Информатика пәнінен өздік жұмыстарды ұйымдастыру


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Информатика пәнінен өздік жұмыстарды ұйымдастыру»

Орындаған:

Тексерген:

Орал 2015ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 «Информатика» пәнін оқытудың жаңа әдістерді қолдану ерекшеліктері

«Информатика» пәнін оқытудың жаңа әдістеріне сипаттама

1. 2 Информатика пәнi және мақсаты . . . 6

2. Информатика пәнінен өздік жұмыстарды ұйымдастыру

2. 1 «Информатика» пәні бойынша өздік жұмыстарды ұйымдастыруда белсенді таратпа материалдардың қолданылуы . . . 9

2. Информатика пәнінен өздік жұмыстарды ұйымдастыру

2. 1 «Информатика» пәні бойынша өздік жұмыстарды ұйымдастыруда белсенді таратпа материалдардың қолданылуы . . . 13

2. 2 Информатика пәнінен оқушылардың өздік жұмыстары . . . 15

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29


КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін еңгізу мүмкін емес. Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парсатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білім мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы.

Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі- оның білімнің, шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап, беру мен бетік белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Өздік жұмыстар ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалуы қажет:

1. Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек; .

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті;

3. Өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әртүрлі болуы керек; .

4. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады;

5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезендерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс-тиәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.

Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығу, т. б. ) қалыптасуына әсер етеді.

Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттауға, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың, үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың, шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.

Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский: «Сабақ жас өспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасмөспірімдер үшін рухани өмірдің тілегін ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деп айтқан екен.

Олай болса, қызықты сабақтар-мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. Ұстаз көкейіндегі шәкірттерді өзіне баулып алу үшін «Не істей аламын», «Не істеу керек»-деген сұрақ - сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына, ал нәтижелер жобасы- практикаға еңгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі-білім сапасы болмақ.

Адам ақпараттық қоғамға көшу үрдісінде үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдауға, оны өңдеуге қазіргі замандағы құралдар мен әдістерді меңгеруге, ақпаратпен жұмыс жасағанда анықталған мәдениет деңгейін және қазіргі замандағы техникалық құралдарды меңгеруге дайын болу керек.

Басқа маңызды аспектілердің бірі - білім беруді даралау. Еңбек нарығы мамандардан бәсекелестікке қабілеттілікті талап етеді, сондықтан, қазіргі жұмысшыға тамаша кәсіптік дайындық, тәжірибе және терең теориялық білім қажет.

Зерттеу мақсаты: информатика пәнінен өздік жұмыстарды ұйымдастыру формаларымен танысу, өздік жұмыстардың ерекшеліктерін көрсету.

Зерттеу міндеттері:

  1. Информатикадан өздік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы туралы түсінік беру;
  2. Өздік жұмыстарды орындауда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  3. Информатикадан өздік жұмыстардың түрлері туралы түсінік беру.

Зерттеу пәні: информатикадан өздік жұмыстарды ұйымдастыру

Зерттеу объектісі : мектептерде информатика пәнін оқыту

Зерттеудің теориялық-практикалық негіздері : бұл жұмысты өзін-өзі оқытуда көмекші құрал ретінде қолдануға болады. Оның көмегімен қолданушы қысқа уақыт ішінде базалық компьютерлік техниканы өздігінен меңгереді, оны өзінің қызметінде қайда және қашан қолданатынын ұғады. Осындай оқыту әдістемесінің көмегімен өзін-өзі бақылау құралын әрқашан жасай алатын болады, яғни нәтижесін тексере алады. Оқушыларға ғана емес компьютерлік технологияларды үйренемін деушілерге де пайдалы болады деп сенеміз. Құралдағы барлық жаттығулар мен тапсырмаларды орындау арқылы қолданушы компьютерде жұмыс істеу дағдыларын және информатика курсында өтетін теориялық материалдарды өздігінен меңгере алады.

Зерттеу болжамы: зерттеу жұмысы бағдарламалық ортаны меңгеру үрдісін жылдамдатуға, кәсіптік есептерді шешу үшін жұмыс жасау технологиясы мен оның мүмкіндіктерін жалпылауды тездетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу құрылымы: 2 бөлімнен тұрады: 1 -бөлімде оқыту жүйесі жағдайында «Информатика» пәнін оқытудың ерекшеліктері мен оларға жалпы сипаттама беріліп, өздік жұмыстар сабақтарын ұйымдастыруда пайдаланылатын белсенді таратпа материалдардың қолданыстағы нұсқалары ұсынылады. Әрбір нұсқадағы материалды оқушының дәріс материалын және басқа да ақпарат көздерін пайдаланып өз бетімен толтыруы ұсынылады. 2-бөлім зертханалық сабақтарда «Информатика» пәнін қамтитын барлық тақырыптарға арналған тапсырмалардан тұрады.


1 «Информатика» пәнін оқытудың жаңа әдістерді қолдану ерекшеліктері

«Информатика» пәнін оқытудың жаңа әдістеріне сипаттама

Қазақстанның қазіргі уақыттағы білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне енудің күрделі мәселесін шеше отырып, қайта құрылып өзгеру үрдісі үстінде. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсегеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. Әрине, аталған мақсатқа қол жеткізу үшін әлемнің жетекші елдерінде қалаптасқан білім берудің мол тәжірибесін жан-жақты зерттеп, ұтымды жақтарын алу және әлемдік стандарттар деңгейінде білім беріп қана қоймай, бәсекеге барынша қабілетті, білімді мамандар дайындау. Осының нәтижесінде заман талабына сай еліміздің жоғарғы оқу орындарының едәуір бөлігінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылуда.

Оқытудың кредиттік жүйесі білім берудің жаңа технологиясы. Ол оқушының өз бетінше, шығармашылық негізінде білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология. Сонымен қатар, бұл жүйенің бұрынғы классикалық жүйеден негізгі айырмашылығы - оқушы болашақ мамандығына қажетті білімнің негізгі бөлігін өзі ізденіп, тауып меңгереді.

Қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы өте зор екендігі белгілі. Осыған орай барлық оқу орындарында жалпы білім беретін информатика курсы міндетті пән ретінде оқытылуда.

Информатиканы игеру барысында оқушылар ақпараттық компетентті жанға айналуы тиіс, яғни бұл пәнге компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты игеруді, оқушыларға әлемнің ақпараттық бейнесін үйретуді, ақпарат әлемінде оң мен солын танитын біліктілікті калыптастыру жүктеледі.

Информатиканың білім беру мен тәрбиелеуге қатысты барлық процестерді реформалау функциясын да атап өту қажет. Бұл мәселе ҚР Президентінің жолдауларында да айтылды: «Мұнда педагог рөлі өзгереді, оның негізгі міндеті - оқушының жеке тұлға ретінде дамуын, оның шығармашылық ізденісін сүйемелдеу және бағдарлау, біріге жұмыс істеуді ұйымдастыру». Оқу процесінің технологиялық жағынан қайта жабдықталуы, жаңа педагогикалық технологиялардың пайда болуы алға қойылған мақсаттарға жетуге деген саты болып саналады.

Информатика оқыту әдістемесінің ерекшелігі-оқушы мен оқытушының бірігіп оқу ынтымақтастығын құру концепциясында. Бұл бір жағынан тиімді, өйткені ЭЕМ-нің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуі күннен күнге жаңаруда.

Бұл пәннің тағы бір ерекшелігі болып: оқуды жекелеу мүмкіншілігі және даму, ойлау мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескеріп оқыту. Бұл таңда информатика пәнін оқытуға жаңа талап қойылуда - өзіндік жұмыс, шығармашылыққа үйрету тек анықталған білімді беріп қана қоймай, сонымен қатар, оны өзі ізденіп табатындай етіп үйрету.

Оқу үрдісінде қолданылып отырған кредиттік оқыту технологиясың негізгі ұстанымдарының бірі - оқытуды жекешелеуді жүзеге асырудың басты құралы болып табылады. Даралап оқыту ұстанымы келешекте жоғары сұранысқа ие мамандардың қатарынан көрінгісі келетін білім алушының, өзінің шығармашылық қабілетін арттыруына, өздігінен білім алу негізінде өзін - өзі тәрбиелеуіне жол ашады.

Егер классикалық жүйеде оқытушы - білім беруші болса, кредит жүйесінде - ол білімнің бағытын беруші. Оқытушы дәстүрлі сабақтарда дайын білімді меңгертуші адам болса, кредиттік оқу жүйесінде оқушылардың танымдық, зерттеу қызметін ұйымдастырушыға айналады. Бұл аудиториядағы психологиялық жағдайды да өзгертеді, өйткені оқытушы өзінің оқу-тәрбиелік жұмысына да, оқушылардың жұмысына да зерттеу, іздеу, шығармашылық сипат дарытады. Бүгінгі таңда, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар керек. Пәнді игеруге көмектесетін білімгердің өз бетінше жұмысына қолғабыс болатын нұсқауларды жасау қажет.

Заман талабына сай, оқу процессінде білім берудің белсенді әдістерінің аясын кеңейту керек. Мысалы, білімгердің оқытушымен бірігіп орындайтын өзіндік жұмысын жүргізуде ойын, сұхбат, диспут, дискуссия басқа да әдістермен қатар, өз шығармашылық жұмысын жасап, оны қорғау әдісін де кең қолдану қажет. Бұның барлығы бірінші қатарда білімгердің өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастырады, өз ойын, идеясын логикаға сүйене отырып қорғауға үйретеді, сөз байлығын арттырады.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда дәрісханалык сабақтардың орны үлкен. Мәселен, оқушыларға берілетін сұрақтар өз мамандығына байланысты құрастырылады. Сонда оқушылардың кемінде екеуіне баяндама-реферат жасау тапсырылса, олар берілген тақырып бойынша әр түрлі мағлұмат көздерінен ақпарат жинап, оларды салыстыру бағытында өткізу оқушыларды кызықтыратындығы байқалады. Олар кейбір кітаптардың қазақша терминологиясына сынау жасап, өз ойларын ортаға салуға тырысады. Өзіндік жұмыстың жалпы оқу үрдісіндегі маңыздылығы мынадай ерекшеліктері бойынша сипатталады:

- өзіндік жұмыс оқушы ойларын жазбаша түрде көрсете білумен қатар шығармашылық ойлауының және зерттеу жұмыстарының негізін бекітуін қамтамасыз етеді;

- дәрістен алған білімдерін кеңейтіп, тереңдетумен қатар теориялық, түпнұскалық материалдарды талдау дағдысын қалыптастырады;

- оқу бағдарламасына сәйкес оқушының қаншалықты белсенділік, шығармашылық бағытта өсуін бақылауга мүмкіндік береді.

Өзіндік жұмыс оқушының өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз ортасында өзінің жауапкершілігін сезінуіне, білім қорының артуына, іс-әрекетті жүзеге асыруда практикалык тәжірибесінің жинақталуына, мәселелік жағдайлардың шешімін таба білуіне зор әсерін тигізеді. Ал, мұндай құзіреттіліктер оқушының болашақта кәсіби маман болуының негізгі көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан да, кредиттік оқыту технологиясында оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының өзіндік жұмысына ерекше мән беру қажет деп есептейміз.

Келешек кредиттік оқыту жағдайында оқушылардың өзігінен орындайтын жұмыстарының жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін ендіруді, жаңа ақпараттық технологиялармен өздігінен орындалатын жұмыстарды ұйымдастыруды жаңартуды талап етеді. Сол себепті оқу жүйесінде «Информатика» пәнін жүргізуде оқушының өздік жұмысы (СӨЖ) мен оқушының оқытушы көмегімен орындайтын өздік жұмысына (СОӨЖ) айрықша назар аударылады.

Өзіндік жұмыста негізгі жауапкершілік оқушының өзіне жүктелгенімен де, оқу орны мен оқытушыға артылатын міндет те аз емес. Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда оқытушы оқу үдерісін сабақ беру логикасына бағындырмайды, керісінше, оқушының білімді өздігінен игеру логикасына бағыттайды.

1. 2 Информатика пәнi және мақсаты

Информатиканың ғылым болып қалыптасуы және адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ-ның) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді. Бұл аталым француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан және ақпаратты автоматты түрде өңдеу жөнiндегi ғылым дегендi бiлдiредi.

Кейбір батыс Европа елдерінде және АҚШ-да бұл ғылымға басқа термин қолданылады - «Computer science» (компьютерлік ғылым) .

Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды - документалистика және кибернетика. Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні - құжаттар айналымының (ақпараттардың) тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу. Бұл информатиканың алғы тарихын анықтайды, ол ауыз сөздің, жазудың, кітап басудың, радио, телефон, кино, фотография сияқты ғылым жетістіктерінің, соңында магниттік ақпарат тасушылардың даму кезеңдерімен сипатталады.

Екінші дүниежүзілік сөғыстан кейін әртүрлі жүйелердегі (жасанды, биологиялық, әлеуметтік және т. б. ) автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым - кибернетика екпінді дами бастады. Оның негізін 1948 жылы жарияланған американ ғалымы Норберт Винердің математикалық логикадан еңбектері қалады, ал бұл аталым гректің kyberneticos - басқару өнерлілігі сөзінен шыққан.

Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар. Біріншіден, «Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді. Екіншіден, информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті. Барлық ақпараттар түріне тәуелсіз бір жүйеде, яғни екілік пішімде сақталатыны және өңделетіні есептеу техникасының информатиканың ғылым болып қалыптасуында белсенді рөл атқаруына себепші болды.

Информатика пәні және оның міндеттері.

Информатика - ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа техникалық ғылыми пән. Осы анықтамадан информатика пәнiнiң технологияға жақындығын көруге болады, сондықтан да болар, бұл пәндi ақпараттық технология деп те жиi атайды.

Кең мағынада, информатика - ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.

Информатикада өзарабайланыс сұрақтарына аса көңiл бөлiнедi. Тiптi бұған арнайы интерфейс деген ұғым да бар. Адамның аппараттық және бағдарламалық құралдармен өзарабайланысының құралдары мен әдiстерiн қолданушы интерфейсi деп атайды.

Информатиканың негізгі міндеті - есептегіш техниканың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін жүйелеу. Жүйелеудің мақсаты мәліметтермен жұмыс этаптарын автоматтандыруда және жаңа технологиялық зерттеулерді әдістемелік қамтамасыз етуде, алдыңғы қатарлы, барынша тиімді технологияларды таңдау, енгізу және дамыту. Тәжірибелік қосымша үшін информатиканың негізгі міндеттері құрамында төмендегі бағыттарды көрсетуге болады:

- есептеу жүйелерінің архитектурасы;

- есептеу жүйелерінің интерфейсі;

- бағдарламалау;

- мәліметтерді түрлендіру;

- ақпараттарды қорғау;

- автоматтандыру;

- бір үлгіге салу (стандарттау) .

Информатика ғылымының базалық ұғымдарына төмендегі ұғымдарды жатқызады:

 ақпарат, ақпарат өлшемі;

 ақпараттық үлгі;

 алгоритм;

 компьютер (ЭЕМ) .

Информатика құрылымы.

Информатиканың құрылымын анықтауды да бірнеше көзқарастан қарастырайық. Қазіргі замандағы информатиканың қолданбалы ақпараттық технологияларсыз «ядросы» тұрғысынан қарастырсақ, онда әрқайсысы жеке пән ретінде де зерттелетін бөліктерді көрсетуге болады.

Теоретикалық информатика - бұл информатикадағы математиканың математикалық логика саласына негізделген бөлігі. Мұнда алгоритмдер теориясы, автоматтар теориясы, ақпарат теориясы, кодтау теориясы, формальды тілдер мен грамматикалар теориясы және т. б. бөлімдер кіреді. Информатиканың осы бөлімінде ақпаратты өңдеу үрдістерінің жалпы заңдылықтары математикалық әдістерді қолдана отырып зерттеледі.

Есептеу техникасы - есептеу техникасын құру мәселелерін, оны пайдалану заңдылықтарын архитектура деңгейінде зерттейтін бөлім, яғни есептеу жүйесінің анықтаушы құрамы, қызметі, функционалдық мүмкіндіктері мен құрылғылары арасындағы өзара байланыс принциптері тұрғысынан.

Бағдарламалау - бағдарламалық жасақтама құру және жасау мәселелерін зерттейтін бөлім. Мұнда бағдарламалық жасақтаманың екі негізгі түрін: жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды құру принциптері, жасау әдістері мен инструменталдық құралдары қарастырылады.

Ақпараттық жүйелер - әртүрлі күрделі жүйелердегі ақпарат ағындарын талдау, тиімділеу, құрылымдау, ақпаратты сақтау және іздеу мәселелерін зерттейтін бөлім. Сонымен қатар, мұндай жүйелердің интеллектілік қызметін дамыту, құру және сүйемелдеу принциптерін де қарастырады. Мұндай жүйелерге ақпараттық-анықтамалық және ақпаратты іздестіру, құжат айналымын автоматтандыру, басқаруды автоматтандыру және т. б. жүйелер (соның ішінде белгілі Internet жүйесі) жатады.

Жасанды интеллект - адам интеллектілік қызметін машиналық үлгілеу мәселелерін зерттейтін бөлім. Бұл облыста жүргізіліп жатқан ізденістердің негізгі бағыттары - бейнелерді айырып тану, компьютерлік лингвистика, сараптық жүйелер құру, талқылауды үлгілеу және т. б.

Жасанды интеллект бағытындағы зерттеулер информатиканың болашағыны зор әсерін тигізуі мүмкін.

Есептеу желілері - ақпараттық, есептеу, білім беру және тағы да басқа мәселелерді шешу мақсатында байланыстырылған компьютер (ЭЕМ) желілерін архитектура тұрғысынан, яғни желі элементтерінің аппараттық және бағдарламалық жасақтамаларын құру, қызмет істеу, сүйемелдеу принциптерін зерттейтін бөлім. Ақпараттарды өңдеудің компьютерлік желілері мен желілік технологиялары қазіргі замандағы ақпараттық жүйелерді құрудың негізі болып табылады, ортақ ақпарат ресурстарына қол жеткізуге және әртүрлі қолданушылар арасындағы қатынастарды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.

Информатиканы жалпы тұрғыдан қарастырғанда теоретикалық және қолданбалы (практикалық) болып екі бөлікке бөледі.

Теоретикалық информатика:

- ақпараттық ресурстарды, оларды қызмет істеу және әлеуметтік прогресстің қозғаушы күші тұрғысынан пайдаланудың жалпы заңдылықтарын;

- автоматтандандырылған ақпараттық жүйелер құрудың барлық аспектілері: жобалау, жасау және пайдалану формальды - техникалық, мазмұндық, әлеуметтік қозғалысқа кешенді әсері тұрғыларынан;

- барлық ақпараттық технологиялар, үрдістер мен олардың өту орталарына тән ортақ жалпы қасиеттер мен заңдылықтарды зерттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнінен оқушылардың өздік жұмыстары
Информатиканы оқытуда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Анықталмаған интеграл қасиеттері
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
Әдістеме және оқыту технологиясы
Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Білімді бағалаудың критерийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz