Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін

қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1. Құзыретті тұлға қалыптастыруда оқушылардың оқу-ойлау
қабілеттерін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .9
2. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативтік
құзыреттілігін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .12
3. Дамыта оқыту жүйесінің классификациясы,
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24
Кіріспе

Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі
бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға белгілі. Бұл іс
біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті
нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен
берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.
Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты –
мұғалімдерді қазақ тілін оқытудың ғылыми негізімен қаруландыру, қазақ тілін
екінші тіл ретінде оқытудың өзіндік ерекшелігін меңгерту, қазақ тілін орыс
мектебінде оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері, тиімді жолдарымен таныстыру,
оқушыларды қазақша сөйлеуге дағдыландыруда қолдана білуге бейімдеу,
бағыттау. Заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім сапасын әлемдік
деңгейге көтеру – кез-келген оқу орнының және ұстаздың басты міндеті. Әр
ұстаз өз оқушысының білікті, білімді азамат болғанын қалайды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау
делінсе, басым міндеттерінің бірі ретінде – жеке адамның шығармашылық,
рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай
жасау арқылы интелектіні байыту, - деп көрсеткен.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңында: Тіл – ұлттың аса ұлы
игілігі әрі оның өзіне тән ажырамас белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі
мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың
өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюне тығыз
байланысты делінген.
Осы алған тәжірибелі-эксперименттік жұмысының (ТЭЖ) Білім беру
үрдісінде субъектінің коммуникативтік құзыреттілігін және жан-жақты дамыған
тұлғаны қалыптастыру атты тақырыбы өткен ізденіс тақырыбының жалғасы
іспетті. 2008-2009 оқу жылынан бастап, жаңа ТЭЖ тақырыбы бойынша жұмыс
істеуге кірістік. Біз қала, гимназия және мектепішілік әдістемелік
бірлестігінің (МӘБ) тақырыптарына сай өзіміздің жеке тақырыбымызды таңдап
алдық. Қазіргі заманға сай мектептерге оқытудың тиімділігін арттырып, оң
нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін бәсекеге қабілетті, құзыретті
мұғалім аса қажет. Қазіргі білім беру үдерісі дара тұлғаға бағытталып,
оқушының қатысымдық, зияткерлік, ақпараттық, сөйлеу құзыреттіліктерін,
әлеуметтенуге бейімділігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, білім
мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталуы тиіс.
Ғалым Ф.Оразбаева: Қазақ тілін оқытуда әр түрлі амалдар мен жолдар
қолданылғанымен, әр оқытушы үшін ең ұтымды, ең пайдалысы – оқушының
қоғамдық ортада пікір алмасуын, адамдардың түсінісу қажеттілігін өтейтін,
басқа ұлт өкілдері үшін, қазақ тілінде сөйлесе білуді қамтамассыз ететін
түрі, - деп жазады.
Осы үрдістер ұстаздың қызметін эксперимент сипатына тең жаңа
құндылықтарға бағыттайды, ал ол кәсіби құзырлықты арттырудағы негізгі
мәселені ашады, яғни эксперименттік мәдениетті қалыптастырады.
Эксперименттің жағымды да, жағымсыз нәтижелерінің бар екенін естен
шығармау керек. Себептері әр түрлі болуы мүмкін: жағымсыз, жетілмеген
жағдайлар, педагогикалық әрекет жобасының дұрыс болмауы, ойланбағандық және
т.б. Егер эксперимент нақты дайындалған, әдістемелік сауатты қамтамассыз
етілген, ғылыми дәлелген болса, оның нәтижесі де жоғары болады.
1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру

Құзірет, құзіреттілік дегеніміз не ? Бұл ұғымдар 12 жылдық білім беру
жүйесінде, бастауыш білім беру сатысында дамыта оқыту технологиясын
пайдалана отырып, оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда қандай
роль атқарады ? Алдымен осы сұрақтардың жауабын тауып көрелік
Құзірет термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында қолданыс
табуда. Қолдану мүмкіндігіне қарай құзірет, құзіреттілік, құзіретті
ұғымдары дефференцияланды.
Құзірет- тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы
ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік,
дағды, құзіреттіліктер(іс- әрекет тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер,
құндылықтар жатады.Мұны былай көрсетуге болады:

Құзірет
Білім, білік (әрекет), дағды әрекет
Құзіреттіліктер (игерілген іс- әрекет тәсілдері)
Өзін- өзі басқару
Тұлға

Кесте 1
С.И. Ожеговтың сөздігінде құзіреттілік сөзіне төмендегідей анықтама
берілген: құзіреттілік - біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы
хабардарлығы.
Құзіреттілікті ауқымды жоспарда қарастыру Ю.Н.Емельяновтың
еңбектерінен байқалады. Құзіреттілік- дара тұлғаның өзіндік қабілеттері
мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін
белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі деген
анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.
Бүгінгі қоғамда оқушының академиялық – энциклопедиялық білім жиынтығы
жеткілікті болғанымен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі
жағдаяттарға икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде
қажетті құзіреттіліктерінің қалыптаспағанын айғақтайды. ҚР 12 жылдық жалпы
орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
жобасында Құзіреттілік - әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы
көрінетін білім беру нәтижесі деп көрсетілген.Әрине, бұл жердегі әрекет –
танымдық әрекет.
Қызығу – танымдық іс- әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу
жәрдемімен оқып - үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз
күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық
сипаттарға ие бола бастайды.
Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады.
Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі
айтылады.
Біріншіс і- оқытудың мазмұны мұндағы оқушыларды қызықтыратын
мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары,
таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы,
бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы
Екіншісі - оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары,
құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар сабақта жаңа
технологияларды қолдану, соның ішінде дамыта оқыту технологиясын қолдану,
сабақта қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін
арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті
ұстанымдарды жүзеге асыру, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және
өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру.
Үшіншісі - мұғалім мен оқушы , оқушы мен оқушы арасындағы қарым-
қатынаста сыйластық болуын қамтамасыз ету.
Танымдық іс - әрекет – оқушының білімге деген өте белсенді ақыл- ой
әрекеті. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс- әрекеттің
қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол тек
әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес,
жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға
ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай –ақ өзінің жеке басының
белсенділігімен, ұжымдық іс- әрекет рөлімен және оның ұстанған позициясымен
үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.
Дамыта оқыту тұжырымдамасының негізігі идеясы: Бастауыш сынып жасында
арнайы ұйымдастырылған оқыту арқылы (теориялық білім және ойлау негізінде)
балада өзіндік жетілу, өзіндік тану бағытында нақты қабілеттер
қалыптастыру.
Дамыта оқыту деп (В.Давыдов, В.Репкиннің, Элькониннің трактовкасы
бойынша) мазмұны, әдіс- тәсілдері, ұйымдастыру формалары баланың
заңдылықтарына тікелей негізделген оқытуды айтады.
Оқушыларды дамытудың негізі – оқудың субъектісі ретінде өзін- өзі
өзгертуге бағытталған, бала белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде
түсіндірілетін оқу әрекеті.
Мақсаты: Балада өзін жетілдіруге , өзін- өзі өзгертуге , өзін- өзі
түсінуге, өзін - өзі тәрбиелеуге бағытталған белгілі бір танымдық
қабілеттерін қалыптастыру.Оқушыда құзіреттілік қалыптастырып қана қоймай,
оны жалпы қойылған мақсатқа жету жолындағы құрал деп қарау. Оқыту баланың
жақын даму аймағына негізделген: Оқыту- дамыту- қабілет(оқу әрекеті арқылы
теориялық ойлаудан жаңа білімге)
Оқу мазмұны жалпыдан жалқыға, дерексізден – нақтыға
бағытталған ғылыми- теориялық ұғымдар жүйесін көрсетеді.
Оқытудың ең басты әдісі- танымдық – ізденімпаздық оқу

әрекеті. Оқу әрекеті барысында
мұғалім оқушылардың өздеріне оқу мақсатын анықтауға басшылық жасайды.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқу мақсатын қоюда ешқандай дайын үлгі
берілмейді.Оқушы ғылыми зеттеудің жолын қайталап өткендей юолады.Ол өзі
жаңалық ашатын кішкентай ғалымға айналады.Осы арқылы оқушының танымдық
құзіреттілігін қалыптастыруға алғашқы жол қаланады.Бүкіл теориялық білім,
білік дағдыны меңгеру бірнеше танымдық тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге
асырылады.
Жоғарыда айтылғандарды саралай келе байқағаным, дамыта оқыту
техлогиясының өзі оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруға
негізделгендей.Себебі бастауыш сынып оқушысының танымдық құзіреттілігін
қалыптастыруда ілгері басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі
қайшылықтар. Дамыта оқыту технологиясының бір ерекшелігі проблемалық
жағдайлар туғызу , оны шешу, осыны пайдалана отырып оқушылар бойына
танымдық құзіреттіліктің алғашқы белгілерін қалауға болады. Оқушылардың
танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда дамыта оқыту технологиясын пайдалана
отырып, танымдық іс- әрекетті әр пәнде жоспарлау және ұйымдастыру
біліктерінің қалыптасуына оқу танымдық тапсырмаларды шығармашылық, топтық
тұрғыда шешудің маңызы зор.Оқушылардың таным қабілеттерін қалыптастыруда
дамыта оқытудың принциптеріне сүйену қажет: Жоғарғы қиындықта оқыту,
теориялық білімнің жетекші ролі, оқу үрдісін сезіну және түсіну, барлық
оқушылардың жалпы дамуымен жұмыс, оқу үрдісін жеделдету.

Негізгі бөлім
1. Құзыретті тұлға қалыптастыруда оқушылардың оқу-ойлау қабілеттерін
жетілдіру.

Оқу жас ұрпақтың бойына ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және тағы сол
сияқты қасиеттерді тәрбиелейді, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіреді, жеке
бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Оқытудың міндеті жас ұрпақтың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып,
оны өмірге баулу, өндірістегі еңбекке дайындау, қоғамға пайда келтіретіндей
практикалық іс-әрекетке үйрету, сондай-ақ оның жан-жақты дамыған жеке бас
тұлғасын дамыту болып табылады.
Міндетті деңгей - нақты меңгеруге тиісті және нәтижеге жетуге
бағытталған материал.
Мүмкін деңгей - оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін, шығармашылық қызметті
ұйымдастыру арқылы әр баланың қабілетінің дамуын қарастырады. Бұл деңгейге
әр оқушы жеке дара қол жеткізетін болады.
Бастауыш мектептегі тың өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін
зерделей отырып, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере оқыту, тұлғаның
өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы оның жан-жақты дамуын қамтамасыз
ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу, жүзеге асырудың нәтижесінде
көрініп отыр. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданып оқытуды бастауыш
білім беруді дамыту мен жетілдірудің негізгі құралы ретінде қарастыру
керек.Әр баланың кейінгі және болашақтағы білімі бастауыш буындағы білімнің
сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі
ерекшелігі –білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін әр оқушының
жеке бас ерекшелігін ескере отырып, бала талпынатындай және қызығатындай
етіп ұйымдастыру керек. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін, оқыту
әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс.
Көптеген мұғалімдер оқу үрдісінде дамыта оқытуды (Д. Выготский,
В.Давыдов,Л.Занков негізін қалаған) кеңінен пайдалануда. Оқыту дамытудың
алдында болатындығы, яғни құзыретті тұлға қалыптастыруда, баланы дамытуға
жетелейтіні даусыз. Мұғалімдер жеке тұлғаның дамуына көп мән беруі және
осыған сәйкес оқу үрдісін құруды ойластыруы қажет. Сонымен қатар
Ш.А.Амонашвилидің ізгілендіру педагогикасы, В.Ф.Шаталовтың тірек
сигналдарын, Ж.А.Қараевтың саралап-даралап оқыту, М.Жанпейісованың
модульдік оқыту технологияларын, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
технологияларын кеңінен пайдаланудамыз.
Қоғамдық қатынастардың жақандану жағдайында, құзыретті тұлға
қалыптастыруда, жеке тұлғаға жаңаша талаптар қойылуда, адамдық потенциалдың
мәні жоғарылауда. Белсенділік, жүйелілік, өз бетінше білім алуға бейімділік
басқа жеке тұлғалық сапалармен қатар қазіргі жеке тұлғаның ерекше
қасиеттері болып табылады. Мектептегі үздіксіз білім беру жүйесіндегі
негізгі базалық звено ретінде, оқушының тек табиғи қабілеттерін ашуға ғана
игі әсерін тигізіп қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғаның негізгі салаларын
әр түрлі әрекеттерге бейімделуін қарастырады.
Ол әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерілген сайын, оның жеке
тұлға ретінде құндылығы өсе түседі. Жеке тұлғаның негізгі белгісі-
белсенді, белгілі бір мақсатты көздеген әрекеті. Бұл әрекет қоғамды және
жеке тұлғаны өзгертуге және жақсартуға бағытталады. Тұлғаның жеке бас
ерекшеліктерін теориялық талдау мұғалім үшін маңызды. Мұғалім әрекетінің әр
түрін оқушыны дамытудың мүмкіндіктері мен сол мүмкіндіктерді жеке тұлғаның
оқу-ойлау қабілеттерін қалыптастыруды жүзеге асыру үрдісінде дамиды.
Қазіргі философтар жеке тұлғаны жеке қабілеттері мен әлеуметтік
негізін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында емес, оны өзгерте білуінде
деп есептейді.Философтардың бұл ілімі педагогика ғылымы үшін өте маңызды,
себебі педагогикалық үрдіс барысында адамның тек білім, білік қабілеттері
қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтік дамуы жүзеге
асады.
Жеке тұлға үнемі даму үстінде болу үшін әрекет шығармашылықпен
байланыста болу қажет. Оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы
мүмкіншіліктері белгілі педагог-психолог ғалымдардың (Ш.А.Амонашвили,
В.В.Давыдов, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров) ұдайы назарында болды.
Мұғалімдер оқу әрекетін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере
отырып, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіру табиғатын терең білуі тиіс. Оқу
әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар.Оқу әрекетін қалыптастыру барысында
тұлғалық қасиеттер - мақсаттылық, ұйымшылдық, жауапкершілік, табандылық т.б
қалыптасады.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан -2030 бағдарламасында
Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық,
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы
және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау- деп көрсетті.
Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар
қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса
зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы
деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын,
өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше
жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті,шығармашыл, барлық
істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр.
2. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту

Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның
шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде.
Осыған орай, орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта
оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға
икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың
ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол
үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені
шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға
әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей құрамдас бөліктерден
тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі-дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин-В. В Давыдов жасаған
жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда
ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосынжинақтау
арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушырөлінде
ғана болады. Шешімтабылған кезде әркім оның дұрыстығын білуге үйреніп, әр
оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Құзірет термині соңғы кездерде ғылымның әр түрлі саласында қолданыс
табуда. Қолдану мүмкіндігіне қарай құзірет, құзіреттілік, құзіретті (жетік,
терең білетін) ұғымдары дифференцияланады.
Құзірет - субъектінің қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы
ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік,
дағды, құзіреттіліктер (іс-әрекеттәсілдері) психологиялық ерекшеліктер,
құндылықтар жатады. Мұны көрнектітүрде былай көрсетуге болады:
С. И. Ожеговтың сөздігінде құзіреттілік сөзіне төмендегідейанықтама
берілген:
Құзіреттілік - біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы
хабардарлылығы. Мектебіміздің өзекті тақырыбына байланысты ең негізгі
3құзіреттілік тәсілдерін алып отырмыз.
1. Проблемаларды шешу құзіреттілігі әр түрлі жағдайдағы проблемаларды
анықтауға, оны шешуге мақсат қоюға, жетістікке жету үшін жоспарлауға
және ұйымдастыруға, өз қызметінің нәтижесін бағалауды іске асыруға,
барабар қойлған міндеттерге технологиялар таңдау және қолдануға
мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту үрдісінде оқушының субъект ретінде танылуы мына төмендегі
жағдайларға байланысты:

Қазіргі оқулықтар оқу әрекеті жүйесімен жазылғандықтан, оқушының
негізгі құралына айналып, өздігінен ізденудің көзі болады. Бұдан мұғалім
қызметі жеңілдеді деген пікір тумауы керек, керісінше, оқу үрдісінде өтіп
жататын психологиялық, педагогикалық жағдайларды бірден танып, әр оқушы
ерекшелігіне қарай оқу әрекетін шебер ұйымдастырушы психолог-мұғалім болу
жауапкершілігі артып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың теориясылық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Кіші жастағы оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту бойынша жұмыстарды жалпылау
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми-теориялық әдістемесі
Жұмыс тақырыбы Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану
Жоғары сынып оқушыларының құзыреттілігі
Пәндер