Көркем қолөнер қазақ шеберлері


Көркем қолөнер
Көркем қолөнер қазақ шеберлері темір, мыс, қола, алтын, күміс, қалайыны, киізді, ағашты, мүйізді, сүйекті, теріні, былғарыны пайдаланды. Ең алдымен соғыс қару-жарақтарын: садақ, жебе, найза, қылыш, семсер, қанжар, сауыт, дулыға, жыға, қылқан, шоқпар, айбалта, дабыл, дулыға, сыйрнай, т. б. жасалды. Бұлармен қатар, білтелі мылтық та қолдана білген. «Мақта білтемен от алатын, . . сіріпсіз мылтық - білте мылтық атанған, оның оқтығы ұзын, от салатын құндығы бар, оқ-діріні білтемен тұтатқан . . . жерге тіреп ататын үш аяғы болған. Ең ұзынын, әрі ауырын «шамқал», ең алысқа тиетінін «күлдір мамай» деп атаған. Білтелі мылтықтың өзін де, оғында, дәрісін де қазақтар өзі жасап алған. Оқты қорғсыннан құйып, дәрісін фосфор (селитра) мен күкірттен жасаған.
«Күкіртін терек кемірімен араластырып, селитра орнына ескі бейіттен алынған топырақты қосып, оны қазанға салып қайнатқа» - мылтық дәрісі осындай жолмен дайындалған. Оқ жасайтын қорғасын рудасы Қаратаудан шыққан. Оны арнайы пешке салып қорытып, мылтық оғын әзірлеген. Қазақ шеберлері қолданбалы өнерде төмендегі материалдарды пайдалана отырып, мына құрал-жабдықтарды дайындаған:
Теріден: саба, мес, торсық, шарық, шоқай, тұлып, етік (тастабан етік, ұлтарма етік, т. б. ), көрік, оймақ, аба (тері киім), көнек (түйенің мойын терісінен жасалған шелек), сүйретпе, т. б.
Киізден: текемет, сырмақ, туырлық, үзік, түндік, тұскиіз, киізқалпақ, киіз байпақ, көбенек, ат тоқым, т. б.
Ағаштан: шелек, тесек, күбі, керсен, шөміш (ожау), асадал (ыдыс-аяқ қоятын шкаф), саптыаяқ, тостаған, тегене, кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (есік), ер (құранды, қозықұйрық, үйрек бас ер), келі, келсап, адалбақан, құрық, кебеже, арба, күйме, шана, піспек, т. б. ; (ағаш шеберлері бұл бұйымдарды жоқты, сықаурын (тез) үскі, ырғақ деген ұсталы аспаптардың көмегімен жасап отырған) .
Темірден : балға, балта, ауыздық, шот, сапы, айыр, төс, таға, кісен, кетпен, күрек, қақпанғ қайла, тесе, пышақ, бәкі, мылтық, орақ, атауыз, тістеуік, шымшықтұмсық, іскенже, кепсар, шығыршық құрсау, т. б.
Алтын, күмістен: шолпы, шашбау, жүзік (топсалы білезік, бес білезік), алқа, сырға (қозалы сырға), қапсырма, өңір жиек, шекелік, үкі аяқ, салпыншақ (салпыншақ-үзбелі, салпыншақ-шашақты, салпыншақ - моншақты), тұмарша, бойтұмар, түйреуіш, үзбетүйреуіш, түйме, кемер, белдік, т. б.
Мүйізден: қамшы сабы, шамдал, (мүйіз шамдал), шақша, пышақ, қанжар сабы, сырнай, қарықтық, сабаутіс, т. б. жасады;
Асыл тастардан: қазақ шебері ақық, лағыл, сапфир, зүбәржат, гауһар, дүр, асыл, опал, сыңғыртас, алмас, перуза, айтас, тыныке, құнтас, сутас, жеттас, мәрмар, жауһар, жұқарт, меруерт, інжу, т. б. білді. Асыл тастарға табиғатта кездесетін қымбат бағалы тау жыныстары жатады. Олар түссіз, мөлдір, кейде түрлі-түсті болып келеді. Бұларды металл әшекей бұйымдарға орнатқанда, тек сән үшін ғана емес, асыл тастардың киелік, шипалық қасиетері олады деген ұғым да ескеріліп отырған. Айталық інжу көзді шөл басудан, көз сүйелінен, ноғалдан; маржан азғындыққа түсуден; дүр тасы жемсау ісігінен, бұғақтан; құлпырма тас көз тиюден сақтады деп білген. «Тамақ адал болуы үшін әйел қолында жүзік болуы керек» деген қағида сақталған. Алсы тастар, сонымен бірге, ер-тұрман, қару жарақ, үй-жиһаздарын әшекейлеп безендіруге де қолданылған. Бұлармен бірге, шеберлер бір-біріне тізбектелген асыл тасар арқылы жасалған тамақ, ала, зерленіп күміс қапсырмамен әсемделген тік жаға, асыл тасты, күміс қапсырмалы тамақша деп аталатын сән, рең беретін киім бөлшектерін де ұнастыра жасап отырған.
Қайыс, таспадан жүген, шылбыр, айыл, құйысқан, өмлдірік, ноқта, тарпа (пыстан), тұсамыс, шідер өрді. Арқамшы деген 9-12 құла, таспадан өрілген қайыс бұғалық та тұрмыста көп қолданылады.
Кесте тігу қазақ қыздарының аса шеберлікпен орындайтын өнері болды. Кесте жібекке, матаға, түсірілді. Жастық тысы, сүлгі шеттері, аяққап, кесеқап, қоржын, әйел бас киімдері, көйлекке геометриялық пішіндер, гүл-жапырақ, жұлдыз, ай, күн суреттері берілді. Кілемші қыздар алаша, төсеніш тоқыды. Кілемнің түкті, жолақ, жібек, масаты, мақта, тақыр, қалы кілем деген түрлерін тоқуды білді. Кілем, алаша жіптері қой, түйе жүнінен ұршықпен иірілу арқылы әзірленді. Кілем өрмегін «аспалы өрмек» немесе «кілем өрмегі» деп атайды. Кілемнің бой жіптері жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 болып тізіледі. Бой жіптермен қатарлас тұратын түік, түйе жүнінен бостау иіріледі. Оны кілем тоқушы суытпақтап отырып, арқау мен бой жіптерге іліп отырып түр, өрнек шығарады. әдетте түкті кілемді 2-3 шебер қатар отырып тоқыған. Кілем-алашаларға түсірілетін ою-өрнектер алуан түрлі (200-ден астам) болса да, оларды жинақтағанда геометриялық, космологиялық, зооморфтық, өсімдік сипаттас болады. Неғұрлым тән сипаттылары - «айшықгүл», «жұлдыз гүл», «қошқар мүйіз», «күн» өрнектері болып келеді, әр түстің өз мәні болады: қызыл - от, ақ - ақиқат, қуаныш, сары - парасатғ қара - жер, жасыл - жастық, көктем нышандарын білдіреді.
Әдеттегі тоқу өндірісінің техникасыөте қарапайым болған. Өрнек тоқуа мосы ағашы (көтерме), қылыш, қазық сияқты құралдар қолданылды. Енді бір деректерде өрмек жабдықтаының қзық, жүгертпе, арқау, есіп сабау, адарғы, қылыш, күзу арқалығы, күзу шабығы, бақылау жібі, күзу көтермесі деген аспаптары болған. Мұндай қарапайым тоқу әдісі көп еңбек, көп уақыт керек еткен. Дегенмен, тоқылып шыққан бұйымдар мейлінше жатық және берік болған.
Қазақтың шебер әйелдерінің қолынан шыққан киіз бұйымдары өте әдемі ою-өрнегімен, мейлінше сапалылығымен ерекшеленген. Ою-өрнекті киіз бұйымдары текеметтер, тұскиіздер, сандыққаптар, әбдіреқаптар, қоржындар, сырмақтар көшпелі қазақтардың тұрмысында кеңінен қолданылған. Сонымен қатар, қой және түйе жүнінен тоқылған түрлі түсті бояулар, басқұрла, белбеулер, әдемі тоқыма кілемше-алашалар, түкті кілемдер, ат жабулар, т. б. бұйымдар қаза киіз үйінің сәнін келтіріп, үй-ішінің тұрмыстық дәрежесінің деңгейінен хабардар етіп тұрған. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі көпмағыналы және әрқайсысының өз аты бар. Қазақтың ою-өрнегінің көптүрлігі және көпсалалығын ескере отырып, олардың барлығының да мүйіз тәріздес ою-өрнектен бастау алатынана назар аударған жөн. Аталған кезеңде ою-өрнектерді кез келген қазақ отбасында текеметтерден, алашалардан, тұскиіздерден, сандыққаптардан кездестіруге болатын. Ою-өрнектердің мынадай түрлеі болған: қошқармүйіз, сынықмүйіз, бұғымүйіз, сыңармүйіз.
Ашатұяқ, құсмұрын, құс қанаты сияқты ою-өрнектері өз басын сонау «аң стилі» басым болған сақ дәуірінен аталатыны күмәнсіз. Таяу Шығыс көркемөнерінің ықпалымен пайда болған әсемдік ою-өрнегін де сол кезеңге жатқызуға болады. Ол ою-өрнектердің құрамында жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, гүл болды. Ежелгі геометриялық әуендер - тұмарша, ирек, тара, сүйір, балдақ, құрмақ, т. б. ою-өрнектерден үш мың жыл бұрын өмір сүрген малшылар өнерінің ізін байқауға болады. Күн және аспанды дөңгелек бейнелесе, дүниеніңтөрт бағытын төрт құлақ, күннің нұрын - шұғыла ою-өрнегі сипаттады.
Кейбір ою-өрнектердің мағынасына ежелгі нысандар енгізілді. Қошқармүйіз және ашатұяқ малшының материалдық байқуаттылығын бейнеледі. Егер оның киімі түйетабан оюымен безендірілсе, ол киімі алыс жолға арнап тігілді деген сөз еді. Егер бір адам екінші адамға бақыт, бостандық және тәуелсіздік тілесе, оған құсмұрын, құсқанат белгілері бар зат сыйлаған.
Қазіргі кезде де «құсқанат», «құсмұрын» бейнеленген «жынжырлы білезіктер» мен «құсмұрын жүзіктерді» тағып жүрген әйелдерді кездестіруге болады. Ою өрнекті көркемөнер қазақтардың ғасырлар бойы тұрмысын ж»не рухани жетістіктерін анықтап отырды.
Көшпенділер өркениеті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz