Кітапхана ісін жоспарлау аймақтық кітапхана



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кітапхана ісін жоспарлау аймақтық кітапхана
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Кітапхана ісін
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .5
1.1. Кітап оқу арқылы сананы дамыту
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. "Бір ел - бір кітап" акциясының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткізілген
Біл ел – бір кітап акциясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...11
ІІ. Кітапханалардың көрсететін қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1. Кітапхананың алдында тұрған міндеттері мен мақсаты
2.2. Мектеп кітапханасының міндеттері мен ережесі
ІІІ. Кітапханашымамандарды даярлауда ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың
дидактикалық мүмкіндіктері
3.1. Кітапханашы мамандардың біліктілігін арттыру
3.2. Кітапханашы мамандарын біліктілігін арттырудағы қойылатын талаптар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың
Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде
мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау
мәселесі қарастырылды.
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге
танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және
білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі.
Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың
бірі – мектеп кітапханасы. Кітапхана сол мемлекеттегі білімге ұмтылған жас
ұрпақтың, ұстаздардың табылар жері.
Бүгінгі таңда кітапхана қызметі тұлға дамуының ең маңызды
демократиялық институты ретінде қоғам талабына сай жұмысын жасауда. Бұл
ретте кітапхананың әмбебап қорын сақтау, жинау және ұсыну арқылы
пайдаланушылардың сұранысы қанағаттандырылады.
Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын
жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен,
мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс
әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.
Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім
беретін басылымдарды ұсынады.
Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір
ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді.
Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте
заманда пайда болған. [1]
Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы
Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған.

Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 —
11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және
әдеби кітап қорларымен аты шықты.
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі
әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді. [2]
І. Кітапхана ісін жоспарлау
1.1. Кітап оқу арқылы сананы дамыту

Бүгінгі таңда кітапхана қызметі тұлға дамуының ең маңызды
демократиялық институты ретінде қоғам талабына сай жұмысын жасауда. Бұл
ретте кітапхананың әмбебап қорын сақтау, жинау және ұсыну арқылы
пайдаланушылардың сұранысы қанағаттандырылады.
Кітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін басқарудың кұрамды бөлігі -
белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды жүзеге асырудың
құралдары мен даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау.
Кітапхана ресурстарын жоспарлау - белгілі мерзімге кітапхана
ресурстары дамуының тенденциясы мен болашағын анықтауда аймақтың
(мекеменің) тұрғындарының белгілі қажеттерін зерттеу арқылы жүзеге асатын
жоспарлау.
Кітапхананың бағдарламалық-жобалық қызметі дегеніміз ақпараттық
мәдениет дамуының ықпалды құралы, өмір сүру мүмкіндіктері шектеулі
жандардың тұрақты түрде жан-жақты оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,
олардың бір-бірімен өзара араласуға баулу. Бұл өзі пайдаланушыларға
көрсетілетін кітапхана қызметінің нәтижелігі және әлеуметтік ыңғайласумен
кемшілігін толықтыруға ықпал ететін арнайы жұмыстар түрі. Аса маңыздысы -
мүдделі серіктестерінің көптеген мәселелерін шешу мақсатында қала мен
облыстың көптеген қызмет орнын, қаланың қоғамдық ұйымдарын, мүгедектердің
еркін қоғамын тарту мүмкіндігі. Әр жобаның өзіндік тақырыбы, бағыты бар, іс
жүзіне асыруға түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Алайда барлық
жобалар мен бағдарламаларды біріктіретін міндеттер – қандай болмасын
санаттағы мүгедектерге тең құқықтар беру, ақпараттарға қол жеткізуге жағдай
жасау, өзара араласуға баулу, әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, шығармашылық
қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау.
Қазіргі кітапханалар – ақпараттық мәдени-ағартушылық, ғылыми
зерттеушілік мекеме болу керек. Қазіргі заман талабына сай технологияны
біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануы керек.
Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет ХХІ ғасыр
азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз
игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.
Кітапхананың міндеті жан-жақты анықтама ақпаратын оқырмандарға сапалы
ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету. Әдебиеттердің ұсыныс тізімі,
белгілі даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер, бюллетельдер
шығарылады.
Кітапхана – кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектің барлығын
аламыз. Кітап арқылы адамзат ақыл ойының інжу маржанын бойына жинайды да,
оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Кітапсыз адам өмірі бос. Кітап біздің
досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұраќты мәңгілік сенімді серігіміз.
Кітапты оқып, білім аламыз, кітаптан мәдениеттілікті, адамгершілікті,
ізгілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетеміз. Кітапсыз өткен бір
күн, орны толмас бос өткен күн. Көркем әдебиеттерді таңдап оқи білу де
үлкен өнер. Әр кітап – Отан байлығы. Ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің
маңдай тері, оны естен шығармауымыз керек. Барлық білімді біз кітаптан
аламыз. Білімге қызығатын ұқыпты балалар көбейе берсін. Әр халықтың өткен
өмірі мен тарихын көркем сөз арқылы бүгінгі ұрпаққа жеткізу.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді
өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен
парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу
қазіргі таңда төмендеп отыр. Кітап маған тақтан да қымбат, - деп атап
көрсеткен Шекспир.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың
қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның
себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді
құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша
керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын
төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына
теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап
оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың
теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы
көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге
де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім.
Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден
қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың
жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп
табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі
кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін балабақша - мектеп –
кітапхана – мұғалім – ата – ана деген ара – жігі ажырамайтын схемамен
жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап
кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші
сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру.
Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін
кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне
ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап Біздің кітапхана деген балалар
кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға
көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық
оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата
– анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе,
танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын
ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген
қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды
тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты
ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы
маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана
жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып Кім көп кітап оқыды?, Кім
жылдам? деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп
оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау ,
не жаңаны ойлап табуы қалыптасады. Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан
– жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды
қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы
керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді
екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай
күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты
әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға
арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне
жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ
тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы
баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы.
Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр
ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен
әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа,
оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.

1.2. "Бір ел – бір
кіап" акциясының тарихы

Оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбие беру – қазіргі мектеп
кітапханасының ең маңызды міндеттерінің бірі, сондықтан нақты жағдай мен
қызмет түрлерін қөолданамыз.
Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып
оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты
– Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998
жылы Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса тақырыбымен алғаш
өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға
оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало,
Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.
Бір кітап, бір Чикаго бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында
басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір
кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста
жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап
дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда
талқылауға ынталандыру болып табылады.
2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында Чикагода кітаптар апталығы:
Оқуға құмар қала тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы
фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге
кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар
ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс
жүргізіліп болған соң, американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) Убить
пересмешника (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл
әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және
нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады. Бүгінде Бір ел – бір
кітап жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания,
Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). авторы Испанияда Габриэль Гарсиа
Маркестің 80 жылдығына арнап Сто лет одиночества романынан оқу марафоны
өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы
марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де
ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке
сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінген.
2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл
жоба одан кейін Бір кітапхана – бір кітап, Бір ауыл – бір кітап деген
жобалар түрінде көрініс тапты.
Жаппай оқу оқиғасы жыл сайын Англияның оңтүстік-батысында өткізіліп
тұрады. Мұнда әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға
ала бастады.
1.3. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткізілген
Біл ел – бір кітап акциясы

Осы жылдың 10 наурыз күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының
Көгілдір залында Бір ел – бір кітап акциясы аясында өтетін Жүсіпбек
Аймауытовтың Акбілек романына арналған баспасөз конференциясының баспасөз
отырысы болып өтті.
Жиынға Астана қаласының ЖОО оқытушылары мен кітапханашылары, Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен медицина-техникалық және
политехникалық колледждердің студенттері, журналистер қатысты.
Баспасөз отырысын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры -
Жанна Кәкібайқызы Шаймұханбетова ашты.
Директор өз сөзінде осымен бесінші рет өткізіліп отырған акция
елімізде жазба мәдени мұрамызды насихаттау мен қоғамда кітап оқуға деген
қызығушылықты арттыру жұмыстарында үлкен жетістіктерге жетіп отырғанын,
Бір ел – бір кітап акциясының мақсаты – қазақ әдебиетінің кітаптарын
насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды
кітапханаға, кітап оқуға тарту екенін айтып өтті.
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза
Оңғарсынованың төрағалығымен өткен Бір ел – бір кітап акциясының
ұйымдастыру комитеті отырысының шешімімен осы жылғы жобаның кітабы ретінде
Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романы таңдалған болатын. Отырыстың
модераторы, профессор, филология ғылымдырының докторы Тұрсын Жұртбай
Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романы – ұлттық және адами ізгілік
құндылықтарын, адамның жан құбылыстары мен сезімінің бай әлемін көркем
бейнелейтін роман-, деп атап өтті өзінің алғы сөзінде.
Ақбілек романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде
әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген
алғашқы қазақ романдарының бірі. Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан
қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның
мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Ақбілектің жан
дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең
талдап, шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналасында өтеді,
оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді.
Жиында сөз алған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология
ғылымының докторы Күлпәш Дайрабайқызы Бейбітова романның көркемдік
ерекшелігі мен Ақбілектің тағдыры жайлы тақырыпта сөз қозғады.
Баспасөз конференциясының отырысы әрі қарай ҚРҰАК бас директорының
орынбасары Ғ.Б.Исақанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетінің студенті, Алқа әдеби ұйымының жетекшісі Жанболат Шәкімов,
Қарулы күштер ардагері, ақын И.В. Петров, ҚРҰАК Ғылыми талдау орталығының
жетекшісі М.Б.Валиулинаның сөз сөйлеуімен жалғасты. Аудиторияға Жүсіпбек
Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған Елім деп соққан жүрегі
тақырыбымен слайд көрсетілді. Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысы Ж.Жабаев
атындағы драма театрының қойған Ақбілек спктаклінен үзінді тамашаланды.
Акцияны өткізу орталығы кітапханалар болып табылады. Оған білім беру
мекемелері, әскери бөлімшелер тартылады, сонымен бірге мүмкіндіктері
шектеулі оқырмандар да бұл шараға қатысады.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Бір ел – бір кітап акциясына
орай өткізілетін республика кітапханаларының іс-шаралар жоспары жасалды.
Республика бойынша Ж.Аймауытовтың Ақбілек романының мәні мен мазмұнын
және осы шығарманың қоғам мен автордың өмірінде алатын ролін ашу үшін
Қазақстанның мемлекеттік кітапханаларында барлығы мыңнан аса шаралар,
кездесулер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
Кітапхананың анықтамалық библиографиялық аппаратын ұйымдастыру
Кітапхананы басқарудың ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметі
Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының кітапханашы мамандарының кәсіби құндылықтары
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Кітапхана білім жүйесі
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Пәндер