Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық технологиялар колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы
1.1 Кәсіптік білім берудің
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.2 Заманауи кәсіптік білім беру
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің бір
саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... 13
2. Кәсіптік білім беру үрдісін ұйымдастыру және педагог мамандарды даярлау
2.1 Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үдерісін және тәрбие
жұмысын ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...16
2.2 Кәсіптік білім беру педагогы маманының тұлғалық қасиеті мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің
құрылымы ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..32

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында Біз
кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз
деген. Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін
дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты
міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден,
интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке,
парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын
өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық
деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол
азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы
серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім
беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами
ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық
толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.
Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның
қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарына деген
сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты. Қазақстан елінің
ресурстық байлығын игеретін білікті жұмысшыларды дайындау қажеттілігі
туындайды. Олай болса, білікті жұмысшыларды дайындау кәсіптік білім беретін
оқу орындарында жүзеге асырылады. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының
білім алушыларына кәсіптік білім беруді меңгертудің алғашқы кезеңі кәсіптік
педагогика курсын оқып-үйренуден басталады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім
беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар
бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың
қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім
алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған.
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде,
институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында
білім алады.
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым
кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын
алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша
білім беру
Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде,
кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық,
мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды
білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.
1. Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы
1.1 Кәсіптік білім берудің бастауы
Т. Мордың (1478-1535) Утопия және Т.Кампанелланың (1568-1670) Күн
қаласы атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқуын өндірістік
еңбекпен байланысуы туралы идеялар айтылған. Балаларды еңбек іс-әрекетіне
міндетті түрде дайындау керек деп есептеген, қоғам өмірінде мамандық пен
қолөнердің рөліне демократиялық көзқарас білдірген.
XVIII ғасырда жаңа педагогиканың негізін қалаған ұлы чех педагогы Я.А.
Коменскийдің (1592-1670) дидактикалық идеясына, оның шығармаларына,
әсіресе, дидактика саласы бойынша XI-XII ғасырларда жаңа философияның
(Бруно, Галилей, Леонардо-да-Винчи), соның ішінде ағылшын материализмінің
негізін қалаушы Ф Бэконның философиясының ықпалы, оның көзқарасының жаңа
дәуір талабына сай қайта құрылуына арқау болды. Я.А. Коменскийдің
Суреттегі сезімдік заттар дүниесі атты оқулығында балаларды әртүрлі
қолөнермен, еңбек құралдарымен және өндірістік технологиямен таныстыруға
негізделген.
Жаңа уақыт қарсаңында ағылшын философы және педагогы Д.Локк (1632-
1704) міндетті түрде белгілі бір қолөнерін үйренуді енгізген
джентельменді (игі, мейірбан адам) тәрбиелеудің жаңа жүйесін жасады.
Француз материалисті Дени Дидро (1713-1784) өз кезеңінде кәсіптік
білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан Ғылым, өнер және қолөнер
энциклопедиясы атты кітабын шығарды. Сондай-ақ, I Петр тұсындағы мектепті
ұйымдастыру ұстанымдары:
1. мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық
біліммен ұштасуы,
2. оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына
ерекше
3. орын берілді, зорлықпен оқыту және қатаң режим орнатылды.
XVIII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін
және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі
(1701 ж.), математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз
академиясы (1715 ж.); цифрлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруаларүшін
басқа оқу, жазу, арифметика) енді. ХVІІІ ғасырдың аяғында кәсіптік білім
беру жүйесінде білімге бағытталған алдыңғы кезеңнің тенденциясынан
өзгешелігі бар жаңа идея пайда болды. Мұнда негізгі акцент құралдарды және
өндірістік технологияларды меңгере алу қойылды. Социал-утопистердің
К.А. Сен-Симон (1770-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Р.Оуэннің (1771-1858)
қоғамды қайта құру бағытында жасалған жобаларында жастарды кәсіби
дайындауға келесі идеялар ұсынылды: еңбектің жалпылығы, балалардың
индустриалды ұранының дамуы, жалпы білім беру жүйесінде кәсіптік
мектептердің теңдігі.
Русьта қолөнер ежелгі салт-дәстүрден келе жатты. Ежелде пайда болған
қолөнер ХVІІІ ғасырға дейін жастарды кәсіби дайындаудың негізгі формасы
болып қала берді. І Петрдің қолдаушылары В.Н. Татаринцев (1868-1750) пен
В.И. Геннин (1676-1750) мемлекеттік тау-зауыттық мектептер жүйесін жасады,
сонымен қатар алғашқы регламенттер – болашақ жұмысшыларды тәрбиелеу және
қолөнерге оқыту әдістемесі мен ұйымдастыру туралы құжаттар жиынтығын
жасады. Либералды-буржуазиялық педагогиканың өкілі Н.И. Пирогов (1810-1881)
қоғамдық тәрбиелеу идеясына негізделген, тар маманданудан айырылған
кәсіптік білім беруді ойластырған.
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский (1824-1870) өзінің Петербургтағы
қолөнер оқушылары, Жексенбілік мектептер, Астаналарда қолөнер
мектептерінің қажеттілігі атты мақалаларында қолөнерге оқыту жүйесіне сын
білдірді. К.Д. Ушинский жаңа типті қолөнер білімінің келесі функцияларын
көрсетті:
- экономикалық - ғылым мен техниканың талаптарына сай қолөнерді
орындау;
- әлеуметтік - отандық мамандарды дайындау;
- салттық - балалар еңбегін пайдалану;
- педагогикалық - кәсіптік мектептер жүйесін құру, оқу мен еңбек 12
арасында байланыс орнату, психология мен педагогика талаптарына жауап
беретін кәсіптік оқытудың әдістемесін құру.
Кәсіптік білім берудің әдістемесі мен теориясының дамуына үлкен үлес
қосқан Техникалық білім беру (1892-1917) журналы болды. 1862 жылы
Ресейдегі кәсіптік білім берудің көрнекті қайраткерлері Е.Н. Андреев пен
А.Г. Неболсин басшылық еткен Орыс техникалық қоғамының Техникалық білім
берудің тұрақты комиссиясы ашылды.
Бастауыш және орта білім берумен қатар, қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыс
ретінде кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі өмірге келді. Ол екі бағытта
дамыды: бастауыш мектептерде қол еңбегін дамыту; шеберлер дайындайтын оқу
орындары мен төменгі техникалық училищелерді ашу қолға алынды. Жалпы білім
беретін мектепке қол еңбегін ендіру мәселесі жалпыресейлік техникалық және
кәсіби білім беруге арналған жалпыресейлік үш съезде (1889-1890, 1895-1896,
1903-1904 жж.) қаралды.
XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Ресейде техникалық білім берудің
бастауыш шеберханалық училищелер мен төменгі және орта техникалық
училищелер тәрізді жаңа жүйесі құрылды.
Кәсіптік педагогиканың дамуына білім берудің мемлекеттік жүйесінің
негізі болған ғалым-механик және қаржы министрі И.А. Вышегорский жасаған
Ресейдегі өндірістік білім берудің жалпы жоспары (1884 ж.) атты жобасы
үлкен үлес қосты. Орыс ғалымдары мен инженер-педагогтары (Д.И. Менделеев,
В.К. Делл-Вос, В.И. Гриневецкий, И.А. Стебут, А.И. Гурнов, Д.К.
Советкин, С.А. Владимирский, М.В. Лысковский) кәсіптік білім беруге негізгі
талаптарын қалыптастырды:
- дамып келе жатқан экономикаға сай болуы;
- дайындалып жатқан мамандардың бәсекелестікке төзімді болуы;
- жалпы блім беру базасында кәсіптік білім берудің дамуы;
- кәсіптік мектептердің әртүрлілігі және әрдеңгейлілігі;
- кәсіптік білім беру мазмұнында жалпы және арнайы
компоненттердіңжанасуы;
- оқытудың практикалық бағыты және қоғамдандыруы;
- қолөнер мектептерінің ауысуы;
- оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру.
Осы кезде Францияның қоғамдық қайраткері К.А. Корбон (1808-1881)
өзінің Кәсіптік білім беру туралы кітабында жұмысшылар балаларына білім
беруінің жағдайына бірінші болып анализ жасады, қоғамның және тұлғаның
еркін түрде мамандық таңдауының мағынасын көрсетті, жалпы кәсіби
дайындықтың және кәсіптік мектептерді ашу, ой және дене еңбегінің
байланыстылығы міндетті түрде керек екенін көрсетті. Сонымен қатар, ол
балаларды ерте кәсіптендіруге қарсы шықты.
Қазақ халқы арасында еңбек тәрбиесі туралы Ыбырай, Шоқанның
тағылымдары, оның жастарды жан-жақты жетілдірудің тәрбиелік негізі болып
есептеледі. Ыбырай өзінің Атымтай жомарт, Әке мен бала, Өрмекші,
құмырсқа, қарлығаш атты балаларға арналған әңгімелерінде балаларды еңбек
арқылы жан-жақты жетілдірудің үлгісін көрсетті. Ол еңбек тәрбиесінің жеке
адамды қалыптастырудағы рөлін Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ
Сейітқұл әңгімелерінде білімнің жаңа адамды қалыптастырудағы рөлі мен
маңызын көрсете білген.
1.2 Заманауи кәсіптік білім беру дамуы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары отандық кәсіптік педагогика ғылымының жеке
саласы ретінде дамуы интенсивті процеске айналды. Осы кезеңнің ерекшелігі
келесіде: бірінші орынға білім беру дамуында идеологиялық және әлеуметтік-
саяси факторлар шықты.Кәсіптік педагогиканың мәселелері мынандай журнал
беттерінде басылды: Жұмыс мектебінің өмірі, Жұмысшы білім, Өндірістік
кадрлар және ХХ ғасырдың педагогтары кәсіптік педагогика жалпы
педагогикаға ғана емес, сонымен қатар техника мен технологияның
жетістіктеріне сүйенеді деп есептеген. Социалистік қатынастар өндірістерде,
колхоздар мен совхоздарда ұжымдық еңбекті жүзеге асыратын болғандықтан,
қоғамдық жауапкершілік, ұжым алдындағы әрбір мүшенің жеке мүддесі үшін
саналылықты талап етті. Сондықтан қазақ еңбекшілері жаңашыл бастамалар,
социалистік жарысты ұйымдастыруға белсене араласты. Социализмдегі еңбек өзі
үшін, өзінің табы үшін, қоғам үшін жасалынатын еңбек. Ерікті Отан игілігіне
арналған социалистік еңбек еңбекші бұқараның тұрмыстық дәрежесінің өсуіне
жағдай жасап, оның артықшылығын көрсетті. Құлшына жасалынған еңбек, халық
шаруашылығының қарқынмен өсуіне, еңбекшілердің қоғамдық және саяси
белсенділіктерінің дамуына ықпал етеді.
Социализмдегі жалпының пайдасына бола еңбек ету әдеті мен жалпының
пайдасына бола еңбектің қажеттілігі, әдетке айналған саналы көзқарас
бойынша істелетін еңбек әрекетінде адамның іскерлік қабілеті, күш-қайраты,
психологиясы қалыптасады. Еңбек арқылы адамның білімі артады, дүниеге
көзқарасы тереңдей түседі. Жұмысшы табының рухани бейнесінің өзгеруі, оның
қоғамдық және саяси қызметке белсенді қатынасуы және қоғам құру жолындағы
күресте пайда болды. Сондықтан заводтар мен фабрикалар, құрылыстар,
колхоздар мен совхоздар, кеңес жұмысшысының қалыптасып, өсу мектебіне
айналды. Социалистік құрылыстың еңбектегі келесі бетбұрыс келбетінің бірі –
стахановшылар қозғалысы. Бұл қозғалыс халық шаруашылығын социалистік жолмен
қайта құру негізінде шығып еді. Өндіріс ңашылдарының мұндай қозғалысын
еліміздегі әлеуметтік құрылыстың ірі жетістіктерінің заңды нәтижесі болып
табылады. Қазақcтан Республикасында бұл қозғалысқа алғашында ауыр
өнеркәсіп, тәжірибесі бар кәсіпорындар мен мекемелерде оқушылар өндірістік
әдісті, кәсіби біліктілікті игерді. Студенттер мен оқушыларды еңбекке
тәрбиелеу барлық оқу орындарының оқу процесінде, ғылыми жұмыста, өндірістік
тәжірибе барысында, әсіресе студенттік құрылыс жасақтарында жүргізілді. Жыл
сайын студенттер мен орта арнаулы оқу орындарының оқушылары ұжымшар мен
кеңшарларға көмектесіп, егін жинауға қатысты. Тек 1977 жылы өндірістік,
мәдени тұрмысқа арналған объектілердің құрылысына студенттік құрылыс
жасақтарының 10 мың жауынгері еңбек етті.
Еліміздің өмірінде үздіксіз білім беру жаңа құбылыс ретінде
қалыптасты.
Үздіксіз білім беру әрбір адамға өмір бойы жалпы білімдік талабын
қанағаттандыру үшін шынайы жағдайды қамтамасыз етуге шақырды.
Ақырындап соған көшу білім беру жүйесінің қалыптасқан тармақтары
негізінде жүзеге асырылды: мектепке дейінгі мекемелер, орта мектептер,
кәсіби мектептер және мамандықты арттыру мекемелері.
Осылайша үздіксіз білім беру өз бетімен білім алуды, қажетті жағдайда
кез келген уақытта білікті маманның көмегін пайдаланумен үйлестіру арқылы
жүзеге асырылды.
Мұғалім оқу-тәрбиелік жұмысында әрбір баланы, оқушының жеке
ерекшелігін есепке алып тұруы керек болатын. Егерде шығармашылық ой не
оқытушы не әріптестері, не тұтас қоғам тарапынан қолдау таппайтын болса,
шығармашылық дарынды тұлғаларының дамуы тежеледі. Таланттарды
қолдауқарапайым мәселе емес. Мұны өмірдің өзі талап етеді. Жеке тұлғаны
қалыптастырудағы маңызды орынды балаларды еңбекке тәрбиелей алды.
Мұғалімдер әрбір оқушыға сурет салуға деген сүйіспеншілікті сіңіруге,
өнер тарихы туралы нақты мағлұмат беруге жете қойған жоқты. Біздің
республикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты еңбекке
тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесіне нақты өзгерістер енгізуді талап етті.
Ең қауіптісі күштеу мен еңбектің пайдасыздығы болып табылды. Мектепте
балалар тұрмыстық сипаттағы кейбір құралдарды жасауға қатыса бастады.
Балалар еңбегі белгілі бір деңгейге қойылған мектептер де бар болатын.
Оқушылар әртүрлі кооперативтерде, оқу-өндіріс комбинаттарындағы өндіріс
бригадаларында, кәсіпорындарда жұмыс істей алды. Мектеп оқушылары
кәсіпорындармен, кеңшарлармен, ұжымшарлармен, жекелеген меншік иелерімен
шарт жасайтын мысалдар аз болмады. Тек қана мектептер балалар еңбегі дұрыс
ұйымдастырылатындығына, оқушылардың еңбегі олардың кәсібін өзі таңдауына
көмектесетіндігіне назар аударылуы керек болған.
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім жүйесінің
оқу орындары туралы қаулыға сүйене отырып, кәсіптік-техникалық оқу
орындарының өндірістік және оқу-тәрбиелік қызметінің мазмұнын қарастыруға
болады.
Мына мәселелерге ерекше назар аудару қажет:
- кәсіби қызметкерлерді даярлаудың мазмұнын жетілдіру: кең профильді
мамандық бойынша мамандарды даярлау жолдарын әрі қарай дамыту;
- күрделі өнімді шығаруда өндірістік оқыту рөлін көтеру;
- педагогика ынтымақтастығы туралы ойлармен принциптерді, оқыту
әдістері мен белсенді формаларын кең түрде енгізу;
- Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру
жүйесін басқаруды демократияландыру;
- алғашқы тәжірибелерді пайдалану рөлін көтеру;
- кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базаларын бекіту;
- колледждер мен кәсіптік-техникалық мектептердің оқу өндірістік
қызметтеріне шаруашылық есептік принциптерін енгізу;
- базалық кәсіпорындар мен оқу орындары қарым-қатынасының келісім
жүйесін дамыту;
- үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйелерінде кәсіптік-техникалық
білім беру жүйесінің рөлі;
- кәсіби-техникалық білім берудің жалпы жүйесін шешетін шебер мен
оқытушының рөлін көтеру: кәсіби-техникалық білім берудің инженерлік-
педагогикалық кадрының квалификациясын көтеру және дайындау жүйесін
жетілдіру.
Кәсіптік техникалық білім берудің дамуына П.Р. Артуров, М.И. Махмутов,
М.Н. Скаткин сияқты зиялылар үлкен рөл атқарды.
Өмір талабына сай кәсіптік оқытудың инновациялық түрлерінің құрылымдық
өзгеруі және ғылыми негізделуі қажет болды. 1992 жылғы Білім беру туралы
заңның шығуынан кейін мемлекетте өзгертілген кәсіптік училищелер,
колледждер, лицейлер ашыла басталды.
90-жылдардың аяғында академик С.Я. Батышевтің басқаруымен Кәсіптік
педагогика атты оқулығы, сонымен қатар үш томдық Кәсіптік педагогиканың
энциклопедиясы басылып шығарылды. Осы еңбектердің өзі де кәсіптік білім
беруді оқытуға көп үлесін қосты. Кәсіптік білім берудің тарихын зерделей
отырып, кәсіптік білімнің қоғам дамуына тікелей әсер еткеніне күмән
туғызбаймыз. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік
ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен даму
стратегиясын қалыптастырған дербес ел ретінде танылуы отандық білім
берудің, оның ішінде кәсіптік білім берудің тарихи дамуына баса назар
аударылды.
1.3 Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің бір саласы
Кәсіптік мектеп – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ, білікті
жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие.
Кәсіптік мектептің құрылымдық компоненттері, педагогикалық жүйесі
іспеттес (жоғарыдағы сұлбаға назар сал).
Оның мақсаты - азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті
мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау
және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Білім беру ақпараты - белгілі бір кәсіп саласы, не мамандық бойынша
оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік
шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын
орындауға үйрету.
Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы -оқушыларға кәсіптік білім
беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану
қажет. Бұған оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен басқа, ауызша және басқа да
жолдармен берілетін оқыту, әрекет ету қызметтері де кіреді.
Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына - жалпы білім беретін орта
мектептегіден басқа оқу құрал-жабдықтарымен қатар (машиналар, механизмдер,
құралдар мен жабдықтар, аспаптар, т.б.) нақты заттық бөлшектер, кескіндер,
макеттер, сондай-ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу
тренажерлері де жатады.
Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп
саласына кызығушылығы бар негізгі және орта мектеп бітірген жастар.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі - 3 жыл, ал толық орта білімді
жастар үшін - 1,5 жыл. Бұл жөнінде кейінгі тарауларда Кәсіптік оқу
орындарындағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі және Тәрбие
жұмысының ерекшеліктері деген тақырыптарда толығырақ сипаттама беріледі.
Кәсіптік мектеп педагогі - бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін
меңгерген, өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық
меңгерген инженер-педагог.
Басқару теориясы туралы жалпы ұғым. Жеке тұлғаны дамытуда оның бойына
білім, білік және дағды негіздерін қалыптастырып, сонымен бірге жалпы
адамзаттық құндылықтар туралы мәліметтер беріп, оларды пайдалана білуді
үйрету ережелері мен нормаларын білім үрдісі десек болады.
Педагогикалық басшылық дегеніміз оқушы, не студентке авторитарлық
(үстемшіл) әсер ету емес, оларға жалпы не кәсіптік ерекшеліктерін дамытуда
жан-жақты, әрі үйлесімді ықпал ету, соған мүмкіндік пен алғышарттар жасау.
Алдымен, басқару теориясының мына төмендегі жалпы ұғымын анықтау қажет,
олар:
• басқару
• басшылық
• басқару қызметі
• басшылық принциптері
• басқару әдістері
Қазіргі таңдағы басқару теориясы - басшылық шешімдерін қабылдау мен
оны жүзеге асыру, ақпараттарды қозғалысқа келтіру, тікелей әрі байланыс
процесіне басшылық жасау болып отыр. Олар: өзара әсер етуші екі жақ яғни
басқарылатындар мен басқарушылардан тұрады. Сөйтіп, жүйенің өзін-өзі
басқару біртұтастығы пайда болады. Ол қоршаған ортамен әрекет етуіне де игі
әсерін тигізеді.
Қазіргі заманда басқарудың сан түрлері бар, бірақ біздің
пайымдауымызша оның жүйелі түрін таңдағанымыз дұрыс сияқты. Сондықтан
басқаруға байланысты мына анықтамаларды пайдаланамыз:
Басқару - басқарушы жүйелердің басқарылатындарға, олардың қызметіне
әсер ету арқылы түпкі нәтижеге жету үшін тиімді басшылық жасау екенін
аңғарамыз. Басқару негізі ақпараттық процестерден тұрады. Оны қабылдау,
өңдеу және сыртқы ортамен байланыс арқылы дамиды. Одан белгілі бір нысандар
туралы мәлімет біле аламыз. Бұл жүйелерді басқаруда, оны жұмыс істеп тұрған
жүйелеріне қосу арқылы және қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және жіберу
арқылы ақпараттарының тиімділігін арттырамыз. Басқарудан туындайтын екінші
бір ұғым бар. Ол - басшылық жасау. Бұл кең ұғым, бірақ ол мынадай
анықтамаларды қажет етеді:
• белгілі бір жүйелі мақсат кою;
• жүмыстың негізгі бағыттары мен мазмұны бойынша нақты міндеттер
белгілеу;
• арнайы кызмет әзірлеу
Басқару әкімшілік қызметіне басшылық жасау болып табылады, басқаша
айтқанда басқару - объективті, ал басшылық жасау - субъективті сипаттамаға
ие.
Басшылық - басқару ісінде жеке субъектінің өзін-өзі басқару жүйесіне
әсерін көрсетеді, яғни мақсатқа жету жолындағы жеке тұлғаның біліктік іс-
әрекеті.
Кәсіптік мектептің педагогикальақ үрдісін жүзеге асырудағы басқару
қызметі туралы бірер сөз айталық.
Басқару кызметі деп еңбек бөлінісін анықтау мен басшылық аясын
мамандандыруда ерекше мәртебеге ие кызмет.
Басқару кызметінің қазіргі таңда жетілдірілген мынадай түрлері бар:
1. Жоспарлау.
2. Ұйымдастыру.
3. Реттеу.
4. Бақылау.
5.Есеп алу.
6. Талдау.

2. Кәсіптік білім беру үрдісін ұйымдастыру және педагог мамандарды даярлау
2.1 Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үдерісін және тәрбие
жұмысын ұйымдастыру
Білім мазмұны – бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік және
дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке
дайындаудың қажетті шарты. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және
рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Адам ойында шындықтың дұрыс
бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Кез
келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-
әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды.
Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі – олардың әлемге қатынас тәсілдерінің
мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге
асатын нақты іс-әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс-әрекет мақсатын
теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді.
Арнайы технология болса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология
және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына
төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды:
- тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет
береді;
- қазіргі заманғы техника, өндірісті механикаландыру мен
автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану, құрылғылардың
негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйрету;
- жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытудың әлемдік
деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді;
- еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін,
өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді.
Жалпы техникалық дайындық – жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-
техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің
дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді.
Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында Материалтану,
Электротехника, Техникалық сызу, Техникалық өлшеу және дәлдік
шегі сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді.
Өндірістік оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық тәжірибе негізі
арқылы оқытушылар білім алушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады.
Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар.
Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және
дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында
кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе
оқу шеберханаларында жүргізіледі.
Практикалық біліктілік – еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді
тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты
міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті
меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден,
тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.
Кәсіби дағды – кез келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы
бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті
меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін
автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.
Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар:
- қимыл дағдысы;
- ойлау дағдысы;
- сезім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
Кәсіптік білім беруде білім білік және дағдыны бақылау
Педагогикалық менеджменттің ғылыми - теориялық негіздері
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Кәсіптік білім берудегі үдерісінің сипаттамасы
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
Мектеп педагогикалық жүйе, ғылыми басқару нысаны ретінде
Колледждегі оқушылар контингенті
Пәндер