Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы

«Педагогика және психология»

кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы»

Орындаған: Педагогика және психология мамандығының студенті

Жетекші:

Орал 2012ж.


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Сана түсінігі және даму ерекшеліктері

1. 1 Сана түсінігі және құрылымы . . . 6

1. 2. Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы . . . 10

1. 3. Ғалымдардың бала санасын зерттеудегі жұмыстары . . . 13

ІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың санасын дамытуға арналған әдістемелер

3. 1. Балаланың санасы туралы ата аналар жиналысы . . . 31

3. 2. Кіші мектеп жасындағы балалардың санасын дамыту . . . 33

Қорытынды . . . 36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38


Кіріспе

Сана - әрбір жеке адамға тән дара қасиет, ол - психиканың (жанның) ең жоғарғы түрі. Адам сана, ақыл-ойы арқылы дүниенің құпия сырларын ашады, оны танып-біледі. Сананың рухани қасиеті өмір барысында қалыптасып, нығаяды. Оған адамның өскен ортасы, қоғамдық қарым-қатынастар ықпал жасап отырады. Әлеуметтік - экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруінен адамның санасы да біртіндеп жаңарады, әртүрлі күйге түседі, ең соңында өзгереді де. Сананың адам жанында басшылық жасамайтын құбылыстар жоқ. Тіпті, шығармашылық іс-әрекет те сананың қатысуымен жүзеге асырылады. Адамтану ғылымымен айналысушылардың пайымдауынша, адамның мінезін, ой- өрісін, сана-сезімін қалыптастыратын үш жағдай бар. Олар: тұқымға тартушылық, қоршаған, өскен ортасы, өзін-өзі тәрбиелеуі. Алайда жаманнан жақсының, жақсыдан жаманның туатынын да, қандай ортада өмір сүрсе де, қандай азап-қайғы, мұқтаждықты тартса да өзінің ар-намысын жоғалтпайтын, мінез-құлқы өзгермейтін адамдардың да болатынын мына өмірде көріп те, естіп те жүрміз. Әйтеуір, адам жанының жұмбағы көп. Әрбір есі дұрыс, саналы адам - белгілі бір қоғамның мүшесі. Оның өзіндік ерекшеліктері дүние танымынан, түйсігінен, қабілеті мен мінез-қылығынан, талғам, талабы мен мақсат-мұратынан, ұстанған бағыт-бағдарынан, қоғамдық өмірге араласуынан айқын аңғарылады. Ол айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста болу арқылы ғана жеке тұлға болып өсіп, шыңдалады, азаматтық парызы мен қарызын өтей алады. Тек оған жету жолы бұралаң, соқпақты. Жас нәрестенің адам болып өсіп, жетілуі қызығу, еліктеу, талпыныс - тартысқа толы. Ол туралы ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыноа былай деген: « . . . Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше, өзгеден өзін айырмайды. Өзгенің істегенін істеп, дегенімен болады. Есейген сайын өзінің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық шығара бастайды. Ержеткен сайын дүниенің ісіне өзінше сүйініп, өзінше күйініп, өзінше жол тұтып, өзінше өміріне жол белгілеп, жақсылық, жамандыққа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, өзінше пікірлейтін болады. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Баланың ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Балалар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.

Бүгінгі мәселе - сана және оның дамуы. Сондықтын курстық жұмысымның тақырыбын «Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы» деп алды. Мен бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып, оларды белгілі жүйемен іздестіруді шолу жасаумен бастайын.

Тақырыптың өзектілігі: Сана - қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Ойлау - адам санасының маңызды ерекшелігі. Баланың жеке өзінің ойлары, сезімдері, зауқы, бағалауы, оның дұрыс немесе бұрыстығы туралы ойлау қабілеті мынаны білдіреді: оның санасы тек қана объективті нағыздықты емес, сонымен қоса өзін-өзі көрсете алады, демек, ол - жарқ етудің көрінуі, өзіндік сана.

Зерттеу мақсаты. Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы туралы түсінік беру, балалардың санасын, ақыл ойын дамытуға арналған жаттығулар мен теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.

Зерттеу міндеттері:

  • кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы туралы түісінік беру;
  • сананы, ақылды зерттейтін ғылымдар және дамытуға арналған жаттығулармен таныстыру;
  • кіші мектеп жасындағы оқушыларда сананы дамытудың әдістемесін құрастыру.
  • кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл ойын, санасын дамытуға арналған жаттығуларды анықтау.
  • проективті әдістер мен жаттығулар арқылы сананы дамыту ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.

Зерттеу объектісі. Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы және дамытуға арналған әдістер.

Зерттеу пәні. Кіші мектеп жасына дейінгі балаларда сана дамуын зерттеу және дамыту.

Ғылыми болжам. Егер кіші мектеп жасындағы балалар санасынан орын алған субъективті шындық, ал оның санасынан тыс тәуелсіз болып жатқандар объективті шындық екендігін жақсы аңғарады. Баланың өзін-өзі тануы және өзінде болып жатқандардың, өзінің санасынан тысқары болып жатқандардан тәуелсіз екендігін білуі - бала санасының аса маңызды ерекшелігі болып табылады. Баланың санасын, ақыл ойын белсенді түрде дамытсақ, әр түрлі арнайы әдіс - тәсілдер арқылы молайтсақ, олардың білім деңгейлері, сөйлеу сапалары, сөздердің мағынасын түсінуі, өз ойын дұрыс жетік жеткізуі, айналадығ болып жатқан құбылыстарды қабылдау сапаларының барлығы жоғары болады. Көптеген арнайы мекемелер, реаблитациялық орталықтар ашып, арнайы техникалар пайдаланып дамытамыз деген болжам бар.

Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.

Зерттеу нысаны. Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуын зерттеу. Отбасында бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.

Тәжірибелік пайдасы. эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата-аналармен жұмысында, педагог-психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.


І тарау. Сана түсінігі және даму ерекшеліктері

1. 1 Сана түсінігі және құрылымы

Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.

Сана - бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте - анық және жасырын - байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.

Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл - оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.

Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында, - адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.

Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді.

Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері - түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері - адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі - сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы - психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.

Санасыз - санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде) . Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) : ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

Санасыз әрекет - адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т. б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т. б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік - белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері (мотивтері) .

Сананың бүлінуі - орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы - дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т. б. ) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т. б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері - ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т. б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік - ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады. [1]

1. 2. Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.

Балалардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Баланың ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Балалар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.

Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.

Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.

Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.

Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.

Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.

Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.

Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.

Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.

Сана және оның балалық шақта дамуы. Бүгінгі мәселе - сана және оның дамуы. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып, оларды белгілі жүйемен іздестіруді шолу жасаумен бастайық.

Психологияда санаға, ойлауға байланысты өзекті мәселелерді өмір тәжірибесінде маңызды. Біздер әр уақьпта бірінші орынға сананың тарихи дамуын қойып, бұл мәселені ассоциация психологиясының тәжрибе жүзіндегі зерттеулері арқылы қай бағытта және оларды қалайша шешкендіктерін мүмкіндігінше толық баяндап беруді басты міндетім деп санаймын.

1. 3. Ғалымдардың бала санасын зерттеудегі жұмыстары

Бала санасының құрамы әрі оның ажырамас қасиеті идея санадары тегеурінді (персеверациялы) мүлде, бала ондай ойдан тіптен арыла алмайды дейді. Ондай мүлде мен идея сананың төрінен орын альш орнығады да, олардан қашсаң да құтылу қиын деп ой түйеді. Шындығында ойлаудағы күйын және шабыс деген түсшіктер сананың қалыпты жағдайынан ауытқып, сырқат күйге ұшырауы емес пе. Сана үнемі бір орында, бір қалыпты тапжылмай тұра бере ме, әлде ол дамыл, өзгерістерге ұшырай ма? Осы сұрақтың өзі-ақ ойлаудың біраз сыр-сипатын аңғартса керек. Санадағы күйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз. Бірақ психологияның дамуына бұл бағыт салмақты үлес қосты деп айта алмаймыз.

Дегенмен, Эббингауз өзінің көзқарасын қорғау ниетімеі бірнеше мысалдар келтіреді. Онын мұндай мысалдары бір жағынан қарағанда қарапайым болып көрінеді де, ал екінші жағынан алғанда жігі жабыса қоймайтын дерекіліктері бірден көзге түседі. Эббингауз былай деп жазды: Сіз өртенеп жатқан үйдің жабық бөлмесінде қалып қойған адамды көз алдыңызға елестетіңіз және ондай қатерлі жағдайдан құтылу жолын қарастырыңыз. Сол адам осындай хауіпті жағдайда өзін қалай ұстай алар еді, ол қандай күйде болады? Ондай адамның санасы бір жағынан өкпесі алқынып, өз ойымен өзі әуреленіп далбалақта; жүгіріп келе жатқан ауру адамның кейпін еске түсіреді емес пе. Ол есігі жабық қалған бөлмеде өрттен кұтылу айласын іздес тіріп, терезе мен есік арасында ары-бері жүгіріп алақтайды, әлде бір сырттан көмек бола ма екен деп үміттенеді, оған шыдамы жетпесе, онда ол терезеден, қандай хауіпті болса да, сыртқа секіріп түсуге мәжбүр болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы
Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті
Дамуында ауытқуы бар балалардың іс-әрекеттерінің психологиялық негіздері
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Арнаулы оқытудағы Л. С. Выготскийдің теориялары
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Ерте мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамытуда фольклорды қолдану мәселесін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz