Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Экономикалық технологиялар колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Кәсіптік білім беру – келешек кепілі
1.1 Кәсіптік білім беру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіптік білім беру мазмұны және кәсіби дағдыны қалыптастыру ... ... ...7
1.3 Ақпараттық технологиялардың классификациясы ... ... ... ... ... ... ... .10
2. Кәсіптік білім беру мекемелерінде ақпараттық технологияларды қолдану
2.1 Кәсіптік білім беруде жаңа технологияларды қолдану ... ... ... ... ... ...15
2.2 Кәсіптік білім беру пәндерінде ақпараттық коммуникациялық
технологияны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Кәсіптік білім беру жүйесінде Ақпараттық инновациялық технология
курсын оқыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру.
Оқытудыңжаңатехнологияларыныңбірі – ақпараттық технология.
Ақпараттандырутехнологиясыныңдамуык езеңінде осы заманғасайбілімді,
әрібіліктіжұмысшымамандарындаярлауо қытушыныңбастыміндетіболыптабылады.
Қоғамдағыақпараттандырупроцестеріні ңқарқындыдамуыжан-жақты,
жаңатехнологиянымеңгергенжекетұлғақ алыптастырудыталапетеді.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта
2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта
ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру
үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз
ету. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің
бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғниоқу үрдісінде ақпараттық технологияларды
пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына
ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар
меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны
өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен
модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде. Оқытудың ақпараттық
технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер,
педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино,
аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық
желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру
мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау,
білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-
жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну
керек.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушыларды ақпараттық
қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне
толық, тиімді араластыру болып табылады.
Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп,
Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық
технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы
зор.
Ақпараттық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз
мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми
көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы
бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.Қазіргі кезде қоғамның
ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге
ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай, ақпараттандырудың ықпалымен
қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс-
әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы
болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда.
Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты – білім беру саласы арқылы
ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара
байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін
талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын
жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және
альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын
тереңірек меңгеру.
1. Кәсіптік білім беру – келешек кепілі
1.1 Кәсіптік білім беру жүйесі
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің
бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде
жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру
жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен
күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру
үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері
іздестірілуде.
Кәсіптік техникалық білім берудің дамуына П.Р. Артуров, М.И. Махмутов,
М.Н. Скаткин сияқты зиялылар үлкен рөл атқарды.
Өмір талабына сай кәсіптік оқытудың инновациялық түрлерінің құрылымдық
өзгеруі және ғылыми негізделуі қажет болды. 1992 жылғы Білім беру туралы
заңның шығуынан кейін мемлекетте өзгертілген кәсіптік училищелер,
колледждер, лицейлер ашыла басталды. 90-жылдардың аяғында академик С.Я.
Батышевтің басқаруымен Кәсіптік педагогика атты оқулығы, сонымен қатар үш
томдық Кәсіптік педагогиканың энциклопедиясы басылып шығарылды. Осы
еңбектердің өзі де кәсіптік білім беруді оқытуға көп үлесін қосты. Кәсіптік
білім берудің тарихын зерделей отырып, кәсіптік білімнің қоғам дамуына
тікелей әсер еткеніне күмән туғызбаймыз. Қазақстан Республикасының
тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің
қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған
дербес ел ретінде танылуы отандық білім берудің, оның ішінде кәсіптік білім
берудің тарихи дамуына баса назар аударылды. Бүгінде отандық білім беру мен
бизнес саласы арасындағы әріптестік байланыс күшейіп келеді. Оған ел
экономикасының дамуына қажетті мамандықтар даярлаудың себепкер екенін
ескерсек, бұл арнадағы жұмыстар өз ретімен орындалуда. Бұл бағыттағы жүйелі
жасалған жұмыстар екінші жағынан аймақтық бәсекені арттырары сөзсіз. Дей
тұрғанмен, жасыратыны жоқ, елімізде кәсіптік білім беруді көздейтін
стандарттарға енді ғана көңіл бөлініп келеді. Осы ретте ірі кәсіпорындар
кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даярлау
ісіне белсене қатысуда.
Осылайша аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді
мамандарды даярлау мәселесі қолға алынды. Нәтижесінде техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар басталды. Кәсіптік-
техникалық оқу орындары индустриалық-инновациялық сала үшін кадрлар
даярлауға баса назар бөлді. Бұл орайда Елбасының Қазақстан халқына
Жолдауында және Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласында осы мәселеге арнайы тоқталып
кеткенін айрықша айтуға болады.
Білім беру жүйесін дамыту үшін елімізде аталмыш сала құрылымдық,
мазмұндық бағытта жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды
жұмыстар жасалып жатыр. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның
білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып,
мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың
қажеттілігін туғызуда.
1.2 Кәсіптік білім беру мазмұны және кәсіби дағдыны қалыптастыру
Білім мазмұны – бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік және
дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке
дайындаудың қажетті шарты. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және
рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Адам ойында шындықтың дұрыс
бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Кез
келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-
әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды.
Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі – олардың әлемге қатынас тәсілдерінің
мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге
асатын нақты іс-әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс-әрекет мақсатын
теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді.
Арнайы технология болса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология
және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына
төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды:
- тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет
береді;
- қазіргі заманғы техника, өндірісті механикаландыру мен
автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану, құрылғылардың
негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйрету;
- жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытудың әлемдік
деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді;
- еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін,
өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді.
Жалпы техникалық дайындық – жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-
техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің
дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді.
Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында Материалтану,
Электротехника, Техникалық сызу, Техникалық өлшеу және дәлдік шегі
сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді.
Өндірістік оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық тәжірибе негізі
арқылы оқытушылар білім алушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады.
Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар.
Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және
дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында
кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе
оқу шеберханаларында жүргізіледі.
Практикалық біліктілік – еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді
тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты
міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті
меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден,
тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.
Кәсіби дағды – кез келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы
бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті
меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін
автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.
Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар:
- қимыл дағдысы;
- ойлау дағдысы;
- сезім дағдысы.
Қимыл дағдыларында жұмысшылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш
жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары
жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін
дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс-әрекетті атқару кезінде сезім
мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды
сұрыптауларда пайда болады. Сондай-ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс
процестерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады.
Кәсіби білім беру жағдайында жалпы дидактикалық принциптер мен оларды
жүзеге асыру ерекшеліктері бар, өздігінен білім алуы, әдістемелік
бірлестік, кафедра, білім беру мекемелерінің орталығы, бір реттік, циклдың
формалары (курстар, семинар, конференция); институт жүйесінде білімді
жетілдіру және қайта дайындау, университеттегі жоғары мектептің
мұғалімдерінің білімін жетілдіру орталықтарында.
Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін
жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет. Оның жолдары субъективтік
принципті басшылыққа алу, білім жүйесінің өзгермелі талабын ескеру.
Мұғалімнің кәсіби іс-әректі білім беру жүйесіндегі өзгерістерді есепке
алу икемді, вариативті сабақтастық және келісімділік білім көтеру формасы
субъективті бағдарлы принципте құрылады.
Мұғалім категорияларын жоғарылату үшін аталған білім беру
мекемелерінде біліктілігін жетілдіру міндетті шарт болып табылады.
Мектеп қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жоғарлату жүйесі, жоғары
мектептің оқытушылары үшін – педагогикалық кадрларды дайындайтын
педагогикалық университеттер мен институттардың жанынан ашылған
біліктілігін жетілдіру орталықтарында және сонымен бірге іс-әрекет
саласында кәсіби бейімделу орталықтарында, педагогикалық кадрлар дайындауда
тәжірибесі мол институттарда жүзеге асырылады (екі, үш, төрт айлық және бір
жылдық ғылыми сынақ мерзімі).
1.3 Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Ақпараттық технологиялар бүтіндей объектті зерттеу көзқарасынан,
сонымен қатар бөлек құрылыстық құраушылар көзқарасынан да
классификациялануы мүмкін. Әдетте ақпараттық технологиялар
классификациясына кіретіндер: ақпараттың материалды тасығыш типі, ақпаратты
техниканың даму деңгейі, адамның интеллектуалды қызметінің автоматтандыру
мәртебесі және де т.б. Осындай әдістеме сәйкестлігімен ақпараттық
технологиялардың келесі түрлерін белгілеуге болады: жаратылысты-табиғи,
қағазды-механизацияланған, автоматтандырылған.
Жаратылысты-табиғи ақпараттық технология ақпараттың жаратылысты
тасығышын (тастар, сөйлесу, адам миы), сонымен қатар жаратылысты каналдары
мен оларды жіберу құралдарын (дыбыс, сәуле) қолданады. Мұндай
технологияларда ақпарат субъекттен бөлінбеген, сондықтан олардың сақталуы
мен жіберілуі қиын.Қағазды-механизацияланған ақпараттық технологияда
ақпарат субъекттен бөлінген, оны сақтауға, жіберуге, өңдеуге болады.
Ақпаратты сақтау негізінде қағазды тасығыштарда құжат ретінде өндіріледі.
Ақпаратты өңдеу механизация элементтерін қолдану көмегімен жүзеге
асырылады.Автоматтандырылған ақпараттық технология ЭЕМ-де қолдану,
ақпараттық техника құралдарында және әр түрлі машиналық ақпаратты
тасығыштарында негізделген. Берілген ақпараттық технология түріне білім
деңгейіне дейінгі ақпаратт құрылымының жоғарғы деңгейі және адамның
интеллектуалды қызметінің автоматизациясы тән болып келеді.
Өз кезегінде автоматтандырылған ақпараттық технологиялар
төмендегілерге бөлінеді:
а) ЭЕМ-ді қолдану формасына қарай:
- жинақталынған, орталықтандырылған мәліметтер өңдеуіне негізделген;
- локальды, ЭЕМ тікелей маманның жұмыс орнында пайдаланылады;
- бөлінген немесе желілік, ақпаратты-есептеуіш желілерде қолданылатын
есептеуіш техникасының құралдарының бірігуіне негізделген;
б) машиналық ақпараттар организациясы формасына және мәліметтердің
қолданылатын құрылымы типтеріне қарай:
- файлдық жүйелерге негізделген ақпараттық технологиялар;
- мәліметтер базасына негізделген ақпараттық технологиялар;
- білім базасына негізделген ақпараттық технологиялар;
в) мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесінің типтеріне қарай:
- ақпаратты өңдеудің процесі функционалдық (операциялықпен) принцип
(әрэлементтің артынан бір операция бекітіледі) бойынша ұйымдастырылған
ақпараттық технологиялар;
- ақпаратты өңдеудің процесі пәндік принцип (тұйықсыз циклмен) бойынша
ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар;
г) адамның интеллектуалды қызметін автоматтандыру деңгейіне қарай:
- формальды модельдерді қолданумен тапсырмаларды автоматтандырылған
шешім идеологиясына негізделген дәстурлі ақпараттық технологиялар;
- білім концепциясына негізделген және есептеу ортасына,
формулировкаға, қойылымына пайдаланушының тікелей интеллектуалды рұқсатын
қамтамасыз ететін және пәндік обласында тапсырмаларды орындайтын жаңа
ақпараттық технологиялар;
д) функционалдық тағайындауына қарай:
- өндірісті-технологиялық ақпараттық технологиялар;
- организациялы-басқарулық ақпараттық технологиялар;
- ғылыми-зерттеушілік ақпараттық технологиялар;
- жобалы-құрылымдық ақпараттық технологиялар;
- білім берушілік ақпараттық технологиялар және т.б.
Практикалық қосымшалар сферасына байланысты глобальды, базалық және
нақты ақпараттық технологиялар деп те бөледі.
Глобальды ақпараттық технология модельдерді, қалыптастыру әдісі мен
құралдарын және ұйымда ақпараттық ресурсты қолдануды қамтиды. Базалық
ақпараттық технология белгілі бір мәселелік облысқа бейімделеді (өндіріс,
ғылыми зерттеулер, жобалау, білім және т.б.). Нақты ақпараттық
технологиялар нақты объекттердің ақпараттық қамтамасыздандыру қызметіне
белгіленген.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім
қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды,
олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл –
жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
• Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік
бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге
асыратын технология;
• Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр
түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын
болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының
жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін
ашады;
• Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар,
технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар,
аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда
бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын
бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
• Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық
формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда
айтылғандармен сәйкес келеді;
• Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп
қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып
кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда
қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге
тәуелсіз;
• Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен
қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының
ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа
компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация
жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім
жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.Оқытудың ақпараттық технологиялары осы
ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы
білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін
құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп
қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық
технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының
өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген
жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны
қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
• Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
• Ақпарат іздеу жүйесі;
• Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
• Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
• Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
• Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз
мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның
кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге
қарамастан, оны ақпараттық революция деп атауға болады, өйткені қол
жетерлік табыстар мыналар:
1.ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала
жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден,
анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі
арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-
дискілерге жазылады;
2.жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары
өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы
мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол
жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық
жол аша бермейді;
3.оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың
виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы,
сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер
үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға
қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен
жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;
4.білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым
беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге
мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай
бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндеттіталаптар
қатарын құрастыруға болады:
5.сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу
орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
6. Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген
уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді
ақпарат беруі тиіс;
7.желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
8.оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін
жасау.

2.1 Кәсіптік білім беруде жаңа технологияларды қолдану
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына
сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік береді.
Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық
қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі
атқарады. Ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен
құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның
инфрақұрылымы қалыптаса бастады.
Кәсіптік лицей оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды
пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысына;
• уақытын үнемдеуге;
• білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды
түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
• қарапайым көзбен көріп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz