Кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы

Орындаған: Педагогика және
психология мамандығының студенті
Ажимова Р.К.
Жетекші:

Орал 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктер түрлері,
оларды түзету жолдары
1.1. Баланың сөйлеу тіліңдегі дыбыстардың
бұзылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері және оларды
түзетудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
1.3. Балаларда тұтығудың пайда болу себептері
және тұтығудың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..21
ІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы сөйлеу тілі бұзылған балаларды зерттеу және
түзетуге арналған жаттығулар
2.1. Дизартрияға шалдыққан балаларды
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2. Түзету жұмысының негізгі
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі34

Кіріспе
Логопедия дегеніміз – сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу
себептерін, болдырмау жолдары, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі
жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым. Логопедия – логос
(сөз және пейдес) тәрбиелеймін, үйренемін деген грек сөздерінің түбірінен
алынған. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі
болып есептеледі Логопедияның зерттеу объектісі –сөйлеу тілінің бұзылуынан
зардап шеккен адам. Механикалық (органикалық) дислалия артикуляциялық
аппараттың құрылымының бұзылуымен байланысты: бұрыс (прикус), тістердің
бұрыс құрылысы, аномальді үлкен және кішкентай тіл, тіл ершігінің қысқа
болуы. Аталған дефектілер сөйлеу дыбыстарының дұрыс айтылуын қиындатады.
Қызметтік (функционалдық) дислалия көп жағдайда төмендегілерге: баланың
отбасында сөйлеудің бұрыс тәрбиеленуіне (баламен сөйлесу кезінде
үлкендердің асыра еркелетіп няня тілін қолдану); баланы қоршаған жақын
адамдарының дыбысты дұрыс дыбыстамауына; педагогикалық салғырттыққа,
фонематикалық тәрбиелеудің жетілмеуіне байланысты. Сондай-ақ қызметтік
дислалия кіші мектеп жасында екі тілді бірдей уақытта меңгеретін балаларда
кездеседі, және де екі тілдік жүйе дыбыстарының сөйлеу кезінде араласуы
байқалуы мүмкін.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сейлеуі де кедергі болады. Бала әр
тілде сейлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу
ерекшелігіне жиі ауысып отырады.
Дислалиясы бар балада артикуляциясы бойынша қиын бір не бірнеше
дыбыстардың айту бұзылыстары болуы мүмкін (ысқырықты, ызың, р,л).
дыбыстарды айтудың бұзылыстары белгілі бір дыбыстардың жоқ болуы,
дыбыстарды қыңырайтуы немесе оларды алмастыру арқылы көрінуі мүмкін.
Балалардың нормативті дыбысты айтуы төрт жасқа дейін біртіндеп
қалыптасуы жүреді. Егер балада төрт жастан кейін дыбысты айту дефектісі
байқалса, ол баланы логопедке міндетті трде қаралуы қажет. Дегенмен,
сөйлеудегі дыбысты дыбыстаудың дамуы және оның бұзылыстарына арнайы жұмысты
ерте бастауға болады.
Функционадлы дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында өшқандай
кемістік болмасада, сойлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа сөзбен
айтканда - ешкандай органикалық негіз жоқ. Функционалды дислалияның көп
тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін ұйде дурыс тәррбиелемеу ден.
Кейде ересектер, баланың былдырдаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа
дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып болады. Қорытындысында көп уақытқа
дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы
кешеуілдеп қалады. Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің
жетілмеуінен де болуы мүмкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды
ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Мысалы: ұяң және қатаң
дауыссыздарды, жіңішке және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда.
Қортылуында, дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуындағы бұндай қиыншылықтар
ұзақ уақытқа кешігеді. Сонымен бірге дыбысгардың сөйлеу тіліндегі
кемшіліктері, әсіресе сөздердегі алмастырулары мен шатастырулары уағында
фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін, ал егер
олай болса,қалған жағдайда, оның салдары жалпы сөйлеу тілінің толық
дамымауына және жазуы мен оқуының бұзылуына себебін тигізетіні сөзсіз.
Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің,
төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан да болуы мүмкін. Соның
салдарынан бала тілін қалыптагы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе
қажетті қимылдарды тез арада орын алмастыра алмайды.
Қазіргі таңда сөйлеу тілі бұзылуын түзету маңызды мәселе болып
табылады. Сөйлеу тілі бұзылуының түрлерін түзетумен және сауықтандыру мен
ойдағыдай айналысу үшін сөйлеу тілі бұзылуының себептерін
симптоматикасын, себептерін және механизмін білу қажет. Бұл логопедия басқа
ғылымдармен тығыз байланысты екенін анықтайды. Олардың ішінде педагогиканы
(жалпы және арнайы педагогиканы) медицинаны, лингвистиканы атауға болады.
Осы мәселені зерттеу бағытында алған курстық жұмысымның тақырыбы Кіші
мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзулуы деп аталады.
Тақырыптың өзектілігі: Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін.
Қағида бойынша балаға сөйлеу тіліңдегі дабыстарда әлі дұрыс қалыптаспаған
жас баламен әрдайым қалыптасып сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді. Бала
үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дабыстардың бұрмалануы жиі
еліктейді, балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам
сөйлейтін быдық, кейде тіпті жергілікті тілдің ерекшеліктерімен сөйлейтін
адамдардың арасында көп болып, сөздерін тыңдаудын да ерекше зиян тиеді.
Балалардың дыбыс айту ерешеліктері өнегесіз тәрбиенің себебімен де жиі
пайда болады, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуында жанында
жүретін ересек адамдар мүлде көңіл аудармайды. Сөздегі дыбыстардың
қателігін түзетпейді, өз сөзімен түсінікті етіп анық айтудың үлгісін
көрсетпейді. Басқаша айтқанда баланың сөйлеуге дағдылануының дұрыс
жетілуіне ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс,
Зерттеу мақсаты. Кіші мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктері
туралы түсінік беру, дұрыс сөйлеуге үйрету және оларды түзетуге арналған
жаттығулар мен теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
- кіші мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктері туралы
түісінік беру;
- тіл кемістіктерін зерттейтін ғылымдар және оларды түзетуге
арналған жаттығулармен таныстыру;
- кіші мектеп жасындағы оқушыларының сөздік қорын тексетудің
әдістемесін құрастыру.
- кіші мектеп жасындағы оқушыларының сөздік қорының деңгейін
анықтау.
- проективті әдістер мен жаттығулар арқылы тіл кемістіктерін
түзету ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу объектісі. Кіші мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктер
түрлері және оларды түзетуге арналған әдістер.
Зерттеу пәні. Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің
бұзылуын зерттеу және түзету.
Ғылыми болжам. Егер кіші мектеп жасындағы оқушыларының лексикалық
сөздік қорын белсенді түрде дамытсақ, әр түрлі арнайы әдіс - тәсілдер
арқылы молайтсақ, олардың білім деңгейлері, сөйлеу сапалары, сөздердің
мағынасын түсінуі, өз ойын дұрыс жетік жеткізуі осы сапаларының барлығы
жоғары болады. Көптеген арнайы мекемелер, реаблитациялық орталықтар ашып,
арнайы техникалар пайдаланып дамытамыз деген болжам бар.
Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми–педагогикалық, тарихи-
әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау;
ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.
Зерттеу нысаны. Кіші мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктері,
дұрыс сөйлеуге үйрету. Отбасында бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Тәжірибелік пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
І тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктер түрлері, оларды
түзету жолдары
1.1. Баланың сөйлеу тіліңдегі дыбыстардың бұзылуы
Сөйлеу тілінің дамуы бірізділікпен, жүйелілікпен дамиды. Адам бүкіл
өмірін сөйлеу тілін меңгерумен, оны байылумен өткізеді. Алғашқы балалық
шақта қарапайым сөйлеу тілін меңгереді. Өз ойын жеткізу мүмкіндігі жас
ұлғайған сайын дамып, сөздік қоры молая түседі. Бала даму үстінде күрделі
сөз түрлерін пайдалана бастайды, көп түрлі синтаксистік сөздерді құрай
бастайды.
Мектеп оқушыларының сөздік қорларын молайту өте кең тұрғыда және
жүйелі жұмыс ретінде жүргізуі қажет.
Мектеп балаға, оқушыға, әдеби тілінің нормасын үйретеді. Мектепте
оқушы әдеби тілді, оның әдеби, ғылыми және ауыз екі сөйлеу түрлерін
меңгереді. Оны толығырақ айтсақ, оқушының сөздік қоры байиды, мыңдап жаңа
сөздер, сөздердің жаңа мағыналарын үйренеді.
Мектеп оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырады, ал оның аумағы өте
кең. Оқушының сөздік қорының дамуы жалғыз мектепке ғана байланысты емес деп
санауға болмайды. Мектеп бала тілінің даму процесінде негізгі қызметті
атқаратыны рас, бірақ ол бірден бір фактор емес.
Адамның жалпы өсіп дамуында, жеке басының қалай қалыптасуында, оның
өскен қоғамдық ортасының қызметіне де байланысты.
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, оған өскен ортаның әсері болатыны
заңды.
Сөздік қордың молаюы оқушының мектептен тыс қоғамдық ортада,
әлеуметтік ортада дамиды.
Тіл дамыту яғни, сөздік қорының дамуына қатысты бір мәселе – ой
дамыту. Өйткені тіл – ойдың сыртқы көрінісі, сөйлеу арқылы ойды білдіреміз.
Ал ойдың сөзге орнауы ойдың нақтылануына, ойдың жүйеленіп, айқындалуына
мүмкіндік жасайды.
Бала мектепке келгенде, оның сөйлеу тілі біршама қалыптасып, өзінің
интелекті дамуының деңгейіне сәйкес, тілдегі сөзді қолдана алады. Олар
қарапайым сұрақтарға жауап беріп, өздері де сондай деңгейдегі сұрақтарды
қоя алады. Бірақ бастауыш сынып оқушыларының әңгімелерін ата - ана, мұғалім
әрдайым қопаштап, көтерме сұрақтар қойып, баланың ойын, сөздік қорын ары
қарай дами түсуіне ықпал етіп отыру керек. Себебі бастауыш сынып
оқушыларының монологтық тілі дами қоймайды.
Дислалия кезіндегі дыбысты дыбыстаудың (айтудың) бұзылуы
артикуляциялық аппараттың аномалиясымен немесе сөйлеулік тәрбиелеудің
ерекшеліктерімен байланысты. Осыған орай механикалық және қызметтік
(функционалдық) дислалияларды ажыратады. Сөйлеу тілі мүшелерінің күрделі
қимылдарын және тілдің қатысуын онша көп керек етпейтін м,н,т,п дыбыстары
сирек бұзылатыны ал басқа дауыссыз дыбыстардың кез-келгеніжиі бұзылып
айтылатындығы байкалады
Әсіресе сөйлеу тілі мүшлерінің қиьш айтыдатын р,л тіл дыбыстары,
ысқырық с,э,ц және ызың ш,ж,ч,щ дыбыстары жиі бұзылады.
Әдетте қатаң және ұяң дауыссыздар сынарларымен қоса бірдей бұзылады.
Мысалы: бала, с,з, дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда жіңішке сыңарларының да
ақауы болады. Р, л дабыстарыңың жана жіңішке сыңарлары көбінесе дүрыс
айтылада өйткөні бұл дабыстардаң жіңішке сыңарлары сөйлеу тілі мұшелөрінің
ыңғайына қарай көліп түрада.
Баланың сөйлеу тіліңдегі дыбыстардаң бұзылуы түрліше болады, мысалы
көз келген бір дабыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ал дайсы бірі оларда
бүрмалап немесе басқа дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін.
Бұзылудың осы түрлерін жеке-жеке қарастырып көрейік. Сөйлеу тіліндегі
дабыстардың түсіп қалуы сөздің басында, ортасында және аяғында кездесуі
мүмкін. Мысалы: ракета-акета, тарақ-таақ,батыр-баты.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалаған кезде тіл
дыбыстарының жүйесінде болмаған түсініксіз дабыстарды шығарады. Мысалы: Р
дыбысын айтқанда жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті дірілдеп, қырылдаған
дыбысын немесе кішкентай тіл тәрбиеліп,көмейден ырылдаған тұрпайы р
дыбысы, тілін шайнап с дыбысын, тілін бұрап бір езуін ш дыбысын,
еріндерін үрлеп л дабысын шығарады.

Тіл дыбыстарының жүйесіндегі бір дыбыс екінші дыбыспен алмастырылып
айтылады, алмастырулардың мынадай түрлері болуы мүмкін:
1. Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуында
айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы тіл артық түзелмелі шұғыл
дыбыстарын тіл алды т,д шұғыл дыбыс орына алмастырылады. Кәмила-Тәмила,.
ГҮЛ-ДУЛ;
2 Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы
бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл алды с дыбысы тіл алды т
дыбысына алмастырылады. сабын-табын;
3. Жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша
айырмашылығы бар с дыбысына алмастырылады. мысалы: Самат, Фамат ж.т.б;
4. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы тек жасалу жолдары ұқсас дыбыстар
дауыстың қатысуымен шығатын дабыстармен, мысалы ұяң дабыстар қатаң
дыбыстармен алмастырылады. болат-полат, қозы -қосы
5. Жасалу жолдары ұқсас дыбыстар мен сөйлеу мүшелерінің белсеңді
әрекеттері бойынша шығатын дабыстар жуан және жіңішке белгілерімен
айқындалатын дыбыстармен, мысалы: жіңішке дыбыс жуан дыбыспен, жуан дыбыс
жіңішке дыбыспен алмастырады: пяз-паз, өрік-өрық:
Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалия
қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында
бұзылған дабыстардың саны төртке дейін болса оны карапайым, ал одан көп
болса күрделі дислалия дейді.
Егер сөйлеу тілінің айтылуьнда бұзылған дыбыстардан лықтары дыбыс
шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бір топтағы мысалы,
ысқырықтар дыбыстарда болса,оларда моно-морфиялық дислалия дейді. Егер
бұндай ақаулықтар дыбыс шығарудагы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі
бірнеше топтардағы мысалы, ротацизм, сигматизм жөне ламбдацизм дыбыстарда
болса, оларды полиморфиялык дислалия дейді.
Белгілі бір топтагы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай
дислалия мынандай түрлерге бөлінеді;
1. Сигматизм гректің сигма деген әрпінің дыбысталуымен ысқырық с,с,
э,з ,ц және ызың ш,ж.ч, щ дыбыстарының айтылуындағы ең көптараған
түрлері.
Мүкістіктерік білдіреді. Мүкістіктер-сөйлеу тіліндегі дыбыстардың
айтылуындағы ең көп тараған түрлері.
2. Ротацизм гректің ро деген әрпі р дабысын білдіреді, р
дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік
3. Ламбдацизм гректің ламбда деген әрпін л дабысын білдіреді, л,
л1 дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуықда болатын мүкістік.
4. Сөйлеу тіліндегі айтылуында болатын таңдай дыбыстарының
ақаулықтары;
• каппацизм - к,к , дыбыстары;
• гаммацизм - г, г , дыбыстары;
• хитизм – х, х , дыбыстары;
• йотацизм й дыбысы;
гректің капп, гамма, хи, йота деген әріптері қ,г,х,й дыбыстарын
білдіреді.
5. Ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы-сөйлеу тіліндегі ұяң дауыссыз
дыбыстарының айтылуындағы ақаулықтар. Бұндай ақаулықта ұяң дауыссыздар
өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырада: в-п, д-т, в-ф, з-с,
ж-ш, г-ғ, к-қ.
Бұндай ақаулықтар құлағы нашар еститін керең балаларда жиі кездеседі,
6. Жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары, Сөйлеу тіліндегі жіңішке
дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру
ақаулықтары: д-д, п -п, кх к# р -р.
Өздерінің жіңішке сыңарлары жоқ ш,ж,ц дыбыстары мен қатаң сыңарлары
жоқ ч,щ,й дыбыстарында бүтіндей ақаулықтар кездеспейді
Ринолалия дегеніміз – сөйлеу тілі аппаратының анатомо–физиологиялық
ақаулығының салдарынан дауыстың әлсіздігімен дыбыстың дұрыстың дұрыс
айтылуының бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дұрыс әуезінің
бұзылуының қатарласып келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға
мүмкіндік береді.
Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару фонация, дауыс пайда болу
механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен
мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. адамның сөйлеу
мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық
дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ
пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.
Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы және жанындағы бұлшық
еттердің жиырылуының әсерінен тағдай мен жқтқыншақтың жабысуы арқылы
бөлінеді.
Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылмен жұтқыншақтың
артқы жағының қалыңдауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ
таңайдың артқы арт жақ үсті жұтқыншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік
туғызады.
Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының жалғасу деңгейі жұмсақ
таңдайдың ұзындығына байланысты өзгері мүмкін.
Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айылуы мен сөздің шапшаңдығына қарай
жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әртүрлі биіктікте жоғары
көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылатын дыбысқа
байланысты және ол дауыссыздарға қарағанда дауыстыларда аз ашылады. Егер
жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының
аралығында 6-мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды
мұрыннан естілетін үн пайда болады.
Тағдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы с дыбысын айтқан кезде
болады. Бұл а дыбысының қабысуы кезіндегіге қарағанда 6-7-мәрте күштірек
кетсе болдаы. М, н,ң мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағыны мұрын
резонаторының кеңістігіне емін-еркінкіріп кетеді.
Ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі
ауыз жолы арқылы өтеді де, сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады.
Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа толық жабылмай, бір шеті
ашық қалса, ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен
мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстың үні жаңғырып
естілетін болады. Бұндай жағдайда, әсіресе, дауысты дыбыстарды айтқан кезде
үннің әуені өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде и мен у дыбыстарының үн
әуездері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында ауыз
жолы басқаларына қарағанда көбірек тарылады. Е мен о дыбыстарын айтқанда үн
әуездері білінер-білінбес қана естіледі. Ал а дыбысының мұрыннан естілуі
тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы
кең ашылады.
Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуездерінің бұзылуымен қатар
кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық
свистящих және ызың щипящих дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі.
ф,в,х сол сияқты ерін-тіс п, б, д, т, к, қ, г, р және үнді л,р
дыбыстарын айтқан кезде де үн әуездері ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын
қамтамасыз етеін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды. Ашық
ринолалияда ұзақ созып айтқанда шығатын ауа ағымының әлсіздігі сондай,
тіпті р дыбысын шығаруға тіл ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді.
Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі мүмкін.
Органикалық ашық ринолалия іштен туа біткен түрлеріне жұмсақ қатты
таідайлардың жарылуы жатады. Сыртқы соққының залалынан пайда болатын
органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы
және жұмсақ таідайдың сыртқы соққының әсерінен сау болып қалуы жатады.
Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бұған
баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың
балбырап босаңсуы мысал болады. функционалды ашық ринолалия талма ауруы
истерия ұстаған кезде өздігінен болатын ақау сияқты, ал кейде еліктеу
сияқты болып көрінеді.
Функционалды ашық ринолалия болжауы органикалыққа қарағанда едәуір
қолайлы. Фониатриялық жаттығудан кейін мұрын жолды әуез жойылады, ал
дыбыстарды айтылуының бұзылуын дислалия кемістіктерінде бұрын қолданылған
тәсілдерді пайдаланып жояды.
Ринолалиядағы таңдай мен еріннің жырық болып тууының себебі логопедия
мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып саналады
хирургиялық, стоматология, ортодондтия, отоларинология, медициналық
генетика және т.б. . Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және әштен
дамыған ауыр кесел.
Осы кеселдің салдарынан баланың дамуы барысында қатты функционалды
бұзылу пайда болады. Ерні мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте
үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреунің жарылуы баланың
соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылаған бала сору
қабілетінен мүлде айырылады.
Баланы тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға
шалдыққыш келеді. Жырық балалардың көпшіліг жоғарғы тыныс жолының қабынуы
бронхитқа, қан азаю, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады.
Бұндай балалардың лор мүшелерінде: мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын
желбезегінің өзгеруі, тамақ көмей бездерінің өзгеруі сияқты патологиялық
өзгерістер байқалады. Бұл балаларда мұрындарының ісіп, қызаруы жиі болып
тұрады. Ісіп қызару барысы мұрынның шырышты қабағына, жұтқыншақтың
евстахиев түтігіне ауысып және орта құлақтың қабынуын қоздыруы да мүмкін.
Жиі ісулердің созылмалы ауруға айналуы есту қабілетінің нашарлауына себепше
болады. есту қабілетінің төмендігі әр түрлі дәрежедегі жырық таңдай
балалардың шамамен 60-70% сөйлеу тілін түсінуге аса қиындық туғызбайтын
шала еститіндермен айтарлықтай мүкістігі барлар. Ерін мен таңдай
құрылысының анатомиялық ауытқуы үстіңгі жақ сүйектің дұрыс дамуына және
қиқы-сиқы орналасқан тістердің дұрыс тістенбеуімен тығыз байланысты.
Ерін мен таңдайдың ақаулығынан пайда болып жатқан функционалды
бұзылулар дәрігерлердің үнемі бақылап отырыуын талап етеді.
Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатрдың
міндетіне жүктеледі. Ол нәрестенің күнделікті тамақтандыру ережесін,
сақтандыру және емдеу шараларына жетекшілік етеді, қажет болған жағдайда
қатынап немесе жатып емделугекеңес береді.
Үстіңгі ерінді хирургиялық жолмен қалпына келтіруді нәрестенің дүниеге
алғашқы келген күдерінде перзентханада жасалады.
Таңдайдың жырығына стомотолог-ортодент әр түрлі аспаптарды, соның
ішінде хирургиялық емдеуге дейінгі тамақтануын жеңілдететін және сөйлеу
тілінің дамуына жағдай жасайтын абтураторды қолданады. Оторинолог құлақтың,
мұрын жолынының, мұрын жұтқыншақтың және көмейдің ауруларын анықтайды,
өзгерістерін емдеп алдағы болатын хирургиялық емдеу жұмысына дайындайды.
Ой өрісі дамуында ауытқуы бар және жүйке ауруы айқын білініп тұрған
балаға невропатолог кеңес береді.
Таңдайдың жырығын қалпына келтіру үшін хирургиялық емдеуді көп
жағдайдарда мектеп жасына дейінгі балаға жасайды.
Таңдайдың жырығы бар балалар психикасының дамуының жағдайына
байланысты психикасы дұрыс дамыған бала ой-өрісінің дамуы кешеуілдеген
бала; ақыл ойы кем бала болып үш түрге бөлінеді. Неврологиялық тексерудің
көрсеткенінне қарағанда бас миының зақымданған белгісі әдеттегіндей
байқалмайды. Кейбір балаларда жкелеген неврологиялық болмашы белгілер бар.
Нерв жүйесінің функционалдық бұзылуы балаларды едәуір жиі кездеседі, кейде
айтарлықтай психогенді әлсіздігі көтеріңкі қызбалығы да байқалады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, таңдайдың іштен туа біткен жырығы
баланың сөйлеу тілінің дамуына теріс ықпал етеді.
Ерін және таңдай жырықтарының сөйлеу тілінің дамуының қалыптасына әр
түрлі роль атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне
байланысты.
Жырқтың мынандай түрлері кездеседі:
1) Үстіңгі еріннің жырығы, үстіңгі және жақ сүйектер жырығы;
2) Қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы;
3) Үстіңгі еріннің жырығы, тіс түбі қызыл ет өскіні жәнетаңдайдың
бір жақты немесе екі жақты жырығы;
4) Таңдайдың шырышты қабығы асты жырығы.
Жырық ерін мен жырық таңдайда барлық дыбыстар мұрыннан немесе мұрын
жолы реңімен айтылып сөйлеу тілін түсініксіз етіп бұзып жібереді.
Ауыздағы асын жұтқанда мұрын жолына кетіп қалмас үшін бала жастайынан
тілінің арт жағын көтеріп, мұрын жолын жабатынды дағдыға айналдырған.
Бұндай әдет баланың сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетін өзгертеді.
Сөйлеген кезде әдеттегідей аузын аз ашады және тілінің үстін
қалыптағысынан жоғары көтереді. Тілдің ұшы осыған байланысты жеткілікті
мөлшерде қимылдамайды. Бұнда әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады,
себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілген кезде ауыз қуысы мұрын қуысына
ауа өтіп кететіндей жағдайға келеді де мұрын дыбысының реңін күшейтеді.
П, б, ф, в дыбысын айтуға талаптанғанда ринолалиясы бар бала өзінің
тәсілін қолданады. Дыбыстардың жұтқыншақ қаңумен алмастырылуы
ринолалияның ауыр түрімен шалдыққан баланың сөйлеу тілін өте өзгеше түрде
сипаттайды. Көмекей қақпағы тілдің артқы жағына жанасқан кезде қақпақ
жабылғандағы дыбысқа ұқсаған қағу пайда болады.
Сөйлеу тілі органдарының жұмыс істеуінде қауіпті өзгерістердің пайда
болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық жұмысты операцияға дейін
бастау қажет. Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың белсенділігін
дайындайды, тілдің түбін қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық еттерінің
қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының
барлығы хирургиялық өңдеудің және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі
болып шығуына қолайлы жағдай туғызады. Хирургиялық емдеу жұмысы
аяқталғаннан кейін 15-20 күндей арнайы жаттығуларды қайталайды, бірақ
сабаққа қойылатын ең негізгі мақсат жұмсақ таңдайдың қимылын одан әрі
дамыту болады.
Ринолалияға шалдыққан балалрдың сөйлеу тілінің қызметін зерттеудің
нәтижесінде сөйлеу тілінің жасалу жағдайының анатомо-физиологиялық
сапасының нашарлығын сөйлеу тілінің қозғалтушы бір бөлігінің шектелуі тіл
дыбыстарының дамуын кеселдендіріп қана қоймай, сонымен бірге көп
жағдайларда оның барлық бөлігіндегі жүйелерінің аса қатты бұзылатынын
көрсетеді.
Жасы ұлғайған сайын баланың сөйлеу тілі дамуының көрсеткіші
нашарлайды, жазу тілінің әр түрлі үлгілерінің бұзылу салдарынан
ақаулығының құрылымы асқынады.
Ринолалиясы бар баланың оқуда және келешекте мамандық таңдауда кедергі
болатын қиындықтың алдын алу үшін сөйлеу тілі дамуындағы кемістіктері жас
кезінде түзетіліп қалпына келтірудің әлеуметтік және психолого-
педагогикалық ерекше маңызы бар мәселе .
Сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету жұмысының міндеті баланы
тексерудегі анықтаманың нәтижесіне байланысты.
1.2. Сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері және оларды
түзетудің негізгі бағыттары
Дизартрия дегеніміз - сөйлеу мүшелерінің интервациясының
жеткіліксіздігінен байланысты сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері
дизартрия гректің артрон – мүшелену және дис –бұзылу сөздерінен шыққан.
Анықтап айтқанда сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары,
дауыстың пайда болуындағы кемістіктер,сонымен бірге сөйлеу тілінің
шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады.
Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі нерв жүйелерінің
зақымдануының түрліше қисынданып жинақталуына кемістіктердің ауырлығына ,
ақаулықтардың пайда болған уақытына болған уақытына байланысты әр түрлі
дәрежеде көрінеді.
Клиникалық, психиалық логопедиялық тексерудің нәтижесі дизартриясы бар
балалар сөйлеу тілінің, психикасының қимылдарының бұзылулары жағынан әр
алуан екенін көрсетті.Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және
жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әр түрлі келеңсіз жайттардың
тигізетін зиянының нәтижесінде орталық нерв жүйесінің органикалық
зақымдануынан болады.
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып
есептеледі. Алалияға шалдыққан бала тілі шықпаған мақау болады. Ондай
баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемінсіз өздігінен қалыптаспайды.
Алалия дегеніміз – гректің А -жоқ деген мағынада қолданылатынын
латынның IOQOS сөйлеу деген ұғымдарын білдіріп, ал бас ми қабығының
сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезіндегі болатын
органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе
барлық жүйесінің толық дамуынан болатын кемістік.
Алалик балалар педагогика тұрғысынан әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы ақыл есі кем оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясы
Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері
Жазбаша сөйлеу тілі бұзылысының этиологиясы
Сөйлеу тілдің жүйелі кемістігі бар мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысы
Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінде жүйелі кемістіктерді жоюдың әдіс – тәсілдерін талдау, логопедиялық сабақтарда тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін өңдеу
Жалпы мектеп жасындағымекемедегі мұғалімдердің сөйлеуі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмысқа дайындығы
Пәндер