Кітапханадағы анықтамалық библиографиялық қызмет
Құрманғазы атындағы саз колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кітапханадағы анықтамалық библиографиялық қызмет
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Кітапханадағы анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету жүйесі
1.1. Анықтамалық-библиографиялық қызмет
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Оқырмандарды ақпаратпен хабардар ету
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Жаңа қоғам: жаңа ақпараттық ресурстар
2.1 Кітапханатанудағы жаңа сандық
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...10
2.2 Библиографиялық құралдар
құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..25
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Кітапхана – кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге
керектің барлығын аламыз. Кітап арқылы адамзат ақыл ойының інжу маржанын
бойына жинайды да, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Кітапсыз адам өмірі
бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұраќты мәңгілік
сенімді серігіміз. Кітапты оқып, білім аламыз, кітаптан мәдениеттілікті,
адамгершілікті, ізгілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетеміз.
Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос өткен күн. Көркем әдебиеттерді
таңдап оқи білу де үлкен өнер. Әр кітап – Отан байлығы. Ата-аналарымыздың,
ата-әжелеріміздің маңдай тері, оны естен шығармауымыз керек. Барлық білімді
біз кітаптан аламыз. Білімге қызығатын ұқыпты балалар көбейе берсін. Әр
халықтың өткен өмірі мен тарихын көркем сөз арқылы бүгінгі ұрпаққа жеткізу.
Кітапхананың бағдарламалық-жобалық қызметі дегеніміз ақпараттық
мәдениет дамуының ықпалды құралы, өмір сүру мүмкіндіктері шектеулі
жандардың тұрақты түрде жан-жақты оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,
олардың бір-бірімен өзара араласуға баулу. Бұл өзі пайдаланушыларға
көрсетілетін кітапхана қызметінің нәтижелігі және әлеуметтік ыңғайласумен
кемшілігін толықтыруға ықпал ететін арнайы жұмыстар түрі. Аса маңыздысы -
мүдделі серіктестерінің көптеген мәселелерін шешу мақсатында қала мен
облыстың көптеген қызмет орнын, қаланың қоғамдық ұйымдарын, мүгедектердің
еркін қоғамын тарту мүмкіндігі. Әр жобаның өзіндік тақырыбы, бағыты бар, іс
жүзіне асыруға түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Алайда барлық
жобалар мен бағдарламаларды біріктіретін міндеттер – қандай болмасын
санаттағы мүгедектерге тең құқықтар беру, ақпараттарға қол жеткізуге жағдай
жасау, өзара араласуға баулу, әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, шығармашылық
қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау.
Қазіргі кітапханалар – ақпараттық мәдени-ағартушылық, ғылыми
зерттеушілік мекеме болу керек. Қазіргі заман талабына сай технологияны
біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануы керек.
Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет ХХІ ғасыр
азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз
игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.
Кітапхананың міндеті жан-жақты анықтама ақпаратын оқырмандарға сапалы
ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету. Әдебиеттердің ұсыныс тізімі,
белгілі даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер, бюллетельдер
шығарылады.
Қазіргі күнде де кітапханалардың өрістеуі шарықтамаса, толастаған
емес. Бұның айғағы ретінде де тәуелсіздігіміздің туы қолымызда
желбірегеннен бері, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың назарынан да тыс қалмады.
Курстық жұмыстың мақсаты: библиографиялық қызмет көрсету туралы жалпы
мағлұмат алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Кітапхананың библиографиялық қызмет көрсету жүйесі туралы мағлұмат
беру;
2. Кітапхананың анықтамалық қызмет жүйесіне сипаттама беру;
3. Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету жүйесінің ерекшеліктері.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Кітапханадағы анықтамалық-библиографиялық
қызмет көрсету жүйесі
1.1. Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді
өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен
парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу
қазіргі таңда төмендеп отыр. Кітап маған тақтан да қымбат, - деп атап
көрсеткен Шекспир.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың
қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның
себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді
құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша
керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын
төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына
теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап
оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың
теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы
көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге
де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім.
Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден
қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың
жауабын жан – жақты іздеу.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету – оқырмандарға олардың
талап-тілектері бойынша библиографиялық қызмет көрсету.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көбінесе сауал-жауап режимінде
өтеді.
Барлық сауалдар мен анықтамалар ең алдымен библиографиялық және
фактографиялық деп бөлінеді.
Библиографиялық анықтамалар түрлері:
Тақырыптық анықтамалар - белгілі бір тақырып бойынша библиографиялық
хабарлама берілетін болса, ол тақырыптық анықтама деп аталады.
Нысаналы мақсаты бойынша тақырыптық анықтамалар екі топқа: жекеленген
оқырмадардың, сондай-ақ коллективтердің, ұйымдардың, кәсіпорындар мен
мекемелердің ғылыми және кәсіптік-өндірістік қызметіне көмек ретінде
берілетін анықтамаларға және оқу, білімін өздігінен көтеру, тәрбиелеу,
білімді насихаттау үшін көмек ретінде берілетін анықтамаларға бөлінеді.
Тақырыптық анықтамаларды топтауға олардың мазмұны негіз етіп
пайдаланылады. Әдетте анықтамалар осы белгілері бойынша қоғамдық саяси,
жаратылыстану мен техника жөніндегі, әдебиет пен өнер жөніндегі, сондай-ақ
елтанушылық, өлкетанушылық, библиографиялық, жеке анықтамалар болып
бөлінеді.
Нақтылаушы анықтамалар - библиографиялық сипаттамада, жоқ немесе
бұрмаланған элементтерді белгілейді немесе анықтайды. Мұндай анықтаманың
орындау кезінде оқырмандардың нақтылайтын сауалдарындағы дағдылы қателерді
ескеру қажет, ол қателер мыналар:
1. Автор фамилиясы қате көрсетілуі;
2. Кітаптардың, мерзімді басылымдардың атауын қысқарту және жаңсақ
көрсету;
3. Аудармашыны,құрастырушыны, редакторды, безедірушіні кітаптың авторы
деп көрсету;
4. Басылып шыққан жылын, баспасын қате көрсету;
5. Авторлы еңбекті коллективтік еңбек деп және керісінше түсіну;
6. Мақаланы, кітаптың бөлімін, тарауын, көп томды басылымның томының
немесе шығарылымының жеке бас тақырыбын дербес шығарманың немесе басылымның
аты деп білу;
7. Шығарыла беретін басылымдарға, симпозиумның, конференциялардың
материалдарында және т.б. коллективтер атауының болмауы;
8. Шетелдік басылымның атының орыс, не казақ тіліне дәл аударылмауы.
Адресті анықтамалар - құжаттың белгілі бір кітапхананың қорында болуы
мен тұрған жерін анықтайды.
Фактографиялық анықтамалар – сауалдың мәні бойынша қайтарылатын
жауап: дәл датаны, цифрларды, дәйексөздерді, құбылыстың, проблеманың
сипаттамасын хабарлау, тұжырымдаманы баяндау, терминді түсіндіру т.б.
Библиографиялық консультация - тақырыптық анықтамаға өте жақын, бір
жолғы сауалға библиографиялық іздестірудің жолдары мен құралдарын дербес
пайдалану жөнінде ақыл-кеңес берілетін жауап.
1.2. Оқырмандарды ақпаратпен хабардар ету түрлері
Кітапхана құрылымында жетекші орын алатын, қызмет көрсету барысында
маңызды рөл атқаратын, оқырмандарды ақпаратпен хабардар ететін –
библиография саласы.
Библиография – жалпы адамзатқа, қоғам мүшелеріне, білім берудің барлық
тармағын қамтып зерттейтін, баспа шығармаларын тіркеп әрі насихаттап
отыратын іс-тәжірибелік қызмет саласының бірегей тармағы болып табылады.
Ғылыми кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету барысында кітапхана
бөлімдерінің бір саласы – ақпараттық-библиография бөлімі қызметінің
атқаратын істері өте ауқымды. барлық оқырмандарға ақпараттық сұраныстарына
сәйкес анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету.
Библиографиялық анықтамалар орындау.
КАБИС бағдарламасында мақалалар деректер базасын құру.
Библиографиялық көрсеткіштер құрастыру, ақпараттық тізімдер әзірлеу.
Оқырмандарға библиографиялық кеңестер беру және кітапхана қорын
насихаттау.
Бөлімнің басты функциялары:
Оқырмандарға қызмет көрсету.
Күнделікті мерзімді басылымдардағы мақалалармен танысып, сараптап оқу
процесі сұранысына қажет қазақ, орыс және шет тілдеріндегі шығып жатқан
тақырыптық және ЕҰУ-дың ғалымдары мен оқытушы-профессор құрамының
мақалалары мен өзекті мәліметтерді дер кезінде КАБИС бағдарламасына еңгізу
және электрондық каталогтағы мерзімді басылымдар картотекасын ұйымдастыру.
- РМЭБ – http:www.rmeb.kz,
- ҚазҰЭК – http:www.kazneb.kz;
- Ресей мемлекеттік кітапханасы Электронды диссертациялық кітапхана –
http:diss.rsl.ru;
- ЭБС КнигаФонд – http:www.knigafund.ru т.б. туралы кеңестер дер
кезінде беріліп отырады.
ЕҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамына, студенттер мен қызметкерлеріне
библиографиялық анықтамалық және библиографиялық хабарлар дайындалады,
библиографиялық және биобиблиографиялық көрсеткіштер құрастырылады,
тақырыптық-библиографиялық тізімдер әзірленеді, оқырмандарға оқу мәдениеті
мен кітапхана-библиография білімін насихаттау жұмыстары жүргізіледі,
оқырмандарды бөлімнің атқаратын жұмыстарымен таныстырады. Бөлім жұмыстары
мен жаңалықтар, жаңа басылымдар туралы кітапхана веб-сайтына материалдар
беріп отырады.
Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған алғашқы күндерден-ақ кітапхана
қызметі мен тыныс-тіршілігіне көптеген өзгерістер енді. Оған Ұлттық
кітапхана мәртебесі берілді, халықаралық деңгейде таныла бастады. Бүгінгі
таңда рухани ошақ көптеген халықаралық кітапханалық қоғамдастықтардың
мүшесі, соның ішінде кітапханалық ассоциациялар мен мекемелердің
халықаралық федерациясына (ИФЛА), Ұлттық кітапханалар директорларының
конференциясына (CDNL) және Еуразияның кітапханалық ассамблеясы
коммерциялық емес серіктестігіне (БАЕ) мүшелікке енсе, 2008 жылдан бастап
ИФЛАРАС (Сақтау және консервация) негізгі бағдарламасының аймақтық
орталығы болып отыр.

2.1 Кітапханатанудағы жаңа сандық технологиялар
Қазақстан: өткені мен бүгіні библиографиялық дерекқоры жасақталып,
оған күнделікті кітапханаға келіп түскен мерзімді басылымдардағы
Қазақстанға қатысты барлық ақпараттар енгізіліп отырады. Дерекқор
негізінде Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер атты ағымдағы библиографиялық
көрсеткіш орыс, қазақ тілдерінде шығарылады. Дерекқорға деген оқырмандар
сұранысы жоғары.
Дерекқор және кітапхананың электронды каталогы негізінде Елбасының
тәуелсіз мемлекет құру жолындағы еңбегі туралы толық библиография
қалыптастырылып, Президенттің өмірі мен саяси қызметін көрсететін қазақ,
орыс және шетел тілдеріндегі 16 000 библиографиялық жазбаны қамтыған
Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атты екі томдық
іргелі ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш басылып шықты.
Соңғы жылдары кітапханада электронды кітапхананы қалыптастырудың озық
іс-тәжірибесі жинақталып, ақпараттарды сандық түрге көшіру арқылы
құжаттардың жаңа түрлерін, сонымен қатар, құжаттарды сақтаудың,
тасымалдаудың жаңа формасын жасау мүмкіндігі туды.
Бүгінгі таңда кітапханаға келуші оқырмандармен қатар, виртуалды
оқырмандар қатары 3-4 есеге артып отыр. Осыған орай кітапхана қызметіне
жоғарғы технологиялар мен автоматтандыруды енгізудің басты бағыттарының
бірі ретінде құжаттарды сандық түрге көшіру жұмыстары басталды және бұл
үдеріс қор сақталымын қамтамасыз ету және оны жетілдіру, қорға
қолжетімділікті кеңейту, жалғыз дана басылымдарға деген оқырмандар
сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Толық мәтінді қор
жасақтаудың алғашқы тәжірибесі ретінде авторлық баспа басылымдарының
электронды көшірмелерін және мультимедиялық альбомдар дайындау істері
атқарылуда. Алғашқы өнімдер ретінде Қазақстанның музыкалық мұрасы және
Хроника Казахстана в казахских газетах с 1913 по 1932 гг. (арабской
графикой) СD-ROM- дарын атап кетуге болады.
Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды сандық түрге көшіру
мақсатында Қазақстанның жазба мұрасы атты бағдарламасы жүзеге асырылуда.
2004 жылы Ұлттық кітапхана мен IBM Global Services корпорациясының сандық
электронды мұрағат жасау мақсатын көздеген бірлескен жоба аясында Құс
жолы қайырымдылық қорының (Казкоммерцбанк) демеушілігімен Zeutschell
неміс компаниясының үлкен форматты сканері алынды және бейнелеу студиясы
ашылды. Осы студия көмегімен қолжазбалар қорынан Ясауидің Рисаласы,
Әбілғазының Хандар шежіресі, Шәкәрімнің Қалқаман-Мамыры, XII ғасыр
Құраны, Қазақ кітабы басылымдарының топтамасынан А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Ж.Аймауытов, Б.Майлиннің шығармалары, алғашқы
қазақ мерзімді басылымдарынан Айқап, Садақ, Таң журналдары, араб
графикасында 1913-1918 жылдары жарық көрген Қазақ газеті, 1923-1932
жылдардағы Еңбекші қазақ және 1932-1936 жылдардағы Социалды Қазақстан
топтамасы сандық түрге көшірілді және бұл тізімді жалғастырып тізе беруге
болады.
Кітапхана оқырмандарының интернет желісі, әртүрлі тасымалдағыштардағы
ақпараттар, дерекқорларға, соның ішінде халықаралық EastView (Қоғамдық
және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі басылымдар), ағылшын тіліндегі
EBSCOhost (жетекші ақпарат берушілерден лицензияланған толық мәтінді,
көпшілікке арналған деректер базасының сан алуан түрі болып табылатын
ағылшын тіліндегі интерактивті ақпараттық-библиографиялық жүйе)
дерекқорларына, толық мәтінді құқықтық және нормативтік құжаттардың
Параграф, Эталон дерекқорларын пайдалану үшін және олардың электронды
нұсқасына әр адамның оңай қол жеткізуіне мүмкіндігі бар. Сонымен қатар,
құжаттарды электронды түрде жеткізу және мемлекеттік қызметкерлерді
ақпаратпен қамтамасыз ету қызметтері жүзеге асырылады.
Кітапхана- ғасырдан – ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей
алып келе жатқан шырағы, биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің
киелі ордасы болса, кітап баға жетпес байлық. Осы рухани қазынаны ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің алдына қойған мақсаты:
Еліміздің рухани байлығының сақталуы және сол байлықты әр оқырманға
жеткізу, уақыт талаптарына сай жұмыс жүргізу;
Қазіргі заманға сай қызмет көрсетуде ақпараттық ресурстарды жүйелі
түрде пайдаланып, оқырманның сұранысын қанағаттандыру.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің міндеттері:
✓ кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамассыз ету;
✓ сапалы кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсету;
✓ жаңаақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;
✓ республикалық және халықаралық кітапханалық – ақпараттық
ғылыми жобаларға қатысу.
Қызмет көрсету бөлімі қордың мүмкіндігін көрсету жолында әр түрлі
ақпараттық жұмыстарды тұрақты өткізіп келеді және осы мақсатта төмендегідей
жұмыс түрлерін ұйымдастырып отырады:
✓ Әр түрлі ресми мерекелерге арналған кітап көрмелері
✓ Көрме-шолулар
✓ Жаңа кітаптардың тұсаукесерлері
✓ Танымал тұлғалармен кездесу
✓ Атаулы күндерге арналған көпшілік іс-шаралар
1. Жалпы ережелер
1.1. Кітапхананы пайдалану ережесі ҚР Конституциясы, ҚР Мәдениет
туралы заңы, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің
Қазақстан Республикасындағы кітапхана мекемелерінің қызметі туралы Ереже
(2002 ж. 8.05. №118 бұйрық) негізінде әзірленді.
1.2. Кітапхана кітап қорындағы кітаптарды, қолжазбаларды, аудио-
бейнежазбаларды және басқа басылымдарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастырушы
мәдени, ғылыми-ақпараттық мекеме болып табылады.
1.3. Кітапхана өзінің қорын пайдалануды, сақтауды, толық және тиімді
жинақтауды қамтамасыз ете алады, мүмкіндігіне қарай, қоғамның экономикалық,
саяси-әлеуметтік және рухани өркендеуіне көмек береді, қоғам мүшелерін
ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.
1.4. Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана
қорының негізгі бөлігі және мемлекеттің меншігі болып табылады.
1.5 Кітапхана қызметін пайдалану мекеме, кәсіпорын, ұйым және 16
жастан асқан әрбір азаматтарға тиесілі.
1.6 Кітапхана қызметін пайдалану - ақысыз. Қызметтің кейбір түрлері
мен оның төлем мөлшері Республикалық бюджеті туралы ҚР Заңдары, ҚР Бюджет
кодексі негізінде құрылған облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың Ақылы
қызмет көрсету туралы ережесінің белгіленген тәртібімен анықталады.
2. Кітапхананы тұтынушылардың міндеттері мен құқығы
2.1 Тұтынушылар құқығы:
- Кітапхананы тұрғылықты жеріңізде, оқуда және жұмыс орныңызда да өз
еркіңізбен пайдалануға құқылысыз;
- Кітапхананың оқу залы мен Интернет арқылы көрсетілетін ақпараттық
көмекті қолданумен, баспа туындыларын уақытша пайдалану, сондай-ақ, басқа
кітапханалардан кітапханааралық абонемент бойынша пайдалану (тұтынушы
есебінен);
- Кітапханада көрсетілетін анықтама-библиографиялық және ақпараттық
қызмет көрсету мен басқа да ақысыз қызмет түрлерін пайдалану;
- Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу:
2.2 Кітапханаға жазылу тәртібі:
- Тұтынушы кітапханаға жазылу үшін төлқұжат немесе жеке куәлігін, және
мекен-жайын куәландыратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz