Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту жолдары

Орындаған: Педагогика және психология
мамандығының 1 курс студенті Карабалина
Ә.Б.
Тексерген: оқытушы Умбетова Г.М.

Орал - 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Ι тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін қалыптастыру
ерекшеліктері

1.1. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінің психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін ойын арқылы дамыту ... ... 14
ІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін қалыптасруға
арналған әдістер
2.1. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін
диагностикалау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе
Зейін - баланың мектепке танымдық тұрғыдан дайындығын, оның оқу
әрекетінің табысты болуын сипаттайтын негізгі психологиялық процестердің
бірі. Бастауыш сыныптағы оқушылар зейінінің ерекшелігі бастауыш сыныпта
оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша
құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда
пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет
формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде
ұстауға мүмкіндік береді.
Бьастауыш сыныпта баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар
арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір
нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе
пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың
ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-
ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие
болады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-
қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың
қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме,
ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, алты жасар бала
суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін
бөліп алады [16].
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870)
зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып
өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер
де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды".
Тақырыптың өзектілігі: Бастауыш сыныпта зейіннің, естің, қиялдың
дамуында ұқсастықтар бар. Егер бала өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері
ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары
ретінде бөлінсе, бастауыш сыныптта мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене
және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды.
Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында
сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-
әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек бастауыш сыныпта
қалыптаса бастайды.
В.С. Мухина бойынша бастауыш сыныптағы балалар әрекетінің жаңа
түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен
баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою,
материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін
құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады.
Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай
да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-
әрекеттері қалыптаса бастайды [10, 91 б.].
Зерттеу мақсаты - кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін даму
жолдарын анықтау, оқу үлгеріміне байланысты оқушылардың зейінін айқындай
жолдарымен танысу және оларды анықтауға арналған жаттығулармен теориялық-
әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
- Зейін туралы түсінік және бастауыш сынып оқушыларының зейінін
анықтаумен танысу;
- Кіші мектеп жасындағы балалардың зейін ерекшеліктерін анықтау
және оларды анықтауда қолданылатын әдістер туралы түсінік беру;
- Проективті әдістер мен жаттығуларды пайдалану арқылы оқушылардың
зейінін дамытудың ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Зерттеу объектісі - кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту.
Зерттеу пәні - кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін анықтау
жолдары.
Ғылыми болжам - егер әр мұғалім Кіші мектеп жасындағы балалардың зейін
қабілетін білсе, әр оқушының үлгеріміне байланысты жұмыстана біледі деген
болжам бар.
Зерттеу нысаны - кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін анықтау.
Отбасында және мектепте бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Тәжірибелік пайдасы - эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.

Ι тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін

қалыптастыру ерекшеліктері

1.1. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінің психологиялық ерекшеліктері
Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр.
Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала
көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің
шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп
шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға
көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы
көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін
ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.
Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт
алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870)
зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып
өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер
де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды".
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.
Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне
түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін
болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп
келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып
табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді
күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект
жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-
күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял
процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің
өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,
осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын
айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы
жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып
жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик
А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге
болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға
көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады,
осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған
алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың
күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле
оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта
олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам
бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден
(мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа
нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге
жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз
тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен
күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың
"Қозудың оптимальдык, алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П.Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің
табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі
әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның
күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да,
осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш
келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды
деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз
зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені
қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз
зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — ырықты зейінді керек етеді.
Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама,
дәнекерлі қызығуды керек етеді.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный)
рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен
адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін
кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің
көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау
арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып,
объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына
дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай
ерекшеліктермен сипатталады:
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу
үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден
бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын
ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен,
көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-
гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді
шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып
табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен
айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады.
Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады.
Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес.
Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан
кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да
зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға
түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты
зейінінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін —
адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.
Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні
де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып
алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де
табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып
қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға
бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні
көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес.
Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп
отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды.
Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір
белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір
әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай
алатын болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін,
әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл кеп
күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге
қарсы күресу — қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс,
қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін
жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және
сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен,
олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі,
музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап
отыра беруге болады. Ал қасыңдағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды
күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі
болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады.
Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей
алушылық — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты
жазушысы А. П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан
үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын
қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге
кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде
отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға
төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы
тиіс.[4]
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды
көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы.
Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің
өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір
жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл
икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа
объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез
келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде
зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста
түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Алаң болушылық деп белгілі бір
объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге
ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң
болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі.
Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу
мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды.
Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі
әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені
олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері
өз дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп
істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде
басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы
өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле
алмаушылықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемсіз
келетіндігінен.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін
зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы
зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен
қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның
сөзін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды,
түсінгенін жазып отырады кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек
процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі
өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше
дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.)
бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар
бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді
және т. б... Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле
білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле
білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ
оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке
оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды.
Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық сыныпты не жеке оқушыларды, не
өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады.
Осының салдарынан сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін.
Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу
және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің
физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: "...біз бір
іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір
істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының
тежелудегі бөлімдерімен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен
байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады".
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің
санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер
тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 110
бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5—9 әріпті қамти алатынын, 12—14 әріптен
тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр.
Зейін көлемін арттыру үшін балаларды комплекс заттарды байқай алуға,
оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі
құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден
оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған
тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық
тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты
кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып
табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді
де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді.
Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже
шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей
қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын
мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін
ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.

1.2. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін
ойын арқылы дамыту

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін
арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал
бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни
ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз - халықтың баланы әдептілікке,
сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру
ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың
маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа
деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті
болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысында таным процесін дамыту
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Кіші мектеп жасындағы балалардың көру бұзылысын зерттеу
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Пәндер