Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары кәсіптік және
техникалық білім беру негізі
1.1 Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды
пайдалану ... ... ... ... 15
ІІ тарау. Кәсіптік білім беру негізінде педагогикалық технологияларды
белсенділікпен қолдану
2.1 Кәсіптік білім беру орындарында инновациялық әдістер мен
технологияларды кәсіби түрде
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Коучинг-заманауи оқыту әдістемесінің бір
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 30

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Кәсіптік және техникалық білім беру негізінде
инновациялық білім беру технологияларын, интерактивті оқытуды, оқу іс-
әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін белсенділікпен қолдану. Нәтижесінде
жоғары деңгейде дамыған, коммуникативті ептіліктерді меңгерген, өзгермелі
ортаға бейім, алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау.
Тақырыптың ғылыми зерттеу деңгейі: білім жүйесін жаңғырту аясында,
жұмысшы кадрлардың зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи
орталықтарын құру үшін оқу орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізудің,
заманауи оқыту әдістемесінің бір түрі –коучинг әдістемесін енгізудің,
кәсіби білім берудегі заманауи технология ретінде – кейс-стади әдісін
қолдану тиімділігін анықтау.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында білім
мен кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта
даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін
біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Кәсіби-техникалық және жоғары
білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және
келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл
халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді делінген[1,3].
Кәсіптік білім беру орындарында инновациялық әдістер мен
технологияларды кәсіби түрде оқыту тақырыбында Р.Наубетова: Елімізде жүріп
жатқан терең экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер білім беру
қызметіне жаңаша қарауды, кәсіби қызметтің барлық сферасында мамандарды
даярлау іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Колледж
түлегі жоғары деңгейде дамыған, коммуникативті ептіліктерді меңгерген,
өзгермелі ортаға бейім, алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға болуы тиіс[4,2].
Сондықтан, барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық
инновациялық білім беру технологияларын, интерактивті оқытуды, оқу іс-
әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін белсенділікпен қолдану – маңызды
мәселелердің бірі. Колледжде оқыту барысында болашақ маман ретіндегі
студентті еңбек нарығының сұраныстарына сай қалыптастыру оқу үрдісін
қазіргі білім беру талаптарына сәйкес жоспарлы және мақсатты ұйымдастырумен
тығыз байланысты. Ол үшін оқыту үрдісіне жаңа және бұрын қолданылған озық
тәсілдер мен бағыттарды жетілдіре енгізу қажет. Олардың ішінде оқытудың
инновациялық технологиясы айрықша орын алады. Қазіргі заманғы оқыту
технологияларына келесі талаптар қойылады:
● оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс -
әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
● оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
● оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;
● оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы туралы
айтты.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесін модернизациялау болып табылады. Білікті мамандар даярлаудағы
маңызды бағыттардың бірі – оқытудың жаңа білім беру жүйесін қолдану болып
табылады.
Зерттеу мақсаты: кәсіптік білім беру саласындағы педагогикалық
технологияларды пайдалану арқылы оқыту.
Зерттеу міндеттері:
- Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама беру;
- Кәсіптік оқыту саласында қолданылатын педагогикалық технологиялар;
- Кәсіптік оқытуда жаға технологиялардың рөлі.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары кәсіптік және
техникалық білім беру негізі
1.1 Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары
ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және
денсаулығы мықты азаматтар. Заманау бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін
білікті мамандар ұсынуы маңызды. Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау,
өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс..., -
мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан
- 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!
Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ен
дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың
ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Осы жолдағы басым бағыттардың бірі
сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының
сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педпгогтан ақпаратты
коммукативті құжіреттілігін арттыруын талап етеді, осы тұжырым бағдарламаны
негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда
педагог құзыреттілігі, студенттен кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды
бәсекеге қабылетті, білімді,азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың заңнамалық
тұжырымдамалық негіздері, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2011-2020
жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы білім беру жұйесінің бәсекеге
қабылеттілігін арттыруды басты назарға қояды.
Нәтижеге бағдарланған оқыту яғни құзыреттілік ең алдымен мұғалімнің
кәсіби өқзыреттілігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді. Кәсіби-
педагог құзыреттілігін жүзеге асыруда, педагогтан қабілеттілік пен
даярлықты талап етеді. Сонымен қатар кәсіби құзыреттілікке білімдер,
іскерліктер, дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын,оның іс-
әрекетін де қарастыруды талап етеді. Осының бәрі педагогтың кәсіби жоғары
деңгейінің болуын қажет етеді. Педагогика ғылымында құзырет-тұлғаның
белгілі бір саладағы өкілеттіліктері мен қызметтері аясын анықтайтын
интерактивті сапасы ретінде түсіндіріледі.Оның құрамына білімдер,
іскерліктер, дағдылар кіретіні белгілі.Педагог білімін әртүрлі әдістермен
білім алушыларға береді- деп, кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қол
жетімділігі –кәсіби сауаттылық негізі екенін анықтап берді.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру
жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы –өз жұмыс орнына
және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне
бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне,
біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім
беру жұйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман
талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ. Сондықтан, жүктеліп отырған аса
жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-
тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы
кезеңде, педагогтың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжрибесін жаңа ақпараттық
технологияға ұштастыруын қажетті санайды.
Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі
құзыреттілік болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім,
дағды, іскерлік, ерік, күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-
экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге
қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке
жаңаша мән бере отырып,білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім.Құзыреттілік
еңбек нарығанда тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық
өзгертулермен, соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік өсулермен
негізделген. Құзыреттіліктің жеке компанентін анықтай отырып, ол адамның
алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемделігін
айтады.
Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда
кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қаблеті бар болашақ
мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру
жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың
әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен
белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ
мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді.
- жұйелі ойлауды;
- құқықтық ақпараттық мәдениетті;
- кәсіпкерлік мәдениетті;
- өзін-өзі тануды;
- басқаларға ұсынуды;
- өз қызметін білімді талдауды;
- жаңа білімді;
- нано технологияларды меңгеруді;
- кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;
- бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;
- әр іске жауапкершілікпен қарауды;
- нәтижеге бағытталған істерді жасауды.
Осыған орай, біздің – мамандықтар бойнша арнайы пәндер арқылы білім
беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар
бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары,
тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, оқу – әдістемелік кешендер, электрондық
оқулықтар, жаңа ақпараттық – технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан
ойлау, рефлексия әдістері қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің
нарықтық экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді. Себебі,
соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне
ауытқуы көп қарастырылып келеді, яғни жұмыс берушіні көбіне біліктілік
емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзыретті мамандар
қазықтырады. Бірақ, біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда
маман моделі жұйелі әрі сапалы болады. Осыған орай мамандардың негізгі,
жалпы кәсіптік, арнаулы құзыреттілік деп топтарға бөлінгенін қарастысақ
олар:
Негізгі құзыреттілік - сала ерекшеліктеріне қарамастан барлық мамандар
бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман
біліктілігінің негізін құрайды, соның ішінде:
а) ақпараттық;
б) коммуникативтік;
в) әлеуметтік.
Жалпы кәсіптік құзыреттілік - әр сала манының кәсіби мазмұнына сай
қарастырылған.
Құзыретті маман даярлау мақсатында білім алушылардың білімдік
белсенділігін арттыру технологиясын пайлана отырып, бқл оқыту технологиясы
бойынша білім беру мақсаты студенттерге өндірістік ситуациялар беру арқылы
өз бетінше жұмыс жасау қабылетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін
қалыптастыру арқылы бәсекеге қабылетті маман ретінде дамуына көмектесу.
Ақпаратты, коммуникативті, әлеуметті-құқықтық құзыреттер педагогтан
ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа, смартмедиа,
электрондық пошта, интернет) мүмкіндіктерін, бұған қоса студент пен
педагог арасындағы байланысын, бірін-бірі түсінуін, топпен жұмыс жасауын,
ұйымдастыру басқару шешімдерін дұрыс таба алуын, қолдану қабылеттерінің
басым болуын, әлеуметтік қызметтердің маңызын түсінуін, қоғамдық
міндеттерге тұрықты қарауын талап етеді.
Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы екенін әрдайым
есте сақтаған жөн. Өйткені елеміздің саяси – экономикалық, мәдени, қоғамдық
өміріндегі өзгерістерге сай өзінің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезініп,
өз ісінің шебері, бәсекеге қабылетті, кең ауқымды, жан-жанты дамыған маман
дайындауға ұмтылу- кәсіби білігі мол педогогты қажет ететін заман талабы
екенін тағы да жүрегінде жазып алуы керектігін талап етеді.
Құзыреттілік түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы
шетел әдебиетінде, ал 1980 жылдарда отандық әдебиеттерде кездесті. Кәсіби
құзыреттілік - жете білушілік ұғымын енгізудің қажеттілігін, оның
мазмұнының кеңдігімен, интерактивтік сипатымен, кәсіптілік, біліктілік,
кәсіби мүмкіндіктер деген түсініктерді білдіреді. Педагогтың
құзыреттілігі 1-ші орынға ақпараттық сауаттылығын, мәселені дұрыс шеше білу
қасиетін қояды. Құзыретті педагогтан өз ісінен шеберлікті, жақсы оқытушы
болу үшін мамандығына қажетті қабылеттіліктерді және жалпы әлемдік
мәдениетті сонымен қатар өз елінің мәдениетін, интегралды үдерістерді
меңгерген, әлемдік білім кеңестігінің өресінен шыға алатын талпынысы
жоғары, шығармашыл болуы керектігін талап етеді.
Педагог қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын,
ортамен, адамдармен, студенттермен қарым-қатынасқа тез түсе алатын,
ұйымдастыру қабылеті жоғары тәжрибесі мол және тағы басқа қасиеттерді
жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілікті анық байқауға болады.
Сондықтан осындай міндеттерді орындай алатын құзырлы педагогтың алдында
теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін
меңгерген, бәсекеге қабылетті құзыретті мана даярлау міндеті жүктеліп отыр.
Даярлығы жоғары білікті, кәсіби құзырлы педагог жалпы орта білім беру
нәтижесі ретіндегі құзыреттіліктерді өзіндік менеджімент,ақпараттық
коммуникативті технологияны меңгерген жеке құзыретті тұлға- студентті
қалыптастырады, сондықтан кәсіби даярлықтың арнаулы пәндеоді оқу негізінде
іс-әрекеттік және тұлғалық терең бағдарлық тәсілдерін үйлестіре отырып,
кәсіби құзыреттіліктерді болашақ маманға меңгерту басты міндет. Үшінші
мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында педагогтың инновациялық
даярлығын қажет ететін, жаңа формациядағы оқытушының инновациялық іс-
әрекетінің кезеңі. Құзыреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үдеріс
– нысанның, педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдардың, теорияның,
әдәс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс,
қоғамның педагогокалық құндылықтарға сәйкес жаңа ақпараттық технологияны
меңгеруі, қолдануы. Қоғамдағы білім-беру саласындағы инновациялық үдерістер
мен реформалар оқытушының ісіне еңбек жолына – инновациялық білімді,
ақпараттық даярлықты, ақпараттық технологияны және тағы басқа
технологияны алып келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық
экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман әзірлеуді жүктеп отыр.
Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке
қасиеттерінің көптүрлілігіне орай,өзіне міндеттелген талаптарға сай,
оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті
мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі
ең құнды дүние- адамды кемелдендіру болып табылады.
Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл
тұлға болуы қажет.Ең керемет деген педагогты есіңе түсіргенде оның тұлғалық
бейнесі көз алдымызда ең бірінші тұрады. Ал кәсіби қасиеті екінші орында
болады.Педагог өз пәнін жетік – жоғары деңгейде, жан-жақты білгенде ғана
шәкірт дайындай алады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы ЗаңындаБілім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек-
деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Жолдауында
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі - деп
атап көрсетуі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап
ететіндігін көрсетеді. Демек, білім меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-
тәсілдерін талмай іздеу – әр педагогтың міндеті. Әрбір педагог жұмыс тәсілі
мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім
алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған
байланысты әр түрлі әдістерді, ақпараттық – технологияларды қолданудың
қажеттілігі туындайды.
Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зияткерлік кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілеттің қалыптасуына
игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша
қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,
студенттердің шығармашылық әлеуметін дамытуды, педагогтың іс-әрекетінің
жаңаша тұрғыда ұйымдастырылуын талап етеді. Бүгінгі заманға жаңашыл, жан-
жақты дамыған, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлауда педагог-
ұстаздың ақпараттық-технологияларды тиімді әрі жүйелі қолдануы арқылы,оқыту
үдерісіндегі өзекті мәселелерді шеше алады.
Нағыз оқытушы - деп, білім алушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан
ұстазды айтамыз.Бүгінде кәсіптік- техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу –
кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып
отыр. Студенттерді замануи ғылым жетістіктерімен қаруландырып
,өндіріске,өнеркәсіпке жаппай аттандыру кезек күттірмейтін мәселе.Жаңа
заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім,соның ішінде ол педагог
алдына койылған, жуктелген – міндет екенін ескере отырып,кәсіптік білім
беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген озімде арнайы пәндерді оқытуда алға
қойып, ақпараттық технологияны ұдайы қолданып студенттердің білімін
көтеруге жұмыстанудамын. Ақпараттық технологияны қолдана оқыту- білімнің
жүйелілігін, бірізділігін жолға қоюға, нәтижеге бағытталуын жетілдіруге
жетелейді. Білім ордасында студенттер арнайы пәннің өздеріне керек және
маңызды екенін сезінуі керек.
Ақпараттық технологиялық үдерісі – білім беру жүйесін жаңарту және
дамыту ғана емес, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңындағы жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңашыл оқытушысы қажеттілігінен
туындаған үдеріс.

Құзыреттілі, білім беру жағдайындағы ақпараттық технологиялық
идеялардың, деректер мен тұжырымдардың, теория мен тәжірибенің сапалық
өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс.
Осы ұстанымды, жоғарыда аталып кеткен замануи талаптарын, білім
бағдарламаларын, кәсіптік білімнің заңнамаларын озіме мақсат етіп қойып,
кәсіптік құзіретті маманды даярлауды оқытып үйретуде міне 5 жылдан аса
уақыт болды. Кәсіптік колледжерде арнайы пәндерден теориялық және
тәжірибелік сабақ берудің озіндік ерекшеліктері бар. Өз сабақтарымда
ақпараттық технологияны қолдану арқылы сол ерекшеліктерді түрлендіріп,
жаңаша оқытуда еңбектеніп келемін. Арнаулы пәндерден өткізіп жүрген
Электрмашиналарының құрылысы, Реле Электрмен қамтамасыздандыру
сабақтарындағы теориялық білімде:
- танымдық белсенділік құралы
- жаңа материалды тез ұғыну
- іздену
- ынталы болу
- ситуациялық проблемаларда озін еркін ұстау, дұрыс шешім қабылдау
- біліктілікті көтеру болса,
Колледж ішілік және қалалық Мамандығым – мақтанышым , Өз ісінің
шебері -сайыстарында аталған технологияның :
- ізденуге
- шығармашылыққа
- белсенділікке
- ғаламтор желісіндегі аудио, видео тапсырмаларын жедел қолдануға
- бірнеше ақпаратты жүйені қолдануға пайдасын тигізуде.
Осындай бағыттағы сабақтарда студенттердің ынтасы мен талпынысы
ақпараттық технологияның құзыретті маман даярлауда, заман талабына сай
жұмысшы моделін қалыптастыруда мынадай мүмкіндіктерді аша алады. Техникалық
кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілеттіліктерін шыңдауда:
- өз ісінің шебері болуына
- мамандығын сүйюге
- ынталы, жан- жақты дамыған маман болуға
- болашақ маман иесінің құзыреттілігін қалыптастыруға
- студенттердің ізденістерін арттыруға сапалы көмегін тигізуде.
Педагог ретінде озіме ақпараттық техгологияны меңгеру оны әрбір
сабақтарымда қолдану, құзыретті педагог болуымда, сабақ берудегі амал-
тәсілдерімді, дидактикалық жинақтарымның түбегейлі жаңаша іс – әрекеттерді
жасауыма керекті технология екенін айта кеткім келеді. Ақпараттық
технология оқушы мен педагогке бірдей жағдай тудыра отырып:
- пәнге қызығушылыққа
- мамандықты жетік үйренуге
- педагог даярлығын қалыптастыруға, әрі жетілдіруге және түрлендіруге
- іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бірден бір қажетті технология
екені баршаға мәлім десе болады. Жоғарыдағы қажеттіліктерден арнаулы
пәндерді оқытуда мынадай себеп- салдар туындайды:
- меңгерген технология өз сабақтарымда қолдануға даяр болуды
- жаңашыл, ізденімпаз педагог болуды
- біліктілігімді, білімімді әрқашан арттырып отыруды
- шығармашыл болуды
- жаңаша өзгерістер енгізуді
- сыни көз – қарасты байытуды
- жетістіктермен кемшіліктерге педагогикалық сараптама жасай білуге
- құзыреттілікті жоғары деңгейге шыңдауға жетелейді десем қателеспеген
болар едім. Ақпараттық технологияны қолдануда студенттерге тек білім
негіздерін беріп қана қоймай, ақпараттық қоғамға бейімдеу қажеттігін де
ескерген жөн. Осы талап негіздерінде колледжде облыстық әдістемелік кабинет
ұйымдастыруымен арнайы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында
облыстық тәжрибе алмасу дөңгелек үстелі өткізілді.Негізгі мақсат өзімнің іс-
тәжрибеммен алмасу және аталған технологияны қолдана отырып, студеннтердің
құзырлылығын қалыптастыру еді.Студенттер тест тапсыруда, өз қолдарымен
жасаған техникалық шығармашылық жұмыстарын көрсетуде,сабақ материалдарын
меңгеруде жоғары деңгейде белсенділік әрі қызығушылық танытты. Әдістемелік
кабинет маманы Жандарбек Мұханғалиұлы студенттердің даярлығын, дағдысымен
іскерліктерін ерекше атап өтті.
Білім берудің оң нәтижесін, өнімін көру, одан ләззат алу – әрбір
педагогтың қуанышы. Нәтижеге бағдарланған істе студенттерімнің электрмен
қамтамасыздандыру мамандығы бойынша ірі серіктес компаниялар: Атырау-
жарық, ТЭЦ, Атырау мұнай өңдеу - зауытында еңбек етіп жүргендіктері
мені қатты қуантады, одан сайын құзыретті маман даярлауда аянбай еңбек
етуіме жігерлендіреді.
1.2 Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды
пайдалану
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына Жолдауында Осы заманғы
білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін
қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану,
инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының
басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы
әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге
көтерілу болып табылады делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол
жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу
теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші
кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер
енгізу қажеттігін баса айтты. [2]
Ал өткен жылғы Жолдауында Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып
кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп,
іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша
қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен
оқытушыларын тартуды көздеуді, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары,
яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері
белсенді түрде тартылуды қажет деген болатын. [3]
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта
2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта
ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру
үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз
ету. [4]
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына
сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік береді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің
бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Дамыта оқыту
Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі
Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Касіптік білім беру
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Оқыту процесіндегі жаңа технологиялар
Пәндер