Теңеу – ерекше стилистикалық тәсіл


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ТЕҢЕУ - ЕРЕКШЕ СТИЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ

ф. ғ. к. Әділбекова Жеңіскүл Қуандыққызы

М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қаласы

Резюме

Мақалада

Summary

Тілдің лексикалық қазынасындағы сөздердің мағынасын, прагматикалық мақсатын айқындап әрі қолданысқа дұрыс енгізу мәселесі стилистика ғылымымен тығыз байланыста болады.

Безендіруші стилистика сөз образына арналады. «Образдылық», «бейнелілік», «көркемдік» - өте күрделі стилистикалық категория. «Образ» терминінің астарында семантикалық ерекшелік пен прагматикалық мақсат, стилистикалық әсер қатар үйлесіп айтылады. Стилистика ғылымында «образ» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Образдылық - эстетикалық идеалдың шындық тұрғысынан қабылданған формасы, сөз - образ оның жеке қолданысы. Сөздің образдылыққа енуі өзінің тура мағынасынан ауыспалы мағыналарға ойысуы, сөздің образды мағынаға ие болуы өзінің алғашқы номинативті мағынасының қызметін жоғалтып, ерекше бояуға енуі болып табылады, ал экспрессивтілік бояу стилистикалық әсер береді, автордың сөзі прагматикалық мақсатын айқын танытып отырады. Сөздің образға енуі оның мағыналық өзгеріске түсуін бағалау функциональдық стильдердегі эстетикалық қызметін көрсету болса, екіншіден, бір стильден екінші стильдің сөз образдарының да үлес салмағын танып білуіне тікелей қатысын анықтап береді.

Сөз образы лингвостилистика тұрғысынан әртүрлі семантикалық-стилистикалық категорияның көркемдік функциясын анықтайды. Образды троптық және троптық емес деп бөлуді белгілі мәтін арқылы түсіндіру қолайлы.

Әсерлі сөздің жасалу тәсілі сан алуан болып келеді. Соның ішінде ерекше байқалатын стилистикалық амал-тәсіл - теңеу. Теңеу - ерекше стилистикалық тәсіл, мәтінде көрнекті орын алатын әсерлі сөз. Әсерлі сөз стилистика ғылымында эмоционалды-экспрессивті лексикаға да және көркем ойға, мазмұнға құралған сөйлемге де байланысты айтылады.

Теңеудің семантикалық-стилистикалық мәнін айқындайтын амалдардың қатарына метафора, эпитет, метонимия, синекдоха, гипербола, синоним теңеулерді жатқызады, сондықтан жасалу жолдарын бірнеше топтарға бөліп көрсетеді.

Теңеудің көркемдік сипаты көркем әдебиетте, ауызекі сөйлеу стилінде ұқсату әрі бейнелілікке құралады. Теңеудің керкемдік сипаты көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеу стилі және публицистикалық стильде ұқсату мен бейнелілікке құрала отырып, адресанттың айналасындағы зат құбылыстың субьективті, обьективті теңелетін заттардың жалпы сипатын санада сақталған стилистикалық сөз орамдары арқылы беретіндігімен ерекшеленеді.

Функциональдық стильдердің кез келген түрінде теңеу троптардың басқа түрлерінің пайда болуына тікелей ықпал етеді, көркемдік қызметі стилистикалық коннотация сипатынан танылады. Теңеудің стилистикалық тәсіл ретінде қолдану ерекшелігі мынада: автор - адресант өзінің ақыл-ойында қалыптасқан таным-түсінік заттарды ассоциациялап отырады, себебі адам санасында сөйлеу процесінде коммуникативтік фреймдер базалық орын тебеді, сондықтан автор теңеу, ұқсату мотивтерін, әуендерін іздейді. Теңеу өзі сияқты сөз образы метафорамен салыстырғанда жиі қолданылады, себебі образдылықтың негізі теңеуден шыққан. Метафора - танымдық-концептуалды жағынан күрделі әмбебап құбылыс, теңеу - адам психикасында образды күйде дайын тұруға икемді. Теңеу болатын заттар «зат-теңеу» стилистикалық фреймдер көбінесе адресанттың санасында дайын сценарий күйінде тұрады, сондықтан сөз жанрларында еркін пайдаланылады.

Стилистикалық фреймдер белгілі концептуалдық құрылымдардың ойдағы бейне-прототип-фреймдер деген тізбектерінде ойлау әрекетіне ең жақын тұратын форма болып саналады. Әсерлі сөз теңеудің құрылымында бейне- таңба-символ-белгі-елес-қиял-реалды ақиқат емес болмыста көрініс табады. Теңеуді қолдануға автор-адресант өзінің ғылыми, мәдени, көркемдік әлемінің «энциклопедиялық ойлар» нәтижесінен айқындалған реалды ақиқат пен символ арасындағы шындықты, яғни стилистикалық фреймдерді пайдаланады.

Теңеу - бүгінгі ұлттық әдеби тілдегі бағзы заман өмірінің адам санасындағы ұқсату белгісінің көркемдік қуаты.

Адамның ең көп мән бергені - өз жасы, оны бағалау, әр жастың адам өміріндегі бар қуаты мен байлығын меңгеріп қалуы, керісінше игере алмау адам өмірінің философиялық көзқарасымен айқындалып отырған. Ауыз әдебиетінде адресант-автор-суреткер өзінің «тапқырлық теңеу» сияқты ойлау әрекетінде «адам жасын» өзінің күнделікті көріп жүрген мал өсіру, кең жазиралы даласын көру, көшпелі өмірдің барлық тыныс-тіршілігімен «стилистикалық фреймдер» арқылы стилистикалық бояулы сөз өрнегімен тыңдаушысына ықпал етуді мақсатқа алады.

Ауызекі сөйлеу стилінде дайын сөздермен, тұрақты сөз тіркестерімен келетін теңеулер жиі ұшырасады: мидай жазық, жастай қалды, елдің баласындай, жын шайтандай, ат төбеліндей, т. б. мысалы: бет аузына бес ит тойғандай бала мен ана арасындағы: көзімдей көр, көзіңдей көру сырлас адамдар арасындағы; әкесінің көзіндей ұқсату, қызындай екен әдет-ғүрып дәстүріне байланысты жиі ұшыраса отырып, көркемдік қасиетін жартылай жоғалтып отырады.

Синонимдік теңеулер әр уақытта кез келген стильде экспрессивті сөздер болып келеді: зіңгіттей жігіт болыпты, добалдай боп орнына отырмай ма, аядай жерге симайды, өгіздей болып кетіпті, сағыздай созылып тұр (ауызекі сөйлеу тілінің материалдары) .

Публицистикалық стильдің әртүрлі жанрларында теңеудің қолданыс аясының өзіндік ерекшелігі бар екені бірден байқалады. Мысалы:

Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсыз . . . Тауық жылының алғашқы күні-ақ тауыққа шашқан тарыдай шашыраған әлгі ойлардың дәнін теруге тура келді. Қазақ бағыналы бәйтеректей мықты этносқа айналып, оның ұлттық проблемаларының оң шешілуі - саясаттың үлкені. Мұхтар Әуезовтің «Жыл келгендей жылымық сезінемін» деген атақты тарихи баяндамасын тыңдадық. Домбыраның қос ішегіндей қатар өрілген өнер мен әдебиет - қасиетті егіз ұғым («Қазақ әдебиеті») .

Мәтіндегі теңеу модельдерінің уәжі - халықтың дүниетанымы,
тұрмыстық заты, мекені, өскен ортасы. Адам белгілі кеңістік пен уақыт
аралығында өмір кешеді, уакыттың жылдамдығын, өтпелі кезеңін,
шексіздігін, жылдам өте шығатын көрінісін әлем кеңістігіне сынаптай сырғыған деген бейнелі теңеу-салыстыру моделіне әкеп байланыстырған. Дайын тұрақты сөз тіркестері арқылы жасалған тайға таңба басқандай, тауыққа шашқан тарыдай немесе сең ұрғандай деп авторлық өзгеріске түсіруі де публицистикалық мәтіннің стильдік мәнін айқындап, көркемдікке алып келеді.

Теңеулер көркем әдебиет стилінде стилистикалық «автор образы» категориясы арқылы көркемдік, эмоционалдық-экспрессивтік мәнермен қолданылады. Мысалы: Дүрмекпен келе жатқаны болмаса, Күнікейдің қиялы сағымдай бұлдырап, сол сағымның ішінен біресе екі тірсегі ботанікіндей майысқан, басы бір бөлек, кеудесі бір бөлек кейқуат Тұяқ елестеді, біресе екі иығына екі кісі мінгендей, көзі алақандай, шүйдесі тоқпақтай Байман елестеді. (Ж. Аймауытов) . Сонау көз ұшында ноқаттай болып көрінген көк тұйғындай қиялы әлдеқайда алыстап кеткен.

Ыстық жүрек тайдай тулады ма? Сәнді қала да сағымдай алыста қалды. Үріккен еліктей елегізе қалатын астыңғы асар кірпік тек ұзаған көзді терезеге түйретіп тұр. «Хакім. „ сәлем . . . айтты» деген лебіз күткендей қадалды (X. Есенжолов) . Қара ормандай қалың қазақ Қасым өлген соң да елдігін сақтаған. Кесімді ғана емес, қалаулы тағдырдай. Алыста тұрса да демі бет шарпығандай нар қамыстай солқылдақ (М. Мағауин) . Ол өзін енді сонау мөлдір аспанда көз жетпес шыңға көтеріліп бара жатқан қырандай сезінді (І. Есенберлин) .

Поэтикалық құрал - теңеу, теңеудің стилистикалық категориясының мағынасы - сұлулық, әсемдік. Теңеу кейде жағымсыз реңкте
қолданылса, мәтіннің өн бойына сұлулыққа қарсы кұбылыстарды суреттеуге арналады.

Көркем әдебиет стилінің әңгіме, новелла, тарихи шығармалар, сатира сияқты жанрларында теңеудің қолданыс дәрежесі, стильдік қызметі қалай көрінеді деген мәселеге арнайы тоқталған жөн. Сондықтан сатиралық, юморлық шығармаларда теңеудің стильдік қызметінің басты қасиетіне күлкі тудыратын зат, құбылыстар салыстырылып алынады.

Тұрқы шоқпақтай болса да, Жайықтай ақынымыз! О, Тұмаш! Шәниі безе бастаған кәлләсін қарашы кәдімгі глобустай доп-домалақ. Сонау-сонау бір жылдары Тұмекең де жұмыртқадай жып-жылтыр жігіт еді («Қазақ әдебиеті») .

Көркем әдебиетте бір ғана ой көптеген образдарға ауысады. Басқаша айтқанда, бір ғана ой толып жатқан құбылыстар мен процестерге ассоциацияланады. Осы ассоциациялаудың көмегімен ой процесінің динамикасы әр қырынан көрініп, түрліше салыстыра сипаттауға әкеледі.

Көркем әдебиет стилінің жанрлық түрлерінде автор әр түрлі ассоциациялар арқылы сөз образдарына теңеу арқылы барады. Сатира тілінде тоқпақтай, жайықтай, глобустай, жұмыртқадай деп алынған теңеулер бейтарап тілдік бірліктер арқылы жасалынған. Тоқпақтап, жайықтай, жұмыртқадай көркем образ жасауға мүмкіндігі бар, глобустай күлкі тудыру мақсатында алынған.

Теңеу сөз образдарының ішінде ең жиі қолданылатын шоғыры болып саналады. Сгилистикалық категорияның ішінде қарама-қарсы стилистикалық категорияға негізделеді. Стилистикалық бояулы, әсерлі сөз автордың адресатқа тигізер стилистикалық әсерін жүзеге асыру мақсатында жұмсалынады.

Көркем туынды жасау үшін сөз майталмандары жалпы халықтық тіл қорының байлығын сарқа қолданып қана қоймай, әдеби тіл нормаларын сақтап, сөзді шебер пайдалана білуі тиіс. Өйткені тіл - ұлттың айнасы. Тілден ұлттың шынайы болмысы көрінеді. Көркем шығармада тіл арқылы ұлттың болмысы жасалады. Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан қолдану - әр жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөзді тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Кез келген көркем туындының көркі, шұрайы оның тілінен көрінеді, тілі арқылы бағаланады.

Функциональдық стильдердегі эпитеттің стилистикалық мәнері. Эпитет сөз алдына келіп анықтауыш болады. Анықтауыш атқаратын мүше көбінесе бейнелі сөздің қызметін атқарады.

Эпитет қай стильде кездессе де екі мақсатта қолданылады. Біріншісі - анықталатын мүше ретінде, екіншісі, көркемдік бейнелі мағынада қолданылады. Анықталатын мүше ретінде келетін эпитет ресми құжат тілінде жиі қолданылады. Бұл сын есім немесе сын есім ретінде есімшенің орнына қолданылатын сөздер тобы болып келеді. Біралуан сын есімдер ресми кұжаттарда зат есімді анықтау мақсатында қолданылады. Жалган мәлімет, құнды металл, құнды қагаз, зергерлік бұйымдар, әділ заң, білікті маман, дәлелді ұсыныс, үлгілі қызметкер осындағы эпитеттер анықтауыш ретінде келіп заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты белгісін көрсетеді, түр-түсін, түрлі қасиетін, сапасын анықтау мақсатында жұмсалады. Бұларды эпитет деп тануға болмайды. Эпитет заттың, құбылыстың табиғи қалпынан тыс белгілерін көрсетуге арналады. Ресми стильге қарағанда ғылыми стильде ол табиғи қалыпқа өзінің нақты қалпын көрсетуге анықтауға тиісті анықтағыш ұғымда келеді. Мысалы: қатаң норма, бәсең норма, әдеби норма, міл нормалары, зат есімді анықтау максатында қолданылып бейнеліліктен гөрі нақты номинативтік атауға айналып терминдік сипатқа ие бола алады. Ресми және ғылыми стильдерде сын есім мен есімшенің ауыстырылып қолданылуы жиі кездеседі. Эпитеттің негізінен сын есімнен және етістік, көсемше және есімше тұлғаларынан жасалуы көнеден келе жатқан құбылыс. Эпитеттің ресми және ғылыми стильде кездесуі сапалық қасиеттерді көрсетеді.

Сапалық сын есім сын есімнің негізгі ұйытқысы болғандықтан, қатыстық сын есімдерді синтетикалық даму процесі жағынан анықтағыш мүше ретінде қолданылады. Жақсы маман ретінде өзін көрсетіп келеді, өндірістің жұмысы төмендеді, ұйымдастыру шаралары нашар орындалып отыр т. б.

Ресми құжат мәтіндерінде анықталатын мүше өзінің тура мағынасында келеді. Өзін анықтап түрған сөзімен тіркесіп адамның, құбылыстың, заттың белгілі сапалық қасиетін анықтап қана тұрады. Эпитеттер тұрақты, тұрақсыз немесе тавтологиялық (үйреншікті) көп қолданылатын деп өзара іштей жіктеледі. Функциональдық стильдердің әрқайсысына тән сөздерінен ажыратылатын азды-көпті анықталатын сөздер ресми құжат мәтіндерінде өзіндік тұрақты үйреншікті қолданыс қызметінің аясында кездеседі. Мысалы: тиімді әдіс, тиімдірек әдіс, заңды тұлга, заңсыз тұлга, анық мәлімет сонымен қатар, оның күшейтпелі нәтижесіндегі тиімдірек әдіс, маңыздырақ мәлімет сияқты үйреншікті сөздермен анықталатын тіркестер ресми құжатта құрастырылуға тиісті хабарлардың сапасын, маңызын ашу үшін қолданылады.

Ғылыми стильде белгілі бір заттың өзіне тән белгілерін анықтау мақсатында қалыпты, үйреншікті сөздер ретінде кездеседі.

Ғылыми стильде эпитетті сөздер кездеспейді, бірақ оның есесіне анықтамалы сөйлемдер жиі кездеседі. Мысалы: банк жүйесі - ұлттық

банктердің құрылымы мен операцияларын сипаттайтын термин. Сот - белгілі мемлекет билігінен туындайтын ұғым. Осы сөйлемдерде анықтайтын, туындайтын, сипаттайтын, бағалайтын, тексерілетін, байқалатын т. б. сөздер өзі белгілі абстрактылы ұғымдардың алдында келіп, анықтауыш мүше ретінде қалыптасқан атаулық сөз ретінде ғана келеді. Ғылыми стильді лингвистикалық, белгілеріне қатысты таза ғылыми стиль және ғылыми публицистикалық стиль деп бөлінеді. Сондықтан эпитет стилистикалық бағалау категорияларымен қатар гипотезиялық категорияның белгілері ретінде ұшырасады.

Публицистикалық және көркем әдебиет стилінде эпитеттің көркемдік түрлері, тұрақты авторлық қолданысы жиі кездеседі. Кез келген суреткер дәстүрлі эпитеттерді еркін пайдаланады және олардың барлығын образдылық элемент ретінде жұмсайды. Мысалы: ал, мен жас болсам да, сал кісілердің шырайлы сұхбатына құлақ түріп қызыга тыңдайтынмын.

Әрқашан осы көркем тал қармен жаңбырға, дауыл мен боранға қарамастан тамырланып нығая берсін!

Ойды ой қозғайтыны бәрінен де шындық. Керек десеңіз, мұнда әлгіндей бір-бірімен ықпалдас құбылыстардың біртұтастығын аңғару да бар ("Ана тілі ? ' газеті) . Шырайлы сұхбат, көркем тал, ықпалдас құбылыс деген сияқты тіркестер публицистикалық стильдің және авторлық қолданыс стилінің өзіндік ерекшелігін танытады. Сұхбат сөзімен келген тіркестер тал, құбылыс сөздері публицистикалық стильдің негізгі лексикалық қабатын құрайды. Алайда өзінің алдына шырайлы, көркем, ықпалдас деген эпитеттің сгильдік мәнін ашатын бейнелі сөз мағынасында келіп, автордың прагматикалық мақсатында жұмсалынады. Абай да өз кезінде синкреттік амалды кеңінен пайдаланған, яғни семантикалық жағынан үйлеспейтін (тіркеспейтін) сөздерді тіркестіруді соз образына айналдырған. Абайдағы кірленген көңіл сөзі осы синкреттік эпитет қатарына жатқызылып жүр. Жоғарыда келтірілген шырайлы сұхбат екеуі де дерексіз ұғым құбылыс атауы болып, семантикалық жағынан үйлеспейтін тіркестер мағыналық үйлесім тауып тұр. Сұхбат нақты зат атауы емес, шырайлы сөзі - адамның бет пішін, көркін танытуға қолданылатын сөз, шұрайлы сұхбат деген эпитетті тіркес авторлық қолданыс, сұхбаттың әдемі, келісімді, мағыналы, мәнді, әсерлі өткенін таныту үшін жұмсалған эпитетті сөз болып шығады. Көркем тал сөзі мағыналық бірнеше бірлікте тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да келіп тұрақты эпитетті құрайды, публицистикалық мәтінде ол ауыспалы мағынасында қолданылып тұр, көркем тал - жастар, шәкірттер, жеткіншектер, өсіп жеткендік, яғни жастардың көркем екенін (талдың емес) көңілі, көзі, жаны көркем деп метафоралық эпитетті сөз ретінде қолданылған. Публицистикалық стильде эпитеттің тұрақты қолданысынан гөрі жаңаша тіркеспен келетіндігі авторлық жаңа сөз образдарын жетілдіру мақсатына пайдаланғанын көруге болады. Мысалы: ол
кезде партияның шамшыл идеологиясын ұстағандар кез келген кереғарлықты қарсылық деп есептейтін
публицистикалық стильде идеологияның әр түрлі сипатын танытатын ашық идеология, құйтырқы идеология, табанды идеология, тұрақсыз идеологи ят. б. сөздер өзінің шаблонды стандартты тіркестерімен келіп жиі қолданысқа түседі. Автор шамшыл сөзін идеологияны бейнелеп сипаттау үшін жұмсаған. Публицистикалық стильде тілдік бірліктер тіркесімдер құруға бейім. Мысалы: саяси сөз тіркесін құруға икем болса; саясат, идеология сөзі өзінің алдына эпитетті сөздерді тіркесуге бейім тұрады. Яғни идеология тұрақты қолданыстағы сөз тіркесі емес, жеке авторлық қолданыста эпитет жасауға бейімділік танытады.

Публицистикалық стильде бұрыннан келе жатқан дайын қолданыс ретінде метафоралы эпитеттер кездесіп отырады. Олар бұрын көркем мәтінде кездесіп отырса, кейін ол дайын эпитетті сөз тілдік айналысқа түсіп, бейнелілік сипатын сақтаған күйінде көркем тілдің құралына айналады . . . Осы асау жүрек ақынға арналды. Асау жүрек, асау жан бұрын поэзиялық шығармада қолданылып келсе, қарастырылып отырған публицистикалық стильде адамның әсіресе ақын адамның ерекше тұлга бітімін, рухани биіктігін көрсету үшін асау журекті метафоралық эпитет ретінде ұсынып отыр. Жүрек, біріншіден, адам мағынасында, ал асау оның тұлғалық бітім-болмысының эмоциялық күш-қуатын таныту мақсатында алынып тұр.

Публицистикалық стильде эпитет өзінің тура мағынасында келіп өзімен тіркескен сөзді анықтап, белгілі образ үшін алынады. Олар тұрақты эпитеттер болып саналғандықтан, дайын тілдік бірліктер ретінде жұмсалынады.

Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің сан алуан мәселелерін қамтитындықтан, дүниетанымдық, философиялық көзқарастар туралы ой, талғам, пікір, сұхбат сияқты сөздер негізгі тақырып болатындықтан, оның тілдік жүйесінде дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздер көп кездеседі. Кейбір ұғым атауларын түрлендіріп айту үшін эпитетті сөздер жиі қолданылатын тәсілдер әрі оларды құбылтып қолдануға тырысады. Текті сөзі - адамның акыл-ойын, тәрбиесін, гендік шығу ортасын, атаның күшімен, ананың сүтімен келетін тәрбиенің түп негізі болып саналатын құбылысты көрсетуге арналған дерексіз атау. Публицистикалық стиль - адамзаттық қоғамды бейнелеп беруге жұмсалатын ой танымды уағыздауға негізделетіні белгілі. Сондықтан текті сөзі өзінің алдына үйреншікті көптеген танымдық стилистикалық бағалау категориясына жататын сөздерді жиі пайдаланады, яғни текті
сөзінің басқа эпитетті сөздермен эстетикалық өрісі кеңейеді. Публицистикалық стильде текті адамзат, ойшыл тұлға, білгір ұрпақ т. б. эпитетке тірек болатын сөздер жиі қолданысқа түсіп, публицистикалық мәтіндердің эстетикалық өрісін стилистикалық өрнекке айналдырды, ұлттық жазба әдеби тілдің лексикасын тіркестіру сөз ерекшелігін көрсетеді.

Эпитет термині туралы нақты қабылданған, тұрақталған анықтамалардың өзі әр түрлі. Кейбір зерттеушілер эпитет терминін стилистикалық қолданыс ретінде ғана қарау керек екенін ұсынады. Олардың пікірінше эпитет аса көрнекті, көркемдік бейнелікті сипаттайтын тілдік құрал ретінде танылады. Сөздің ауыспалы мағынасынан көркемдікке айналатын мағынасы болғандықтан, сын есімдер көк, көгілдір, көкшіл жеке тұрып аспан сөзімен тіркескенде эпитет бола алмайды. Кейбір ғалымдар эпитетті кен мағынасында қолданады. Көркем әдебиетте лингвистикалық поэтикада ғана емес, тіпті басқа стиль түрінде де кездестіруге болатындығын айтады. Көрнекті сөз зергерлерінің шығармаларында эпитеттің қолданылуы бейнелеу, образдың айрықша тілдік кұралы ретінде ғана емес, жиі қолданылатын сөздер ретінде алынады, өзара мағыналық көркемдікпен үйлестіріп қолдануда эпитеттің анықтамалық, анықтағыштық, сипаттамалық қасиеттерінің бірі - сын есімдер. Мысалы, темір қақпа мен темір мінез немесе күміс қақпа мен күміс күлкі деп айтылатын болса, олардың бірінші сыңарлары темір қақпа, күміс қасық анықтамалык эпитетті қолдану болып табылады. Темір мінез, күміс күлкі заттың түр-түсін, негізгі қасиетін прагматикалық жағынан анықтап отырады. Құбылыстың көркемдік сипатын таныту үшін экспрессивті - эмоционалды болып келетін эпитеттер тандалынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу
Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы
Көру теңеулері
Қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдары
Көркем проза шығармалары тіліндегі теңеудің стильдік қызметі
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы
Э. Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» атты романына зерттеу, талдау
Толымсыз теңеулер
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Афаризмдер мен фразеологзмді аудару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz