өнімді өткізуден пайда болған ақша түрінде беріледі.
Өнімді сатудан пайда болған түсім дегеніміз бұл өндірістік өнім, жұмысты орындау және қызымет көрсетуден пайда болған ақшалай қаржы. Бұл шығындарды жабатын және өндірістің табысын көрсететін негізгі қаржылай көзі болып келеді. Өткізуден пайда болған түсім бұл өндірістің өзінің өнімін өткізу, жұмыс пен қызыметті көрсетуден, алдын ала сатып алынған тауарларды өткізуден, сонымен бірге мүлікті заңдарын өткізуден пайда болған табысты айтамыз.
Өнеркәсіптің негізгі өнімін сатудан басқа пайда болған түсімге басқа сатудан пайда болған ақшалай түсімді, сонымен бірге өткізуден басқа да операциялардан пайда болған түсімді жатқызуға болады. Өткізуден пайда болған түсімнің көлемі өндірілген өнімнің көлемі, оның түрлері, бағалар деңгейі, есептеу әдістері және т. б. әсер етеді. Түсімнің пайда болудың маңызды моментке қаржының уақытысында түсуі жатады.
Өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігінен пайда болған түсімнен басқа өнеркәсіптің инвестициялық пен қаржылық әрекеттілігінен түсім де болуы мүмкін.
Инвестициялық әрекеттілігінен пайда болған түсім айналымның сыртыңдағы активтерді сатудан және бағалы қағаздарды өткізуден пайда болған түсімдер түрінде беріледі.
Қаржылық әрекеттілігінен пайда болған түсім инвесторлар арасында өнеркәсіптің облигациялары мен акцияларды сатудан пайда болады.
Пайданы алу көздеріне келесілер жатады:
Негізгі әрекеттілік бойынша:
1 Дайын өнімді өткізу - өнімді шағыратын, жұмыстарды орындайтын және қызымет көрсететін материалды өнеркәсіп орталығындағы өнеркәсіптер үшін табысты алатын негізгі көзі.
2 Сатып алынған тауарларды өткізу - тауарлы, тұтынушылық, аралық, сыртқы тауарлық ұйымдар, ауылшаруашылық және өндірістік өнеркәсіптер үшін.
3 Құрылыс-монтаждық, жобалық-зерттеуші, геологиялық барлау, ғылыми-зерттеуші және т. б. жұмыстар түрлерін өткізу - құрылыс-монтаждық, жобалық-зерттеуші, геологиялық барлау, ғылыми-зерттеуші ұйымдар, сонымен бірге уставтарында бір немесе бірнеше жұмыстарды орындалуы көрсетілген өндірістік өнеркәсіптер үшін.
4 Жүк пен адамдарды тасымалдау қызыметі - темір жол, автомобиль, әуе, теңіз, өзен және басқа траспорт түрлері бойынша өнеркәсіптер үшін, сонымен бірге жүктер мен адамдарды тасымалдау жұмыстарын орындайтын экономиканың басқа да саласына үшін.
5 Мүлікті жалға беру.
6 Байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру компаниялар үшін.
7 Инвестициялық қызымет.
8 Басқалар.
Негізгі емес әрекеттілік бойынша:
1. Материалды емес активтарды өткізу.
2. Негізгі қаржыларды өткізу.
3. Бағалы қағаздарды өткізу.
4. Акциялар бойынша дивиденттер және берілген заем және т. б. бойынша пайыздарды алу.
5. Тенге курсының басқа да шетел валюталарына қарағанда пайда болатын курстық айырмашылық.
6. Басқару ұйымдарының субсидиялары.
7. Басқалар.
Нарықтық қатынастар жағдайларында өнеркәсіп бәсекелес нарығында өзінің позицияларын ұстап тұру және өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ететін табыстың көлеміне талпыну қажет. Өткізуден пайда болған табыстың көлеміне өндіріліп жатқан және өткізіліп жатқан өнімнің құрылысы әсерін тигізеді. Рентабельді өнімнің бөлігі жоғары болған сайын, өндіріс табыс көлемін жоғары алады және де керісінше төмен рентабельді өнім көбейген сайын, табыстың төмендеуіне әкеледі.
1. 2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері
Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады.
Бухгалтерлік пайда - бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық пайда - бұл жалпы табыс және экономикалық шығындар арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып табылады.
Егер, фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса онда экономикалық пайда нөлге тең немесе қалыпты болады.
Қалыпты пайда - бұл неоклассиктердің "жетілген бәсекелестік" моделіндегі пайданың негізгі түсінігі.
Қалыпты (Марксте - "орташа") пайда - бұл фирманы істе ұстауы үшін оның сондай үлкен табысы.
Жетілмеген монополиялық жағдайды иеленсе (газ, мұнай теміржол, тағы басқалар), онда ол пайдалы табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар жерінде, қолайлы климатта және тағы басқаларында пайда болатын монополиялық пайда алады.
Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы, ашық жазылу бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамеі кәсіпорындарға салынған нақты капитал арасындағы айырмашылық құрылтайшылар пайда болып табылады. Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары меншіктенеді.
Фирмаға қатысты табыс көлемі қалыпты пайда көзі болып сипатталады.
Пайда нормасы - бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.
Банктік пайда табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталады.
Банктік пайданың нормасы төмендегі формуламен анықталады:
Банктік жалпы пайдасы - Банктік істі жүргізу жөніндегі шығындар Банктік меншік капиталы
Банктік пайда - қарыз капиталының меншік иесініц табысы.
Сауда пайдасы нарықтық экономиканың негізгі пайдасы болып табылады. Сауда пайдасы дегеніміз жай ғана үстеме, тауарлардың бағасын өз құнынан асыра нақтылап бәстеу десек, ол сыртқы көрінісі ғана болар еді.
Көпестің өз пайдасын тек сататын тауарларының бағасынан ғана шығара алатыны түсінікті, ал енді оның өз тауарларын сатып тапқан пайдасы сол тауардың алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырмашылыққа тең болуы тиіс екені, сату бағасының алу бағасынан артылған мөлшеріне тең болуға тиіс екені одан бетер түсінікті.
Құрылтай пайдасы акция құны курсы мен өндіріске жұмсалған капитал сомасының айырмасы. Оны компанияны құрушылар иемденеді. Мұндай пайданы алудың екі жолы бар:
1. Құрылтайшылар акция шығарып, оны сатады, бұл кезде өндіріске түскен қаржының жартысын жүмсап, қалғанын өздеріне қалдырады. Мұндай пайда бүркемеленген жолмен алынады. Қоғамды ұйымдастырғанда құрылтайшылар акцияның бір бөлігін сатады. Курстың келесі өскенінде қағаздың қалған бөлігін сатады. Қоғамды құрушылар акцияны сатып алған бағасы мен одан кейінгі бағаның айырмасын өздері иемденеді.
2. Пайда алудың бұл жолы капиталдың екіге бөлінуі деп аталады, яғни құрылтайшылар акцияны капиталдың кәсіпорындарға қосқаннан элдеқайда артық бағамен сатады.
Мысалы, инвестор компанияны жарты миллион долларға алды делік. Содан кейін ол бір миллионға акция шығарады. Бұдан ары олардың бэрін сатып, жарты миллионын қалтасына салады немесе тек жарты миллионын ғана сатуы мүмкін. Соңғы жағдайда инвестор алғашқы шығынын қайтарады жэне жарты миллионға акцияны әншейін алады, соларға дивиденд шығарады.
Батыс елдері соңғы уақытта заң шығару арқылы мұндай пайда келтіруге кедергі жасауда. Капиталдың "екіге бөлінуі" деген сөздің төркіні ертедегі малды базарға апарар алдында түз жегізу деген тәжірибеде жатыр. Сату алдында жаңағы түз жеген малға су ішкізіп, сөйтіп оның салмағын қосымша өсіреді.
Пайда және процент қазіргі экономикалық теорияда өте бір күрделі әрі пікірталас мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелерді талдау пайда мен проценттің көзін анықтау ғана емес, оның рыноктық экономикадағы атқарар қызметін қарастыру.
К. Маркстік пайда теориясы еңбек, құн теориясына негізделген және қосымша құн теориясының тікелей жалғасы болып табылады. Қосымша құн маркстік пайымдауда пайданың, сауда пайдасының, қарыз процентінің өзгерген түрі, соңғылардың шыққан тегі.
Өндірілген тауар қүны: W = с + V + т, мүнда (с + V) капитал орнын толықтыратын эквивалент, меншік иесінің өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсағаны, немесе тұрақты капитал (С) мен өзгермелі капиталға (V) жұмсаған шығыны. Тауар құнының өндіріс құрал-жабдықтары күшінің құнының орнын толықтыратын бөлігі капиталистік өндіріс шығындарын құрайды. Ол капиталист үшін тауар өндірудің қаншаға түскенін көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшіне жұмсалатын қаражаттың өзгеруі өндіріс шығындарына бірдей ықпал етеді, өндіріс шығындарында тұрақты және өзгермелі капитал айырмашылығы жойылады. Осымен байланысты үстірт қарағанда тауар қүнының бір бөлігі (с + V) капиталистік өндіріс шығындарының формасын (К), ал басқа бөлігі (m) - пайда (Р) формасын қабылдайды. Тауар құнының формуласы мынадай көрініс алады: W=(С + V) + Р немесе К + Р пайда маркстің экономикалық теориясында қосымша құн болып табылады, ол бүкіл авансыланған капиталдың туу көрінісін алады. Пайда сандық тұрғыдан қарағанда тауар құнынан өндіріс шығындарына шегергенде қалған артық бөлігі. Ал саналық тұрғыдан алғанда пайда қосымша құнның өзгерген формасы. Рыноктың пайдаға ықпалын жалпылама түрде былайша сипаттауға болады: егер тауар құнынан жоғары бағамен сатылатын болса (сұраныстың ұсыныстан арту жағдайында), өткізілген пайда өндірілген қосымша құннан көп болады (Р > m) ; егер тауар бағасы құннан төмен болса (тауарларға ұсыныс сұраныстан асып кетсе), өткізілген пайда мөлшері өндірілген қосымша құннан кем болады (Р < m) . Ал егер тауарларға сұраныс ұсынысқа сай келсе, баға құнымен теңеседі, капиталистер алатын пайда массасы, өндірілген қосымша құнмен тең болады. Қосымша құнның пайдаға айналуы, қосымша құн нормаларыныц пайда нормасына айналуын да түсіндіреді.
Пайданың жалпы нормасы түрлі пайда нормаларының белгілі уақыт дәуіріне, айталық, бір жылға авансыланған капиталдың әр жүзіне келетін орташа нормасынан құралады, сондықтан түрлі капиталдардың айналым уақытындағы өзгешеліктен туған айырмашылық та осының өзінде жойылып кетеді. Бірақ бұл айырмашылықтар түрлі өндіріс салаларындағы әр түрлі пайда нормалары үшін анықтаушы тетік болып табылады, бұлардың орташа мөлшері жалпы пайда нормасын құрастырады.
Егер қосымша құн нормасы m = m v * 100% өзгермелі капитал дәрежесінің ұлғаюын көрсетсе, пайда нормасы (р 1 ) бүкіл авансыланған капиталды пайдалану тиімдігін сипаттайды. Ол (р) қосымша құнның бүкіл авансыланған капиталға қатынасын көрсетеді, яғни
Капиталистік өндірістің ынталандырушы күші - пайданы өндіру мен иемдену. Пайда нормасы жоғары болады. Пайда нормасы капиталистік шаруашылық етудің тиімділігінің бір белгісі. Капиталистің біліктілігі мен оның қолдағы бар өндіріс ресурстарын рационалды пайдалана білуі пайда нормасы, қосымша құн нормасына тікелей әсер етуі даусыз. Бірдей жағдайда пайда нормасы қосымша құн нормасының жоғарылауымен байланысты жоғарылайды, төмендеуімен байланысты төмендейді. Пайда нормасына капиталдың органикалық құрылымы үлкен ықпал етеді. Бұл кері тәуелділікті көрсетеді: капиталдың органикалық құрылымы төмендеген сайын, пайда нормасы жоғары болады, ал органикалық құрылымының жоғарлауымен байланысты пайда нормасы өсіп отырады. Мұның мәні, қосымша құн тек капиталмен өндіріледі. Капиталдың органикалық құрылымы жоғары болғанда, өзгермелі капитал үлесі азаяды (Жапониялық құрылымның төмен болғандығымен салыстырғанда) . Сондықтан органикалық құрылымы жоғары бірдей мөлшерлі капитал, аз көлемді қосымша құн массасын экеледі, осыған орай пайда нормасы да төмен болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz