Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Эканомикалық және ақпараттық технологиялық колледжі.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

Орындаған: 322-топ студентті
Кубенгалиева С.Б.
Тексерген:Утеулиева М.

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың
мақсаты ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Кәспорын жұмысының үздіксіздігі және оның төлеу
қабілеттілігі ... ... ... 8

2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдаудың теориялық-практикалық
негіздері
2.1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 12
2.2. “Индустриальное снабжение”ЖШС төлем қабілеттілігін
талдау ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...29
Кіріспе
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-
номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық
қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа
енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт
талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық
талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-
лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың
сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-
керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және
өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың
әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс
жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-
лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-
дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін
өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік
-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік
жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-
қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-
мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. Нарықтық экономика
оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап
етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың
қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің
доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-майды.Кәсіпорын мүлкіне
салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа
келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен
нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,
оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен
айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері
басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы,
шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қа-
былдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып,
еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі. Нарық жағдайында
кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің ор-нықтылығының негізі
оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-ражатын еркін орын
алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен
сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары
жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-
ген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау
негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін
арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты
ұсыныстар беруге болады. Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау
мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде
ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық
нәтижесі мен экономика-лық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық
өсуіне кері әсерін тигізеді .
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау және төлем қабілеттілігін талдау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау
және оларды жою жолдарын ұсыну.
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
теориялық негіздері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-
мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз
не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде
бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-
ды" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен си-
патталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-
мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақ-
сылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қар-
жы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі"
деп жазады.
М. Н. Крейнина А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш-тер
жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы,
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабі-
леттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану,
мем-лекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз
міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын
талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік;
қаржылық тұ-рақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық
өзін-өзі өтеу" - деп жазады .
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баян-
дайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс".
1.2. Кәспорын жұмысының үздіксіздігі және оның
төлеу қабілеттілігі
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та ар-
найы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты
"өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде
үздіксізді-гін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады . Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге
(негізгі қорлар, материал-дық емес активтер, айналым қаражаттары)
жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және
кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында
қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп
жазады .
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтай-
ды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілі-гін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесі-
нің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және
жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық
жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына
анықтаманы келтіреді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-
жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-ша
қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пай-
далану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жа-
сайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады" . Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшы-лармен және
тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен
қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысу-лар мен барлық
міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндіріс-ті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеу-меттік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Айта біз олардын кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық
тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және
пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек және
анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен
шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста .
"Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда,
несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда
болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады" . Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге
оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар
да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көр-
сетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және
айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байла-нысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтер-
дің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегия-
сын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері -
кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының
ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық
капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар
үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қар-
жылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге
қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен
уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде
кәсіпорын-ның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде
резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-
лығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
•төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-
касы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдаудың теориялық-практикалық
негіздері
2.1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды
белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол
себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық
міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп
есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және бсқа да
шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек
дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарызды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-
материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша
қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық
ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер
кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан
артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер
кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл
сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс
құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын
алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы
ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады.
Кәсіпорынның тек қарыздары өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс
үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар
бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем
құралдарынның сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі)
міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел
төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффиценті
арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффиценті 1-ге тең немесе үлкен
болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер
коэффицент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының
жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі
көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа
мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлде қайда тиімді, себебі олар тез
өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы
пассивтер, яғни , өтеуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар,
кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге
қабілетті екенін білдіреді.Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның
болмауы, банкке қайтарылатын несиенәң мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына
қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге
қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау
кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе
көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем
қабілеттілігінің коэффиценті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық
және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін
шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк
көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай
есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында
жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем
қабілеттігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер
тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді – бір жылдан аса) төлем
қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық
көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге
қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты
бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде – осы кезеңдегі ағымдағы
міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс
жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын
көрсетеді.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем
қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа
да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу
қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін
анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта
кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі
түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының
жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффиценттері талданады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын
активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты
сипаттайтын өтімділіктің статистикалвқ көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі падаланылады:
1) абсолютті өтімділік коэффиценті ;
2) аралық өтеу (жабу) коэффиценті;
3) жалпы өтеу (жабу) коэффиценті.
Абсолютті өтімділік коэффиценті (жеделдік коэффиценті) ақша
қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа
мерзімдіміндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасаған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағықарыздардың
қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө. 0.2-0.25
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек
екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатан белгісі.
Аралық өтеу коэффицентін есептеу үшін (немесе оның басқа
аталуы:қауіпті өтім коэффиценті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы
көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол
кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында
болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің
қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген
өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер
есебінен өтелетінін сипаттайды.
Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни тауарлы-материалдық
босалқыларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып
көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке
категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.
Аралық өтеу коэффицентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша
өрнектеледі:
Кар.ө = 1.
В.Ф.Палий “бұл коэффиценттің теориялық ақталған бағалауы 0,7-0,8
аралығында жатыр” деп есептейді
Қауіпті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның күтілетін төлем
қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең
кезеңге сипаттайды.
Ағымдағы өтімділік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері
Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдаудың негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорын балансының өтімділігін бағалау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және банкроттығын талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін талдау
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Ұзақ мерзімді міндеттемелер ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Пәндер