Кредиттік оқыту технологиясы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кредиттік оқыту технологиясы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Жоғарғы оқу орнында кредиттік технология негізінде
оқыту ... ... ... ... ... ..5
1.2 кредиттік оқыту жүйесінің кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...9
ІІ тарау. КРЕДИТТІК ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Кредитті технологияны іске асырудың мүмкіндігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын
ұйымдастыру әдістемесінің
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 31

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Eлбacының Жaңa әлeмдeгі жaңa Қaзaқcтaн aтты
жолдayындa: Біз бүкіл eліміз бойыншa әлeмдік cтaндaрттaр дeңгeйіндe caпaлы
білім бeрy қызмeтін көрceтyгe қол жeткізyіміз кeрeк дece, оcы жолдayдың
ІІІ тaрayы, он ceгізінші бaғытының жeтінші тaрмaқшacындa: Aқпaрaттық
тeхнологиялaр мeн aқпaрaтты тaрaтyдың жaңa ныcaндaрынa бaғыттaлғaн
мaмaндaндырылғaн білім бeрy бaғыттaрын құрy міндeті дe aлдымыздa тұр
дeлінгeн [1].
Eгeмeнді eліміздің тірeгі бұл - білімді ұрпaқ болып caнaлaды. ХХІ
ғacыр - білімділeр ғacыры. Қaзіргі кeздe біздің қоғaм дaмyдың жaңa
caтылaрынa көшy үcтіндe, бұл кeзeң ақпараттық тeхнология кeзeңі, яғни
компьютeрлік тeхникa жәнe оғaн бaйлaныcты бaрлық ақпараттық тeхнологиялaр
мұғaлімдeр қызмeтінің бaрлық caлacынa кіріп, оның тaбиғи ортacынa aйнaлып
отыр. Білім бeрyдeгі ақпараттық тeхнология ұғымы оқытyдың жaңa ақпараттық
тeхнологиялaры, қaзіргі aқпaрaттық оқытy тeхнологиялaры, компьютeрлік
оқытy тeхнологиялaры жәнe т.б. тіркecтeрімeн тығыз бaйлaныcты болып
тaбылaды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында,
1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы"
Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік
бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік
жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін
дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау
сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім
беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша
білім беру" моделіне көшуге негізделген.
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы
білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде
оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі
информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі болып табылатын әлемнің
ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді
қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған
қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы
(методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік
өзгерістер болып жатыр.
Зерттеу мақсаты: кредиттік оқыту жүйесі туралы және оның кейбір
мәселелері туралы мағлұмат беру.
Зерттеу міндеттері:
- Кредиттік оқыту технологиясының теориялық негізі;
- Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері және мүмкіндіктері туралы;
- Кредиттік оқыту жүйесі арқылы жоғары оқу орындарында білім беру
мәселесі.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Жоғарғы оқу орнында кредиттік технология негізінде оқыту
Педагогикалық және әдістемелік әдебиетті талдау қазіргі кездегі
жоғарғы оқу орнындағы (ЖОО) дәрістің негізгі функцияларын бөлуге мүмкіндік
берді.
Біріншіден, дәрістің ақпараттық функциясы. Оның мағынасында арнайы
іріктелген және ерекше түрде құрастырылған оқу материалын студенттерге беру
жатыр. Бұл функция қазіргі кезде маңызды өзгерістерге ұшырады. Ол дәстүрлі
дәрістің негізгі функциясынан қосымшаға айналды. Қазіргі кездегі дәріс пән
туралы ғылыми білімдер жүйесін беруге емес, студенттерге материалды
өздігінен жүйелеуге, оны түсінуіне және күрделірек мәселелерді шешуіне
бағытталған. Қазіргі дәрісте ақпаратың өзі маңызды емес, ғылыми ойдың даму
процесін қолма-қол бейнелейтін жаңа ғылыми мәліметтердің болуын қажет
ететін дәрістің анализі маңызды.
Екіншіден, дәрістің дүниетанымдық (әдіснамалық) функциясы.
Студенттердің жалпы дүниетанымдық ұстанымдарының қалыптасу функциясы
оқытылып жатқан ғылыми саласы бойынша ғылыми көзқарастар мен пікірлердің
қалыптасуымен байланысты болды. Дәріс студенттерді ғылыми ойлау
зертханасына кіргізіп, ғылыми білімдердің негізін қалайды, зерттеудің әдісі
мен әдіснамасымен таныстырады.
Үшіншіден, дәрістің әдістемелік (дайындаушылық, ұйымдастырушылық)
функциясы. Оның мағынасы студенттер іс-әрекетіне әдістемелік басшылық етуде
жатыр. Бұл функция ғылыми логика арқылы, сонымен қатар дәріс үстінде оқу
материалымен жұмысы және сабақтың басқа түрлерімен ұйымдастыру сұрақтары
бойынша әдістемелік ұсыныстар арқылы жүзеге асырылады. Әдістемелік
функциясы дәрісті елеулі қылып, оның оқу процесінің басты буындарының бірі
қылатыны үшін аса маңызды болып келеді. Оқу процесінің әр түрлі көптеген
формалары мен әдістерінің болуына қарамастан тек қана дәріс күрделі таным
процесінің барлық элементтерін біріктіріп, педагогикалық мақсаттарға жету
үшін процестерді ұйымдастырып бағыттайды.
Білім беру ортасында дәріс маңызды орынға ие, өйткені тек дәрісте ғана
процестің алуан түрлі элементтері қатаң жүйеге біріктіріледі, ғылымның
әдіснамалық негіздері беріледі және оқытылатын мәселенің мазмұнды
аспектілері айқындалып, дамытылады және толықтырылады, сонымен қатар
студенттерді өздік жұмыс арқылы оқуға ынталандыруға болады.
Төртіншіден, дәрістің мотивациялық функциясы – студенттерде оқытылатын
пәнге және нақты берілген тақырыпқа, оқу процесіне қатысты дұрыс
мотивацияның пайда болуы. Дәріс теориялық материалға және алдағы
практикалық әрекетке, терең өздік жұмысқа қызығушылықты қоздыруы қажет.
Тиісті қызметті орындауға студент саналы түрде өз еркімен баруына қол
жеткізу қажет, студент өздік жұмысы бойынша тапсырмаларды өз еркімен
қабылдауы шарт.
Бесіншіден, дәрістің дамытушылық функциясы. Ол студенттердің танымдық
белсенділігінің қалыптасуыменен байланысты болады, дәрістік оқытуын
жүргізуді өзіндік шығармашылық таным процесі ретінде қажет етеді. Міндеті –
студенттерді ғылыми ізденіс процесіне қосу, оларды алынған нәтижелерге
өздігінен мойындануына әкеліп, олармен бірге осы процесті қайтадан түсіну.
ЖОО-дағы кез келген дәріс тақырыпты ұғыну үшін қажетті белгілі бір ғылыми
ақпараттар көлемін беруі тиіс, бірақ сонымен қатар студенттер алдында
ғылыми білім дамуының шығармашылық мағынасын ашатын мәселелерді қою қажет.
Әдетте дәрістің ғылыми мәселелігін және де оқыту немесе әдістемелік деп
атайтын мәселесіе қарастырады. Бірінші жағдайда дәріс кезінде қазіргі кезде
ғылымның толық ашылмаған, бірақ осы уақытта қарастырылып жатқан құбылыстар
туралы талдау жөнінде айтылады. Бұл жағдайда дәрісте ғылыми
тұжырымдамалардың талдауы, зерттеудің жолдары жіне ықтимал, мүмкін болатын
нәтижелері беріледі. Оқыту (әдістемелік) мәселелігі дәріс үстінде
студенттерге ғылымда белгілі, бірақ студенттердің танымдық қызметі процесін
ұғыну үшін қажетті сұрақтарға өздігінен талдау жасауға мүмкіндік беретін
сұрақтарды қою арқылы көрінеді. Дәріс оқушы бұл әрекетімен аудиторияны
дербес зерделі әрекеттке итермелеп, өзі жақсы меңгерген, бірақ
студенттеріне әлі таныс емес материал негізінде аудиторияның танымдық
елсенділігін бағыттайды.
Алтыншыдан, дәрістің бағыттаушылық функциясы. Ол функция әр түрлі
қайнар көздерден, яғни дәріс, практикалық сабақ, оқу және ғылыми
әдебиеттері және т.б.-дан алынған ақпарат ағынына студенттерді бағыттайды.
Ғылыми әдебиетке шолу жасай отырып, ғылыми мектептердің мағынасын аша
отырып, теориялық ережелерді талдай отырып, дәріс оқушы негізгі және
маңызды мәселені белгілейді, қажет еместі, артықты шегеріп тастауға
көмектеседі, ғылыми ақпаратты нақты жүйеге келтіріді.
Дәріс оқыту процесінің маңызды кезеңі – оқу материалын жалпы бағыттау,
оқытылатын пән туралы бастапқы түсініктің қалыптастыру кезеңі және білімді
игеру процесіне қатысты қамтамасыз етушілік сипатта болады. Дәріс оқытудың
негізгі мақсаты ол оқу ақпаратын болашақта меңгеру үшін студенттерде
бағыттаушылық негіздірін қалыптастыру болып табылады, яғни дәріс – оқу
материалының қабылдануын, оны алғашқы мүшеленуін және оқытылатын пән туралы
бастапқы ұғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы аталған айғақтар
дәрісті оқу процесінің орталық элементі екенін білдіреді. Барлық оқыту
жүйесінің жұмыс жасау қабілеті бағыттаушылық негіздің сапасына байланысты
болып келеді.
Дәріс бағыттаушылық функциясын атқару үшін дәрістік материалды реттеу
үшін мынандай амалдарды қолдануға болады:
- ғылыми іздену реттілігі, симметриялылық, ақпараттық материалдың
жіктелуі;
- жалпы қолданылатын блоктарды құрастыру;
- оқу алгорифмдері мен тану алгорифмдерін пайдалану;
- өзара пән және пән аралық байланыстарды қолдану;
- материалды беру әдістері мен формаларын өзгерту жолымен материалды
жіктеу видеоматериалды, құрылымдық логикалық ойлау қабілеттілігі, физикалық
білімдерінің құрылымдылық элементтерін оқытудың жалпы жоспарларын қолдану
жәнежаңарту т.с.с.
Мәліметтің топтастырылуы немесе оның жалпыланған блоктармен берілуі іс
жүзінде расталады. Жекелеген факторлардың көп болуынан танымның негізгі
міндетінің, яғни оларды есте сақтау жолдарын шешу қиынға соғады. Егер де
әрбір айғақтар жиынтығын қандай да бір тұжырымдама немесе біреудің айтылған
сөзі, жалпыланған формула біріктірсе бұл міндет әлде қайда жеңіл
болар еді.
Дәрістің бағыттаушылық функциясын тірек конспектілерін қолдану арқылы
күшейтуге болады (В.Ф.Шаталов әдістемесі бойынша ). Бұл жағдайда тірек
конспектісі студенттерге негізгі тіректі ұғымдары және олардың өзара
байланысты ,тәуелділігі , есте сақтауға ыңғайлы сөздің немесе символдық
белгілерді қолданумен болатын кіріспенің реттілігі бар ақпараттарды оқына
ұсынылатын жалпыланған мағыналы қаңқа ретінде болады.
Осылайша қазіргі уақытта жоғары мектеп өмірінде дәріс өз маңыздылығын
жоғалтқан жоқ. Ол білім негіздерін жалпыланған түрде қарастырудың және оқу
материалдарын бағыттаудың айтарлықтай үнемді әдісі болып келеді. Курстардың
кейбір бөлімдері мен тақырыптарды студенттедің өзіндік оқуы үшін өте қиын
болып келеді және дәріс әр түрлі жолдар және түсіндірулерге нақты және
объективті баға беру үшін қажетті болады. Кредиттік оқыту технологиясы
шартында дәрістің келесі функцияларына ерекше көңіл аударған дұрыс:
1) мотивациялық;
2 ) бағыттаушылық;
3) дамытушылық;
4) дүниетанымдық;
5) әдістемелік;
6) ақпарттық.
1.2 кредиттік оқыту жүйесінің кейбір мәселелері
Бірыңғай еуропалық жүйедегі білім беру кеңістігін құруды міндеттейтін,
1999 жылғы 19 маусымда 29 елдің білім министрлері қол қойған Болон
келісіміне сәйкес енгізілген кредиттік оқыту жүйесінің білім алушы үшін
ғана емес, оқытушы үшін де көптеген қолайлы жағдайлар жасады. Кредиттік
технологияның енуіне байланысты оқу орындарында жасалып жатқан жұмыстарды
кейбіреулеріне тоқталып өтуге болады:
- оқытушыларға қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты, олардың өз
бетінше білім алуға, еліміздегі, жақын және шет елдерде кәсібін жетілдіру
курстарына қатысуға деген мүмкіндіктері артты.
- үш тілділікке ұмтылу практикалық қажеттіліктен пайда бола бастады;
- оқытушы әрбір курсты бастағанда құжаттарда (силлабус, оқу-
әдістемелік кешені, т.б.) бүкіл үдерісті жоспарлап, курстың басында-ақ
студент үшін қиындықтар тудыратын сәттерді оқу үдерісі барысында түзете
отыруға мүмкіндік алды, ал студенттерге қажетті ақпараттар алдын-ала
берілгендіктен, олар өз жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндіктер алды;
- ақпараттық технологияны, компьютерлік білімді меңгеруге деген
қажеттіліктер мен мүмкіндіктер пайда бола бастады, өйткені білім берудің
жаңа типі – ашық білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияларды қажет
ететін ақпараттық технологиялар арқылы іске асады. Жаңа ақпараттық
–педагогикалық технологиялар ақпараттардың білімге айналуы процесінің
сапасын қамтамасыз етеді.
- эдвайзерлердің жұмысы жандануда, эдвайзерлер көмегімен студенттер
өзіндік жеке, өзінше мейлінше ыңғайлы оқу жоспарын құрып, әр оқу жылына
берілген форма бойынша өзіндік білім траекториясын айқындайды.
Сонымен қатар кредиттік оқыту технологиясы:
- еңбек рыногы сұраныстарына бағыт ала отырып академиялық
бағдарламаларды қозғалмалы етіп жоспарлауға;
- егер студенттің өз дайындығының бағытын түзету қажеттілігі туындаған
жағдайда бағдарламаларды біріктіруге;
- студент бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, немесе басқа мамандыққа
ауысқан жағдайда осы уақытқа дейінгі оқу көлемінің академиялық тұрғыдан
мойындалуын іске асыру;
- керек болған жағдайда білім алуды кезең-кезеңімен, яғни уақыт аралық
үзілістермен іске асыруға мүмкіндік береді.
ЖОО-да жүзеге асырылып отырған іс-әрекеттер білім беру жүйесіндегі
интеграциялық процестердің мақсаттарына сәйкес келеді. Олардың
кейбіреулерін атап өтейік:
1. Оқу мерзімі 4 жыл және біліктілік деңгейі еңбек рыногы талаптарын
қанағаттандыратын, сондай-ақ әрі қарай білім алуды жалғастыруға жарамды
бакалавр дәрежесі бар аяқталмаған жоғары білім беру;
2. Магистр және доктор дәрежелері бар аяқталған жоғары білім беру.
Осы орайда студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру мәселесін
қарастырып өту орынды. СӨЖ-болашақ мамандарды даярлауда білім сапасын
арттырудың басты резервтерінің бірі. Осыған орай ЖОО-да әр білім алушының
ойын тұжырымдай білуі, өз көзқарастарын нақты айтып, дәлелдей білуі талап
етіледі. СӨЖ-ЖОО-да оқыту үдерісінде студенттің өз жұмысын ұйымдастырудың,
басқарудың ерекше құралы. СӨЖ үлесінің артуы білім алушыны белсенділікке
баса көңіл аудартады, білім алушылардың еңбегін әділ бағалауға мүмкіндіктер
пайда болады.
Кредиттік оқыту жүйесінде практикалық іс-тәжірибеден өтуге көп көңіл
бөлінеді, студенттер 1-4 курста арнайы бағдарламалар бойынша іс-тәжірибеден
өтеді.
Кредиттік технология бойынша студенттер білімін тексеру мен бағалаудың
ерекше жүйесі әділ бағалауға мүмкіндік береді. Білімді бағалау және тексеру
саласында кездесетін әртүрлі обьективтік және субьективтік факторларға
байланысты кемшіліктер кафедра отырыстары мен ғылыми семинарларда қызу
талқыланып, мейлінше жетілдіруде.
Қорыта айтқанда еліміздің жоғары оқу орындарына енгізіліп отырған
кредиттік оқу жүйесінің білім алушының университет қабырғасында жүргенде
өмір сүре білуге бейімделуіне, қоғамға қажетті мамандардың тәрбиеленуіне
қосатын үлесі мол. Сонымен қатар, кредиттік технологияның барлық
механизмдерінің әлі толық іске қосылмағанын да айтып өту керек. Мысалы,
студенттердің өз бетінше білім алуға мектеп қабырғасынан дайын болмай
келуі. Сондай-ақ студенттердің өз бетінше білім алуына қажетті
материалдардың сапасын әлі де көтерудің қажеттілігін (әсіресе қазақ
тіліндегі) атап өту керек.
Оқытушылардың инновациялық технологияларды жоғары деңгейде меңгеруі
жеткіліксіз. Осы ретте оқытушылардың өз білімдерін көтеруіне жағдай жасап,
аранайы курстар ұйымдастырып отырған “Өрлеу” біліктілікті арттырудың ұлттық
орталығына, білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары
біліктілігін арттыратын Республикалық институтының жұмыстарын ерекше атап
өтуге болады.
ІІ тарау. КРЕДИТТІК ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Кредитті технологияны іске асырудың мүмкіндігі
Білімденудің тәсілі ретінде кредиттік технология тұлғаның жеке
ізденімпаздық қажетсіну уәжін іске қосу іскерлігін шыңдауға қозғау салады.
Ал педагогикалық технология ұжымдық іс-әрекетке бағдар жасайды. Осы екі
түрлі ұстанымды ажыратып алған жағдайда жоғары оқу орнының білімденудің
инновациялық технологиясы деген ұғымды дұрыс түсінуге болады. Инновация
ұғымы жаңаша оқыту мәселесін жүзеге асырады. Бұл орайда жаңаша оқыту
жүйесін мемлекеттік және әлемдік стандарт аясындағы көш басы
технологияларды бүгінгі Қазақстан Республикасының өңіріне бейімдеп алу
секілді амалды іске асыру қарастырылады.
Білім ұғымы адамзаттың мәдениетін көтеру мақсатындағы ұстанымын
зерттеуге И.Я.Лернер еңбегінде мынандай жинақтық мән білдіреді:
– білімнің жүйесі (табиғат жайлы, құдырет туралы, техника, адам,
ғарыш және т.б.) әлем жайлы танымды қамтиды;
– адамға таныс тәсілдерді танымдық қызмет арқылы іске асырады;
– адамның мәдени, ғылыми жалпы адамзаттық дүниетанымын дамытады;
– әлемде адамның қарым-қатынас арқылы біртұтас құбылыста қабылдай алу
шеберлігі ширайды.
Студент қандай дидактикалық нысан, пән арқылы білім алса да, әлемге
диниетанымы біртұтас жүйеде қалыптасады. Студент семинар, тәжірибелік
сабақтарда мәселені өздігінен табатын дәрежеде болып, оның шешімін
альтернативті мәнде қарастырады. Бұндай білім жүйесін меңгеру үдерісінде
студент комбинаторлы амалға төселеді. Білімнің шығармашылық деңгейде
меңгеруі энциклопедиялық білімге ынталандырады. Білім мазмұны –
дидактиканың негізі. Олай болса, оқыту тірі адамға тән әрекет, ал
дидактикалық негіз – білім теориясы мен оқыту теориясының қосындысы. Міне,
осы дидактикалық негіздің жүйесін құру, қосудың теориялық әдіснамасына
негіздейміз. Сөйтіп, пән оқытушысы міндетті түрде оқыту және білім беру
теориясын біріктіріп, оның қажеттілігін анықтауға ұмтылуы – білім заңының
басты ұстанымы. Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы оқу –
қалай оқығаныңа қарай, өзін-өзі дамыту, өмір бойына оқу болып өзгерді.
Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен
жолдарын көрсете отырып, студенттің өздігінен жасайтын танымдық әрекетінің
ұйымдастырушысы болып табылады. Жоғары оқу орны жұмысының нәтижесі – білім
алушылардың кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша білімдерінің сапасы,
ал мамандарды даярлаудың сапасының өлшемі – мемлекеттік білім беру
стандартындағы біліктілік талаптарға сәйкес анықталған теориялық дайындық
деңгейі арқылы бағаланатын маманның кәсіби құзыреттілігі. Жоғары кәсіби
білім берудің мақсаты еңбек нарқы қажетіне сай мамандарды даярлау
болғандықтан, бұл Болон үлгісінің негізінде жатқан қағидалармен, оның
ішінде оның басты қағидаларының бірі білім беру сапасын бақылаумен
үйлеседі. Әрі сапаны бақылау оқыту мерзімі мен оқыту мазмұнымен қатар,
маманның кез келген еуропалық мемлекетте жұмыс істеуге даярлығына
негізделеді.
Оқытудың жаңа технологиясын ендіру және білімдегі ақпараттану білім
беру жүйесін түбегейлі өзгертудің басым міндеттері болып табылады. Бұдан
білім беру үдерісінің маңызды екі құрамдас бөлігі болып табылатын оқыту
технологиясы мен білім беру ақпаратын бейнелеу түрлерін түбегейлі өзгерту
уақыттың талабы болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында
жоғары оқу орындарында кредиттік жүйеге ауысудың бейімделу үдерісі өтуде.
Сондықтан жоғары оқу орнының бейімделу потенциалы мен дайындық
бағдарламасын көтеру үшін академиялық және ұйымдастырушылық құрылымдардың
өзгерістерін жасау, оқыту технологиясы мен әдістерін жаңарту, педагогикалық
үдерісті жетілдіру, педагогикалық құрамның сапасын жақсарту қажет болды.
Кредиттік оқу технологиясы, оның ішінде модульдік технология студенттердің,
оқытушылардың, мамандардың академиялық алмасуына қажетті шарттарды жүзеге
асыратын бірыңғай өзара сынақтың халықаралық жүйесін құру мақсатында ұлттық
білім беру жүйесін реформалаудан тұратын әлемдік беталыстан туып отыр.
Оқытудың бұл технологиясы дидактикалық үдерісті жүзеге асырудың нелер бір
ұтымды амал-тәсілдерін іске асыратынына дәлелді пікір білдіреді.
Кредитті технологияны іске асырудың мүмкіндігі – стандартқа жүгінген
оқулықтардың модульдік технология жүйесіне бағыну заңдылығы. Бүл заңдылық
оқулықтағы модульге жіктелген нысаналардың теориялық негізінің
тәжірибедегі көрінісін үйлесіммен берілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Кредиттік технологияның іс-әрекеті өнімді нәтижеге жетуі үшін модульдік
технологияны ұтымды пайдалану көзделеді. Осы ұғымның зерттелген дәрежесіне
байыппен қарасақ, бірталай ғалымдардың мектеп және ЖОО-ндағы модульдік іс-
әрекет технологиясын зерттегені байқалады. Мысалы, модульдік оқытудың
генезисін зерттеген Чернилевский Д.В.ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та,
Еуропада аталған оқытудың түрі кең тараған деп қорытынды жасайды [ 1].
Модульдік технологияның оқыту іс-әрекетіндегі маңыздылығын зерделеген
зерттеуші: М.А.Чошанов [2]. Модульдік технологияның оқыту үдерісінде ұтымды
қолданылуына салиқалы үлес қосқан ғалым: П.Я.
Юцявичене [3]. Бағдарламалық-әдістемелік құжаттамалардың құрылымы мен
мазмұнын модульдеу проектісін оқу үдерісіне енгізгендер: П.Н. Новиков, В.А.
Ермоленко, Т.Т. Новикова, Н.Е. Эрганова, Н.В. Бородина [4; 5].
Модульдік технологияны іс-әрекетте қолдануға өз еңбектерімен кезінде
ғылыми жаңалық ашқан аталған зерттеушілердің бәрі дерлік оқулықтың кредитті
технологияға бейімделуіне қатысты ой-пікір бермегені байқалды.
Білім беру үдерісінің түрлері:
– дәріс, жоғары оқу орындарының білім беру жүйесімен;
– семинар – оқу топтарының тәжірибешілік сабағы;
– зертханалық сабақ – техникалық құралдармен, арнаулы аппараттармен,
сарапатама өткізумен, тәжірибе – эксперимент жүргізумен, зерттеумен
ерекшеленетін сабақ;
– табиғатқа саяхат, мұражайда, көрмелерде сабақ өту;
– белгілі бір тақырыптар немесе мәселелер жайлы топтық және жеке кеңес
өткізу сабағы;
– сынақ сабағы – белгілі бір курстан кейін білім тексеру сабағы;
– емтихан сабағы – пәннің бағдарламасын меңгеру деңгейін тексеру
сабағы.
Бүгінгі модернизация кеңістігінің өзінде оқытудың жалпы қалыптасып
келген теориясын дидактика деп атаудың түп қазығы сонау чехтың ұлы педагогы
Я.А. Коменскийден бері деген тұжырым әлі өз мәнінде екенін ескерген жөн
[3]. Дидактика мен жоғары оқу орындарының стандарты мен типтік
бағдарламасының негізіне құрылған өтілуге тиісті ғылым салаларының пәндік
сападағы оқытуға арналған бәріне бірдей (барлық жоғары оқу орындарына)
заңдылықтары бүгінгі күнге дейін тәжірибеде қолданылып келеді. Бұл жөнінде
зерттеуші Ч.Куписевич дидактикалық пәніне оқыту үдерісі жатады деп ой
түйген. Мұнымен бірге ғалым оқыту іс-әрекеті оның пәнінің факторлары мен
жағдайларына қатысты туындап, содан кейін ғана нәтиже болмақ деген құнды
пікір айтып өткен. Я.А.Коменский жалпы дидактиканы оқыту өнерінің сан
салалы, әмбебап сипатын дәлелдеп берген. Сол себепті де өміршеңдігі
басымдықта деуге негіз бар. Жалпы дидактиканың өзіне тән белгілерінің бірі
– оқыту тауқыметі дейміз бе, оқыту мәселесі дейміз бе осының шешу жолдарын
дерексіз мәнділікте табу.
2.2 Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын
ұйымдастыру әдістемесінің үлгісі
Қазіргі кезеңде жоғары білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістердің
бірі оқытудың кредиттік технрлогиясын оқу процесіне енгізу болып отыр.
Аталған технологияның басты міндеттерінің бірі студенттердің өзіндік
жұмысын жоғары деңгейге көтеріп, ақпараттандыруды кең пайдаланып,
студенттердің шығармашылық днңгейін кеңінен қолдануына жағдай туғызу.
Жаңа педагогикалық технология ғылымилық, жүйелілік және
объективтілікке ұмтылуы үшін зерттелуші процеске әсер ететін сыртқы және
ішкі факторлардың бүкіл кешенін ескеру керек. Сонымен бірге жоғары білім,
ғылым, өндіріс және қоғамның маманды әзірлеу сапасына қоятын талаптарын
басшылыққа алған дұрыс. Ондай талаптар Мемлекеттік білім беру стандарты,
маманның әрекетінің үлгісі, кәсіби сипаттама және тағы да басқа құжаттарда
белгіленген.
Педагогикалық технологияның баяндалуы жалпыға бірдей түсінікті әрі
қайта жаңғыртуға жарамды болуы үшін арнайы жолмен құрылымданған болу керек.
Оны басқа оқытушылар қолданып аз уақыттың ішінде жақсы нәтижеге және алға
қойған мақсаттарына жете алатындай болғаны жөн. Ал мұндай мүмкіндікке
жеткізетін педагогикалық жүйелер теориясы. Себебі педагогикалық жүйе оқу-
тәрбиелік процесті меңгеру мен ұйымдастыруды жан-жақты көрсететін құрылым.
Осылайша оқытудың кредиттік технологиясы, кез келген басқа оқыту
технологиясы сияқты, қөп мақсатты педагогикалық жүйе ретінде, педагогикалық
бақылаудың жалпы дидактикалық принциптерге бағынып, осы жүйенің элементтері
аралығындағы барлық байланыстарды сипаттайтын нақты құрылымды болуы қажет.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студент білімді өз бетімен,
өзіндік жұмыс барысында, оқытушы басшылығымен немесе оқытушының тікелей
көмегінсіз қабылдайтынын білеміз.
Жоғары оқу орындарында студенттің өзіндік жұмысын және оқытушымен
өзіндік жұмысын жоспарлау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кредиттік оқыту технологиясы сипаттама
Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты
Кредиттік оқыту технологиясының негізгі жағдайлары
Кредиттік оқыту технологиясы туралы
Кредиттік оқыту әдісі
Оқыту процесіндегі жаңа технологиялар
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Кредиттік оқыту жүйесі
Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары
Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Пәндер